Халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб мемлекеттері


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб мемлекеттері

Арабтардың жаңа тарихы негізінен Осман империясымен байланысты. XVIII ғ. аяғында Мағриб, Аравия мен Мысырдың жергілікті династиялары Түркиядан тәуелсіз болды. Наполеонның Мысырға жорығы Осман империясының әсерін бәсеңдетті. Осыдан кейін Мұхаммед-Әлидің басшылығымен Араваияда ваххабитердің көтерілісі өтті. XIX ғ. жаулап алынған араб мемлекеттердің тәуелсіз өмір сүруі басталды.

Осман империясының әлсіз жері Аравия болды. Ішкі саясатта Мекке мен Медина толық тәуелсіз болды. XVII ғ. ортасында түріктер Йеменнен ығыстырылды. Шығыс Аравияның эмираттары Иранның бақылауында болды. Орталық Аравияның шейхтері ешкімнің билігін мойындамады. XVIII ғ. ортасында Аравияның орталық аудандарында ваххабиттердің оппозициондық-ислам қозғалысы қалыптасады. Оның негізін салушы Абд аль-Ваххаб ислам тазалығы идеясымен шығады. Ваххабиттер музыка мен шарап, кофе мен шылым және қазіргі әулиелер мәдениетіне қарсы шықты. Оларға бедуиндер қолдау көрсетті. Осы қозғалысқа қосылған эмир Сауд, жетекшілік жасап ваххабизм ұранымен жаулап алуларды бастады. Саудиттер Аравияның біраз бөлігін, Мекке мен Мединаны қоса бағындырды. 1902 ж. ваххабисттер Эр-рияд астанасымен, өз эмираттығын қалпына келтірді.

Ирак пен Аравиядағы күрделі саяси жағдайлар дәстүрлі араб қоғамына әсер еткен жоқ. Әлеуметтік даму өте баяу жүрді. Оған қарағанда Жерорта теңізіңдегі араб мемлекеттері қарқынды дамыды. XIX ғ. да Аравия артта қалып отырды. Алайда осы кезде түркияның бақылауы бәсеңдеді. Аравияның шығысындағы араб мемлекеттері Иранның тәуелділігінде болды.

Мысырды мамлүктер басқарып отырды. Египеттің мамлүк сұлтандары өте мықты басшылар болған. Өз уақытында олар монғолдарға қарсы күшті тойтарыс көрсетті. 1517 ж. Мысырды Түркия жаулап алады. Енді оны сұлтан тағайындайтын паша басқарады. Арнайы Мысыр үшін “Канун-намэ Мыср” заңдар жинағы шығарылды. Жер иеленудің негізгі түрі иқта болды. Халықтың негізгі құрамы - феллах-шаруалар. Олар иқта мен вакф жерлерінің шаруашылықтарын жүргізді.

XVIII ғ. Мысыр шын мәнінді тәуелсіз болады. Мұхаммед-Әли билеуінің кезінде Түркия өз бақылауын жоғалтады. Мұхаммед-Әли мамлүктердің қоныстауына қарсы реформа жүргізеді. Ол Мысырға Аравияның бір бөлігін, Сирия мен Суданды қосып алады. Алайда Ұлыбританияның қысымымен ол сұлтанның билігін мойындап, Түркияға Сирия, Аравия мен Критті қайтаруға мәжбүр болады.

Осман Империясының шығысында Ирак орналасты. XVIII ғ. аяғында ол ағылшын Ост-Үнді компаниясының ықпалына түседі. Алайда Түркия Иракты өзінің құрамында сенімді ұстап тұрды. XVII ғ. бастап Иракка Ұлыбритания назарын аудара бастайды. Ирак пашалары Ұлыбританияға арқа сүйе бастады. XIX ғ. 30 ж. Ирак пашаларының сепаратизмі жойылды. Ирак үшін Ұлыбритания мен Германия арасында күрес басталады. Немістер Бағдад темір жолының салуынан кейін, өз позицияларын күшейтіп алды.

Араб әлемінде Леванта мемлекеттері ереше орын алып жатыр. Бұл терминмен Сирия, Ливан және Палестина жерлері аталды. Марониттер - Ливанның тұрғындары - христиандық-католиктік Крес жауынгерлерінің ұрпақтары. XIX ғ. ортасынан бастап мемлекет діни қақтығыстардың орталығына айналады. Христиандық қоғам әрқашанда друздердің шииттік сектасымен қақтығыта болды. Франция марониттерге қолдау көрсетіп отырды. Еуропалық мемлекеттердің бәсекелестігінің нәтижесінде XIX ғ. 60 ж. “Ливанның органикалық статусы жарияланады”. Бұл аймақтағы Түркияның құқықтары шектелінеді. XIX ғ. аяғынан бастап Ливан араб мемлекеттерінің ішінде ең дамыған ел бола бастайды. Оның Франциямен экономикалық байланыстары өте берік болды.

Сирия мен Палестина артта қалып отырды. 1869 ж. Суэцк каналының ашылуымен Палестинаның стратегиялық маңызы өседі. Таяу Шығыс Франция, Германия, Ұлыбритания мен Түркия мемлекеттерінің арасында бәсекелестік аренасына айналады. Тунис, Алжир, Марокко Францияның тәуелділігінде болса, Ливияда Италияның ықпалы орнайды. Осман империясының құлауымен, I дүниежүзілік соғыстан кейін араб әлемінің болашағы туралы сұрақ туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хатшылық және Халықаралық ислам
Ислам конференциясы ұйымының халықаралық құқықтық статусы
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
Мұнай секторындағы құлшыныс
Орталық Азия одағы
Кедейшілікпен күрес. Қауіпсіздік мәселесі
Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда
Халықаралық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz