Экологиялық жобалау тәртібі және сатылары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Экологиялық жобалау тәртібі және сатылары.
Тау-кен өндірісін жобалау жұмыстары тек қана кен орнының қорын Қазакстан Республикасының Министрлер кабинетінің Мемлекеттік қор комиссиясы /МҚКК/ бекіткеннен кейін ғана басталады. Шатырхаттың жобалауды бастар алдында /98/ да кең орнының қорын белгілі бір әдістемелерімен /ұшбұрыш, әдістемесі, көлденен немесе тік қима әдістемесі т. сс/ есептелген жөн. Ол үшін кенішке сарамандылых жұмысқа барғандарыңызға кен орнынын үлкен ауқымды жертану сүретін /картасын/ және оның бірнеше көзге жақсы көрінетін қыймаларыға, жарма суреттерін алып, сол кен орнының жертанушыларымен жақсылап ақылдасып, жертану сипапамасын терең түсініп алған дұрыс. Тек қана қорыныздың мөлшері анықтағанда шатырхаттың жобалауға кірісуге болады.
Егер жобалау жұмыстары құрылыс заттарына /құм, ақ балшық, жұмыр қиыршықтарына/ арналса оның қоры ѳлкелік қор комиссиясы мен бекітілсе де болады /ӨҚК/.
Жобалау жұмыстарын бастардың алдында кен орнының қоры белгілі үш /A. B, C/ топтың кай тобына жататынын анықтап алғанымыз дұрыс.
Кен орнының бірінші тобында, A тобында, кен сілемдерінің құрылысы, олардың қалыңдығы, созылмалы, жату бұрышы тереңдігі күрделі емес және кеннің ішіндегі металл бөлшектерінің бірқалыптығы болғанда А+В топтарының қоры 30% тен жоғары болу керек, ат A тобының қоры 10 % кем болмауы тиіс.
Екінші топтын қоры кен сілемдерінің қалындығы тұрақсыз, пішіні күрделі болған жағдайда және металл бөлшектерінің кен ішіндегі қалай болса солай шашылып орналасқан жағдайда 20 % кем болмағанда жобалау жұмыстарын бастауға болады.
Үшінші топтың қорын қазуға ұлықсат етіледі, егер оның жертанулық құрамы күрделі болып келсе, металл бөлшектері кеннің ішінде бірыңғай болмаса. Міне осындай қыин жағдайда үшінші топтық қорын қазуға жоба жасауға ұрыкқсат етіледі.
Жобалаудың алдында кеннін сапалық сипаттамасымен де танысып алады. Кеннің сапалық сипаттамасына мына басты көрсеткіштер кіреді.
- Кендегі металдың ең төменгі өндірістік шектік металы молшері / проминимум /.
- Сыннан өткізілген кен орнының ең төменгі шектік металл мөлшері - ЕРНЕУ мөлшері.
- Кеннің ішіндегі зиянды заттардың ең төменгі мөлшері. Мысала, күкірттің, фосфордың ең төменгі мөлшері.
- Кен сілемінің қалыңдығының ең төменгі мөлшері.
- Тазалап қазу жұмыстарының арасына қосылатын тау жыныстарының қалыңдығының ең төменгі мөлшері.
Кендегі металдың ең төменгі өндірістік мөлшері деп қоғамның техникалы - елемендік /үнемділік, ықситтық/ даму деңгейіне пайдалануға тімді шектік метал мөлшерін айтады.
Шектік метал мөлшерінен кем кенді қазып алуға болмайды - өнеркәсіп шығынға ұшырайды. өндірістік шектік метал мөлшері /ӨШММ/ қоғамның ғылыми - техникалық дамуына байланысты ьолып келеді де бір деңгейде қатып түрып қалмайды.
Жаңа құрылысты жобалау немесе іске қосылған өндірісті жаңарту олардың тиімділі техникалық - үндемелік дәлдіктен /ТУД/ өткен соң басталады.
Ірі өндірістер үшін техикалық - үнемділік дәлелдеме өндіріс саласының келешек жоспар негізінде орындалады. Қалаған өндірістер үшін министрліктердің тапсырмасы бойынша немесе өндіріспен шартқа отыру негізінде орындалады.
Техникалы -үнемділік дәлелдеме /ТУД/ мына сұрақтарды қамту қажет:
- Өндіріс саласының қуатының өсуінің маңызы және сипаттамасы.
- Қуатын дәлелдеу және өнім түрлерінің тізімінің қажеттілігі /нтменклатура продукции/.
- келешектегі өндірістің басқа өндіріс салаларына тигізетін әсері туралы мәліметтер.
- Құрылысқа қажетті қаржы мөлшері және құрылыс уақыты.
- Құрылысқа шыққан күрделі қаржының мөлшері жән құрылыс уақыты пәрменділлігі және келешек өндірістің басты техникалы - үнемділік көрсеткіштері, ол көрсекіштердің шет елдіктермен артықшылығы, кемшілігі.
- Салынатын өндіріске арналып жүргізілетінғылыми - зерттеу жұмыстары.
Техникалы-үнемділік дәлелдемені негізге ала отырып тапсырушы жоба ұйымына жоба жасауға тапсырма береді. Бұл тапсырмада жобалау жұмысына барлық қажетті мәліметтер болуы тиіс. Олар мыналар:
1. Жобалаудын негізгі /Қазақ Республикасы министрлер кабинетінің қаулысы, министрліктің шешімі т. с. с/ кұжаттары.
2. Өнімнің түрлері бойынша сипаттама және өндірістің қуаты.
3. Электр қуатымен, сумен, отынмен /көмір, газ жанармай/ қамтамасыз ететін мүмкіншіліктері.
4. Белгілі тәртіппен бекітілген пайдалы қазбалардың қоры.
5. Құрылыс уақыты және оның кезеңдері
6. Күрделі қаржының болжамдық шығыны, 1 т кеннің өз құны, кеншілердің өнімі.
Тапсырмадан басқа жобалаушыға мына мәліметтерде беріледі .
1. Кен орны туралы мағлұматтар.
2. Іздеу жұмыстарының қорытындысы
3. Құрылыстар мен ғимраттардың өлшемі, жер үстіндегі. және астындағы құбырлар.
4. Жабдықтардың, қондырғылардың сипаттамасы
5. Қазылатын кендердің әр түрі бойынша сапасы
6. Ғылыми-зерттеу жұмыстарынын есептері Өндірісті жобалау екі кезенде орындалалы.
Бірінші кезеңде жобалық тапсырма жасатады. Екінші кезенде қызмет сызықтары сызылады.
Жобалық жұмыс /сызбалар, түсініктеме қағаз, қаржы есебі т. е. / ешбір қатесіз, анықта толық, көлемі неғұрлым аз/ болса қолдануға қолайлы болып саналады. Сызбалардың өлшемі, белгілері мемлекеттік шартка сәйкес болуы тиіс.
Жобалық тапсырма
Өндірістік жобалық тапсырманы жасайтын себептері.
- Басты жобалы шешімдерді табу. Бұлшешімдер қоғамдық енбекті, қаржы мен құрылыс заттарын пәрменді пайдалнуға жол ашуы, тиім, тұтыну шығындарын кемітіп, кұрылыс, мерзімі уақытта аяқталуы себеп болады.
- Құрылыстың жалпы қаржылық есебін шығару және басты техникалы-үнемділік көрсеткіштерін анықтау.
Жобалық тапсырмада өндірістің куаты анықталады, оның қосындылары қайтадан дәлелденеді, құрылыстын, басты технологиялық шешімдері тексеріледі, өндірісті кіру және тұтыну әдістері қарастырылады. Жобалық тапсырманы бекіткеннен кейін ол құжат /жобалық тапсырма/ кұрылысты қаржыландыру негізгі болып саналады, жабдықтармен қондырғыларға тапсырма беруге рұқсат етіледі және қызмет сызықтарын дайындауға кіріседі.
Өндірістік жобалық тапсырманың құрамында техникалық-үнемділік, технологиялық тараулар, басты жоспар мен көлік жүйесі, құрылыс тарауы, құрылысты ұйымдастыру жобасы және қаржы есеп кұжаттары болады. Электр қуаты мен қамсыздаңдыру технологиялық тараулар, басты жоспар мен көлік жүйесі, құрылыс тарауы, құрылысты ұйымдастыру жобасы және қаржы есеп құжаттары болады, электроқуатымен қамсыздаңдыру технологиялық тарауға, ал ѳндірістік сумен қамсыздандыру, жылыту, желдету жүйелері құрылыс таруларына енгізіледі. Кеніштерді жобалағанда жертану бөлімі технологиялық тарауға кіреді.
Жобалық тапсырмаға жұмыс кешеніне кұрылыс алаңын таңдау, қалашық орнын іздестіру жұмыстары да кіреді.
Түсініктеме қағазы, сызбалар және есептер бөлімі, қаржы есебі басынан аяғына дейін сандандырып /нөмірленіп/, қапталып, мазмұндалуы керек.
Жобалық тапсырма тапсырушыға төрт данасын береді, ал көмекші жобалау ұйымы /субподрядчик/ басты жобалаушыларға бес данасын тапсырады.
Бекітілген жобалық тапсырма негізінде қажетті; жабдықтар, қондырғылар. аспап, құрал, құбырлар, сым, темір, ағаш және басқада құрылыс заттарының тізімі құрастырылып, тапсырушы бекітіп, тиісті орындарға тапсырыс жасатады.
Егер бекітілтен жобатық тапсырмада жаңа жабдықтар, қондырғылар, аспаптар, құралдар қолдануға кезделсе онда бұларды жобалау үшін техникалық тапсырма жасалуы тиіс. Техникалық тапсырманы уақытынан қалдырмай орындайтыны жабдықтарды мезгілінде дайындап шығарсын дегені.
Егер жобалаушыларға берген тапсырмада ірі құрылыс бірнеше кезеңге бөлсе онда жобалық тапсырма толығынан тек бірінші кезеңге жасалады да қалған кезеңдерін бір-бірімек байланыстыру үшін ғана қысқа түрде жобаланады. Әрбір кезеңнін жобасы кейін; қалдырылып, уакыты келгенде толық түрде жобалалады.
Жобалық тапсырмада өндірістің құрылыс және тұтыну кезіндегі керекті ғылыми-зерттеу жұмыстарының қысқа мазмұны келтіріледі.
Экологиялық сараптау
Экологиялық сараптау адамдардың шаруашалық немесе басқа да, «с - әрекетінің экологиялық қәуіпсіздікке сәйкестігін тексеруге бағытталған шаралар жүйесі немесе таңдалгған аймақ төңірегінде жаңадан енгізілген шаруашылық кешенінің тіршілік ортасында, табиғи ресурстарға және одан денсаулығына тигізетін әсерін бағалау. Экологиялық сараптауға қандай объект таңдалып алынсада, оның тигізетін әсерін сипаттау үшін мұнандай сұрақтарға толық жауап берілуі тиіс: Экологиялық факторлардың құрамымен режімдерінің адамға және басқа организмдерге қатысты әсерлерін тексергенде, Шелфродтың төзімділігін заңның орындалатынын немесе орындалмайтынын жаңадан құрылып жатқан немесе іске қосылған объектілердің тірі организмдердің экологиялық қуыстарына тигізетін әсері, шаруашылық, ғылыми, тарихи эстетикалық тұрғыдан қарағанда организмдер популяцияларының құрамы мемлекеттік құрлымының өзгеруі, эколгиялық жүйенің құрлымы құрамы өнем әсері, ланшафттың және табиғи кешендердің жағдайына тигізетін әсерлері, заттектер айналымының жүруіне әсер болатын немесе ғаламдық деңгейімен алып қарағанда оран алуы мүмкін зардаптар.
Экологиялық сараптау - күрделі кешенді шаралар оның құрамына мамандардың сараптық бағалары, эксперименттік зерттеулер, тексеру және математикалық моделдеу кіреді. Кей жағдайларда экологиялық сараптау, экономикалық сараптау, әлеуметтік экспертизалар, қауіп - қатер туғызатын факторларды бағалау, мүмкін болатын апаттар мен алапаттар салдарынан туындайтын қауіптін деңгейлерді анықтау кіреді. Экологиялық сараптама жобалауға тапсырма берген және сарапта объектісін қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды және тұлға сараптама бастамасы жобаның тапсырушым қоса алғанда мемелекеттік немесе қоғамдық экологиялық сараптау табиғи қорларда пайдалы кең қазбалар су көздерін пайдалануға арналған шаруашылық жұмыстарының жоспарына қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін анықтайтын шаралар экологиялық сараптаудың негізгі объктілерді сыналар саналады экологиялық және әлеуметтік дамудың перспективалық жоспарларын табиғат байлықтарын тиімді пайдалану бөліктері.
Кіріспе
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz