Шардара су қоймасы


Шардара су қоймасы

Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылды. Алайда, соңғы екі жылда аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, Қырғызстан қысқы мерзім аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19, 5 млрд. текше метрді құрайтын Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы, яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап, сәйкесінше Қырғызстанға газ беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісім-шартты мойындамай келеді. Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек, Өзбекстан бұл жерде де басқаша қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып алды. Ал бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетін секөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғуда. Басқаша айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып, трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды. Қырғызстан мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруға тырысып бағуда.

Орталық Қазақстандағы Нұра өзенінің суында сынап өте көп. Оның құрамындағы азоты бар заттардың концентрациясы тым жоғарылап кеткен. Ал Сырдария өзені және Шардара су қоймаларының суларының ластануы әр түрлі улы химикаттардың әсерінен екендігі баяғыдан белгілі. Сол сияқты Балқаш көлінің суы «Балшахмед» өндірісінің улы химикаттарының ағынды суларының әсерінен ластануда. Химиялық заттарды ауыл шаруашылығына шамадан артық пайдалану және өндірістік ағынды, коллекторлы-дренажды суларды жаппай жіберудің салдарынан өзендерге тұзды концентрация көбейді. Өзендер мен көлдердің жер асты суларының ластануы негізінен оларға ағынды лас суларды жіберуден болып отыр. Су құбырларын көп ластайтын өндіріс орындарына целлюлоза-қағаз, химия, мұнай өндірістері, металлургиялық және тау-кен өндірістік мекемелері жатады.

Шардара су қоймасы:

Суқойма суы сульфаттармен, нитриттармен, мыс және магниймен ластанған. Максималдық құрамы бойынша мыс 4 есе, сульфаттар 5, 8 есе, нитриттер 1, 9 есе және магний 1, 1 есе нормадан жоғары.

Судың ластану индексі - 1, 93, 3 сыныпты уыттылықты құрайды, яғни қалыпты ластанған.

Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша жер үсті сулар сапасының жағдайы

Су объектісінің атауы (әкім. облыс)
Судың ластану индексі (СЛИ) - су сапасының сипаттамасы
РШК-нан асатын, 2010 жылдағы ластағыш заттардың құрамы
2009 жыл
2010 жыл
Ингредиенттер
Орта шоғырлану, мг/л
РШК-ның асу еселігі
Су объектісінің атауы (әкім. облыс):

Бұқтырма өз.

(ШҚО)

Судың ластану индексі (СЛИ) - су сапасының сипаттамасы:

0, 95 (2 кл. )

таза

РШК-нан асатын, 2010 жылдағы ластағыш заттардың құрамы:

0, 91 (2 кл. )

таза

Жалпы темір

Мыс (2+)

0, 19

0, 0016

1, 9

1, 6

Су объектісінің атауы (әкім. облыс):

Шардара су қоймасы

(ОҚО)

Судың ластану индексі (СЛИ) - су сапасының сипаттамасы:

2, 94 (4 кл. )

ластанған

РШК-нан асатын, 2010 жылдағы ластағыш заттардың құрамы:

2, 27 (3 кл. )

шамалы ластанған

Сульфаттар

Фенолдар

Мыс (2+)

Нитритті азот

457, 0

0, 004

0, 002

0, 037

4, 6

4, 0

2, 0

1, 8

Су объектісінің атауы (әкім. облыс):

Сырдария өз.

(ОҚО)

Судың ластану индексі (СЛИ) - су сапасының сипаттамасы:

3, 36 (4 кл. )

ластанған

РШК-нан асатын, 2010 жылдағы ластағыш заттардың құрамы:

2, 48 (3 кл. )

шамалы ластанған

Сульфаттар

Фенолдар

Мыс (2+)

Нитритті азот

436, 0

0, 004

0, 003

0, 05

4, 4

4, 0

3, 0

2, 5

Су объектісінің атауы (әкім. облыс):

Сырдария өз.

(Қызылорда облысы)

Судың ластану индексі (СЛИ) - су сапасының сипаттамасы:

1, 84 (3 кл. )

шамалы ластанған

РШК-нан асатын, 2010 жылдағы ластағыш заттардың құрамы:

1, 97 (3 кл. )

шамалы ластанған

Сульфаттар

Мыс (2+)

Жалпы темір

Магний

329, 8

0, 003

0, 24

75, 1

3, 3

3, 0

2, 4

1, 9

Өзіңізге де белгілі, Көксарай құрылысын салудағы негізгі мақсат - суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту мен жыл сайын өзенге жақын нысандарды су басып қалудан келетін шығындарды азайтуға және балық шаруашылығы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бір ескеретіні, 1990-шы жылдары Шардара су қоймасына жоғарыдан тасталатын су жаз айларында белгіленген мөлшерден 30-35 пайыздай аз болды. Есесіне ол қыс айларында артып отырды. Бұл өте мол көлемдегі суды жылда Арнасайға тастауға мәжбүрледі. Сол кезде жаз айларында күріш алқаптарын суға бастыруда айтарлықтай проблемалар туындады. Соның бір әсері, 2008 жылы біздің облыста күріш егісінің алаңы 61, 5 мың гектарға дейін қысқартылды. Ал, енді мына қызық жағдайға қараңыз. Көксарайдың бірінші кезегі іске қосылғанда, яғни 10 ақпанда Шардара қоймасындағы су көлемі 4749 млн. текше метрге жетті. Сондықтан да оның артық суы Көксарайға жинақталды. Сонда Шардарадан төмен қарай секундына мың текше метр су тасталды. Ал бұл дегеніңіз Қызылорда облысы үшін өте қауіпті еді. Бірақ жіберілген судың 300 текше метрін Көксарайға алу арқылы Сырдария өзенінің төменгі аумақтарын су басып қалу қаупін азайтуға қол жеткізілді. 30 наурызға дейін қарсы реттегіште 913 млн. текше метр су жинақталды және де оның сапасы еш бүлінбеген. Бұл су Қызылорда, Әйтек, Қазалы және Ақлақ гидротехникалық құрылғыларының көмегімен ауыл шаруашылығы жерлерін суландыруға, көлдерді толтыруға және Арал өңірінің экологиялық жүйесін қалыпты жағдайда ұстауға пайдаланылды. Атап айтқанда, күріш егістігі 77, 4 мың гектарға ұлғайтылып, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 мың гектарға артты. Қарсы реттегіштің құрылысы 2011 жылдың басында аяқталады деп күтілуде. Ол аяқталғанда қысқы кезеңде 3 миллиард текше метрге дейін су қабылдай алады. Бұған қоса Шардара су қоймасы 5 миллиард текше метрдей су жинақтайды. Сөйтіп, ол 8 миллиардқа жетеді. Ал, бұл дегеніңіз біздің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге егін көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

шардара СУ ҚОЙМА ЖӘНЕ ҒАЛЫМДАР

Ғалымдар Оңтүстік Қазақстан облысында ауа райының қатты өзгеріске ұшырауын су қоймаларымен тікелей байланыстырып отыр. Химия ғылымдарының кандидаты Қорған Қарымсақовтың пікірінше, Көксарай су реттегіші мен Шардара су қоймасы күннің суытуына бірден-бір себеп болған көрінеді. Ғалымның айтуынша, қоймалардағы су-деңгейі көтеріліп, ауаға судың булануы қатты әсер етуде. Ал булану жағдайында температурада міндетті түрде өзгерістер болады. Қазіргі өтпелі кезеңде, яғни қыстан көктемге ауысар шақта ауадағы қозғалыс қатты байқалады, - дейді ғалым. Салдарынан наурыз айында да қар жауып, жұрт әбігерге түсуде. Әрі наурыз айы соңғы зерттеулер бойынша ең салқын ай болып тіркелген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шардара ауданы географиялық орны
Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау жолдары
Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны
Шардара ауданының табиғат жағдайлары
Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау
Тасқын сулармен күрес
ОҚО шардара ауданына тарихи- географиялық және әлеуметтік, экономикалық сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі
Шардара су электростанциясы
Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz