Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы туралы



І. Кіріспе
Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала . ойын.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ойын . балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс. әрекет.

2. Ұлттық мұраның бай қазынасы . халықтық ұлттық ойындар.

ІІІ. Қорытынды.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Адамгершілік -- рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы -- еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады.
Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие -- бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға -- деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, -- дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы -- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі -- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -- ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу -- біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие -- балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледідегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді сыйла, Сәлем бер, жолын кесіп өтпе деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық Иман жүзді кісі деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызының Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эқсперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
Өзін-өзі тану пәні -- баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.
Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де Өзін-өзі тану пәнінің үйлесіне тимек.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті -- халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде Өзін-өзі тану курсының ерекше.
Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу -- әдістемелік кешен Өзін-өзі тану курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары Амандасу рәсімі, Шаттық шеңбері, Көңіл күйді көтеру сабақтың негізгі мазмұны Сергіту сәті, Тыныштық сәті,Ойын, Дәйексөз, Шығармашылық тапсырма ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.
Сабақтың негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады.
Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады.
Мысалы: Отбасы аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған Менің отбасымгазетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.
8-наурыз аналар мерекесіне арналған Қыз сыны сайысына ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады.
Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар -- демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Топтағы қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасалған. Онда Білгенге маржан, Қауіпсіздік ережесі, Ата-аналарға кеңес, Кел жаттайық бәріміз деген бұрыштар бар.
Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары: Балаға көркемдік тәрбие беру, Психологические особенности возрастных особенностей родителей ашық сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып отырады. Әр ата-ананың бала бақшадағы болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай.
Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. Сөзді кішірейтіп айт, Кәне сөз іздейік, моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыру.
Осы ойындарды ойната отырып, ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады. Ата-аналарға арналған мерекелік шаралар өтті. Менің Қазақстаным, Жаңа жыл мерекесі, Бәйшешек бүр жарғанда атты аналарға, әжелерге арналған мерекеміз және Қош бол балабақшам атты үлкен кештер өткіземіз.
Ата-аналармен жүргізілген әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз болды.
Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем- атты ашық сабақ өтті. Бұл сабақта балалар патриоттық сезімдерін тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды.
Балабақшада ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Отбасы тақырыбына байланысты Отбасы-алтын ұям атты ашық сабақ, ата-аналар қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді.
Балалар туған ұялары жайында, анасымен диалог түрінді сөйлесіп, өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре алды. Балалар сабақтармен ғана шектелмей, сабақтан тыс уақытта алуан түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, С. А. Назарбаеваның туған күніне байланысты Сара апамыз-анамыз, өз анамыз атты тәрбие кешін ұйымдыстырылды.
Бұл кеште Сара апайға арнап өлең, тақпақтар айтылып, ойындар ойналды, құттықтау сөздерімен жалғасты. Балалар кештің соңында өздерінің шығармашылық жұмыстарымен толықтырды. Құмыраға гүл салу жұмысында балалар өз қолдарымен әр түрлі гүлдерді жасап, Сара апайға ой түпкірлерінен шыққан шынайы, жылы-жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен -- дегендей халқымыз балалармен Әдептілік-әдемілік атты тәрбие сағаты да өткізілді. Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді.
Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.
Ересектер тобында Мен елімнің азаматымын тақырыбына қосымша 7 мамыр -- батырлыр күні мерекесіне арналған Ел қорғауға әзірміз атты көңілді жарыс өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін оятып, патриот болуға тәрбиелейді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам, -- депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу -- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Балалардың бойына рухани - патриоттық сана -сезімді қалыптастыру.
Дата: 2011-09-14 14:49:28
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан - жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Жас жеткіншектердің тәрбиелі де білімді болып, еліміздің мақтанышына айналуына 1983 жылы өз жұмысын бастаған қаламыздың № 9 балабақша ұжымы Балалардың бойында рухани - патриоттық сана сезімді қалыптастыру бағыты бойынша өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалар еркін дем алып, рухани патриоттық тұрғыдан білім алып, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған алты топта 180 бала тәрбиеленуде. Мекемедегі 18 педагогтің бала тәрбиесіндегі ізденістері, өз істеріне деген қызығушылықтары қуантады. Педагогтардың барлығы білімді, санаттары бар. Мамандардың басты мақсаты баланы даму әлеміне енгізу, баланың денсаулығын сақтау, нығайту, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің жаңа стандартының бес білім саласының талаптарына сай, ата-бабамыздың асыл мұрасын, өнер мен өнегедегі үлгілерін бала бойына сіңіре отырып, жан - жақты тәрбиелеу мақсатында Балбөбек, Тәй-тәй халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізілуде. Осы бағдарламаларды қолдану арқылы балалардың ерік - жігерінің қалыптасуына, өздігінен ізденуіне, жеке тұлға ретінде дамуына назар аударылады. Балабақша меңгерушісі Алтын Көкішқызы Кәрімжанова осы мекемеде 26 жыл еңбек етуде. Еңбек өтілін тәрбиеші мамандығынан бастаған, балабақша әдіскері болып мол тәжірибе жинақтаған ол - ұрпақ тәрбиесін алдыңғы қатарға қоятын, үлгі болатын жігерлі, іскер маман. Іскер басшының іс-тәжірибесінен тәлім алған тәрбиешілер: Г.Д.Сержанова, С.А. Андреева, Н.Б.Галимзянова, С.К.Асаинова, Ш.Б.Маканова, А.З.Худжанова - бала жанының бағбаны.
Тәрбиешілер бала тәрбиесінде өз топтарында Елім- ай Туған қалам - мақтанышым атты үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірмеде балалармен бірге ата - аналар да өздерінің көп үлестерін қосады. Тәрбиешілер балаларды қаланың мәдениет орталықтарымен, әйгілі батырлары, ақын - жазушыларымен таныстырып, мәңгілік алауға, ескерткіштерге барып гүл шоқтарын қоюды әдетке айналдырды.
Мектепке дейінгі мекемелерде кіші жастағы балалармен тәрбиешілер тақырыптық сабақтар өткізді. Еліміздің төл мерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата - аналар өз үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, мұражайлардың, кітапханалар мен сабақтастығы дұрыс жолға қойылған. Салауатты өмір салтының бөлімімен бірлесіп Джунгли шақырады атты спорттық сайыс өткізілді. Қала педагогтарына ПК БАИ әрдайым ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері көрсетіледі. Сонымен қатар отбасымен ынтымақтастық жұмыстарын нығайту мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, көрмелер, ойын - сауықтар өте қызықты да тартымды өтуі, ата - аналардың белсене қатысып,
қызығушылық таныту жүргізілген жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз. Балабақша педагогтарының мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған әдістемелік құралдарына (2010 жыл Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру жолдары Г.Д.Сержанова; 2011жыл Мектепке дейінгі балалардың тілдерін халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы дамыту А.З.Худжанова; Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін саусақ жаттығулары арқылы дамыту С.К.Асаинова ; Балалардың тілдерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту Ш.Б.Маканова) психология ғылымының кандидаты, доцент ПМПИ психология кафедрасының меңгерушісі А.Ж.Аплашованың рецензиялары берілді. Осы рецензияланған құралдар - қала аумағындағы, балабақшаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын білім бөлімінің өткізетін қалалық Рауан, Балбұлақ фестивалдарына қатысып жүлделі орындарға ие боламыз.
Халқымызда баланы жастан деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата - бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз.

Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады.
Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдір - шіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер бала - бақшамызда жақсы іске асырылуда. Ба - лабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйренеді. Ол сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сол себепті де сәбилермен жүр - гізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас ерекшелетеріне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға жаттықтыру тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарында да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәде - ниетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, - деп ақын жыр - лағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ға - сырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы - рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
Ж О С П А Р Ы

І. Кіріспе
Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала - ойын.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ойын - балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет.

2. Ұлттық мұраның бай қазынасы - халықтық ұлттық ойындар.

ІІІ. Қорытынды.

Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын
тәрбие құралы.

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала - балалар ойыны. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды ойын деп түсінуінде жатыр.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы :

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.
ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.
в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі - ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған. Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі - халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп - жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының ойындары деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: ...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар.... Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, Соқыр теке ойыны (Ақ сандық, көк сандық Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші Тентек текені ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Тиіп кетсем сөзім жоқ,
Бір қыз ұстап беріңдер!..
Көзі байланған Соқыр текені айнала қоршап тұрғандар мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Тотияйын салайын,
Оң көзіңе топырақ,
Ал, ұстап көр, батырым,
Топырағын алайын,
Міне, келе жатырмын!
деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал Соқыр теке олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді. Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы
Балалар бақшасындағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы туралы ақпарат
Рухани – адамгершілік тәрбие
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру
Оқушыларды шығармашылыққа баулу
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторлар
Пәндер