Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын


Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Жаңа жылдың алуан түрі
Біздің дәуірімізде көптеген ұғымдар мен құндылықтар шатасып қана қоймайды, араласқан күйінде жүзеге аса береді. Мәселен, бұған қазіргі жаңа жылды мерекелеуді алуға болады.
Қазіргі әлемде дүниенің әр түкпірінде жаңа жыл түрліше аталып өтеді және ол алуан мағынаға ие:
- шығыста о бастан жаңа жыл астрологиямен байланыста және айлық күнтізбеге сәйкес мерекеленеді;
- батыстағы жаңа жыл Иссус Христостың туған күніне орайластырылған;
- бұрынғы кеңестік елдерде жаңа жыл күнтізбелік жыл басы ретінде аталып өтеді…
Әрине, аталған үрдістердің араласуын мәдени араласым деген дұрыс болар, тарихи үдеріс барысында әрбір ел өзіне сай дәстүрді әлгі араласымға негіздеп қалыптастыратыны белгілі. Алайда, соның бәрі белгілі бір тарихи тамырға негізделіп жатады. Дегенмен, бірінші қаңтар дүние жүзінде жаңа қаржылық-экономикалық жыл мен күнтізбелік жыл басы болып саналады. Ежелде жыл басы наурыз айында аталып өтсе де, Рим империясы Григориан күнтізбесін жасап, уақытты өлшеу басын қаңтардан бастауды енгізді. Ал, Бірінші Петр патшаның жыл басын қаңтарға ауыстырғанға дейінгі жарлығына шейін, Ресейде де жыл наурызда аталып келді. Өз кезінде Кеңестер одағы бірінші қаңтарға арнайы мағына беріп, жыл басы етіп канондады. Бұл мән бірте-бірте түрлі атрибуттармен толығып, бірінші қаңтар жер шарының алтыдан бір бөлігі үшін нағыз жаңа жыл басы болып кірікті. Соңғы ондаған жыл ішінде кеңестік кеңісте бірінші қаңтарға байқаусыз түрде астрологиялық мән де тықпаланды, яғный, шығыста туындаған он екі жылдық астрологиялық мүшелдің бірінші қаңтарға қатысы болмаса да, сол күннен бастап енгізіле бастады.
«Ну ырыс» - жыл басы
Қазақстанда (Орталық Азия деуге болады) ежелден-ақ, астрологиялық мүшел наурыз айынан басталатын. Бір қызығы, кеңестік адамдардың мерекелеп жүрген жаңа жылының барлық атрибуттарының түбі Наурыз екенінде ешкімде күмән туатындай түрткі қалмаған: әшекейлі шырша, сыйлық дорбалы аяз ата т. т. Ал Батыстағы Санта Клаус бейнесі ойдан шығарылған, еуропалық сергітуші кейіпкер екені белгілі. Дегенмен, оның арғы мәнінде бұрмаланған шығыстық періште кейпінің жатқаны тағы айқын.
О баста жыл мен мүшелдің қабат алмасуы қарастырылған ежелгі түркілік мағынасында, мереке «ну ырыс» аталса керек. Бірақ «ну» (кейінірек қазіргі қазақы «нау» нұсқасына айналған) о баста соны, тың, жас, жасыл деген ұғымдардың жыйынтығын білдірсе керек. Өйткені, ежелгі адамдарда «жаңа» ұғымы болды деу қыйсынға келмейді. Ал түркілерде кез келген үдерістің басы сонылық, жастық ретінде мойындалып, жаңа құбылыс есебінде қабылданған.
Жалпы, «ну» сөзі, кәзіргі «жаңа» ұғымын білдіретін әр тілдегі нав, новь, нью, нов, ноу, новь т. б. сөздердің арғы атасы болғандығы тілгерлердің тақырыбына айналғалы біршама уақыт болды. Мұны этнолингвистика саласында дәлелдеуші ғалымдар жеткілікті. Қазіргі кезде «ну» сөзі «ну орман» тіркесінде «қалың» мағынасын беріп жүр, алайда, бұл о баста «жасыл орман» дегеннің бұрмалануы болса керек, себебі, «нулы жер - сулы жер» деген мәтелде «ну» сөзі «жасыл», «көк» ұғымдарын беріп тұр.
Енді «ырыс» (ырыз) сөзіне келсек, ол «Жаратқаннан бұйыратын несібе, береке» дегенді білдіреді. Жалпы, ежелгі түркілерде істің, үдерістің басы пір тұтарлықтай нысанға айналған. Оның астарында кез келген құбылыстың барысы оның басталуына байланысты деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан да, әдеттегі ырыстан гөрі «ну ырыстың» орны бөлек болса керек. Сол себепті, он екі айлық жылдық мүшел басының «жас ырыс» ұғымын білдіруі заңды еді. «Ырыс» сөзі ежелгі бірбуынды екі сөздің: ыр (іске асырушы) және ыс (іс - жазмыш, Көктің бұйырымы) бірігуінен құралған.
Қазығы кезде қазақ тілінде Ырыс ұғым түрінде қалғанымен, бұл о баста бүтін бір табыну мен сенімнің нәтижесі үрінде қалыптасқан ежелгі түркілік дүниетаным көрінісі. Ырыс ұғымы түркілерде көк пен адамның арасындағы қатынастың нәтижесі болып табылады: «Адам баласы Жаратушы алдында қаншалықты жағымды болса, соншалықты несібеге ие» деген ырымдық түсінік толық қалыптасып қоймай, атрибуттармен толықтырылған. Сонымен, әдеттегі мойындалған «наурыз сөзі парсының «нов» - жаңа, «руз»- күн сөздерінен шыққан» дейтін уәжіне басқаша қарауға тура келеді. Өйткені, «наурыз» сөзінің «жаңа күн» ұғымын білдіретіндей байсалды дәйек керек, ал бұған жай ғана уәж жеткіліксіз. Оның үстіне, «жаңа» ұғымы туғанға дейін адамзат «соны» ұғыммен біршама уақыт кешкеніне күмән жоқ. Себебі, «соны» ұғымы адамзаттың табиғатқа байланысты түсініктен, ал «жаңа» түсінігі жасампаздықтан туындайтынын ескерген жөн. Олай болса, адамзаттың мыңдаған жылдар бойы табиғатпен етене тірлік ете отырып, «жаңадан» гөрі «соны» ұғымын ерте қолданғанын ескерсек, кемінде алты мың жылдық тарихы бар рәсімге байланысты «жаңа күн» тіркесінен гөрі о баста «ну(соны) ырыс» тіркесі алғаш ауызға іліккен болар деуге негіз бар. Басқаша айтқанда, «жаңа» ұғымынан гөрі «соны» ұғымы барынша ежелгі…
Наурыздың туындауы
Наурызға байланысты тағы бір «Оның жер өңдеуші жұрттардың санасында қалыптасқандығы» жөніндегі уәж шындыққа сәйкесе ме? Шын мәнінде, «Наурыз» ұғымын он екі мүшелдік астрологиялық уақыт өлшемінен тыс алып қарау қисынсыз. Өйткені, Наурыз мерекесінің өзі - жерөңдеушілік сананың емес, космогониялық, абстрактылық сананың жемісі. Ал, ондай санаға көшпенділер ғана ие. Ежелгі Тұран мен Иранның қоңсылас, тіпті туыс халықтың мемлекеті екендігін ескерсек, Наурыз мерекесі осы екі халық арқылы бірдей аталатын адамзаттың бір мерекесінің екі нұсқасын дамытқандай әсер қалдырады. Парсылар отырықшылыққа жұртқа тән, ал тұрандықтар көшепенділік нұсқаны таратқандай. Оны Наурыздың үш категориясының бірі, адамға тән етіп жаратқан ырыс болып табылатын, мәні бір Дәмді екі халықтың екі түрлі әзірлеуінен де көруге болады. Қазақтар наурыз көже ретінде жеті дәмді біріктіру арқылы ғарыштың аңыздық бастапқы күйін, ғаламның бір қауызға кірігуін мәндеген. Мұның астарында (алуан) түрдің мәнге айналуын (бірегейленуін) паш ету жатыр. Ал, ежелгі парсылардың наурыздық дәстүрін жалғастырған өзбектер, «сүмелек» (сумаляк) аталатын асты отырықшы жұрттарға тән дақыл өскінін көгерту арқылы әзірлейді. Алайда, бұл да «ну» (жас, соны) талабын жүзеге асыру болып табылғанымен рәсімге тән принципті толық аңғартпайды, тек қана «нулық» пен «жаңалықты» ғана паш етеді. Ал ирандықтар «ш» әрпінен басталатын атауы бар жеті тағамды даярлау арқылы, әлгі наурызкөжелік жеті дәм талабын өздерінше жүзеге асырады. Демек, бұл жағынан Иран мен Тұран жұрты бір мәнді екі түрлі жолмен ғана іске асырып отыр. Бұған қарап, кейбіреулер тұжырымдап жүргендей, Қорасанда пайда болған 3000 жыл бұрынғы диқандықпен Наурыздың туындау тарихын шектеу мүмкін емес.
Адамзаттық алтын тарихи діңгек ретінде танылып отырған батыс Азиялық Убейд, Шумер мәдениетінің көрінісі «Наурыздың мерекеленуін отырық дихан тұрғындар туындатты» деген уәжге итермелейтіндей негіз емес. Өйткені, аталған мәдениеттердің өзі қазіргі қазақ даласынан барған көшпелі жұрттың тікелей араласуымен басталғанын дәйектейтін ғылыми уәжге тиек болуын санадан аластай алмаймыз. «Мәдени көшкіннің» осыдан кемінде жеті мың жыл бұрын басталып, үздіксіз жүріп отыруына көз жеткізе бастаған тарихи ғылымдық пайымға («Аркаим - очаг мировой цивилизации, созданный прототюрками», А. К. Нарымбаева, 2007 ж) қарсы тұру қиянат. Өйткені, бұл уәж ғылыми дәйектен гөрі ресми қалыптасқан еуроцентристік көзқарасқа негізделген «түрі индоебропалық, мазмұны адамзаттық» мәдени бастаудың қаншалықты рас екендігіне күмән туғыза бастады. Ендеше, іргетасын күмәнді осы тұжырымға бекіткен ежелгі гректік, парсылық мәдениеттің дербес туындауы үлкен дүдәмәл күйінде қалып отырғанда, Наурыздың туындауын күмәнді негізге бекіту қаншалықты кінәсіз, қаншалықты күнәсіз болар еді?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz