Мұғалімнің өзіне-өзі жетілдіруіндегі психологиялық проблемалар



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Педагогикалық қабілеттер
Б) Педагогикалық іскерлік
В) Педагогикалық әдептіліктің психологиялық негізі.
Г) Мұғалімнің өздігінен білім алуы.
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер
Педагогтық қабілеттер — жеке адамның мұғалім ролінде балаларды оқытуда және тәрбиелуде жоғары көрсеткіштерге жету шарты болып табылатын белгілі психологиялық ерекшеліктер.
Жеке адамның қайсыбір арнайы қабілеттіліктерінің құрылымын жасайтын қасиеттері мен ерекшеліктерінің ішінде бірі жетекші, екіншілері қосымша болатыны белгілі. Педагогтық қабілеттілікте жеке адамның коммуникативтік қасиеттері және алдымен, қабылдау өрісіне жататын (олардың ішіндегі маңыздырағы — бақылағыштық) перцептивті қасиеттері жетекші роль атқарады. Олар мұғалімге оқушының психологиясын, нақтылы жағдайдағы оның психологиялық күйін тепе-тең қабылдауға, класс коллективінің жәй-күйін жалпы жәнс осы педагогикалық ситуацияда ішінара дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің жеке басының коммуникативтік қасиеттсрінің құрамдас бөлігі ретінде эмпатияға, яғни оқушылардың психикалық күй-жайын түсініп, олармен қоса толғануға дайындығы деп есептеуге болады. Мұның қажетті шарты — балаларды сүю. Ақырында, мұғалімнің жеке басының коммуникативтік қасиеттерінің үшінші компоненті деп білім беруге балалармен араласуға ұмтылыста, балалар коллективінің тіршілігі мен іс-әрекетін ұқыпты ұйымдастыру тілегінде көрінетін элеуметтік өзара іс-әрекет тек жоғары дамыған қажеттілік деп есептеуге болады. Әлеуметтік өзара әрекеттегі қажеттіліктерді ойдағыдай жүзеге асыру мұғалімде педагогтық әдептіліктің болуына байланысты.
1. А.В.Петровский «Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы». Алматы 1987 ж.
2. Н.С.Зимниев «Педагогикалық психология»
Алматы 2005 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МҰҒАЛІМНІҢ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

Педагогтық қабілеттер. Педагогтық қабілеттер — жеке адамның мұғалім
ролінде балаларды оқытуда және тәрбиелуде жоғары көрсеткіштерге жету шарты
болып табылатын белгілі психологиялық ерекшеліктер.
Жеке адамның қайсыбір арнайы қабілеттіліктерінің құрылымын жасайтын
қасиеттері мен ерекшеліктерінің ішінде бірі жетекші, екіншілері қосымша
болатыны белгілі. Педагогтық қабілеттілікте жеке адамның коммуникативтік
қасиеттері және алдымен, қабылдау өрісіне жататын (олардың ішіндегі
маңыздырағы — бақылағыштық) перцептивті қасиеттері жетекші роль атқарады.
Олар мұғалімге оқушының психологиясын, нақтылы жағдайдағы оның
психологиялық күйін тепе-тең қабылдауға, класс коллективінің жәй-күйін
жалпы жәнс осы педагогикалық ситуацияда ішінара дұрыс бағалауға мүмкіндік
береді. Мұғалімнің жеке басының коммуникативтік қасиеттсрінің құрамдас
бөлігі ретінде эмпатияға, яғни оқушылардың психикалық күй-жайын түсініп,
олармен қоса толғануға дайындығы деп есептеуге болады. Мұның қажетті шарты
— балаларды сүю. Ақырында, мұғалімнің жеке басының коммуникативтік
қасиеттерінің үшінші компоненті деп білім беруге балалармен араласуға
ұмтылыста, балалар коллективінің тіршілігі мен іс-әрекетін ұқыпты
ұйымдастыру тілегінде көрінетін элеуметтік өзара іс-әрекет тек жоғары
дамыған қажеттілік деп есептеуге болады. Әлеуметтік өзара әрекеттегі
қажеттіліктерді ойдағыдай жүзеге асыру мұғалімде педагогтық әдептіліктің
болуына байланысты.
Педагогтық қабілеттілік құрылымына енетін жеке адамнын кейбір қосымша
қасиеттері мен ерекшеліктерін атай өтейік. Бұл, алдымен, ақыл-ойдық белгілі
касиеттері: тапқырлық, сыншылдық, дәйектілік және тағы басқалары.
Мұғалімнің сөзі де аз маңыз атқармайды: шешендік қабілеттердің болуы,
сөздің лексиқалық байлығы т. б. Сырт пішімінің мәнерлілігі (жанды елесте-
ту, қиялдай білу), сияқты қасиет те педагогтық қызметтің жемістілігінде
белгілі роль атқарады.
Педагогтық қабілеттілік — тек тиімді педагогтық қызметтің шарты ғана
емес, көбіне табысты мұғалім жұмысының нәтижесі. Педагогтық қабілеттіліктер
мұғалімнің психологиялық қасиеттері, қатынастары іс-әрекеттерінің жалпы
құрамында байқалады, қалыптасады, дамиды. Тәжірибе мен арнайы зерттеулер
көрсеткендей, мұғалімнің педагогтық қабілеттерін мақсатты бағыттап
қалыптастыру мен дамыту әбден мүмкін. Мысалы, жеке адамның перцепциялық
қасиеттеріндегі маңызды элемент — бақылағыштық — педагогтық тәжірибені
игеру процесінде де, сондай-ақ педагогтың арнайы күш салуы нәтижесінде де
дамып, жетіледі. Ол өзінің әлеуметтік-психологиялық бақылағыштығын, яғни
оқушылардың мінезі мен бейімділігінің түрлі белгісін аңғару
қабілеттілігімен қатap, оның пайда болу себептерін білу, оның жағдайға
сәйкес айқындалуын бағалау т. б. қабілетін дамыта алады. Әрі жеке адамның,
педагогтың қабілеттілік кұрылымына кіретін сөйлей алу, елестету, қиялдау
сияқты көптеген қосымша қасиеттерін дамытуға болады.
Педагогтық іскерлік. Іскерлік термині субъектідегі бар білімдағдылармен
жасалатын іс-әрекеттерді мақсатты бағытта реттеу үшін қажетті психологиялық
және практикалық іс-әрекеттің күрделі жүйесін иемденуді білдіреді. Осыған
байланысты негізгі педагогтық іскерлікке мыналарды жатқыза аламыз:
мұғалімге белгілі білімді, шешімдер варианттарын, оқыту мен тәрбие
тәсілдерін, оларды оқу-тәрбие жұмысының нақты жағдайларының өзіне тән
ерекшеліктеріне сәйкес көшіре отырып жаңа педагогикалық ситуация жағдайына
тасымалдай білу;
әрбір педагогикалық ситуация үшін мұғалімге мәлім идеяларды, білімдерді,
дағдыларды үйлестіруден жаңа шешім таба білу;
педагогикалық білімдер мен идеялардың жаңа элементтерін жасап, нақты
педагогикалық ситуацияны шешу үшін жаңа тәсілдер құрастыра білу.
Мұғалім педагогтық қызмет процесінде ситуациялармен істес болады, олардың
әрқайсысы өзіне тән ерекше қарым-қатынас пен шешім талап етеді. Тіпті
әңгіме оқудан тыс жұмысқа қарағанда, едәуір көп программаланған және
стандарттанған оқыту процесі туралы болғанның өзінде, пәннің мазмұны және
оны оқутыдың методикалық-нұсқаулары мұғалімнің оқушылар мен жұмыс
процесінде істес болатын ситуациялардың стандартты еместігі туралы
мәселенің түспейтіні есте болғаны жөн. Себебі: әрбір нақтылы класта, әрбір
окушы мен тұтас коллектив тұрғысында мұғалім сабақ берумен оқытудың
әдістері мен тәсілдерінің ерекшеліктерін пайдалануы қажет. Басқа сезбен
айтқанда, мұғалім оку-тәрбие процесінің әрбір нақтылы жағдайында өз
бойындағы білім мен дағдыларды осы жағдайға орынды іс-әрекеттерді таңдауға
және жүзеге асыруға арналған іс-әрекет тәсілдерінің педагогтық әрі
әлеуметтік тәжірибесін жұмылдыра білуі тиіс. (Мұндай жұмылдыру саналы да,
түсінбей де жүргізіледі).
Аталған жалпы педагогтық іскерліктерден басқа мұғалімге бірқатар негұрлым
жиі бірақ мәні аз емес іскерліктерді игеру қажет, олар оның үстіне жиі
жалпы педагогтық іскерліктерді қолданудың тиімді шарты болып табылады.
Алдымен әңгіме мүғалімнің өзінің оқушыларын, олардың ортасындары өзара
қарым-қатынастарын, олармен өзінің байланысын осы сәттегідей дәл ұғынып,
көре білуді тұрақты жетілдіру қажеттілігі, яғни оқу-тәрбие процесіндегі
жағдайды спонтандық-пен қабылдай білуі қажет екені туралы болып отыр. Ал ол
тектен-тек емес. Әңгіме педагогтың әр уақытта да окушыларға қатысты сыртқы
позицияда тұратыны, олардың тіршілігі мен қызметін өзі ұйымдастыратынына
қарамастан, олардан үнемі қандай да бір мөлшерден тысқары қалып отыратыны
туралы болып отыр. Сондықтан педагог саналы, ойланбай өзі көргенін, өзінің
әлеуметтік даму процесінде ұғынған, норма тұтқан пікірін қолданады. Ал, бұл
мұғалім үшін жаңа құбылыстардың педагогтың бойында бар нормалары мен
ұғымдары тұрғысында дәстүрлі түсіндірмеге әкеліп соқтыруы мүмкін. Оның
үстіне белгілі сұраққа жауап іздеген педагогта елеулі фактілерді көзден
таса қылмау үшін қолайлы бағдар пайда болады. Бірақ бұл бағдар да кейбір
жағдайларда теріс түсінікке әкеліп соқтыруы, өзінің үміті рухында
көргендерін талдауға итермелеуі ғажап емес.
Мұғалімнің педагогтық қызмет пайда болатын проблемаларды көре және ұғына
білуі аса маңызды. Мысалы, етек алган екіліктердің астарында түрлі
себептер болуы мүмкін: таза методикалық — мұғалім талаптарын оқушылардың
даярлық дәрежесімен салыстырмайды; тәрбиелік - класта сабақ даярлау
модадан шығып қалды; психологиялық — оқушылар мұғалімге наразылығын
пәніне нашар даярлықпен білдіреді. Мұғалім аңғарган осы проблемалардың,
әрқайсысы өзіне тән шешім күтеді. Егер мұғалім проблемаларды байқай
қоймаса, екіліктердің санының өсуін оқушылардың, мысалы, жалқаулығына,
тәртіпсіздігіне жорып, тиімсіз шаралар қолдануы (әбден мүмкін.
Педагогтық іскерлік жоғары оқу орындарындағы оқыту процесі сияқты,
мұғалімнің бүкіл педагогтық қызметі процесінде қалыптасып, жетіледі. Мұның
қаншалықты тиімділігі көбіне-көп мұғалімнің осы аталған іскерліктерді
қалыптастырудағы мақсатты бардарына байланысты. Педагогикалық әдептіліктің
психологиялық негізі. Педагогикалық әдептілік — жастардың тәлімгері ретінде
өзіне қойылатын әлеуметтік үміттерді тепе-теқ қабылдау негізінде құрылатын
мұғалімнің мінез-құлқы. Бұл педагогтың оқушылармен, олардың ата-аналарымен
және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктері мен өлшемді
сезіне алуы арқылы көрінеді. Педагогикалық әдептіліктің психологиялық
негізі деп стереотиптердің жиынтығы (тұрақты - ұғымдарды), әлеуметтік
бағдарларды (ненің я кімнің тарапынан ішкі көңіл күйді белгілі жағдайда
қабылдауға, бағалауға және іс-әрекет жасауға даярлығы) және адамдармен
қарым-қатынастары өрісінде мұғалімнің мінез-құлқын айқындайтын жеке
ерекшеліктерді есептеуге болады. Алайда бұл компоненттер берілген не
өзгермейтін нәрсе емес. Олар мұғалімнің барлық өмір процесі мен кызметінде
жасалады да, әдетте, аяқталған түрде болмайды, яғни мұғалім неғұрлым
көбірек педагогтық әдептілікті, игеруге окушылармен өзара қарым-
қатынастарын орнықтыруға тырыса отырып, белгілі шамада өзі қайсыбір
элементтерді өзгертуге ерікті.
Мұғалімнің педагогтын, әдептілікті көрсету мазмұны мен формаларын
анықтайтын кейбір элеуметтік бағдарларды, қарастырайық. Мұғалім мен оқушы
объективті түрде түрлі ұрпақ өкілдері болып табылады. Әрбір жаңа ұрпақ,
өткендермен салыстырғанда, өмірге салыстырмалы түрде алғанда басқаша
жағдайлар-да енеді. Ұрпақтан ұрпаққа шәкірттердің өздері де өзгеріп
отырады. Соның салдарынан әрбір жаңа ұрпақ әкелер мұрасын енжарлықпен
емес, белсенділікпен, іскерлікпен игереді, онын өзі аға ұрпақпен күнделікті
сөйлесу арқылы өтеді. Мұғалімнін окушыларымен карым-қатынасы, нақ осы
сөйлесу арқылы болуы қажет екенін түсінуі өте маңызды. Өкінішке орай,
окушылар кейде мұғалімге кұлақ салганмен де, есітпегенсиді не тіл алмайды.
Мұғалімге олармен сөйлесу барысында өткеннің идеялы мұрасының мұқалмайтын
асылынын кұндылығын жеткізе білуі тиіс. Егер мұғалім оқушының сенімді қарым-
қатынасына қол жеткізген жағдайда, сөйлесу тиімді болады. Тәрбие
практикасында мұндай талапты жүзеге асыру — күрделі, бірақ әбден қол
жететін іс. Ересектерге балалар ортасына табиғи ену өте қиын екені сөзсіз.
Дегенмен, балалар ортасына біршама жақындауға педагогтың балалармен өзара
сенімділік және достык қарым-қатынастары қалыптасқан жағдайда мүмкін
болады. Нәтижесінде рухани қарым-қатынас мүмкіндігі туады. Бұл балалардың
үлкенмен достасуға және онымен қарым-қатынас жасауға деген тұракты
қажеттілігі барлығынан мүмкін болады.
Педагогтық белгілі де айкын позициясы қалыптасканда ғана оның оқушылармен
өзара қарым-қатынастарындағы сенімділік билік құратын – табиғи нәрсе.
Әңгіме педагогтың балалар коллективіндегі сыртқы позициясы емес оның ішкі
позициясы туралы болып отыр. Оның мәні мынада: мұғалімге балалардың
үлкендермен қарым-қатынас жасауға деген, жоғарыда айтылып өткен
қажеттіліктері негізінде балалармен карым-қатынас жүйесіне белгілі бір
дәрежеде ену мүмкін болады. Мұндай жағдайда ол балалар ортасында өтіп
жатқан сырт бақылауда елеңбей калатын жасырын процестерді зерттеуге
мүмкіндік алады. Ол белгілі бір дәрежеде балалардың өзін олардың алдында
тұрған міндеттерді шешуге қатынастыра алады. Бұл педагог әңгімелесуде
олармен бірге өмірдің қилы жағдайын талдап, сол уақиғаға көзқарастарын,
қоршаған ортаға беретін бағаларын анықтаудан көрінеді. Сенімді қарым-
қатынас орнаған мұғалімге балалар өмірінің кысылтаяң сәттерінде кеңес алуға
келіп, олармен өзінің қуанышын бөліседі. Сөйтіп, қалтқысыз сенім педагогқа
балаларды басқа жағдайда мүмкін емес, түрліше жағдайларда көрудің сәті
түседі. Мысалы, балалардың іс-әрекетін мектеп қабырғасында жүргендегіден
гөрі басқа стереотиптер басқаратын ситуациялармен қарым-қатынас жасау өте
манызды, Оның үстіне, педагог мектеп оқушыларымен қарым-қатынастағы ресми
емес ситуацияға түсе отырып, әр кезде ол қайсыбір мінез-құлықтың өзіндік
жолын анықтайды.
Оқушылардың адекватты қабылдауын: олардық мінез-құлқын, жора-
жолдастарымен және үлкендермен қарым-қатынастарын сан алуан уақиғалар мен
проблемаларға көзқарасын тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұстаз психологиясы жайлы
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы
САБАҚТА ЖӘНЕ ТӘРБИЕДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
Сыныптағы тәрбие жұмысын мақсатты жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясы
Мектептегі тәрбиелік шараларды ұйымдастыру әдістемесі
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компонентті ретінде мәні мен мазмұны
Педагогикалық техника принциптерінің оқу-тәрбие процесіндегі рөлін дидактикалық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Маркетингтің дамуының тарихи қағидалары
Пәндер