Қазіргі кезде Түркия


Кіріспе
Әрбір ұлт өзінің тарихын, мәдениетін мақтаныш етеді. Осы тұрғыдан бір - бірі таныған, құрметтеген туыстас, көршілес елдер-дің тарихы еншілес, тағдыры тамырлас болады. Сондықтан да түркі елдері деп аталатын түбі бір, діні бір, дәстүрі бір елдердің бір - бірі нен ұзақ жылдар ажырап қалуы өзекті өртеген өкініш еді. Түркі елдерінің қайта қауышуына ортаазиялық кеңістік мемлекеттері мен Түркия мемлекетінің арасында орнаған дипломатиялық, сауда - эко номикалық, мәдени қатынастардың аса қарқынды қанат жаюы - тарихи құбылыс, ұлы үрдіс болды. Бұл байланыс осы елдердегі нарықтық экономиканың қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді.
Тек, социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу - Қазақстан үшін 70 жыл бойы қалыптасқан экономикалық қатынасты түбірімен бұзып, ел үшін жат, қыр-сыры белгісіз жаңа экономикалық қатынасты бастау қажет болды.
Қазақстанның Түркиямен халықаралық деңгейде жақындасуының басты себебі саяси мәселелер шеңбері болса, екіншісі, нарықтық қатынастарға өту жолын таңдаған Қазақстан елдің экономикасын тұрақтандыру мен дамыту шараларының жүйесін жасап, экономикалық реформалардың түріктік тәжірибесін мұқият зерттеу нәтижесінде өз экономикасына енгізу еді. Үшіншіден, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге қарағанда аймақтық беделінің ерекше екендігі. Қазақстанның Еуразиадағы геосаяси жағдайы, Қазақстан үкіметінің халықаралық және сыртқы саясаттағы белсенді қадамдары Қазақстанның үлкен болашағы бар мемлекет екенін аңғартады.
Түркия
Қазіргі кезде Түркия әлемдік белгіленген үлгі бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын құрылымдық жағынан жетілдіріп, шетке шығаруға бағытталған даму саясатын ұстанып отыр, сондай-ақ, Түркияның пайдалы қазбаларға бай өлке екендігі, цемент, тыңайтқыштар, машина жасау экономикасында елеулі орын алатындығы атап өтілуі тиіс. Экспорттың негізін тоқыма, ауылшаруашылық өнімдері, ауылшаруашылық машиналары, темір, болат құрайтындығы, ал импортты мұнай, машиналар, химиялық өнімдер, көлік құралдары құрайды. Экспортта негізгі сыртқы сауда серіктестері: Германия, АҚШ, Франция, Италия, Сауд Арабы, Нидерланды, Ресей және ТМД мемлекеттері, ал импорт бойынша: Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттері, Ислам мемлекеттері, АҚШ алғашқы орындарды алады.
Қазіргі кезде Түркия өз географиалық аймағында алдыңғы қатарлы, дүние жүзілік қауымдастықта өзіндік орны бар, беделді мемлекет.
Түркияның негізгі мақсаты - елдің экономикасын нарықтық жүйеге көшіру және түрік экономикасын бүкіләлемдік шаруашылық жүйесіне үндестіру болды.
Түрік Республикасы өзінің сыртқы саясатында еуропалық бағытты басты бағыттарының бірі деп табатындығын ашуға бағытталады. Еуропа мемлекеттерімен саяси, экономикалық және әскери саладағы қатынастары дами түсуде, елдің сыртқы саяси - экономикалық бағытында ТМД елдерімен орнатылған қатынастар да маңызды орын алуда. Түркияның сыртқы дүниемен қарым-қатынасына қысқаша тоқталып, соның негізінде түркі тілдес елдер-ге бағыт алу саясатын ашуға сұрыптама жасайды.
КСРО-ның ыдырауынан кейінгі саяси жағдай Түркияға Орта-лық Азия мен Кавказда жаңа құрылымды пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл осы аймақта Түркия ықпалының нығая түсуіне, осы кең кеңістікте жетекші рөлге ұмтылуына жағдай жасады. Оған себепкер осы аймақтағы кейбір жас тәуелсіз республикалар түріктік экономи калық даму үлгісіне қызығушылық білдіруі.
Ал түріктік құрылыс фирмалары Мароккадан Тайландқа, Ана - долыдан Астанаға, Санкт-Петербургке деиінгі орасан зор аймақта жемісті жұмыс жүргізуде. Түркия - демократялық ел. Түркияда сөз, ар-ождан, баспасөз бостандығы бар. Түркия Орталық Азияда өзінің мүмкіндік саясатын жүргізуде. Қысқа ғана мерзім ішінде Түркия тарапынан жаңа тәуелсіз республикалармен саяси, экономикалық, мәдени және білім беру саласында серіктестік қатынастарды қалыптастыруда маңызды қадамдар жасалды, оның ішінде Қазақстанның рөлі де ерекше екендігі белгілі.
Түркия - Бат. Азия мен Оңт. Шығ. Европадағы мемлекет. Террито-риясының 97%-і Кіші Азия түбегінде орналасқан. 3%-і Европада.
Жер көлемі 780, 6 мың км. Халқы 60, 5 млн. Қазіргі астанасы - Анкара. Президенті - Башбакан Ердоған. Экономикасы - аграрлы-индустрялық ел. Ауыл шаруашылығының басты саласы - егіншілік.
Өнеркәсіп өнім құнының 82%-тен астам өңдеу, 10%-і тау-кен өнеркәсібі, 7-8% энергетиканың үлесіне тиеді. Өнеркәсіп орындары негізінен елдің батыс және орталық бөлігінде (Стамбул, Анкара, Измир өңірінде. )
Туризмі жақсы дамыған : Анталия, Бодрум, Галикарнас.
Өнеркәсіптің басты салалары - тамақ, тоқыма, құрылыс материалдары. Ақша өлшемі - түрік лирасы.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін жариялағаны белгілі. Бұл жас мемлекет ті тәуелсіздігін алған күні-ақ әлемде ең бірінші болып Түркия мемлекеті мойындады. Шын мәнінде де екі ел арасындағы 1990 жыл - дың 5 желтоқсанынан бастап, 1991 жылдың көктемі мен күз айла-рындағы екі жақты қатынастардың тығыз дамуы Түркияның бірін-ші болып Қазақстанның тәуелсіздігін тануы тарихи заңдылық еді. Сонымен бірге бұл екі ел арасындағы қалыптаса бастаған ынтымақ-тастықтың нығая түсуінің белгісі.
Түркия мен Қазақстан экономикалық саладағы өзара әрекеттес-тікті дамытуда екі ел көлемінде ғана шектеліп қоймай аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамытуды да шет қалдырмады.
Жалпы, Түркияның түрік тілді республикаларға қатысты саяса-тында көпжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында, аймақтық мәселелерді талқылауда, ортақ саяси ұстанымды айқындауда ең жоғары деңгейдегі көпжақты кездесулерге де үлкен мән берілді.
Осы екі халық арасындағы үзіліп қалған өркениеттіліктің сабақ-тастығын қайта жалғастыруда мәдени - имандылық қарым-қатынасы саласында: білім беру, денсаулық сақтау, ғылымды, мәдениет пен спортты дамыту жөніндегі екіжақты келісімдердің маңыздылығы орасан зор деп айтуға болады.
Екі ел арасындағы байланысты, оның ішінде сауда-экономика-лық қарым-қатынасты нығайта түсу мақсатында 1992 жылдың ақпан айында қазақ-түрік Іскерлік Кеңесі құрылды. Іскерлік Кеңес-тің басты мақсаттары:
а) екі ел шаруашылық ұйымдары мен фирмалары арасындағы ынтымақты қарым-қатынас орнату және оны дамыту;
ә) Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық, сауда сала сындағы ынтымақтастық материалдарды талдап зерттеу, халықара-лық байланыстың жан-жақты кеңеюіне мұрындық болу. Кеңес қазақстандық әртүрлі ұйымдар мен фирмалардан 73 мүше және 183 түркиялық биржалардың басын біріктірді. Алғашқы кезең мемлекет аралық сауда-экономикалық өзара қарым-қатынастардың жан -жақты қалыптасу сатысы еді. Екі ел кәсіпкерлері бір-бірін кең көлемде танып-біліп болашақ ынтымақтастықтың негізін қалаған-дығы сөзсіз. Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа сатысы 1998 жылдың 15 маусымынан басталды деп айтуға болады. Өйткені осы күні Қазақстан мен Түркия ынтымақтас тықты дамыта түсу жөніндегі келіссөздерді бастаған болатын.
Осы даму үрдістерінің нәтижесінде Түркия мен Қазақстан арасында берік экономикалық қарым-қатынастар орнап, екі жақтың өзара мүддесі басым салаларда өзара тиімді ынтымақтастыққа бағыттауда. Осы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына әсер ететін басты қозғаушы күш ол экономикаға салынған қаржы салы-мы. Қазақстан үкіметі шетелдік инвестицияны елге тарту үшін бірқатар саяси және экономикалық өзгерістер жасады.
1997 жылға деиін Қазақстанға әкелінген инвестициялар көлемі 3 миллиард 449 миллион доллар болды. Бұл санды негізгі 12 елдің компанияларының 20-ға жуық ірі инвестициялары құрайды. 2002 жылы инвестициялар көлемі 25 миллардқа жетті. Осыған орай бірқатар ірі мемлекеттік компаниялар жекешелендірілді. Бұлардың басым көпшілігі мұнай және газ компаниялары.
Экономика министрлігінің мәлімдеуінше шетелдік қаржыға құрылған біріккен кәсіпорындар саны 2000-ға жуық. Бұлардың ішінде ең үлкен салымшылар Ресей, АҚШ, Англия, Италия, Түркия, Германия.
1998 жылы Қазақстандағы дағдарысқа қарамастан сол жылғы Түркияның инвестиция көлемі 225 миллион доллар болған. Дағда-рыстың қысқы уақытта бітуінен кейін 2001 жылғы Түркияның Қазақстанға жасаған инвестиция көлемі 1, 5миллиард долларға жеткен.
Түркияның Қазақстанға әкелген инвестициясының басым бөлігі сауда, телекоммунткация, қонақ үй ісіне, ауылшаруашылық өнімде-рін өндіруге, супермаркет ашуға, баспа ісіне, мұнай өнімдеріне, азық-түлік өндіруге, құрылыс материалдарын өндіруге, темір-болат мыс, тоқыма және қызмет ету секторларына бағытталған. Қазақстан Республикасының мемлекеттігінің алғашқы жылдарында Түрік инвестициясы негізінен құрылыс және сауда салаларына салынса, соңғы жылдардағы көрсеткіштерге қарағанда Қазақстан жерінде дайын тауар өндіру және жергілікті жерде қызмет ету салаларының үлесі артып отыр.
Сондай-ақ қаржы саласындағы қатынасты нығайта түсу мақса-тында Қазақстан аумағында бірқатар банкілер ашылуда. Соның ішінде KZІ және ТКІ банклері.
Қазақстандағы экономиканың дамуына, екі жақты қатынасты нығай ту мақсатында бұл банкілер корпоративті және тұтыну қызметтерін көрсетуде, қазыналық бизнеспен аиналысып Түркия-Қазақстан өзара қарым-қатынастарында өз үлесін қосуда.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық өзара қарым-қатынас - тардың жебеушісі болатын инвестиция саласынан кейін экономика-ның басқа да маңызды саласының бірі - ол мұнай және газ өндіру. Түркия Қазақстандағы мұнай кен орындарын игеруді 1993 жылдан бастады. 1999 жылдың қаңтарында ‘Қазақойл’ кәсіпорны Қазақстан Түркия мұнайгаз құбырын салу жобасын дайындау жөніндегі келі - сімге қол қойды. Бұл да сол сәттегі екі ел арасындағы аса маңызды қадамдардың бірі еді. 1993 жылдан бастау алған екі елдің ауыл - шаруашылық саласындағы қарым-қатынасы да дамып келеді. Түрік кәсіпорындары үшін Қазақстандық ірі қара мен ұсақ малдардың арзан бағадағы терісі өте құнды болуда. Сол себепті бірлесіп тері илеу кәсіпорындары құрыла бастады. Түркияда толық дайындалған өнім әлемдік нарыққа шығарылуда. Сонымен бірге астық өңдеу саласында да бірлескен кәсіпорындар құрылып жұмыс жасауда, көп теген нан шығару, ұннан жасалынатын өнімдер түріктік технология мен құрал - жабдықтың негізінде шығарылуда. Жеңіл және тамақ өндірісі саласында да бірнеше бірлескен кәсіпорындар өнім шығару да: Өскемен қаласындағы сүт тағамдары, Петропавловскі қаласын дағы макарон өнімдері, сондай-ақ, косметика мен жуғыш өнімдерін шығаратын кәсіпорындар. Бірлескен ірі кәсіпорындарының ішінде ірілерінің бірі ‘Кока-Кола Алматы ботлерс’ әлемге әйгілі сусындар шығарады. Мақта өндіру саласында да Түркия Қазақстанмен өзара әрекеттестік қатынаста болуды көздеуде. Қазақстанның тоқыма матасы еуропалық және әлемдік нарықта да сұраныс табуда. Сол себепті тоқыма матаның көп мөлшерін Түркия сатып алуда. Жеңіл өнеркәсібі жақсы дамыған Түркияда киім тігу саласында Қазақстан-дық биязыжүнді тоқыма маталарына сұраныс ерекше.
Екі ел арасындағы экономикалық байланыстың кезекті түйісу саласы деп көлік пен коммуникацияны атауға болады.
Коммуникация саласында түріктік фирмалармен бірлесе оты - рып, Павлодар, Текелі, Талдықорған сияқы қалаларда қалалық теле-фон станциялары іске қосылды. Ұялы телефон байланысы саласында да Түркия Қазақстандағы ірі компаниялардың біріне айналуды мақсат тұтуда.
Түркия құрылыс компаниялары да әлемге әйгілі. Сол себепті осы саладағы екі жақты ынтымақтастық нығая түсуде.
Экономикалық көрсеткіштерге сүйенер болсақ, Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі, яғни экспорт пен импорттың жалпы көлемі 7 жылд 15 есеге артқан. Түркия Қазақстанның маңыз-ды сауда серіктесі болса, Қазақстан да Түркияның ТМД мемлекет-терімен саудасында үшінші, ал Орта Азиа мен Кавказ республикала рымен саудасында бірінші орында болып отыр.
Түркия Республикасы Қазақстанның экспорт және импорт сала сының 4, 4 пайызын қамтиды. Түркия Қазақстанның шикі тері, жез, қола, болат, темір, егін өнімдері, бейорганикалық химия өнімдері және тыңайқыш сатып алады. Ал, Қазақстан Республикасы Түркия Республикасынан жоғары сапада машиналар, электрик машиналары автомобиль, аяқ киім және тоқыма өнімдерін сатып алады. Зерттеу-ші ғаламдардың есебі бойынша Қазақстанның Каспий аймағындағы мұнай қоры - 8, 0 млрд. тонна, газ қоры - 5, 0 тран. куб/м. . Түркия өз жерінде жылына 3-4 млн. тонна мұнай өндіреді. Ал жалпы эконо - миканы дамытуға жылына 20 млн. тонна мұнай қажет етеді. Ал газ-дың кен орны Түркияда мүлдем жоқ екендігі белгілі. Сондықтан да, Түркия Каспий аймағы мұнайының өз аумағы арқылы тасымалдауы на мүдделі болып отыр. Түркия Республикасының барлық халық - аралық кездесулерінде айтатыны Әзірбайжан мұнайы мен Баку - Жейхан мұнай құбыры жобасының жүзеге асырылуы. Қазақстан мұнайының Каспий теңізі арқылы Бакуге, Бакуден де Жерорта теңізіне шығарылып, сол жерден де еуропалық нарыққа шығары - лып сатылуы үшін жобалар дайындалуда. Осы жобаның жүзеге асуы Түркия үшін де, Орталық Азиядағы Тәуелсіз мемлекеттер үшін де өте қолайлы болар еді.
Түркия атом энергетикасы жағынан, елімізде атом энергиясы станциясы құрылуы мәселесінде Қазақстанның тәжірибелерін пайдалану және Атом энергетикасының бейбіт мақсатта қолда - нылуы мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.
Екі ел арасындағы маңызды ынтымақтастық саласы алтын өнді ру және өңдеу мәселесі болып табылады. Бұл мәселеде екі ел өкілет тілігі дәрежесінде келіссөздер жүргізілді.
Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Түрікменстан сынды ортаазия - лық мемлекеттердің мүшелігімен мемлекетаралық сауда, экономика және саяхаттану саласында қарым-қатынасты жетілдіру үшін темір жол торабын құрды. Бұл темір жол торабы 2000 жылы ақпан айында Алматы - Саранс - Тегеран арқылы іске қосылды. Бұл халықаралық темір жолы Алматыдан Тегеранға 68 сағатта жетеді.
Түркия Республикасы бұл темір жол торабын Ыстанбулға дейін созуды жоспарлаған. Бүгін Түркияның шығысындағы Ван қаласын-да бұл жобаны жүзеге асыру үшін керекті қызметте бастады.
Соңғы жылдары Түркиядан тауар тасымалдау күрт азайды, себебі Түрік іскерлері Түркиядан тауар тасудың орнына Қазақстан-да дайын шикізаттан тауар өндіруді дұрыс деп шешті.
Көлік және байланыс мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, Каспий теңізі, Волга - Дон каналдары, Қара теңіз арасындағы мүм-кіндіктерді қолдану, Алматы - Ыстанбул арасындағы тарифті және чартер ұшақ сапаларын бастау, телекомуникация мүмкіндігін дамы-ту және Қазақстан телекомуникация жүйесін қазіргі заманға лайық қайта жабдықтау туралы келісім- шарттар жасалған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz