Тарихи ескерткіштер сыр шертеді



1. Тарихи ескерткіштер сыр шертеді
2. Қылует жерасты мешіті
Қазақ даласында кездесетін ескерткіштердің тарихи даму кезеңіне сәйкес өзіндік ерекшеліктері болады. Ерте дәуірге жататын ескерткіштерде ежелгі тайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелердің негізінде жасалған көп пішінді композициялар пайда болған. Ал орта ғасырлардағы ескерткіштерге Ислам дінінің ықпалы басым болғандығы айқын білініп тұрады. Ерте дәуірге жататын ескерткіштер негізінен тасқа қашалып жазылған петроглифтерден және сол кезеңдегі тайпалардың қоныстары мен жерлеу қорғандары, қорғандардан табылған заттардан тұрды. Орта ғасырларда қазақ даласында әлемдік діндердің белсенділігі артады. Әуелгі уақытта зороастризм, христиан және Буддизм таралса, ақырында Ислам діні кең қанат жаяды. Сонымен қатар халықтың мәдениетіне де үлкен өзгерістер келеді. Ол өзгерістерді әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерде, халық жыры, батырлық дастандарда, аңыз-әфсаналардан, сол замандарда тұрғызылған, ғасырлар елегінен өтіп келіп жеткен көне жәдігерлерден байқаймыз. Тарихи көне жәдігерлердің кейбірінің сәулет құрылысы, архитектуралық құрылыс жағынан алғанда құндылығы онша болмауы мүмкін. [1. 108 ] Бірақ тарихи-мәдени тұрғыдан ол ескерткіштер өз құндылығын ешқашан жоймайтыны анық. Түркістан өңірінде кездесетін тарихи ескерткіштерді типологилық жағынан бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Архитектуралық, сәулет, діни ескерткіштер т.б. Бұл ескерткіштердің барлығына ортақ белгі ретінде Ислам дінінің әсерін айтамыз. Өкінішке орай бұл тарихи-мәдени ескерткіштердің көпшілігі бақылаусыз, қараусыз қалған. Ескерткіштерді жойып алмай сақтау, пайдаланып кәдеге жарату өте өзекті мәселеге айналып отыр. Ескерткіштердің басым көпшілігінің нақтылы мәртебесі анықталмаған, әлі күнге дейін қай деңгейде қорғалу керектігі де анықталмаған.
Өңірдегі тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмыстарымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайының қызметкерлері айналысады. Мұнан бөлек жекелеген жергілікті өлкетанушылардың, осы салаға қызығатын, зерттеу тақырыбы тарихи ескерткіштермен байланысты ғалымдардың еңбектерін атап өтуге тиіспіз. Көне жәдігерлерді сақтаудың ең тиімді әрі мүмкін жолы «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының айналасына топтастыру. Ол ескерткіштерді зерттеп, ғылыми анықтамасын жасап, мәртебесін анықтап, заңдық тұрғыдан сақталуына жағдай жасау. Алайда мақалада көтерілгелі отырған мәселе бұған қатысты емес, кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде қолдан құртып кейіннен қалпына келтірілген тарихи ескерткіштер мәселесіне арналып отыр.
Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи дегенде ең алдымен оның кесенесі еске түседі. Әмір Темір салдырған осынау таңғажайып құрылыс ғасырлар бойы өзінің сәулетімен, рухани келбетімен адамдарды өзіне баурап алады. Рухани астанаға айналуына әулие баба мен оның кесенесі үлкен рөл атқарды. Осы кесененің жанында тарихтың сантүрлі оқиғасының куәсі болған үлкен Қылует деп аталатын жер асты мешіт бар. Ясауи бабамыздың кезінде тұрғызылған жер асты мешіті Түркі даласында білім тарататын дала академиясы іспетті еді. Қылует жер асты мешіті ІІ дүниежүзілік соғыс (1939-1945жж) кезінде бұзылып, кірпіштерін Түркістандағы май зауытын салуға пайдаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Т.К.Бәсенов. ҮІІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан архитектрурасы. Мына кітапта: Ә. Марғұлан. Т.Бәсенов. М.Меңдіғұлов. Қазақстан архитектурасы. Алматы – 1959. 108бет.
2. Тұяқбаев М. Түркістан сырлары. Алматы 2000. 96 бет.
3. Т.Н.Сенигова. Культовые сооружения около мавзолея Ходжи Ахмеда Ясеви. Мына кітапта: Археологические исследования в Отраре. Алма-Ата. 1977. 42-58 стр.
4. сонда 49-50 стр
5. сонда 53-58 стр
6. Туякбаева Б.Т. Архитектурный обмер подземной мечети-хильвет в г.Туркестана. Архив института «Казпроектреставрация», инв. №1712
7. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. Д. Кенжетай. Алматы 2008. 324-325 беттер
8. Қылует. Мәтін авторлары Тұяқбаев М. Мейірманов А. Түркістан 2009. 4-5 беттер
9. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. Д. Кенжетай. Алматы 2008. 324-325 беттер
10. Сенигова. 58 стр
11. Т.Н.Сенигова. Уникальное культовое сооружение Аулие Кумчик-Ата в районе г. Туркестана. 105-121стр. Прошлое Казахстана по археологическим источникам. Алма – Ата. 1976
12. Л.Б. Ерзакович, Б. Нурмаханбетов, А. Ордабаев. Подземное погребальное сооружение в Туркестане. 59-72 стр. Археологичесие исследования в Отраре.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тарихи ескерткіштер сыр шертеді

Қазақ даласында кездесетін ескерткіштердің тарихи даму кезеңіне
сәйкес өзіндік ерекшеліктері болады. Ерте дәуірге жататын ескерткіштерде
ежелгі тайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелердің негізінде
жасалған көп пішінді композициялар пайда болған. Ал орта ғасырлардағы
ескерткіштерге Ислам дінінің ықпалы басым болғандығы айқын білініп тұрады.
Ерте дәуірге жататын ескерткіштер негізінен тасқа қашалып жазылған
петроглифтерден және сол кезеңдегі тайпалардың қоныстары мен жерлеу
қорғандары, қорғандардан табылған заттардан тұрды. Орта ғасырларда қазақ
даласында әлемдік діндердің белсенділігі артады. Әуелгі уақытта
зороастризм, христиан және Буддизм таралса, ақырында Ислам діні кең қанат
жаяды. Сонымен қатар халықтың мәдениетіне де үлкен өзгерістер келеді. Ол
өзгерістерді әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерде, халық жыры, батырлық
дастандарда, аңыз-әфсаналардан, сол замандарда тұрғызылған, ғасырлар
елегінен өтіп келіп жеткен көне жәдігерлерден байқаймыз. Тарихи көне
жәдігерлердің кейбірінің сәулет құрылысы, архитектуралық құрылыс жағынан
алғанда құндылығы онша болмауы мүмкін. [1. 108 ] Бірақ тарихи-мәдени
тұрғыдан ол ескерткіштер өз құндылығын ешқашан жоймайтыны анық. Түркістан
өңірінде кездесетін тарихи ескерткіштерді типологилық жағынан бірнеше топқа
бөліп қарастыруға болады. Архитектуралық, сәулет, діни ескерткіштер т.б.
Бұл ескерткіштердің барлығына ортақ белгі ретінде Ислам дінінің әсерін
айтамыз. Өкінішке орай бұл тарихи-мәдени ескерткіштердің көпшілігі
бақылаусыз, қараусыз қалған. Ескерткіштерді жойып алмай сақтау, пайдаланып
кәдеге жарату өте өзекті мәселеге айналып отыр. Ескерткіштердің басым
көпшілігінің нақтылы мәртебесі анықталмаған, әлі күнге дейін қай деңгейде
қорғалу керектігі де анықталмаған.
Өңірдегі тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмыстарымен Әзірет Сұлтан
мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайының қызметкерлері айналысады. Мұнан
бөлек жекелеген жергілікті өлкетанушылардың, осы салаға қызығатын, зерттеу
тақырыбы тарихи ескерткіштермен байланысты ғалымдардың еңбектерін атап
өтуге тиіспіз. Көне жәдігерлерді сақтаудың ең тиімді әрі мүмкін жолы
Әзірет Сұлтан қорық мұражайының айналасына топтастыру. Ол ескерткіштерді
зерттеп, ғылыми анықтамасын жасап, мәртебесін анықтап, заңдық тұрғыдан
сақталуына жағдай жасау. Алайда мақалада көтерілгелі отырған мәселе бұған
қатысты емес, кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде қолдан
құртып кейіннен қалпына келтірілген тарихи ескерткіштер мәселесіне арналып
отыр.
Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи дегенде ең алдымен
оның кесенесі еске түседі. Әмір Темір салдырған осынау таңғажайып құрылыс
ғасырлар бойы өзінің сәулетімен, рухани келбетімен адамдарды өзіне баурап
алады. Рухани астанаға айналуына әулие баба мен оның кесенесі үлкен рөл
атқарды. Осы кесененің жанында тарихтың сантүрлі оқиғасының куәсі болған
үлкен Қылует деп аталатын жер асты мешіт бар. Ясауи бабамыздың кезінде
тұрғызылған жер асты мешіті Түркі даласында білім тарататын дала академиясы
іспетті еді. Қылует жер асты мешіті ІІ дүниежүзілік соғыс (1939-1945жж)
кезінде бұзылып, кірпіштерін Түркістандағы май зауытын салуға пайдаланады.
[2.96] Бұзылмас бұрын А.Д.Шмидт есімді неміс ғалымы қылуеттін макетін
жасаған. Қылуеттің бүгінгі көрінісі А.Д.Шмидтің макеті және көне көз
қариялардың айтуы бойынша 1982 жылы қайта қалпына келтірілген. Қылует сол
замандардағы өте ірі әрі күрделі архитектуралық обьектілердің бірі болған.
Төбеде орналасқан ол аумақтағы барлық құрылыстардан биік тұратын. [3.42-58]
Қылует шағын көлемдегі діни қалашық болатын. Қабырғалары жартылай
жерастында орналасқан мешіттің соғысқа дейін төбесі темірден құйылған
күмбезбен жабылған. Қайта қалпына келтіру барысында күмбездің орнына
мешіттің ішінен балкалар тұрғызып төбесін жалпақ қылып қамыспен жабады.
[4.49-50] Бөлмелердің ішкі интерьері тарихи келбетін сақтай алмай, біраз
өзгерістерге ұшырайды. Әсіресе қылует ішіндегі сырты ағаштан жасалған
құдықты қалпына келтіре алмауы өте өкінішті болған. Сенигова қылуетке
жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде құрылыстың салыну мерзімін екі түрлі
датамен байланыстырады. Қазба барысында табылған керамикаға қарап алғашқы 8
бөлмені ХV-ХVІ ғасырларға, кейінгі 10 бөлмені ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. салынған деген
пікір айтады. Бірақта қылуеттегі ғардың қай уақытқа жататындығына
тоқталмаған. [5.53-58] Кейінгі зерттеушілердің еңбектерінде ғардың әулие
бабаның уақытында салынғандығы дәлелденген.[6] Жоғарыда
айтылғандарды саралай келе төмендегідей қорытындылар алынды.
Қылует жерасты мешітінің қазіргі келбеті 1982 жылы А.Д. Шмидтің
макеті бойынша қалпына келтірілген. Қалпына келтіру кезінде бөлмелердің
ішкі интерьерлері тарихи келбетін толықтай сақтай алмаған.
Оның құрылысы ХV-ХІХ ғғ. салынған екі бөліктен тұрған. Алғашында
құрылысы онша үлкен бола қоймаған, уақыт өте келе келушілердің саны
артуымен жаңа құрылыспен толықтырылған.
Ең көне бөлігі ғар бөлмесі ХІІ ғасырмен мерзімделеді. Қылуетті
кішігірім діни қалашық деп те атауға болады.
Қылует жерасты мешіті қандай қызмет атқарды, не үшін керек болды
деген заңды сұрақ туындайды. Қылует сөзі араб тілінде Халуәтун –
жалғыз, оңашаланып өмір сүруге ұмтылу деген мағына береді. Белгілі
дінтанушы ғалым Д. Кенжетай Халуат – қазақша қылует тілдік мағынасы
жалғыз қалу, тыныш, таса жерге тығылу дегенді білдіреді. [7.324-325]
Түрік зерттеушісі М.Ф. Көпрүлү болса Ясауи тариқатында (жолында)
“Қылуеттің” өзіндік маңызы мен өзіне тән әдебі (қағида ережелері) бар.
Қылует кезінде нәпсіге, шайтанға тиесілі ләззаттар, қалаулар, ниеттер жанып
жоқ болады. Адамзатқа тән қараңғылық және басқа да қайғы-мұң жойылады, ішкі
рухани дүниесі нұрланып тазарады, және тағы да осы сияқты көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туған жер бағдарламасы жобасын даярлау
Туған жер
Орхон ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Елеке сазының зерттелуі
Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Марқакөл ауданы
«Мұражай тәрбие өзегі»
Пәндер