Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Бірінші дүннежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі түста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасы- ның дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік элеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жагынан нашар қамтамасыз етілген еді. Согыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының қүлды- рауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол қүнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Согыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі үлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63, 5%-ға, жазғы бидай - 8, 4%-ға, тары
- 22, 1%-ға, картоп - 46, 3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433, 8 мың десятинадан 1115, 0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс жэне батыс об- лыстары бойынша дэнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін эр десятинадан алынатын 38, 7 пұттап 29, 8 пұтка дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының си- патты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бүл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің жэне түқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Erie көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жүмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналы- сып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мүндай көріністер байқалып түрды.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да қүлдырауына әкеліп соқты. Оған сан жэне сапа жағынан үлкен зардап келтірді. ¥сақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі түратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Мәселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310, 3 мың болса, ал 1916 жылы 160, 2 мың болып, үлес салмағы жөнінен 48, 5%-ға кеміп кетті. Маңғыстау уезінде, Сырдария мен Жетісу облыстарында да осындай көріністер байқалды. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. 1913-1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764, 4 мың десятина жайылымдық алқаптың жылқы - ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартылып алынды жэне жалға алуға даярланды.
Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп түратын реквизиция да эсер етті. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300 мың пүт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе әкетілді. 1914 жылдың ішінде Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы мен мал өнімдері тасылып әкетілді. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялау жэне жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері эсер етті. Жылқы малы, әсіресе солтүстік облыстарда азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық- түлік даярлау, мал жэне ет өнімдері бағасының өсуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты бүл кезеңде өлкеде анағүрлым арзан ет беретін сала - шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жүмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен жэне Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Бүл кеніштерден 1914 жылы - 246 пүт, ал 1916 жылы - 1551 пүт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6, 3 есе үлғайды. Салықтардың жоғарылығынан, қатынас жолдарының қашықтығынан, қүрал- жабдықтардың жетіспеуі салдарынан жэне басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды. Түсті металдарға деген қажеттіліктердің артуы жэне олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе, Риддер жэне Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды. Түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 25, 3 есе өсе түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын, негізінен “Спасск мыс рудалары” акционерлік қоғамы мен “Атбасар мыс кендері” акционерлік қоғамы өндірді. Бірақа, мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Жер қойнауын жыртқыштықпен пайдалану “Спасск мыс кені” акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (қүрамындағы мыс 25%) алып қоюына әкеп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыту фабрикасы салынды. Ол революцияға дейін қүрамында 25-30% мыс бар 128 мың пүт шикізат өндірді.
Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Соғыс жылдарында Екібастүз кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастүз қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеше кеме қатынасын, Оралдағы Боголовск жэне Қышым зауыттарын көмірмен жабдықтап отырды.
Өңдеуші өнеркәсіп соғыс мүқтаждығына ет-сүт өнімдерін, былғары тауарлар жэне басқа да түтыну заттарын беріп отырды. Әсіресе, былғары тауарларын өндіру өсті, бүл кезеңде өлкеде 139 былғары кәсіпорны жүмыс істеді. Олар негізінен Семей жэне Ақмола облыстарында орналасты жэне бүкіл ауыл шаруашылық өнімінің 64, 3% -ын өңдеді. Шынына келгенде, былғары, тері жэне ішек-қарын өндірісінің майдагерлік кәсіпорындары одан эрі үқсату үшін Ресейдің ірі өнеркәсіп орталықтары - Пермь, Вятка, Рига қалаларына өнім жеткізіп берді. Согыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары аяқ киімге жэне тері тондарға сүраным ерекше өсті. Согыс жылдарында жүн өніміне сүраныс үлғайып, өлкеде шүға өндіретін түңғыш Қарғалы фабрикасы эскери тапсырыс орындап, шинельге арнап шүға дайындай бастады, сол сияқты соғыс сүранымына ет өнімін дайындауда Петропавлда ет-консерві комбинаты ашылса, Оралда мал соятын арнайы орын ашылды. Өлкеге дайын өнім, киім-кешек пен аяқ киім әкелудің қысқаруына байланысты соғыс жылдарында осы қажетті бүйымдарды тігетін шеберлердің саны көбейді. Мэселен, 1916 жылы Верный қаласында 140 адам жүмыс істеген ірі шеберхана болды.
Өнеркэсіп орындарындағы жүмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Кәсіпорындарда жас балалардың, жасөспірімдердің, эйелдер мен соғыс түтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Жүмысшылар тэулігіне 10-12 сағат, ал кейде 16 сағаттан жүмыс істеді. Жүмысшылардың нақты жалақысы үнемі төмендей берді. Мәселен, Спасск зауытында 1914 жылы күндік жүмыс үшін - 1 сом 04 тиын, 1915 жылы - 94 тиын төленді. Мүндай жағдай өнеркәсіп орындарында барлығында дерлік болып жатты.
Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастүз шахталарында, Орынбор, Ташкент жэне Транссібір теміржолдары жүмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Тіпті, соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көтеруінің бірі “әйелдер бүлігі” дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсылық деп қарады.
Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Мәселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбүлақ селосында 30 адам болатын солдат әйелдерінің то- быры көпестер - Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады. Халық бүқарасының мүндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жүмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті. Нәтижесінде бүл жағдайлар қазақтардың үлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады.
1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір түрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жүмысына алу туралы жарлығы шығады. Бүл жарлық 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп үзамай қарулы көтеріліске үласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жүмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары жэне патша экімшілігінің басқа да төменгі билік иелері үшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақор- лық пен бұ р м а л ay 111 ы л ы к к а жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село жэне ауыл басқарушыларын, байырғы түрғындардан шыққан төменгі шендіполнцейлерді, нмамдарды, молдалар мен мүдәристерді, үсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді, жоғары жэне орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян жэне қүрметті азамат қүқықтарын пайдала- натын адамдарды әскерге алудан босатты.
Стихиялы қозғалыс бірте-бірте үйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске үласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бүл көтерілістің басты мақсаты үлттық жэне саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бүрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші үлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жүмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
Сонымен бірге көтерілістің үлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде бай- лар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.
Қазақстанның эртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте үйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (бас- шылары: Бекболат Әшекеев, ¥зақ Саурықов, Жэмеңке Мэмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай жэне Мүқан ¥зақбаевтар жэне т. б. ) жэне Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин жэне басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске үласуы жэне 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі жэне жеңіліс та- буы деген кезеңге белуге болады.
М. Тынышбаевтың мэліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жүмысшыларды шақыру туралы телеграм- малар одан бүрын, 2 жэне 3 шілдеде келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс жэне оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанүлы жэне басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы үлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды үйғарды. Нэтижесінде 17 өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мүнда ірі эскери күштер алып келді. Әскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ жэне қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар қүрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Қүрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында жэне басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстар болады.
Осындай жағдайда Верный уезінде Б. Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде эртүрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жүмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б. Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бүл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей Б. Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы үлт- азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б. Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың эскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады.
Сотсыз жэне тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жүмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы түрғындарының төрттен бірі Қытайға қашуға мэжбүр болды.
Дэл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бүл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ жэне арғын рулары шоғырланған 13 болыстан түратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққүм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстары, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаюы барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса, Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс най- ман) өкілдерінің қүрылтайында халық арасындагы атақты Нияз бндің ұрпагы Әбдіғаппар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. Қүрылтайга қатысушылардың келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады. Орталық Ресейден келген жэне көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде туып-өскен Әлібн Жангелднн көтерілісшілердің “руханн көсемі” болды. Ондаған мың үйымдаспаган көтерілісшілерден Ә. Жанбосынов, А. Иманов жэне олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тэртіпті жасақ қүрды. Әрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Сардарбек жанында әскери кеңес жүмыс істеді.
22 қазанда А. Иманов бастаган 15 мың қол Торгай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А. Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалага қарай үш багытта бет алды. 16 қарашада А. Иманов бастаган 12 мың адамга жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды. Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торгайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына шогырланады. Осы жерден 1916 жылгы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылгы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларга қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшыганақта, Догал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылгы ақпанның екінші жартысына, ягни ақпан революциясына дейін созылды.
Қазақ халқының 1916 жылгы үлт-азаттық көтерілісі Торгайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. Семей жэне Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торгай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет жэне басқаларды әкеп төкті. Осыган қарамастан, Торгай облысында көтеріліс патша үкіметі қүлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдық- байшыл билеуші тобы мен жергілікті экімшіліктің белгілі бөлігі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды ба- тыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқүлов, Ә. Жангелдин, С. Меңдешев, Б. Алманов, Ә. Жүнісов т. б. ) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты.
Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә. Бөкейханов, А. Байтүрсынов, М. Дулатов сияқты либерал-демократиялық зия- лылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске үшырауы мүмкін деп санады жэне осыған байланы- сты үлкен алаңдаушылық білдірді. Осынау алмағайып кезеңде «Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бүдан сырт қалуға болмайды, - деп есептеді. Екіншіден, іс жүзінде қарусыз қазақтардың түрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды. Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының қүрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, үлттық автономия қүрылатынына үміт артты. Империямен ақылға қонымды келісім тактикасын үстанып, халқының аман болуын бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жүмыстарына шақыруды кейінге қалдыра түрып, тиісті эзірлік жүмыстарын жүргізуді үсынды. Көтеріліс барысында орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бүлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.
Жеке-жеке бүрқ еткен толқулар көп үзамай қарудың күшімен жанышталып, жүмысшыларды реквизициялаумен майданға жөнелту басталды. Сол кезде “Қазақ” газетінің редакциясы тыл жүмыстарына жөнелтілген қазақтардың мүқтаждықтарына қыз- мет көрсетуді үйғарды жэне осы мақсатпен барлық қазақ зиялыларына реквизицияланғандар жүмыс істейтін майдандарға өз еркімен барып, оларда бұратаналар бөлімін кұруға шақырды. Зиялылар (көпшілік бөлігі мүгалімдер) бұған үн қосты жэне көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бүратаналар бөлімі қүрылды.
Қазақ зиялылары майдан тылында еңбек еткен қазақ жігіттерінің сөзін сөйлеп, мүңын жоқтады. Ә. Бөкейханов, М. Дулатов т. б. бастаған қазақ зиялылары Минскіде, тағы басқа тыл жүмысына шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді мекендер- де болып, оларға қолдан келген көмектерінің бэрін көрсетті. Олар шақырылғандардың қүқықтарын қорғау жэне олардың майдан өңірі аудандарындағы түруы мен жүмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жасады. Ал мүның өзі кеңес заманында көп жылдар бойы айтылып та, жазылып та келген Алашорда 1916 жылгы көтеріліс кезінде үлттық мүддеге сатқындық жасады деген пікірдің сыңаржақ түжырым екендігін көрсетеді. Алаш көсемдері көтерілісшілерге де, майданның қара жүмысына шақырылгандарга да ешқандай сатқындық жасаган жоқ.
1916 жылгы үлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан гасырлық қозгалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік согыс жагдайларында көтерілістің жалпы жүрт таныган басшыла- ры Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ж. Мәмбетов, ¥. Саурықов, Б. Әшекеев, О. Шолақов, А. Жүнісов, С. Қанаев көтерілісшілердің саяси көсемдері Т. Бокин, Т. Рысқүлов, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин, БАлманов жэне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нүрмүхамедов, Кенесары Қасымов жэне басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындагы күреске халықты көтерді. К. Қасымов басшылық еткен үлт-азаттық қозгалыстан кейін 1916 жылгы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын эртүрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алган көтеріліс болды. 1916 жылгы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде жэне оңтүстік- шыгысында) оган қазақтармен қатар қыргыз, үйгыр, өзбек жэне басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz