Дін және ғибадат



Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ғибадат анықтамасы
2.Адам үшін діннің және ғибадаттың қажеттілігі
Қорытынды
Ғибадат (араб.: عبادة‎) – Исламда бізді және бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан бар етіп ұстап тұрған, әр түрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау. Сонымен қатар,Аллаһтың махаббатына қауышқан пайғамбарларға, әулиелерге және ғалымдарға бағыну.
Сансыз нығмет берген Аллаһқа шамасы жеткенше шүкір ету әрбір жанның бірден бір міндеті. Бірақ адам баласы өзінің құсырлы ақылы және қысыр санасымен жаратқанға құрмет амалдарды таба алмайды. Құрмет болып саналатын амалдар Аллаһу та’ала тарапынан білдірілмейінше адам санасында мадақтау болған нәрселер жаратқан үшін мазақ ету, жамандау болуы мүмкін. Ғибадат деген ат-тілек білдірдім деген мағынаны береді Адамдардың Аллаһқа деген діл, тіл және денемен өтеуі және сенуі қажет болған шүкір боршы мен құлдық міндеті, Аллаһу та’ала тарапынан білдірілген және Оның сүйікті Пайғамбары арқылы жеткізілген. Аллаһ білдірген және әмір еткен құлдық міндеттері «Исламият» делінеді. Аллаһу та’алаға шүкір ету, Оның Пайғамбары алып келген дінге бағыну арқылы жүзеге асады. Бұл дінге қайшы немесе бұл жолдың сыртында қалған еш бір шүкіршілік, ғибадатты Аллаһу та’ала қабылдамайды және ұнатпайды. Сондықтан да Ислам дінінен хабарсыз жұртшылықтың өз бетінше әр түрлі ритуалдарды орындауларының Аллаһ құзырында еш бір құны болмайды.
Демек, ақылы бар адамның Аллаһқа шүкір және дұрыс ғибадат етуі үшін Мұхаммед алейһиссаламға бағынуы шарт.
Мұхаммед алейһиссаламға бағынған адам ғана мұсылман деп аталады. Ал Аллаһқа шүкір етуге, яғни Мұхаммед алейһиссаламға бағынуға «Ғибадат ету» делінеді. Ислам екі бөлімнен тұрады:
Қалб, яғни жүрекпен сенуді қажет ететін нәрселер.
Дене мен жүрек арқылы орындауды қажет ететін ғибадаттар.
Денемен орындалатын құлшылықтардың ең құндысы намаз.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ғибадат анықтамасы
2.Адам үшін діннің және ғибадаттың қажеттілігі
Қорытынды

Ғибадат анықтамасы

Ғибадат (араб.: عبادة‎) - Исламда бізді және бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан бар етіп ұстап тұрған, әр түрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Аллаһу та'аланың әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау. Сонымен қатар,Аллаһтың махаббатына қауышқан пайғамбарларға, әулиелерге және ғалымдарға бағыну.
Сансыз нығмет берген Аллаһқа шамасы жеткенше шүкір ету әрбір жанның бірден бір міндеті. Бірақ адам баласы өзінің құсырлы ақылы және қысыр санасымен жаратқанға құрмет амалдарды таба алмайды. Құрмет болып саналатын амалдар Аллаһу та'ала тарапынан білдірілмейінше адам санасында мадақтау болған нәрселер жаратқан үшін мазақ ету, жамандау болуы мүмкін. Ғибадат деген ат-тілек білдірдім деген мағынаны береді Адамдардың Аллаһқа деген діл, тіл және денемен өтеуі және сенуі қажет болған шүкір боршы мен құлдық міндеті, Аллаһу та'ала тарапынан білдірілген және Оның сүйікті Пайғамбары арқылы жеткізілген. Аллаһ білдірген және әмір еткен құлдық міндеттері Исламият делінеді. Аллаһу та'алаға шүкір ету, Оның Пайғамбары алып келген дінге бағыну арқылы жүзеге асады. Бұл дінге қайшы немесе бұл жолдың сыртында қалған еш бір шүкіршілік, ғибадатты Аллаһу та'ала қабылдамайды және ұнатпайды. Сондықтан да Ислам дінінен хабарсыз жұртшылықтың өз бетінше әр түрлі ритуалдарды орындауларының Аллаһ құзырында еш бір құны болмайды.
Демек, ақылы бар адамның Аллаһқа шүкір және дұрыс ғибадат етуі үшін Мұхаммед алейһиссаламға бағынуы шарт.
Мұхаммед алейһиссаламға бағынған адам ғана мұсылман деп аталады. Ал Аллаһқа шүкір етуге, яғни Мұхаммед алейһиссаламға бағынуға Ғибадат ету делінеді. Ислам екі бөлімнен тұрады:
Қалб, яғни жүрекпен сенуді қажет ететін нәрселер.
Дене мен жүрек арқылы орындауды қажет ететін ғибадаттар.
Денемен орындалатын құлшылықтардың ең құндысы намаз.

Адамның ең үлкен қажеттілігі

Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Аллаһу та'аланың бізге қандай мәміледе болғанын қалайтын болсақ, біз де Оның құлдарымен сондай қарым-қатынаста болуымыз қажет. Егер Оның құлдарына зұлымдық етсек, Ол да бізге жаза береді. Егер Оның құлдарын кешірсек, Ол да бізді кешіреді. Оның құлдарына сый-сыяпат және жақсылық жасасақ, Ол да бізге міндетті түрде сый-сыяпат және жақсылық істейді.
Адамдардың зәрулік қажеттіліктерін өтеу Хақ та'аланың ең қатты жақсы көретін жақсылығы. Бүгінде адамдардың бәрінен қатты дінге қажеттілігі бар. Бүгінгі таңда жасалатын жалғыз қызмет - Ислам дініне қызмет. Ал бұл нәрсе қолдағы бар болған мүмкіндіктермен Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан айналадағыларымызға беру, бұған мүмкіндігіміз болмаса бұл кітаптарды жайып жүргендерге қандай-да бір көмек, жәрдем беру арқылы орындалады. Бұл жәрдемге де шамасы жетпейтіндер ең болмағанда оларға дұға ету керек.
Адамдардың дүниелік қажеттіліктеріне көмектесу - өте құнды жақсылық. Бірақ бұны кәпір де істей алады. Жасалған осы жақсылық үш-бес күндік өмірде бір сәтке ғана рахаттық береді. Мәңгі болған арғы өмірде не істейді? Тек осы игілікті ғана істесек, дәл сол игілікті істеген кәпірден іс ретінде қандай айырмашылығымыз болады? Бұл адам тозақтан қалай құтылады? Негізінде осыны ойлау керек. Бүгінде әр адамның ең үлкен қажеттілігі - оттан құтылуы. Оны оттан құтқармай, оны киіндіргеннің, ішіп-жегізгеннің не пайдасы бар? Құрбандыққа сойылатын қойға ең жақсы жем, азық бер, ленталармен сәнде, боя, мүйіздеріне бірнеше алтын тақ, содан кейін пышағыңмен бауызда! Осы жасалған әшекейлердің қойға қандай пайдасы болады?
Адамның өзі үшін орындаған ғибадаттары бар, сонымен қатар орындалуына себеп болған ғибадаттары да бар. Адам өзі үшін кемшілікпен жасаған ғибадатын Аллаһ дәргейінде қабыл болғанын немесе қабыл болмағанын біле алмайды. Бірақ бір адамның құтылуы үшін бір адамның хидаятына себеп болу, бір адамның артынан етілген дұғасын алу риясыз, мақтанусыз, кібірсіз болғаны үшін қабыл болады. Осы тұрғыдан жасалған бұл қызметтер таудай күнәларымызға иншаллаһ каффарат (өтем) болады және құтылуымызға себеп болады.
Бір іс қаншалықты құнды болса, оның кедергісі де соншалықты көп болады. Көптеген қиыншылықтар шығады. Бірақ соңына дейін сабырмен жету керек. Кім кімге үміттеніп жатқан болса, жәрдемді содан күтсін! Кім Аллаһ үшін болса, Аллаһ та ол үшін делінген. Сондықтан мүмин әр жағдайда тек Аллаһқа ғана үміттеніп, тек Одан ғана жәрдем күту керек.
Дін сезімі жаратылыстан (фитраттан) пайда болады. Дін ғылымдары саласында жасалған зерттеулер, дін сезімінің жаратылыстар бар екендігін растауда. Макс Мюллер жасаған мұқият және егжей-тегжейлі зерттеулердің нәтижесінде дін сезімінің адамзат табиғатында жаратылыстан бар қасиет екендігін анықтаған. Бенжамин Констант, Дін, адамзат тарихында ең басты қозғаушы күш. Діни өмір табиғатымыздың ежелден келе жатқан және одан ажырамас қасиет, - деген. Діни сезімді, қорқу, үміт немесе кез-келген бір себеппен кейіннен пайда болған нәрсе деп қарау жаңсақ. Өйткені бұл жаратылыстан бар қасиет.
Адамның жаратылуынан бүгінгі күнге дейін әрдайым және барлық жерде ұлы, құдіретті бір күшке сиыну, жәрдем тілеу қажеттілігі орын алады. Бұл қажеттілік адам баласындағы діни сезімнің жаратылыстан екендігінің дәлелі. Адам басқа жаратылғандардың арасындағы таңдаулы бір болмыс. Ұлы Аллаһ оны жер бетінің халифасы қылды. (15) таулар мен көктер міндетіне ала алмаған аманатты, жауапкершілікті ол өзіне алды. (16). Бұл ауыр міндеттің үдесінен шығу үшін Ұлы Аллаһ түрлі дарын мен қабілет берді. Діни сезім де осылардың арасында. Рум сүресінің 30 - аятында Жаратушы Аллаһ былай дейді: (Мұхаммед (с.а.у)) Бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуында өзгеріс болмайды.

Осы тақырыпқа қатысты Әбу Һурайра (р.а.) - дан риуаят етілген бір хадис шәріпте: Әрбір туылған бала мұсылман болып дүниеге келеді. Одан кейін анасы, әкесі яһуди болған болса яһуди, насрани (христиан) болса насрани, мәжуси болса мәжуси қылады. Бұл хадисте дін сезімінің жаратылыстан; таза, пәк жаратылған адамның жанұя мен өскен ортасының ықпалымен олардың ұстанған дінін қабыл ететіндігін білдіруде. Айрықша бұл хадиспен христиандықтағы дүниеге күнәһәр болып келеді дегенге жауап ретінде адам бұл дүниеге пәк болып келіп, алған тәлім-тәрбиесіне қарай қалыпқа келетіндігін дәлелдеуде.

Адам үшін діннің қажеттілігі

Дін адамзатпен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін және діни сана
Дін және адам
Ғибадат
Дін
Абайдың алла, дін, мұсылманшылық туралы философиялық ой-толғамдары
Дін психологиясы пәнінің ерекшеліктері
Діннің анықтамасы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Дәстүрлі діннің белгілері
Діндер тарихы
Пәндер