Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Этникалық мәдениет[өңдеу]

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Этникалық мәдениет - мәдени элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Онда этн. специфика сақталынады және ол этнодифференц. қызмет атқарады. Этникалық мәдениет белгілі бір тайпаға, ұлтқа, халыққа тән. Ол арқылы басқа халықтар этностың біртұтастығын, өзгешелігін және даралығын таниды. Этникалық мәдениетке белгілі бір этнос өкілдері қалдырған барлық заттай және рухани мәдениеттердің жиынтығын жатқызуға болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуына табиғи орта, тіл, дін, этноним өзіндік әсерін тигізеді. Өз мәдениеті арқылы әрбір этникалық қауымдастық әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қосады. Д. Байғонақов[1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері

Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы

Мемлекеттің соны стратагиялық ұстанымы - «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде:

- бірінші, білім беру, қазақ халқының тарихы жайында Қытай, Египет, Ресей, Өзбекстан және т. б. алыс және жақын шет елдерден жәдігерлер мен мұрағаттарды табу;

- екінші, еліміздегі және кейбір шет елдердегі қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру;

- үшінші, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін, ұлттық әдебиет пен өткен ғасырлардағы жазуларымызды зерттеп, кітаптар шығару;

- төртінші, қол жетпеген ең үздік әлемдік классикалық шығармаларды қазақ тіліне аудару жұмыстары жүзеге асырылады.

Осы «Мәдени мұра» бағдарламасының стратегиялық ұстанымына арқау болатын сал-серілік дәстүр негізінде этномәдени тәрбие беруде «Халық педагогикасына» - халықтың ғасырлар бойы өріс алып, жинақталған тәжірибесін жан-жақты бағамдаудың берері мол. Халықтық педагогика тәрбиеге орай халықтың ақыл-тәрбиесі, халық педагогикасын зерттегенде халық ауыз әдебиетінің шығармаларын, этнографиялық материалдарын, халықтық тәрбие дәстүрлерін, халықтық ойындарды, отбасы тәрбиесінің тәжірибелерін т. б. тірек етпеу мүмкін емес. Халықтық педагогика халықтың өз аузынан таралды. Аталған тақырыпты зерттеу барысында ұлттардың санасындағы қалыптасқан салт-дәстүрлер халықтық педагогика ілімі негізінде этнопедагогика нысанында қоғамдық ұстанымдарға сай өзгерістерге ұшырауы дүниетану заңдылығынан туындайды. Халықтық педагогиканы, ата-бабаларымыздың бай мұрасын зерттеу, бізге жеткен салт-дәстүрлерді, тұтас өнегелерді оқыту-үйрету процесінде пәнаралық байланыстарды, қоғамдық, әдеби және мәдени, мемлекеттік және кәсіби мерекелер, жәрмеңкелер, кәсіби және басқа әртүрлі тақырыптағы акциялар, аукциондар сияқты іс-шараларды қазіргі заманға сай мазмұндап ұйымдастыру адамзат құндылығы деңгейінде білім алып және тәрбиеленуге қол жеткізеді.

Халықтық педагогиканың негізі халықтық тәлім-тәрбие, өнеге, адамгершілік сезім, достық, ынтымақтық, төзімділік, байсалдылық мұрасы тұрғысында құрылады. Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты - ұлттық рухани деңгейі биік, іскер, қабілетті, иманды, әдепті адам тәрбиелеу.

Ғалымдар зерттеу жұмыстарына сүйеніп, халықтық тәрбиенің негіздемесі күрделі процесс, оның басты амалдарын ғасырлар бойы жинақталған халықтық өміртану қағидалары мен тәжірибелерінен туындайтын дәстүр-дағдылар және әдістерден іздестіру анағұрлым тиімді екенін айтып та, жазып та жүр. Жеке тұлғаның ақыл-ойын ширататын халықтық педагогиканың негізгі нысандарын заманауи оқыту-тәрбиелеу қызметіне енгізудің нәтижесінде оқу мен тәрбие жұмысының күнделікті аса маңызды міндеттерін қамтитын: ақыл-ой, адамгершілік, қоршаған ортаны қамқорлыққа алу (жерді, суды, ауаны ластандырудан қорғау, аумақтың экологиялық ахуалын тұрақтандыру), физиологиялық және еңбек сүйгіштік сияқты әртүрлі аспектілердің адамдар санасына орнығу процестері жүзеге асырылады. Жасұрпақтың көруі, тануы және оның ойлау-түйіндеуі дүниетанымдық қабілетін жетілдіреді. Халықтық тәрбие ата-бабаларымыздың табиғатты тануы, жіті пайымдауы негізінде қалыптасқандығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат - адам мәдениетін жетілдірудің қайнар бұлағы. Табиғатты сезінудің, онымен қауышудың нәтижесінде мәдениеттің нақты нышандары айқындалады.

Этнопедагогика ұғымы халықтық педагогика ұғымының мәнін толық ашпайды. Этнос үлкен халықтың арасындағы ұлт өкілдері. Мұндай ұлт өкілдерінде қалыптасқан педагогикалық талаптар жан-жақты қарастырылмайды. Этнопедагогика халықтық педагогиканың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Этнопедагогика - балаларды, этникалық топтарды тәрбиелеу мен білім берудің отбасы, ру, тайпа, ұлт пен ұлыстардың моральдық-этникалық және эстетикалық құндылықтарының ежелден жинақталуы - эмпирикалық тәжірибесі жайлы ғылым. ¦лттар мен ұлыстардың өмір сүру дәстүрлері мен салт, әдет-ғұрып, ырым-жоралғыларының қазақ халқында бәріне бірдей санасында тұрақталып қалған тәлім-тәрбиесі. Этнопедагогика - тұлғаны заңдылық сипаты бар әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге, әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының құндылықтарынан үйренуге, ұлттық тәрбие ісіндегі жетістіктерді нақты жағдайда пайдалануға бейімдейтін көп салалы білімдердің ғылыми негізі.

Ауыз әдебиетінде, халықтың салт-дәстүрлерінде, балалар ойындарында сақталып келген халықтық тәрбие - халық ділін байыту жолындағы іздену, тану процестерін қамтамасыз етудің ғылыми нысанасы.

Мәдениет - адамның қалыптасуының және шығармашылығының жетілу шыңы. Мәдениеті жоғары болмаса адамның адамзат құндылығын иеленуіне мүмкіндігі жоқ. Қоғамдағы біліктілік адамзат жаратылысындағы аса бай білім мен тәрбиені меңгере білуді қажет етеді. Еңбек, тұрмыс, сондай-ақ, берік сақталған адамдардың арасындағы дәстүрлі қарым-қатынастар жоғары мәдениетке және адамзат құндылықтарынан тыс қалмауға бейімдейді және оларды жан-жақты меңгеруге жеткізеді. Бұл процестердің бәрі мектептерде, жоғары оқу орындарында және жалпы қоғамда білімдендірудің стандартына сай дифференцияланған модельдердің жасалуы нәтижесінде іске асады.

Әр ұлттың, халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Отырықшылар және көшпенділер немесе осы екеуін қатарынан басынан өткеретін халықтардың да әу бастан «ұлт», «халық» деген мәртебеге ие болғанға дейінгі сана-сезімдері сәбилік дәуірден бірте-бірте есею процестеріне өтеді. Сол себепті сонау ықылым заманнан отқа, суға, жерге табыну дағдысы бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Адам баласының таным деңгейі бірден өркениеттілікке жетпегені тарихи деректемелерден белгілі. Осындай іс-әрекет шегіне қатысты әр ұлттың әнұраны, елтаңбасы қалыптасып, қоғамдық формациялар өзгеріске ұшырағанда, олардың сапасы да басқаға ауысады. Бірақ, негізгі ұлттық сипаттағы ежелден қалыптасып келген дәстүрлер жалғасын тауып отырады. Мәселен, пырақтың қанаты (елтаңба), тудың көгілдірлігі, күннің нұры мен шаңырақтың үндестігі де сонау заманнан бергі дәстүрдегі нысандар болып келеді. Ұлттың танымдық деңгейі - оның ұлттық психологияны қалыптастыруға бірден-бір себепші. Халықтық педагогиканың арнасы кең. Барлық ғасырлар бойы бүгінгі күнге дейін өшпей келген салт, дәстүр, ырымдар мен жоралғы, ғұрыптардың барлығын ғылыми негіздемеге салғанда, ол өзінің ауқымын ықшамдайтын дәрежеде болады. Сөйтіп, халық педагогикасының нысанында этнопедагогика ілімі туады. Дүниетанымдық пайым алдымен өмір сүру тәжірибесінде сыннан өту арқылы сараланады.

Педагогикалық мәдениет халықтар арасында өмірге қатысты болып келеді. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету. Өзінен дәрежесі жоғары адамдармен санасу, оларға тағзым жасау. Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің екі түрлі болуы және т. б. атап өткен орынды. Этнопедагогика - халықтық педагогиканың сабақтастық қағидасынан сараланған ғылым деп түйін жасауға негіз бар.

Этнопедагогикалық мәдениет - этнопедагогикалық білім, адам қарым-қатынасының үлгі-өнегесі және технологиясы.

Қорыта келгенде, мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады және кез-келген мәдениетті қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек;

Мәдениет өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен тәрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді;

Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады.

Этнопедагогиканың бастауына үңілу, зерделеу әр заманда барлық халықтарға тән дәстүр болған. Олай болса, қазақ этнопедагогикасының ғылымын дамыту қоғамда этнопедагогиканың адамгершілікке тәрбиелеу әлеуетін зерттеу қажеттігінен туындап отыр. Этнопедагогика демократия мен адамгершіліктің феномені ретінде оқыту мен тәрбие берудің теориясын және технологиясын байытуға қабілетті.

Биосфера, ноосфера, биоинформацияның шаруашылыққа, өндірістік қатынасқа, кәсіпкерлікке, тұрмыстық хал-ахуалға, мәдениет пен рухани мұраларға, адамгершілікті қасиеттерге, халықтық тәрбиенің мазмұнына, құралдарын таңдауына және адамдардың салалық өзара қарым-қатынасына, қызметіне ықпалының бүгінгі таңдағы этнопедагогика ғылымына қосатын үлесі зор. Аталған заңдылықтардың әр халықта әртүрлі мәнде құрылуы, әр тектес ұлттар мен ұлыстар арасында бір-бірінен ерекшеленуі, оқшаулануы этнопедагогика ілімі негізінде айшықталады. «Этнос», «ұлт», «ұлыс», «ұлттық топ» ұғымдары жоғарыдағы заңдылықтар негізіне құрылған.

Этнопедагогиканың ерекшеліктері: педагогикалық білім беруде этникалық арнайы өзгешеліктерін ескеру. Қазақ этнопедагогикасы - бірегей: қазақ этникалық тәрбиесінің ерекшелігі, нақты этноәлеуметтік жағдайдағы тарихи қалып.

Әрбір халықтың өзіне тән тәрбие жүйесін құру: тілдің әртүрлі болуына, ұлттық сипатына, ұлттық санаға, дәстүрге, салтқа, дінге сай орайластырылады. Қазақ этнопедагогикасы қазақтың халықтық педагогикасын зерттейді. Қазақ этнопедагогикасының объектісі: ұлттық және тұрмыстық дәстүрі, этнопедагогикалық мәдениет.

Қазақ педагогикасының пәні - қазақтың этникалық тәрбиесі - адам өмірінің соңына дейін үзіліссіз жүретін процесс. Нәтижесі: этникалық құндылықтарды меңгеру, оның этноәлеуметтік алатын рөлі, этникалық нормасы, этникалық сананың қалыптасуы, өз халқына, оның тарихына, тіліне, мәдениетіне сүйіспеншілігі.

Қазақ этнопедагогикасының мақсаттары мен міндеттері: педагогика ғылым жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасының орнын айқындау мен қазақ этникалық тәрбиесінің ерекшелігін зерттейді, тәрбиеге этноұлттық тұрғыда келудің мәнін ашып, ұлттық мінез-құлық, ұлттық сананы қалыптастырудың ерекшелігін зерделейді.

Негізгі қызметі: танымдық; ата-баба тәрбиесі заңдылығының мәні, халықтық педагогика тәжірибесіне талдау және сипаттау, мақсаттары, әдіс-тәсілдері және т. б. ; ұлттық дүниетанымын, ұлттық ділін қалыптастыру; елжандылыққа, қазақ халқының тарихы мен тіліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; ұлттық мәдени құндылықтар негізіне тәрбиелеу. Отбасындағы этникалық жағымды тәжірибелерді дәріптеу; қазақ халқының өзіне тән тұрмыстық дәстүрін сақтау.

Жалпы ғылыми әдістері: талдау, жинақтау, жалпылау, жалқылау, аналогын табу, жаңа өзгерістерге бейімделу, салыстыру, бақылау, өлшеу.

Қорыта келгенде, қазақ этнопедагогика ғылымы халықтық педагогиканың бүгінгі күнге дейінгі сараланған нысаны. Ол нысан белгілі бір заңдылықтар мен қағидаларға жүгінеді.

Этнопедагогика ілімінің пайда болуына бірден-бір мол материал қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгіге дейінгі жинақталған тәлім мен тәрбиеге, білім мен ғылымға қатысты дәстүрлері, салты, ғұрпы, ырым-жоралғылары болмақ.

Этнопедагогиканың көзін нұсқалы түрде табу үшін фольклор мен ауыз әдебиеті нысандарын жіті талдап, ішінен дәстүрді, салт-ғұрыпты, ырымдар мен жоралғыларды, тыйым сөздерді жеке-жеке саралап, оның бірнеше нұсқасын салыстырып, өте ұқсас түрін заңдастыру бүгінгі зерттеушілердің алға қойған мақсаты.

Әрине, мұндай жұмыстар, ғылыми-зерттеу еңбектер жүргізіліп келеді. Десек те, этнопедагогиканың көзін тұрақты, түбегейлі тұрғыда ғылыми негіз ретінде алу болашақ өмірге де тапсырыс.

«Тәрбие», «Дәстүр» ұғымдарында өзара байланыс, ұқсастық бар. Бұл түсініктердің негізінде белгілі бір ақпарат бейнеленген, олар оқу орындары, отбасы және қоғам арқылы санаға жетеді. Солай дегенмен дәстүрде тұрақтылық бар. Бірақ, дәстүр тұрақтылығы қоғамдағы, өмірдегі ерекешеліктерге орай заманауи жағдайда басқа ұлттардың, тұтас елдің дәстүрлеріндегі ұқсастыққа байланысты байып, дамып отырады. Барлық елдерде ұлттық дәстүрлер халықтардың адамгершілік және эстетикалық құндылықтары ретінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді. Дәстүр рухани және материалдық құндылық, салт және кітаптар арқылы ұзақ сақталады.

Қазақ халқының педагогикасының ғасырлар бойы қалыптасуы зерттеліп келді. Қазақ халқының ішкі этникалық құрылымы: 7 ата, жүздер, ру, ақсақалдардың, шамандардың, бақсылардың, ақын-жыраулардың, сал-серілердің рөлі, би-шешендердің, ақсақалдардың үкіміне, ақыл-кеңесіне қалтықсыз бағыну. Ең негізгі мінез-құлық: қан туыстығының сезімі, бірлік және туыстық бірауыздылық; біріне-бірінің қамқорлығы, үлкен адамдарды сыйлау, құрметтеу, ата-баба рухын қадірлеу, дәстүрді сақтау - этнопедагогиканың қайнар көзі.

Бұның бәрі халықтық психологияда көрініс тауып, этнопсихологияда зерттеледі. Этнопсихология - адамдардың психикалық, этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез-құлқын, ұлттық сезім мен санасын, ұлттық стереотиптерді және т. б. зерттейтін ғылым.

Ұлттық психология мынандай құрамдардан тұрады: ұлттық мінез, балаларға сүйіспеншілік, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік, қонақжайлылық т. б.

Ұлттық мінез-құлық - халықтың тарихи тәжірибесінде қалыптасқан дағды және әдеттер жиынтығы; барлық қасиет сапалардың бірлігі (барлық адамға тән) және барлық халықтың қасиет сапаларының ерекшелігі. Ұлттық сана - «біз, олар» деген ұғымды түсіну, адамдар қауымдастығындағы өзінің орнын түйсінуі, өз ұлтының шығу тегін білу және оған деген сүйіспеншілігі, оның жетістіктерін қадірлеу, әртүрлі тілдердің жалпы тілдің, халық шығармашылығының қайдан шыққанын білу және т. б.

Ұлттық қызығушылық пен қажеттілікті (өз ұлтының қызығушылығына оң көзқарас) мойындау; ұлттық тағамға, табиғатқа, ат қоюдың дәстүрін ескеру.

Ұлттық салт-дәстүрлер - тұрмыстық норма, әлеуметтік, мәдени тұрақтылық болып табылады. Ұлттық сезім - халықтың қажеттілігіне құбылыстар мен заттардың қарым-қатынасының үйлесушілігі, үйлеспеушілігі; Ана тіліне сүйіспеншілік; адамгершілік, эстетикалық, интеллектуалды сезімдердің қосындысынан тұрады. Этнопедагогиканың тірегінің негізі - этнопсихология. Ұлттық психология халықтың ділін анықтайды. Ұлттық психологияның тарихи өзгерістерге ұшырап отыратындығы байқалады.

«Мәдениет» деген ұғым белгілі бір халықтың ұлттық сипатына қатысты дара, ұжымдық іс-әрекетті жүзеге асырудың сұрыпталған барлық құралдарының жүйесін білдіреді. Оны төмендегі жіктемемен айқындауға болады:

1. Заттық мәдениет - зат-нәрсе, қару, киім, тамақ, сән, құрылыс, өсімдіктер.

2. Рухани мәдениет - білім, адамгершілік, дәстүр, құқықтық норма, халық шығармашылығы, діни сенімдер, адамның миына әсер ететін түрлі ақпараттар.

3. Мәдениет - түрлі социумдардың ділдік негізі, оның өзіндік эквиваленті. Мәдениет - жалпы халықтарға, этникалық топтарға ортақтықты бөліп алушы нысана.

Этномәдени тәрбиесі адамдардың бойына ізгілікті қабілет сеуіп, әртүрлі халықтардың мәдени сәйкестілігін аңғару, сақтау мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.

Әлем қауымдастығында адамды өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеу және тәрбиелену тенденциясы саралану үрдісінде төмендегілер ескеріледі.

Тәрбие мәселелерін жүзеге асыруда бала-бақшалар, мектептен тыс мекемелер, ұйымдар, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы сабақтастық дәстүріне төмендегі жіктемелердің мәні зор;

- адамның өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі;

- адамның әлеуметтік, өзара іс-әрекеттік, техникалық, табиғаттық және әлемдік қарым-қатынастағы тәжірибесін ұдайы байыту арқылы қажеттіліктерін өтеу.

Тәрбиенің мұндай түрі әрбір адамның планетарлық ойлауын дамытып, азаматтық қауымдастықтың өткеніне, бүгінгісіне және болашағына қатысты болатынын сезіндіреді.

Тәрбие жүйесі - белгілі бір әлеуметтік құрылым шеңберінде өзара байланыстық мақсаттың және тәрбие үдерістерін ұйымдастыру ұстанымдары мен оларды қабылдау кезеңдерін жүзеге асырудың (отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекет) және әлеуметтік тапсырысты орындау логикасының жиынтығы.

Кез келген тәрбие жүйесі нақты қоғамның бейқам болмайтын және өзінің мәнін сақтап тұрған деңгейде жалғасады. Сондықтан, ол нақты-тарихи сипатта болады.

Тәрбие процесі елгезек, ұшқыр, сондай-ақ, кезеңдік сипаты бар олардың басты құралу жүйесі мына төмендегідей:

дене тәрбиесі, мінезді қалыптастыру, ерікті дамтыту;

адамгершілік тәрбиесі және жақсы үлгіде оқыту;

еңбек тәрбиесі;

білім алушының теориялық та, практикалық та сипаты бар құштарлығын және мүддесін дамыту.

Тәрбиенің сапалы амалы ретінде еңбек, орта және өсіп келе жатқан адамның айналасы алынады. Бұл жүйе тәрбиеленушінің өзіндік ерекшеліктерін және жеке тұлғасын дамытуға, адамның даралығының қалыптасуына бақылау жасауға бағытталған.

Этникалық мәдениет - халықтар мәдениетінің жиынтығы, күнделікті өмірлік іс-әрекетіне қатыстылығын (Қазақ елінің табиғатқа ыңғайланып, онымен үйлесімдікті өмір сүруі, оны қорғауы) іске асыратын нысан.

Әр ұлттың мәдениеті оның жеріне, географиясына, ортасына, әлеуметіне, дәстүріне, қоғамына, өзіндік сана-сезім өрістеріне қатысты дамиды. Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді.

Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі ретінде күннен-күнге, жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға сабақтасып келеді.

Бірақ, ол өзінің барлық көлемі мен ауқымын өзгертіп, қоғам өзгерістеріне қарай бейімделіп, екшеліп, сұрыпталып отырады.

Қорыта келгенде, этникалық мәдениет ықылым заманнан жинақталған мәдени тоғындардың сұрыпталып, замана өзгерістеріне қарай ұшталып отыруымен құнды.

Мәдениэтникалық білім беру кеңістігі әр қоғамда әртүрлі дамиды. Мемлекеттік білім беруге қамқорлығы мәдени мәртебенің деңгейіне қатысты жүзеге асып отырады. Оның көрінісін мынадай деректемелерден көреміз: 1) Білім беру дағдарысы (80 ж. ) . 2) Қазақстан Республикасындағы этноұлттық жағдаяттар. 3) 30-жылдардағы ұлттық мектептердің жойылуы. 4) Ұлттық тілді білмеушілік, 5) Жатсыну, 6) Кез келген ұлттардың өмірлік тәжірибесінің бірегейлігі. 7) Білім берудің көпмәдениеттілік тәжірибесі. 8) Эвроцентризм мәселелері.

Жіктемемен берілген 8 мәселе этномәдени білімді таза күйінде жүзеге асыруға үлкен кедергі келтіріп келеді.

Ұлттық тіл және этникалық мәдениет білімі - үйлесімді дамудың негізгі бөлімі дей отырып, этномәдени білімінің мәні айқындалынуы көзделеді. Білім берудің әлемдік деңгейіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар дәстүрі мен ұлттық тәлім-тәрбиенің жүйесін қалыптастыру ұдайы этномәдениетке үстемдік етеді.

Тәрбие берудің қазіргі заманға тән талабы өзге мәдениетті тану, онымен өзін байыта түсу секілді іс-әрекетпен байланысты. Мәдениеттердің өзара ұштастығы, әсері жағдайында ғана әрбір жекеленген мәдениеттердің принциптері мен ерекшеліктері айқын толыға береді. Этномәдени тәрбие оқыту мен тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес, мәдени және тілдік саналуандық идеяға негізделген техникалық және ақпараттық жарақтанудың әлемдік деңгейін дәстүрлі мәдени құндылықтармен үйлестіретін оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды бүкіләлемдік тәрбиелеу міндеттеріне ынталандыру және оларды тұлғалық мәдени тілдік қажеттілігін қанағаттандыру төмендегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады:

- барлық адамдардың теңдігі мен құқысына сый-құрмет көрсету;

- бүкіл әлем балаларымен қауымдастық, ынтымақтық сезімде болу;

- күш пен биліктен басқа мүдделерді көздеу;

- сұхбатқа қатысушыны ұғу мен оның қарым-қатынасқа түсе алу іскерлігі, қайшылыққа келген тұсты әміршілдікпен, зорлықпен шешпеу;

- өзінің мәдени дәстүрлерін түсінудің дағдысы, басқаларды құрметтеу, ескішіл ағымнан сақтану;

- этномәдени білім - бұл білім моделі, ұлттық мәдениет пен тілінің және өзіндік этнотоптың тұрмыстық жағдайлары мен басқа халықтардың мәдениетін меңгерудің бағдары кеңейді.

Қорыта келгенде, этномәдени білім алдымен ұлттық сипатта дамып, содан кейін 14 жастан әрі әр ұлттың, әлемдік халықтардың мәдениетін меңгеруге ұмтылдырады. 14 жасқа дейін әр ұлт өкілінің баласы өзінің ана тілінде этникалық мәдени дүниетанымын өркендетуге міндетті.

категориялар:

  • Педагогика

Поделиться…Кез келген қоғамның түрлі топтарының басын біріктіруші факторлардың бірі - этникалық (ұлттық) өзіндік сана. Әлбетте, оны құрастыратын факторлар мен тетіктердің ішінен мемлекеттің ұлттық саясатының орны айрықша екендігі анық. Қазіргі Қазақстан Республикасының егемендігін орнықтыру кезеңінде халықтың этникалық өзіндік санасын ояту және оны одан ары өсіру міндеттері тұр. Бұларды ойдағыдай атқару ісі аталмыш сана-сезімді қасаң маркстік-лениндік идеологияның ықпалынан арылту, кеңестік және мәңгүрттік сананың батпағынан аршып-тазартуға байланысты екендігі және белгілі. Сондықтан этникалық өзіндік санамыз бен этосымыздың қазіргі жағдайын зерттеп-зерделеу ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұдан тысқары, жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жастарымыз Қазақстандық патриотизмді дамыту мәселесінде осалдық танытуда. Туған Отаныңды туған анаңдай қадірлеп, қастерлеудің қажеттігін Қазақстан Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың атап көрсетуі де сондықтан болар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептерде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың жолдарын тауып,оның оқылуына мүмкіндік жасау
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары жайлы
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделі
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz