«Түркі жазба мәдениеті және Ахмеди Ысқақовтың тілдік мұрасы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция
Ташимов Л.Т. Құттықтау сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Раимбердиев Т.П. Құттықтау сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
Махир Накип Құттықтау сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
Бекжан О. Ахмеди Ысқақовтың қазақ тіл білімі
бойынша зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Қошанова Н. А.Ысқақов қазақ тілінің құрмалас сөйлемі
туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Мағжан С.
Дүйсенова М. Қазақ тіліндегі көп мағыналы
проксемикалық параамалдар ... ... ... ... ... ... ... 12
Жылқыбай Г. Маметова Д. Қ.Жұбановтың сөз тұлғаларына арналған
зерттеулері ... ... ... ... ... ... 15
Қошанова Н.
Жұматаева С. І.Кеңесбаев және «үш», «жеті», «тоғыз»,
«қырық» сан есімді тұрақты тіркестер ... ... ...
20
Өтебеков Б. Қазақ тіліндегі тұрмыстық лексика ... ... ... ... .. 26
Жүсіпова Б. Абай өлеңдеріндегі синонимдік
қолданыстар ... ... ... ... ... ..30
Исмаилова Ж.А. Анатомиялық атаулардан жасалған
топонимдер ... ... ... ...33
Байниязов А.
Байниязова Ж. Біртілді түсіндірме сөздік пен аударма сөздіктің құрылымдық ерекшеліктері ... ... ... ... . 37
Адильбекова Э. Дәстүрлі батырлық жырларының ортақ байланыс желісінің қалыптасу ерекшеліктері ... ..41
Әбжет Б. Араб жазуының пайда болуы және көркем жазудың түрлері ... .46
Қыдыр Т. Науаидың «Екі тіл туралы пікір» («Мухәкәмәтул.луғәтәин») атты шығармасындағы әдеби өрнектер ... ... ... ... ... 50
Жандарбек З. Қожа Ахмет Йасауи жолы мен Йасауи хикметтері туралы күмән мен шындық ... ... ...59
Әпсемет З. Қарсыбекова Ш. Қазақ тіліндегі сөйлеу жағдаяттары мен жаттығулары ... ... ... ... ... .63
Сүйінжанова Ж.К. Атаулық тіркестердің тілдік ерекшеліктері ... 66
Жұматаева З.Н. Қазақ тілін оқытудағы педагогикалық технологиялардың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... 71
Абдулханова М.
Тәжік қазақтары тіліндегі өсімдік атауларына байланысты сөздер ... ... ... ..84
Супабекова Р. Медициналық атаулардың жасалуындағы тілдік тәсілдер ... ... 89
Қарабай Қ.
Жүсіп Баласағұн поэзиясындағы есім
сөздердің мағыналық ерекшелігі ... ... ... ..91
Талдыбаева М.
Қазақ тілі дыбыстарының қарсы айырым
белгілері ... ... ... ... ... 96
Құлтанбаева Н.Қ. Құтбтың «Хұсрау . Шырын» поэмасы тіліндегі араб сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері ... ... ...103
Айтбаева Б.М.
Қазақ тілін қашықтықтан оқытудың
теориялық аспектілері ... ... ... .
Байниязов А. Байниязова Ж. Ортақ минимум сөздігін жасау тәжірибелері
мен негізгі аспектілері ... 109
Байниязов А. Байниязова Ж. Лексикалық минимум түзудің басты
ерекшеліктері ... ... ... ... 114
Уразбекова Р. Қазақ тіліндегі сөзжасамның
терминологияны қалыптастыруы ... ... 119
Даркулова К.Н.
Статус интонации в системе обучения
научному стилю речи ... ... ...121
Құсманова К.
Айтыс өлеңдеріндегі диалектизмдердің этномәдени мәні ... ... ... ... ... 125
Арысова Г.
Райханова Л. Білімгерлердің коммуникативтік
құзырлығын қалыптастырудың
ерекшеліктері ... ... ... 130
Мұстафа А. Түркі халықтарының сөйлеу тілі тарихын
зерттеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 136
Танауова Ж. Күлдіргі әңгімелердің тәрбиелік мәні ... ... ... . 139
Адырбекова Э.
М. Қабанбайдың «Ескі бәтеңке»
әңгімесіндегі сатиралық сипат ... ... ...142

Қазақ тіл білімін қалыптастырған тілші ғалымдардың ірі өкілдерінің бірі, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі Ахмеди Ысқақов бұрынғы Семей облысының Абыралы өңірінде 1910 жылы қарашаның жиырма бірінде дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын орта мектептің 9 сыныбын бітіргеннен кейін ауыл мұғалімі болудан бастап, аудандық газетте әдеби қызметкер, педагогикалық училищеде оқытушы болып істейді. Одан ары жоғары білім алуды көксеп, 1940 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітіреді. Осы жылы КСРО ҒА-ның КСРО Халықтарының Тіл және жазу институтының аспирантурасына оқуға қабылданады. 1941-1942 жылдары «Халық мұғалімі» журналының редакторы болып істейді.
1942-1947 жылдар аралығында Абай атындағы педагогикалық институттың проректоры және ректоры, 1947-1951 жылдарда Қазақтың қыздар педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, 1951-1955 ж. Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының, 1955-1961 ж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының директоры қызметтерін атқарады. 1961 жылдан еңбек демалысына шыққанға дейін Қазақ КСР ҒА Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі болып істеді.
Профессор А. Ысқақов және оның тіл ғылымы саласындағы қатарлас әріптестерінің өмірі өртеңге шыққан жас өскіндей әсер қалдырады. Өйткені бұлардың алдындағы А. Байтұрсынұлы бастаған тіл білімпаздары түгелдей И.В. Сталиннің қанды қырғынына ұшыраған еді. Олар енді сол алдыңғы буын ағалардың ғылыми еңбектерінен нәр алып, оны ары қарай дамытуға мәжбүр болды. А. Ысқақов және оның замандастары қазақ санасын түп-тамырымен қопарып, ойран-ботқасын шығарудың екінші кезеңі – латын әліппиінен орыс жазуына көшу кезеңін де бастан өткерді. Осы кездегі ең басты мәселе орыс сөздері мен қазақ тілінде жоқ дыбыстарын қалай қабылдау, сөздерді дұрыс жазу мен тыныс белгілерін қалыптастыру болды. Ол осы мәселелерден шет қалған жоқ, оған тікелей араласып ғылыми еңбектер жазды.
А. Ысқақовтың зерттеген қазақ тіл біліміндегі ең негізгі саласы морфология болды. Бұның ішінде сөздерді топтастыру, яғни, сөз таптарын жүйелеу болды. Бұл тұрғыда ғалым жоғарыда атап кеткеніміздей алдыңғы буын ғалымдар еңбегіне сүйеніп: «Қазақ тілін алғашқы зерттеуші орыс ғалымы П.М. Мелиоранский еліктеу сөздерді «подражательные слова» деп, ал қазақ ғалымдары (А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Т. Шонанов, т.б.) «еліктеу сөздер» деп атап, оларды одағай сөздердің қатарына жатқызған болатын» [4] дейді. Ары қарай еліктеу сөздерді жеке сөз табы етіп жіктегені туралы атап өтеді: «Кейін 1940-1950 жылдардан бастап, осы жолдардың авторы бұл сөздерді одағай сөздерінің қатарынан шығарып, өз алдына сөз табы деп тануды ұсынып, тек бұрынғы зерттеушілердің атауынша (терминологиясы бойынша) «еліктеу сөздер» деген атпен қазақ тілі грамматикасына енгізген болатын» [4, 12]. Ғалымның бұл пікірінен А. Ысқақов пен оның қаламдастарының сол өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында-ақ кеңес өкіметінің «әсіре қызыл» саясатына іштей қарсы болып мойындамағанын байқауға болады. Бұл А. Байтұрсынұлы жасаған қазақ тіліне қатысты басты терминдердің түгелдей сақталғанынан айқын көрінеді. Ол кезде «халық жауы» болып нақақ айып тағылған А. Байтұрсынұлының атын атаудың өзіне қатаң тиым салынған еді. Осы арқылы, яғни, А. Байтұрсынұлының атын атамай-ақ оның терминдерін түгел сақтау арқылы тілші ғалымдар кеңес саясатына қарсылық білдірді деп нық сеніммен айтуға толық болады.

1. Сыбанбай С. Марат мектебінің түлегіміз... //Ана тілі. №50. 2001.
2. Луначарский А. В. Собр. соч. в 8-ми томах. Т. 8. Литературоведение. Критика. Эстетика, Москва, 1967, 654 с; Николаев Д. Смех - оружие сатиры, Москва, 1962, 223 с; Сатира Гоголя, Москва, 1984, 367 с; Вулис А. 3. Советский сатирический роман, Ташкент, 1965, 286 с; В лаборатории смеха, Москва, 1966, 144 с; Эвентов И. Сила сарказма, Москва, 1973, 432 с;
3. Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы, Алматы, 1971, 416 б.
4. Мұсаев А. Бейнеге барар жолда // Жалын. 1992, №4, Б. 29-34.
5. Белинский В. Г. Поли. собр. соч., Т. 1., Москва, 1954, 574 с.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Түркология ғылыми-зерттеу институты
ТҮРКІ ЖАЗБА МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ АХМЕДИ ЫСҚАҚОВТЫҢ ТІЛДІК МҰРАСЫ
Республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағы
15 қараша 2010 жыл
Түркістан қаласы
Түркістан – 2010
Түркі жазба мәдениеті және Ахмеди Ысқақовтың тілдік мұрасы атты
республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағы. Түркістан: Тұран
баспасы, 2010. 150-бет.
Түркі жазба мәдениеті және Ахмеди Ысқақовтың тілдік мұрасы атты ғалым
А.Ысқақовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық ғылыми-
практикалық конференция жинағына тіл саласына және түркология бағытында
жазылған баяндамалар қамтылып отыр.
Конференцияны ұйымдастыру алқасы:
Ташимов Л.Т., Накип М., Раимбердиев Т.П., Ергөбек Қ.С., Тұртабаев
С.Қ., Қадірбаева Р.І.Кенжетай Д., Әбжет Б., Бекжан О., Қыдыр Т.
Л.Т.ТАШИМОВ
т.ғ.д., профессор
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
президенті
Құрметті конференция қонақтары! Құрметті зиялы қауым!
Бүгінгі университетімізде ұйымдастырылып отырған Түркі жазба
мәдениеті және Ахмеди Ысқақовтың тілдік мұрасы атты республикалық
ғылыми-практикалық конференцияны ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Қазақ тіл білімі саласында айрықша орны бар тіл жанашыры, бар
ғұмырын өз халқының қасиетті киесі - ана тілінің тазалығы жолында сарп
етіп, аянбай еңбек еткен лингвист ғалымдарымыздың ішінде өзінің
қолтаңбасымен айрықша дараланып көрініп тұратын ұлы ғалымдарымыздың
бірі – Ахмеди Ысқақов. Кеңес Одағы кезінде жаппай орыстандыру саясаты
белең алып тұрған сәтте аз халықтарға өзінің тілін аман сақтап қалу
қиынға түсті. Осындай қиын-қыстау кезеңде өз тілінің тазалығы үшін
күрескен қайраткерлер қыспаққа түсті. Соның бірі ғалым Ахмеди Ысқақов
болатын. Ғалым өз ғұмырында қазақтың тілі өте бай екендігін сол тұста
қазаққа қырын қараған саясатқа дәлелдеп, көптеген кедергілерге
қарамастан Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасап, оны екі том етіп
бастырды. 1974-1986 жылдары Тіл білімі институтынан жарық көрген 10
томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің редакторлар алқасының
төрағасы ретінде осы қиын да абыройлы міндетті қажымай атқарып шықты.
Ғалымның халқына істеген бұл еңбегі атаусыз қалған жоқ, 1988 жылы осы
он томдық түсіндірме сөздігі үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор ҚазССР Ұлттық ғылым
академиясының корреспондент мүшесі Ахмеди Ысқақовтың туғанына жүз жыл
толуына орай университетімізде конференция өткізу туралы ұсыныс
түскенде мен қызу қолдадым. Еліміз өзінің тәуелсіздігін алып, өз алдына
отау тіккен тұста қазақ тілінің тазалығы үшін күрескен осындай алдыңғы
ұрпақ ағаларымыздың еңбектері елеусіз қалмауы тиіс. Қазіргі өскелең жас
ұрпаққа Ахмеди Ысқақов сияқты ағаларымыздың өнегелі өмір жолы мен
атқарған еңбектерін санасына сіңіріп, жастарымызды патриоттық сезімге
баулып отыруымыз керек. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылып отырған
конференцияның маңызы да ерекше деп ойлаймын. Конференцияның жұмысына
сәттілік тілеймін.
Т.П.РАИМБЕРДИЕВ
т.ғ.д., профессор
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-інің Ғылым және халықаралық қатынастар
жөніндегі вице-президенті
Құрметті жастар! Бүгінгі конференция қонақтары!
Алдымен сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Жаңа М.Накип
мырза өз сөзінде жақсы айтып өтті, қазір тіл саясатқа айналып отырған жайы
бар. Қазақ тілінің қолданыс аясы әлі күнге дейін өз деңгейінде жүрмей
жатыр. Тілші ғалымдарымыз ғылыми тұрғыдан зерттеп өз үлестерін қосып жатыр
дегенмен бүгінгі өмірде, қолданыста сәл артта қалып отырғандығы жасырын
емес. Тіпті қолданыстан шығып бара жатыр деуге болады. Бүгінде Астана
қаласындағы жастардың сексен-тоқсан пайызы орысша сөйлейді. Бұлай жалғаса
беретін болса онда енді бір елу жылда қазақ өз тілінен айырылып қалуы да
мүмкін. Белгілі ақын, тіл жанашыры М.Шаханов та қазақ тілінің келешегіне
алаңдаулы екенін білесіздер. Қазақ тілінің болашағы тек қана Елбасыға
байланысты емес, бәріміз де еліміздің патриоты ретінде қолға алуымыз керек.
Тіл - әр халықтың қасиетті мұрасы, оны көздің қарашығындай аялай білу
қажет.
Жаһандану үрдісі келе жатыр, біз көбіне Ресей мен Қытайдың мәдениетіне
жастарды елтімейтіндей өз мәдениетімізді көтеруіміз қажет. Демократияның
жақсы жағы көп, бірақ тілдің дамуына кедергісі де бар. Елбасымыз Қазақ –
қазақпен қазақша сөйлесуі керек деп бастама көтергенін білесіңдер.
М.Шаханов қазақ тілін көтеруге қатысты өткізген акцияға жазушылардан бар-
жоғы жеті жазушы қатысқанын қынжыла айтады. Іс-қағаздарды орыс тілінде
жүргізу ісін жандандырып отырған өзіміздің қара көзді орыстілді
бауырларымыз. Олар биліктің тұтқасын ұстаған күйі тек орысша сөйлеуге
бейімделген, өзінің ана тіліне менсінбей қарайтындар. Міне, бұлар қауіпті,
сондықтан біз әрқашан өз тіліміздің тазалығы жолында барынша жұмыс
істеуіміз керек.
Белгілі ғалым Ахмеди Ысқақов кешегі Кеңестік Одақтың тілге қарсы
саясаты болып тұрған кездің өзінде, кеңестік жүйенің кедергісіне қарамастан
қазақ тілінің жоғын жоқтап, он томдық түсіндірме сөздік дайындауды қолға
алған кісі. Осындай ғалымдарды өз саласының батыры деп атауға болады.
Бұлардың тағдыры басқа салада жүрген мамандарға қарағанда ауыр, өте қиын
жағдайда жүргеніне қарамастан артына өлмес мұра қалдырған осындай азаматты
өз елінің шынайы патриоты болды десек артық айтқандығымыз емес. Осындай
ағаларының игі ісін алға қарай жалғастыратын келешек жастарға араларыңыздан
осындай патриот ғалымдар шығып, көбейе берсін, халқына қызмет етуден
жалықпасын деген тілек айтқым келеді. Белгілі лингвист ғалым, ҚР ҰҒА
корреспондент-мүшесі А.Ысқақовтың жүз жылдық мерейтойына арналған бүгінгі
конференцияға сәттілік тілеймін.
Махир Накип
профессор
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-інің І-вице президенті
Құрметті конференция қонақтары!
Атақты ғалым, профессор Ахмеди Ысқақовтың жүз жылдығына орай
ұйымдастырылған Түркі жазба мәдениеті және Ахмеди Ысқақовтың тілдік
мұрасы атты ғылыми конференцияны ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Түркі халықтары Сібірден Европаға дейінгі жерде, кең аймақта орналасқан
халық. Тарихқа қарасақ бұрын түркі тілі де кең қолданысқа ие болғанын
көреміз. Кодекус-куманикусті оқығанымызда оның қолдану аясы өте кең
болғандығын көреміз. Қазір әлем ағылшын тілінде сөйлейді, ағылшын тілі
әлемдік тілге айналып отыр. Неге деген сұрақ туады. Себебі ағылшындар
Шекспир тілін әлі күнге қолданып келеді. Оны әлемге дәріптеп келеді.
Түркі халықтарында да ортақ ұлы тұлғалар көп. Түркі диалектілерін
зерттегенімізде сол ортақ тілге қарай жақындатып зерттеуіміз керек.
А.Ысқақов қазақ тілінің проблемасын ортаға қойды. Қазір дүниеде 200 млн.
түркілер бар соның ішінде қазақ тілі басқа түркі халықтары ішінде өзінің
тазалығын көбірек сақтай алған тіл. Қазақ тілінде оннан астам жылқыға
қатысты атаулар ұшырасады екен. Қазақ тілінде осы сияқты синонимдер өте көп
ұшырасады. Бұл тілдің бай екендігін көрсетеді.
Ендігі жерде пән ілімінде яғни философия, медицина, биология т.б.
қатысты салаларда қазақ терминологиясын жасауымыз керек. Ол үшін компьютер
тілін қазақшалау керек. Түркияда да проблема жетеді, бізде көптеген
терминдер ағылшынша, қазақтарда орысша болып келеді. Осы проблеманы қолға
алу керек. Түркияда әскери терминдер арабша болды, кейін Ататүрік арабшадан
түрікшеге аударуды қолға алды. Ендігі кезекте физика, математика сияқты
техникалық пәндердегі көп терминдерді де қазақшалайтын уақыт жетті.
Сондықтан бізде тіл орталығын құру қажет, оның уақыты да жетті. Дүниеде
жиырма бір араб мемлекеті бар, олар әртүрлі диалектілерде сөйлейді. Бірақ
олардың ортақ әдеби тілі бар. Ол – Құран. Ливия мемлекетінде Тіл құрылымы
жұмыс істейді. Ол араб тілдері мен диалектілерін зерттейді. Бізде де
осындай құрылым болуы тиіс. Онда түркі тілдерін зерттеп, ортақ терминдерді
анықтайтын орталық болған жөн. Мысалы қазақ тілінде немесе өзбек тілінде
кездесетін түркі терминін алып, оны басқа түркі халықтарындағы өзге елден
кірген терминдердің орнына қолдануымыз керек. Осылайша біз түркі тілінің
тазалығы жолында бірлесіп қыруар шаруаны атқара аламыз. Көптеген
проблемаларды шешудің жолын табамыз. Сондықтан кезінде қажымай еңбек еткен
А.Ысқақовтың еңбегін әрі қарай жалғастыруымыз керек. Тіл проблемасын
бірлесіп қолға алғанда ғана көптеген шаруаны тындыратындығымыз анық.
Бүгінгі қолға алып отырған игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
О.БЕКЖАН
филология ғылымдарының кандидаты
Түркология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері,
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
АХМЕДИ ЫСҚАҚОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Қазақ тіл білімін қалыптастырған тілші ғалымдардың ірі өкілдерінің
бірі, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі Ахмеди Ысқақов бұрынғы Семей облысының
Абыралы өңірінде 1910 жылы қарашаның жиырма бірінде дүниеге келген. Алғашқы
еңбек жолын орта мектептің 9 сыныбын бітіргеннен кейін ауыл мұғалімі
болудан бастап, аудандық газетте әдеби қызметкер, педагогикалық училищеде
оқытушы болып істейді. Одан ары жоғары білім алуды көксеп, 1940 жылы
Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітіреді. Осы
жылы КСРО ҒА-ның КСРО Халықтарының Тіл және жазу институтының
аспирантурасына оқуға қабылданады. 1941-1942 жылдары Халық мұғалімі
журналының редакторы болып істейді.
1942-1947 жылдар аралығында Абай атындағы педагогикалық институттың
проректоры және ректоры, 1947-1951 жылдарда Қазақтың қыздар педагогикалық
институтында кафедра меңгерушісі, 1951-1955 ж. Қазақ КСР ҒА Тіл және
әдебиет институтының, 1955-1961 ж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық
институтының директоры қызметтерін атқарады. 1961 жылдан еңбек демалысына
шыққанға дейін Қазақ КСР ҒА Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі болып
істеді.
Профессор А. Ысқақов және оның тіл ғылымы саласындағы қатарлас
әріптестерінің өмірі өртеңге шыққан жас өскіндей әсер қалдырады. Өйткені
бұлардың алдындағы А. Байтұрсынұлы бастаған тіл білімпаздары түгелдей И.В.
Сталиннің қанды қырғынына ұшыраған еді. Олар енді сол алдыңғы буын
ағалардың ғылыми еңбектерінен нәр алып, оны ары қарай дамытуға мәжбүр
болды. А. Ысқақов және оның замандастары қазақ санасын түп-тамырымен
қопарып, ойран-ботқасын шығарудың екінші кезеңі – латын әліппиінен орыс
жазуына көшу кезеңін де бастан өткерді. Осы кездегі ең басты мәселе орыс
сөздері мен қазақ тілінде жоқ дыбыстарын қалай қабылдау, сөздерді дұрыс
жазу мен тыныс белгілерін қалыптастыру болды. Ол осы мәселелерден шет
қалған жоқ, оған тікелей араласып ғылыми еңбектер жазды.
А. Ысқақовтың зерттеген қазақ тіл біліміндегі ең негізгі саласы
морфология болды. Бұның ішінде сөздерді топтастыру, яғни, сөз таптарын
жүйелеу болды. Бұл тұрғыда ғалым жоғарыда атап кеткеніміздей алдыңғы буын
ғалымдар еңбегіне сүйеніп: Қазақ тілін алғашқы зерттеуші орыс ғалымы П.М.
Мелиоранский еліктеу сөздерді подражательные слова деп, ал қазақ
ғалымдары (А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Т. Шонанов, т.б.) еліктеу сөздер
деп атап, оларды одағай сөздердің қатарына жатқызған болатын [4] дейді.
Ары қарай еліктеу сөздерді жеке сөз табы етіп жіктегені туралы атап өтеді:
Кейін 1940-1950 жылдардан бастап, осы жолдардың авторы бұл сөздерді одағай
сөздерінің қатарынан шығарып, өз алдына сөз табы деп тануды ұсынып, тек
бұрынғы зерттеушілердің атауынша (терминологиясы бойынша) еліктеу сөздер
деген атпен қазақ тілі грамматикасына енгізген болатын [4, 12]. Ғалымның
бұл пікірінен А. Ысқақов пен оның қаламдастарының сол өткен ғасырдың
қырқыншы жылдарында-ақ кеңес өкіметінің әсіре қызыл саясатына іштей қарсы
болып мойындамағанын байқауға болады. Бұл А. Байтұрсынұлы жасаған қазақ
тіліне қатысты басты терминдердің түгелдей сақталғанынан айқын көрінеді. Ол
кезде халық жауы болып нақақ айып тағылған А. Байтұрсынұлының атын
атаудың өзіне қатаң тиым салынған еді. Осы арқылы, яғни, А. Байтұрсынұлының
атын атамай-ақ оның терминдерін түгел сақтау арқылы тілші ғалымдар кеңес
саясатына қарсылық білдірді деп нық сеніммен айтуға толық болады.
А. Ысқақов сөздерді құрамдық-тұлғалық тұрғыдағы топтастырудың А.
Байтұрсынұлының бастамалық жүйесін нақтыландыра дамытты. Мысалы А.
Байтұрсынұлы сөздерді: Сөз тұлғалары – 1) Түбір сөз; 2) Туынды сөз; 3) Қос
сөз; 4) Қосалқы сөз; 5) Қосымшалар [5] деп, сөздің тобына қосымшаны да
енгізеді. Бұлай топтастыру тұтас грамматикалық ұғымды таныту тұрғысынан
алғанда А. Байтұрсынұлының даналық шешімі деп атап өтуге әбден болады.
Себебі әрбір сөз топтарының белгілі-бір сөз табын білдіретініне сәйкес
қосымшалар да әрбір сөз табына тән болумен қатар сол сөз табын даралап
анықтауға зор үлес қосады. Алайда қосымшаларды сөзбен біріктіре қолдану
арқылы түсіндіру жеңіл болғандықтан, әрі бұрын жүйеленген өзге тілдердің
құрылымына сәйкес А. Ысқақов қосымшаларды сөз түрлерінің құрамына қоспаған.
Ол сөздерді құрамына қарай – жалаң және күрделі [6] деп бөледі. Жалаң
сөздерді өз ішінен түбір және туынды деп бөлсе, күрделі сөздерді біріккен,
кіріккен, қос, қысқарған сөздер деп бөледі. Күрделі сөздердің арасында
сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сөздердің бәрін де тұрақты тіркестердің
құрамына жатқызып айтып өтеді, бірақ жоғарыдағы топқа арнайы қоспайды.
Бұлардың қатарына еркін тіркесетін асқар тау, темір жол, есі дұрыс, табан
тіреу тәрізді күрделі сөздерді де енгізіп жіберген. Қазір бұлар еркін
тіркескен, әрбір компоненті өзінің негізгі мағыналарын сақтаған, тұтас ұғым
ретіндегі күрделі сөз болып жіктеледі.
А. Байтұрсынұлы сөздерді мағынасына қарай – атауыш, шылау, одағай деп
үш топқа бөліп, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік (атауыш),
үстеу, демеу, жалғау (шылау), одағай деп тоғыз сөз табына бөлген. Ал А.
Ысқақов – атаушы, көмекші, одағай [6, 140] деп, ол да үш топқа бөледі.
Бұнда ол шылауды өзгертіп, көмекші деп нақтылайды. Себебі сөздің мәнін
нақтылайтын тек қана шылаулар ғана емес, атаушы сөздер де болатынын
анықтайды. Шылаудың құрамынан үстеуді бөліп алып, есім сөз таптарына
қосады. Ары қарай ол атаушы сөздерді есім, етістік, есімді іштей атаушы,
үстеуші, атаушыны іштей зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деп бөледі.
Ал үстеушіге үстеу мен еліктеуді жатқызады. Көмекші сөздерді іштей көмекші
есім, көмекші етістік және шылау деп бөледі. Шылауды іштей жалғаулық,
септеулік, демеулік тағы да үшке бөледі. Бірақ бұлардың бәрін де бір сөз
табы деп санайды. Сөйтіп одағайды қосқанда барлығы қазақ тілінде тоғыз сөз
табы бар деген қорытынды жасайды. Қазақ тілінің терминдерін А. Байтұрсынұлы
қалай қолданса, А. Ысқақов та солай қолданған, өзгеріске түсірмеген. Мысалы
А. Байтұрсынұлы райларды ашық рай, шартты рай, қалау рай т.б. деп атайды.
Мұнда ашық, шартты деген сөздер рай сөзінің анықтауышы болып, дұрыс
тіркесіп тұр да, қалау рай тіркесінде олай емес, дұрысында қалаулы рай,
қалау райы (қалаудың райы) болып тіркесуі тиіс еді. Бірақ бұлай тіркесу де
тіліміздің заңдылығына қайшы келмейді (темір жол, өгіз арба). А.
Байтұрсынұлы бірыңғай термин болсын деп осылай қолданған болса керек. А.
Ысқақов та солай түсініп, терминді өзгеріссіз қалдырған. Әйтсе де қалау
райының түсініктемелерінде қалау райы [6, 325-327, 331] деп те қолдана
береді. А. Байтұрсынұлы райларды он төртке бөлсе, А. Ысқақов оны орыс
тіліндегідей ашық (реалды), неғайбыл (ирреалды) деп қарама-қарсы екі топқа
бөледі де, неғайбыл райды бұйрық, қалау, шартты деп үш түрге бөледі. Ол А.
Байтұрсынұлының бөлген он төрт райын осы төрт райға топтастырады да, тұйық
райды өз алдына қимыл атауы деген категория деп тұжырымдайды. А. Ысқақов
қазіргі қазақ тілінің морфологиясын зерттеу барысында 1940 жылдары үстеуден
кандидаттық диссертация қорғайды. Ол еңбегі 1950 жылы Наречие в
современном казахском языке деген атпен жарияланады. Сондай-ақ 1954 жылы
Қазақ тілінің морфологиясы, 1964, 1974 жылдары Қазіргі қазақ тілі.
Морфология атты еңбектері жарияланды. Ол осы еңбектерін топтап 1964 жылы
Морфологическая структура слова и именные части речи в современном
казахском языке атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғайды. А.
Ысқақов жоғары оқу орындарына арналған Қазіргі қазақ тілі (1954), Қазақ
тілінің грамматикасы (1-2-бөл., 1967) атты ғылыми грамматикалардың
орындаушысы және басқарушыларының бірі болды. Сонымен бірге мектеп
оқушыларына арнап (Қазақ тілі грамматикасы, 5-6-сын., 1954-68; 4-сын.,
1968-76) оқулықтар жазды. Бұл еңбектердің маңызы әлі төмендеген жоқ, қажет
етуші тұтынушылар қазір де терең білім алып, сусындап келеді.
А. Ысқақовтың қазақ тіл білімі бойынша өнімді қызмет еткен салаларының
бірі лексикография, яғни, сөздік жасау бағытындағы еңбектері болды. Бұл
сала да қазақ тіл біліміне ең қажетті ғылыми еңбектердің қатарына жататын.
А. Ысқақов орыс-қазақ тілдерінде жарық көрген сөздіктердің (Русско-
казахский соварь, 1954; Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2 томдық, 1959-
1961; Абай тілінің сөздігі, 1968;) орындаушы және басқарушыларының бірі
болды. Осындай үлкен тәжірибе мен білім жинағанының арқасында ол 1974-1986
жылдары жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің
редакторлар алқасының төрағасы болып аса құрметті қызметті бірінші томнан
оныншы томға дейін үлкен абыроймен атқарып шықты. Осындай жанқиярлық
еңбектің жемісі ретінде осы қызметі үшін мемлекеттік сыйлықтың иегері
атағын (1988) алды. Бұл еңбек қазақ тіл білімін Кеңес Одағына, тіпті дүние
жүзіне танытқан еңбек болды десек асырып айтқандық болмайды. Еңбектің
редакторлар алқасында академик І. Кеңесбаев, ҒА корреспондент-мүшесі Ғ.
Мұсабаев, ғылым докторлары Ә. Болғанбаев, Р. Сыздықова, ф.ғ.к. Б. Қайымова,
ф.ғ.к. Б. Қалиевтер болды.
А. Ысқақовтың келесі бір еңбегі еңбек демалысына шыққаннан кейін қолға
алған жалпы тілдің шығуына, оның ішінде қазақ тілінің қалыптасуына қатысты
тұжырымдардың бірі еліктеу сөздерге арналды. Ол еңбек Қазақ тілінің
фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау (1999) деп аталады.
Бұл еңбекте ғалым қазақ сөзінің қалыптасуындағы ең өнікті саланың бірі
еліктеме сөздер деп атап көрсетеді. Сондай-ақ ғалым түркі тілдерінің
жалғамалы құрылымынан бұрын түбір тілдік құрылымды басынан өткергені туралы
пікір білдіреді. Мысалы: Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштері тек
біздің заманымыздың V ғасырынан бері қарайғы уақыттарды ғана қамтитыны
белгілі. Бұл ескерткіштердің тілі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
(морфологиялық, синтаксистік) өрнектері жағынан тілдің алғашқы шыққан
дәуірінен гөрі осы күнгі түркі тілдеріне әлдеқайда жақын деңгейде екендігі
мәлім. Ал шындығына келсек, түркі тілдері біздің заманымыздан әлденеше
мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келіп, еліктеме тіл (түбіршік тіл) құрылысы,
түбір тіл құрылысы дәуірлерін бастарынан кеше отырып, жалғамалылық тіл
құрылысы дәрежесіне жеткендігі анық байқалады [4, 103]. Ол еліктеме
сөздердің ең көне және күрделі түріне соңы қос дауыссыз дыбыс
тіркесімдерімен келетін сөздер жатады, ондай сөздер көне түркі жазба
ескерткіштерінде кездеседі дейді. Соны негізге алып, қос дауыссыз дыбыстар
тіркесімін түземіз деп, ары қарай: ...Бұл үшін алдымен мимемалардың ең
көне түрі – күрделі еліктемелер өрнектерін айқындап алу қажет болды. Ондай
күрделі еліктемелерге ешбір күдік тудырмайтын: -ңқ -ңк, -ңс, -ңт, -лқ,
-лп, -лт, -лс, -лш, -лж, -лм, -рқ, -рз, -рл, -рп, -рт, -рс, -рш, -рж, -рм,
-мп, -мқ, -мт, -мс, -мш, -нт, -нж, -нс, -нш сияқты қос дауыссыз дыбыстарға
бітетін өрнектер (модель) жатқызылды [4, 18] дейді. Бұлардың ішіндегі лт,
нт, нч бірігіңкі дауыссыздары көне түркі жазба ескерткіштерінде қолданылып,
бір таңбамен белгіленетіндігін В. Томсеннің анықтағаны мәлім. Ал лч (лш),
рт, нқ (ңқ), лп бірігіңкі дауыссыздарының қолданылғаны мен бір таңбамен
белгіленгені біздің зерттеулеріміз арқылы айқындалды. А. Ысқақовтың бұл
еңбегінің көп бөлігі ғалымның екі көзі де көрмей қалған өмірінің соңғы
кезінде жазылды. Оны шәкірттеріне, т.б. кісілерге дауыстап айтып отыру
арқылы жазғызды. Яғни, еңбек жадында қалған білім қорына, ой-қиялына сай
дүниеге келді. Сондықтан да оны қайта қарап, басқа еңбектермен салыстырып,
әдебиеттерден мысалдар алуға мұршасы болмағанын ескертуіміз кейінгі
зерттеушілер үшін өте қажет. Себебі еңбекте зерттеуі жеріне жетпеген,
қайшылықты пікірлер де кездеседі. Солай бола тұрса да еңбекте келесі
зерттеулерге керекті құнды мәліметтер мол екендігі даусыз дейміз.
А. Ысқақов – қазақ тілі мәселелері жете қарастырылған 200-ден астам
ғылыми еңбектің авторы. 1951 жылы Тыныс белгілері (авторлардың бірі)
деген еңбекті жазуға да қатысты. А. Ысқақовтың еңбектері құнын жоймайтын,
әлі де басылып, күнделікті қолданыла беретін халқымыздың құнды
қазыналарының бірі десек қателеспейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақ Совет энциклопедиясы. 12-т. Алматы, 1978, 352-б.
2. ҚАЗАҚСТАН ұлттық энциклопедия. 9-т. Алматы, 2007, 643-б.
3. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998, 465-б.
4. Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан
сараптау. Алматы, 1999, 12-б.
5. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992, 181-б.
6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1974, 89-б.
Н.ҚОШАНОВА
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

А.ЫСҚАҚОВ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰРМАЛАС
СӨЙЛЕМІ ТУРАЛЫ
Қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуіндегі алғашқы
жиырма жылында құрмалас сөйлем арнайы зерттелінбей, оқу құралдарының
аясында сөз болып отырды. Сонымен қатар, құрмалас сөйлемге қатысы бар бірді-
екілі мақалалар жарық көрді. Осы жылдардағы осындай оқу құралдары мен жеке
мақалаларға А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев,
А.Ысқақовтардың еңбектерін атауға болады.
А.Ысқақов - негізінен қазақ тілінің морфологиясын бір ізге түсірген,
қалыптастырған ғалым. Қазақ тіл білімінің көкейкесті мәселелеріне де
өзіндік үн қосып, өз пікірін білдіріп отырған. Сондай тақырыптарының бірі –
құрмалас сөйлем синтаксисі, оның түрлері мен жасалу жолдары.
Жалпы тіл білімінде құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің
байланысу жолдары мен жасалуына қарай әр түрлі көзқарастар болды. Соның бір
көрінісі - А.П.Рифтиннің Аккад тіліндегі құрмалас сөйлемнің дамуындағы екі
жол мақаласы. Бұл мақалада құрмалас сөйлемнің пайда болуындағы екі жолдың
біріншісі – екі жай сөйлемнің салаласа құрмаласуы (кейінірек бұдан
сабақтаса байланысу шығады) болса, екіншісі – жай сөйлемнің өз ішінен
оралымдар арқылы жетіліп, қорытындысына екі сөйлемнің қосындысын беруі
көрсетіледі. Ғалым бұл жолдар көптеген тіл құрылысына тән деп есептейді.
Осы мақаладағы пікір қазақ тіл білімі тарапынан, атап айтқанда, профессор
А.Ысқақовтың арнайы жазылған мақаласынан қолдау тапты.
Профессор А. Ысқақов (Қазақ тіліндегі сабақтас құрмаластағы бағыныңқы
сөйлемнің даму жолы туралы. Изв. АН КазССР, серия лингв. вып 5. 1948) А.
Рифтиннің құрмалас сөйлемнің дамуындағы екі жолды қолдай отырып, соның
екінші жолына қазақ тілінен тілдік деректер келтіре дәлелдейді: Бұл жердің
адамында сіз білмейтін тағы бір мінез бар деген сөйлем құрмалас сөйлем деп
таниды Сөйлемнің ішінен бір мүшенің күрделеніп (Сіз білмейтін) өз алдына
сөйлем құрауы, сөйлемнің ішінен сөйлем шығуы себепті құрмалас сөйлемге
жатқызады. Ал қазіргі қазақ тілінде бұндай сөйлемдерді профессор Қ.Есенов
жай сөйлемнің күрделенуі деп атайды. А.Рифтинннің құрмалас сөйлемнің
дамуындағы көрсеткен екінші жолы қазақ тіліне сәйкес келмейтінін, сөйлем
мүшелерінің (оралым) күрделенуінен жеке сөйлем шықпайтынын кейінгі ғылыми
еңбектер дәлелдеді. Әйтсе де қазақ тілінің құрмалас сөйлемдерін түрлеріне
қарай ажыратуда жоғарыдағы пікірдің біршама уақыт орын алғанын байқаймыз.
Соның салдарынан болса керек, профессор Н.Сауранбаев алғаш құрмалас
сөйлемдерді екі түрге (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас) жіктесе, кейін
үшке іргелес құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас құрмалас деп, соңында
салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас, үйірлі мүшелі
сабақтастар деп төртке бөліп көрсетеді. Осындағы үйірлі мүшелі сабақтас деп
отырғаны – профессор А.Ысқақов көрсеткен құрмалас сөйлем дамуының екінші
жолы арқылы жасалған сабақтастар.
Қай тілде болмасын салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қатысты
негізгі мәселе – алғашқы компонент баяндауышының тиянақты тұлғада аяқталуы.
Соған қарамастан құрмалас сөйлем синтаксисінің даму тарихында салаластың
арнайы грамматикалық көрсеткіші ретінде көсемшенің -п тұлғасы да аталады.
Осы тұлға арқылы жасалған кейбір сөйлемдерде мағыналық тиянақтылық
сақталып, синтаксистік компоненттерде айтылған іс-әрекеттердің желісі бір-
біріне байланыссыз, өз беттерімен жасалады. Көсемшенің -п тұлғасы арқылы
жасалған кейбір сөйлемдердегі мағыналық тәуелсіздікті ескергендіктен де,
біраз ғалымдар салалас құрмаласқа жатқызған.
Ғалымдардың келтірген мысалдары: Қой маңырап, түйе боздап, ауыл у-шу.
Қайғыдан халқым арылып, бақыт құсын ұстадым. Әуеде жыршы құстар өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бенен қу. Омар кітап оқып, мен жазу жаздым. Осындай
сөйлемдерді кезінде профессор Н. Т.Сауранбаев, доцент Ғ.Бегалиевтер де
алғаш салалас құрмаласқа жатқызса, кейін профессор Н. Сауранбаев осы
мәселені бірізділікпен жеңілдету үшін мектептерге арналған оқулықта оларды
іргелес сабақтас сөйлем деп ұсынған: Мен кітап оқып, басқалар жазу жазды.
Олар аттарын шалдырып, біз аттарымызды шалдырмай жүре бердік.
Профессор М.Балақаев бұндай сөйлемдерді екі жақты қарастырса да, түптеп
келгенде, оларды іргелес салаласқа жатқызған.
Ал, профессор А.Ысқақов жоғарыда келтірген сөйлемдерді байланысу
амалының көрінісін негізгі басшылыққа алып, оларды сабақтас құрмаластың
қатарында қарастырады: Сабақтасты, салаласты ажыратудағы негізгі критерий
– бағыныңқының баяндауышы. Егер бағыныңқының баяндауышы сөйлемді аяқтай
алатындай тиянақты болса, онда құрмаласқан жай сөйлемдер салалас тобына
жатады да, керісінше баяндауыш тиянақсыз болса, сабақтас тобына
жатқызылады (Ысқақов А. Құрмалас сөйлем мәселелері. Халық мұғалімі,
1940, №23-24).
Әрине, бұл пікір - салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемді
ажыратудағы негізгі критерий.
Қорыта айтқанда, ғалым А.Ысқақовтың қазақ тілінің құрмалас сөйлем
синтаксисі туралы арнайы жазған екі мақаласы бар. Олар: Құрмалас сөйлем
мәселелері. Халық мұғалімі, 1940, №23-24; Қазақ тіліндегі сабақтас
құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің даму жолы туралы. Изв. АН КазССР, серия
лингв. вып 5. 1948. Аталған еңбектер қазақ тілінің құрмалас сөйлемі
синтаксисі ғылымының қалыптасуына, құрмалас сөйлем түрлерін тану
принциптерінің бір нормаға түсуіне өзіндік үлес қосты деуге болады.
С. МАҒЖАН
Филология ғылымдарының кандидаты
М.ДҮЙСЕНОВА
магистрант
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨП МАҒЫНАЛЫ ПРОКСЕМИКАЛЫҚ ПАРААМАЛДАР
Тілді тұтынушының тілдік және тілдік емес коммуникативтік актілерінің
сипаты узуалды болып табылады. Проксемика мәртебе (статус), жағдаяттық
қарым-қатынасқа негізделеді. Проксемика терминін Э. Холл енгізген [1, 11
б.]. “Жақындық” деген мағынаны білдіретін бұл терминнің ұғымдық сипатын
толық ашу үшін Э. Холл проксемикалық мінез-құлықты үш деңгейге бөліп
көрсетеді:
– бірінші деңгей тараптардың өткен өміріне байланысты қалыптасады. Бұл
жерде коммуниканттардың шыққан ортасы, шыққан жері, феноменді сипатты
белгілері негізгі көрсеткіштері болып табылады;
– екінші деңгей – түйсікке байланысты қалыптасқан психофизикалық деңгей
болып саналады;
– үшінші деңгей мәдениеттің әсерінен, яғни жүре-бара игерілетін, пайда
болатын деңгей. Өйткені, мәдени орта тараптардың коммуникация кезіне
белгілі бір кеңістік аясында тілдесімге түсуін қажетсінеді. Әр деңгейдің
белгіленген арақашықтығы бар.
А. Пиз төрт түрлі арақашықтықты атап көрсетеді:
1. Интимдік арақашықтық (15-46 см). Бұл арақашықтықты коммуникациялық
кеңістік құрайды, ал кеңістікке қатысушы коммуниканттарға: бала мен ата-
ана, жұбайлар, достар, туысқандар енеді.
2. Индивидуалды (жеке) арақашықтықтың мөлшерін А. Пиз 46 см-ден 1,2 м
деп көрсетеді. Көбінесе ресми ортада, арнайы басқосуларда, түрлі жиындарда,
сауық кештерінде сақталатын проксемика түрі.
3. Әлеуметтік арақашықтық 1,2 м-ден 3,6 метрге дейін аралықты қамтиды.
А. Пиздің көрсетуінше, бұл қашықтық бейтаныс адамдар арасында сақталады
[2, 55 б.].
4. Қоғамдық арақашықтыққа 3,6 м-ден көп арақашықтық есептеледі. Бұл –
адамдар топтанған кезде, топ мүшелерімен сұхбаттасу кезіндегі арақашықтықты
көрсететін проксемикалық амал.
Біздің бақылауымызға сай басшы-қызметкер арасындағы проксемикалық
қашықтық әлеуметтік қашықтық ретінде қазақ бейвербалды амалының қатарынан
орын алады деп білеміз.
Әлеуметтік қашықтықты білдіретін проксемикалық амалдың білдіретін
бірнеше мағынасы бар:
– жақындауға батпау;
– қипалақтау;
– қорқу;
– сыйлау – бәріне ортақ мағына жақындауға батпау болып табылады.
Сонымен бірге интимдік қашықтықтың А. Пиз көрсеткен мөлшері, қашықтығы
қазақ халқы үшін қолайлы қашықтық. Мысалы: Баласына мейірімін төге қараған
шешесі жақындап келіп, оның басынан, қайратты шашынан мейірлене сипап,
бауырына тартты. Қашықтықтың мөлшері арнайы атап көрсетілмегенмен, 46 см-
ден аз екені көрініп тұр. Бұл арақашықтықтың жеке-дара орындалуынан гөрі
өзге бір амал, атап айтқанда, такесикамен араласа орындалатындығы
байқалады. Сондықтан екі түрлі параамал араласа орындалатындықтан, күрделі
параамалға жатқызу жөн секілді. Проксемикалық жақындау мен шашынан сипап,
бауырына тарту такесикалық амалға жатады. Осы амалдардың жиынтығынан барып,
жақсы көру, мейірлену мағынасы туындап тұр. Егер бұл сөйлемнің қоршауына
(окружение) көңіл бөліп қарасақ, проксемикалық амалдың семантикалық жақтан
нақты қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықтауға болады:
Баласына мейірімін төге қараған шешесі жақындап келіп, оның басынан,
қайратты шашынан мейірлене сипап, бауырына тартты;
Баласына мейірімін төге қараған шешесі аянышпен қарап, жақындап келіп,
оның басынан, қайратты шашынан мейірлене сипап, бауырына тартты.
Жақындап келіптің алдына аянышпен қарап-ты тіркесек, онда алдындағы
мейірлену, жақсы көрудің аяу, аяушылық көрсету-ге ауысқанын байқаймыз. Енді
осы проксемиканың қоршауын тағы өзгертіп байқайық:
Баласына мейірімін төге қараған шешесі қоштасу сәтінің алыс еместігін
байқатып, жақындап келіп, оның басынан, қайратты шашынан мейірлене сипап,
бауырына тартты. Бұл сөйлемдегі жақындап проксемикасының білдіріп тұрған
мағынасы – қоштасу, қимау болып шығады. Екі алғашқы сөйлемдегі жақындау
проксемикасының көп мағыналылығын тудырып тұрған оның қоршауы. Ал мәнмәтін
көп мағыналылықтың тууына да, жойылуына да, нақтылыққа жол ашатын, соған
себепкер тілдік фактор қызметін атқарып тұр. “В понятие окружение
экспрессивного факта входят не только контекст, но также ситуация, мимика и
интонация”, – деп жазды Ш. Балли [3, 23 б.].
Оралым (окружение), контекст төңірегіндегі теориялық пікірлер мен
тұжырымдарды жалпы тіл білімі ғалымдары Э. Хауген, Л.В. Щерба, З.С. Хэррис,
А.А. Холодович, В.В. Виноградов, А.Л. Архангельский, Н.Д. Арутюнова, З.Г.
Ураксин, М.Т. Тагиев, Ш. Балли, Ф.де Соссюр, Н.Н. Амосова, Т.Н. Молошная,
В.П. Жуков, А.Ф. Богданова, С.К. Шаумян, М.М. Копыленко, Е.Р. Курилович
т.б. еңбектері мен зерттеулерінен кездестіреміз [4, 7 б.].
Орысша-қазақша сөздікте: “Окружение – қоршаған орта, қоғам, қоршау,
қамап алу, қоршап алу” деп аударылған [5, 53 б.]. Зерттеуші Ж. Дәркенбаева
өз зерттеуінде былай дейді: “Оралым (окружение) терминін ең алғаш Ш. Балли
“Француз стилистикасы” атты еңбегінде қолданып, осы мәселеге байланысты
құнды пікірлер білдірген. Ол ауызша және жазбаша тіл формасындағы оралым
ұғымын талдап, мәнін түсіндіреді. Оралым бойынша тіл бірліктері қоршаған
ортасындағы тіл бірліктерімен мағыналық байланысқа түссе, тіркесімділік,
валенттілік бойынша да тіл бірліктері айналасындағы сөздермен үйлесе,
үндесе тіркеседі. Оралымды “көршілестік” сөзімен атап жүрген ғалымдар бар.
Олар тіл бірлігінің көрші тіл бірліктерімен байланысына, олардың бір-біріне
әсер ету деңгейіне тоқталады.
Оралымды орап алу, қамап алу, қоршап алу сөздерімен түсіндіретін
болсақ, қарапайым тіркесімділіктен мәні де, мағынасы да терең жатқандығын
байқауға болады. Тіркесімділік бойынша тіл дыбыстары болсын, сөздер болсын
үйлесе бір-бірімен тіркеседі. Ал оралым жағдайында тіркесу қабілеттері,
тіркесу мүмкіндіктерінің аясы кең.
Әр тіл бірлігін оралымы тұрғысынан талдау арқылы оның мағынасын екінші
бір қырынан ашуға болады” [6, 8-9 бб.].
Сөздің қоршауы туралы Ш. Баллидің құнды пікірінде: “Если рассматривать
в основном письменную речь, то можно подумать, что окружение – это только
окружающие слова, контекст; но как только мы переходим к устной речи, сразу
обнаруживается, что в понятие окружение экспрессивного факта входит целый
ряд слагаемых; контекст – лишь один из них, хотя и самое важное”, – деп
көрсетілген [7, 116-б.]. Ал М.Т. Тагиев оралым (окружение) ұғымына былайша
түсінік береді: “Термин окружение употребляется нами в двух планах:
окружение как совокупность элементов обладающих способностью выступать при
данном фразеологизме в конфигурации или представитель классов этих
элементов в конкретном случае употребление; окружение как анализ по
окружению, как метод, прием установления отношении сочетании выступающих
как ядро и элементов, связанных с ними иначе говоря, окружение понимается
как метод выделения лексико-морфологических элементов или синтаксических
конструкции в позиции окружения в соответствии с требованиями достаточности
конфигурацией” [3, 23-б.].
Дәл сол сияқты бауырына тарту такесикалық амалының да бірнеше жақын,
ұқсас мағыналарын санамалап өтуге болады:
– жақсы көру; ұнату; махаббаты ояну; сезімге бөлену, әсерлену;
– қоштасу, арыздасу;
– қимастық білдіру, қимау, жібергісі келмеу, қасынан ұзатпау;
– өзімсіну; жақын тарту; жанындай көру; жатсынбау, бауырына тарту;
қатарына тарту;
– сәлемдесу, жақындасу; білісу, т.б.
Зерттеуші М. Ешимов балалар арасында жиі қолданылатын проксемикалық
амалдар туралы былай дейді: “Қандай да бір мәселені шешуде балалар бір-
біріне жақын тұрады, ал мәселені шешіп болған соң арақашықтық әлеуметтік
немесе қоғамдық арақашықтыққа дейін ұзарады. Бейтаныс адамдар мен балалар
қоғамдық арақашықтықта тұрып қарым-қатынас жасайды” [8, 32 б.].
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Hall E.T. Proxemіcxs Current Antropology. – 1968. – № 9. – Р. 21-
26.
2. Пиз А. Язык теледвижении: Как читать мысли других людей по их жестам
пер. с англ. яз.. – Нижний Новгород: Ай Кью, 1992. – 262 с.
3. Тагиев М.Т. Глагольная фразеология современного русского языка. –
Баку: Маариф, 1996. – 250 с.
4. Дәркенбаева Ж. Қазақ тіліндегі фразеологиялық оралымдар: Филол. ғыл.
канд. автореф.: 10.02.02. – Алматы, 2006. – 25 б.
5. Орысша-қазақша сөздік Ғ. Мұсабаев. – Алматы, 1978. – 1-т. – 583 б.
6. Дәркенбаева Ж.Қ. Қазақ тіліндегі фразеологиялық оралымдар. Филол.
ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2005. – 113 б.
7. Балли Ш. Французская стилистика. – М.: Изд. иностр. лит., 1961. –
394 с.
8. Ешимов М.П. Ым семантикасы: универсалды және ұлттық табиғаты: Филол.
ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2004. – 127 б.
Г. ЖЫЛҚЫБАЙ

Д. МАМЕТОВА
магистрант
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ СӨЗ ТҰЛҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Ғалым С.Исаевтың Қ.Жұбанов зерттеулері дүниеге келген 1930 жылдардың
орта шенінде қазақ тілі білімінің тарихи грамматикасы, оның ішінде тарихи
морфологияның негізгі және басты мәселелері (жекелеген морфологиялық
единицалардан – морфемалардан, жеке формалардан, грамматикалық мағыналардың
ерекшеліктерінен бастап, ірі-ірі морфологиялық топтардың, грамматикалық
немесе морфологияық категориялардың туып, қалыптасып, даму жолдары, сөз
таптары жүйесінің қалыптасып даму т.б.) жүйелі ғылыми түрде зерттеу
обьектісі болмақ түгіл, қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы
диахрондық аспект былай тұрсын, статистикалық тұрғыдан да жан-жақты
сипатталып беріле қойған жоқ еді дегеніндей [1. 116] қазақ тіл біліміндегі
морфология саласына байланысты алғашқы зерттеулер Қ.Жұбанов есімімен
тікелей байланысты.
Қазақтың алғашқы тілші ғалымдарының бірі Құдайберген Қуанұлы Жұбанов
жалпы қазақ тілінің біраз мәселелеріне қалам тартқан болатын. Ол 38 жыл
ғұмырында ...қазақ тілінің ерекшелігіне лайықталған жаңа қазақ жазуы мен
емлесін түзіп, қалыптастыруда елеулі еңбек етті. Қазақ тілінің алғашқы
оқулықтарын жазу оның грамматикасы мен тарихын зерттеу Қ.Қ.Жұбанов
қаламының үлесіне тиген-ді [2, 506-507, 529-531]. Атап айтқанда, сол
таңдағы мектептерде оқытылып келе жатқан оқулықтардың олқылықтарын толтыру
мақсатында грамматика саласында құнды еңбектері дүниеге келген еді. Соның
бірі 1936 жылы Қазақ тілінің грамматикасы атты оқулығы – сол кездегі ғана
емес, қазіргі ғылымда да маңызын жоғалтпаған дүние. Жалпы V сыныпқа
арналған бұл еңбектің негізі морфологияның біршама қырларын ашуға арналады.
Өз еңбегінде тілдік құбылыстарға қатысты ғылыми тұжырымдарын тұрмыстық
қағидалар мен жағдайлардан мысал келтіріп отырып, салыстыра көркем тілмен
баяндайды. Осының ішінде әсіресе грамматикалық тұрғыдан арнайы қарап
сөздердің түрлеріне сипаттама бергенде көп жайға аса көңіл бөлгендігін
байқаймыз. Ғалым морфология шынтуайтында сөздердің қай сөз табына
жататындығын, ол сөз таптарының жасалу жолдары мен түрленуін зерттейтін
ғылым екендігін сөз ете келе, Сөз тұлғасының түріне қарай, мынадай алты
арыс болады, - деп жақсы аңғарады, яғни:
1. түбір сөз,
2. қосымшалы сөз,
3. кіріккен сөз,
4. қиюлы сөз,
5. қосар сөз,
6. қосалқы сөз, - деген топтардан тұратындығын нақты дәлелдеп береді
[3.164].
Олардың кейбір топтарының атаулары (терминдері) қазіргі таңда
қолданыстан шығып қалса да, қай ғалымның болмасын пікірі оның жіктеуін
жоққа шығаруға себеп бола алмайды. Әсіресе, айта кетерлігі ол таңда әлі де
сөз етіле қоймаған морфемаларға байланысты мынадай тұжырымдары қазірде аса
бағалы. Ғалым қазақ тіліндегі сөздердің кейбіріндегі түбір мен
қосымшалардың дербестігі жоқтығын байқап, ол сөздер мен қосымшаларға
байланысты топтарды өлі қосымшалар және өлі түбірлер деп атағанды жөн
санайды. Яғни, сіңісу құбылысының нәтижесінде кейбір негізгі түбірлер келе-
келе мағынасын жоғалтқандығын, олардың белгілі бір қосымшасыз лексикалық
мағынасы болмайтындығын ерекше атап өтеді. Түбірдің де өлісі, тірісі
болады. Мысалы: күрес, жарыс деген түбірлердің соңғы -с, -ыс дыбысы осы
күні де қосымша. Мұны соқ деген түбірге қоссақ, соғыс, айт деген түбірге
қоссақ, айтыс болады. Соңындағы -с үстеу болған соң, оның алдыңғысы – түбір
болмақ.
Сонда, күрес, жарыс деген сөздердің түбірі күре, жар болып шығады.
Бірақ, қазақ тілі күресу, жарысу мағынасындағы күре, жар деген түбірлерді
білмейді. Сондықтан бұларды өлі түбірлер дейміз [3.168]. Осы күнгі
еңбектерде -(ы)с, -(с) жұрнақтарын ортақ етістің формасына жатқызып,
олардың көп кездесетіндігін және зат есім мағынасында да, етіс мағынасында
да қолданылатындығын айтады.
Ғалым сонымен бірге, кейбір қосымшалардың жоғарыда атап өтетін күре,
жар деген түбірлер секілді кейбір белгілі бір сөздерде болмаса өте кем
таралған қосымша түрлерін анықтайды. Яғни, ...темір-ші, ойн-а, колхоз-дың,
ауыл-да деген сөздердегі -шы, -а, -дың, -да қосымшалары... тірі
қосымшалар, - деп көрсетіп, ал ...ертең деген сөзде – ерте, соңыра деген
сөзде – соң, жоңқа деген сөзде – жон түбірлері бөлек шығып тұр. Өйткені,
ерте, жон, соң деген түбірлер жеке тұрып та қоданыла береді. Бірақ, ертең-
дегі -ң, соңыра-дағы -ра, жоңқа-дағы -қа ана сөздерден бөлініп, басқа
сөзге жалғанбайды. Олар бір кезде тірі қосымша болып жүрген де, бүгінде
қосымша болуды қойып, түбірмен бірігіп қатып қалған, - деп, аталып өтілген
қосымшалардың түрлерін сипаттайтын бүгінде қолданудан шығып қалған
қосымшаларды өлі қосымша дейміз, - деп өте орынды түйін айтады. Мұның
барлығы да сөз тұлғаларының түбір және қосымша морфемасынан келіп шығады.
Қ.Жұбанов жалпы, түбір морфеманы – түп мүше, қосымша морфеманы – жамау мүше
деп атайды. Өз мақаласында осы мәселе жайлы пікір білдірген тілші ғалым
А.Ибатов қазіргі таңда аталып жүрген түпкі түбірді ...Қ.Жұбанов түп мүше
деп атаған. Түпкі түбір деп тілімізде жеке айтылмайтын, сөздің дербес
қолданылатын, түбір негізін ары қарай тарихи (этимологиялық) тұрғыдан
бөлшектеп түптегенде ғана анықталатын сөз тұлғасын, сөздің түп тұлғасын
айтамыз. Бұл тұлғаның түпкі түбір деп аталуы да осыған байланысты. Мысалы:
онша (он-ша), ондай (он-дай) дегендегі – он; қалай (қа-лай), қашан (қа-шан)
дегендегі – қа, бұғаз (бұғ-аз), бұғақ (бұ-ғақ), бұғау (бұ-ғау) дегендегі
бұғ-; кірбең (кірб-ең), кірби (кірб-и), кірбік (кірб-ік), кірбік (кірб-
ік), кірбің (кірб-ің) дегендегі кірб-; кіржи (кірж-и), кіржің (кірж-ің)
дегендегі кірж -; Осы кірб- пен кірж- дегенді ары қарай кір-б-, кір-ж-
деп бөлшектеп, -кір тұлғасын бөліп алуға болады. Міне, осылай етіп жігі
белгілі морфемдік тұлғаларды біртіндеп тұлғалап бөліп алу жүйесімен тарихи
тұрғыдан ғана анықтауға болатын түп тұлғалар түпкі түбірлер деп аталады.
Мұндай тұлғалар қазіргі кезде жеке қолданылмайды, мағыналық жағынан да
күңгірт болады [1, 128], - дейді.
Қ.Жұбановтың еңбектерінде өзіне дейінгі қазақ тілін зерттеген Ахмет
Байтұрсынов еңбектерінің кейбір тұстарын сынап, кейбір олқылықтарын жиі
атаса да, зерттеулерін Тіл құралға сүйеніп жазғандығы шүбәсіз. Мысалы,
ғалым А.Байтұрсынов жариялаған көптеген терминдерді өз қажетіне жаратады,
әрі кейбір берілген мысалдар тарапынан кеткен қателіктер болмаса, әр
мағыналық топтарға ұсынылған анықтамалар мен тұжырымдарды жалғастырушы,
дамытушы ретінде көрінеді. Шындығында, әлі де қазақ тіліне байланысты
еңбектердің өте аздығынан Тіл құралдың жетілмеген тұстары бар болатын.
Соның бірі, Қ.Жұбанов Жаңа грамматика еңбегінде нақты қарастыратын –
асырмалы-күшейтпелі дәрежені көрсететін ең, нақ, тым көмекші сөздерінің
үстеулердің құрамына жатпайтындығын дәлелдеп берген болатын. Бірақ, осы
мәселе әлі күнге бір ізге қойылмай келе жатыр, себебі екі ғалым тарапынан
да ұсынылған тұжырымдар біржақты етуге мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге,
А.Байтұрсынов айтқандай ең, нақ, тым дегендер зерттеп қарағанда үнемі үстеу
болады деу қиын. Олай дейтініміз аталған сөздердің жеке тұрғанда дербес
мағынасы жоқ сөздер, сондықтан жеке тұрып сөз табы қызметін атқара
алмайтындығын ескеруіміз міндетті. Ал оны Қ.Жұбановтың еңбегіне сүйеніп
шылау дей салуға да болмайды. Жоғарыдағы аталған сөздерде осы күнгі шылау
делініп топталып жүрген сөздерге жеке тұрғанда дербес мағынасы жоқтығы
жағынан ұқсас болғанымен, екеуінің қасиеті екі бағытта сипатталады. Ең,
нақ, тым сөздері сын есімнің күшейтпелі-асырмалы шырайын жасайтын
тұлғалары, ал шылау сөздердің қай түрі болмасын бұл қасиетке ие бола
алмайды. Яғни, шылау сөздердің бірсыпырасы сөз бен сөздің не сөйлем мен
сөйлемнің арасын байланыстырса, енді біреулері жеке сөзді толықтырып не
нақтылап, грамматикалық мағына жасайды [4, 85] дегендегі соңғы сипаты ұқсас
болғанымен, шылаудың нысанға алынып отырған сөздерге қарағанда белгілі бір
сөзге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz