Болат анықтамасы


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Болат анықтамасы

Болат деп, темірдің көміртекпен қорытпасын (2% дейін) атайды.
Химиялық құрамына байланысты болатты көміртекті және қоспаланған деп бөледі.
Ал сапасына қарай - қарапайым сапалы, сапалы, көтеріңкі сапалы және жоғары сапалыға бөледі.

А - азот
Ю - алюминий
Р - бор
Ф - ванадий
В - вольфрам
К - кобальт
С - кремний
Г - марганец
Д - мыс
М - молибден
Н - никель
Б - ниобий
Е - селен
Т - титан
У - көміртек
П - фосфор
Х - хром
Ц - цирконий


Қоспалаушы элементтердің ықпалы:


Никель

болаттың коррозияға төзімділігін, жоғары беріктік пен иілгіштігін арттырады, қыздырушылығын күшейтеді, соққығы қарсы кедергісін көтереді.

Вольфрам
болат құрамында өте қатты қосылыс - карбид түзеді, беріктік пен нығыздық қасиеттілігін арттырады. Вольфрам қыздыру кезіндегі түйіршіктердің көбеюіне кедергі жасап, морт сынғыштықтан қорғайды.

Ванадий
қаттылығы мен беріктігі жоғарылайды, түйіршігін ұсақтатады. Болаттың тығыздығын арттырады.

Кремний
құрамы 1 % артық болған жағдайда болаттың қасиеттеріне ерекше әсер береді: 1-1. 5% Si жабысқақтығын сақтай отырып, беріктікті арттырады. Кремний құрамын арттырса, электр кедергілігі және магнит әсерлігі күшейеді. Сонымен қатар, кремний серпімділік пен калийленуді арттырады.


Марганец

құрамы 1% жоғары болғанда болаттың қаттылығы, тозуға төтеп беруі күшейеді, соққығы төзу ауыртпалығы иілгіштігіне әсер етпей артады.

Кобальт
қызуға төзімдігі мен магниттік қасиеттерін арттырады, соққыға қарсы кедергіні үлкейтеді.

Молибден

беріктігін, серіпімділігін, созылу беріктілігнің шегін арттырады, коррозияға қарсылық және жоғары температурада қышқылдануға қарсылығы күшейеді.


Титан

болаттың беріктігі мен тығыздығын арттырады, үтйіршектендіреді, өңделу тиімділігі және коррозияға қарсылығы күшейеді.


Ниобий

дәнекерленген конструкциялардың қышқылдану мен коррозиялануға қарсылық мүмкіндіктерін арттырады.

Алюминий
қызуға төзімділік пен калийленуді жоғарылатады.

М ыс
коррозияға қарсылық қасиетін арттырады.

Церий
беріктік пен иілгіштік қасиеттерін арттырады.

Цирконий
қажетті мөлшердегі түйіршікті болат алуға жағдай жасайды.

Лантан, церий, неодим

көпіршіктену мен болат құрамындағы күкірттің көлемін азайтады, жазық бетінің сапасын жақсартады, түйіршіктерді ұсақтайды.

Қоспаланған болатты қоспалану деңгейіне қарай түрлері: төмен-қоспаланған (қоспа элементтері 2, 5% дейін), орташа-қоспаланған (2, 5%-тен 10% дейін), жоғары-қоспаланған (10%-тен 50% дейін) . Жоғары-қоспаланғанға жататындары:

• коррозияға төзімді (таттанбайтын) болат пен қорытпа, электрохимиялық және химиялық, аралық кристаллитті, кернеулік және басқа да коррозияларға қарсы тұратын қасиетке ие;

• ыстыққа төзімді (калиленбейтін) болат пен қорытпа, температурасы 50°С -тен жоғары газдалған ортада химиялық ыдырауға төзімді, қалыпты жағдайдағы;

• ыстыққа берік болат пен қорытпа, ұзақ мерзім бойы ыстыққа төзімділікпен жоғары температурада жұмыс жасауға беімделген.

Болат маркалары


Қарапайым сапалы көміртекті болат ГОСТ 380-94.

Қолдану аймағы.

Қарапайым сапалы көміртекті болат ыстық жаймаланған өнімдер үшін: сорттық, фасондық, қалыңбетті, жұқабетті, кеңқуысты және суық жаймаланған жұқабетті, сонымен қатар қорытпа, блюм, сляб, сутунка, құбыр, қалып пен штамп, лента, сым, метиз, т. б. бұйымдар жасау.

Классификациясы.
Қарапайым сапалы көміртекті болаттың маркалары: Ст0, Ст1кп, Ст1пс, Ст1сп, Ст2кп, Ст2пс, Ст2сп, Ст3кп, Ст3пс, Ст3сп, Ст3Гпс, Ст3Гсп, Ст4кп, Ст4пс, Ст4сп, Ст5пс, Ст5сп, Ст5Гпс, Ст6пс, Ст6сп.

Ст әріптерімен болатты белгілейді.

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрлары - марканың химиялық құрамына байланысты нөмірі. Нөмірдің өсуіне байланысты құрамындағы көміртек пен уақытқа сәйкесті кедергісінің артуы анықталады.

Цифрдан кейінгі әріптер болаттың қышқылдануын көрсентеді: КП - қайнау кезі; ПС - жартылай тынық; СП - тынық.

Көміртекті сапалы конструкциялы болат ГОСТ 1050-88.

Жалпы техникалық шарттары .

Қолдану аймағы .

Бұл стандарт ыстық жаймаланған және қақталған жаймалардың техникалық қасиеттерін анықтайды. Олар көміртекті жоғары сапалы конструкциялы болат маркалары - 08, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 58 және 60, диаметрі 250 мм-ге дейін. Сонымен қатар калибрленген және арнайы өңделген барлық болат маркалары.

Химиялық құрам нормаларына байланысты стандарт басқа да жаймалау түрлеріне, жоғарыда көрсетілген болат маркасынан жасалған құймаларға, қақтамаларға, штапмптарға, сонымен қатар 05кп, 08кп, 08пс, 10кп, 10пс, 11кп, 15кп, 15пс, 18кп, 20кп и 20пс маркалы болаттар үшін де қолданылады.

Классификациясы .
Бастапқа екі цифрмен белгілену ( 08, 10, 15, 20 және т. с. с, 60 дейін) жүздік проценттік үлестегі көміртектің орташа құрамын көрсетеді. Цифрлардан кейінгі КП және ПС әріптері болаттың қайнатылған және орташа қалыптағы күйін анықтайды.

Бетінің сапасы :


1ГП
- ыстық тұнба (байқау )
2ГП - қысыммен ыстықтай өңдеуге арналған
3ГП - механикалық суық өңдеуге арналған


Механикалық қасиеттері:

М1 - қалыпталған күйде
М2 - күйіктеу немесе нормалаушы механикалық қасиеттері
М3 - қалыпталған механикалық қасиетті
ТО - күйдірілген, жоғары арылған

Қаттылық :

ТВ1 - термиялық өңдеусіз
ТВ2 - қалыпталған беріктік
ТВ3 - күйіктелген жаймалау


Төмен-қоспаланған және қоспаланған конструкциялық болат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Термодинамиканың заңдары
Ішке қондырылатын бөлгіштердің түрлері мен құрылысы
Қазақстан Республикасының төлем балансындағы капитал қозғалысының есебі
Физика сабағында масса ұғымын қалыптастыру
Ток өткізгіш шиналардың материалдары және оларды бояу
Тіректер конструкциясын және оларды трассаның профилі бойынша орналастыруды оқып білу
Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштар
Ротор орамасының тогы
Жанаса байланысқан сөз тіркестері
Әуелік электр тарату желілерінің монтажы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz