Суицид дерті, оның алу жолдары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
І СУИЦИД ДЕРТІ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Суицид дерті . адам өміріне қауіпті қадам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.2 Суицидтік мінез.құлықты жоғарылайтын кезі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
ІІ СУИЦИД ДЕРТІ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Суицид дерті болдырмау, алдын ала ескерту, жоюдың ғылыми.әдістемелік негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
17
2.2 Суицид дертіне қатысты практикалық.әдістемелік нұсқаулар ... ... .. 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24

Кіріспе
«Суицид» латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың саны соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек. Ең көп адам құрбан болатын Жапония елі өткен жылы осы мәселе бойынша мемлекет қазынасынан 32 миллиард АҚШ долларын бөліпті. Себебі, 2003 жылы бұл елде 34 мыңнан аса адам өзін-өзі мерт еткен. Алла сақтасын, Қазақстанның ортаңқол ауданының халқы. Бірақ нәтиже шамалы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Жоғарыдағы ұйымының деректеріне сенсек, 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:
бірінші орында – Латвия (96-99 адам),
екінші орында – Венгрия (88 адам),
үшінші орында – Қазақстан (53 адам).
Ары қарай
Жапония (47,1 адам),
Эстония (50 адам ),
Ресей (49,4 адам) деп кете береді.
Төменгі көрсеткіштегі елдер:
Грекия,
Италия,
Армения (2,3),
Гватемала (2-3),
Филиппин (2),
Албания (1,4),
Доминикан республикасы (2,1) екен.
Ал, мұсылман мемлекеттері мен Африка елдерінде бұл көрсеткіш жоққа тән. Соңғы жылдары «Жасөспірімдер суициді» деген ұғым өз алдына бөлек отау тікті. Бұл дерт өмірдің балдай дәмін енді ғана татып келе жатқан жас балапандарды да баудай түсіріп, қыра бастады. Таяуда шведтердің «өзін-өзі өлтіру ісін» зерттеу орталығы 15 пен 19 жас аралығындағы жастардың өзіне қол жұмсауы жағынан Ресей дүниежүзі бойынша бірінші орынға шықты деп хабарлады. Ресейде жыл сайын шамамен 2500 кәмелетке толмаған бала өзіне қол жұмсайды. Екінші орынды АҚШ (1800 бала) тұр. Ал, жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша бірінші орында Шри-Ланка (46,55), екінші орынды Қазақстан иеленген (24,02).
Мамандар болса жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Ғалымдар бұл абыройсыз өлім көбінесе өмірдегі таршылық, материалдық тапшылықтан, одан қалса ақыл-есі кемдіктен болады деген болжам айтып келеді. Алайда, бай немесе мансапты адамдардың өзін-өзі өлтіруін қалай түсінеміз. Мысалы, америкалық ірі қаржы компаниясының қожасы миллионер Картик Раджарам өзінің әйелі мен екі баласын өлтіріп, соңынан өзін опат қылды. Алпауыт консалтингтік компанияның негізін қалаушы атақты бай Тьерри де ля Виллюше де жарық дүниемен өздігінен қош айтысқан. Жылжымайтын мүлік сататын әлемге әйгілі бай Стивен Гуд бұл жалғаннан пана таппай, өзін-өзі мерт етіп тынды. Танымал неміс миллиардері, Қазақстанда да цемент өндірісін орнатып үлгерген магнаттардың бірі Адольф Меркле пойыздың астына түсіп өлді.
Ал, мансаптыларға келсек: 2007 жылы Жапонияның ауыл шаруашылығы министрі пәтерінде асылып қалды. Кеңес үкiметi кезiнде министр болған жалғыз әйел Екатерина Фурцева да өз өмірін өзінің қолымен қиды. Атақты композитор Родион Шедрин ол жөнінде: «Фурцеваның өзiне-өзi қол жұмсағанына таң қалмаймын. Ол мансабынан айырылатыны туралы қауiптi сезiнсе, өзін өлтіруге даяр тұратын, аса тәкаппар әйел едi», депті.
Зерттеу мақсаты. Суицид дертін болдырмаудың ғылыми психологиялық негізін айқындау мәселелері.
Зерттеу міндеттері:
1. Суицид дертіне байланысты ғылыми теориялық әдебиеттерді талдау.
2. Суицид дерті ұғымының мәнін және табиғатын ашу.
3. Суицид дерті зерттелінуінің ғылыми-теориялық аспектілері мәнін кеңінен ашу.
4. Суицид дертін болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізін жүйелеу.
5. Суицид дертіне қатысты практикалық-әдістемелік нұсқаулар ұсыну.
Зерттеу объектісі. Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретіндегі суицид дерті мәселесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Рогов Е.И. Психология и общения. М., 2001.
2. Супружеская жизнь: Гармония и конфликты. / Сос. Богданович А.Л. М., Профиздат 1997.
3. Бодалев А.А. Личность и общение. М., Педагогика 1983.
4. Крутецский В.А. Психология обучения и воспитания школьников. М., 1976.
5. Славина. Дети с эффективным поведением. М., 1966.
6. Фресс П. және Пиаже Ж. Экспериментальная психология. М., Прогресс 1975.
7. Петроский А.В., Шпалинский В.В. Социальная психология коллектива. М., 1978.
8. Петрунск В.П. и Торан Л.Н. Нервные дети и их воспитание. М., 1971.
9. Якобсон П.Н. Эмоциональная жизнь школьника. М., 1966.
10. Мектептегі психология. 2011№4 сәуір.
11. Тәжірибелік психология. Т.Нұрмағанбетова. Шымкент 2008ж
12. Kaplan, H., Sadock, B., Synopsis of psychiatry: behavioral sciences, clinical psychiatry.-Baltimore:
Williams & Wilkins, 1991.-903 p.
13. Бородин, С.В., Михлин, А.С. Самоубийства за рубежом // Научные и организационные проблемы
суицидологии. М., 1983. С. 20 – 32.
14 Насилие и его влияние на здоровье. Доклад о ситуации в мире: пер. с англ..-Женева: ВОЗ, 2003.
15. Эрл Гроллман. «Суицид: превенция, интервенция, поственция»100 методов самоубийства.
16. Ремесло Марина Борисовна,Введение в суицидологию. Материалы международной конференции
Алматы 2008.
17. Старшенбаум, Г.В. Суицидология и кризисная психотерапия. – М., «Когито-Центр», 2005.-376 с.
18. Региональные особенности суицидального поведения жителей ЮКО Ережепов Н.Б., Байболганов Н.П., Смагулов Б.И., Култасов Е.М. Материалы международной конференции Алматы 2008.
19. Головачев В. Ц. Самоубийство как родовой обычай и сакральный ритуал в традиционном Китае (На примере средневековых государств северного Китая) //
20. Таврический журнал психиатрии (Acta Psychiatrica, Psychologica, Psychotherapeutica et Ethologica Tavrica). — Симферополь, 2006. — С. 83-91.
21. Гроллман Э. Суицид: превенция, интервенция, поственция. Архивировано из первоисточника 24 мая 2012.
22. Достоевский Ф. М. Два самоубийства. Архивировано из первоисточника 24 мая 2012.
23. Наседкин Н. Н. Самоубийство Достоевского. Тема суицида в жизни и творчестве Достоевского. Архивировано из первоисточника 24 мая 2012.
24. Дюркгейм Э. Самоубийство: социологический этюд. Архивировано из первоисточника 24 мая 2012.
25. Мектептегі психология. 2011№3 наурыз
26. Мектептегі психология. 2011№2 ақпан

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы студенттердің ғылыми-
зерттеу жұмыстарының конкурсы
Тақырыбы: Суицид дерті, оның алу жолдары.
Түркістан, 2013ж
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
Жалпы психология кафедрасы
Ғылыми жұмыс

Орындаған: Жәнібекқызы
Мәрзия
Тобы: ППП-111
Ғылыми жетекшісі: оқытушы
А.Қ.Умбетова
Түркестан-2013
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
І СУИЦИД ДЕРТІ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.1Суицид дерті - адам өміріне қауіпті 7
қадам ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
1.2Суицидтік мінез-құлықты жоғарылайтын кезі 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
ІІ СУИЦИД ДЕРТІ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.1Суицид дерті болдырмау, алдын ала ескерту, жоюдың
ғылыми-әдістемелік 17
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
2.2Суицид дертіне қатысты практикалық-әдістемелік 19
нұсқаулар ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Пайдаланылған әдебиеттер 24
тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Суицид латын тілінен алынған қасақана өзін-өзі өлтіру деген
мағынаны білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын
сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында
таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі
өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге
артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың саны
соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек. Ең көп адам құрбан болатын
Жапония елі өткен жылы осы мәселе бойынша мемлекет қазынасынан 32 миллиард
АҚШ долларын бөліпті. Себебі, 2003 жылы бұл елде 34 мыңнан аса адам өзін-
өзі мерт еткен. Алла сақтасын, Қазақстанның ортаңқол ауданының халқы. Бірақ
нәтиже шамалы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша
әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға
шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам
аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Жоғарыдағы
ұйымының деректеріне сенсек, 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп
суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:
бірінші орында – Латвия (96-99 адам),
екінші орында – Венгрия (88 адам),
үшінші орында – Қазақстан (53 адам).
Ары қарай
Жапония (47,1 адам),
Эстония (50 адам ),
Ресей (49,4 адам) деп кете береді.
Төменгі көрсеткіштегі елдер:
Грекия,
Италия,
Армения (2,3),
Гватемала (2-3),
Филиппин (2),
Албания (1,4),
Доминикан республикасы (2,1) екен.
Ал, мұсылман мемлекеттері мен Африка елдерінде бұл көрсеткіш жоққа
тән. Соңғы жылдары Жасөспірімдер суициді деген ұғым өз алдына бөлек отау
тікті. Бұл дерт өмірдің балдай дәмін енді ғана татып келе жатқан жас
балапандарды да баудай түсіріп, қыра бастады. Таяуда шведтердің өзін-өзі
өлтіру ісін зерттеу орталығы 15 пен 19 жас аралығындағы жастардың өзіне
қол жұмсауы жағынан Ресей дүниежүзі бойынша бірінші орынға шықты деп
хабарлады. Ресейде жыл сайын шамамен 2500 кәмелетке толмаған бала өзіне қол
жұмсайды. Екінші орынды АҚШ (1800 бала) тұр. Ал, жан басына шаққандағы
көрсеткіш бойынша бірінші орында Шри-Ланка (46,55), екінші орынды Қазақстан
иеленген (24,02).
Мамандар болса жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне
көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық,
есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы
фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Ғалымдар бұл абыройсыз өлім көбінесе
өмірдегі таршылық, материалдық тапшылықтан, одан қалса ақыл-есі кемдіктен
болады деген болжам айтып келеді. Алайда, бай немесе мансапты адамдардың
өзін-өзі өлтіруін қалай түсінеміз. Мысалы, америкалық ірі қаржы
компаниясының қожасы миллионер Картик Раджарам өзінің әйелі мен екі баласын
өлтіріп, соңынан өзін опат қылды. Алпауыт консалтингтік компанияның негізін
қалаушы атақты бай Тьерри де ля Виллюше де жарық дүниемен өздігінен қош
айтысқан. Жылжымайтын мүлік сататын әлемге әйгілі бай Стивен Гуд бұл
жалғаннан пана таппай, өзін-өзі мерт етіп тынды. Танымал неміс миллиардері,
Қазақстанда да цемент өндірісін орнатып үлгерген магнаттардың бірі Адольф
Меркле пойыздың астына түсіп өлді.
Ал, мансаптыларға келсек: 2007 жылы Жапонияның ауыл шаруашылығы
министрі пәтерінде асылып қалды. Кеңес үкiметi кезiнде министр болған
жалғыз әйел Екатерина Фурцева да өз өмірін өзінің қолымен қиды. Атақты
композитор Родион Шедрин ол жөнінде: Фурцеваның өзiне-өзi қол жұмсағанына
таң қалмаймын. Ол мансабынан айырылатыны туралы қауiптi сезiнсе, өзін
өлтіруге даяр тұратын, аса тәкаппар әйел едi, депті.
Зерттеу мақсаты. Суицид дертін болдырмаудың ғылыми психологиялық
негізін айқындау мәселелері.
Зерттеу міндеттері:
1. Суицид дертіне байланысты ғылыми теориялық әдебиеттерді
талдау.
2. Суицид дерті ұғымының мәнін және табиғатын ашу.
3. Суицид дерті зерттелінуінің ғылыми-теориялық аспектілері
мәнін кеңінен ашу.
4. Суицид дертін болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-
әдістемелік негізін жүйелеу.
5. Суицид дертіне қатысты практикалық-әдістемелік нұсқаулар
ұсыну.
Зерттеу объектісі. Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретіндегі суицид
дерті мәселесі болып табылады.
І СУИЦИД ДЕРТІ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Суицид дерті - адам өміріне қауіпті қадам
Суицидтің салқыны Қазақстанда қаулап өсіп келеді. Қажет статистиканы
жоғарыда келтірдік. Қасіреттен қара жамылған қауымның жағдайын халық
қалаулылары енді ғана қозғай бастады. Айтпасқа амал да қалмай бара жатыр.
Өйткені, оқушылар арасындағы суицид жылдан жылға өрттей қаулап өсіп келеді.
Ресми деректерге сүйенсек: 2010 жылы елімізде 237 жасөспірімнің балғын
өмірі қиылған. Бұл құзырлы органдарда ресми тіркелгені ғана. Шындығында
бұдан екі есе көп. Соңғы бес жылда (аман қалғандарын қоспағанда) өз-өзіне
қол жұмсаған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны 7 пайызға өскен. Өткен
жылдың желтоқсан айының 6-12 аралығында еліміз аумағында үш қыз, екі ер
бала суицидтік жағдаймен қайтыс болғанын жергілікті ақпарат құралдары
жазды. Алты күннің ішінде бақандай бес жеткіншек! Қазіргі жағдайда
Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары қаралы көштің алдында келеді.
Әрқайсысында жылына 40 шамалы жасөспірім өздерін мерт етеді. Оңтүстік
Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының әрқайсысында 25-
тің үстінде бала өз қолдарынан ажал құшқан. Біздің елде кісі қолынан жазым
болатындардың санынан, өзін-өзі өлтіретіндер саны әлдеқайда көп. Енді
қайтпек керек? Статистикалық мәліметке жүгінсек, өзіне-өзі қол
жұмсағандардың 13 бөлігі маскүнемдік пен нашақорлықтың кеселінен, 23
бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады, депті.
Депрессия дегеніміз бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді.
Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың
жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой. Қара түнектей
қаптап келе жатқан бұл зұлмат мұсылман елдерін неге айналып өтеді? Өйткені,
олар жан – Алланың адам баласына берген аманаты екенін, өз өмірін қию – сол
аманатқа жасалған қиянат екенін біледі. Сонымен қатар өзін-өзі өлтіру ауыр
күнә екенін, ауыр күнә жасағандығы үшін тозақта азапқа тартылатынын да
жақсы біледі. Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда: өз өздеріңді
өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді
бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді (Ниса сүресі, 29-аят)
дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әл-Бұхариден жеткен хадисінде: Кімде-кім
өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп
жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп
жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам
тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады депті. Ендеше, бұл қасіреттен
құтылудың жолы – балаларымызға ерте бастан ислам тәрбиесін үйретіп,
жүректерін тыныштандырғанымыз абзал. Алланы еске алмайтын жүрек тыныш
таппайды. Ақиқатқа жүгінер болсақ Құранда: Сондай иман келтіргендер;
Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы
еске алумен жүректер орнығады (Рағыд сүресі, 28 аят) дейтін аят бар.
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі
өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын
нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу.
Депрессивті жағдайлар жиналып соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы
мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен
ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық
қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады.
Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады.
Мысалы:
1. Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп
беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде
болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының
жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
2. Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу
т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);
3. Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не
жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге
аяқ астынан бел буу);
4. Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру. [1].
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша
дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы
суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда
болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Индияда. АҚШ-та
өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе,
КСРО-де шамамен 23-24 адамнан келеді.
ХХ ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі
кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы
мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі
өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға
байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны
үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен
теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда
5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің
арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы
жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид
15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға
дейін көтерілген.
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-
өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар,
ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда
болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін,
себептерін зерттеуге тырысты.
Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің
ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам
бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып Жаратушы қалауымен өмірден
озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын
өмірімен қоштасатындары қаншама. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау
мәселе соңғы жылдарыөршіп келеді.
Бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда, әлемде өз-өзіне
қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер көп екен. Бұл қауіпті құбылыстың
біздің еліміздегі көрінісі де көңіл қуантарлықтай емес. Десек те,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының зерттеулері нәтижесіне сүйенсек,
өзін-өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері
бойынша бірінші орында тұр екен.
Осыған сәйкес, жалпы әлемде әрбір 40 секунд сайын, елімізде әр сағат
бір адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. Латын тілінен аударғанда суицид
мағынасы – өзін-өзі өлтіру, яғни өз өміріңе балта шабу, саналы түрде өмір
сүруді тоқтату дегенге саяды. Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге
айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына
топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың
қиындығынан, не болмаса денсаулықтың салдарынан деп таниды. Ал кейбіреулер
тұқым қуалаушылық жолымен келеді дейді[2].
Өзіне-өзі өлім тілеу мұсылманның белгісі емес. Мұны бәріміз
білеміз,біле тұра ешқандай да мемлекеттік оргондар қажетті шаралар
қабылдамай отыр. Соның салдарынан бүгінгі жастардың өзін-өзі жазым ету
фыктілерінің саны туралы ақпарат беретін республикалық дәрежедегі ешбір
мемлекеттік оргон жоқ деуге болады. Олардың бар мәліметтері толық емес.
Жастардың арасында өзіне - өзі қол салудың және оған әрекеттенудің тұрақты
өеудің олардың құқықтарын қорғауға,олардың жүйкесінің саулығын
қадағалауға,жастарға жай ғана назар аударудың озінің жоқтығының салдары.
Жасөспірімдерді өзіне-өзі қол салудың жеткізудің басқада фақтілері
анықталды,статистика бойынша жыл сайын әлемде 1 миллион адам өз-өзіне қол
салатыны айқындалған.әлемде 20 секундта бір адам өлетініде анықталған.Оның
көптеген себептері бар:
1.Нарық экономикасына байланысты ең өзекті мәселе материалдық тұрмыстық
қиыншылықтар;
2.Тұқымқулаушылдық фактілер;
3.Отбасылық ұрыс-керіс,ата-ананың ажырасуы,жалғыздық,махаббаттан жолы
болмау,жыныстық қатынастағы әлжуаздық;
4.Дімкәс денсаулық,психикалық сырқаттық,белсіздікпен бедеулік;
5.Қылмыстық жауапкершілікткн қашу,істеген ісінің уяттығынан қорқыныш;
6.Оқу орнындағы даулы мәселелер мен сәтсәздәктер;
7.Әр түрлі секталарға кіріп,одан шығу жолдарын таппау;
8. Өмір сүуден шаршадың ба? атты арнайы Интертнет сайттар;
9. Теледидардан көрсетіліп жатқан қарақшылдық,жауыздық туралы фильмдер;
10. Арақ ішу,насыбай ату,наша пайдалану-оының бәрі жастардың бәрінің
миларына кері әсерін етуде
1.2 Суицидтік мінез-құлықты жоғарылайтын кезі
Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі
келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.
Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа
халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне
Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп
жіберген.
Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни
көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.
Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы,
тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас
ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер
етеді.
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;
- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;
- Жастар арасы - 17-29 жас;
- Ересектер арасы – 30-35 жас;
- Қарттық кезең – 55-70 жас.
5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек
кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9
жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде
суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа
бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында
әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге
баратыны анықталды.
Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге
бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен
өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол
қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш,
эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.
Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер
қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде
олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын
көрінгені мәлім болған.
Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген
балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар
құрайды.
Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген
кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан
кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың
ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті:
эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен
балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына
байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке
тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.
Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы
әлеуметтік психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады.
Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне,
интелектісі және мінез- құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы
себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс
себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр
уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне
байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін[3].
А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен
жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13
жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%,
пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке
барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе
тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол
көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты
Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың
70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген.
А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі
типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.
Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес
әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті
емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жас
өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында
және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі
кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар
арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады.
Шынайы суицидальді мінез- құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын
проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған
шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны
қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін
манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен
адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі
келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден
пайда болады. Мысалы, Лилияны алатын болсақ ол кішкентай кезінен бастап
барлығына да истерика арқылы қол жеткізетін. Ол төрт жасынан бастап- ақ
дүкеннен ұнаған нәрсесін алмай кетпейтін. 13 жасында ол мен ешқашан
мектепке бармаймын деп әке- шешесін қорқытқан ол музыкалық орталық саттырып
алады. 15 жасында әке-шешесі оны туған күнге жібермеген үшін ол терезеге
шығып өлемін деп шошытқан. Шошыған әке-шешесі оны туған күнге жіберіп қана
қоймай оның қолына ақша да ұстатқан. Уақыт өткен сайын Лилияда шантажды
мінез-құлық пайда болған. Өзіне қолайлы жағдайда ол өзін өлтірем деп барлық
адамдарды манипуляциялау арқылы өз мақсатына қол жеткізген. Алайда, бұл
өзін-өзі өлтіру ойыны көбінесе қайғылы болып аяқталады өйткені өліммен
ойнамайды.
Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір
тәжірибелерінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау
себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты
болады.
И.П. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz