Үстеу жайында
1. Үстеудің лексика.грамматикалық сипаты.
2. Үстеудің мағыналық топтары: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, мақсат үстеуі, себеп.салдар үстеуі, сын.қимыл үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, топтау үстеуі.
3. Үстеудің жасалуы.
4. Үстеудің басқа сөзбен тіркесу ерекшеліктері.
5. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
Қазақ тілі білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі
Үстеудің сөзжасамның жүйесі

Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т,б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі «негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады» (А. Ысқақов) деген пікірдің қате екенін көрсетеді. Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары барлық үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық негізгі түбір үстеуге түгел жалғана алуы керек. Ондай жаппайлық қасиет мұнда жоқ, сондықтан үстеуде шырай категориясы жоқ. Әрине, бірлі-жарым үстеуге шырай категориясының қосымшалары жалғануы кездейсоқ емес. Олар көбіне негізгі түбір және қимылдың сапалық мәнін білдіретін үстеулер болып келеді. Бұның өзі тарихи жағьнан үстеудің сын есіммен жақындығын, төркіндес екендігін ғана көрсетсе керек. Синтаксистік қызметі, ең алдымен, үстеудің семантикалық ерекшелігіне байланысты болғандықтан, яғни үстеу қимылдың, іс-әрекеттің алуан түрлі белгілерін білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесіп, көбіне пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Үстеудің мынадай мағыналық түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын-қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі.
Мезгіл үстеуі. Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді, т.б.
Мекен үстеуі. Мекен үстеуі іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті, т.б.

1. Ысқақов «Қазақ тілі» Алматы-1991 жыл
2. Кеңесбаев С. «Қазақ тілі» морфология Алматы-1992 жыл
3. Исаев С. «Қазаігі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» Алматы-1998 жыл
4. Қалыбаева А. Оралбаева Н. «Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» Алматы – 1986 жыл
5. Оралбай Н. «Қазақ тілінің сөз жасамы» Алматы – 2002 жыл
6. Салқынбай А. «Тарихи сөз жасам» Алматы – 1999 жыл

Үстеу
Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.
Үстеудің мағыналық топтары: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі, сын-қимыл үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, топтау үстеуі.
Үстеудің жасалуы.
Үстеудің басқа сөзбен тіркесу ерекшеліктері.
Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
Қазақ тілі білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі
Үстеудің сөзжасамның жүйесі
Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т,б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады (А. Ысқақов) деген пікірдің қате екенін көрсетеді. Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары барлық үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық негізгі түбір үстеуге түгел жалғана алуы керек. Ондай жаппайлық қасиет мұнда жоқ, сондықтан үстеуде шырай категориясы жоқ. Әрине, бірлі-жарым үстеуге шырай категориясының қосымшалары жалғануы кездейсоқ емес. Олар көбіне негізгі түбір және қимылдың сапалық мәнін білдіретін үстеулер болып келеді. Бұның өзі тарихи жағьнан үстеудің сын есіммен жақындығын, төркіндес екендігін ғана көрсетсе керек. Синтаксистік қызметі, ең алдымен, үстеудің семантикалық ерекшелігіне байланысты болғандықтан, яғни үстеу қимылдың, іс-әрекеттің алуан түрлі белгілерін білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесіп, көбіне пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Үстеудің мынадай мағыналық түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын-қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі.
Мезгіл үстеуі. Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді, т.б.
Мекен үстеуі. Мекен үстеуі іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті, т.б.
Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді, т.б.
Сын-қимыл үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Мөлшер үстеуі. Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістікпен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр. Ал онша биік емес, анағұрлым үлкен, недәуір ұзын дегенде, онша, анағұрлым, недәуір мөлшер үстеулері биік (емес), үлкен, ұзын тәрізді сын есімдермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіріп тұр.
Мөлшер үстеулері құрамы жағынан туынды не күрделі түбір болып келеді.
Күшейткіш үстеу. Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т.б.
Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйледі, т.б.
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.
Мақсат үстеуі. Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана, т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді., т.б.
Себеп-салдар үстеуі. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың, т.б.
Морфологиялық құрамы жағынан үстеу негізгі түбір үстеулер (ерте, еш, сәл, қазір, жоғары, т.б.), туынды түбір үстеулері (балаша, соншалық, жасырын, т.б.), күрделі түбір үстеулер (бүгін, биыл, қолма-қол, жапа-тармағай, күні кеше, ала жаздай, томаға тұйық, қаннен қаперсіз, т.б.) болып бөлінеді.
Үстеудің жасалуы төмеңдегідей:
1.Синтетикалық (морфологиялык) тәсіл: -ша,-ше: қазақ-ша, қысқа-ша, ескі-ше; -лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей: өлер-дей, шикі-лей, қыс-тай, т.б. -дайын.-дейін: тоты-дайын таранған,; -шалық, -шелік, -шама,-шеме: сон-шалық, осын-шама; -дайлық: сон-дайлық,; -шаң, -шең: көйлек-шең, етік-шең; -сыз,-сіз: қаннен қапер-сіз, ысырап-сыз: -ын,-ін, -н: жасырын, үстіртін, қырын; -сын,-сін: кешкісін, ертеңгісін; т.б. -ы,-і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі.
2.Лексика-семантикалық тәсіл:
а) басқа тілден енген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т.б.
ә) семантикалық процесс арқылы, яғни адвербиалдану арқылы жасалған үстеулер: соң (зат атауынан соң дегеннен), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте, лықа, айнала, т.б. көсемше тұлғаларынан қалыптасқан.
3.Семантикалық-синтетикалық тәсіл. Көлемдік септік формалары мен кейбір сөз таптарына қатысты жұрнақтар жалғанған сөздер адвербиалдану (семантикалық) процесі арқылы үстеуге айналып кеткен. Сөйтіп, бұл жерде екі түрлі процесс, бірі – қосымша үстелу, екіншісі – семантикалық процесс (таза семантикалық тәсілден айырмашылығының өзі осында, өйткені бұл қосымшалардың үстеу тудыру – негізгі сипаты, мәні емес), қатар жүріп отыр. Олар: а) барыс септік арқылы: босқа, жатқа, артқа, т.б.). ә) жатыс септік арқылы: мұнда, түнде, алда, б) шығыс септік: шетінен, тосыннан, қатеден, төтеден, кеңінен; в) көмектес септік: жайымен, жөнімен, шынымен, кезекпен,; -лап,-леп, дап,-деп, тап, теп; ойыншылар, жездейшілеп, т.б.
4.Аналитикалық тәсіл. а) сөздердің бірігуі: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), жаздыгүні (жаздың күні), ендігәрі (ендігіден әрі), т.б. ә) сөздердің қосарлануы: жата-жастана, аунап-қунап, жапа-тармағай, бірте-бірте, бет-бетімен, аз-аздап. б) сөздердің тіркесі мен идиомаланған тіркестер: ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, томаға тұйық, күн ұзаққа.
Үстеудің емлесі. Негізгі және туынды түбір үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең, кешке, бұрын, сонда, әрі, бері, төмен, бірге, әрең, талай, т.б.
Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі айтылуынша, яғни сыңарларының дыбысталуынша өзгеріске түскен күйінде жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, жаздыгүні, ендігәрі, анағұрлым, т.б. сөздер айтылуынша жазылады. Бұлар бұл+күн, бұл+йыл, қыстың+күні, жаздың+күні, ендігіден+әрі, ана+құрылым деген сөздерден біріккен. Ал таңертең (тәңертең емес), бірқыдыру (бәрғыдыру емес), әлдекімше (әлдегімше емес) сияқты күрделі үстеулердің сыңарлары түбір тұлғасын сақтап жазылады.
Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез (киді), бірте-бірте (жүріп кетті), жол-жөнекей (соқты), қолма-қол (берді), емін-еркін (отырды), күні-түні (істеді) т.б.
Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Мысалы: таң сәріде (тұрды), күні бойы (дайындалды), қаннен қаперсіз (отыр), ала жаздай (ән салып) т.б.
Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеу сөйлемде көбіне етістікпен тіркесіп пысықтауыш қызметін атқарады. өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр түрлі сын-сипатын, яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін (М.Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А.). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz