Дидактика туралы түсінік
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
І.тарау .Дидактика туралы түсінік
1.1.Дидактикадағы оқыту әдістерінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.8
1.2.Қазақ тілін оқыту әдістерін жіктелу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.19
ІІ.тарау Тіл дамыту жұмыстарында қолданылатын әдіс.тәсілдердің тиімділігі
2.1.Тіл дамыту жұмыстарында әдіс тәсілдерді пайдалану жолдары ... ...20.24
2.2.Тіл сабақтарында қолданылатын әдістерді әдіскер ғалымдардың
жіктеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.28
Әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Тақырып өзектілігі: кейінгі жылдары Президент Н.Ә.Назарбаевтың қолдауының арқасында үкімет білім саласына көңіл бөле бастады.
Дегенмен 1990-1999 жылдар аралығында жалпы білім саласы төмендегені хақ.Мұны тек біздің мемлекетіміздің кемшілігі дей алмаймыз.Мемлекет басшылары да, әсіресе президентіміз Н.Ә.Назарбаев шамалары келгенше мектепке, білімге көңіл бөлуде.Білім туралы заңдар қабылданды (1992, 1999ж.ж.), тұжырымдамалар жасалды (1992, 1993, 1997ж.ж.) тәрбие туралы “Атамекен” (1992ж.) бағдарламасын енгізді, мемлекеттік Конституцияға (1995ж.) баптар енуде, елбасының жылдағы Қазақстан халқына үндеулерінде білім туралы баса айтылып, ауылдық жердегі мектептерді компьютерленді-руді қолға алып, барлық мектеп жасындағы балаларды мектеппен қамтуды қадағалап жүр.Мұның бәрі орынды.
Балалардың білім деңгейін кеңейту үшін, олардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың өз ой пікірін айтуға мүмкіндік беруде әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану өте тиімді болып келеді.
Тілді оқыту барысында барлық іс-әрекеттердің, жұмыстардың, қолданылатын құралдар мен материалдардың-жалпы әдіс-тәсілдердің іске асуы үшін қажет құрамды бөлшектердің жетіліп, өзгеріп отыруын қадағалайды.Ол жалпы жүйесінің бір орында тұрып қалмай, сан жағынан да, сапа жағынан да үнемі өзгеріп отыруын қажет етеді.
Зерттеу мақсаты: оқу белсенділігін арттыру, білім іскерлік дағдысын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді оқушылардың материалды тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда озат мұғалімдер тәжірибесінде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерді саралап, жинақтауын мақсат еткен қазақ тілі пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу міндеті-оқыту үрдісінде әдістерді қолданудың негізгі көздейтін міндеті-оқытудың жүйелі түрде сұхбатқа, әңгімелесуге құрылуы, оқушының білімді меңгеруде белсенді түрде жұмыс жасауы, басқалармен пікір таласы, қарым-қатынаста болуы, алға қойған мақсатты жеке оқушы емес, ұжым болып шешуі.Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты, жауапкершілікті қажет етеді.
Зерттеу нысаны: қазақ тілі әдіс-тәсілдерінің үлес қосқан әдіскер ғалымдардың зерттеулеріне шолу.
Зерттеу болжамы: қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабі- летінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.Қолдануға өте тиімді ғылыми негіздері ретінде Л.С.Выготский, Д.Дьюй, Ж.Пиаже еңбектерін атауға болады.Сын тұрғысы- нан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түкпірінен жмналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен, ғылыми теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен жүзеге аса бастаса оқушылардың білім деңгейлерін арттыруға әсері зор.

Әдебиет тізімі
1.Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы -Алматы, 1969
2.Әбілқаев А.Қ. Қазақ тілін оқыту методикасы -Алматы, 1995ж.
3.Әлімжанов, Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы -Алматы,
4.Байтұрсынов А.Тіл тағылымы -Алматы, «Ана тілі» 1992 ж.
5.Бадырақов Қ. Сәт сапар, жас ұстаз! -Алматы, «Ана тілі» 1992ж.
6.Бегалиев Т.Б., Мусаева С.А. Жас ерекшелік педагогикасы -Алматы,
Фолиант 2006ж.
7.Ботабаева Ұ.Ана тілінен дилактикалық материалдар -Алматы,«Рауан» 1992
8.Жеткізген Ж.Б. Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері -Алматы,«Кітап» 2006
9.Жұбанова М.Қ. Жұбановтың ұлттық дидактика хақында -Алматы, 2002ж.
10.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми теориялық
негіздері -Алматы, 1996ж.
11.Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
-Алматы, 2005ж.
12.Оралбаева Н.Орыс тілінлегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі.
13.Құлмағамбетова Қазақ тілін оқыту әдістемесі -Алматы 2000ж.
14.Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
-Алматы, 2007ж.
15.Қоянбаев Педагогика -Астана 2000ж.
16.Мұхамади Қ.Т. Қазіргі қазақ тіліндегі қимылдың тездік тәсілінің берілу
жолдары -Адматы, 1997ж.
17.Шалаханова А.Е. Балаларға қазақ тілін үйретуде ойын тәсілін қолдану
-Алматы, 2006ж.
18.Исабаев Ә.Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері -Алматы, 1993ж.
19.Сүлейменова Ж. "Оқушылардың оқу белсенділігін арттырудың тиімді
жолдары" // Қазақ тілі және әдебиеті 2002-№10
20.Кәрменбаева Б."Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу"
//Тәрбие құралы 2005-№1
21.ҚАЗМУ хабаршысы 1998-№20-№25. б.33-36

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І-тарау .Дидактика туралы түсінік
1.1.Дидактикадағы оқыту әдістерінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...5-8
1.2.Қазақ тілін оқыту әдістерін жіктелу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 8-19
ІІ-тарау Тіл дамыту жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі
2.1.Тіл дамыту жұмыстарында әдіс тәсілдерді пайдалану жолдары ... ...20-24
2.2.Тіл сабақтарында қолданылатын әдістерді әдіскер ғалымдардың
жіктеу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..24-26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27 -28
Әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе
Тақырып өзектілігі: кейінгі жылдары Президент Н.Ә.Назарбаевтың қолдауының
арқасында үкімет білім саласына көңіл бөле бастады.
Дегенмен 1990-1999 жылдар аралығында жалпы білім саласы төмендегені
хақ.Мұны тек біздің мемлекетіміздің кемшілігі дей алмаймыз.Мемлекет
басшылары да, әсіресе президентіміз Н.Ә.Назарбаев шамалары келгенше
мектепке, білімге көңіл бөлуде.Білім туралы заңдар қабылданды (1992,
1999ж.ж.), тұжырымдамалар жасалды (1992, 1993, 1997ж.ж.) тәрбие туралы
“Атамекен” (1992ж.) бағдарламасын енгізді, мемлекеттік Конституцияға
(1995ж.) баптар енуде, елбасының жылдағы Қазақстан халқына үндеулерінде
білім туралы баса айтылып, ауылдық жердегі мектептерді компьютерленді-руді
қолға алып, барлық мектеп жасындағы балаларды мектеппен қамтуды қадағалап
жүр.Мұның бәрі орынды.
Балалардың білім деңгейін кеңейту үшін, олардың сабаққа деген
қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың өз ой пікірін айтуға мүмкіндік беруде
әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану өте тиімді болып келеді.
Тілді оқыту барысында барлық іс-әрекеттердің, жұмыстардың, қолданылатын
құралдар мен материалдардың-жалпы әдіс-тәсілдердің іске асуы үшін қажет
құрамды бөлшектердің жетіліп, өзгеріп отыруын қадағалайды.Ол жалпы
жүйесінің бір орында тұрып қалмай, сан жағынан да, сапа жағынан да үнемі
өзгеріп отыруын қажет етеді.
Зерттеу мақсаты: оқу белсенділігін арттыру, білім іскерлік дағдысын
қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді оқушылардың материалды тез және саналы түрде
түсінуін ұйымдастырумен бірге оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда озат
мұғалімдер тәжірибесінде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерді саралап,
жинақтауын мақсат еткен қазақ тілі пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу міндеті-оқыту үрдісінде әдістерді қолданудың негізгі көздейтін
міндеті-оқытудың жүйелі түрде сұхбатқа, әңгімелесуге құрылуы, оқушының
білімді меңгеруде белсенді түрде жұмыс жасауы, басқалармен пікір таласы,
қарым-қатынаста болуы, алға қойған мақсатты жеке оқушы емес, ұжым болып
шешуі.Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен
шығармашылықты, жауапкершілікті қажет етеді.
Зерттеу нысаны: қазақ тілі әдіс-тәсілдерінің үлес қосқан әдіскер
ғалымдардың зерттеулеріне шолу.
Зерттеу болжамы: қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы
оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабі-
летінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы
жүзеге асып келеді.Қолдануға өте тиімді ғылыми негіздері ретінде
Л.С.Выготский, Д.Дьюй, Ж.Пиаже еңбектерін атауға болады.Сын тұрғысы- нан
ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түкпірінен жмналған білім
берушілердің еңбектерінің жиынтығы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
бағдарламасы: оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, оқыту
мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен, ғылыми теориялық
тұжырымдамаларының тереңдігімен жүзеге аса бастаса оқушылардың білім
деңгейлерін арттыруға әсері зор.
1.Дидактика туралы түсінік.
1.1.Дидактикадағы оқыту әдістерінің теориялық негіздері.
Білім беру, жалпы білімнің даму тарихы ертеден басталады.Кейінірек ол
дидактика ғылымына сүйеніп дамыды.Дидактика педагогиканың негізгі ғылымы
болып табылады.Оны оқыту және білім беру теориясы деп атайды. Дидактика-
гректің “дидактикос” деген сөзінен шыққан.Оның мағынасы білім беру мен
оқытудың теориясы немесе “оқытамын”, “білдіремін” деген түсінік.
Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселелері: оқытудың мазмұны, процесі,
әдістері, түрлері, заңдылықтары, принциптері т.б.
Дидактиканың негізгі ұғымдары (категориялары) бар. Олар: оқыту, білім
беру яғни, оқыту процесі, оқытудың принципі, білім берудің мазмұны, оқытуды
ұйымдастырудың түрі.Сонымен әр ұғымға талдау жасайық:
а) Оқыту процесі-ұстаз бен шәкірттің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат
көрсетілген процесс.Бұл процесс барысында балаларға білім беру, тәрбиелеу
және оларды дамыту іске асады.
б) Оқытудың принципі-оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең
негізгі дидактикалық талаптар жүйесінен анықталады.Дидактикалық принциптер
оқушылардың таным қызметі және оқыту мақсаттарымен тығыз байланыста
болады.Оқыту принципі оқу пәндерін оқытудың барлық сатысында қолданылатын
жалпы қағидалар болып табылады.
в) Білім берудің мазмұны.Жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін
меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі, Білім берудің мазмұны.
г) Оқытудың ұйымдастыру түрі (формасы) дегеніміз-ұстаз бен шәкірттердің
арнайы ұйымдастырылған, белгіленген тәртіпте жүргізілетін оқу-таным, іс-
әрекет процесі.Оқытуды ұйымдастыру оның мазмұны, әдіс-тәсілдері арқылы
жүзеге асырылады.
Дидактиканың өзінің тарихы бар.Ол чехтің ұлы ұстаз ғалымы Ян Амос
Коменскийден (1592-1670) келеді.Оның “Ұлы дидактика” (1657ж.) деген
еңбегінде оқыту теориясының түйінді мәселелерін шешіп берді.Мектептерде
қолданылып жүрген оқытудың көрнекілік, жүйелілік, бірізділік принциптерін
кезінде Я.А.Коменский ұсынған.
Я.А.Коменский білім беру мен оқыту шәкірттердің жас және дербес
ерекшеліктеріне сәйкес жүруін, оқыту мен тәрбиелеу мақсатының тығыз
байланыста болуын талап етті, оқытудың сынып-сабақ жүйесін белгіледі.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский (1824-1871) Я.А.Коменскийдің еңбегін Ресейде
насихаттап, дамытады.
Ы.Алтынсарин (1841-1889) Я.А.Коменскийдің, К.Д.Ушинскийдің ықпалымен
қазақ даласына еуропалық білім беру жөніндегі жаңалықтарды әкелді,
еуропалық білімді уағыздап таратты, мектептер ашты, қазақ жастарын
оқытты.Оның “Қырғыз хрестоматиясы” (1879ж.) кезінде өте құнды еңбек болып
саналған, ол өзінің құндылығын бүгін де жоғалтқан жоқ.
Кеңес дәуіріндегі дидактиктер, психологтар, әдіскерлер С.Т.Шацкий (1878-
1934) пайдалы еңбекті ұйымдастыру әдісі, П.П.Блонский (1884-1941)
педология, П.Н.Груздев (1889-1953) оқыту процесіндегі ойлау туралы еңбектер
жазған, сөйтіп дидактикаға өз үлестерін қосқан ғалымдар.Олар шәкірттердің
ақыл-ой дамуының оқытудағы мақсаткөздеушілік процесінде белсенді және
саналы түрде білімді игеру мәселелерін зерттеген.
Одан бері де қазақстандық ғалымдар А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов,
М.Жұмабаев, С.Қожахметов, А.У.Сембаев т.б. оқыту тәсілдерінің түрлерін,
шәкірттердің танымдық іс-әрекеттерін белсендіре түсуге бағытталған
зерттеулермен айналысқан.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин т.б. оқыту мен
даму арасындағы байланысты тереңдете көрсеткен.Әсіресе олар қарым-қатынас
мәселелеріне көп көңіл бөлген.
Кейінгі кезде озат –жаңашыл ұстаздар Ш.А.Амонашвили, Е.Н.Ильин,
И.П.Волков, қазақстандықтар Р.Нұртазина, Қ.Нұрғалиев, А.Ысқақов, т.б.-
дидактикаға өз үлестерін қосқан және қосып та жүрген азаматтар.
Сонымен жалпы оқытудың, білім берудің, орта білімнің тарихы ерте заманнан
басталып, “дидактика” деп аталып күні бүгінге дейін дамып келеді және
дамиды да.Бірақ әр ғылымның, оның ішінде білім туралы, оның мазмұны туралы,
өзінің шарықтап дамитын немесе тоқырайтын кезеңдері болады.
Білімге деген көзқарастағы қарама-қайшылық-тарихи объективті.Себебі
осындай өтпелі кезеңде жыртықты жамау үшін бүгінгі күнді ойлап өндіріс,
ауыл шаруашылығына көңіл бөлетіні бегілі.Себебі, білімнің өндіргіш күш бола
тұра, берер нәтижесі тез арада көрінбейді.
Мұндай көзқарас ертеден қалыптасқан.Ол білімді екіге бөлуден туындаған:
материалдық білім және формальдық немесе интеллектуалды-классикалық білім.
а) Адамдарды тәжірибелік пайдалы білімдермен қаруландыруды талап еткен
ерте дәуірде материалдық білім теориясы пайда болғаны белгілі.Бұл теорияны
жақтаушылар Дж.Дьюи, Б.Боуд, Х.Рагг, Дж.Каунте т.б. білімнің мазмұнын
таңдап алу негізінде үйренетін пәннің өмір үшін пайдаға жарарлық сатысын
ұсынды.
б) ХҮІІІ ғасырдың аяғынан бастап формальды-интеллектуалды немесе
классикалық білім теориясы пайда болды.Мұны жақтағандар Ж.Ж.Руссо,
Г.Песталоцци, А.Дистервег т.б. Олардың ойынша оқушыларға кең көлемде білім
берудің керегі жоқ, өйткені олар барлық білімді меңгере алмайды.Бірақ
оқушыларға оладың ақыл-ой өрісін, қабілеттілігін, ойлауын, ауқымын жа-дында
сақтау қабілетін дамытатын материалдарды беру керек.Екі бағыттың екеуі де
өзінше дұрыс.Бірақ бірінсіз бірінің күні жоқ. Сондықтан осы бағыт-тың
екеуінің біреуін К.Д.Ушинский, т.б. ғалым- педагогтар уағыздаған.Кейін өмір
осы пікірдің дұрыстығын дәлелдеді. Мектептерде екі бағыттың екеуі де
пайдалануда.
Қазақстандағы мектеп жүйесі мен білім беру мазмұны саяси және экономи-
калық міндеттерімен тығыз байланыста болып біртіндеп дамыды.
Болашақта жалпы орта білім мына бағыттарда дамиды:
- бастауыш мектеп жалпы орта білімнің баспалдағы іспетті дамуы;
- жалпыға бірдей орта білім беру.Ол 10, 11, 12 жылдық болуы;
- арнайы орта білім беретін оқу орындарының дамуы;
- мемлекеттік тегін білім беретін оқу орындарының жұмыс істеуі;
- жекеменшік оқу орындарының ашылып, жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу;
- жалпыға бірде орта, политехникалық, еңбек, кәсіптік білім беретін оқу
орындарының болуы;
- діни оқу орындарының ашылуына мүмкіндік беру.
Ата-ана осы бағыттың қалағанын баласының қабілетін, тілегін ескере
оитырып, ыңғайлысын таңдап алып, баласын сол бағытта оқытуға мүмкіндік
алады.
Көп жағдайда жалпы орта білім, сол отра біліммен қатар политехникалық
білім беріп, еңбекке баулып, балаларға кәсіптік бағда жасап, кәсіптік
білімнің әліппесін береді.Жалпы орта білімнің, политехникалық білімнің және
кәсіпке баулудың негізі- жалпы орта білім.Бәрі сол орта білім арқылы жүзеге
асады.
1.2. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жіктелу жүйесі.
Әр кезеңнің өзіне сай оқыту кезеңдері болған.Оқыту әдісі заман талабына,
білімнің мазмұнына, оқытудың заңдылықтарына, баланың ақыл-ой, санасына
байланысты.Онсыз ешқандай оқыту әдісі жоқ.Осыған орай индукциялық (жалқыдан
жалпыға), дедукциялық (жалпыдан жалқыға) әдістердің орны бөлек.Бұл жерде
анаииз (талдау), синтез (жинақтау), саластыру, дифферен-цияция, интеграция
арқылы оқыту білімнің мазмұнын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Оқыту әдісі арқылы білім алу қоршаған ортаға, әлеуметке, табиғатқа
байланысты.Ал табиғатты, қоршаған ортаны, әлеуметті қарым-қатынас арқылы
білеміз.
Сонымен педагогикалық оқыту әдістеріне нәр беретіндер немесе табиғи
негіздер: ғылыми таным, күнделікті таным, ақпарат алмасу боып
табылады.Осылар баланы, ұстазды ойға жетектейді, оқыту әдістерін
пайдалануға, қоршаған ортаны, әлеуметті, табиғатты зерттеуге итермелейді.
Ғылыми таным арқылы баланы оқыту әдістері өте күрделі.Жоғарыда айтқандай
ғылыми танымның элементтері бастауыш сынып сабақтарында беріледі.Танымның
бұл түрі жоғары сынып оқушыларына физика, химия т.б. пәндер арқылы
жалғасады.Мұнда да бақылау, ақпарат, талдау, болжау, ал- дыңғы қатарлы
тәжірибені жинақтау т.б. әдістері қолданылады.Бірақ бұл ғылыми тұрғыда.
Ақпарат алмасу, пікір-сайыс, пікір-талас, қарым-қатынаста ұстаз баланың жас
және дербес ерекшеліктеріне байланысты ғылыми таным мен күнделікті
танымнан пайда болған ой-санасын сараптап жүйеге түсіреді.
Осының нәтижесінде ұстаз бен шәкірттің оқыту, оқу қарым-қатынасы пайда
болып, оқыту әдістері айқындалады.
Күнделікті танымдық әдістерді ұстаздардың барлығы қолданады.Ал ғылыми
танымдық әдістерді қолдану әр ұстаздың қолынан келе бермейді.Оған теориялық
білім керек.Оқулықтардың материалдарын ғылыми тұрғыдан қарап, ғылыммен
байланыстыру қажет.
Дидактикалық түрде негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың жолдары
арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді
байланыстыру арқылы іске асады.
Жаңашыл ұстаздар күнделікті таным процесінен ғылыми таным процесіне
немесе ғылыми таным процесінен күнделікті таным процесіне ауысып,
оқушыларды үйретудің тиімді жолдарын іздестіреді, яғни индуктивті-
дедуктивті, дедуктивті-индуктивті әдістерді пайдаланады.
Дегенмен оқыту әдістерінің өзінше қолайлы етіп таңдаудың теориялық
қағидалары, іске асыру жолдары бар.Олар оқыту әдістерінің негіздері болып
табылады.Сонымен:
1.Әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі.
2.Әр әдістің педагогикалық, психологиялық тиімділігі, атқаратын қызметі.
Мысалы, әңгіме әдісін баланың сана-сезімін қалыптастыруға қолдансақ,
түсіндіру әдісін баланың логикасын, ал мәселелік жағдаятты баланың ой-
өрісін дамытуға қолданамыз.
3.Әдістің ұстаз бен шәкірт қызметтестігін ұйымдастыруға бағыттылығы: қарым-
қатынас, іс-әрекет, оқып үйрену, үйрету.
4.Әдістің оқушылардың жас және дербес ерекшелігіне сәйкестігі: сөйлеу, ой-
лау, өмір тәжірибесі, эмоционалдық дамуы, ес, қабілет т.б.
5.Әдіс ұстаздың жалпы мәдениетіне, қабілетіне, дайындығына, білімдігіне,
шығармашылық және әдістемелік деңгейіне, жеке басының қасиетіне байланысты.
6.Әдіс сабақтың мазмұнына және ерекшелігіне байланысты.Мысалы, математика,
физика пәндерін логикаға сүйеніп, ал ботаника, зоологияны көру арқылы өтуге
болады.
7.Әдіс оқытудың түріне байланысты.Мысалы, зертханалық сабақтарда нұсқау,
тапсырма, кеңес беріп, тексеріп қорытындылауға болады.
8.Әдіс сабақ барысында жағдаятқа байланысты өзгеруі де мүмкін.Мысалы,
сабақты нашар оқитын балалар үшін қайталап өтсе, жақсы оқитын оқушылармен
кеңесу арқылы өткізуге болады.
9.Әдістер өзара байланысты.Мысалы, дәрісте әңгіме, иллюстрация, демонс-
трация әдістері қолданылады.
10.Әдістердің таным сатылармен сәйкестігі.Мысалы, жаңа тақырып өткенде жаңа
білімді қабылдайды.Бұл жерде бір әдіс қолданылса, ал ескі тақырыпты
қайталағанда басқа әдіс қолданылады.
Оқыту әдісінің нәтижелі қолданылуы ұстаздың шығармашылығына, шәкірт-
тердің білімге деген құштарлығына байланысты.
Егер де осы көрсетілген 10 қағидалық негіз дұрыс пайдаланылса оқыту әдіс-
тері дұрыс іске асады.
Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі ұстаз бен шәкірт қызметтестігінен
туындап, шәкіртке білім-тәрбие береді.Оқыту әдістері мен оларға білім беру-
ді ұйымдастырып дүниетанымын қалыптастырады.
Оқушы өзінің алған білімінің нәтижесінде дамиды, білім алудың екінші
сатысына көтеріледі.Оның интеллектуалды қабілеті, дарыны, сезім мүшелері,
көруі, естуі, иіс сезуі, дауысы, жігері, рухани қажеттілігі, эмоциясы, т.б.
күшейеді.Осының бәрі баланың білім алуына, оқуына, ұстаздың керекті оқыту
әдісін қолдануына дұрыс ықпал етеді.
Педагогикалық оқыту әдістеріне нәр беретін табиғи негіздер: ғылыми таным,
күнделікті таным, ақпарат алмасу болып табылады.Осылар баланы, ұстазды ойға
жетектейді, оқыту әдістерін пайдалануға қоршаған ортаны, әлеуметті,
табиғатты зерттеуге итермелейді.
Оқыту әдістерінің, тәсілдерінің, құралдарының өмірге сәйкес болуы
заңды.Сондықтан да оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес
қосқандар да баршылық.
Орыс данасы Лев Толстой: Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ
Олақтықтың белгісі-бір ғана әдісті болу; шебеліктің белгісі-түрлі әдісті
болу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу.Мұғалім әдісті көп
білуге тырысу керек;оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану
керек дейді.
Әдіс турасында басқалардың да пікірлерін қорытып қысқасынан айтқанда, әр
әдіс өз орнында жақсы деген пікір болып шығады.Әдіс-керекшіліктен шығатын
нәрсе.Әдістің жақсы жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай.
А.Байтұрсыновта ұсынған бірнеше әдіс-тәсілдер.
Жалқылау (Айырыңқы) әдіс-жалпылау әдіске қарсы жөндегі әдіс.Жалқылау
әдістің жалпылау әдістен артықтығын қуаттайтын пікір 18-ғасырдың аяғында
туады.Бастап қуаттаушылар бұл әдістің артықтығын былайша дәлелдеген: бір
нәрсемен баланы таныстырғанда, оның бөлімдерінен бастап таныстырмаймыз,
тұтас тұрған тұлғасында таныстырамыз.Оқу үйреткенде де сөздің әріппен,
буыннан бастамай, сөздің тұтас тұлғасынан бастап үйрету керек дейді.Бұлайша
үйрету үшін оқулық керек емес.Түсінікті сөздерді алып балаға жаттату
керек.Мағынасыз әріпті жаттағаннан мағыналы сөзді жаттау жеңіл әрі көңілді
болады дейді.Бұл әдістің негізгі кемшілігі сөзді жаттау.
Ал жалпылау әдіске жан беріп күшейткен атақты француз оқытушысы Жакото
(1770-1840).Мұнда да оқулық (әліппе) керек емес.Кез келген кітаптың бір
бетін алып ішіндегі сөйлемдерді оқытып, оларды сөзге, сөзді буынға, буынды
әріпке бөліп таныстырса, бала оқуды үйреніп алады. Өйткені, барлық әріп
кітаптың бір бетінен табылады дейді.
Бір кезде дыбысты жалқылау әдіс пен дыбысты жалпылау әдіс қатар өркендеп,
сонан екеуі қосылып, жалқылау-жалпылау әдіс пайда болды.Бұл әдіс қолдануға
қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Шағын сөз түрі. Мұның асылы балаларға шағындап алған әр сөздің оқуы мен
жазылуын білдіру.Мұны әуелі Погел, Томас, Белме деген неміс оқытушылары
қолданған.Бұл әдіс балаларды жалықтырмайды.Аз сөзді оқып, көп сөзді оқып
кетуге жарайды.
Жазу-оқу түрі.Бұл әдісті қолдаушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс
емес, жазудан бастау дұрыс дейді.Мұны былай дәлелдейді: Жазу жоқ кезде оқу
жоқ.Оқудан жазу бұрын дүниеге келген.Оқуды жазу тудырған.Бұл әдіс сирек
қолданылады.Бірақ оның пайдасы, ықпалы зор болып, оқу мен жазу қатар
жүреді.
Дыбысты әдіс. Дыбысты әдіспен үйреткенде істелетін істің негізгі бес
түрі:
1) Балалармен әңгімелесу;
2) Оқуға үйретуге даярлайтын жұмыстар;
3) Сөзден дыбыстарды айырып шығару;
4) Әріптермен таныстыру;
5) Білген әріптермен сөз құрау, соны оқу.
20-жылдары ресейлік Б.Е.Райков, К.И. Ягодовский, М.М.Пистрак оқытудың
түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, зертханалық
әдістерін ұсынады.
30-жылдары ресейлік М.М.Пистрак, П.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников оқытудың
жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация,дәріс, кітаппен
жұмыс, зертханалық жұмысты ұсынды..
50-жылдары Д.О.Лордкнипанидзе әдістері топтастырып 3 түрін берді: сөздік,
кітаппен жұмыс, оқыту тәжірибелік.
60-жылдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленка, Н.М.Верзилин білім көзін негізге
алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, кітаппен жұмыс,
көрнекілік тәжірибелік.
И.А.Данилов пен Б.П.Есипов әдістер классификациясын (жіктеп-топтау) жа-
сағанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз
етіп алды: жаңа білімді меңгеру, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру, білімді
қолдану, бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамытуды ұсынды.
Оқыту әдісі дидактиканың ең басты құрамды бөлімінің бірі.Оқыту әдістері,
білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен
анықталады.Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы.
оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту
әдістері бүгінгі күні көп өзгерістерге ұшырап отыр.
Оқыту әдістері туралы әртүрлі анықтамалар бар.Олар:
а) “Оқыту әдістері дегеніміз-оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі,
соның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың
дүниетанымдығы мен қабілеттілігі артады”.
б) “Оқыту әдістері деген-мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын
әрекеті” (Г.И.Щукина).
в) “Оқыту әдістері-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет арқылы білім
алуы” (И.Д.Зверев).т.б.
Дидактика теориясында оқыту процесінің мәні ұстаз бен шәкірт арасындағы
қарым-қатынас екі жақтылық негізінде қарастырылады.Дәлірек айтқанда, қарым-
қатынас субъект-субъект түрінде болады, яғни оқушының өзінің белсенді рөлі
де болуы керек.
Оқыту әдістері өте көп.Ол пәнге, тақырыпқа, мақсатқа, оқушылардың жалпы
деңгейіне, ұстаздың шеберлігіне, сабақтың керекті құрал-жабдықтарымен
қамтамасыз етілуіне т.б. байланысты.Сондықтан оқыту әдістері топталып
жіктеледі.
Оқыту әдістердің топтап-жіктеудің жиырмадан астам түрі бар.Әдістерді
топтап–жіктеу ғалымның көзқарасына байланысты.Олар әдістерді қай тұрғыдан
алып қарайды? Мысалы, И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский,
Р.Г.Лемберг т.б. ұсынған оқыту әдістерінің жүйеленуі-әдістердің ең кең
тараған түрлері.Олар: ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс),
көрнекілік (иллюстрация, демонстрация), тәжірибелік (зертханалық,
тәжірибелік).
Ауызша әдістерде сөзге, көрнекілікте көркемдік бейнеге, ал тәжірибеде іс-
қимылға сүйенеді.Оқыту әдістерін қолдана отырып, мынаны есте сақтағанымыз
жөн.Бала есту қабілеті арқылы ақпараттың 20 пайызын, көру қабілеті арқылы
20-60 пайызын, сөйлеу қабілеті арқылы 90 пайызын қабылдайды.
Бүгінгі мектептерде ауызша, көрнекілік, тәжірибелік әдістерінің үшеуі де
қолданылады.Әсіресе жаңашыл ұстаздар В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, т.б. бұл
әдістерге жаңа мән беруде.
Топталып-жіктелудің тағы бір кең тараған түрі-оқыту әдісін оқушылардың
таным белсенділігі деңгейіне сай құру.Бұл бағытты ұстағандар И.Я.Лернер,
М.Н.Скаткин.Олар оқыту әдістерінің бес тобын ұсынады:
а) Түсіндіру (әңгіме, дәріс, көрсету, сипаттау әдісі, оқулықпен жұмыс
істеу, жазбаша жаттығулар);
б) Қайталау (жаттығу, әңгіме, өз сөзімен айтып беру);
в) Мәселелік баяндау әдісі (саяхат, демонстрация, оқушының дәлелді түрде
баяндауы);
г) Ізденіс түрлері (байқау, жоспар жасау, эвристикалық әңгіме);
д) Зерттеушілік (тәжірибе, байқау, сыныппен жұмыс, сурет салу).
а) Оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері.Оған сөздік (әңгіме,
дәріс, семинар, кеңесу, кітаппен жұмыс), көрнекілік (иллюстрация,
демонстрация, теледидар, оқулық кино), индуктивті, дедуктивті,
репродуктивтік, мәселелік немесе өз бетінше ізденіс әдістері жатады.
б) Оқыту процесінде оқытудың іс-әрекетін ынталандыру әдістері.Бұл топ-
қа: оқу кезінде мотивтің рөлі, танымдылық ойындар, оқу кезінде қолайлы
жағдаят туғызу, оқушыға қажетті талаптарды қоя білу, мадақтау немесе
жазалау жатады.
в) Оқыту процесіндегі оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және
өзін-өзі бақылау әдістеріне: ауызша тексеру, машинамен тексеру жатады.
Ұстаз сабақ өткізген кезде таза бір әдісті ғана қолданбайды.Сабақ бірнеше
әдісті қолданудың нәтижесінде өтеді.Оның үстінде әрбір әдіс жеке элемент-
терден тұрады.Оны тәсілдер деп атайды.Мысалы, кітаппен жұмыс істеу әдіс-
інің тәсілдеріне: оқыған кітапқа жоспар жасау, қайта айтып беру конспект
жасау т.б. жатады.
Оқытудың сапасы әдіс, тәсілдерге ғана байланысты емес.Ол мектептің оқу
материалдық және техникалық базасына да байланысты.Оқыту әдістерін,
тәсілдерін және құралдарын үйлесімді пайдалануда оқу пәндерінің ерекшелігін
ескеріп, мектеп зертханаларының, оқу кабинеттерінің түрлі көрнекті және
техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі қажет.
Сонымен оқыту әдісі шәкірттердің білімді меңгеру және олардың дамуы мен
тәрбиесіне бағытталған шәкірт пен ұстаз арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-
әрекеттің субъекті-субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде
анықталады.Оқыту әдістері оқыту тәсілдерінен тұрады.Тәсіл-әдістің құрамды
бөлігі.
Қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты-тіл үйрету, яғни оқушыларға дұрыс
сөйлеу сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, грамматикалық формалар мен
сөйлем құрылысын меңгерту.
Оқушыларға қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін, мұғалім
сабақтың түріне қарай әртүрлі әдістерді орынды қолдануы керек.Оқушының
тілін дамыту әдістерін сөз етпек алдында, оның негізі болып саналатын
әдістеменің жалпы әдістеріне тоқтала кеткен жөн.
Оқытудың жалпы әдістеріне, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz