Мұндайлар бізде де болады



1 Аспаннан түскен "ғажайыптар"
2 ТЕҢІЗ ПЕРІЛЕРІ. Мұхитта жаралған
3 Циклон — үйіріліп соғатын пәле
4 Тайфунның "көзі"
Табиғаттың дүлей күштерінің қимылы Еуразия құрлығында да байқалып жатады. Кейде ол Америка құрлығынан кем соға қоймайды. 1948 жылы жазда Тула қаласы іргесінде соққан құйын машинаның жарты т-лық бір болшегін 200 м жерге апарып тастаған. Жүк тиелген вагондарды темір жол табанынан жұлып кеткені дауылдардың тегеурінді күші қан шалықты болған десеңші 192 жылы 12 маусымда Беларусьте және 1953 жылы Ростовта (Ярославль облысы) соққан құйында кезінде тап осындай оқиға болды.
Сонымен бірге құйын көбін адамның ойына келмейтін қырларымен таңдандырады. Мәселен, ол поселкені басып өткенде үйлерді қиратып кетеді; бірақ ішінде ыдысы бар шкафты орнынан көтеріп алып, басқа жаққа апарып қоюы да мүмкін екен. Ең таңданарлығы — оның ішіндегі ыдыстың бірде-бірі сынбайды. Кейде мынадай да қызық болады: үрейі ұшып жүрген адамдарды жел аспанға көтеріп әкетеді де, кейіннен жерге жайлап түсіре қояды. Сонда жаңағы адамдардың денесіне ешбір жарақат түспейтін кездері де болады. Құйын жолында тұрған үйдің өзін қозғамастан шатырын жұлып әкетеді, сөйтіп оны 200- 300 м қашықтыққа апарып тастайды. Төбесі жұлынған үйдің ішіндегі дүниелер сол күйінде аман қалады.
Құйын соққанда алуан түрлі заттар — автомобильдердің камералары, тіпті консервінің қалбырлары жарылып жатады. Массачусетстік бір фермер торнадоның соққан жолында қалып, қолына ұстап келе жатқан корзинасының ішіндегі тауықтың жұмыртқалары жарыла бастағанда бұдан қатты қорқады. Мынадай оқиғалардың да болатыны жұртқа жақсы мәлім. Жойқын күші бар торнадо соғып өткенде оның кеселіне ұшырағандардың ішінде жүні жұлынып, жұрдай болған тауықтар тірі қалады. Былайша алып қарағанда, ақылға сыйымсыз бұл құбылыстың мәні бір есептен түсінікті де. Тауықтың қауырсыны түбінде ет пен терінің арасында бөрткен тәрізді ауа қабыршақтары болады. Құйын соққан жерде ауа қысымының күрт төмендеп кетуімен әлгі ауа қабыршақтары жарылып, қауырсынды ұшырып жібереді.
Ресейдегі ауа райы қызметінің тарихында 1904 жылғы 29 маусым ерекше есте қалған. Бұл күні Мәскеуге оңтүстік-шығыстан орасан зор бұлт қаулап келеді. Әдеттегіден тыс әр түрлі түске боялған бұлт жер бауырлап жүйткігендей болып көрінеді. Мәскеуліктер оның ортасында ұзын арқанға ұқсас бірдеңенің барын аңғарады. Мәскеудің өрт сөндіретін командаларының бірі мұны түтін деп ұғып, сөндіруге әрекет етеді.
Құйын адамдар мен атарбаларды бірін-біріне соғып, жан-жаққа ұшырып екетеді де, кеспектердің басқа да өрт сөндіру құралдарының быт-шытын шығарады. Лефортово, Сокольники, Басманная көшесі қатты қирайды. Ертеден келе жатқан Анненгоф тоғайы жермен-жексен болған. Тоғайда жайылып жүрген сиырлар ауада қалықтап кете барады. Сокольникиде 100 жылдан бері тұрған ағаштар тамырымен қопарыла құлайды. Неміс базарында осы жан түршігерлік құйынның ішінде дуанбасы қалып қояды.

Мұндайлар бізде де болады
Табиғаттың дүлей күштерінің қимылы Еуразия құрлығында да байқалып
жатады. Кейде ол Америка құрлығынан кем соға қоймайды. 1948 жылы
жазда Тула қаласы іргесінде соққан құйын машинаның жарты т-лық бір
болшегін 200 м жерге апарып тастаған. Жүк тиелген вагондарды темір жол
табанынан жұлып кеткені дауылдардың тегеурінді күші қан шалықты болған
десеңші 192 жылы 12 маусымда Беларусьте және 1953 жылы Ростовта
(Ярославль облысы) соққан құйында кезінде тап осындай оқиға болды.
Сонымен бірге құйын көбін адамның ойына келмейтін қыр ларымен
таңдандырады. Мәселен, ол поселкені басып өткенде үйлерді қиратып кетеді;
бірақ ішінде ыдысы бар шкафты орнынан көтеріп алып, басқа жаққа апарып
қоюы да мүмкін екен. Ең таңданарлығы — оның ішіндегі ыдысты ң бірде-бірі
сынбайды. Кейде мынадай да қызық болады: үрейі ұшып жүрген адамдарды
жел аспанға көтеріп әкетеді де, кейіннен жерге жайлап түсіре қояды. Сонда
жаңағы адамдардың денесіне ешбір жарақат түспейтін кездері де болады.
Құйын жолында тұрған үйдің өзін қозғамастан шатырын жұлып әкетеді,
сөйтіп оны 200- 300 м қашықтыққа апарып тастайды. Төбесі ж ұлынған үйді ң
ішіндегі дүниелер сол күйінде аман қалады.
Құйын соққанда алуан түрлі заттар — автомобильдердің камералары,
тіпті консервінің қалбырлары жарылып жатады. Массачусетстік бір фермер
торнадоның соққан жолында қалып, қолына ұстап келе жатқан корзинасының
ішіндегі тауықтың жұмыртқалары жарыла бастағанда бұдан қатты қорқады.
Мынадай оқиғалардың да болатыны жұртқа жақсы мәлім. Жойқын күші бар
торнадо соғып өткенде оның кеселіне ұшырағандардың ішінде жүні
жұлынып, жұрдай болған тауықтар тірі қалады. Былайша алып қарағанда,
ақылға сыйымсыз бұл құбылыстың мәні бір есептен түсінікті де. Тауы қты ң
қауырсыны түбінде ет пен терінің арасында бөрткен тәрізді ауа
қабыршақтары болады. Құйын соққан жерде ауа қысымының күрт төмендеп
кетуімен әлгі ауа қабыршақтары жарылып, қауырсынды ұшырып жібереді.
Ресейдегі ауа райы қызметінің тарихында 1904 жылғы 29 маусым ерекше
есте қалған. Бұл күні Мәскеуге оңтүстік-шығыстан орасан зор бұлт қаулап
келеді. Әдеттегіден тыс әр түрлі түске боялған бұлт жер бауырлап
жүйткігендей болып көрінеді. Мәскеуліктер оның ортасында ұзын арқанға
ұқсас бірдеңенің барын аңғарады. Мәскеудің өрт сөндіретін командаларының
бірі мұны түтін деп ұғып, сөндіруге әрекет етеді.
Құйын адамдар мен атарбаларды бірін-біріне соғып, жан-жаққа ұшырып
екетеді де, кеспектердің басқа да өрт сөндіру құралдарының быт-шытын
шығарады. Лефортово, Сокольники, Басманная көшесі қатты қирайды.
Ертеден келе жатқан Анненгоф тоғайы жермен-жексен болған. Тоғайда
жайылып жүрген сиырлар ауада қалықтап кете барады. Сокольникиде 100
жылдан бері тұрған ағаштар тамырымен қопарыла құлайды. Неміс базарында
осы жан түршігерлік құйынның ішінде дуанбасы қалып қояды.
Ол күні әлдеқайда ауыр нәрселер де қанбақтай ұшқан. Мәскеу
іргесіндегі темір жол бойында тұрған бір жол байқаушысының күркесін жел
көтеріп әкетеді. Ол бұрынғы тұрған орнынан 40 м жерге барып түседі. Ішінде

кеткен жол байқаушысы тірі қалады. Осының бәрі санаулы секундтардың
ішінде-ақ болады.
Төңіректегі үйлердің төбесі аспанга ұшып, салмағынан кенет
айрылғандай қалықтап жүреді. Құйын Мәскеу өзенінен өткен жерде оның
түбі көрінген. Сол күні алып күші бар бұл дауыл 40 км-дей жерді қамтып,
жолында тұрған Мәскеу іргесіндегі бірнеше елді мекенді қиратып кетеді. Жел
соққан жердің ені 400 м-ден аспайды. Табиғаттың бұл қаһарлы құбылысының
салдарынан 100-ден аса адам өледі.
1984 жылғы маусымда Ресейдің (Волға) Вятка ауданындағы бірнеше
облыстың үстінен бұрын-соңды болып көрмеген күшті құйын соғып өтті.
"Известия" газетінің арнаулы тілшісі Г.Алимов сол күндері Ивановаға барып
қайтты. Ол қалалық №7 ауруханада болған. "Ол түні жеңіл операция
болмады. Соңғы операция 10 маусымға қарағанда таң ата аяқталады. Кешкі
сағат 5-тен таңертеңгі сағат 5-ке дейін 97 адамға операция жасалып, 116
адамға алғашқы жәрдем көрсетіледі де, олар емханада емделуге жіберіледі.
Хирургтерге бұл түн әдеттегіден тыс ұзақ болып көрінді. Олар операция
үстелінен бірде-бір минут ұзап шыға алмады.
Ақ желенді бұл жандар тәжірибеге бай еді. Мен олардың ішінде
солтүстікте, таулы аудандарда жұмыс істеген, майданға да қаты сып көрген
адамдар бар екенін анықтадым. Бірақ табигат күшінің мұншалықты екіленуін
бұл манда бұрын-соңды ешкім көріп-білмеген екен.
Мен жәрдем алғандардың бір-қатарымен әңгімелестім. Солардың бірі —
Александра Громагина (ауруханаға түскендегі диагнозы — ащы ішегі
бірнеше жерден үзіліп кеткен, басына және қол аяғына жарақат түскен).
— Мен саябақта жұмыс істеп жүрген болатынмын, -дейді ол. Кенеттен
қатты жел тұрды. Үйге кетпек болып жинала бастадым. Осы мезетте мені
бірдеңе көтеріп әкетіп бара жатқанын сездім.
Аспаннан түскен "ғажайыптар"
1940 жылы Горький облысында таңқаларлық оқиға болды. Жаздың
аптапты күндерінің бірінде Павлов ауданының Мещеры деревнясында күн
күркіреп, қатты найзағай ойнайды. Жауынның алғашқы тамшыларымен бірге
жерге... күміс ақша жауады. Найзағай басылып, жаңбыр толастағаннан кейін
Мещеры тұрғындары Иван Грозный заманында соғылған бір мыңға жуық
күміс ақша жинап алады.
Бұл сияқты таңғажайып оқиғалардың болғаны жалғыз осы деп
ойламаңыздар. Тіпті күн ашықтың өзінде аспаннан бидай, апельсин, өрмекші
жауған кездері болған; жаңбыр тамшыларымен бірге бұлттан шығып, жерге
көлбақа және балық та түсіп көрген...
1954 жылы Америкадағы Давенпорт қаласында түнде жер-көктің бәрін
көгілдір бояуға малындырып кеткен жауын жауған. Қала тұрғындарының
бұған таңданғандығында шек болмаған. Ал 1933 жылы Қиыр Шығыстағы
Кавалерово селосының маңында нөсер жаңбырмен бірге көптеген
жұлдызқұрт жауған.
Ешбір мүмкін емес сияқты бұл құбылыстардың сыры неде?

Жаздың ыстық күндері қызған жердің бетінде шаң көтеретін құйындар
жиі пайда болып тұрады. Бұған қарап тұрып, діңгек тәрізденіп айналып
тұрған ауаның жерде жатқан әр түрлі заттарды — шөп-шалам, жаңқа, қағаз,
тағы басқаларды ілестіріп әкетіп бара жатқанын аңғару қиын емес. Әсіресе,
найзағай ойнағанда бұдан әлдеқайда күшті құйындар болады. Мұндай
жағдайда тік ерлеген ауа, тіпті ауыр нәрселердің өзін жоғары көтеріп әкете
алады. Егер мұндай құйынның жолында өзен, тоған немесе көл болса,
бұлардың ішіндегі су да жоғары шапшып, бір мезет діңгек тәрізденіп тұрады.
Горький облысында көз көріп құлақ естімеген күміс ақша жаууының
сыры да осында болса керек. Мұның алдында болып өткен нөсер топырақты
шайып, бір кезде жерге қазып тығылған ақша салынған ыдыс сырт қа шы ғып
қалады. Найзағай кезінде соққан құйын бұл жерді басып өткенде ақшаны
ыдысымен қоса ауаға көтеріп әкетеді. Ал кейіннен ауа толқыны әлсіреп,
құйын басылғанда ақша жаңбыр тамшыларымен бірге жерге түседі.
Одесса облысында апельсин жауған жұмбақтың шешімі де осындай
болуға тиіс. Кенеттен соққан құйын саудагердің қасындағы корзинада немесе
басқа бір ыдыста жатқан апельсиндерді ұшырып ала кеткен. 1890 жыл ғы
жазда Тула губерниясы деревняларының бірінде қатты құйын болып, ағарту
үшін көгалға жайылып тасталған кенептерді жел ұшыра жәнеледі. Мұны
көрген адамдер соның соңынан жүгіреді. Көп кешікпей кенеп бұлардың
көзінен ғайып болса да, олар құйын кет кен бағытқа қарай жүгіре береді. Жел
ұшырып әкеткен дүние ақыры басқа деревнядан табылады. Аспаннан
бірнеше ондаған кенеп жауғанын көрген деревня тұрғындары бұған қатты
таңқалып, үрейлері ұшып кетеді. Көп адамдар мұны құдайдың әмірімен
болған іс деп ойлайды.
Атмосфераның жоғарғы қабаттарында соққан жел айдаған құйындар әр
түрлі нәрселерді тым алыс жерлерге апарып тастай береді. 1904 жылы
Мароккода дауыл бидай сақталатын үлкен қоймаларды қиратып кетеді. Жел
бидайды ұшырған бойы Испания жағалауына дейін апарады. Мұндағы бір
қыстақтың тұрғындары аспаннан дән жауғанын көріп қатты қайран қалады.
Ал Давенпортта болған көк жауын ше? Америка терегі мен шегіршін
ағашының әлі пісіп-жетілмеген тозаңы жауынмен араласқанда осындай түске
боялатыны анықталды. Бұл тозаңның құрамында суға еритін көкшіл зат
болады. Қатты жел бұл тозаңды аспанға өте көп ұшыратын болса керек, ал
жаңбыр жауғанда су көгілдір түске боялып жерге тамады.
Жаңбырлы бұлттан жерге тамшы тамғанда кейде оның қызыл түске
боялып түсетін кездері де болады. Өткен ғасырларда адамдар бұл
құбылыстан қатты үрейленген. Адамзаттың жасаған күнәларына налыған
аспанның өзі көзінен қызыл жас шығарып жылап тұр, мұның өзі адамдарға
болашақ апаттар жайында берілген аян дегенге шүбәланатындар кемде-кем
болған.
Неге болса соған сене беретін жандардың үрейін ұшыратын "қызыл"
жаңбыр да құйыннан туады. Жаздыгүні тоғандар мен батпақтарда ағынсыз
тұрып қалған су кейде жасыл, кейде қоңырқай қызыл түске боялады. Су екеш
су да шіріп, оның ішінде ұсақ микроорганизмдер көптеп пайда болып

жатады.
Бұл микроорганизмдердің ұсақтығы соншалық, тіпті олар жай көзге
көрінбейді, тек үлкейткіш шынымен немесе микроскоп арқылы ғана к өруге
болады.
Осындай тоғанға немесе батпаққа құйын соғады да, оның суы аспанға
ұшып, бұл төңіректен алыстау бір жерге жаңбыр болып жауады, оның түсі
қан тәрізді қызыл болып көрінуі де мүмкін. Міне, мұндайда ырымшыл,
жокқа сенетін жандарға гу-гу әңгіме етерлік тақырып табыла қояды.
1813 жылғы 14 наурыз күні Италияның Катандзаро қаласы
тұрғындарының мәңгі-бақи есінде қалды. Бұл жайында тарихшыға сөз
берелік:
"Қала тұрғындары теңіз жақтан келе жатқан қалың бұлтты көрді. Түске
қарай төңіректі түгел бұлт басып, күн көзі көлеңкеленуге айналды;
бастапқыда бұлт ақшыл қызыл, одан кейін оттай қызыл болып көрінді. Көп
кешікпей қаланы тұман барып кеткені соншалық, тіпті үй ішінде шам жа ғу ға
тура келді... Әлгі қара түнек күшейген үстіне күшейіп, бүкіл аспанды қыпқызыл боп қызған темір қаптап кеткенге ұқсады. Күн күркіреп, найзағай
жарқылдады, сөйтіп жерге қызғылт түсті ірі-ірі тамшы тама бастады.
Кейбіреулер мұны қан десе, енді біреулер балқыған те мір деп бағалады.
Ымырт үйіріле келе аспан қайта ашылып, күн күркіреуі және найзағай
жарқылы тоқтады, халық тыныштала бастады".
Үйлердің қабырғалары мен төбелерінде, ағаштардың жапырақтарында қалған
қызғылт із ғана табиғатта әйтеуір бір кереметтің болғанын білдірін тұрды...
Бұл "қанды" жауынның себебі неде еді?
Қатты жел Солтүстік Африка шөлдерінде қызғылт топырақты аспанға
мейлінше көп ұшырып әкеткен. Оның құрамында қызғылт минерал болады.
Ол сумен араласқанда кәдімгі қанға ұқсап ериді. Дауыл осы топырақты Жерорта теңізінен алып өтіп, Италия жағалауына жеткізеді. Бұл арада ол
жаңбырмен араласып, жерге "қан" болып жауады.
Желдің мұндай күші бар дегенге таңдануға болмайды. Ол топырақты
ұшырғанда бұдан да алыс жерлерге апаруы мүмкін. 1962 жылғы 24 наурызда
Пенза облысында қызғылт сары түсті қар жауды.
Мұның себебі, Африка шөлдерінен қатты жел айдап әкелген қызғылт
сары топырақтың қар суымен араласып жауғанында еді.
ТЕҢІЗ ПЕРІЛЕРІ
Мұхитта жаралған
Қытай теңізінде тайфунның қалай болатынын көргеннен кейін Иван
Андреевич Гончаров "Паллада фрегаты" атты жолжазба очеркінде былай
деген болатын: "Күздігүні кешқұрым үйде отырып... Қос қабатты терезеге
екпіндей соққан жел ұрғанын, оның сыртқы қақпасын сартылдатып, кейде
оны топсасынан мүлде жұлып әкеткенін, қасқырдай ұлып, төңіректі түгел
жұтып қоярдай болатынын, сіздер, қай-қайсыңыз да көрген боларсыз.
Мұндайда үрейленбейтін жан қалмайды...

Енді осы дүлей желдің он, жиырма есе күшейіп, далада емес, теңізде
соққанын көрсеңіздер, біздің нендей ғаламатты бастан кешіргеніміз жайында
сәл де болса ұғым топшылар едіңіздер..."
"Дауылға, — дейді ол бұдан әрі, әдетте былайша анықтама беріледі: ол
ойдан-қырға соғып, теңіз бетін өрлей, шыр айнала ұйтқи соғатын жел. Оны
былай да сипаттауға болар еді: үлкен-үлкен әскери кемелерді, көпестердің
кемелерін және бу күшімен жүзетін кемелерді, жел қайықтар мен басқа да
қайық атаулыны, теңізде не кездессе соны, тіпті теңізді ң өзін де жағаға
лақтырады, ал үйлердің шатырлары мен қабырға қаңқаларын, өсіп тұрған
ағаштарды, адамдарды, жағада кезіккеннің бәрін, кейде жағаның өзін теңізге
лақтырады".
Мұндай мезеттерде теңіз қаһарына мініп алады.
Қатты жел көтерген толқындар кебіне 3 немесе 4 қабат үйдей болып
теңіз бетінің бұрқан-талқанын шығара, алып күшпен буырқанады, бұлар бірбірімен күркірей соқтығысқанда күллі әлем дүр сілкінгендей болады. Желдің
гуілі мен ысқырығы, күннің күркіреуі мен найзағайдың шатырлауы,
толқынның гүрілі — осының бәрі жан түршігерлік үнмен құлақ түндырады.
Мұны естіген адамдар оны ештеңемен салыстыруға болмайды деседі.
Әдетте ғалымдар жалаң ұғымдарды, әсерлі суреттерді жақтырмайды,
олар бәрін де санға, цифр тіліне айналдырғанды ұнатады. Егер желді ң
шапшандығы секундына 50 - 60 м-ге жететін болса, әрбір м2 алаңға 200 кгнан асын түсетін күшпен үрғыласа, онда әлгіндей тропиктік дауылдардың
қаншалықты алып қуат алатынын көз алдыңа елестетуге әбден болма қ. Б ұл
күш үлкен кемелердің өзін жағаға шығарып тастай алады, бірнеше
жылдардан бері сон түзеп тұрған ағаштарды тамырымен қопарып кетеді,
өзендерді кері ағызады, олар кемерінеп шығып, төңірекке су қаптайды.
Тропиктік циклон әбден күшіне еніп алғанда оған ештеңе тотси бере
алмайды. Ауа райы жылы елдерде салынатын кәдімгі жеңіл құрылыстарды
мұндай дауыл қағаздай ұшырып әкете береді. Егер тек сондай ғана
құрылыстарды ұшырса бір сәрі ғой! Көп реттерде бұдан әлдеқайда мықты
дүниелер — тастан қаланған қоймалар, кәсіпорындардың түтін шығатын
шойын мұржалары, зауытар мен фабриқалардың ғимараттары екілене со ққан
желдің соқкысына шыдай алмайды.
Табиғаттың мұндай сұрапыл күші жаландап алғанда тек жел ғана емес,
судың өзі төңірекке бұдан да бетер қасірет шектіреді. Әдетте тропиктік
циклон жер бетін жанамалап соғады, онымен қоса нөсер жауады. Кейде бір
тәуліктің ішінде жауын-шашынның бір жылдық "мөлшері" жауатын кездері
болады. Мұның үстіне өзендер арнасына сыймай тасып, оның суын
дауылдата соққан жел жойкын күшпен жағалауға жайып әкетеді.
1900 жылы АҚШ-тың оңтүстігінде "Флора" дауылы қатты соқты. Оның
екпінімен Мексика шығанағының суы жағаға қарай жайылды. Галвестон
қаласына биіктігі 5 м су толқыны жөңкілді. Бұдан 5000-нан аса адам апат
болды. Құрлыққа қарай екпіндеген су толқындары көшелердің бірінен соң
бірін жайпады, ал ешбір ауыздықтауға, тосқауылға ырық бермейтін жел
судың бұл жойқы әрекетін одан әрі өршітіп тұрды.

1972 жылғы маусымда АҚШ тың шығыс штаттарында Агнес дауылы
соқты. Кесел тағы да Мексика шығанағы жағынан келді. Ол Жаңа Орлеаннан
Вашингтонға дейін екпіндете өтіп, дауылмен қос нөсер төпеледі. Бұл екеуі
қосылы: су тасқынына ұласты. Жағала қираған үйлер мен үлкен ғимараттар,
көпірлер, су бөгеттері, автомобиль жолдары, өлген және жараланған адамдар
міне, әлгі дау ыл соққаннан кейінгі көріністе осы еді.
Экватордың екі жағындағы мұхиттың кең-байтақ кеңістіктерінде пайда
болып, күш жинаған жойқын желдер мен қатты дауылдар 5- 8 және 15- 20°С
солтүстік және оңтүстік ендіктер аймағында болады. Бұдан олар ал дымен
батысқа, солтүстік-батысқа, одан кейін тропиктік аймақ тұсында солтүстікке
және солтүстік-шығысқа қарай бұрылады. Нақ осы арада, желдің бұрылу
бағытында табиғаттың дүлей күші ерекше екпінмен соғады.
Тропиктік дауылдардың "сүйсіне" соғатын айлары болады. Бұл жайында
Ямайкада мынадай бір ән бары тегіннен болмаса керек: "Маусымда — әлі
ертерек, шілдеде байқаңқырап отыр, тамызда сақ бол, жіті қара, қыркүйекте
бұрынғыны ұмытпа, ал қазанда бәрі де өткінші жауындай басыла қалады". Ал
сөз арасында айта кетсек, бұл "тәртіп" сақтала бермейді: кейде маусымда
"ерте" келген жел соға салады, ал қазанда ол өткінші жауындай тез
"басылмайды".
Испанияның отарлауы кезінде Пуэрто-Рикода — тамыз бен қыркүйекте,
Кубада — қыркүйек пен қазанда "Дауылдың бетін әр қыл" деген дұға
оқылады екен Кариб теңізі алабында дауылды қай жерде және қай айларда не
ғұрлым қауіпті болатынын шір кеу қызметшілері әбден білген 1780 жылғы
қыркүйекте мұнда алапат күшті тропиктік циклон соқты. Мұны жұрт көпке
дейі ұмытпай жүрді. Онда ашық теңізде дауылға тап болған көптеген
желкенді кемелер жағаға оралмай қалды. Ал жағада тұрған кемелердің өзі
апаттан құтыла алмады. Жан түршігерлік бұл күні 400-ден аса кеме су ға
батты. Кіші Антиль аралдары — Барбадосқа, Мартиникаға, Сент-Люсияға
соққан жел жер-көкті солқылдатты. Орасан зор мұхит толқындары бар
екпінімен жағаға шығып, бірнеше қаланы тып-типыл етіп кетті. Адам
құрбанының саны 40 мыңдай болды.
Үндістан мен Пәкстан жағалауларында мұндай апаттар ауық-ауық болып
тұрады. Мысалы, 1876 жылы Бенгал шығанағында тұрған барлық кемелерді
алай-түлей дауыл суға батырып кетті. Читта-гонг портында з әкір тастап
тұрған кемелер жағаға шығып қалды. Мұхит толқындары жағалауды
қоныстаған көптеген елді мекендерге жетіп, оларды су астында қалдырды.
Кей жерлерде су деңгейі 5- 6 м-ге жетті. Табиғаттын бұл құбылысының қашан
боларын білмей қапыда қалған адамдар, тіпті ағаштың басына шығып кетті.
Мындаған үйлер қирап, 25 мыңнан аса адам қаза тапты.
Бұдан кейін 100 жылдай уақы өтті. 1970 жылы тағы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғаттың ластануы жайлы
ЕЛІМІЗДЕГІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРІ
Спиритизм
Мінез туралы жалпы ұғым, мінез бітістері
Мінез бітістері
Жұмекен Нәжімеденовпен интервью
Жастар ортасындағы нашақорлық
Суфизмдегі тариқат
Ыбырай Алтынсариннің психологиялық көзқарастары
Матеметикалық модельдеу әдісі
Пәндер