Сүлеймен Бақырғанидың өмірі мен шығармашылығы



1.Сүлеймен Бақырғанидың өмірі мен шығармашылығы
2.Шығармашылығының басты тақырыптары
3.Ақынның тәлімдік өнегелері
Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы - 1186) – сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын, «Түркістан пірі» атанған Қожа Ахмет Яссауидің атақты төрт шәкіртінің бірі. Түркістан қаласында дүниеге келген. Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білім алған. Халық арасында Әкім ата деген атпен белгілі. Атақты түрколог А.Боровтың зерттеулері бойынша, Сүлеймен Бақырғани өз жырларын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қыпшақ тілінде жазған. Ол сопылық поэзия үрдісін жалғастырып, түркі тілінде діни хикметтер жазған, әулие дәрежесіне жетіп, ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген. Ғұлама кітаптарының түпнұсқасы сақталмаған, көшірме нұсқаларының жазылу мерзімі 15 ғасырға жатады. 17 ғасырда жазылған қолжазба Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорында сақтаулы. Оның көлемі 652 бет, 119-489 беттері бірыңғай Сүлеймен Бақырғанидің хикметтерінен тұрады. Ғалымның «Ақырзаман», «Бибі Мәриям» кітаптары діни мектептерде оқулық ретінде пайдаланылған. «Ақырзаман» дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал «Бибі Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ.с.) үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық кітапханасында «Хакім ата» кітабының 1878 жылы Қазан университеті баспаханасында жарық көрген нұсқасының фотокөшірмесі сақталған. Кітап ақынның төл шығармасы емес, ол жайлы жазылған аңыз-хикаяттардың жинағы. Бұл Сүлеймен Бақырғани жайлы тұңғыш баспа бетін көрген еңбек, Ф.Амашев деген адам бастырған, көлемі 20 беттік прозалық шығарма. Кітап түрлі кезеңдерде өмір сүріп, Яссауи үлгісінде хикметтер жазған ақындардың шығармаларынан тұрады, хикметтердің әрқайсысының соңында авторларының аты аталған. Онда Машраб (9), Қожа Ахмет (10), Тәж Ахмет (1), Құл Сүлеймен (Хакім Сүлеймен, Хакім ата, 35 рет), Шәмсіддин (32), Құл Шариф (4), Иқани (20), Құл Ұбайда (13), Фақири (2), Байза (1), Лутфи (2), Ғазали (1), Насими (1), Туфи (1), Қасым (1) есімдері көрсетілген. Жинақтағы Сүлеймен Бақырғани хикметтерінің көлемі 1200 жолдан асады. Кітапта 9 дастан берілсе, оның екеуінің ? «Расул Миғражы» мен «Исмайыл» қиссасы Сүлеймен Бақырғанидікі екендігі көрсетілген. «Расул Миғражы» қиссасы арапша ережеп айының 27-ші кешінде Алла әмірімен көкке көтерілген Мұхаммед пайғамбар сапарына арналған. Бұл оқиға Құран Кәрімнің 17-Ісра сүресінде айтылған. Ал 74 шумақтан тұратын «Исмайыл» қиссасы Құрбан айт мерекесінің шығу тарихын баяндайды, ол 37-Саффат сүресінен алынған оқиға негізінде жазылған. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) қайтыс болуына байланысты дастандар Шәмсі асынікі, Мұхаммед пен Ибраһим жайлы дастан Ғұбайдулланікі, «Ақтым қиссасы» Хытаи сақынікі деп берілген, «Жарым алма хикаясы» дастанының авторы көрсетілмеген.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Сүлеймен Бақырғанидың өмірі мен шығармашылығы
2.Шығармашылығының басты тақырыптары
3.Ақынның тәлімдік өнегелері

Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы - 1186) – сопылық дидактикалық
сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын,
Түркістан пірі атанған Қожа Ахмет Яссауидің атақты төрт шәкіртінің бірі.
Түркістан қаласында дүниеге келген. Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам
қалаларында білім алған. Халық арасында Әкім ата деген атпен белгілі.
Атақты түрколог А.Боровтың зерттеулері бойынша, Сүлеймен Бақырғани өз
жырларын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қыпшақ тілінде
жазған. Ол сопылық поэзия үрдісін жалғастырып, түркі тілінде діни хикметтер
жазған, әулие дәрежесіне жетіп, ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке
үндеген. Ғұлама кітаптарының түпнұсқасы сақталмаған, көшірме нұсқаларының
жазылу мерзімі 15 ғасырға жатады. 17 ғасырда жазылған қолжазба Қазақстан
Республикасы Ұлттық кітапханасы қорында сақтаулы. Оның көлемі 652 бет, 119-
489 беттері бірыңғай Сүлеймен Бақырғанидің хикметтерінен тұрады. Ғалымның
Ақырзаман, Бибі Мәриям кітаптары діни мектептерде оқулық ретінде
пайдаланылған. Ақырзаман дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің
күресі, ақырзаман белгілері, махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.)
өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал Бибі Мәриям дастанында
ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген
шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ.с.) үмбеттерінің
қамын ойлауы басты назарда ұсталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының Орталық кітапханасында Хакім ата кітабының 1878 жылы Қазан
университеті баспаханасында жарық көрген нұсқасының фотокөшірмесі
сақталған. Кітап ақынның төл шығармасы емес, ол жайлы жазылған аңыз-
хикаяттардың жинағы. Бұл Сүлеймен Бақырғани жайлы тұңғыш баспа бетін
көрген еңбек, Ф.Амашев деген адам бастырған, көлемі 20 беттік прозалық
шығарма. Кітап түрлі кезеңдерде өмір сүріп, Яссауи үлгісінде хикметтер
жазған ақындардың шығармаларынан тұрады, хикметтердің әрқайсысының соңында
авторларының аты аталған. Онда Машраб (9), Қожа Ахмет (10), Тәж Ахмет (1),
Құл Сүлеймен (Хакім Сүлеймен, Хакім ата, 35 рет), Шәмсіддин (32), Құл Шариф
(4), Иқани (20), Құл Ұбайда (13), Фақири (2), Байза (1), Лутфи (2), Ғазали
(1), Насими (1), Туфи (1), Қасым (1) есімдері көрсетілген. Жинақтағы
Сүлеймен Бақырғани хикметтерінің көлемі 1200 жолдан асады. Кітапта 9 дастан
берілсе, оның екеуінің ? Расул Миғражы мен Исмайыл қиссасы Сүлеймен
Бақырғанидікі екендігі көрсетілген. Расул Миғражы қиссасы арапша ережеп
айының 27-ші кешінде Алла әмірімен көкке көтерілген Мұхаммед пайғамбар
сапарына арналған. Бұл оқиға Құран Кәрімнің 17-Ісра сүресінде айтылған. Ал
74 шумақтан тұратын Исмайыл қиссасы Құрбан айт мерекесінің шығу тарихын
баяндайды, ол 37-Саффат сүресінен алынған оқиға негізінде жазылған.
Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) қайтыс болуына байланысты дастандар Шәмсі
асынікі, Мұхаммед пен Ибраһим жайлы дастан Ғұбайдулланікі, Ақтым қиссасы
Хытаи сақынікі деп берілген, Жарым алма хикаясы дастанының авторы
көрсетілмеген.
Бақырғани кітабы 1897 жылы Қазан баспасында жарық көрген болатын.
Қазақтың қазіргі тіліне қайта жаңартып аудары ісі енді қолға алынып,
ақынның өлең өрнектері ұлттық тәлім-тәрбиеміздің кәдесіне аса бастады.
Бақырғани кітабы - түркі тілдес халықтардың XII ғасырдан сақталған
сопылық-дидактикалық ағымдағы алғашқы әдеби жәдігерліктерінің бірі. Аталмыш
кітап орта ғасырлық қазақ әдебиетінің бірден-бір мұрасы. Ақынның хикмет-
жырлары кезінде қазақ ақын-жыраулары поэзиясында кеңінен тараған ақыл-өсиет
айту сарынындағы жыр-толғау үлгісімен үндес болып келеді.
Бақырғани кітабы негізінен бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді
шартты түрде көңіл күй жырлары деуге болар еді. Ал, екіншісі - сопылық
идеясын насихаттауға арналған дидактикалық-философиялық хикмет-өлеңдері,
үшіншісі - Алланы мадақтауға арналған жырлар (Меърож-наме), төртіншісі -
Ақыр заман көріністері дастаны, бесіншісі - Бибі Мариям толғауы.
Сүлеймен Бақырғани шығармаларының басты тақырыптары сопылық ағым
қағидалары, Аллаға деген сүйіспеншілік, оны мадақтау, Аллаға құлшылық
етуге, исламның шарттарын мүлтіксіз орындауға шақыру. Шығарманы ежелгі
дәуір әдебиетіне тән Аллаға мадақ айтудан бастап, соңында автордың өзі
туралы мәлімет беруі, кейіпкерлердің аса мінсіз болып суреттелуі, сұлулықты
асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан да
байқалады.
Көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика,
тика, тазару, адам жанының үндестігі (гармония) мәселелеріне көңіл
бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүлеймен Бақырғани
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Бақырғани кітабының негізгі идеясы
Түркі халықтарының философиясына жалпы түсініктеме
Мұсылман әлемiнiң философиясы туралы
Сүлеймен Бақырғанидың өмірі жайлы түсінік
Айша бибі және Бабажы қатынға орнатылған ескерткіштер
Қожа Ахмет Яссауи ілімі және сопылықты қазіргі кезде талдау
Сопылық дәстүрі C. Бақырғанидің дүниетанымының негізі
Сүлеймен Бақырғани өмірбаяны
Пәндер