Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы
1 Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары мен орфографиясы
2 Қазақ жазбаларының орфографиясы мен жазба мәдениеті
3 Араб жазуы (әріп таңбалары)
4 Қазақ жазуының орфографиясы

Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы (емле) проблемасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз бетінде көтеріліп, әлеумет назарына іліне бастады. “Дала уалаяты газетінің” 1896-жылғы 27-санында Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық идеясын қолдаған сауатты азамат А.Құрмамбаевтың “Қазақ тілі турасынан” деген мақаласы жарияланды. Мұнда автор қазақтың жазба тілі ноғай (татар) сөздерімен “шұбарланып барады” деп қауіп айтады. Бұл қазақ тілінің сөздік қазынасы жайындағы алғаш көтерілген мәселе болса, әрі қарай ұлттық (“қазаққа керек”) жазу-графика, орфография, пунктуация мәселелері де әңгіме бола бастайды. “Дала уалаяты газетінің” (әрі қарай ДУГ) 1896 жылғы 31-32 – сандарында жарияланған ағартушы Д.Сұлтанғазиннің “Қазақ тілінше жазу туралы” деген көлемді мақаласында қазақ тіліне шеттен келген сөздер жайында айта келіп, «көп заманнан бері қазақ тілінде жүріп, бұзылған себебінен (автор бұл кезде «бұзылған» деп фонетикалық тұрпаты қазақ тіліне икемделіп өзгерген құбылысты айтып отыр) араб, парсы сөздерін қазақтың сөйлеуі бойынша жазу жарайды» - деп орфографияға қатысты ең алғашқы пікірлердің бірін айтады. Бұл принципті қазақ емлесі күні бүгінге дейін танып келеді.
Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы
Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы (емле) проблемасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз бетінде көтеріліп, әлеумет назарына іліне бастады. "Дала уалаяты газетінің" 1896-жылғы 27-санында Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық идеясын қолдаған сауатты азамат А.Құрмамбаевтың "Қазақ тілі турасынан" деген мақаласы жарияланды. Мұнда автор қазақтың жазба тілі ноғай (татар) сөздерімен "шұбарланып барады" деп қауіп айтады. Бұл қазақ тілінің сөздік қазынасы жайындағы алғаш көтерілген мәселе болса, әрі қарай ұлттық ("қазаққа керек") жазу-графика, орфография, пунктуация мәселелері де әңгіме бола бастайды. "Дала уалаяты газетінің" (әрі қарай ДУГ) 1896 жылғы 31-32 - сандарында жарияланған ағартушы Д.Сұлтанғазиннің "Қазақ тілінше жазу туралы" деген көлемді мақаласында қазақ тіліне шеттен келген сөздер жайында айта келіп, көп заманнан бері қазақ тілінде жүріп, бұзылған себебінен (автор бұл кезде бұзылған деп фонетикалық тұрпаты қазақ тіліне икемделіп өзгерген құбылысты айтып отыр) араб, парсы сөздерін қазақтың сөйлеуі бойынша жазу жарайды - деп орфографияға қатысты ең алғашқы пікірлердің бірін айтады. Бұл принципті қазақ емлесі күні бүгінге дейін танып келеді. Ал орыс тілінен еніп жатқан сөздерге келгенде, Д.Сұлтанғазин өзгеше принципті ұсынады. Алдымен, ол қазақ тіліне араб, парсы сөздерін көптеп қабылдай бергенді қостамайды да, орыс тілінен сөз алуға назар аудару керек дейді. Олардың емлесі жайында да пікір айтады. Орыс сөздерін екі топқа бөледі, ертеде еніп, қазақша тұлғаланып кеткендерді сол қалпында жазу дұрыс дейді. Ал жазу арқылы келген сөздерді араб жазуының мүмкіндігінше орысша тұлғасын сақтап жазуды қостайды: орыстардың өз сөйлегендеріне ұқсастырып жазуға тырысу керек. Сондықтан жандарал, жанарал деп жүрген сөздерді генерал деп жазу керек дейді. Газет осы тәртіпті ұстанған. Біздің бүгінгі емлемізде талас тудырып келе жатқан мәселенің бірі - жазба арқылы келген орыс сөздерінің орысша орфограммасын сақтап жазу немесе қазақша сындырып айтылуынша жазу дилеммасы басын ХІХ ғасырдан алады екен. Біз қазір Сұлтанғазинше жазып жүрген сияқтымыз.
ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында қазақ мәдениеті үшін алфавит таңбаларының тіл табиғатына үйлесімді, қолайлы болуы жөніндегі мәселе жиірек сөз болды. ДУГ-та Д.Сұлтанғазиннен басқа Р.Дүйсенбаев, О.Әлжанов, И.Бисенұлы сияқты сауатты, білімді, ағартушы авторлар да тіл, графика, емле жайында пікірлерін білдіріп отырды. Д.Сұлтанғазин аталған газеттің 1899 жылғы 23-нөмірінде Қазақ сөзін қалайша жазу турасы деген мақаласында қазақ әліпбиі жөнінде сөз қозғап, христиан миссионерлері ұсынған орыс жазуы мен араб жазуының қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне қайсысы қолайлырақ дегенді талдайды. Бірақ араб әліпбиін былайша реформалау керек деген сияқты нақты ұсыныстар айтпайды.
Тіл (қазақ тілі) жайында жазылған мақалалардың көпшілігінде араб әліпбиінің қазақ тілі үшін жарамсыз, оны толықтыру не жаңа алфавит жасау қажет дейді (Р.Дүйсенбаев Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10). Араб алфавитінің қазақ тіліне үйлесімсіздігін Д.Сұлтанғазин де, О.Әлжановтар да айтады. Демек, араб графикасын реформалау идеясы ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында әлеумет назарына ұсынылса да, оның жүзеге асырылуы ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылының үлесіне тигені белгілі. Бұл идеяны дұрыс түсініп, нақты іске кіріскен ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды.
Қазақ жазбаларының орфографиясы мен жазба мәдениеті туралы әлеуметтік үн де ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылы барысында ашығырақ шықты, мақалалар жарияланды, қазіргі тыныс белгілерінің түр-тұрпаты мен орындары көрсетілді (ДУГ, 1896, №31). Жоғарыда айтылды, араб жазуымен берілген мәтіндерде ешқандай тыныс белгілері болмады. ДУГ-тің өзі бастапқы нөмірлерінде тыныс белгілерінсіз шығып тұрыпты. Кейін өзі танытып түсіндірген тыныс белгілерін пайдаланды.
Бірақ не газет редакциясы, не жеке авторлар бұл тыныс белгілерінің қазақша толық (түгел) атауларын (терминдерін) бере алмады. Тыныс белгілері дегенді тыныстар деп атады және тыныс белгілерін қою емес, тыныстарды жүргізу деді. Ал жеке бірқатарының атауларын: нүктені - тыныс, үтірді - жарты тыныс, нүктелі үтірді - тыныстың төрт бөлгенінің бірі, сұрау белгісін сұралған жауаптың аяғына қойылады деп, леп белгісін ашуланып не қорқып, яки таңданып айтқан сөздің аяғына қойылды деп, осы үлгіде әрі қарай тырнақшаның, қос нүктенің, көп нүктенің, дефистің, сызықшаның терминдік атаулары емес, т ү с і н д і р м е л е р і ғана көрсетілген (ДУГ, 1898, №42). Тыныс белгілерінің осы күнгі терминдерін алғаш ұсынған А.Байтұрсынов болатын.
Біршама әлеуметтік үні болған бұл газеттің (ДУГ-тің) қазақтың жазба тілі, алфавиті, пән сөздері (терминология саласы), емле, оқу құралдары туралы мәселелелерді көтеріп отырған дәстүрлерін (қарекетін) кейін ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Айқап журналы мен Қазақ, Қазақстан газеттері, Шора журналы жалғастырды. Бұлардағы ғылыми негізі бар, жүйелі түрде ұсынылған пікірлер негізінен Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералиндердің жазғандарында көрінді.
А.Байтұрсынов 1895-1909 жылдары ауыл мектептерінде бала оқытып жүрген кездерінде оны араб әліпбиінің қазақ сөздерін дұрыс жазуға келгенде үйлесімсіздігін, онда қазақ тілі үшін қажетсіз, яғни қазақ сөздерінде келмейтін дыбыстардың әріптері бар, бірақ қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне қажет ерекше дыбыс таңбаларының жоқ екендігі, олардың қажеттігі ойландырады. Ойлана жүріп қолданыстағы араб графикасын қазақ тілінің фонетикалық қалыбына салып, реформалайды. Қазақ тілі үшін қажеті жоқ артық таңбаларды ығыстырады, олар жуан дауыссыз деп аталатын араб тіліне тән дыбыс таңбалары болатын, кейбір таңбалардың жуан-жіңішкелік оппозиттерін білдіретін тәсілді ұсынады, ол үшін дәйекші деген белгіні ойлап табады.
Байтұрсынов бұл проектісін Жазу тәртібі деген көлемді мақала етіп Айқап журналының 1912 жылғы 4-5 сандарында жариялайды. Қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық жүйесін талдап береді. А.Байтұрсынов мұрасын тарихи-лингвистикалық зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, оның бұл жұмысы - нағыз ғылыми, ғылыми аргументтері күшті, тіпті бүгінгі күннің талабын да өтейтін еңбек болып табылады. А.Байтұрсынов бұл ізденістерінде қазақ тілінің фонологиялық табиғи белгісі - сингармония заңдылықтарына сүйенеді. Бүгінгі фонетист ғалымдар А.Байтұрсынов дыбыстар жүйесін сингармофонемалар ретінде дұрыс таныды дейді. Сондай-ақ қазақ алфавитін түзуде (жасауда) болсын, грамматикалық (морфологиялық) категорияларын зерделеуде болсын, А.Байтұрсынов тіл біліміндегі парадигмалық жүйені ұстады. Парадигматилық жүйе дегеніміз - тіл бірліктерінің (дыбыстардың, морфологиялық көрсеткіштердің, емлелік тәртіптердің т.б.) екі түрлі типін бір-бірінің қарсысына қойып жүйелеу. Сондықтан қазақ әліпбиін түзуде дыбыстардың дауысты-дауыссыз, жуан-жіңішке, қатаң-ұяң сияқты оппозиттерін негізге алған. Бұл бүгінгі ғылым биігінен (жетістіктерінен) қарағанда өте дәлелді, дұрыс ұстаным болып саналады. Ғалым араб жазулы (таңбалы) қазақтың өз алфавитін (әліпбиін) жасап, ғылым-білім дүниесіне ұсынады. Жүйелілікпен түзілген бұл әліпбиін Ахмет Байтұрсынов тәртіпті жазу деп атаймыз деді: Тәртіпті жазу дегеніміз тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі (әрпі) бар болса деп анықтайды. 1912 жылғы Айқаптың 9,10,11-сандарында Шахзаман мырзаға деген көлемді мақала жариялап, өзі көп ізденіп, іс жүзінде, мектепте балалардың сауатын ашу процесінде тәжірибеден өткізіп түзген алфавитін нағыз ғылыми-теориялық негізде дәлелдейді (Шахзаман Жияшов. Бірге қозғалайық - Д. Айқап 1912, №6).
Араб жазуы (әріп таңбалары) - құран қолданған әліпби, сондықтан оған өзгерістер енгізуге, қысқартуға, өзге таңбаларды қосуға болмайды деген діндар догматиктердің қарсы пікірлері де (мақалалары да) болғанына қарамастан, ауыл мұғалімдері, озат ойлы, білімді адамдар тарапынан Байтұрсынұлы әліпбиі батыл қолдау табады.
Сөйтіп, қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің даму сипаты, жазба тілі, алфавиті, терминологиясы, оқу-ағарту істерінің күй-қалпы, оқу құралдарының қажеттігі сияқты мәселелер туралы пікірлер айтылды. ХІХ ғасырдың ең соңғы жылдары мен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ қоғамында ашылған әр сатылы мектептерде балалардың ана тілінде сауатын ашатын графиканың мәні, оның қазақ балаларын оқытуда қиындық келтіретін тұстары кеңінен айтыла бастады. Бұл пікірлерге ауыл мұғалімдерінің айтқандары прагматикалық сипатта болды. Ал графика мен оқыту проблемаларын ғылыми-тәжірибелік негізде тұңғыш рет көтерген ұлы ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов болғаны белгілі. Бұл жөнінде Бабаш Әбілқасымов, Аманқос Мектептегі сияқты зерттеушілер жақсы талдап көрсеткен болатын (Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы, Ғылым, 1993, 18-20 - беттер). А. Байтұрсынов оқыту ісінде ең басты құрал - оқулық екенін айтып, ал оқулық бойынша балалар сауаттарын қиналмай тез ашуы үшін жазу тәртібі болу керек дейді (Айқап, 1912, № 4 - 5, Жазу тәртібі деген мақаласында). Ахмет Байтұрсынов енгізген Жазу тәртібі термині Қазақ жазба дүниесіне қажет алфавит деген ұғымды береді, яғни қазақ тілінің табиғи фонетикалық құрылымына сәйкес тілде бар дыбыстардың жеке таңбасы (әрпі) болуы, сондай-ақ жазуда қазақ тілінің үндестік заңдарының сақталуы қажет екендігін ескертті. Бұл пікір-ұсынысқа қарсы шыққандар да болды, олар түркі тілдеріне ортақ бұрынғы жазу (емлеге қатысты) үлгісін сақтауды ұсынды. Демек, А. Байтұрсынов және бірқатар зиялылар қолданып келе жатқан араб әліпбиіне қазақ жазбалары үшін өзгеріс енгізу, яғни реформалау принципін ұсынды. Ол: бір жөнменен жазылатұғын жазу жоқ, жазғанымыздың қате, дұрыстығын айтарлық емле жоқ, оның жоқтығы қазақ тіліндегі дыбыстарға ашып-арнаған әріптер жоқ - деп жазғанда, қазақтарға қажет тек алфавит мәселесі ғана емес, соған тікелей қатысты емле мәселесін де көтерді, оның әлі күнге жоқтығын айтты. Бұл пікірсайысты Айқап журналынан Қазақ газеті іліп әкетті.
А. Байтұрсынов қазақ жазуы үшін жасаған әліпби жобасын қостай отырып, Міржақып Дулатов (Азамат Алашұлы деген лақап атпен) жаңа әліпбиге ф мен х таңбаларын енгізуді ұсынады (Айқап, 1912, № 8). Бұл да тұңғыш пікілердің бірі болды.
Қазақ жазуының орфографиясы ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсыновтың мақалаларында тұңғыш рет сөз болды. Оның қажеттігі мен рөлі ғана дәлелденіп қойған жоқ, алғашқы ережелері іспеттес тәртіп жүйесін ұсынды. Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуының емлесі туралы ой-пікірлерін өзі редакторы болған Қазақ газетінің беттерінде әрі қарай жалғастырып, пікірсайысқа жол берді. Емле мәселесіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz