Тауарлы шаруашылық



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.тарау
1.1. Тауарлы шаруашылықтың мәні, белгілері, типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Тауар өндірісі құн заңы және рыноктық механизм ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Құн заңы. Тауар өндірісінің заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ.тарау
2.1. Тауарлы шаруашылықтын тарихи үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Тауарлы шаруашылықтағы инвестициялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланған әдебиеттер
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың бірінші типі натуралды шаруашылық болып табылады. Натуралды шаруашылық адамдардың өнімді өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында өндіруі. Олар айырбастауға және нарыққа бет бұрмайды. Ол әмбебап қол еңбегіне негізделген алғашқы қауымдық кезеңде пайда болған. Өндірістік күштер жағдайы мен олардың үйымдастырылуы едәуір қарапайым. Нені, қалай, кім үшін мәселелерін шаруашылық иелері өздері шешті. Натуралды шаруашылықта пайда болған әдістер мен көсемдердің шешімі ең маңызды рольді ойнады. "Өндіріс-тұтыну" принциптері арасындағы байланыс өте тұрақты болып келеді. Натуралды шаруашылықпен салыстырғанда едәуір күрделісі тауар шаруашылығы. Ол өндірілген өнімді сатуға бағытталған. Ал өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланыс нарық арқылы жүзеге асырылады.
Тауар өндірісін жасаудың негізгі алғы шарты - коғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Мұнда өндірушілердің сапалы өнім өндіруі үшін мамандандыру жүреді. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихында үш саты қарастырылады: біріншісінде, мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлектенді. Нәтижесінде тайпалар арасындағы күнделікті айырбасқа жағдай туды; екіншісінде, қолөнер егіншіліктен ажырап, тауар шаруашылығы өмірге келді. Үшіншісінде, сауда өндірістен жекеленіп бөлінді. Бұл кезеңде нарықтық қатынастар күнделікті нақты сипатқа ие болды.
1. Мырзалиев Б.С. және бас. Экономикалық теория.-Түркістан, 2006.
2. Мейрбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы.-Алматы,2003.
3. Бусыгин А.В. Предпринимательство.-М., 2000.
4. Малые предприятия в Казахстане.-Алматы,1999.
5. Предпринимательство.-М., 1999.
6. Экономика предприятия.-М.,2000.
7. Экономический анализ.-М.,2000.
8. Сәбден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз.-Алматы, 1999
9. Экономикалық теория негіздері.- Алматы, 2004.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау
1.1. Тауарлы шаруашылықтың мәні, белгілері,
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Тауар өндірісі құн заңы және рыноктық
механизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Құн заңы. Тауар өндірісінің
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ-тарау
2.1. Тауарлы шаруашылықтын тарихи
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Тауарлы шаруашылықтағы
инвестициялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың бірінші типі натуралды
шаруашылық болып табылады. Натуралды шаруашылық адамдардың өнімді өз
қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында өндіруі. Олар айырбастауға және
нарыққа бет бұрмайды. Ол әмбебап қол еңбегіне негізделген алғашқы қауымдық
кезеңде пайда болған. Өндірістік күштер жағдайы мен олардың үйымдастырылуы
едәуір қарапайым. Нені, қалай, кім үшін мәселелерін шаруашылық иелері
өздері шешті. Натуралды шаруашылықта пайда болған әдістер мен көсемдердің
шешімі ең маңызды рольді ойнады. "Өндіріс-тұтыну" принциптері арасындағы
байланыс өте тұрақты болып келеді. Натуралды шаруашылықпен салыстырғанда
едәуір күрделісі тауар шаруашылығы. Ол өндірілген өнімді сатуға
бағытталған. Ал өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланыс нарық арқылы
жүзеге асырылады.
Тауар өндірісін жасаудың негізгі алғы шарты - коғамдық еңбек
бөлінісі болып табылады. Мұнда өндірушілердің сапалы өнім өндіруі үшін
мамандандыру жүреді. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихында үш саты
қарастырылады: біріншісінде, мал шаруашылығы егін шаруашылығынан
бөлектенді. Нәтижесінде тайпалар арасындағы күнделікті айырбасқа жағдай
туды; екіншісінде, қолөнер егіншіліктен ажырап, тауар шаруашылығы өмірге
келді. Үшіншісінде, сауда өндірістен жекеленіп бөлінді. Бұл кезеңде
нарықтық қатынастар күнделікті нақты сипатқа ие болды.

І тарау. 1.1.Тауарлы шаруашылықтың мәні, белгілері, типтері

Тауар өндірісі алғашқы қауымдық құрылыс жойылып жеке меншік пайда
болған кезде дүниеге келді. Тауар өндірісінің даму сатылары нарық қен
айырбастың дамуына байланысты. Нарықтың келесі типтерін бөліп көрсетеді:
дамымаған, еркін, тәртіптелген, деформацияланған.
Нарықтың әрбір типіне тауар өндірісінің ерекше моделі сай келеді:
1) Дамымаған нарықтың тауар өндірісі;
2) Еркін нарықтың тауар өндірісі;
3) Реттелінетін нарықтың тауар өндірісі;
4) Деформацияланған нарықтың тауар өндірісі.
1. Дамымаған нарықтың тауар өндірісі - ол қоғамдық еңбек бөлінісіне,
өндіріс құралдарына жеке меншікке, тауар өндірушінің жеке
еңбегіне негізделген. Жай тауар өндірісі жағдайында нарыққа өндірілген
тауардың бір бөлігі ғана келетін. Сондықтан ол бүкіл
экономиканы қамти алмай, жалпылана алмады.
2. Еркін нарықтың тауар өндірісі - бұл ерекше жаңа сипатқа тән.
Бұл кезде адамның жұмыс күші тауарға айналады. Өндірушінің жеке еңбегінің
орнына жалдамалы еңбек келді. Қоғамдық өнімнің едәуір бөлігі жеке
тұтынуға емес, нарыққа сатуға бағытталды. Тауар өндірісі бұл сатыда еркін
бәсекемен сипатталады, сондықтан оны еркін бәсеке дәуірінің капитализмі деп
те атайды. Шаруашылық өмірге мемлекеттің толығымен араласпауын "таза"
капитализм деп атауға мүмкіндік береді.
3. Реттелінетін нарықтың өндірісі - экономикада мемлекеттік және жеке
сектордың болуымен ерекшеленеді. Бұл екі сектор өндірісте, айырбаста,
реттеуде, ресурстарды пайдалануда өз әсерін тигізіп отырады. Мемлекет
нарықтық экономикаға белсенді түрде араласады. Бірақ нарықтың реттеуші
"көрінбейтін қолын" жоққа шығармайды. Мемлекеттік реттеудің негізгі
формалары: зандылық, салықтық және қаржылық реттеу.
Реттелінетін нарықтың тауар өндірісі бірнеше модельмен ерекшеленеді:
1. Әлеуметтік нарықтық шаруашылық;
2. Аралас экономика;
3. Корпоративтік экономика.
Әлеуметтік шаруашылық азаматтардың көзқарастарын қорғауға
бағытталған. Аралас экономика кәсіпкерліктің дамуына қажетті жағдайларды
жасауға, ал корпоративтік экономика ірі бизнестердің мүдделерін қорғауға
бағытгалған.
4, Деформацияланған нарықтың тауар өндірісі - әміршіл-әкімшіл
экономикаға тән. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамыған жүйесін, дамыған
машиналы өндірісті, әрдайым үлттық экономиканың реттелуін қарастырады.
Әміршіл-әкімшіл экономиканың екі моделі бар: жоспарлы және нормативті.
Жоспарлы әкімшілдік жүйе шаруашылық әрекеттің толық орталықтандырылуына
негізделген. Нормаігивті жүйе тауар өндірушінің өзара әрекеттесуінің
кеңеюін растайды. Нарықтық экономика моделін таңдау - мемлекеттің үлттық
экономикаға араласу тәсілін таңдау. АҚШ-тың либералды экономикасы нарыққа
қаржы жүйесі арқылы әсер етіп отырады. Әлеуметтік реттеуші нарықтық
экономика белсенді бюджет-салық саясатымен әсер етеді.
Қорыта айтқанда, тауар өндірісі мен нарықтық экономика арасында
абсолютті айырмашылық жоқ. Нарықтық экономиканың қалыптасу негізі
тауар өндірісі болып табылады. Бірақ, тауар өндірісі нарықтық қатынасқа
қарағанда әлдеқайда ерте шамамен бірнеше ғасыр алдын пайда болған.
Тауар - тауар өңдірісінің негізгі санаты болып табылады. Ол жөнінде
әр түрлі түсініктер бар. Оның ішінде екеуіне назар аударайық:
1) Тауар маркстік теорияда сатуға тағайындалған адамға пайдалы еңбек
өнімі ретінде қарастырылған. Бұдан шығатыны, біріншіден, тауар - ол адамның
қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім; екіншіден, тауар - ол
еңбекпен анықталатын өнім. Мысалы, ормандағы бұлдірген оны жинаушыларға
тауар болып табылмайды, бірақ оны жинауға еңбектің жұмсалуына байланысты
тауар болуы мүмкін. Үшіншіден, тауар - ол сатуға тағайындалған өнім.
2) Тауар - австриялық экономикалық мектепте (өкілі К.Менгер)
айырбастау үшін өндірілетін ерекше экономикалық игілік ретінде
анықталынады.
К.Менгер экономикалық қызметтің нәтижесі немесе объектісі болып
табылатын және қажеттіліктермен салыстыру бойынша шектелген түрінде алуға
болатындарды экономикалық игілікке жатқызады. Бұл анықтамалардың арасындағы
ортақ жағдай тауар еңбектің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ерекше
қызметтің заттай формасы жоқ, бірақ пайдалы әсері бар адамның қызметінің
нәтижесі болып табылады. Тауар материалдық және материалдық емес сипатта
болуы мүмкін. Тауардың екі қасиеті бар:
1. Адамның қандай да бір қажетін қанағаттандыру қабілеттілігі;
2. Басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.
Тауардың қандай да бір адамның қажетіліктерін қанағаттандыруы -тұтыну
құны деп аталады. Әрбір тауар тұтыну құнына ие. Ол тек өзінің өндірушісінің
қажеттілігін қанағаттандырып ғана қоймай, басқа да адамдардың
қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық тұтыну құны болып табылады.
Тауар айырбасталатын үйлесім санын не анықтайды және айырбастың
негізінде не жатыр деген сүраққа түрлі экономистер әр түрлі жауап берді.
Еңбек құн теориясын жақтаушылардың ойы бойынша айырбасталатын тауарларда
құнды анықтайтын еңбек шығындары. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың
ойы бойынша айырбастың негізінде қажеттілік жатыр.
Еңбек күн теориясы ХҮШ-ХІХ ғғ. арасында қалыптасты. Біз оның негізін
тауар өндірісінің құнын еңбекпен анықтаған саяси экономикадағы
классиктердің жұмысынан көре аламыз. К.Маркс пен Ф.Энгельс құнның негізінде
қоғамдық абстрактылық еңбек жатыр деп есептеді. Маркстың ойы бойынша тауар
өндірушінің еңбегі екіге бөлінеді: бір жағынан, бұл белгілі түрдегі еңбек.
Ол жұмысшылардың кәсіптік дағдыларымен және тұтыну құнымен, нақты
нәтижесімен анықталған еңбек құралдарын қолданумен сипатталады. Сол
себептен оны құратын еңбек нақты еңбек деген атқа ие болды. Екінші жағынан,
еңбек - бұл жұмыс күшінің шығыны, бірақ оның нақты формасына қатысты емес,
жиынтық қоғамдық еңбектің бөлігі. Ол абстракты еңбек деп те аталады. Дәл
осы құнды құрайды немесе әр түрлі тұтыну құндарын бір-біріне теңестіреді.
Құн мөлшері де әр түрлі көзқараста болды. А.Смит құн мөлшеріне жұмыс
уақытын қолданды. Д.Рикардо өндірістің нашар жағдайында тауар өндірісіне
кететін уақытты колданды. К.Маркс өндірістің қогамдық қалыпты жағдайында
өнім өндірісіне кететін қоғамдық қажетті жұмыс уақытын қолданды.
Шекті пайдалылық теориясы К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас,
У.Джевонс және басқа да австриялық мектептің өкілдерінің еңбегінде анык
көрсетілген. Бұл тұжырымдаманың жақтаушылары сатып алушылардың субъективтік
бағалауларынан шығатын құнды анықтайды. Ал тауардын субъективті құндылығы
екі факторға тәуелді болады:
1) берілген игіліктің қосымша бірлігі;
2) ондағы тұтынудың тойындыру деңгейі.
Мысалы, егер суы сирек шөл далада шөлдеп қиналсаңыз, онда сіз үшін бір
ыдыс су қымбат. Шөлді қанағатандырған сайын әрбір келесі ыдыстьщ
қажеттілігі сіз үшін қысқарады, яғни сіз үшін соңғы тұтынылатын судың
қажеттілігі аз болады. Демек, шекті пайдалылық - бұл тұтынушының қосымша
тауар немесе қызмет бірлігінен алатын қосымша пайдалылық. Осы теорияны
жақтаушылардың ойы бойынша нақ осы, шектеулі пайдалылық теориясы тауар
бағасының негізгі реттеушісі болып табылады.
Шығынды концепция құнды өндіріс шығындарына, еңбекке төлеуге және
өндіріс құралдарына жұмсауға жатқызатын Джейліс, Миль, Мак-Куллох
еңбектерінде көрсетілген. Бем-Баверк, А.Маршалл, Дж.Кларк, П.Самуэльсон бұл
теорияны біріктіруге кірісті. А.Маршаллдың тұжырымы ең табысты болды. Ол
жалғыз құн көздерін зерттеуден шыға отырып, шекті пайдалылық теориясын
үсыныс пен сүраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен біріктірді.
1.3 Тауар өндірісі. Құн заңы және рыноктық механизм

Бұл ұғымдарды зерттеуге бірінші қадам жасалысымен-ақ методологиялық
мәселе пайда болады. Бұл құбылыстарға функционалды талдауды, әлде себеп-
салдарлы талдауды қолдану керек пе? Мәселені барынша қарапайым етіп былайша
түсіңдіруге болады: функционалды талдау эконо-микалық қүбылыстардың өзара
байланысын "көлбеу сызығы бойынша" қарайды, бірінші не екінші деген сүрақ
қойылмайды. Мысалы, баға сүранысты анықтау ма әлде керісінше ме?
Каузалды (себеп-салдарлы) талдаудың функционалды талдаудан
айырмашылығы ол тауар шаруашылығы категорияларының шығу төркінін алынған
табыстардың түпкі қайнар көздерін, себептерін зерттеуге басты кеңіл бөледі.
Мұндай талдау баға, бағаның негізі не? Құнның субстан-циясы не? Пайданың,
проценттің, жалақының және т. б. түпкі көздері не деген сүрақтарға
әлеуметтік-экономика-лық, таптық сипаттамалар мен өлшемдер түрғысынан жауап
береді.
Бұл екі талдау тауар шаруашылығы категорияларын зерттеудегі қазіргі
маржиналистік (шектілік) және марксистік әдістерді сипаттайды. Догматтық
бағыттағы кенестік экономикалық әдебиеттерде маржиналистік талдауды істің
сыртқы көрінісімен айналысатын "дөрекі", "ғылыми емес" деп жариялады.
Алайда неоклассикалық мектепті ғылыми емес деп бағалау кате пікір. Бұл
багыттың екілдері өз алдарына әлеуметтік-таптық қатынастарды анықтауды
мақсат етіп қойған жоқ. Олардың талдауы жеке фирманың, өндірушінің, не
тұтынушының шаруашылық жүргізуінің неғүрлым оңтайлы әдістерін іздеуге, ең
жоғары деңгейдегі әл-ауқатқа жетудің барынша тиімді тәсілін та-буға
арналган. Бұл көзқарас бойынша, еңбекші тап пен меншік иелерін — бір-
біріне қарсы қою дұрыс емес.
Өндірістің барлық факторлары еңбек те, капйтал да, жер де үдайы
өндіріс процесіне өз үлестерін қосады және содан бұл факторлардың иелері
тауар құныңдағы өз үлестерін алады. Таптар арасындағы қарама-қайшылық емес,
олардың өзара әрекеті, өзара бейімделуі экономиканың тиімділігін арттыруға
әкеледі.
Қоғамдық ендірістің алғашқы нысаны натуралды шаруашылық, осыған
қысқаша тоқталып өтейік, онсыз шаруашылықтың басқа нысандарының мәнін
түсіну де қиынға согады. Натуралды шаруашылық еңбек өнімдері рынокқа
түсетін айырбас үшін емес, ең алдымен өндірушілердің өз қажеттерін өтеу
үшін үйымдасатын шаруашылық. (Ол алғашқы қауымдық, қүл иеленушілік және
феодалдық ендіріс әдістері түсында кеңінен орын алған). Яғни еңбек енімі
өндірушінің де жеке басының қажетін қанағаттан-дыруға арналады да ол,
тұтынушының қолына тікелей белу жолымен тиеді. Мұнда тұтыну өндірумен
сәйкес келеді де, олардың арақатынасын реттеу қиынга соқпайды. Мұндай
қатынастар, әсіресе алғашқы қауымдық құрылыста кең орын алды. Натуралды
шаруашылыққа патриархалды шаруалар қожалығы және феодалдық иеліктегі
шаруашылықтар жатады. Натуралды шаруашылықтың тауарлы нысанмен алмасуы үзақ
та, күрделі процесс. Жоғарыда атап өтілгендей, натуралды шаруашылық әрі
түйық, әрі түракты, әрі өсуі өте баяу. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып
отыр, әсіресе экономикасы әлсіз елдерде елеулі орын алуда. Тіпті дамыған
елдердің өзінде де натуралды шаруашылықтың кейбір нысаны сақталуда.
Натуралды шаруашылықты ығыстырып шығарудың бірден-бір жолы —
шаруашылықтарды тауар алмасуға, сатып алу, сатуга камту. Мұнда өндірістің
мамандануын түрақтавдыру аса маңызды.
Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қогамдық еңбек бөлінісі,
осымен байланысты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады.
Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердіц бір-бірінен экономикалық жағынан
оқшаулануы нәтижесіңде өз еңбектерінің өнімдеріне ездері ие болып рынокқа
сатуға шығады. Еңбек әуел бастан қоғамнан тыс орын алған емес, ягни ол
әрдайым қоғамдық сипатта болған және солай болып қалады. Ал ендіріс
процесіне жеке дара адамдар қатына-сады, олардың еңбегі бір мезгілде әрі
коғамдық, әрі жеке сипатқа ие болады. Еңбектің екі жақты сипаты жеке
еңбекті қоғамдық еңбектің құрамына енгізу қажеттігін керсетеді, яғни
мәселе мынада: ендірушілерді қоғамға екіншіден, ол басқа бір затқа
айырбасталатын зат; заттың пайдалылығы оны тұтыну құны етеді.
Тұтыну құны — тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін
қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бүйымдары, не ендіріс құрал-жабдықтары
ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:
1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен
байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам
организміне қажетті вита-миндер, қышқылдар, белоктар болады.
2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлпшрінен
байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ
киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы
бір-бірінен кем емес.
3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің
дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын релі де
өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен
арба пайдаланылса, қазір машігаа, поезд, үшақтар атқарып отыр. Заттардың
пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс
материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі
де артып отыр.
Жоғарыда атап өтілгеңдей, тұтыну құны бар затты әлі тауар дей
алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті — айыр-бас құны немесе басқаша құн
болуы керек. Айырбас құны — ең алдымен санаракатьшасы түрінде көрінеді.
Мұнда біртектес тұтыну құндары екінші біртектес тұтыну құралдарына
айырбасталады. Бұл арақатынас уакыты мен ор-нына қарай ылғи өзгеріп
отырады. Мысалы, 50 кг астык 25 метр матаға айырбасталды делік. Бұл жерде
50 кг астықтың 25 метр матаға қатысы — осы тауардың айырбас құны болады.
Жай көзге бұл бір кездейсоқ қатынас сияқты. Өйткені 50 кг астықтың бүгін 20
метр, ертең 30 метр матаға да айырбасталуы мүмкін ғой. Алайда осы кездейсоқ
жайдың езінде бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну күнында емес (екеуінде
екі түрлі), осы тауарларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбекте. Тауар
өндірушінің тауарға сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың құнын жасайды. Қун
—тауарға сіңіріліп, онда затқа айналған қоғамдық енбек. Тауардың құны
қоғамдық категория, ол көрінбейді, ол тауарды тауарға айырбастағанда, бір
тауарды екінші бір тауарға теңестіргенде айқындалып отырады.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке бай-ланысты. Тауар
өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші
жагынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағмнан,
абст-ракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек адамның жұмыс
күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбеқтің
әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы
материалдарды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі
ептілігімен, тапқырлыгымен, ше-берлігімен, адамның өнімді ендіру процесінде
аткаратьш айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің
түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі
бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құнын жасайтын абст-
ракты еңбек. Абстракты еңбек — физиологиялық мағынада адам күшін жұмсау.
Біз ілгері атап өткендей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек.
Олай болса құн мөліиері тауар өндірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен
анықталады. Сонымен тауардың құнының мелшері оны өңдіруге жұмсалған қажетті
жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.
Алгашқы кезеңде айырбас ете кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған
орай құн да кездейсок, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап астыққа
айырбасталды, яғни бір заттың құны (қойдың) екінші бір тауар арқылы (астық)
анықталады. Біздің мысалымызда бірінші тауар (қой) активті рел атқарып түр.
Яғни езінің құнын екінші бір тауар астық арқылы анықтап отыр. Сондықтан оны
относительді құн нысаны дейміз. Ал екінші тауар (астық) пассивті рел
атқарады, бірінші тауардың құнын анықтай отырып, оған бірдей құн ретінде
қарсы түрады немесе оны эквивалентті құн нысаны деп атайды.
Өндіргіш күштердің дамуы, онымен байланысты қоғамдық еңбек белінісінің
тереңдеуі кездейсоқ айырбастан оның жүйелі нысанына, құнның да толық
нысанына кешуге негіз қалады. Мысалы,
ГЗ грам алтынға немесе 1 қой 10 балтаға, немесе 1 қап астыққа
айырбасталады.
Мүның құнның жай нысанынан айырмашылыгы жалпы эквивалент рөлін бірнеше
тауарларга атқарады. Бұл айыр-бас процесін қиындатты. Сейтіп дамудың
белгілі бір дәрежесінде жалпыға бірдей құн нысаны пайда болды.
3 гр алтын =
10 балта = } 1 қойға айырбасталды.
1 қап астық =
Сөйтіп жалпы эквивалент рөлін бір тауар атқарды. Бұл жагдайдың өзі де
көпке бармады. Өйткені жалпы эквива-лент релін ертедегі грек, араб, үнді
елінде — мал, ертедегі орыс, скандинавия елдерінде — аң терісі, Африка
елдерінде — піл сүйегі, Қытайда — түз атқарды.
Алайда өндіргіш күштердің қарқынды дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің
одан әрі тереңдеуі жалпы эквивалент рөлін әр елде әр түрлі тауарлардың
атқару тәртібі қала бастады да, оны бір ғана тауар, яғни ақша атқаратын
болды. Осымен байланысты құнның ақшалай нысаны дүни-еге келді. Мысалы:

1 қой =
10 балта= } 3 гр. алтынға айырбасталады.
1 қап астық =
Бұл нысан эквивалент рөлін алтын, бағалы металдар атқарған кезде ғана
беки бастады. Бір кезде эквивалент релін тек алтын гана атқарды. Сөйтіп
айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар-ақшаның бөлініп шығуына
жеткізді. Құнның ақшалай нысанының пайда болуымен байланысты бүкіл тауарлы
әлем екіге бөлінді — тауарлар және ақшалар.

1.4 Құн заңы —таур өндірісінің заңы

Қөғамдық өңдірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-
әрекепнен нақты керінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының
негізгі заңы Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды ендіру мен
айыр-бастауі оларды- жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек
шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс;. Сонымен кұн саны тауарлы
өндірістін ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің
шаруашылық нәтижесінің корытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті
талап етеді. Ал тауар ақша айналасында құн заңы -баға заңы болып табылады.
Баға — құн заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған
көріну нысаны.
Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап,
құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тари-хында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік
ететін өндірістік катьшастардың типімен байланысты оның әрекет ерек-шелігі
де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге
әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы
сүраныс пен үсыныс арақатынасы, баганың ауытқуы мен пайда норма-сы, салалық
және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қогамдық өндіріске ықпал етеді. Ал
оның негізі құн заңының өзіңде емес, оның әрекет етуінің қоғаі.щық
жағдайыңда, қоғамның экономикалық құрылысының сипа-тында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің көлемі
мен құрылымын, сүраныс пен үсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл
атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қогамдық еңбек өнімділігін,
өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты
рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске
асыру маңызы зор.
Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет.
Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі
еңбек белінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің балінуі нәтижесінде осы
тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездегті. Екінші күрделі еңбек
бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердін бөлініп шығуы, үшінші күрделі
еңбек белінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана
шүғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қогамдық
енбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шаруашы-лыгы, өнеркәсіп, тасымал,
құрылыс және сауда салалары-ның негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш
күштердің алгашқы қауыммен салыстырғаңда орасан зор дамығанын еске алсақ,
қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандаңдыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп,
кең етек жайғанын байқаймыз. Демек, тауар өндірісінің экономикалық негізі
қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар ендірісі де, рынок те болмас еді.
Тауар өңдірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі
болуы. Басқа сөзбён айтқаңда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа
жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен
бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық,
тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы
адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн көрудің
ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш
күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң
аулау үшін, жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның
қолынан келмейтін (мысалы ауыр заттарды, үлкен тасты орнынан ауыстыру
тәрізді) жұмыстарды атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның
нәтижесін ортага салып, ол өмімдерді тайпа басшылары бөліп отырған. Алғашқы
қауымдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты "алғашқы қауымдық
коммунизм" деп те атайды. Алғашқы қауымдық формацияда тауар-ақша рыноктық
қатынас бол-маган. Бұл қатынастар осы формацияның ыдырау саты-сында пайда
болды. Өңдіргіш күштердің дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал-саймаңдарды
жетілдіру (мысалы, тас, ағаш құралдарының орнына темір, қалайы, мыс тәрізді
металдарды пайдалану, ағаш соқа орнына темір соқа, тырма т. с. құралдарды
игеру), сол сияқты отпен пайда-ланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты
еңбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдар-дың күнделікті
тұтынуынан артық қосымша енімі пайда болды. Ал қосымша өнімнің болуын тауар
айырбасының, рынок қатынасының дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек.
Айырбас, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Натуралды және тауарлы өндірісті айырбас пен тұтынушылық құндарын салыстыру
Құн және капитал теориялары
Натуралды және тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен дамуының негізгі факторлары
Тауарлы-материалдық қорлардың сипаттамасы мен есеп саясаты
ТАУАР ЖӘНЕ АҚША ТЕОРИЯСЫ
Тауарлы-материалды қорларды түгендеу және оларды есеп беруде ашып көрсету
Тұтыну құнының ерекшеліктері
Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайы
Тауарлы-материалдық қорлар есебінің аудиті
Тауар теориясы
Пәндер