Пневмосклероз


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Пневмосклероз

Өкпеде дәнекер тканінің өрбіп өсуі пневмосклероз деп аталады. Пневмосклероз жайылма және шектелген болады.

Этиологиясы және патогенезі . Пневмосклероз екінші реттегі ауру, басқаша айтқанда басқа бір аурулардан кейін пайда болады. Оның себебі болатын аурулар:

1. Созылмалы бронхит,

2. Жедел және созылмалы пневмония

3. Өкпе туберкулезы

4. Пневмокониоздар

5. Дәнекер тканінің жайылма аурулар

6. Сәуле аурулар

Бұл ауруларда өкпе ткані дәнекер тканімен алмасып, процесс қайтымсыз күйге енеді

Клиникасы: Пневмосклерозға тән шағым жоқ. Ең жиі кездесетін шағымдар: жөтел, кілегейлі, кілегейлі - іріңді қақырық түкіру және демікпе.

Демікпенің пайда болу механизмі әр түрлі. Оған тканінің тыныс алуға қатысатын бетінің азаюы, жүрек әлсіздігінің бой көрсетуі немесе бронх өзегі өткізгіштігінің бұзылуы жатады.

Пневмосклероздың жеке - дара емі жоқ, негізгі ем-себеп ауруларды емдеу.

Өкпе іріңдігі ( абсцесс)

Өкпе іріңдігі деп - өкпе ұлпасының іріңді ыдырауынан өкпеде бір не бірнеше іріңді қуыс пайда болуды айтады.

Этиологиясы. Басты себебі: ірің тудыратын микробтардың, әсіресе көк тобына жататын микробтардың әсері.

Патогенезі: іріңдік тудыратын микробтар өкпе тканіне әртүрлі жолмен енеді:

  1. Бронх арқылы (бронхоэктазия ауруы, пневмония, тамақ немесе бөгде денелер аспирациясы) ;
  2. Гематогенді жол. Организмде іріңдік аурулардың (тромбофлебит, остеомиелит) болуы инфекциясының өкпеге қанмен келіп енуіне жол ашады.
  3. Лимфогенді жол. Көрші органдағы іріңдіктен инфекция өкпеге лимфа тамырлары арқылы келіп енеді.

Патанатомиясы. Өкпе абсцесіне тән патологиялық-анатомиялық белгі ішінде іріңі бар бір немесе бірнеше қуыс. Қуыстардың тығыз қабығы болады. Қуыс айналасында қабыну инфильтрациясының зонасы немесе деморкациялық зона (шектеу зонасы) болады. оның құрамы нитрофилден тұрады.

Клиникасы: Өкпе іріңдігінің клиникасында 2 кезең болады:

1. іріңдік жарылғанға дейінгі кезең.

2. іріңдік жарылғаннан кейінгі кезең.

Бірінші кезеңдегі болатын басты шағымдар:

  • қызу көтерілу;
  • қалтырап тоңу;
  • малшып терлеу.

Қызбаның түрі - гектикалық немесе септикалық қызба.

Қарау: кеуденің ауру жағы қалыңқы болады.

Пальпация: абсцесс үстінде бастапқыда дауыс дірілі күшейген, кейін оның әлсірегені байқалады.

Перкуссия: абсцесс маңында өкпенің ауалылығы азаятындықтан, өкпе дыбысының бәсеңдеуі анықталады.

Аускультация: әуелі везикула дыбысында бронх тынысының іріңі пайда болады. Кейін везикула тынысы әлсіреген болады. Рентгенологиялық тексергенде өкпе түрі дөңгелек бір қалыпты

Қақырықты тексергенде ірің элементтерінен басқа өкпе тканінің ыдырау белгісі - эластикалық талшықтар табылады. Қақырықты ыдыста қалдырғанда 3 қабат құрады:

Төменде - ірің,

Ортасында - қанды сұйықтық,

Үстінде - кілегей.

Қанда лейкоцитоз азаяды, ЭТЖ қалыпты мөлшерге түседі.

Өкпе гангренасы (өкпенің өлі еттенуі, өкпе шірімесі)

Өкпе гангренасы - өкпенің шіріп, ыдырауы.

Этиологиясы және патогенезі: өкпе гангренасының дамуында негізгі рольді анаэробты микробтар (спиральді, ұршық тәрізді таяқшалар, анаэробты стрептококктар) атқарады. Патогенезі өкпе іріңдігінің патогенезімен бірдей.

Патанатомиясы: өкпе қуысының анық шекарасы болмайды. Қуыс ішінде шірік сұйықтық жиналады.

Клиникасы: өкпе гангренасының клиникасы өкпе іріңдігінің клиникасымен бірдей, бірақ одан анағұрлым ауыр болады.

Рентгенологиялық тексеруде өкпедегі қуыстардың анық шегі болмайды. өкпе абсцессі мен гангренасын емдеу принциптері:

  1. антибактериалды ем қолдану (антибиотиктер, сульфаниламидтер) ;

2. қақырық түсуін жеңілдету:

а) дренаж жасау ( дене қалпын өзгерту арқылы) ;

б) қақырық жүргізетін дәрілер қолдану;

3. организмнің жалпы қорғаныс күшін көбейтетін (қан, плазма, анатоксин) дәрілер егу;

4. консервативтік ем нәтижесі болмаса, хирургиялық тәсілмен емдеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
Созылмалы пневмония
ІШКІ АУРУЛАР ПӘНІНЕН ЕМДЕУ ІСІ МАМАНДЫҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеуге арналған аспаптар
Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі жайлы
Өкпенің тығыздалу синдромы. Балалардағы ерекшелігі
Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Перкуссия және аускультация әдістерінің тарихы
Тыныс алу патофизиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz