Химиялық, элементтердің периодтық системасы



I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім:
2,1. ХИМИЯЛЫҚ, ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОДТЫҚ СИСТЕМАСЫ ЖӘНЕ АТОМДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
2,2. ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
2,3. ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ МЕНДЕЛЕЕВКЕ ДЕЙІНГІ
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
2,4. ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ СИСТЕМА
2,5. АТОМНЫН ЭЛЕКТРОНДЫҚ, ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ, КҮРДЕЛІЛІГІ
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Атом-молекулалық теориядан кейінгі химия тарихындағы ерекше маңызды ірі табыс Д. И. Менделеев ашқан периодтық заң болды. Осы заң негізінде элементтердің периодтық системасы жасалды. Периодтық заң — жаратылыстын негізгі заңдарының бірі, онын, ашылуы химияда жаңа дәуір туғызды. Периодтық заң химиялық элементтерді, олардын қосылыстарын зерттеуге, заттың, құрылысының қалай екенін іздеуге теориялық негіз болды. Осымен бірге атомның құрылысының күрделілігін теория және эксперимент арқылы зерттеу процесіндегі ашылғаң жаңалықтар периодтылықтын мазмұнын терең түсінуге мүмкіншілік туғызды.
Химиялық элемент дегеніміз — ядроларынын заряды бірдей атомдар жинағы. Барлық жай және күрделі заттар осы элементтерден түзіледі.
Адамды айнала қоршаған түрлі заттар неден тұрады, қандай бастапқы элементтерден құралады деген ой өте ерте заманнан-ақ туған. Біздін жыл санауымыздан 15 ғасыр бұрын үнді философтары элементті материя деп қарамай, бастауыш рухани тектен туады деп санаған. Олардың «вед», берірек заманда «упанишад» деп аталатын шығармаларында от, жер, су сияқлы материялық заттар «тад экам», «браман», «атман» деп аталатын рухани тектерден, солар түрліше кұдайлардың бейнесіне айналып барып, өзінен-өзі қызып өзгеруінен туады деген.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ХИМИЯЛЫҚ, ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОДТЫҚ СИСТЕМАСЫ ЖӘНЕ АТОМДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ
Атом-молекулалық теориядан кейінгі химия тарихындағы ерекше
маңызды ірі табыс Д. И. Менделеев ашқан периодтық заң болды. Осы заң
негізінде элементтердің периодтық системасы жасалды. Периодтық заң —
жаратылыстын негізгі заңдарының бірі, онын, ашылуы химияда жаңа
дәуір туғызды. Периодтық заң химиялық элементтерді, олардын
қосылыстарын зерттеуге, заттың, құрылысының қалай екенін іздеуге теориялық
негіз болды. Осымен бірге атомның құрылысының күрделілігін теория және
эксперимент арқылы зерттеу процесіндегі ашылғаң жаңалықтар периодтылықтын
мазмұнын терең түсінуге мүмкіншілік туғызды.
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
Химиялық элемент дегеніміз — ядроларынын заряды бірдей атомдар жинағы.
Барлық жай және күрделі заттар осы элементтерден түзіледі.
Адамды айнала қоршаған түрлі заттар неден тұрады, қандай бастапқы
элементтерден құралады деген ой өте ерте заманнан-ақ туған. Біздін жыл
санауымыздан 15 ғасыр бұрын үнді философтары элементті материя деп қарамай,
бастауыш рухани тектен туады деп санаған. Олардың вед, берірек заманда
упанишад деп аталатын шығармаларында от, жер, су сияқлы материялық заттар
тад экам, браман, атман деп аталатын рухани тектерден, солар түрліше
кұдайлардың бейнесіне айналып барып, өзінен-өзі қызып өзгеруінен туады
деген.
Грек философиясы натурфилософиялық тұрғыда болған, адамға тікелей әсер
ететін дүниені түсіндіруге тырысқан.
Илиада мен Одиссеяда күллі дүние мұхиттан, судан жаралғап деген
пікірге кездесеміз. Грек философиясынын, негізгі элементтер — су, ауа, от
және жер деуі, дүниенің негізі материялық екендігін мойындаудан шыққан.
Бірақ Аристотель бұл төрт элементке, материялық емес, бесінші элемент —
квинтэссенция — эфирді қосқан және оны ең бастысы деп санаған.
Орта ғасырларда, әсіресе Европада, Аристотельдің элемент жайындағы
ілімі кең тарады, ол 2000 жылға жақын уакыт үстемдік етіп, алхимиктердің
металдарды трансмутациялау (жай ме-талды алтынға айналдыру) жұмыстарына
теориялық негіз болды. Алхимия дәуірінде Аристотельдің элементтеріне тағы
үш элемент қосылды: сынап — металдық қасйеттін, күкірт — жанғыштық пен
бейметалдық қасиеттін, тұз — ерігіштік қасиеттің иелері. Кейбір алхимиктер
— спирт, май, флегма сия тыларды да элементтер санына қосуды ұсынды.
XVII ғасырдын, орта шенінде химиялық өзгерістер жайында мәлімет
көбейгн сайын, элемент деген түсінікке ойша емес, эксперимент қорытындысына
сүйеніп ғылыми анықтама беру керек деген пікірлер туды. Химияға элемент
деген сөзді енгізіп, оған жаңа түсінік берген Р. Бойль (1661 жылы Химик
скептик деген кітабында). Бойльдің пікірінше, элемент дейтініміз
қарапайым, өзінен басқа еш затпен қосылмаған, басқа барлық заттарды
түзетін, күрделі заттар айырылғанда ақтығында шығатын зат. Бұл анықтама
дұрыс болғанымен, ол кездегі эксперимент жасаудың дәрежесі төмен
болғандықтан, қай заттарды элементтер қатарына жатқызу керек екендігі
анықталмады. Айталық ол кезде бір тәжірибеде болып жатқан химиялық
процестін айрылу не қосылу реакциясы екенін айта алмайтын кез еді, мысалы,
Бойль алтын, мыс, сынап, күкірт сияқты заттардың элемент не элемент емес
екеніне көз жеткізе алмаған, ал суды элемент деп санаған. XVIII ғасырда,
химиялық тәжірибеде таразы тиісті орын алып, а н а л и з бен с и н т е з
деген түсініктер ажырап, сапалық анализбен қатар, сандық анализ жасау
күшейген кезде, элемент деген түсінікке Бойльдің берген анықтамасын
дәлелдейтін эксперименталдық материалдар көбейді. Сөйтіп, бұрын күмәнді
болып жүрген біраз заттар элемент қатарына кірді, жаңадан — сутек, оттек,
азот, хлор сияқты газ түріндегі элементтер табылды. Бұл жөнінде Лавуазье
бірқатар еңбек сіңірді. Ол сол уакытта белгілі элементтердін (жай
заттардың) тізімін жасады. Лавуазьенің заманында элемент пен жай зат деген
түсініктерді ажыратпайтын. Лавуазье 1789 жылы жасаған химиялық
элементтердің бірінші тізімінде 33 заттың аты бар. Ол тізімде жарық, жылу
сияқты элемент еместер болды, әк, глинозем, кремнезем сияқты оксидтер және
радикалдар да кірді, нақты элементтер 23 қана еді.
Химия тарихында ерекше табысты ғасыр, химияның теориялық негіздері —
атом-молекулалық теория және элементтердің периодтық системасы ашылған —XIX
ғасырда химияда элемент жайымдағы білім аса көбейді. Ескі заманнан және
орта ғасырлардан белгілі заттардың қайсысы химиялық элемент екендігі
анықталды. Бұл жөнінде химиялық элемент де-ген түсінікті атом деген
түсінікпен байланыстырудың үлкен маңызы болды. Ломоносовтың, әсіресе
Дальтонның пікірінше, әрбір химиялық элементке атомдардын, нақтылы бір түрі
сәйкес келеді, олардын өзіне тән салмағы болады. Атом және молекула деген
түсініктерді ажыратып түсінумен байланысты, элемент және жай зат деген
түсініктерді де ажыратып түсінуге мүмкіншілік туды. Атомдық, массаны
табудың әдістері жақсаруы, ақтығында Д. И. Менделеевтік периодтық жүйесінің
өзі жаңа химиялық элементтерді ашуға зор мүмкіншіліктер туғызды.
XIX ғасырдың басында белгілі химиялық элементтер саны 28 болса.
Д. И. Менделеевтің заманында 63, ғасырдың аяғында 83 болды. Осы кезде 105
элемент белгілі.
Ерте замамнан белгілі элементтер: Аu, Аg, Сu. Рb. Sn, Ғе. Нg, S, С.
Алхимиктер заманынан белгілі элементтер: Ві, (XV ғасыр), Р
(Бранд, 1669 ж.) Аs, Sb).
XVIII ғасырда ашылған элементтер: Zn (Генкель,
1721), Со (Г. Брандт, 1735), Рt (Ватсон, 1750), Ni
(Кронштедт, 1751), Н. Кавендиш, 1766), N (Д. Резерфорд, 1772), О
(Пристли, 1774), Сl (Шeеле, 1774), Мn (Шееле, 1774), Мо (Шееле мен
Гьельм, 1781), W (д'Эльгуаир, 1783), U (Қлапрот, 1789), Ті
(Грегор, 1791), Сг (Вокелен, 1797), Те (Клапрот, 1798).
XIX ғасырда. Д. И. Менделеевке дейін ашылған периодтық
системаны құрушы элементтер: Та (Экеберг, 1802), Рb, Rһ (Волластон,
1803),)) Os, 1г (Теннант, 1804), К, N8 (Дэви, 1807), Са, Sг,
Ва, Мg (Деви, 1808), В (Гей-Люссак, 1808), l (Куртуа, 1811), Sі
(Гей-Люссак, Тенар, 1811), Сd (Штромейер, 1817), Sе (Берцелиус,
1818), Li (Дэви, 1818), Zг (Берцелиус, 1824), Се (Мосандер мен
Велер, 1825), Вг (Балар, 1826), АІ (Эрстед, 1825; Велер, 1828),
Ү, Ве (Велер, 1828), Тһ (Берцелиус, 1829), V (Сефстрем, 1830), Lа
(Мозандер, 1839), Ег, ТЬ (Мозандер, 1843), NЬ (Розе, 1844),
Ru (Клаус 1845), Сs (Бунзен, 1860), Rb (Бунзен, 1861), ТІ (Крукс, 1861),
Іn (Рейх, Рихтер, 1863).
Периодтық заңнан кейін ашылған пернодтық системаны толықтырушы
элементтер: Не (Жансен мен Локьер 1868 күннен, Рамзай 1895 жерде), Ga
(Лекок де Буабодран, 1875), Sс (Нильсон, 1879), Gе (Випклер, 1886), Ғ
(Муассан, (1886), Hf (Хевеши, Костер 1923), Rе (Ноддак 1925), Сирек
металдар— Үb (Мариноьяк, 1878), Sm (Лекок де Буабодран, 1879), Sс (Нильсон,
1879); Тu, Но (Клеве, 1879), Gd (Мариньяк, 1880), Рг (Aуэр, 1885), Nd
(1885), Dу (Лекок де Буабодран, 1886), Еu (Демерсе, 1901), Lu (Урбен және
Ауэр, (1907). Инертті газдар —Аг, Не (Релей, Рамзай 1895), Nе, Кг, Хе
(Рамзай, Траверс. 1898). Радиоактивті элемeнттер — Rа (Мария мен Пьер Кюри,
1898), Ро (М. Кюри, 1898), Rn (Резерфорд 1900), Ас (Дебьерн, 1900), Ра (Ган
және Ментнер, 1917). Синтезделген элементтер—Тс (Сегре, Перье, 1937), Ғг
(Пере, 1939), Аt (Сегре, Корсон, Ман-Кензи, 1940), Nр (Макмилан, Абельсон,
1940), Рu (Сиборг, т. б., 1941), Am, Сm, (Сиборг, т. б. 1944), Рm
(Маринский, Гленденин, 1947), Вk, С1 (Сиборг, т. б. 1950), Ғm (Гиорсо,
Сиборг, Гиорсо, 1953), Ғm (Гиорсо, Сиборг, т. б., 1954), Мd (Сиборг, т. б.
1955), No (1957), Lr (Гиорсо, т. б., 1961), Ku (Флеров, т. б. 1964), Ns
(Флеров, т. б., 1977).
Әлемнін, жұлдыздар түзілуге жағдайы бар орындарында химиялық
элементтер түзілу процесі осы кезде де жүреді, сонымен қатар кейбір
жұлдыздарда бір элементтер екінші басқа элементке айналып жатады. Мысалы,
күннің және жұлдыздардың шашатын энергиясы ондағы сутектін, гелийге
және мүмкін басқа
жеңіл элементтерге айналуынан шығатын болуы керек. Аспан денелерінің,
олардың біреулерінен үзіліп түскен метеориттердін, және жер шарының орта
құрамы өте жақын. Демек, бұлардағы химиялық элементтердің түзілуінің
ядролық реакциялары бір бағыттас болғаны. Химиялық элементтердін түзілуін
түсіндіруге ұсынған бірнеше теория бар, бірақ толық дәлелденгені әзір жоқ.
Химиялық элементтердін тарауы жөніндегі мәліметтер атмосфера
(терендігі 20 км дейін) үшеуін түзуші элементтердің (атомдық процентпен
алғанда) 99,4 үшеуін түзуші элементтердін. (атомдық процентпен алғанда)
99,4 проценті 15 элемент үлесіне келетіндігін көрсетеді:
Қалған 73 элементке 0,6% келеді. (Синтезделген 16 элемент л есепке
алынбайды).
Жер шарының 20 километрден терең қабатынын құрамын тікелей зерттеу
қиын болғанымен, ғылымнын басқа салаларынан алынған мәліметтерді
салыстырып, шамамен айтуға болады. Акад. В. И. Вернадский және А. Е.
Ферсманның жорамалына сәйкес жердің құрылымы 3-суретте көрсетілді. 1-қабат
атмосфера, П-қабат калыңдығы 100 км силикат жыныстары, меншікті салмағы
2,8; ІІІ-қабат қалындығы 1200 км түрлі силикаттар, меншікті салмағы 3—4; ІV-
қабат —2900 км дейін, темір және басқа ауыр металдардың оксидтері, мен
сульфидтерінің қоспасы, меншікті салмағы 5—6, V-қабат 6370 км дейін, ауыр
металдардан, негізінен темірден тұрады, аздап, никель араласқан, меншікті
салмағы 9— 11
ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ МЕНДЕЛЕЕВКЕ ДЕЙІНГІ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Химиялық элементтердің саны көбейген сайын, олар жайындағы білім
көбейіп, оларды бір тәртіпке келтіріп жинақтау керек бола берді.
Элементтердің қасиеттерін салыстырып ерте уақыттанақ металл және бейметалл
деп екіге бөлетін. Бұл ірі бөлу химиктері қанағаттандыра алмады, сондықтан
элементтердің бір қасиетіне сүйеніп, элементтерді ұсағырақ топқа бөлу қажет
болды.
1817 жылы неміс химигі Добериейнер өзіне белгілі элементтердің қасиеті
ұқсастарын үш-үштен тіркестіріп, триада деп ат беріп, оларды
байланыстыратын математикалық заңдылық тапқан:
Li Ca P S Cl
Na Sr As Se Br
K Ba Sd Te I
әрбір триаданың ортаңғы элементінің атомдық массасы шеткілерінін. атомдық
массаларының арифметикалык орта санына тең болады:

Ол уақыттағы белгілі элементтердін, барлығы мұндай триада түзе алмады.
1863 жылы француз ғалымы Бегье де Шанкуртуа 50
элементтін тізімін, атомдық массаларына сәйкес, белгілі масштаб
бойынша цилиндрдің сыртына винт (бұранда) сызығының бойымен
орналастырған. Сонда ұқсас элементтердін көбі бірінің астына бірі
келген.
1864 жылы ағылшын ғалымы Ньюлендс, элементтерді атомдық
массаларынын өсу ретімен орналастырған, сонда әрбір сегізінші
элемент бірінші элементтің қасиетін қайталай-тыидығын байқаған.
Бұл музыкада сегізінші нотанын. қайталайтындығына ұқсас болған сон Ньюлендс
оны октава заңы деп атаған. Бірнеше октаваларды келтірейік:
H Li Be B C N O
F Na Mg Al Si P S
Cl K Ca Ti Cr Mn Fe
Co (Ni) Cu V Zn In As Se

Ньюлендстін кестесінде кателіктер, қайшылықтар бар,
кей орында екі элементтен (Со, Ni) тұр, Ті, Сг, V, Мn тағы басқалар
өз орындарында емес, жоқ элементтерге орын қалдырылмаған т. б.
Бірақ атомдық масса өскен Сайын химиялық қасиет периодты тұрде
өзгеретіндігін көрсетуі дұрыс пікір.
Сол 1864 жылы неміс ғалымы Лотар Мейер 28 элементтен тұратын кестені
жариялады. Мейердің не негізге алғаны элементтердін атомдық массалары мен
валенттігі.
4-вал. 3-вал. 2-вал 1-вал 1-вал 2-вал
- - - - Li Be
C N O F Na Mg
Si P S Cl K Ca
- As Se Br Rb Sr
Sn Sb Te I Cs Ba
Pb Bi - - Tl -

Мейер бұл элементтердің атомдық массаларының айырымында есептеген
атомдық көлемдердің атомдық массаға периодты түрде байланысты екенін де
көрген, бірақ одан ешбір керекті қорытынды шығаруға батылы бармаған. Мейер
де периодтық заңды қолына ұстап отырып, уысынан шығарып алған.
Менделеевке дейінгі химиялық элементтерді классификация-лаушылардың
барлығы бір топтағы элементтердің арасындағы кейбір ұқсастықты ғана көрген,
ал топтардың да арасында байланыс барлығын, олар барлығы бүтін жүйе
екендігін көре алмаған.
Ең алғаш 1869 жылы, одан кейін 1870 және 1871 жылдары Д. И. Менделеев
периодтық система мен периодтық заңды ашқандығын орыс және шет ел
тілдерінде жариялайды. Бірақ бұған ол кезде шетел ғалымдары көңіл бөлмеген.
Осыдан біраз жылдар өткеннен кейін Д. И. Менделеев ашылуы керек деп
болжап айтқан элементтерінен Ga, Sс, Gе және ииертті газдар ашылып,
периодтық заң үлкен ғылыми табыс екендігін жер жүзі ғалымдары танумен
қабат, кейбір шетелдіктер бұл заңның ашылу приоритетіне қол сұға бастайды.
Периодтық заңды ашу приоритетін француздар — Бегье де ІІІанкуртуаға,
ағылшындар — Ньюлсндске, немістер — Л. Мейерге бермек болды. Бірақ жер
жүзілік химиялық әдебиетте бұл заңды ашқан Д. И. Менделеев деп танылды.
ПЕРИОДТЫҚ ЗАН. ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ СИСТЕМА
Элемент жайындағы түсінік жаратылысты зерттеуді жеңілдетті, шынында да
жаратылыстағы ұшықиыры жоқ толып жатқан жай және күрделі заттардың барлығын
зерттеудің орнына, оларды түзетіп бірнеше ғана химиялық элементтерді,
олардың қасиеттерін, қосылу заңдарын зерттеуге мүмкіндік туды. XIX ғасырдын
бірінші жартысындағы элементтер саны сол ғасырдыц басындағыдан 2 еседен
артты. Енді бұлардың шегі бар ма, жоқ па? Жаратылыста қанша элемент бар?
Элементтін санына жетеміз деу, алхимиктердің философия тасын іздеуі
сияқты болмасын деген күмән ойлар тарай бастады. XIX ғасырдың екінші
жартысында химиядан сабақ беру тәжірибесінде, әсіресе Химия негіздері
деген оқулығын баспаға даярлауда осындай мәселеге Д. И. Менделеев те
көздесті.
Міне, химияны осындай қиын дағдарыстан шығару үшін химиялық
элементтерді тәртіпке келтіретін система, элементтердін касиеттері
бағынатын зан, керек еді.
Д. И. Менделеев элементтер системасын жасауда сол уақытқа дейінгі
химиянын 3 табысына сүйенді; олар химиялық элементтер жайындағы түсінік,
элементтердің оның сол уакыттағы белгілі 63 түрі; 1852 жылы ғана химияға
енген жаңа түсінік — элементтердін, валенттігі; 1860 жылы Карлсруэдегі
химиктер съезінің қорытындысынын бірі — элементтердің атомы және атомдық
масса жайындағы түсінік.
Менделеев элементтерді жүйелеуге негіз етіп, элементтің шешуші қасиеті
масса деп түсініп, массанын, көрсеткіші атомдық массаны алады. Масса —
материяға тән қасиет. Менделеевтің массаны негіз етіп алуы оның ғылыми
ойлау жүйесі материалистік екенін көрсетеді.
Менделеев сол кездегі өзіне белгілі 63 элементті, жеке-жеке қағазға
(карточкаға) олардың таңбасын, атомдық массасын, валенттігін және басқа да
басты қасиеттерін көрсете отырып жазып шығады; бұларды элементтердің
атомдық массасы өсу ретімен вертикаль бойына орналастырғанда, белгілі,
бірақ бірдей емес интервалдарда, элементтердің қасиеттерінің анық қ а й т а
л а й т ы н д ы ғ ы н байқаған.
Менделеев бұдан кейін — вертикаль бір катардағы карточкаларды
интервалдарымен үзіп, 6 қатар етіп параллель орналастырады, бірақ
қасиеттері қайталайтын ұқсас элементтер бір горизонталь бойымен
орналастырылады.
Бұл оңай жұмыс болмады: кейбір элементтердін атомдық массалары күмән
туғызды (Тһ) кейбіреулерін атомдық масса өсуімен емес, қасиетінің
ұқсастығына қарап орналастыруға тура келді (Те мен I), кейбір элементтердің
болуы керек екендігі анықталып, оларға орын тастап кетілді (осы кездегі
галлий, германий, гафний, скандий және т. б.).
Менделеев 1869 жылы ақпанда системасының бірінші вариантын (4-кесте)
ірі ғалымдарға таратып, жариялайды және сол жылы периодтық заңнын,
негізгі тезистерін жазады:
1) элементтерді атомдық массасы өсу ретімен орналастырса,
қасиеттері периодты түрде қайталайтындығы байқалады,
2) атомдық масса элементті сипаттайды, 3) бұрын
белгісіз жаңа элементтердің ашылуын күту керек, 4) элементтік
атомдық массасын оның ұқсас элементтері белгілі болса,
түзетіп дәлірегін табуға болады.
1870 жылы Менделеев Химия негіздерінің бірінші басылуында элементтер
системасының жаңа варнантын береді (5-кесте). Мұнда бірінші варианттағы
кестені 90° бұрған, сонда ондағы вертикаль қатарлар мұнда период болып,
параллель горизонтальдағы элементтер валенттігі бойынша, топ түзеді. Біздің
осы уакытта қолдаиатын кестелеріміз осы екінші варианттын негізінде
жасалған.
Бұл вариантқа сүйеніп Менделеев: 1) 12 элемент тағы ашылу керек деп
болжап, оларға бос орын қалдырды, олар осы күні табылған — скандий, галлий,
германий, технеций, рений, гафний, полоний, астат, франций, радчй, актиний,
протактиний; бұлардан басқа лантаноидтар мен ураннан кейінгі элементтер
табылуы мүмкін деген пікір айтты; 2) 10 элементтік атомдық массаларын 1,5—2
есе түзеп өзгертеді, олар — бериллий, индий, ванадий, торий, уран, лантан,
церий және басқа лантаноидтар; осылардың валенттіктерін де өзгертті; 3) 10
элементтін атомдық массадарын түзетеді; 4) 8 элементті, ол уақытта ұқсас
деп жүрген элементтерден басқа элементтермен ұқсастығын тауып солармен бір
топқа орналастырады.
Осындай жұмыстардың ақтығында 1871 жылы Менделеев периодтық заңның
анықтамасын береді:
Элементтердің, олардың жай және күрделі қосылыстарының, қасиеттері
атомдық, массаға периодтық тәуелділікте болады.
Менделеевтін осы периодтық заңы химиялық элементтерді
классификациялауға негіз болды; осы заңның график түрін периодтық система
деп атаймыз.
ПЕРИОДТЫҚ ЗАН. ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ СИСТЕМА
Периодтық заңда анық көрінген химиялық элементтердін атомдарының
арасындағы байланыс, тәуелділік осы атомдардың бәріне ортақ бір негіз бар
шығар, осы атомдарда бір тсктестік болуы мүмкін деген ой туғызады. Олай
болса атом өзі немене, неден, қалай құралған деген сұраулар туады.
Элементтердің атомдарынын қасиеттері период сайын қайта-лайтындығы, ол
атомдарынын құрылымында да бір ұксастықтардын қайталайтындығын көрсетеді.
Бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық заңын ашу периодтық жүйе
Периодтық заң
Дмитрий Иванович Менделеев
Д.И. Менделеев
Химия пәні мен оның маңызы
Металдардың сипаттамасы
Кванттық теорияны философиялық талдау
Дмитрий Иванович Менделеев
Атомдық физика пәнін электрондық оқыту
Қазіргі жаратылыстану туралы жалпы көзқарастар. Дәрістер
Пәндер