Ұлы Жібек жолы бағыты мен тармақтары


Ұлы Жібек жолы бағыты мен тармақтары:
Жоспар.
І. Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Ұлы Жібек жолының бағыттары
б) Тауар айналымымен мәдениет пен дінінің таралуы
с) Тіл мен жазу
ІІІ. Қорытынды:
Ұлы Жібек жолының бағыттары.
Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметтерді будда діндары Сюань Цзяннің қолжазбаларынан білеміз. (629 - 630 жылдар) Б. з. б. ІІІ -ІІ ғасырлар - Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.
Ұлы Жібек Жолы - Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі (ұзындығы 7000 шақырымнан астам) . Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан териториялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды;
- Лазурит жолы: Бадахшан тауы Иран Месопотамия - Мысыр - Сирия - Қытай.
- Нефрит жолы: - Жаркентдария -Шығыс Түркістан - Қытай.
Дала жолы: (б. З. б. І - мыңжылдықтың ортасы) : Қара теңіз жағалауы - Дон Оңтүстік Орал - Ертіс, Алтай - Зайсан көлі (геродот дерегі) .
Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек Жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тарапқа бөлінді.
- Батыстан шығысқа бағытталатын жол.
- Іле бағыты.
- Еуропа бағыты
- Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты.
Ұлы Жібек жолының VI- VII ғ. ғ ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Құлан қаласы -(қытайша Цзюйлень) қазіргі Луговое селосының орны.
Іленің оң жағалауында қазіргі Көктас посселкесінің орнында Ілебалық қаласы болған.
Іле аңғарындағы үлкен қала -Екіоғыз (Эквиус) қазіргі дунгановка селосының орны. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады. (1253ж)
- Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар - Отырар мен Шауғар. Отырар көптеген керуен жолдары түйісетін қала. Шауғар (Қара тау) VIIIғ. Деректерінен белгілі.
- Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы «Хан жолы» деп аталатын соқпақ бағыты: Тараз қаласы - Талас өзені - Мойынқұм, Бетпақ дала -Атасу өзені
Тауар тасымалы.
Сыудадағы басты тауар - Жібек. Жібек алтынмен теңеліп халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібек пен төлеген. Ұлы Жібек Жолымен алғашқыда Қытайдың Жібегі Батыс елдеріне алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халиораты, Еуропа, Рксей тауарлары тасылды.
Ұлы Жібен жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасминсуы, мускат жаңғағы, женьшень, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т. б.
Мәдениет пен діннің таралуы.
Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:
- Піл патшалығы немесе Үнді орилософиясы мен ғылымының дамуы мен даналық патшалығы - Үндістан.
- Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер птшалығы - Иран мен Византия.
- Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыш аңдар патшалығы - Түрік қағанаты.
- Адамдар патшалығы немесе мемілекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.
Бұл түжырым самарқан төнірегіндегі Қушаниядағы сараидың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.
Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түрікістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда (көп тараған шығыс) түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде калифтың алдында маскалы ойын-сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан Х-ХІ ғасырларға жататын сөзден жасалған масқа табылды.
Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды.
Буддизм- Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддизмді таратуда соғдылар үлкен рөл атқарды. (б. з. II-III ғасырлар) . Исфиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғғ) Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIIIғғ) табылды.
Христиан діні - Серия, Ирак, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIIIғғ) .
Қарлық жабғуы арқылы түріктер қристияндықты қабылдап Тараз Меркеде християн шркеулері салынған (VIII-IXғғ) .
Манихеилік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздін қасиетті кітабында» жазылған. Манихеилік ғимараттар. Баласағүн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манехеилердін көк тәнірі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальеон табылды.
Зороастризм діннің белгісі - от мүнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде) . Отырардан еденге қаланған құрбандық шалынатын ошақтар табылды.
Ислам діні (VIII-IXғғ) ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған (760 ж. ) . Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. ХІ-ХІІ ғасырларда бұл дін қыпшақтар арасында кең тараған.
ІХ-Х ғасырларда жерлеу дәстүріне өзгеріс енгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болды.
Ең алғашқы мұсылман бейіттері Отырардан (ІХ-Х ғ. ғ. ), Боран қала жұртынан (X ғ. ) табылды. Х-ХІІІ ғасырларда исламның таралуымен мешіттер, кесенелер тұрғызу басталды. Ең алғашқы мешіттер Кедер мен Күлтөбеде салынған.
Ежелгі кесенелер: Бабаджа хатун, (X-XI ғ. ғ. ) Айша бибі (ХІ-ХІІ ғ. ғ. ), Қарахан кесенелері. Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлы Там кесенесі (XII ғ. )
Ортағасырлық Жібек жолының маңызы:
- Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін-бірі байытты.
- Қалалар көбейді.
- Сыртқы байланыс дамыды.
- Сауда өркендеді.
Ұлы Жібек жолы 2 мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннаи кейін керуен жолы тоқтады.
Рухани мәдениеті. Тіл және жазу.
Б. з. I мыңжылдығының ортасында Қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі. Олар үш топқа бөлінді ( VI-VIIIғ. ) :
1. Бүлгар-хазар.
2. Батыс- түрік (оғыз) .
3. Қарлұқ.
VІІІ-Х ғасырларда батыс-түрік тілдер тармағынан қимақ-кыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңтүстік Қазақстан халқы монғолқидан, соғды, сирия, араб тілдерінде де сөйлеген.
• ІХ-ХІІ ғ. ғ. - түркілерде араб тілі кеңінен қолданылды.
•Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды (VI ғ. II жартысы) .
Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері-Солтүстік Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін (732ж., 735ж. ), Тоныкөк (716 ж. ) құрметіне жазылған.
Кене түрік жазуын түңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында Енисей аңғарынан Д. Миссершмидт пен Ф. Страленберг тапқан.
Жазу скандинавиялык руна жазуына ұқсас болғандықтан руна жазуы деп аталды.
1889 жыл - Н. М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда, Орхон өзені аңғарынан руна жазуы бар тас тапты.
• 1893 жылы 15 желтоқсан - дат ғалымы В. Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды. Руна жазуы 37-38 таңбадан тұрады. В. В. Радлов руна жазуын оқудың кілтін тапты.
Руналық жазулар сипаты:
- Маңызы зор тарихи кұжаттар.
- Әдеби көркем шығарма.
- Шешендік өнердің және батырлық туралы ауызша әңгіме дәстүрлерін сақтаған саяси проза.
Қазакстандағы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан табылды.
VІ-Х ғасырларда руна жазуымен қатар соғды жазуы және сирия, ұйғыр алфавиті болған. Руна жазуы ХІ-ХІІ ғ. ғ. кейін қолданудан шықты. Бұл жазуды әуелі ұйғыр, кейін араб жазуы ығыстырды.
Әдебиет және ғылым.
VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.
VІІІ-Х ғасырларда Сырдария алқабында қыпшақ-оғыз арасында "Қорқыт ата" эпосы тарады.
Қорқыт ата - Сырдария алқабында дүниеге келген атақты жырау, күйші, ойшыл. "Қорқыт ата кітабын" тұңғыш зерттеуші -неміс ғалымы Н. Ф. Диц. Ол Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққанын және оны көп халықтардың әулие тұтатынын айтады (1815ж. ) . "Қорқыт Ата кітабының" екі нұсқасы белгілі:
- 12 тараудан тұратын Дрезден нұхқасы.
- 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы
• 1999 жыл - "Қорқыт Ата кітабының" 1300 жылдығы дүниежүзілік көлемде атап өтілді.
"Оғыз-нама" эпосы ел арасында кең таралып, XIII ғасырда - Рашид-ад-дин, XVIII ғасырда - Әбілғазы көшірген. "Оғыз нама" жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады.
VII ғасырда жазба әдебиет шыққан. IX-XII ғасырларда ислам дінінің таралуына байланысты әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды.
Жүсіп Баласағұни XI ғ. "Қулты білік" дастанын дайындауға 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан (1069ж. ) . Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп түйіндейді.
Махмүт Қашғари XI ғ. 1072-74 жылдары жазылған "Диуани лүғат ат-түрік" ("Түркі тілдерінің сөздігі") атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма - түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еңбек ғалым А. Егеубайдың аударуымен 1997-1998ж. ж. қазақ тілінде жарық көрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz