Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері


ДӘРІС КЕШЕНІ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мені мен оның обьектілері
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен оның қажеттілігі.
2. Нарықтақ экономиканың қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі.
3. Мемлекеттік реттеудің обьектісі мен субьектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу - белгілі мақсатты қойып, оны жүзеге асыруға ұмтылады. Сондықтан экономиканың дамуындағы маңызды мақсатты анықтап алу қажет. Кез-келген елде ол мақсат-барлық қоғам мүшелерінің әл-ауқатын максималдлы деңгейге көтеру.
Нарықтық экономика өте күрделі жүйе. Оның одан әрі дамуы мен жетілдірілуі көптеген экономикалық және басқада жағдайларға тәуелді. Сондықтан әлеуметтік жағдай мен экономиканың, нарық пен мемлекеттің өзара байланысын реттейтін механизм қажет. Экономиканы мемлекеттік реттеу пәні қоғам мүшелеріне-тиімді нарықтық қатынастарды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік -экономикалық процесстерге әсер етудің әдістері мен құралдарын пайдалану арқылы еліміздің экономикалық өміріне мемлекеттің араласуын зерттейтін ғылыми экономикалық пән болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктеріне сүйенеді. Нарық жағдайында бұл сұраныс пен ұсыныс, құн заңы. Еркін сұраныс арқылы пайда болатын нарық адамдардың ақшалай түрдегі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Сондықтан мемлекеттің экономикаға араласуының бірнеше себептеріне сүйенуге болады, олар:
1. ақша айналымын дұрыс реттеу қажеттілігі.
2. мемлекеттің халықты қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігі.
3. мемлекеттің сыртқы әсерлерге араласу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы мен ролін төмендегідей жіктеуге болады:
♦ жалпы экономикалық, құрылымдық өзгертулердегі мемлекеттің ролі;
♦ нарықтық қатнастарды дамытудағы мемлекеттің ролі;
♦ табиғи ресурстарды пайдаланудағы мемлекеттің ролі;
♦ сыртқы экономикалық байланстарды реттеудегі мемлекеттің ролі;
♦ экономикалық тұрақтылықты сақтаудағы мемлекеттің ролі т. б.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты - бұл экономикалық қатынастарды реттеуде үкімет органдары алдында тұрған мақсатты ұсталымдар жиынтығы. Оның құрамына келесі ұсталымдар кіреді:
· экономикалық өсу және экономикалық даму;
· толық және тиімді жұмыспен қамтылу;
· экономикалық тиімділікке жету;
· бағалардың тұрақты деңгейі;
· экономикалық еркіндік;
· табыстарды әділ бөлу;
Мемлекеттің сыртқы сауда балансының үйлесімділігі. Ең жақсы дегенде мемлекеттік реттеудің есептерін біртұтас мәселе ретінде қарастыру ол мемлекеттік реттеудің мақсаттар көпбұрыштары - әлеуметтік-экономикалық мақсатты ұсталымдардың өзара байланысқан маңызды құралдар жиынтығы. Кеңінен таралған түрі - «сиқырлы төртбұрышы», яғни мемлекет жауап беретін негізгі өзара байланысқан мақсаттар:
· Экономикалық өсім;
· Жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейі;
· Бағалар тұрақтылығы немесе ақша тұрақтылығы;
· Сыртқы экономикалық тепе-теңдік.
Мемлекеттік реттеудің мақсаттарын басқаша да жүйелендіру нұсқалары болады. Экономикадағы мемлекеттің рөлін айқындау үшін, ең біріншіден, экономика, қоғамдық қайта өндіру процессі, қайта өндіру процесіндегі ақша құралдарының циркуляциясы сияқты негізгі түсініктерге анықтама беру және олардың қайта өндіру процесінің схемасындағы көрінісін айқындау қажет.
Қоғамдық қайта өндіру процесі
Өндірістік қатынастар тұрғысынан экономика қоғамдағы экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді, оның негізінде меншіктің билеуші нысандары: қоғамдық, жеке, аралас меншігі жатады.
Мемлекет қазіргі уақытта келесі экономикалық қызметтерді атқарады:
1. Әлеуметтік қызмет,
2. Экологиялық қызмет.
3. Салық салу және салық жинау.
4. Азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау.
5. Мемлекеттің стратегиялық, инновациялық, әлеуметтік, т. б. жоспарлар мен бағдарламаларды жасау.
Мемлекеттік реттеудің обьектісі мен субьектілері экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі субъектісі ретінде мемлекет қаралды. Жалпы алғанда экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері бірнешеу. Оларға ең алдымен мемлекет (оның құрамына, аймақтық, жергілікті институционалдық құрылымдар кіреді), сондай-ақ мемлекеттік емес одақтармен бірлестіктер жатады.
Мемлекетке экономикалық және саяси билік берілген. Ал одақтармен бірлестіктерге заң шығарушылық құқық берілмеген, олар тек өздерінің экономикалық жағдайына сүйенеді. Бірінші кезекте мемлекеттік ретте жүргізуші субъектілер мен оладың міндеттерін тиянақты белгілеуіміз керек:ф
1. Заң шығарушы орган (парламент) . Экономикалық және әлеуметтік процестерді құқықтық рәсімдеуді қамтамасыз етеді, мемлекеттің экономикаға араласу деңгейін белгілейді. Оның негізгі құралы - мемлекеттік бюджетті қарастыру және қабылдау.
2. Атқарушы билік (үкімет) . Халық шаруашылығының оперативті реттелуін қамтамасыз етеді, әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді жоспарларын жасайды.
3. Нарықтық экономиканың салыстырмалы тәуелсіз субъектісі - Орталық банк. Оның қызметтері: ақша эмиссиясы және ақша нарығына бақылау жүргізу.
4. Соттық жүйе экономикалық құқықтарды қорғайды және шаруашылық дауларды шешеді.
Сондықтан үкімет органдары үшін экономиканы мемлекеттік реттеуді қажет ететін мәселелер сенімді ақпарат жүйелері арқылы толық уақытында жетуі маңызды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізі объектісі ретінде аса кең тараған экономикалық маңызды үрдістерді жатқызуға болады.
Мемлекет экономиканың құрылымдық дамуын нарық қатынастардың басты мақсатына сәйкес, яғни халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту принципіне сәйкес реттеу қажет.
Тақырып 2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістемесі жөніндегі ұғым және оның оның элементтері.
1. Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланстылығы.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидасы мен принциптері.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмдері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидасы мен принциптері. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидасы мен заңдылықтарын, тәртіптерін және принциптерін айқындап көрсету.
Экономиканы мемлекеттік реттеуідің мақсаты - нақты қалыптасқан жағдайларды жан-жақты ескере отырып, оңтайлы шешім қабылдауға көмектесу. Ол үшін анықталған қалыпты жағдайларды терең де нақты түрде зерттеп ұғыну қажет болады, бұл әдісті экономикалық үрдістердің бастапқы кезеңінде қолданған ерекше маңызды. Осындай негізгі бастапқы қағидаларға сүйене келе, экономиканы мемлекеттік реттеу курсының келесі құрылымын ұсынуға болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу оның принциптері, мақсаттары қайшылықтары.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механізмі. Экономикалық саясат бұл белгілі бір мәселелерді шешу мақсатымен шаруашылық процеске әсер етудің мемлекеттік іс-шаралар жиынтығы. Экономикалық саясат бір жағынан шаруашылық процессінің өзгерісін сипаттайды, екінші жағынан - экономикалық шешімнің өзгерістерін. Экономикалық саясат перспективті мәселелермен қатар ағымдағы мәселелердің шешуін қамтамасыз ететін әдістер жиынтығын құрамына кіргізуі тиіс.
Мемлекеттің экономикалық саясат құралдарын келесі әдістермен ажыратады.
Тікелей реттеу әдістері немесе әкімшілік реттеу әдістері экономикалық процесс пен оның параметрлеріне әсер етуімен байланысты. Олар белгілі бір адрестік сипатта болады және қандай да бір объектіге бағытталады. .
· мемлекеттік сатып алу;
· орталықтандырылған күрделі қаржы салу;
· кәсіпорындар мен салаларға бөлінген дотациялар мен субсидиялар;
· әлеуметтік саясат
· бағалар мен табысты реттеу;
Жанама реттеу әдістері немесе экономикалық әдістер адрестік сипатта емес, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін міндетті. Олар экономикалық қызмет жағдайлары мен нәтижелеріне әсер етеді. Экономикалық әдістер жиынтық сұраныс пен ұсыныс,
· капиталдың шоғырлануы,
· экономикалық және әлеуметтік жағдайларды тұрақтандыру,
· экономикалық өсімге қол жеткізу,
Нарықтық байланыстарға әсер етуге негізделеді экономикалық реттеу әдістеріне жатады:
Қаржы немесе салық-бюджет саясаты: ұлттық экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жету үшін бюджет-салық және фискалды механизмдерді қолдану.
Негізгі инструменттері:
- мемлекеттік сатып алуды ұлғайту немесе азайту;
- әлеуметтік төлемдерді өзгерту;
- салық мөлшерін өзгерту;
- мемлекеттік шығындар көлемін ұлғайту немесе азайту.
Мемлекеттік реттеудің объектілеріне өндірістік процесінің үш өзара байланысқан бөлігі кіреді: ресурстарды реттеу, өндірісті реттеу, қаржыны реттеу.
Мемлекеттік реттеудің мазмұнын мемлекеттік органдардың мақсаттары құрайды, сонымен қатар экономикалық саясатты жүзеге асыру кезінде пайдаланатын әдістер мен инструменттерден құралған.
Тақырып 3. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастыру манызды теориялық мәселелері.
2. Мемлекеттің экономикалық функциялары.
3. Басқару, реттеу органдарының экономикалық дамуындағы маңыздылығы.
Экономикалық жүйенің экономикалық байланыстарына араласу нәтижелерін айқындайтын көрсеткіштерге: мультипликатор мен акселератор.
Мультипликатор - жиынтық сұраныстың бір ақшалай бірлігіне жиынтық өндірістің өзгеру коэффициенті. Мультипликациялық механизмі нақты инвестициялардың өзгерісіне немесе жиынтық сұраныстың басқа өзгерткіштерінінің өзгерісіне қатысты нақты жиынтық сұраныстың қарқынды өсуін қамтамасыз етеді.
Акселератор - тұтынушылық шығындар көлемінің өзгерісі нәтижесінде экономикаға капиталдың салыну көлемдерінің өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш. Акселерация принципінің мәні тұтынушылық шығындардың динамикасы экономикаға салынатын инвестициялар көлемінің динамикасына әсер етеді: тұтынушылық шығындардың өсуі инвестициялық белсенділігін арттырады және керісінше.
Қайта өндіру процесіне қатысатын агенттердің өзара байланысы
Мемлекеттік кәсіпкерліктің мотивтері - оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Жеке капиталдың басты мақсаты пайда табу, ал мемлекеттік меншік жеке меншікке қарағанда бірінші кезекте макроэкономикалық тұрақтылыққа жағдай жасауға бағытталады. Сондықтан мемлекеттік меншік табиғи монополия сияқты салаларында даму алады: көлік, байланыс, энергетика, комуналды шаруашылық және т. б.
Осы салалардың тауарлары мен қызмет көрсетуіне төмен баға тағайындай отырып, мемлекет жеке сектордың шағындарын төмендетуге қол жеткізеді және оның бәсекелестік қабілетін арттырады, экономикалық өсуіне жағдай жасайды. Өтемділік мерзімі ұзақ аумақты капиталды өндірістердің дамуына зор көңіл бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік сруктуралық және техникалық саясатты белсенді жүргізуде үлкен рөл атқарды. Үкімет кәсіпорындарды ұлттандыру барысында өндірістер мен салалардың ескерген технологиялық базасын бюджет есебінен жаңарту және реконструкция жұмысын жүргізді. Сонымен қатар, өзіндік қордың есебінен көлемді ғылымды қанат ететін өндірістер құрылды, НИОКР-дің кең көлемі бекітілді. Мемлекеттік сектор өндірістің әлеуметтік саласында өзінің басшылық қызметін ойлады. Үкімет мемлекеттік кәсіпорындар жүйесі арқылы шауашылық жағдайға тікелей ықпал ете алады: капиталды ұлғайту немесе азайту арқылы, қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы, экономикалық тәуекелдігінің мөлшері жоғары проектісін іске асыру арқылы, антиинфляциялық саясатты жүргізу арқылы, депрессиялық ауандарда өндірісті дамыту арқылы, структуралық қайта құруға қатысу арқылы және т. б. Сонымен қатар мемлекет өзінің кәсіпорындарына бірқатар артықшылық жағдайларын жасайды.
Тақырып 4. Транзиттік экономиканың негізгі мәні және оның заңдылықтары.
1. Транзиттік экономика: мәні, негізгі мақсаты, міндеттері.
2. Трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі.
3. Өтпелі кезеңдегі жалпы экономикалық және макроэкономикалық тенденциялар.
Транзиттік экономика- қоғамның өндіргіш күштерінің дамуның нақты кезеңдеріне сәйкес келетін транзиттік қатнастардың жиынтығы.
Қазақстанның қазіргі жағдайында қандайда бір экономикалық жүйеде өндірістік инфрақұрылымның компаненті ретінде Транспорттық- Комуникациялық комплекс маңызды рол атқарады. Еліміз шикізат және өндіріс ресурстарына бай мемлекеттердің бірі болып табылады. Транзиттік экономика - көлемді және динамакалық дамыған Еуропа мен Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің арасында орналасқан.
Егемен Қазақстанның болашақтағы экономикалық потенциалының дамуы транспорттық комплекстің қарқынды дамуымен тығыз байланысты.
Тек транспорттық комплекстің көмегімен жан - жақты өндірісті қалыптастыруға болады. Ондай жағдайда мемлекет төмендегідей шараларды жүргізуі керек:
■ өндіріс күшін тимді орналастыру;
■ сыртқы және ішкі нарықтарда экономикалық байланысты қалыпастыру;
■ тауарды өндіру және сату мен тасымалдау;
■ капиталдық айналымын ұйымдастыру;
Қазақстанның басты стратегиялық мақсаты - экономиканың шикізат өндіру бағытын бәсекеге қабылетті тауар және қызмет өндіруге ауыстыру болып табылады. Сонымен қатар тауар және қызмет өндіруде жаңа технологияларға сай интеграциялық үрдістерді енгізу.
Қазақстанның экономикалық міндеті - Қазақстанда жаһандану үрдісі даму жағдайында мемлекеттің аралақ интеграция мен мәдени және сауда - экокономикалық байланыстарын кеңейуі, географиялық орынының тиімді орналасуы, транспорттық комплекстің техникалық жабдықталуы; әлемдік нарықта мемлекетік отандық транспорттық - коммуникациялық комплекстің бәсекелестік қабылеттілігін арттыру және республика территориясы арқылы тауар айналамын ұлғайту- бұл «Қазақстан 2030» стратегиясына сәйкес мемлекеттік даму болып табылады
Мемлекет индустриалды - иновациялық дамуды жүзеге асыруда ең басты екі мәселеге назар аударуда, олар:
► біріншісі- экономиканы диверсификациялау жолымен дамыту;
► екіншісі - қатаң қаржы саясатын жалғастыру болып табылады.
Осыған орай ел Үкіметі өңдеу өнеркәсібін қайта құрылымдауға бағытталған, экономиканың екі саласында да бірнеше құрылымдық өзгертулер жүргізілуде.
Сонымен қатар Қазақстан республикасы энергия және минералды ресурстар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2015-жылға таман еліміздегі жыл сайынғы мұнай өндіру көлемін кем дегенде 150 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарланып отыр, ал қазіргі кездегі құбырлар жүйесі қазақстаннан экспортталатын мұнайдың жалпы көлемінің 70 - 80 млн. тоннаға пара - пар көлемін өткізуге мүмкіндік береді.
Осыған орай тасымалдау инфрақұрылымын дамыту республика үшін күннен - күнге өткір мәселеге айналуда. Саяси тиімділік мұнай құбырлары жүйесін диверсификациялау саяси тиімділікке байланысты да қажет. Қазақстан үшін дербес сыртқы саясат жүргізу және транзиттік елдердің территориялары арқылы мұнай тасымалдауды болдырмау, сыртқы күштердің республикаға ықпалын мүлдем жою немесе азайту аса маңызды. Мұны ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементі деп қарастырған.
Қазіргі кезде Каспий көмірсутектерін әлемдік нарыққа тасымалдауға байланысты әртүрлі экономикалық және саяси артықшылықтарға ие. Қазақстан мұнайын тасымалдау жүйесі бүгінгі күнде екі негізгі бағытта: Шығыс - Батыс және Солтүстік - Оңтүстік жұмыс атқарып, дамып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономиканының ары қарай дамуы үшін басты міндеттерінің біріне- әлемдік экономикалық үрдісстерде белсене қатысуыды жатқызуға болады, өйткені жабық экономика жағдайында мемлекеттің дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) мүше ретінде қабылдану мақсатында іс-шаралар жүргізуде. Келіс-сөздерде жүргізуде АҚШ, Еуропалық одақ мемлекеттері, Канада, Швейцария, Жапония, Австралия, Мексика, Чехия, Словакия, Эстония, Пакистан сияқты мемлекеттер қатысады. Негізгі мақсат-барлық мемлекеттермен сауда дамуын жандандыру, тиімді инвестицияллық саясат жүргізу т. б.
Тақырып 5. Экономикалық өсім: негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.
1. Экономикалық өсім: факторлары, көрсеткіштері және оларды есептеу әдістері
2. Мемлекеттің экономикалық саясатының қалыптасуы негіздері мен фактролары.
3. Өндірістік бағдарламаны жақсақтаудың маңыздылығы мен принциптері.
Экономикалық өсім факторлары даму көрсеткіш әдістерінің тізім өзіне көптеген нақты жақындауды қосады. Олардың санына мыналарды жатқызуға болады:
экономиканың құрылымдық - логикалық және математикалық модельдер (үлгілер) ;
экономикалық көрсеткіштердің даму перспективасын баланстық және факторлы әдістері;
«Мақсаттар ағашы» деген құралын қолданумен әлеуметтік - экономикалық дамуды нұсқаларының (нұсқалардың) оптимизациялау әдістері және осы негізде мемлекет жағынан көмекті приоритетік бағытта анықтау
салааралық баланс - экономиканың салалық құрылымын орнату құралдары ретінде
аймақаралық рационалды байланыстарды орнатуға қатысатын баланстық әдістерері.
Экономикадағы баланстар - айнымалы экономикалық байланстарды орнату үшін қатысатын негізгі құралы. Олар кесте немесе теңдеу түрінде келеді, олар екі немесе одан да көп экономиканың бөлімдерінің тепе - теңдігін көрсетеді. Баланстың түрлері әртүрлі болып келеді; өндірістік ресурстардың балансы, физикалық көлемі және құны бойынша өнімнің балансы, әр түрлі типтердің қаржылық баланстары (мемлекеттік бюджет, халықтың табыстары және шығындары, кәсіпкерлік сферасы, ішкі сауда - саттық баланс, сату балансы және т. б. ) шығарылатын есептердің класстардан шыға, келесі экономикалық даму көрсеткіштердің оранту құралдарын келтіруге болады: макроқұрылымдық, құрылымдық - салалық, экономикалық қаржы - құнының үлгісі (моделі) .
Экономиканың макроқұрылымдық үлгісі ол - ортақ өндірудің үлгілер жүйесін көрсетеді. Бұл жүйе физикалық көлем динамикасының жағынан болатын, қоғамдық өндіру процесіндегі негізгі макроэкономикалық айнымалылардың өзара байланысын белгілейді. (көрсетеді) . Сонымен бірге, бұл үлгілер жүйесі өнімдердің айналамын және халық шаруашылықтарында өндірістік ресурстардың айналымын көрсетеді.
Экономиканың құрылымдық - салалық үлгісі. Осы үлгінің болуы келесі аналитикалық және болжамдық есептердің шешуін білдіреді: қоғамдық өндірістің салалық құрылымын болжау, ол өндіріс қызметіндегі әр агенттердің берілген соңғы (шекті) сұранысын көрсетеді.
Экономикалық өлшемдерге техника - экономикалық көрсеткіштердің әсер етуін бағалау; Өзгермелі сұраныс әсерінен экономикадағы құрылымдық - салалық қадамдардан өзгеруін есептеу; мемлекеттің экономикасындағы қаржы даму көрсеткіштеріне техника - экономикалық параметрлердің МӨБ әсер етуін бағалау; ойлайтын болсақ, бұл салааралық баланстың жабық үлгісіне ұқсас нәрсені құру болып табылады. Яғни, шекті сұраныстың көрсеткіші факторлы табыстардың және оның бөліну көрсеткішіне тең келеді.
Қаржы - құндылық үлгісі - экономикадағы балансталған қаржылыққа жетуіне байланысты сұрақтарға жауап қайтаруға міндетті. Берілген үлгісі бюджет облысында экономикалық саясаттың негізгі өндірісі, валюталық және ақша - несие саясатының баға өндірісі, салық салу өндірісі болып табылады. Осы үлгіні құрғанда, есептеу базасын минималды керек ұлттық шоттар жүргізу жүйесінің көрсеткіштеріне сүйенеді.
Қаржы - құнының үлгісіне мысал рет, «Фи-фи» - француз үлгісі шығады. Бұл үлгі физикалық және қаржылық тепе - теңдіктің үлгісі.
Экономика бұл - көп өлшемді жүйе. Оның құрылысы бірнеше позициялардан қаралады:
әлеуметтік құрылым - әртүрлі әлеуметтік - экономикалық укладтардың қатынастарын көрсетеді. Олар нақты жекешелендіру күйге негізделеді және оларға сәйкес келетін өндірістік қатынастарға де негізделеді.
өндірістік құрылымы ол - экономиканың сектор арасындағы пропорцияны көрсетеді. Бұл халық шаруашылығының өсуінің сапасын және мүмкіндігін береді (1-ші және 2-ші бөлімдердің қатынасы, тұтыну мен жинақтау арасы, математикалық өндіріс және инфрақұрылым арасында) .
Салалық құрылым - халық шаруашылығының әртүрлі салалар арасындағы қатынастар арқылы белгіленеді. Қандай да бір саланың артықшылығын тек экономикалық және технологиялық деңгей анықтайды және оның ориентациясын (аграрлық, шикізаттық, индустриалық) ;
Аймақтық құрылым - өндірістік және ғылыми -техникалық потенциялдың елдің территориясында орналасуын, өндірістік кооперациялардың даму деңгейлерін көрсетеді.
Ішкі саудалық (сауда - саттық) құрылым - дүниежүзілік еңбек бөлінісінде елдің орнын (ұстанып), экспорт пен импорттың ерекшелігін, жұмыс күші мен капиталдың қозғалуын, интеграциялдық процестерде қатысуын білдіреді.
Тақырып 6. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік - экономикалық болжау мен жоспарлау.
1. Экономикалық болжаудың мәні және мақсаты.
2. Экономиканы болжау түрлері мен әдістері.
3. Жалпы мемлекеттік жоспарлаудың қажеттілігі.
4. Экономикалық жоспарлау мен болжаудың байланыстылығы.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжаудың мәні, түрлері және әдістері. Жалпы мемлекеттік жоспарлау ғылыми негізделген болжамдарға сүйеледі. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау - жоспарлық шешімдерді қабылдаудағы алғашқы кезең болып табылады.
Нүктелік болжамдарда
ЖҰӨ көлемі 5 пайыз өседі.
Аралық (интервалдық) болжам-дарда
ЖҰӨ көлемі 5-7 пайызға дейін өседі.
Сонымен кез келген мемлекет жоспарлау мен болжаусыз мемлекет болашағын анықтай алмайды. Мемлекеттік жоспарлау мен болжаудың маңыздылығы осында.
· Мемлекеттік болжау- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары туралы ғылыми негізделген жүйесі. Мемлекеттік болжау-даму болашағын алдын ала анықтауға ғана емес кәсіпорындар мен компанияларға мемлекеттің іс-әрекеті жөнінде саяси ақпараттар беріп отыруға да мүмкіндік береді.
Барлық болжамдарды мынадай екі топқа бөлуге болады, олар: базалық және әлеуметтік-экономикалық .
· Базалық болжамдарға: демографиялық болжам, табиғи ресурстар болжамы, ғылыми-техникалық прогресс, экологиялық сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, іскі саяси болжамдар жатады.
· Әлеуметтік-экономикалық болжамдарға- экономикалық өсуге, болжау, әлеуметтік саланың даму деңгейіне болжау жатады. жиынтық сұранысқа, инфляция деңгеіне болжам, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасына болжау, халықтың жұмысбастылық деңгейіне
Экономикалық болжам жасау экономиканың және онымен қатынаста болатын сфералардың болашағын алдын ала көру. Экономикалық болжау әлеуметтік - экономикалық даму тактикасын, стратегияны жасаудың, мақсаттарды анықтаудың алғашқы сатысы.
Экономикалық дамуды бағдарлау бұл - бүкіл экономиканың немесе оның жеке сферелардың даму бағдарламасын жасау және оны ұйымдастыру. Экономикалық дамудың бағдарламалыры нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің өндіріс процесіне тікелей әсер етудің негізгі құралы болып табылады.
Экономикалық дамудың бюджеттеу мынаны көрсетеді: елдің мемлекеттік бюджеттік жасау және ұйымдастыру экономикалық дамуына әсер ететін құралы ретінде. Мемлекеттік бюджет елдің экономикалық дамуына әсер ететін, нақты оны басқаратын негізгі құжат болып табылады. Қазіргі нарықтық шаруашылықты иеленетін елдердің тәжірибесі көрсетеді: егер қандай да бір экономикалық және әлеуметтік процестердің дамуы қандай да бір шекті мақсаттардың дамуына және оған жету әдістеріне акцент бұл қарама-қайшылыққа әкеледі. Бұл экономиканың макро - микро деңгейлерге тән.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz