Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Лекция № 1

Лекция тақырыбы: Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі

Лекцияның мақсаты: Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі маңызы мен ерекшелігін ажырату

Лекция жоспары:

1. Сәби шақтың даму ерекшелігі

2. Перенаталдық онтогенез туралы ғылым

3. Дене жаттығуларының маңызы

4. Шет елдегі және еліміздегі сәби шақтағы балалардың дамуы

5. Сәбилік шақтағы балалардың дене тәрбиесіндегі ұлттық тәрбие бағыттары

1. Сәби шақтың даму ерекшелігі

Үш жасқа аяқ басқан баланың алғашқы екі жылдағы өсімтал қарқынына қарағанда дене күшінің жетілуі біраз баяулайды, бірақ бүкіл организмі қатайып өседі ; нерв системасы дамиды, моторикасы өсіп жетіледі.

Бала бұл жаста төтенше белсенділік көрсетеді, өз бетімен әрекет жасауға тырысады. Заттармен әрекет жасауға тырысады. Заттармен әрекет жасауға тырысушылығы сақталады. Моторикасының дамуы үшін сюжетті ойынның пайда болуының айтарлықтай мәні бар.

Баланың еркін қимылдар жасауы әлі де қалыптаспаған, олардың алған бағыттары мақсатсыз, үнемі кейдейсоқ болып келеді. Дегенмен бұл жаста қимыл үлгісімен кейбір ұқсастықты анықтауға болады. Еліктеу бойынша әрекет жасай отырып, бала қимылдың берілген түрін дәл сақтай алмайды. Жыл аяғында қимылдар қалыпты, ырғақты сипатқа ие болып, мейлінше еркін де жеңіл орындалады. Бұл -қозғалыс әрекетіне дұрыс эмоциялық көзқарастың болуын құптайды. Балада бұрын орындалған қимылды өз бетімен қайта жаңғыртуға мүмкіндік беретін қимыл есі дамиды.

Балалардың денсаулығын нығайту және қорғау жөнінде қамқорлық жасауды, әрбір баланың денесінің жан-жақты дамуы, оның дұрыс эмоциялық көңіл-күйінің, белсенді мінез-құлқының дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауды жалғастыра беру қажет.

Баланың алғашқы жеті жылы барлық органдар мен жүйелердің қарқынды дамуымен сипатталады. Бала белгілі бір туа бітетін биологиялық қасиеттермен, оның ішінде негізгі нерв процестерінің типологиялық ерекшеліктерімен де (күш, ұстамдылық және ширақтық) туады. Бірақ бұл ерекшеліктер бұдан кейінгі дене және психикалық дамудың негізі ғана болып табылады, ал өмірдің алғашқы айларынан бастап баланы қоршаган орта мен тәрбие анықтағыш фактор болып саналады. Сондықтан баланың сергек, жағымды эмоциялық қалыпта, дене және психикалық дамуының толыққанды болуын қамтамасыз ететіндей жағдай жасаудың және тәрбие ұйымдастырудың маңызы өте зор.

2. Перенаталдық онтогенез туралы ғылым

Акушерияда ұрықтың мынандай даму кезеңдерін ажыратады :

  1. Антенаталды кезең -жатырішілік даму кезеңі.
  2. Интранаталды кезең -босану кезіндегі кезең.
  3. Постнаталды кезең -ерте неонаталды кезең, нәрестенің туылғаннан кейінгі 7 күн арасы.

Көп уақыт бойы акушерлер ұрықтың физиологиясы мен патологиясын тек антеинтранаталды кезеңдерде ғана зерттеген. Акушерияға жаңа ғылым -перинатология енгізілгеннен кейін, бұл мәселенің зерттеу ағымдары кеңейді.

Перинтальдық кезең -ұрықтың антенаталды дамуының 28-аптасынан басталып (ұрық салмағы 1000г немесе одан артық), жаңа туылған сәби өмірінің 7 күніне (168 сағат) дейінгі аралық.

Перинатология -жатырдағы ұрықтың, жаңа туылған сәбидің өсіп-дамуын, денсаулығын перинаталдық кезеңде зерттеп, қорғайтын ғылым.

Перинатология ғылымы 1960жылдан бастап дами бастады. Даму жолдары ғылыми, тәжірбиелік, ұйымдастыру ағымдарына байланысты болды.

  1. Перинатологияның ғылыми ағымы акушерия саласында (эмбриология, патологиялық физиология, эндокринология) енгізілгеннен соң дами бастады.
  2. Тәжірбиелік ағымы -акушерияға жаңа тәсілдер (УДЗ, КТГамниоцентез) енгізілгеннен соң дамыды.
  3. Ұйымдастыру ағымы -жоғары «қауіп-қатердегі» әйелдер тобын ерекше диспансерлік бақылауға алып, оларға арнайы перзентханалар ашқаннан кейін дами бастады.

Перинатология ғылымының негізгі мақсаттарының бірі -перинталдық өлім деңгейін төмендетумен қатар, дені сау сәбидің туылуын қамтамасыз ету.

Перинаталдық өлім деген анықтаманы 1949 жылы тұңғыш рет американ ғалымы Пеллер енгізген, біздің елде 1965 жылы енгізілген. Перинаталдық өлім -өлі туылған және ерте неонаталдық өлімнен тұрады.

Өлі туылғандар :

а) Жүктілік кезіндегі нәресте өлімі (антенаталды) ;

б) Босану кезіндегі нәресте өлімі (интранаталды өлім) ;

Өлі туылғандар деп-жүктілік немесе босану кезеңдерінде тыныс алмай туылған нәресте өлімін айтады. Перинаталдық өлімнің көрсеткіштері әр мемлекетте әр түрлі 12-50% аралығында, оның деңгейі дәрігерлік көмектің сапасына, ұйымдастыруына, халықтың әлеуметтік жағдайына, әйелдің жалпы денсаулығына байланысты. Перинаталдық өлім көрсеткіші туылған 100 нәрестенің 24-26. 4 %-ін құрайды; дамыған капиталистік елдерде 6-15%-ке тең. Тікелей себептердің ішінде бастысы -нәресте асфикциясы (58, 4%), босану жарақаты (13, 1%), туа пайда болған даму ақаулары (12%), гемолитикалық және септикалық аурулар (10, 2%) . Соңғы жылдары жатырішілік, респираторлық бұзылыстар синдромы артуда. Негізгі себептері : босанудың асқынуы (22%), кеш гестоздар (20%), плацента, кіндіктің ауытқуы (10, 6%), ананың созылмалы аурулары (10, 2%), резус -қайшылықты жүктілік (3, 2%), басқа себептер (19%), белгісіз себептер (16, 8%) . Себептердің 70% -ы жүктілік пен босану кезеңдеріндегі асқынуға байланысты.

Пайда болуынан бастап, өмірінің ақырына дейін әрбір организмде өтетін бір ізділі морфологиялық, физилогиялық және биохимиялық өзгерістердің жинағы онтогенез(гр. Онтос -мақұлық, тірі жәндік, генезис-пайда болу ) немесе индивидуальды, яғни жеке даму деп аталады. Дәрігерлік қызметтің негізгі нысанасы -адам онтогенезінің қалыпты жағдайы және патологиялық ауытқулары. Әйелдің бала көтеруінен бастап босануына дейінгі мерзім -280 күн, немесе 40 апта . Осы мерзімде туған баланы мерзіміне жетіп туған дейді, мерзіміне жетпей ерте туылған болса шала немесе түсік болады.

Баланың құрсақта өсуіне байланысты ананың организміндегі барлық механиздерде өзгерістер болады. Бұл өзгерістер әуелі ананың жүрек және қантамырлар жүйесінде кездеседі. Жүрекке түсетін салмақтың көбеюіне байланысты жүректің сол жақ қарыншасы кеңейіп үлкейеді.

Жүктілік кезінде ананың организмі көптеген өзгерістерге ұшырайды. Осы өзгерістер нәтежиесінде нәрестенің тіршілігін сақтап, босануға жағдайлар жасалады. Жыныс жол арқылы көбейетін организмдерде онтогенездің екі кезеңін ажыратады : эмбриондық және постэмбриондық кезең.

Нәрестенің басты ағзалары жүктіліктің алғашқы айларында дамиды. Бұл сатыда нәресте инфекциялық микроорганизмдермен алкоголь сияқты улы заттарға өте сезімтал келеді. Жалпы эмбриология -ұрықтың қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді. Адам эмбриологиясы -адам ұрығы дамуының, яғни оның құрлысы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.

Баланың жатыр ішінде дамуы екі кезеңнен тұрады:эмбриональды және феталды.

  1. Эмбриональды кезең -ұрықтанудан бастап екі айдың соңына дейін созылады. Осы кезеңде нерв, қан тамыр, жүрек-қан тамыр, ас қорыту, бөліп шығару, эндокрин жүйелері және денесі, бас, бет бейнелері, аяққтары пайда болады. Ұрық осы кезеңде зиянды факторладың әсеріне сезімтал ұрықтың тұңғыш қауіпті кезеңі имплантациямен сәйкес келеді.
  2. Феталды кезең -үш айдың басынан босанғанға дейін созылады. Бұл кезеңде ұрық тез өсіп, жүйелері мен мүшелері дамып жетіледі.

Негізінен баланың қалыптасып дамуы үшінші аптадан басталады. тез жетіледі

3. Дене жаттығуларының маңызы

Дене жаттығуларымен және массажбен айналысу тәрбиешінің балаларды түгел көріп тұруы, ал манеждегі балалар оның даусын естуі және сондай-ақ оның қимылдарын байқап отыруы үшін топқа арналған бөлме ішінде өткізіледі. Бұл бөлмені алдын ала жақсылап желдету керек. Үй ішінің температурасы 22°-тан төмен болмауы тиіс. Жазда, температураның жылылығы 22°-тан астам және жел жоқ кездерде сабақты ашық ауада, көлеңкеде өткізу ұсынылады.

Сабақты белгілі бір сағатта, дұрысы, баланың белсенді де көңілді шағында, түске дейін, бірақ, тамақтанған соң кем дегенде жарты сағаттан кейін өткізген жөн.

Массаж бен индивидуалдық сабақтар үстіне жұқалап мақта төселіп кленкамен қапталған арнаулы стол үстінде (биіктігі 72-75 см, ені 70-80 см, ұзындығы 120 см) өткізеді. Сабақ кезінде стол үстін әр бала үшін жеке ақ жамылғы немесе жаялықпен жабады. Мұндай стол орнына қажетті жағдайда ағаш немесе фанер қалқанды (өлшемдері 60-70X85-100 см) қолдануға болады. Қалқанды баланы жаялыққа орайтын стол үстіне немесе екі қабырғасы жоғары көтеріліп, жақсы бекітілген бала төсегінің үстіне көлденең қояды да үстін жұмсақ одеялмен жабады, оның үстіне шағын кленка төсейді.

Әр баламен айналысар алдында сестра қолын жылы сумен мұқият сабындап жуып алуы керек. Баланы суық қолмен ұстау жағымсыз түйсік және жағымсыз әсер тудырады. Сестраның тырнақтары тұқылданып алынуы тиіс, айналысқан кезде ол сақина, сағат т. б. алып тастауы қажет, киімінде ілгекті заттар т. б. түйреуіш, ине болмауы керек.

Массаж жасаған кезде бала терісіндегі тері көздерін бітеп тастамау үшін тальк (ұнтақ), вазелин қолданбау керек. Бұған басқа амал жоқ болғанда, сестраның қолы тым дымқыл немесе құрғақ болған кезде ғана оның өзінде сабақтан соң бала жылы сумен (36-37°) жуынып-шайынатын жағдайда ғана жол беріледі.

Сәби шақта бас ауңымының өзгеруі негізінен алғанда ми массасының артумен анықталады, бірақ бас сүйегінде рахит салдарынан өзгеріс болуы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды.

Дене жаттықтырудың игі әсері балалар денесінің даму деңгейінен ғана емес (денесінің даму деңгейі төмен балалар санының азаюы, орташа және жоғары деңгейде дамудың артуы), дене құрылысының жақсаруынан да (денесі жарасымды дамыған балалар санының артуы) көрінеді.

Балалар сүйек жүйесі үлкендердікіне қарағанда шеміршек тканьге бай. Сондықтан да баланың сүйектері жұмсақ, солқылдақ, жеткілікті түрде қатпаған, оңай майысады және қолайсыз сыртқы факторлардың (балалардың тіршілік қызметі мен жас шамасы мүмкіндіктеріне сай келмейтін дене жаттығулары, баланың бойына сий емес киім, аяқ киім, мебель және т. б. ) әсерінен дұрыс емес формаға енеді.

Табан күмбезінің қалыптасуы бір жастағы кезден басталады, әсіресе жүре бастағанда қарқынды өтеді де мектепке дейінгі шақта одан әрі жалғаса береді. Сондықтан мектепке дейінгі шақта сай келетін аяқ киім таңдап алуға (өкшелі), табан күмбезінің ныгаюы және дұрыс қалыптасуы үшін жаттығулар пайдалануға ерекше назар аудару қажет.

Скелеттің жедел жетілуі бұлшық еттерінің, сіңірлердің және буын-сіңірлері аппаратының жетілуімен тығыз байланысты. Кішкентай балалардың буындарының үлкендермен салыстырғанда айтарлықтай қозғалғыш болатындығы олардың бұлшық еттерінің, сіңірлерінің бунақтарының әлдеқайда солқылдақ екеніне байланысты. Шамадан тыс қозғалғыштық - буындардың былқ-сылқ етіп тұруы - рахит белгілерінің бірі болып табылады.

4. Шет елдегі және еліміздегі сәби шақтағы балалардың дамуы

Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы: биологиялық белгілеріне байланысты балалардың жастары мынандай кезеңдерге бөлінеді:

  1. Жаңа туған сәби -алғашқы 1 ай өмір уақыты.
  2. Емшектегі сәби -1айдан 1жасқа дейінгі уақыт.
  3. Балбөбек немесе ясли жас кезеңі -1 жастан 4жасқа дейінгі уақыт.
  4. Мектепке дейінгі кезең -4 жастан 7жасқа дейінгі кезең.

Дене дамуының көрсеткіші : баланың бойы, салмағы, кеуде клеткасының көлемі, дене мүшелерінің ұзындығы. Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшелердің атқаратын қызметтеріне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, жүректің қызметтік дамуын анықтау үшін қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, жүктеме бергеннен кейінгі қалпына келу уақытын өлшейді.

Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес : баланың бойы қысты нашар, жазда тез, күндіз аз, түнде көбірек өседі. Сәби шақта бала ағзасы тез өседі, дамиды.

Кішкентай баланың бұлшық ет жүйесі ересек адаммен салыстырғанда әлі жеткілікті дамымаған болады және бұлшық еттік масса бүкіл дене салмағының 25%-ін құрайды, ал ересектерде ол орта есеппен 40-43%-ке тең.

Бала қозғалыстарының дамуына қарай бұлшық ет тканінің массасы және жиырылгыштық қабілеті артады. Бұлшық еттер күшінің артуы дене жаттығулары кезінде ширығуды, бірте-бірте өсіре түсумен анықталады.

Бірқатар функционалдық көрсеткіштер бойынша да біршама ересектену байқалады. Балалар есейген сайын олардың жүрек соғысы мен тыныс алуының жиілігі кеми түсетіні белгілі. Егер бұрын бес жасар балаларға жүректің бір мииутта 98-100 соғуы тән болса, енді соғудың орташа жиілігі -97. Алты жаста бір минутта орта есеппен 26 рет ішке дсм тартады деп есептелініп келсе, енді ол - 23. Кейбір мәліметтер бойынша жүректің соғуы мен тыныс алу жиілігі бұдан да әлдеқайда сирегірек.

Осыған сәйкес қимыл-қозғалыстық қасиеттерінің даму көрсеткіштері де өсе түсті. Мәселен, егер бес жасар балалардың елуінші жылдардағы 30 метрге жүгіру жылдамдығы секундына 3, 55 м болса (Е. Г. Леви-Гориневская), енді ол 1968-1970 жылдарда секундына 3, 7 (Е. Н. Вавилова) немесе 4, 00 м (О. Г. Аракелян) болды.

Бір акселерацияга тәуелсіз-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың функционалдық мүмкіндіктері (ақыл-ой, дене мүмкіндіктері де) бұрын ойлағандағыдан жоғары. Балалардың оптималды дамуын, оны жасанды жолмен жеделдетпей және тежемей қамтамасыз ету үшін, мұны ескеру керек

5. Сәбилік шақтағы балалардың дене тәрбиесіндегі ұлттық тәрбие бағыттары

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтарының бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарыңыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психолощялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын ерістетіп, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл қоюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз, ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шындай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан, халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы - ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топ-тың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс бол-ған. Сондай-ақ талапты жас ойын енеріне жасы үлкен, танымал үстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз. Ұлттық қимыл-қозғалысыс ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі де, көрінісі де болған.

Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысьш, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Өзінің өлең-жырларында халық ойынды тәрбие қүралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшандықка, дәлдікке, т. б. ғана тәрбиелеп қой-май, оның ақыл-ойынын толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізді. Тарихының көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да осы қимыл-қозғалыс ойыны. Қимыл-қозғалысыс ойынында бала назар аудару және Бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді: ойынның қалыптасқан түрлеріне байланысты ол қимылды тынығумен кездестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін тандау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан-салалы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы және педагогтық шеберлігі қажет.

Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұғиығынан алады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшандықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты т. б. мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-қуаты молдығын, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге Бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.

Қазақтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты. Оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, өрі қүнды. Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс шаруашылық саласы жоқ десе де болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1. Т. И. Осокина «Балалар бақшасындағы дене шынықтыру» Алматы «Мектеп», 1982ж

2. Е. Қ. Уанбаев, Ф. Ж. Уанбаева «Сәби және мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің негіздері» № 3, 4, 6, 2009ж

3С. А. Ажаев «Гисталогия І бөлім. Цитология және адам эмбриологиясы», Түркістан «Еркін и К ХХІ», 2007ж

4. Т. Тұрыскелдина «Даярлық кластар мен топтардағы дене тәрбиесі» Алматы «Атамұра» 2003ж.

5. А. К. Абдилаев, Б. Қ. Мұхамеджанов «Дене мәдениеті» Түркістан 2008ж

6. Кенеман. А. В, Д. В. Хухлаева «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің мен методикасы»Алматы «Мектеп», 1985

7. Ж. Қасымбеков, М. Жаздықбаева «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» Шымкент, 2012ж

Лекция № 2

Лекция тақырыбы: Жөргөктік кезеңдегі дене дамуы және күтімі

Лекция жоспары:

1. Бір жасар баланың дене дамуы ерекшеліктері

2. Күн тәртібін ұйымдастыру

3. Массаж

4. 1 жастағы балалардың қимыл-қозғалысының ерекшелігі

Лекцияның мақсаты. Бұл жастағы балаларды тәрбиелеу кезінде күн режимін ұйымдастыруға дұрыс гигиеналық күтім методикасына көп көңіл аударылуы тиіс

1. Бір жасар баланың дене дамуы ерекшеліктері

Бұрын аталып көрсетілгендей, баланың бір жасар шағында дамудың жоғары қарқындылығы, қысқа мерзім ішінде дене дамуының және нервтік-психологиялық дамудың тез өзгеріп отыруы байқалады. Орталық нерв жүйесінің сыртқы ортамен үнемі өзара әрекеттестік кезінде дамуы барлық сезім органдарының дамуына, жағымды эмоциялардың тууына және жетілуіне, негізгі қозғалыстарды меңгеруге, тіл әзірлігі кезеңдерінің дамуына көмектеседі. Мұның өзінде ересек адам үлкен роль атқарады.

Бір жасар баланы тәрбиелеу кезінде оның жағымды эмоциялық жағдайда болуын қамтамасыз етудің маңызы өте зор. Жайдары, шаттықты көңіл күйі тәндік және нервтік-психологиялық дамудың дұрыс және өз уақытында өтуінің, денсаулықтың жақсы болуы шарттарының бірі болып табылады. Бала өмірінің алғашқы айларында шаттанып, күледі, көптеген қимыл-қозғалыс жасайды - талпынудың неше түрін көрсетеді, бұл қол, кеуде т. б. қозғалыстарының одан әрі дамуының негізі болып табылады.

Балалардың негізгі қозғалыстарды өз уақытында және дұрыс меңгеруі бойдың өсуіне, негізгі органдар мен жүйелер әрекетіне игі ықпалын тигізеді, өзін-өзі айтарлықтай меңгеруді қамтамасыз етеді де, сол арқылы психикалық даму мүмкіндігін кеңейтеді.

Тәрбиелеудің ең негізгі қағидаларының бірі - белгілі бір дағдының, икемділіктің, психикалық іс-әрекеттің өзінен-өзі пайда болуын күтіп отыра бермей, организмнің нақты бір кезеңінде нерв жүйесінің тиісті орталықтарының толысуы арқылы пісіп жетілетін функцияларының көрініс беруіне белсене көмектесу. Оның үстіне тәрбиелік әрекеттер жаңа функцияны қолдағандай болады, оның көрініс беруіне жағдай туғызады. Статикалық және қимыл-қозғалыстық функциялардың дамуына әр күн сайын жәрдемдесу, баланың жас және индивидуалдық ерекшеліктеріне сәйкес күн тәртібін ұйымдастыру балалардың дұрыс және үйлесімді дамуын қамтамасыз етудің, дене дамуындағы және денсаулық жағдайындағы ауытқушылықты болдырмаудың қуатты факторы болып табылады.

Балалардың денсаулығын нығайту үшін, сондай-ақ күн режимінде шынықтыру мақсатымен, табиғаттың жаратылыстық факторларын пайдаланудың (ауаның, судың, күннің) маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың әдістемелері
Сәби шақтың даму ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Нәрестелік шақтағы бала психикасының даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz