Сәбилердің алғашқы айларда дамуы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Сәбилердің алғашқы айларда дамуы

Өмірдің ол үшін белгісіз жаңа шарттарына бейімделе бастайтын, бірінші айы сәби дамуының жауапты кезеңі болып табылады.

Қалыпты жүктілік барысында туылған сәбидің туылғандағы салмағы 3000-3500г, ал бойының ұзындығы шамамен 48-52 см құрайды.

Жаңа туылған кезеңде сәбидің барлық органдарының қызметі жетілмеген, ағзаның негізгі қызметі қолайсыз жағдайларда әртүрлі органдар жұмысының бұзылуына әкеліп соғатын, әлі орнықпаған тепе-теңдік жағдайда.

Жас сәбидің терісі өте нәзік, жұп-жұқа, лезде жарақаттанады. Сүйек ұлпасында кальций тұзы аз мөлшерде, сүйек жүйесінің кейбір бөліктері шеміршек ұлпасымен берілген.

Ми сауытының сүйегі икемді, туу кезінде сәби басының әйел жыныс жолдары арқылы жеңіл өтуін қамтамасыз ететін және өмірдің бірінші жылында ми сауыты мен мидың пара-пар дамуына ықпал ететін үлкен және кіші "еңбегі" болады. Үлкен "еңбектің" мөлшер шамамен 3*3 см-ден 1, 5-2 см дейін және қалыпты жағдайда бір жасқа дейін жабылуға тиіс.

Жас сәбидің ас қорыту жүйесінің қызметі жетілмеген. Ішек қабырғалары жұқа, микробтар және улы заттар өтуіне қолайлы тамақтандыру кезіндегі бұзылыстар кезіндегі бұзылыстар негізінде көптеп түзілетін газдармен жеңіл созылады. Бұл жиі жағдайда іш ауыруының себебі болады. Туғаннан кейін бірінші күндері сәби ағзасынан алғашқы қоңырқай - жасыл, созылмалы, ас қорыту жолдары бөлінділерінен, эпителиден және ішілген ұрық жаны суларынан құралатын иіссіз масса - меконий бөлінеді. Содан кейін қоймалжын текті ауыспалы деп аталатын қоңыр-жасыл нәжіс, ал тағы 1-2 күннен кейін сарғыш түсті қалыпты дәрет пайда болады.

Жас нәресте адамның бетін немесе затты 20 см аспайтын қашықтыққа көреді, ол бір затқа ұзақ уақыт қарай алмайды, өйткені оның көру органдарының қызметі әрі даму үстінде. Сәби жарық пен қараңғылықты айыра біледі: жап-жарықта ол көзін жұмады, ал көмескі жарықта ашады. Түстерді ол кейінірек айыра бастайды, алайда туғаннан бастап оның назарын ашық, қызыл, жылтыр түстер аударады. Иіс сезу, есту, терімен қабылдаушылық сезімдері едәуір тез дамиды. Мысалы, сәби туғаннан кейін 3 күн өткен соң өз анасын иісі арқылы таниды.

Жас нәресте жақсы естиді, туудан бұрын ол дыбыстарды айыра алады. Сәби жанасуларға өте сезімтал: кейбіреулері оның жанын жайландырады, басқалары, керісінше, қоздырады. Сөйтіп, нәрестенің қабылдауында бәрі соншалықты шатасады, жанасуларды бір-бірінен бөлу өте қиынға соғады.

Нәресте бір қатар шартты рефлекстермен туады. Егер туғаннан кейін сәбиге емшек емізсе, ол белсенді түрде еме бастайды. Сондай-ақ нәрестенің басқа да рефлекстері бар, мысалы, жұту, көз жұму, қорғану, адымдау, еңбектеу, сүйену және т. б.

Өмірдің жаңа шарттарына бейімделу нәтижесінде, жас сәбидің ағзасында көптеген өзгерістер болады. Олра ауруға ұқсас жағдайламен қабаттасады, алайда, уақытша қылық танытады және емдеуді керек етпейді. Мысалы, бірінші күндері дене салмағының физиологиялық жоғалту деп аталатын, 5-7% азаюы белгіленеді. Дене салмағының азаюы негізінде тері және өкпе арқылы тыныс алғанда суды жоғалту себебінен, кіндік қалдығының құрғауының, меконидің, зәрдің бөлінуінен болады. Сәбиді дұрыс тамақтандыру барысында 8-10-шы күнге қарай оның дене салмағы қалыпқа түседі.

Физиологиялық сарғышытық - сәбилердің көбінде өмірінің 3-4-ші күндері пайда болатын терінің, шырыншы қабаттарының сары түске боялуы. Бұл кезде қанда билирубиннің көптігі, ал нәжіс пен зәр түсі дағдылы қалыпта екені байқалады, сәбилердің физиологилық сарғыштығы ешқандай емдеуді талап етпейді және жеті күн ішінде өз өзінен кетеді.

Кей кезде нәрестенің жиі жағдайда жая, құйымшақ, бөксе тұстарының терімһсінде орналасқан көкшілсұр пигменттік дақтар байқалады. Дақтар нәресте өмірінің бірінші жылы ішнде жоғалады.

Сәбидің желкесінде, маңдайында, жоғарғы қабақтарында эмбрион қантамырларының қалдықтарымен берілген тері капиллярладың кеңейюі байқалуы мүмкін. Жасы есейе келе бұл кетеді, кейде сәби айқайлағанда және мазасызданғанда ғана білінуі мүмкін.

Сәби кезеңінде жыныстық криздер деп аталатын көрінстер жиі байқалады, бұл сүт бездерінің ұлғаюымен, қаздардаң жыныс органдарының бөлінетін шырышты және қанды бөлінділермен және ұлдардың жыныс органдарының өсуімен білінеді. Сүт бездерінің ұлғаюы сәби өмірінің алғашқы күндері байқалады және 8-10-шы күндерде ең көп мөлшерге жетеді. Қыздардың жыныс органдарынан бөлінетін бөлінділер және ұлдардың жыныс органдарының ісігі 3-7-ші күндері пайда болады және бірнеше кен сақталады. Жыныстық криздерге “айыпты” сәби ағзасына түскен ананың гормондары.

Сүт бездерінің ұлғаюында дәрігер кеңесімен құрғақ жылуды пайдаланады(дәкелі - мақта таңғыш) . Қыздардың қынабынан бөлінділер бөлінгенде, жылы сумен ашық -қызыл калий-марганец қышқылы ерітіндісін қосып жыныс органдарын жуады.

Сәбиге екі ай толғанда дененің салмағы шамамен 800г, бойы 3 см өседі.

Сәби бұл кезеңде ішінде жатып, басын көтере, аз уақыт ұстап және оны әр жаққа бұра алады. Ағзаның қызметі көбірек жетіледі, сәби көбінесе ояу болады, қосымша машықтар үйренеді. Нәресте үстінде ілулі тұрған ойыншықтарды қарастыра бастайды. Егер онымен еркелете сөйлессе, ол қуаныш күлкімен жауап береді және қолдары, аяқтарымен күшті қозғайды.

Үшінші ай - сәби дамуындағы өзгерістердің біліну уақыты. Бұл жағдай әсіресе нәрестемен тілдескенде, оны қолға ұстағанда білінеді. Анасының таң қалуына және қуанышына қарай, нәресте оған саналы түрде қарайды. Нәрестенің жауабы жымиыспен, қолдарын белсенді түрде қозғаумен, әлі белгісіз дыбыстармен білінеді. Ояу кезінде ол ойыншықтарға қарайды, қозғалған затты көзқарасымен бақылайды, оған қолын тигізуге талпынады. Сәби жақсы және ұзақ уақыт бойы басын ұстайды, басын қатты дыбыс шыққан, ашық түсті ойыншық жағына қарай бұрады.

Үшінші айдағы дене салмағының артуы орташа 800г, бойының өсуі 3 см құрайды.

Төрт ай толғанда нәресте арқасында жатқан жағдайда басын көтере алады. Ішінде жатып, ол шынтағы мен білегіне сүйеніп көтеріледі. Бұлшықеттер қозғалыстары анығырақ жетілген: сәби денесінің жағдайын өзгертуге, арқасынан қырына бұрылуға талпынады.

Нәресте көбірек ойыншықтармен айналысады, ол тек қарап қана қоймай, сонымен қатар қызығушылықпен оларды қозгайды және ұстайды. Ойыншықтарын баланың қолдарын созғандағы қашықтықтықта іліп қою керек.

Бұл жаста сәби заттардың түстерін және түрлерін айыра бастайды. Сондықтан, сәбидің қолына ұстауға және ойнауға қолайлы ашық түсті, дыбысты, көлемі кішігірім оыншықтарды беру абзал.

Төртінші айда сәби денесінің салмағы 750г орташа, бойы 2, 5 см өседі.

Бесінші айда сәбидің қозғалыс машықтарының жетілуі жалғасады. Ол тек басын ғана емес, сонымен қатар алақандарына сүйеніп, денесін де көтере алады, арқасынан ішіне еркін бұрылады, егер оған азырақ көмектессе, отырады. Денесін шамалы демесе, түзу және нық тұра алды, аяқтарын басады.

Психикалық дамуы жедел жағдайда өтеді. Сәбидің ересектермен қарым-қатынады. Әрбір ай сайын өзгереді, едәуір саналы бола бастайды. Егер 3-4 айлық сәби кез келген адамның мейірімді тілдесуіне жымия жауап берсе, ал 5-6 айында ол алдымен сөйлескен адамды анықтап қарап алады, содан кейін ғана жауап береді. Бұл жаста сәби өз анасын, әкесін басқа да жақын адамдарды жақсы таниды, дауыстарына анық жауап береді. Ұзақ уақыт әуезді гулейді, сазды әуенді рахаттана тындайды.

Бесінші айдағы дене салмағының артуы 700г, бойының өсуі 2, 5 см құрайды. Бесінші ай - тәндік дамудың алғашқы шебі, бұл кезеңде дені сау сәбидің дене салмағы туғандағымен салыстырғанда екі есе артық.

Алтыншы айда нәресте қозғалыстарының үйлесімділігі анығырақ бола бастайды, ол ойыншықтарды еркін алады және ұзақ уақыт олармен ойнайды, манежде жылжи алады, тіпті өзін кейде қызықтырағн затқа еңбектеп барады. Алты айлық сәби тек арқасынан ішіне ғана емес, сондай-ақ ішінен арқасына аударыла алады, буындарға ұқсас дыбыстар шығарады, анасының қалында тұрақты отырады. Әйтседе сәби өз бетімен әлі отыра алмайды. Жастықтармен қаршап, она отырғызуға болмайды, өйткені бұл омыртқаның қисаюына әкеліп соғады. Сондықтан, сәби өзі отырмайынша, оны отырғызу керегі жоқ.

Баланың алты айға толғанынң маңыздыерекшелігі сүт тістерінің шығуы. Алдымен төменгі орталық күрек тістер шығады, содан соң жоғарғы орталық, әрі қарай төменгі бүйірдегі және жоғарғы бүйірдегі күрек тістер. Бір жасқа толу қарсаңында баланың 8 тісі болады. Алты айлық нәресте қасықтан жақсы тамақ ішеді, тамақ көргенде аузын ашады. Алты ай ішінде нәресте 2, 5 см өседі, дене салмағы 650г артады.

Жетінші айда нәрестенің қозғалу үйлесімділігінің дмуы жалғасады. Сылдырмақ ойыншықты сермеу оны қанағаттандырмайды, нәресте оны жан-жақтағы заттарға ұрғылауға талпынады. Егер ол бұрын ойыншықтарды түсіріпалатын болса, енді ол ойыншықты жиірек лақтырады. Әр күн откен сайын нәресте ептірек бола бастайды. Ол енді жақсы еңбектейді, екі қолынан демесе тік түрады.

Бұл кезеңде нәресте белгілі бір буындарды қайталап, ұзақ уаұыт бойына былдырлайд, ересектердің өтініші бойынша таныс заттарды табады. Ол кеседен жақсы ішеді, бірақ оны өз бетімен қолында ұстай алмайды.

Жеті айда нәресте шамамен 2 см өседі және салмағына 600г қосады.

Сегізінші айда нәресте ересектермен рахаттана тілдеседі, өз отбасының мүшелерін таныс емес адамдардан айыра алады, үлкендердің өтініші бойынша әртүрлі әрекет-қимылдар орындайды: отыру, жату, қолын беру, қоштасарда қолын бұлғау және т. б. көптеген дыбыстар ішінен ол қағаз жырту дыбысын жақсы көреді және бұл «жұмыспен» рахаттана айналысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілді дамытудың алғашқы сатысы
Бала емізу
Балалардың денсаулығын дамытуға және дұрыс дамуына күн режимінің маңызы
Балабақшада жас тобына қарай сурет салуға үйретудің методикасы
Баланың дене тәрбиесі
Ішімдік ішу және денсаулық
Маскүнемдік – үлкен дерт
Апатты аймақтар
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апат аймақтары
Нәрестелік шақтағы бала психикасының даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz