Тiршiлiктiң пайда болуы туралы түсiнiктердiң дамуы



1 Жерде тiршiлiктiң пайда болу теориясы
2 Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі
Ерте заманнан бiздiң күндерге дейiн Жерде тiршiлiктiң пайда болуы туралы көптеген гипотезалар айтылды. Олардың көпшiлiгi екi көзқарасқа келiп тiреледi.
Биогенез теориясын жақтаушылар (грекше “био” – өмiр, және “генезис”- пайда болу) тiрi тек тiрiден пайда болады. Олардың қарсылыстары абиогенез теориясын (“а”- латынша керi жұрнақ) жақтады, олардың айтуы бойынша тiрi өлiден пайда болады.
Орта ғасырлық көптеген ғалымдар тiршiлiктiң өздiгiнен пайда болу мүмкiншiлiгiн жақтады. Олардың ойы бойынша балықтар лайдан, құрттар топырақтан, тышқандар кiрден, шыбындар еттен пайда болды және т.б.
Өздiгiнен пайда болу теориясына XVII ғ. флоренция дәрiгерi Франческо Реди қарсы шықты. Жабық ыдысқа еттi салып байқады, сөйтiп Ф.Реди бұзылған етте шыбындар түзiлмейтiнiн көрсеттi. Өздiгiнен пайда болу теориясын жақтаушылар берiлмедi, олар шыбыннан пайда болмауы жабық ыдысқа ауа кiрмеуiнен дедi. Ф.Реди бiрнеше терең ыдысқа ет түйiршiктерiн салып, кейбiреулерiнiң бетiн ашық қалдырып, кейбiреуiнiң бетiн жапты. Бiраз уақыт өткеннен соң, ашық ыдыстағы ет бетiнде шыбын личинкалары көбейiп, жабық ыдыстағы етте личинкалар болмады.
XVIII ғасырда өздiгiнен пайда болу теориясын немiс математигi мен философы Лейбниц жақтады. Оның жақтаушыларымен бiрге айтқаны: тiрi организмдерде “тiршiлiк күшi” бар дедi. Виталистердiң көзқарасы (латынша “вита”-өмiр) бойынша “тiршiлiiк күшi” барлық жерде бар. Оны жұтса, өлi зат тiрiге айналады.
Микроскоп адамдарға микродүниенi ашты. Байқаулар жабық колбадағы ет сорпасында бiраз уақыт өткеннен соң микроорганизмдер пайда болатынын көрсеттi. Бiрақ ет сорпасын бiрнеше сағат қайнатып, аузын жауып қойса, колбада ешнәрсе өзгермейдi. Виталистер ұзақ уақыт қайнату «тiршiлiк күшiн» жояды, және жабық колбаға сырттан кiре алмайды деп айтты.
Биогенез және абиогенез жақтаушылары арасындағы тартыстар XIX ғасырға дейiн созылды. Тiптi Ламарк 1809 жылы саңырауқұлақтардың өздiгiнен пайда болу мүмкiншiлiгi туралы жазды.
Пастер тәжiрибесi. Дарвиннiң «Түрлердiң пайда болуы» кiтабының шығуымен бiрге Жер бетiнде тiршiлiк қалай пайда болды деген сұрақ туды. Францияның Ғылым Академиясы 1859 жылы өздiгiнен пайда болуы сұрағына жаңа жауап беру талаптарына арнайы сыйлық жариялады. Бұл сыйлықты 1862 жылы атақты француз ғалымы Луи Пастер алды.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі
Тiршiлiктiң пайда болуы туралы түсiнiктердiң дамуы.
     Жерде тiршiлiктiң пайда болу теориясы. Ерте заманнан бiздiң күндерге
дейiн Жерде тiршiлiктiң пайда болуы туралы көптеген гипотезалар айтылды.
Олардың көпшiлiгi екi көзқарасқа келiп тiреледi.
Биогенез теориясын жақтаушылар (грекше “био” – өмiр, және “генезис”- пайда
болу) тiрi тек тiрiден пайда болады. Олардың қарсылыстары абиогенез
теориясын (“а”- латынша керi жұрнақ) жақтады, олардың айтуы бойынша тiрi
өлiден пайда болады.
Орта ғасырлық көптеген ғалымдар тiршiлiктiң өздiгiнен пайда болу
мүмкiншiлiгiн жақтады. Олардың ойы бойынша балықтар лайдан, құрттар
топырақтан, тышқандар кiрден, шыбындар еттен пайда болды және т.б.
Өздiгiнен пайда болу теориясына XVII ғ. флоренция дәрiгерi Франческо Реди
қарсы шықты. Жабық ыдысқа еттi салып байқады, сөйтiп Ф.Реди бұзылған етте
шыбындар түзiлмейтiнiн көрсеттi. Өздiгiнен пайда болу теориясын жақтаушылар
берiлмедi, олар шыбыннан пайда болмауы жабық ыдысқа ауа кiрмеуiнен дедi.
Ф.Реди бiрнеше терең ыдысқа ет түйiршiктерiн салып, кейбiреулерiнiң бетiн
ашық қалдырып, кейбiреуiнiң бетiн жапты. Бiраз уақыт өткеннен соң, ашық
ыдыстағы ет бетiнде шыбын личинкалары көбейiп, жабық ыдыстағы етте
личинкалар болмады.
XVIII ғасырда өздiгiнен пайда болу теориясын немiс математигi мен философы
Лейбниц жақтады. Оның жақтаушыларымен бiрге айтқаны: тiрi организмдерде
“тiршiлiк күшi” бар дедi. Виталистердiң көзқарасы (латынша “вита”-өмiр)
бойынша “тiршiлiiк күшi” барлық жерде бар. Оны жұтса, өлi зат тiрiге
айналады.
Микроскоп адамдарға микродүниенi ашты. Байқаулар жабық колбадағы ет
сорпасында бiраз уақыт өткеннен соң микроорганизмдер пайда болатынын
көрсеттi. Бiрақ ет сорпасын бiрнеше сағат қайнатып, аузын жауып қойса,
колбада ешнәрсе өзгермейдi. Виталистер ұзақ уақыт қайнату тiршiлiк күшiн
жояды, және жабық колбаға сырттан кiре алмайды деп айтты.
Биогенез және абиогенез жақтаушылары арасындағы тартыстар XIX ғасырға дейiн
созылды. Тiптi Ламарк 1809 жылы саңырауқұлақтардың өздiгiнен пайда болу
мүмкiншiлiгi туралы жазды.
Пастер тәжiрибесi. Дарвиннiң Түрлердiң пайда болуы кiтабының шығуымен
бiрге Жер бетiнде тiршiлiк қалай пайда болды деген сұрақ туды. Францияның
Ғылым Академиясы 1859 жылы өздiгiнен пайда болуы сұрағына жаңа жауап беру
талаптарына арнайы сыйлық жариялады. Бұл сыйлықты 1862 жылы атақты француз
ғалымы Луи Пастер алды.
Пастер Реди тәжiрибесiне бәсекелесетiн тәжiрибе қойды. Ол колбада
микроорганизмдер дами алатын әртүрлi қоректiк орталарды қайнатты. Колбада
ұзақ уақыт қайнау нәтижесiнде тек микроорганизмдер емес, олардың споралары
да өлдi. Виталистердiң “тiршiлiк күшi” жабық колбаға кiре алмайды деген
айтқандарын ескере отырып, колбаға S-тәрiздi ұшы ашық түтiктi жалғастырды.
Микроорганизмдер споралары иiлген түтiктiң бетiнде қалып, қоректiк ортаға
ене алмады. Жақсы қайнатылған қоректiк орта стерильдi болып қалып, ауаның
кiрiп тұруына қарамастан, iшiнде микроорганизмyiң пайда болуы байқалмады.
(ауамен бiрге атақты “тiршiлiк күшi” де).
Пастер өзiнiң тәжiрибелерi арқылы тiршiлiктiң өздiгiнен пайда болуы мүмкiн
еместiгiн дәлелдедi.
Виталистердiң “тiршiлiк күшi” түсiнiгiне соққы берiлдi.
Органикалық заттардың абиогендi синтезi. Пастер тәжiрибесi қазiргi уақытта
тiршiлiктiң өздiгiнен пайда болуы мүмкiн еместiгiн көрсеттi. Бiздiң
планетада тiршiлiктiң пайда болуы туралы сұрақ ұзақ уақыт бойы ашық қалды.
1924 жылы кеңес биохимигi академик А.И.Опарин 4-4,5 млрд жыл бұрынғы
аммиак, метан, көмiрқышқыл газы және су буынан тұратын Жер атмосферасынан
электр разряды өтiп, тiршiлiктiң пайда болуы қажеттi қарапайым органикалық
қосылыстар түзiлуi мүмкiн деп айтты. А.И.Опариннiң айтқаны iс жүзiнде
дәлелдендi. 1955 жылы американдық зерттеушi С.Миллер CH4, NH3, H2 және су
буы H2O қоспасынан электрлiк разряд өткiзiп, қарапайым май қышқылын,
мочевина, сiрке және құмырсқа қышқылын және бiрнеше амин қышқылын, соның
iшiнде глицин немесе аланин алды. Бiзге белгiлi, аминқышқылдары – белок
молекуласы құралатын, кiрпiштер. Сондықтан биорганикалық қосылыстардан
аминқышқылдарының түзiлу мүмкiншiлiгiн тәжiрибе жүзiнде дәлелдеу –Жер
бетiнде тiршiлiктiң пайда болуының алғашқы қадамы – органикалық заттардың
абиогендi синтезi болғанын көрсетедi.
 

Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі 
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану -ісін
ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты
қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техникалық
дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән
жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін
алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған
ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың
энергиямен қарулануының артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының
пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың
көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына
байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат
өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге
ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік
құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің
міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз
қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта
өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне
қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар сан
түрлі болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең
тарағандары.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс
қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-
тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің өзінде өзен
суының 16%.
Суармалы егіншілікті өркендету жедел көбейіп келе жатқан адамзатты азық-
түлікпен қамтамасыз етудің қажетті жағдайларының бірі болып табылады.
Сондықтан да суармалы жерлердің аумағы барған сайын жедел қарқынмен өсіп
келеді. Қең көлемдегі суармалы егіншілікті, су қоймаларын жасау, ылғалы мол
аудандардан кұрғақшылық аудандарға су жеткізу — осылардың барлығы да
региондық, сондай-ақ орасан зор көлемде табиғи процестердің барысында
елеулі өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, үнемі жылы климат
жағдайларында жер суару адам мен малдың бірқатар ауруларға шалдығуына
қолайлы жағдай туғызады. Су қоймаларының каналдар мен арықтардың жылып
кеткен, баяу ағатын суларына безгек таратқыш сансыз маса қоныстанады.
Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің тұрақты жол серігі болып
келді. Археологтар мен тарихшылар Жетісу мен Оңтүстік Шығыс Азияда
(цивилизацияның) өркендеп дамудың әлденеше рет жойылып кетуі елеулі
дәрежеде безгек эпидемиясына байланысты болды деп есептейді.
Үй малдарының эктопаразиті — масалардың көбеюі де ылғалы мол су қоймаларына
байланысты.
Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді, әсіресе
күріш пен мақтаны суарған су өзенді ластап қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның мәні мен мақсаты
Философияның пәні мен әдісі
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Семинар сабақтарын өткізу формалары
Биологиялың негізгі теориялары
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
Дарвинизм. Эволюциялық қазіргі идеялар
Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы
Пәндер