Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты аурулар. Сумен қамтамасыз етудің гигиеналық маңызы.Ішілетін судың нормалау сапасы


Ф КГМУ 4/3-04/02
1. Тақырып : «Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты аурулар. Сумен қамтамасыз етудің гигиеналық маңызы. Ішілетін судың нормалау сапасы »
2. Мақсаты : ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптармен және оның адам денсаулығы үшін маңызымен таныстыру.
3. Дәрістің жоспары:
1. Су - биосфера элементі. . Судың физиологиялық, гигиеналық және эпидемиологилық маңызы.
2. Ауыз судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар.
3. Судың химиялық құрамымен байланысты жұқпалы емес аурулар. Алдын алу шаралары.
4. Сумен қамтамасыз ету көздері және олардың сипаттамасы. Су көздерін қорғау шарлары.
5. Елді-мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері (орталықтандырылған, орталықтандырылмаған) .
Су - биосфера элементі. Судың физиологиялық, гигиеналық және эпидемииологиялық маңызы.
Адам организмі өзін қоршаған ортамен үнемі алмасуда болады. Су органикалық орта дами алмайтын қоршаған ортаның бір элементі болып табылады. Адам денесінің 60-70 % судан тұрады: Организмнің тіршілікке маңызды процестері: ассимиляция, диссимиляция, осмос, диффузия, сорылу, сүзілу судың қатысуымен жүреді. Тәулігіне адамның суға деген физиологиялық қажеттілігі орташа есеппен 2, 5 л. құрайды. Бұл қажеттілік нормасы адамның қызметіне, жасына, климаттық-географиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
Тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың дамуында судың алатын орны ерекше. Әсіресе ішек ауруларының дамуы су арқылы жылдам өтеді, оған тікелей әсер ететін төменде көрсетілген жағдайлар:
- науқас немесе бациллотасымалдаушы шығарыстарымен инфекция қоздырғышының су көзіне түсуі;
- қоздырғыш суда өзінің өмірін және вируленттілігін ұзақ сақтайды;
- ластанған су адамның асқазан-ішек жолына түсуі.
Су эпидемиясына тән қасиет бір мезгілде көптеген адамның науқастануы, ол су көзін пайдаланатын тұрғындар арасында басталады. Су арқылы берілетін инфекциялар: холера, іш сүзегі, лептоспироз, эндемиялық гепатит және т. б
Эндемиялық гепатит - қазіргі кезде дамуы өте жиі кездеседі.
Суды нормалау және суды пайдалану тәртібі
Су көзін пайдаланудың екі түрі бар: - санитарлық-тұрмыстық мұқтаждықта қаматамасыздандыру; - өндірістік мақсатта пайдалану. Жұмсалған суды есептеу су пайдаланудың меншікті көлемі болып саналады, яғни бір адамға тәулігіне жұмсалған су көлемі.
Суды пайдаланушылардың негізгі категориялары:
- тұрғындардың ауыз су, тұрмыстық және шаруашылық қажеттілігін қамтамасыздандыруға пайдалануы;
- қоғамдық, коммуналды-тұрмыстық, мәдени-ағартушылық, емдік-профилактикалық, балалар, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын қаматамасыздандыруға пайдалану;
- көшелерді жууға, жасыл желектерді суаруға;
- өрт сөндіруге.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су көзін таңдау міндетті түрде МЕСТ «Ауыз суы» 2874-82, Санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения" № 3. 02. 002. 04. 16 тамыз 2004 ж.
Санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации систем централизованного горячего водоснабжения " № 3. 01. 002. 04. 16 тамыз 2004 ж.
«Санитарно - эпидемиологические правила и нормы поверхностных вод от загрязнения» № . 3. 02. 003. 04. 28. 06. 2004 ж.
Санитарно-эпидемиологические правила и нормы «Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию зон санитарной охраны источников водоснабжения и водопроводов хозяйственно-питьевого назначения» от 18 февраля 2005 года № 63 талабына сай болуы қажет.
Ауыз суға қойылатын талаптар:
Ауыз судың сапасына қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптар: органолептикалық қасиеттері бойынша дәмі және иісі 2 баллдан, мөлдірлігі Снеллен шрифті бойынша 30 см, түсі платинді кобальт шкала бойынша 20 - 35 0С - тан, тұнба әлсіз ғана байқалатын температура 7-12 0С - тан аспауы қажет. Химиялық құрамы бойынша: РН 6, 5-8, 5, хлоридтер 350 мг/л аспайды, сульфаттар 500 мг/л - ден аспайды, темір 0, 3 мг/л - ден аспауы қажет. Йод пен фтордың микроэлемент ретінде гигиеналық бағасы мен физиологиялық маңызы эндемиялық зоб және флюороз сияқты ауруларды тудырушы ретінде зерттеледі. Бактериологиялық қасиеттері бойынша қойылатын талаптар: ауыз суында эпидемиологиялық жағдай бойынша ауру қоздырушы микробтар болмауы қажет. Жалпы микроб саны 100 - ден аспайды. Коли - титр 300 мл - дегі микроб санынан аспауы қажет.
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесі және оның гигиеналық сипаттамасы.
Сумен қамтамасыздандыру - тұрғындар, өндірістік кәсіпорындар сияқты тұтынушыларды сумен қамтамасыздандыруға арналған шаралардың жиынтығы. Тұтынушыларға су жеткізуші тасымалдаушы, суды тазалаушы, табиғи су көздерінен суды жеткізуші қондырғылар мен жабдықтардың инженерлік - техникалық кешені сумен қамтамасыздандыру жүйесі деп аталады. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған су жүйесін бөледі. Мұндай бөлудің негізгі белгісі суды тарту әдісіне негізделген. Орталықтандырылған су жүйесінде су жер беті және жер асты су көздерінен механикалық жол арқылы тұтынушыларға жеткізіледі. Жергілікті су жүйесінде су тікелей су көзінен алынады.
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздерінің суы сапасына санитарлық-гигиеналық баға беру үшін СанЕмН 2. 1. 4. 544-96 "Требования к качеству воды нецентрализованного водоснабжения. Санитарная охрана источников" құжатындағы көрсеткіштер басшылыққа алынады. Осы құжатқа сәйкес жергілікті су көздерінің суының сапасы төмендегідей болуы тиіс:
Су көздері, олардың гигиеналық сипаттамасы.
Гигиеналық тұрғыдан барлық су көздері өздерінің шығу тегі, орналасуы бойынша 3 топқа бөлінеді:
- жерасты сулары
- жер беті сулары
- атмосфералық сулар
Жерасты сулары, яғни жауын-шашын мен жер беті суларының топырақ арқылы сүзілуі нәтижесінде пайда болады. Тереңдігі мен жер қабаттарына қатысты орналасуына байланысты жерасты сулары 3 аймаққа бөлінеді: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Шаруашылық - ауыз су мақсатында көбінесе жоғарғы аймақ сулары пайдаланылады, олардың тереңдігі 1000м кейде 2000м дейін жетеді. Тундрада - суық климаттық белдеулерде жоғарғы аймақ суларының тереңдігі 2-10м аралығында ғана болады. Еріген қар суы оның минералдануы деңгейін төмендетеді (100-150мг/л) . Шамалы суық климаттық белдеулерде жоғарғы аймақ сулары тереңдігі 20-60м болады. тиісінше олардың минералдануы да жоғарылай түседі (100-1000мг/л) . Оңтүстікке қарай жоғарғы аймақ суларының тереңдігі мен оның минералдануы да арта түседі (300м және одан терең, минералдануы біреше г/л) . Судың минералдануынан басқа ескеретін бір жағдай, ол судың микроорганизмдермен, органикалық заттармен, улы қоспалармен ластануы дәрежесі судың тереңдігі артуына байланысты төмендейді. Бұл топырақтың беткі қабаты арқылы беткейлік сулардың ластануының салдары. Беткейлік сулар топырақ қабаттары арқылы өтіп біртіндеп сүзгіленеді: органикалық заттар, микроағзалар адсорбцияланады, сонан соң органикалық заттар қалдықтары аэробты микроағзалардың қатысуымен тотығу реакциясына ұшырайды. Минералданудың соңғы сатысында азотты органикалық заттардың биохимиялық тотығуы жүріп, аммоний тұздарына, сонан соң В. nitrosomonas, B. nitrobakter (фэробты бактериялар) көмегімен нитраттар мен нитриттерге дейін ыдырайды. Бұл процесс нитрафикация деп аталады. Судың өзіндік тазалануы топырақтың түріне, құрылымына, қалыңдығына, сондай-ақ оның инсоляциясына, желдетілуіне, температурасына және т. б. физикалық-химиялық, микробиологиялық сипаттамасына байланысты. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей 4м қалыңдықтағы топырақ микроағзалардың 90%-на дейін сүзіп алады, ал 6м тереңдікте (бүтіндігі бұзылмаған топырақ қабаты) микроағзалар суда мүлдем болмайды. Мұндай топырақтан сүзгіден өту процесі 100 тәулікке дейін созылады.
Жерасты суларының сапасы едәуір дәрежеде жер қыртысының құрылымымен анықталады. Оның жоғарғы қабаты микроағзаларға және жануарлар, өсімдіктер негізді органикалық заттарға, яғни қарашірікке бай келеді. Тереңдеген сайын топырақта құмды, тасты және сазды құрылымдар арта түседі, ал органикалық заттар азаяды. Бұл қабат су өткізгіш, ал оның астында алғашқы су өткізбейтін, құрамында саз, гранит немесе басқа сол тәрізді су өткізбейтін элементтері бар қыртыс жатыр. Алғашқы су өткізбейтін қыртыс астында су жүретін қабат мұнда құм, сызаттары бар жыныстар бар су өткізбейтін қабаттармен алмасып отырады. Әр бір су жүретін қабаттардың өздерінің ерекшеліктері бар.
Жер бетіне топырақ сулары ең жақын орналасады. Олар беткейлік ағындылардан түзіледі және жоғарғы топырақ қабатының органикалық, минералдық құрамын сипаттайды. Топырақ ылғалы микроағзаларға оның ішінде патогенді микроағзаларға бай. Топырақ ылғалы әртүрлі агрегаттық күйде болады: гигроскопиялық, қабыршақтық, капиллярлық және бос формалар түрінде. Топырақ ылғалы құрамында микроағзалар, әртүрлі органикалық және минералды ластаушылар жоғары болғандықтан су көзі ретінде пайдалануға тиімсіз, ол бірақ топырақ биоценозының қалыпты жүруінде маңызды рөл атқарады өсімдіктер мен жануарлар пайдаланады.
Бос күйде топырақ ылғалы гравитациялық күш әсерінен бірінші су өткізбейтін қабатқа жетеді де грунт суларын түзеді. Грунт сулары жоғары минералданған, олардың құрамында микроағзалар өте аз, температурасы төмен және жағымды дәмі болады.
Санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан неғұрлым тұрақты да сенімді қыртыс аралық сулар, яғни алғашқы су өткізбейтін қабат астындағы. Қыртыс аралық су жүретін горизонттардың қалыңдығы ондаған метрге дейін жетеді. Бұл қабаттарда суды тасымалдайтын материалдар - құм, сызаттанған жыныс (әк), гравий. Кейбір жағдайда су жүретін горизонттар бос кеңістіктен тұрады, яғни жерасты көлі, өзені тәрізді болады. Қыртыс аралық суларға мына қасиеттер тән: аз желдетілуі, биологиялық процестердің әлсіз жүруі, тұрақты химиялық құрамы, жоғары минералдануы, яғни адамға қажетті макро-, микроэлементтердің болуы (Ca, Mg, I, F, т. б. ), тұрақты төмен температура, жақсы органолептикалық қасиеттері. Осы себептен, кәдімгі жағдайда қыртыс аралық суларды қосымша өңдеусіз ауыз су ретінде пайдалануға болады. Қыртыс аралық сулардың ішінде артезиан сулары ерекше орын алады. Өйткені, бұл сулар жоғары сапалы. Жоғары қысымда болғандықтан микроорганизмдермен ластану қаупі болмайды.
Жерасты суларының ортаңғы белдеуі бірнеше жүз метр кейде мыңдаған метр тереңдікте болады. мұнда сулар тұзды-гидрокарбонатты, сульфатты-хлоридті, күкірт-сутекті, темірлі, кальций-магнийлі және т. б. минералды болып келеді. Кейбір аймақтарда бұл сулар термальді де болады, яғни температурасы 100 0 С дейін ыстық . Бұл сулар жоғары қабаттағы сулармен қатынасы болмайды және бальнеологиялық мақсаттарға ғана қолданылады. Кейбір аймақтарды термальды сулар тұрғын үйлерді жылытуға, ыстық сумен қамтамасыз етуге қолданылады (мысалы, Махачкала қаласы (Кавказ) ) . Испанияның кейбір қалаларында, Камчаткада 1966ж Пужет геотермальды электростанция жұмыс істейді (қуаты 5МВт) .
Жерасты суларының төменгі аймағы бірнеше км тереңдікте. Бұл сулар қоршаған ортадан толық оқшауланған, химиялық құрамы өте тұрақты (геологиялық уақыт өлшемі бойынша ғана өзгеруі мүмкін) . Бұл жоғары минералданған сулардың құрамында хлоридтер, натрий, Са, І, Вr, H 2 S, сирек элементтер көп кездеседі. Мұндай сулар терең мұндай скважиналарыни қазғанда қосымша өнім ретінде жер бетіне шығады және құрамындағы сирек кездесетін элементтерді өндіріп алу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Жер беті суларына өзен, көл, жасанды су қоймалары, бұлақтар, теңіз және мұхит сулары жатады. Олар өзінің құрамындағы микроағзалардың, органикалық және минералдық заттардың болуымен, өзіндік тазалануы қабілетімен, физикалық қасиеттерімен, су ресурстарының жаңару дәрежесімен ерекшеленеді.
Барлық жер беті суларын тұзды және тұщы деп 2-ге бөледі.
Неғұрлым жиі өзен сулары қолданылады. Өйткені өзен суының өзіндік тазалануы, жаңаруы қабілеттері жоғары, дебиті (қоры) мол, табиғи минералдық құрамы тұрақты. Сонымен қатар кемшілігі - антропогенді ластануы өте жоғары (бірінші кезекте шаруашылық-фекальді, техногенді іркінді суларды ағызу үшін қолданылады) және қар суы, жауын-шашын сулары бірден өзенге құяды. Тағы бір кемшілігі - жылдың ыстық мезгілінде су қорының азаюы, кейбір аймақтарда тіпті құрғап қалады.
Неғұрлым тұрақты су көздеріне ірі, орташа өзендер бойындағы жасанды су қоймалары жатады. Бірақ су ағымының күрт баяулауына байланысты су алмасуы төмендейді. Бұл өз алдына органикалық заттардың жинақталып, шөгуіне, анаэробты микроағзалардың өсуіне судың көгеруіне, шөгінділердің, лайдың түзілуіне ықпал етеді. Мұндай кемшіліктер табиғи көлдерде де болады.
Жер беті суларын микроорганизмдермен, органикалық заттармен жоғары деңгейде ластануына байланысты шаруашылық ауыз су мақсатында тиісті өңдеуден соң ғана пайдалануға болады. Тазалау бірнеше сатыда жүргізіледі: механикалық сүзгіден өткізу, коагуляция әдісімен қалқымалы заттардан тазалау (мөлдірлеу), хлорлау, озондау арқылы залалсыздандыру. Судың сапасы тексерілген соң санитарлық талаптарға сай болған жағдайда тұтынушыға беріледі.
Болашағы зор, қоры шексіз теңіз бен мұхит сулары. Бірақ олардың жоғары тұздылығы табиғи күйінде пайдалануға мүмкіндік бермейді (35-37 г/л дейін тұз болуы (тропикалық белдеулерде), ал Каспий теңізінде 10г/л, Қара теңізде - 17-18г/л, Балтық теңізінде 10-20г/л) . Еріген тұздардың негізгі көлемін хлоридтер, Са, К, Na сульфаттары құрайды. Тұздардан басқа теңіз суында бірқатар микроэлементтер кездеседі: I, F, Br, Fe, Mn, Ca, Ba, Mo, Ni, Ag және т. б. Теңіз басқа жер беті сулары тәрізді микроорганизмдермен, органикалық заттармен жоғары деңгейде ластанады (әсіресе жағалауда) .
Теңіз суын пайдалану үшін залалсыздандырумен қатар тұщылау қажет. Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінде 200-ден астам тұщылау қондырғылары жұмыс істейді. Соның бірі Ақтау қаласында (дистилдеу әдісі арқылы тұщылау) тұщылау қондырғысы АЭС құрамында орнатылған, оның қуаты тәулігіне 12м 3 тұщы су. Дистиллят жоғары минералданған артезиан суымен араластырылып тұрғандарға беріледі.
Шаруашылық-ауыз су мақсатында қар, жауын-шашын суын да пайдалануға болады (көбінесе құрғақ немесе арктикалық аймақтарда, сондай-ақ экстремалды жағдайларда) .
Су тоғандарының ластану көздері, олардың санитарлық жағдайы, қорғау мәселелері.
Табиғи сулар неғұрлым жоғары деңгейде шаруашылық-фекальді іркінді сулармен ластанады. Бұл іркінді сулар гигиеналық процедуралар мен адамның шаруашылық іс- әрекеті нәтижесінде пайда болады және оның 60%-дан астамы органикалық заттар. Сонымен қатар, шаруашылық-фекальді іркінді сулардың құрамында жоғары мөлшерде (1мл бірнеше млн) патогенді, патогенді емес микроағзалар, тіршілікке қабілетті гельминттер жұмыртқалары болады. Эпидемиялық тұрғыдан инфекциялық ауруханалардың іркінді сулары аса қауіпті (әсіресе, арнайы өңдеуден өткізілмей жалпы канализация желісіне жіберілсе) . Шаруашылық-фекальді сулар су тоғандарына жіберілмес бұрын аэробты биохимиялық тотықтыру процесін, залалсыздандыру арқылы толық биологиялық тазалаудан өткізілуі тиіс. Тағы бір жағдай - тұрмыстық іркінді сулар құрамында микроағзалар, органикалық заттардан басқа жуғыш заттардың компоненті беткейлік белсенді заттар болады. олардан механикалық, биологиялық тәсілмен арылу мүмкін емес, және олар тұрақты, ұзақ сақталады.
Қазіргі кезде тазаланбаған шаруашылық-фекальді іркінді суларды су тоғандарына жіберу бүкіл әлем елдерінде әжептәуір эпидемиялық жағдай туындатып отыр. 1980жылы КСРО-да су тоғандарына жылына 170км 3 оның ішінде 20, 6км 3 тазаланбаған, 9, 2км 3 шаруашылық-фекальді іркінді сулар жіберілген. Осындай мәселелер АҚШ-та, Европа, Оңтүстік Америка елдерінде де орын алған.
Екінші орында өнеркәсіптік іркінді сулар. Олар табиғи сулардың күйіне елеулі теріс әсер етеді және су тоғандары сулары сапасының төмен болуында басты рөл атқарады. Мысалы: Англияда су тоғандарына жылына 40-50млн тонна ластағыш заттар, әсіресе өнеркәсіптік іркінділер жіберілетін көрінеді. Жапонияда өнеркәсіптік іркінділер құрамында жоғары көлемде улы қосындылар (сынап, мыс, цинк, кадьмий) болуы себебінен суды пайдаланған адамдардың денсаулығына кері әсерлері дәлелденуде.
Өнеркәсіптік іркінді сулардың қауіпі оның құрамындағы заттардың токсинділігімен қатар кейінгі ұрпаққа канцерогенді, мутагенді, аллергенді, гонадотоксинді, эмбриотропты әсерлерімен арта түседі.
Су тоғандарының көгеруіне бірден-бір ықпал ететін электростанциялардың термальді сулары.
Су тоғандарының ластану көздерінің маңыздыларының бірі - ауа ортасы, әсіресе өнеркәсібі кеңінен дамыған елдерде, қалаларда. Мысалы: қышқылды жаңбырлар АҚШ-тың 22 штатында қауіп төндіруде (Миссисипи өзенінің шығысында орналасқан) . Нью-Йорк штатының көптеген көлдері мен су тоғандары балық өсіруге жарамсыз болып қалған, өйткені жауын-шашынмен түскен қышқылдармен ластанған т. б.
Су тоғандарының жауын-шашынмен ластануы халықаралық мәселеге айналды. өйткені улы және радиоактивті заттар атмосфераның жоғарғы қабатымен 100км/сағ аса жылдамдықпен алыс аудандарға таралады. Мысалы: 1980жылы Қытайдағы ядролық сынақтан соң радиоактивті заттар сол жылы Германияның өзендерінен анықталған.
Ірі өзендер мен теңіз, мұхиттардың ластаушы көздерінің бірі кемелердің жүзуі. Кемелерден бөлінетін шаруашылық -фекальді (көбінесе биотуалеті болмаумен байланысты тазаланбаған іркінді сулар түседі) іркінді сулар сонымен қатар жағар-жанар май материалдары суларды едәуір дәрежеде ластайды. Мұндай проблемалар қазіргі кезде Балтық, Қара, Жерорта теңіздерінде туындап отыр.
Су тоғандарының ластануында әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы (энергетика, су транспорты, т. б. ) орын алатын апатты жағдайлар қауіп төндіріп, маңызды орын алып отыр. Соңғы жылдары мұнай тасымалдайтын ірі танкерлердің апаты осыған дәлел болады. Сондай-ақ 1986ж Чернобиль АЭС апатын да айтуға болады.
Су тоғандарының қалқымалы органикалық заттармен, минералды қоспалармен, жанар-жағар май материалдарынан ластануна ірі қалалардың жауын-шашын канализациясы, әсіресе көктем, күз мезгілдерінде себеп болады.
Келесі маңызды ластаушы көздердің бірі - ауылшаруашылығы өндірісінің іркінді сулары.
Ұйымдастырылмаған қатты өнеркәсіптік, тұрмыстық қоқыстар.
5. Көрнекті материалдар
Кесте 1 - Эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсізідігінің микробиологиялық және паразитологиялық (СанЕмН 2. 1. 4. 1074-01, үзінді)
Термотолерантты
колиформды бактериялар
Кесте 2 - Жалпылама және химиялық көрсеткіштері бойынша ауыз судың қауіпсіздігі (СанЕмН 2. 1. 4. 1074-01, үзінді)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz