Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы диагностикасының теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының түсінігі және
оның маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.2 Диагностиканың факторлар кеңістігін қалыптастыруы..9

2 . Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының
диагностикасы (АТФ Банк

2.1 Қазақстандағы жалпы банк саласының және АТФ Банктің қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.2 АТФ Банктің дағдарыстық жағдайының
диагностикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

3. АТФ Банктің жалпы даму динамикасына баға беру ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе

Қазіргі таңда математикалық – статистикалық әдістерді экономикада, басқару саласында, банк ісінде пайдалану жаңа ғылыми пәндердің тууына алып келеді. Сондай бір ғылыми пәндердің бірі кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару шешімдерін қабылдауда статистикалық бейнені айқындау теориясын тиімді пайдалану нәтижесінде пайда болған кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы болып келеді.
Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы кәсіпорынның дағдарыстық жағдайға жақындығын, яғни оның бар екендігін және қаншалықты тереңдігін анықтайды. Жалпы экономикалық теория шеңберінде кәсіпорынның ешқайсысын жанданудағы немесе дағдарыстағы деген кластарға жатқызудың нақты анықтамасы жоқ. Кәсіпорын бизнесінің сәтті немесе сәтті еместігін анықтауда, тек кәсіпорын ішіндегі жағдайды анықтауды ғана білу жеткіліксіз, сонымен қатар ішкі экономикалық көрсеткіштерді де салыстыра отыра анықтап отыру қажет. Сонымен бірге дағдарыстық жағдайды дер кезінде анықтап отыру басты мәселелердің бірі болып келеді.
Дағдарыс туралы шешім қабылдағаннан кейін, ең біріншіден сол дағдарысқа алып келген себептерін анықтауға тырысу қажет және оның қаншалықты салмақтылығын бағалауымыз қажет.
Бұл ғылым кәсіпорынның дағдарыстық құбылыстарын тану әдістерін үйренуге көмектеседі.
Менің бұл курстық жұмысымда еліміздің қаржы саласы бойынша талдау жүргізілген. Оның ішінде банк саласы бойынша еліміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы орындардың қатарында екеніні білеміз. Бүгінде заң бойынша 34 банк мекемесі жұмыс атқарып , үш банк көшбасшылардың қатарына жатады. Ал менің зерттеуге алған объектіме даму қарқыны соңғы жылдары өсіп келе жатқан АТФ Банк болып келеді. Соңғы кезде БСҰ-на кіру мәселесі көп көтеріліп, жақын арада кіруге дайындалып жатқанымыз айдан айқын. Сондықтан еліміздің қай саласы болмасын, бәсекеқабілеттілікке төтеп беру қажет. Банктер арасында бүгінде күннен күнге бәсекқабілеттілік артыруда. Бірақ қай банктің болсын ары қарай ешбір қауіпсіз жұмыс атқаруына ешкім кепіл бере алмайды. Сондықтан да диагностика жүрігізіп отыру қажет. Сол арқылы, біз кәсіпорынның жағдайын тұрақтандырып отырамыз.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, осы кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының теориялық негіздеріне тоқтала кетеміз. Сонымен қатар қандай жағдайда кәсіпорынның дағдарысқа ұшырайды. Оған себепші болған факторлардың кәсіпорынды қалай құлдырауға алып келетіндігі түсіндіріледі. Яғни факторларды дұрыс таңдап алу, диагностиканың факторлар кеңістігінің қалыптасуын қарастырамыз.
Екінші бөлімінде, жалпы банк саласына және зерттеліп отырған банкке қысқаша тоқталып, ,бәсекелестермен салыстыра отырып нарықтағы орнын және бүгінгі даму жетістіктері түсіндіріледі. Сонымен қатар, есептеулер арқылы дағдарыстық жағдайдан қаншалықты алыс немесе жақын жатқандығын анықтамыз және қай топқа жатқызудың есептеулері жүргізіледі.
Үшінші бөлімде, АТФ Банктің жалпы даму динамикасын талдап, оған баға беріледі. Мұнда диагностиканың үздіксіз жүруінің маңыздылығы анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1) Фомин Я. А. Диагностика кризисного состояние предприятие: Учеб. пособие для вузов. М: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 349 стр.
2) www.kase.kz сайтынан АТФ банктің қаржылық есептілігі.
3) «Риски не снижаются» Нигмет Рамазанов. (анализ банковского системы) Деловая неделя. 3 ноябрь 2006 года.
4) Большев Л. М. Таблицы математической статистики. М – Наука 1993
5) www.atfbank.kz

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қолданбалы математика кафедрасы

Тақырыбы: Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

1. Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы диагностикасының теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының түсінігі және

оның
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..6

1.2 Диагностиканың факторлар кеңістігін қалыптастыруы..9

2 . Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының
диагностикасы (АТФ Банк

1. Қазақстандағы жалпы банк саласының және АТФ Банктің қысқаша
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.2 АТФ Банктің дағдарыстық жағдайының

диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .15

3. АТФ Банктің жалпы даму динамикасына баға беру ... ..24

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Кіріспе

Қазіргі таңда математикалық – статистикалық әдістерді
экономикада, басқару саласында, банк ісінде пайдалану жаңа ғылыми пәндердің
тууына алып келеді. Сондай бір ғылыми пәндердің бірі кәсіпорынның
дағдарысқа қарсы басқару шешімдерін қабылдауда статистикалық бейнені
айқындау теориясын тиімді пайдалану нәтижесінде пайда болған кәсіпорынның
дағдарыстық жағдайының диагностикасы болып келеді.
Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы кәсіпорынның
дағдарыстық жағдайға жақындығын, яғни оның бар екендігін және қаншалықты
тереңдігін анықтайды. Жалпы экономикалық теория шеңберінде кәсіпорынның
ешқайсысын жанданудағы немесе дағдарыстағы деген кластарға жатқызудың
нақты анықтамасы жоқ. Кәсіпорын бизнесінің сәтті немесе сәтті еместігін
анықтауда, тек кәсіпорын ішіндегі жағдайды анықтауды ғана білу жеткіліксіз,
сонымен қатар ішкі экономикалық көрсеткіштерді де салыстыра отыра анықтап
отыру қажет. Сонымен бірге дағдарыстық жағдайды дер кезінде анықтап отыру
басты мәселелердің бірі болып келеді.
Дағдарыс туралы шешім қабылдағаннан кейін, ең біріншіден сол
дағдарысқа алып келген себептерін анықтауға тырысу қажет және оның
қаншалықты салмақтылығын бағалауымыз қажет.
Бұл ғылым кәсіпорынның дағдарыстық құбылыстарын тану әдістерін
үйренуге көмектеседі.
Менің бұл курстық жұмысымда еліміздің қаржы саласы бойынша талдау
жүргізілген. Оның ішінде банк саласы бойынша еліміз ТМД елдерінің ішінен
алдыңғы орындардың қатарында екеніні білеміз. Бүгінде заң бойынша 34 банк
мекемесі жұмыс атқарып , үш банк көшбасшылардың қатарына жатады. Ал менің
зерттеуге алған объектіме даму қарқыны соңғы жылдары өсіп келе жатқан АТФ
Банк болып келеді. Соңғы кезде БСҰ-на кіру мәселесі көп көтеріліп, жақын
арада кіруге дайындалып жатқанымыз айдан айқын. Сондықтан еліміздің қай
саласы болмасын, бәсекеқабілеттілікке төтеп беру қажет. Банктер арасында
бүгінде күннен күнге бәсекқабілеттілік артыруда. Бірақ қай банктің болсын
ары қарай ешбір қауіпсіз жұмыс атқаруына ешкім кепіл бере алмайды.
Сондықтан да диагностика жүрігізіп отыру қажет. Сол арқылы, біз
кәсіпорынның жағдайын тұрақтандырып отырамыз.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, осы кәсіпорынның дағдарыстық
жағдайының теориялық негіздеріне тоқтала кетеміз. Сонымен қатар қандай
жағдайда кәсіпорынның дағдарысқа ұшырайды. Оған себепші болған факторлардың
кәсіпорынды қалай құлдырауға алып келетіндігі түсіндіріледі. Яғни
факторларды дұрыс таңдап алу, диагностиканың факторлар кеңістігінің
қалыптасуын қарастырамыз.
Екінші бөлімінде, жалпы банк саласына және зерттеліп отырған банкке
қысқаша тоқталып, ,бәсекелестермен салыстыра отырып нарықтағы орнын және
бүгінгі даму жетістіктері түсіндіріледі. Сонымен қатар, есептеулер арқылы
дағдарыстық жағдайдан қаншалықты алыс немесе жақын жатқандығын анықтамыз
және қай топқа жатқызудың есептеулері жүргізіледі.
Үшінші бөлімде, АТФ Банктің жалпы даму динамикасын талдап, оған баға
беріледі. Мұнда диагностиканың үздіксіз жүруінің маңыздылығы анықталады.

1. Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы
диагностикасының теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының түсінігі және

оның маңыздылығы.

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның негізгі мақсаты – бәсекелестікке
төтеп беру, өміршілдігін тұрақтандыру. Осыған байланысты кәсіпорынның
стратегиясы бәсекелес фирмалар жағдайымен салыстырылып отыруы тиіс.
Кәсіпорынның жағдайын бәсекелестермен салыстыру арқылы дағдарысқа
қаншалықты жақын тұрғаннын анықтау керек. Ал, егер анықтамаған жағдайда
дағдарыс тереңдеп, банкроттыққа айналады. Дағдарыс пенен банкроттық
арасындағы аралықты уақытысында тану қажет. Диагностиканың негізгі
мақсаты осы аралықты ерте танып, дағдарысқа баға беру. Диагностика жасау
нәтижесінде кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы анықталады және тенденциясы
көрсетіледі.
Дағдарыс факторлардың сандық өзгеруіне байланысты болса, онда
экономикалық жағдай анықталғандық деп қарастырылады. Осы жағдайда
дағдарыстан шығу ықтималдығы жоғары.
Егер дағдарыс сандық өлшемі жоқ кездейсоқтық жағдайларға
байланысты болса, онда ол анықталмағандық ортада болады. Бұл жағдайда
тәуекелділік шешім қабылданады.
Бүгінде кәсіпорынның жемісті жұмыс атқарып жатқаны, оның өз
алдына қойған мақсатына жеткендігінің нәтижесі. Әрбір кәсіпорын үшін ең
басты мақсат - өмір сүруге қабілетті, яғни бәсекеқабілетті болуы.
Кәсіпорын өз қызметінде құлдырау тенденциясының қаншалықты қауіпті екенін,
қолайсыз құбылыстардың жиынтығы кәсіпорынды қашан және қалай
әлсірететіндігін , одан кейін кәсіпорын жағдайын дағдарысқа алып келетінін
алдын ала анықтап біліп отырумыз қажет. Ал біздің басты мақсатымыз
кәсіпорын қызмет ету барысында дағдарысқа алып келетін қолайсыздықты
білдіретін белгілі бір көрсеткіштердің жинақталуының бастауын анықтау
болып табылады. Дағдарысты тудыратын көрсеткіштер жиыны өте көп.
Сондықтан да кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы өте күрделі
және көп шаралық мәселе болып саналады.
Жалпы алғанда дағдарыс дегеніміз – көптеген экономикалық
белгілеріне сәйкес нақты бір уақыт мерзіміндегі кәсіпорын қызметінің
қолайсыз нәтижесін көрсететін экономикалық категория. Экономикалық теория
көзқарасы бойынша дағдарыс - кәсіпорынның құрылу моментінен жойылуына
дейінгі уақыт аралығында қайталанып тұратын барлық экономика субьектілеріне
тән құбылыс.
Негізінде кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы, ол - кәсіпорын
неселік қарыздарын төлеу алмау және өз ресурстары арқылы
төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алмау нәтижесінде банкроттыққа ұшырау
прцессін айтады. Осы жерде кәсіпорынның құлдырау процессін алып қарасақ,
дағдарыстың бастау алуы мен банкроттыққа ұшырауы аралығында едәуір уақыт
кесіндісі қалыптасады. Яғни, дағдарыстың бар екендігін анықтаған жағдайы
мен банкроттықтың басталуының аралығында кәсіпорын өз ресурстары арқылы
төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алуға мүмкіндігі бар, тек дер кезінде
дұрыс шешім қабылдауға икемді болу керек. Ал банкротқа ұшырағаннан кейін
оны қалыпына келтіру мүмкін болмайды, тек бұл кезде кәсіпорын тек не
жабылады не басқа қаржы көздерімен қаржыландырылады. Сондықтан да
дағдарыстық жағдайды алдын ала біліп және талдау жүргізіп отыру қажет.
Дағдарыс ешқашан да бірден қалыптаса қалмайды, ол жылдар бойы, айлар бойы
жинақталуы мүмкін.
Кәсіпорын қызметінің қолайсыз құбылысына кәсіпорын ішіндегі кез
келген мәселелі жағдайларды жатқызамыз. Олар: сыртқы орта факторлары (
макроэкономикалық, салалық, әлеуметтік – саяси және т.б. ), фирмаішілік
факторлары ( қаржылық жағдай, өндірістік процесс, маркетинг, кадр
ресурстары ) болуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінде қолайсыз өзгерістерді
болдыратын белгілер өте көп және әртүрлі болып келеді. Оларға мыналарды
жатқызамыз : өтімділіктің төмендеуі, табыстылықты және қаржылық
тұрақтылықты жоғалту, шығындардың өсуі және т.б. Осы аталғандар қолайсыз
жағдайдың туындауына әсер етуі бірдей болып келеді . Өйткені барлық
факторлар бір бірімен тығыз байланыста болады , яғни бір фактордың теріс
көрсеткішке ие болуы, келесі бір фактордың төмендеуіне алып келеді.
Жалпы алғанда диагностика дегеніміз - кәсіпорынның дағдарыс
деңгейін анықтау:
1) дағдарыс жағдайында S1
2) дағдарыс емес жағдайда S2
Диагностиканың мынадай үш маңызды талаптар қойылады :
- дағдарыс кезеңін уақытылы анықтау
- тану нәтижелерінің дәлдігі
- диагностика үздіксіз жүруі қажет
Сонымен кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы
дегеніміз - кәсіпорын дағдарыстық жағдайда немесе дағдарыс жағдайда емес
деген екі баламалы шешімнің біреуін қабылдау.

1.2 Диагностиканың факторлар кеңістігін қалыптастыруы.

Диагностика жағдайында кәсіпорынның экономикасын құрайтын
көрсеткіштердің алатын орны ерекше, сол үшін ең алдымен диагностикаға
қатысатын кәсіпорынның экономикасына талдау жасалыну керек. Бәсекелес
кәсіпорындардың экономикасына ішкі және сыртқы ортаның факторлары әсер
етеді. Жалпы алғанда, кәсіпорын жағдайын талдау - бұл кәсіпорынның
құрылымында болатын процестерді зерттеу ғана емес, ол ең алдымен фирманың
қызмет атқарып жатқан ортасын талдау. Кәсіпорынның басқару шешімдеріне
негізінен ішкі орта және сыртқы орта факторлары әсер етеді. Микроорта
кәсіпорынға тікелей қатысты күштер яғни, тұтынушыларға қызмет көрсету,
жабдықтаушылармен, бәсекелестермен қарым қатынас орнату және т.б. Макроорта
фирмаға кең әлеуметтік жобада әсер ететін күштер. Ол көбінесе
демографиялық, экономикалық, табиғи, техникалық, саяси және мәдени
факторлар болып табылады. Микроорта факторларын кәсіпорынға тікелей әсер
ететін факторларға, ал макроорта факторларын жанама әсер ететін факторларға
жатқызамыз. Сонымен, кәсіпорынның ішкі ортасы микроорта ретінде, ал нарық
макроорта болып табылады. Кеңістікті қалыптастыру кезінде біз кез келген
кәсіпорынды ала аламыз. Қалған бәсекелес кәсіпорындар сол салада қызмет
атқару керек. Диагностика объектілері біртектес салалық объектілер болғаны
дұрыс. Диагностиканың нақтылығын арттыру үшін экономиканы толық сипаттайтын
факторлардың жиынын дұрыс таңдау керек. Ішкі ортаның факторлары мынадай
төрт блоктан тұрады:
1. Өндіріс
2. Өнімді өткізу (маркетинг)
3. Қаржы
4. Кадрлар
Жалпы алғанда, бұл кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының
негізгі төрт бөлімшелері болып табылады. Бірақ көрсеткіштерді шектеуге
болмайды. Тек олар кәсіпорынды талдау кезінде нақты мәнге ие болуы керек.
Кәсіпорынның қызметі жоғарыдағы төрт блоктың көрсеткіштеріне байланысты
болып келеді. Сондықтан да, осы блоктарға байданысты көрсеткіштер
таңдалады.
Диагностика этаптары:
I. Көрсеткіштер кеңістігін қалыптастыру
II. Бейнені айқындауды зерттеу
III. Шешім қабылдау
IV. Шешімнің нақтылығын бағалау

I. Көрсеткіштер кеңістігін қалыптастыру этапында кәсіпорынның
мүмкіндігінше барлық көрсеткіштерін жинастырып төрт блокқа бөлу қажет. Әр
блокқа корреляциялық таблица жасалады. Таблицаның мәліметтері бойынша өзара
тығыз тәуелді факторлардың негізгі біреуін алған жеткілікті. Жалпы блок
бойынша өзара тәуелді емес факторлар алғаны дұрыс. Факторлар диагностика
жасағанда дәл мәнге ие болатындай етіліп таңдалынып алыну қажет.
Диагностиканы әр блокқа жеке жасауға болады немесе әр блоктың негізгі
көрсеткіштеріне байланысты жасауға болады. Ал бұл курстық жұмыстағы
зерттелетін фирма қаржы секторына жататандықтан және оның қызметі қаржы
блогына тікелей байланысты болғандықтан тек қаржы көрсеткіштері алынады.
II. Бейнені айқындауды зерттеу этапында басты мақсат –
кәсіпорындарды S1 және S2 класстарын тануда зерттелетін обьектілердің
мәліметтері болуы қажет:
мұндағы mi – сол зерттелетіндердің жалпы саны болып келеді.
Оларды Шешімнің нақтылығын дәл бағалауды зерттеу орташа векторларын
таңдау арқылы және ковариациациялық матирасын есептеу арқылы
жүргізіледі.

III. Шешім қабылдау этапында кәсіпорынды дағдарыстағы емес немесе
дағдарыстағы тобына жататындығы туралы шешім қабылданады. Шешім
қабылдау үшін шындыққа жанасу статистикасы қолданылады.
IV. Шешімнің нақтылығын бағалау этапында 1-ші және 2-ші ретті и
айқындауының қатесінің ықтималдылығы есептеледі. бойынша
алынған мән - зерттеліп отырған обьектінің S1 немесе S2 кластарының
қайсысына жатуының қаншалықты шын екендігін көрсетеді.

2 . Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының
диагностикасы (АТФ Банк)
2.1 Қазақстандағы жалпы банк саласының және АТФ Банктің қысқаша
сипаттамасы.

Қазақстандық экономиканың бүгінгі дамуында еліміздің қаржы секторы
сапалы жаңа даму деңгейіне жетті. Болашақтағы даму жоспарындағы жемісті
жұмыс атқаруына бағытталған реформалардың көп бөлігі орындалды. Бүгінгі
күні Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдері бойынша алдыңғы даму деңгейінде
және де ол білікті халықаралық мамандармен дәледенген. Елімізде екі
деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Ұлттық Банк еліміздің орталық банкі, яғни
бірінші деңгейдегі банк болып табылады, ал қалған банктер екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның жалпы жағдайына диагностика жасау
Корпорация қаржысын дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Ұйымдағы дағдарыстардың пайда болуы және қауіптілігі. Антикризистік басқарудың рөлі және функциялары
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруы
Өндірістік кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырау мүмкіндігін төмендету жолдары
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынның төлемдер сомасы
Пәндер