1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. тарау. 1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс ... ... ... ... ... .4
1.1. 1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Еуропа елдері мен Ақш.тың дағдарыстан шығу жолдары ... ... ... ... ... ... ..8
II. Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік салдарлары ... ... ... ... ... .10 2.1.Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Германиядағы экономикалық дағдарыс. Нацистер үкімет басында ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
1929-1933 жж арасында болған терең экономикалық дағдарыстың бүкіл
әлемді қамтуы. Дағдарыстың шығу себебі, және әртүрлі елдер арасындағы дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру курстық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Тақырыпты зерттеудегі басты мақсат экономикалық дағдарыстың мәні мен маңызын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері.
Курстық жұмыста төмендегідей міндеттер қойылды:
-1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктерін атап өту.
-Еуропа елдері мен Ақш-тың дағдарыстан шығу жолдарын баяндау
-Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік салдарларын қарастыру.
-Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ-ты баяндау.
-Германиядағы экономикалық дағдарыс. Нацистер үкімет басына келуі туралы кең түсініктеме беру.
-Экономикалық дағдарыстың тарихтағы мәні мен маңызын түсіндіру.
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері:
Курстық жұмыста 1929-1933 жылар аралығындағы экономикалық дағдарыс қамтылған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Мәшімбаев Қазіргі кездегі дүние жүзі тарихы Алматы 2005 ж.
2.Совет энциклопндиясы 1979 ж Москва Высшая школа.
3.Қазақстан тарихы . Оқу - әдістемелік журнал. 2003 ж (11 номер) Алматы.
4.Қазақстан тарихы . Оқу - әдістемелік журнал. 2003 ж (18 номер) Алматы.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. тарау. 1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс ... ... ... ... ... .4
1.1. 1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Еуропа елдері мен Ақш-тың дағдарыстан шығу
жолдары ... ... ... ... ... ... ..8
II. Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік
салдарлары ... ... ... ... ... .10 2.1.Экономикалық дағдарыс жылдарындағы
АҚШ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Германиядағы экономикалық дағдарыс. Нацистер үкімет басында ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер

.32
Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
1929-1933 жж арасында болған терең экономикалық дағдарыстың бүкіл
әлемді қамтуы. Дағдарыстың шығу себебі, және әртүрлі елдер арасындағы
дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру курстық жұмыстың негізгі өзекті
мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Тақырыпты зерттеудегі басты мақсат экономикалық дағдарыстың мәні мен
маңызын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері.
Курстық жұмыста төмендегідей міндеттер қойылды:
-1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктерін атап
өту.
-Еуропа елдері мен Ақш-тың дағдарыстан шығу жолдарын баяндау
-Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік салдарларын қарастыру.
-Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ-ты баяндау.
-Германиядағы экономикалық дағдарыс. Нацистер үкімет басына келуі туралы
кең түсініктеме беру.
-Экономикалық дағдарыстың тарихтағы мәні мен маңызын түсіндіру.
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері:
Курстық жұмыста 1929-1933 жылар аралығындағы экономикалық дағдарыс
қамтылған.
I. тарау. 1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс.

ерекшеліктері.
Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында миллиондаған
акциялардьщ бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты
үрейден басталды. Бұл бағалы кағаздар рыногінің апатқа ұшырауы еді.
Акциялармен биржалық алып-сатушылық және олардың курсын 1928—1929 жж.
экономикалық серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға
алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық
дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.
Экономикалық циклдің міндетті кезеңі больш табылатын экономикалық
дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы
тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі
ұсыныс оларға деген төлем кабілеті — сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып
калмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді,
өндірісті азайтады, жұмысшыларды кысқартады, капитал салымын кемітеді.
Өндірісті рыноктің тарылған көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан
автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған
экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933 жж.
экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің "істемей қалуы" көп
жағдайда капиталистік шаруашылықтың кұрылымының өзгерістерімен байланысты
болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шо-ғырлануы ірі
бірлестіктерге олардың өндіріске монополияларына байланысты бағаны
төмендетпей, бір мезгілде өндірісті кыскартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың
аса ұзаққа созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде
шығудың дәстүрлі рыноктік механизмінің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол
себепті мемлекеттік реттеу механизмімен толыктырылуы тиіс екендігін
көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген
колдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды киындатты.
XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай
өндірісті камтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АКШ-та жана
дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін
жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929—1933 жж. дағдарыста дәл осы
өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік
көрініс тапты.
Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай
жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен
көтерілістер каупін төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса манызды ерекшелігі циклдік
дагдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30-
жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 10—15 жылда бір рет келетін
кұрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев 20-жж. өзінде-
ақ экономикалық дамудағы "үлкен циклдер", немесе "ұзын толқындар" теориясын
тұжырымдаған болатын. XX ғ. аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері
экономикадағы "ұзын толқындар" теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.
Экономикада "ұзын толқындар" деп ұзактығы шамамен алғанда 48—55 жылға
созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын-оқтын ауытқып тұруын айтады.
Мұндай жарты ғасырлық аралық келетін кезеңдерде ин-дустриялық коғамның
техникалық және технологиялық негізі жаңарып, бұл кұбылыс капиталистік
өркениеттің басты-басты әкономикалық аймактарының шаруашылықтарының барлық
салаларын камтиды. Мұндай циклдер XVIII ғ. 80-ж. соңы мен 90-шы жж. басынан
басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт "ұзын толқындарды"
бастарынан өткізді, олардың әркайсысының бірінші жартысында конъюнктураны
арттыратын кезеңі болса, сонынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және
төмендететін кезеңдердің түйіскен жерінің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің
көп бөлігі (соғыстар, революциялар, аса ірі әлеуметтік-саяси қақтығыстар)
келеді. Бұл үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780 ж.
соңы — 1840 ж.; 1840 ж. соңы -1890 ж.; 1890 ж. соңы — 1940 ж. басы; 1940 ж.
басы — 1982—1985 жж. Сөйтіп, XX ғ. екі толық "ұзын толқындар" орын алды, ал
1980 жж. басталған бесінші "ұзын толқындар" немесе кезең XXI ғ.
аяқталмақшы.
1914—1945 жж. аралық кезең конъюнктураның төмендеу кезеңін қамтиды. Бұл
уакыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс,* 30-жж. дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалық елдердегі революциялар, Еуропадағы
тоталитарлық және авторитарлық режимдердің орнауы секілді окиғалар орын
алды. Бұл кезеңді дүниежүзі тарихында ең ірі омырылу, либералдық
демократияның терең дағдарысы және еуропалық өркениеттің өзін-өзі жойып
жіберу қаупі деп карастырған жөн.
Соғыс-аралық онжылдықтар мен екі дүниежүзілік соғыстың күйзелістерінен
шығу жолдарының киындығы мен қарама-қайшылықтығы, міне, осында болды.
Кейнсшілдік. Экономистер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі
арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. Әр түрлі
көзқарастар тоқырасты (әлеуметтік рыноктік шаруашылыктың либералдық
теорияларынан шаруашылықты бір орталықтан жоспарлау мен бөлудің
тоталитарлық және социалистік теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ең
үлкен табыс ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің
теориясының негізін "Жұмыспен камту, пайыз және ақша теориясы" (1936)
кітабында баяндады.
Кейнсшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің әкономикалық
стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа
өндіруішлік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның
мүмкіншіліктерінің шектелгендігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс
үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігін сай келуі
керек. Халыктың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен "тер сығып
алу" жағдайында, яғни сатып алушылық кабілетін төмендету жолымен
тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мүмкін емес еді. Бұл
тұйықтан шығудың бір-ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен (Кейнсше
"тиімді сұраныс") еңбекшілердің са-тып алушылық қабілетін арттыру немесе
корлардың артығын коғамдық тұтынуға, коғамдық жұмыстар шығындары аясына,
қызметтерге, апарту ісіне (мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді.
Екінші нұсқа ми-литарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты
мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен арттыруды ұсынды. Мұндай бағытты
тіпті мемлекет қарыздарын ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады. Бұл
өндірістің кұлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір
мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардың пайдасына қайта
бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын кұруға
мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен
қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.
Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы
шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарды азайту немесе арттыру,
экономикалық конъюнктураға байланысты салықтар мен банк пайыздарын кеміту
немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу (макрореттеу)
механизмін жасады. Дағдарыс жағдайында "сұранысты кампиту", яғни өндірісті
ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығын-дарды арттыру, салық пен банк
пайызын азайту, ал экономиканың "кызып кеткен" және инфляция жағдайында
шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды.
Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары "тоқта-жүре бер" ұстанымы деген ат алды.
1.2. Еуропа елдері мен Ақш-тың дағдарыстан шығу жолдары.
Мемлекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық
дағдарыс пен әлеуметтік күйзелестерден шығу жолдарына байланысты мәселелер
шумағымен коса өрілген болатын.
Сайып келгенде, барлық пікірталастырдың ұшы ең басты мәселеге —
мемлекет пен азаматтық коғамның, мемлекеттік және жеке меншіктердің,
мемлекеттік реттеу мен рыноктың рөліне келіп тірелді. Тіпті дарашылдық пен
дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ коғамының
өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясат-керлер мен
экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада
өткен ғасырдың соңында-ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу
мен экономикаға араласудың маңызды рөл аткаратынды-ғын дәлелдеген болатын.
Бұл мәселе сол кездің басты идеялық-саяси кайшылығы — мемлекет пен
тұлға, мемлекет пен азаматтық коғам арасындағы қатынастар турасында
принциптік түрде карама-қарсы түсініктерді ұстанған тоталитаризм мен
либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл
өмірлік маңызы бар мәселерден алыс жай ғана теориялық пікірталас емес еді.
Бұл XX г. саяси тарихының арқауын құрайтын тоталитаризм мен демократия
арасындағы күрестің мазмұны болды.
Тоталитарлық режимдердің ерекшеліктері.
Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі
түрі өмір сүрді: коғамдық дамудың авторитарлық-тоталитарлық үлгісі мен
либералдық-демократиялық үлгісі.
Тоталитарлық үлгідегі толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен
Италияда, кейінірек Германияда (нацизм түрінде) және Испания мен
Португалияда (ибериялық нұска; орнатылған фашистік режимдер болды.
Тоталитарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және
экономикалық дағдарыстардан шығу, милитарландыру және соғысқа дайындалу,
индустриаландыруды тездету, алдын-ала ойластырған идеология-лық құрылымға
сәйкес коғам мен одақтарды өзгерту үшін кұрылды. "Тоталитарлық" ұғымы 20—30
жж. КСРО-да қалыптасқан әкімгершілдік-әміршілдік жүйе мен сталиндік
диктатураға да тура келеді.
Тоталитарлық жүйелерге азаматтық коғамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ
асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің "Фашизм туралы ілім" деген
кітабында былай деп жазды: "Фашизм ең жоғары нәрсе мемлекет. Оның алдында
жеке адамдар мен топтар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек
мемлекеттің ғана пікірі шешуші рөл аткарады". Тота-литаризм —
либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым
бостандығының қас жауы.
Тоталитаризм мемлекеттік реттеудің коғамдық өмір мен жеке адамдардың іс-
әрекеттерттерінің барлық салалары.
1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшері 16,5 млрд доллардан 27
млрд долларға өсті. Американ капиталы Латын Америкасы елдеріне көптеп
шағарылды. Бұл АҚШ монополистеріне шексіз пайда әкелді. Экономикалық
экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейтті.
АҚШ үкіметі Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсіретіп, Вашингтон
конференциясынан кейін Қытайда өз беделін көтеруге қол жеткізді. Б9л саясат
Қытайда 1924-1925 жылдарда халық кетерілісінің басталуына әкеліп соқты. 20-
жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерінде беделі нығая түсті. Оған 1924 жылғы Дауэс
жоспарының Германияның экономикалық дамуына күшейтуі әсер етті. Германияға
АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша көмегі берілді. Еуропада Германия арқылы
АҚШ=тың гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзінің антисоветтік
саясатын жалғастыра берді.
II. Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтәк салдарлары.
2.1.Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ.
1929 жылы АҚШ-та эқономикалық дағдарыс басталады. Біршші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды?
Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ
экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтеміз.
Экономикалық дағдарыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк
қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20-
жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз
ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87
млрд долларға жетті.
1929 жылы қазан айының 24-і күні қор биржасында 12,4 млн акция сатылса,
бес күннен кейін 16,4 млн акция сатылды. Қағаз ақша құны құнсызданып, акция
иелері 32 млрд доллар жоғалтты. Сөйтіп, 1933 жылы Нью-Йорк қор биржасында
19 млрд доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа
ұшырауына әсер етті. Сөйтіп, дүниежүзілік капитализм дағдарысы басталды.
Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсіп өнімдерін
шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16%
төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.
Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті.
Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн
адамға жетгі. Жүмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі
қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысьг 60% -ға қысқарды,
АҚШ-тың ауыл шаруашьшық саласы дағдарыс жылдарында көп зардап шекті.
Ауыл шаруашылық өнімдері артық шығарылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық
тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын
күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды.
1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті.
Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықгар өздерінің
банкке салған жинақтарынан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Экономикалық
дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигізді. Ең бай
елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмітін үзе
бастады. Американың гүлдену дәуіріне сенімсіздік күшейді. Индивидуализм
идеясына байланысты әрбір американ азаматы өз күшіне сену керек екеніне
көздері жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтік жағынан қорғаудан бас
тартты. Әлеуметтік қайшылықтың тереңдеуі, бұқара халықтың күреске шығуына
әкелді. 1930 жылы 183 мың жұмысшы ереуілге шықты. 1932 жылы Вашингтон
қаласында 25 мың соғыс ардагерлері жиналып, өздерінің тұрмыс жағдайларын
жақсартуын үкіметтен талап етті. Мұндай қозғалысқа фермерлер де белсене
қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында Батыс штаттағы фермерлер
қозғалысы бірнеше айға созылды. Халықтың бұқаралық қозғалысы барлық
әлеуметтік топтарды қамтыды. Үкімет бұларға қарсы полицейлік күштерді
жіберіп, басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды.
АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайьшдық
басталды. Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел
алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі
экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап
республикалық партияның беделі түсе берді.
Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы халық
арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы
республикалық партияның саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық
партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты
ұсынды. (Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының
губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасын ұсынды.
Ф.Рузвельт сайлау алдында өзінің жаңа экономикалық
реформасын ұсынды. Реформаның Ф.Рузвельт сайлау----- алдыңда - өзінің
жана экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның негізгі бағыты милиондаған
кедейленғен халықтың мүддесін қорғау деп түсіндірді. Реформаның жаңа бағыты
тарихта жаңа бағыт деп аталды. Ф.Рузвельттің жаңа бағытын американ қоғамы
онша түсіне алған жоқ. Сондықтан бірден саяси қайраткерге айнала
алмады. Бірақ та сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысының
барысында, экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттік тұрғыдан
реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік реттеу — экономиканы дағдарыстан
шыгарудың бірден-бір жолы екенін сайлаушылар да түсініп, Ф.Рузвельттің
саяси беделі өсе бастады. Сайлаушылар алдыңда сөйлеген сөзінде
Ф.Рузвельт елдегі азаматтық қүқықтың сақталуын, оған мемлекеттік
жауапкершілікті күшейтуі керектігін
айтып отырды. 1932 жылы қыркүйек айының 23-і күні Сан-Франциско
қаласында сөйлеген сөзівде экономикалық жоспарлау
идеясын ұсынды. XX ғасырда американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына
өзгерістер енгізудің қажеттілігін айтты. Әрбір адам өмір сүруге құқықты,
сондықтан үкімет әрбір адамға еңбек етуге, еңбегінің нәтижесін көре білуге
көмектесуі керек, қоғам байлығы халық үшін қызмет жасауы қажет — деді.
Америка мемлекеті халықтың әлеуметгік мақсаты үшін жұмыс атқаруы керек,
әрбір адамды қорғау үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет
екенін айтып отырды. Жаңа бағыт саясатының негізгі мәні - халықты
әлеуметтік қорғау саласындағы реформа
жүргізу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерінде әр уақытта
ескертіп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарламасы халық
алдында сенімсіздік тудырып, демократиялық партияның өкілі Ф.Рузвельттің
беделі өсті. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргізуді талап етті.
1932 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлау
қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф.Рузвельтті қолдап 22,8 млн
сайлаушылар дауыс берді, республикалық партия өкілі Гуверге 15,8 млн
сайлаушылар дауыс берді. Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия АҚШ
конгресінің екі палатасында да көпшілік орын алды. 1933 жылы наурыз айының
4-і күні Ф.Рузвельт президенттік қызметіне кірісті.
Франклин Делано Рузвельт 1881 ж. Нью-Йорк штатында дүниеге келген. ХҮІІ
ғасырда Голландиядан келген Рузвельттер тұқымы Америкада орнығып, екі
бұтақка бөлініп, дамыды. Олардың бір бұтағынан 1901-1909 жж. АҚШ президенті
Т.Рузвельт, екіншісінен 1932-1945 жж. президент Ф.Рузвельт шықты. Франклин
таңдаулы ақылы мектепте оқыды, Гарвард жоне Колумбия университеттерін
заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ол неміс және француз тілдерінде
еркін сөйлейтін. 1910 жылдан бастап сенатор, 1913 ж. министрдің орынбасары
болды. 1921 ж. аурудан аяғы сал болып қалғанына карамастан, саяси кызметтен
бас тартқан жоқ. 1928 ж. ол Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланды
да, дағдарыс кезінде күйзелген халықка мемлекеттік көмек беру жүйесін құрды
1.
Франклин Делано Рузвельт
Рузвельттің жаңа бағыт саясаты.
1933 ж. мамыр айында ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң шықты. Бұл заң
ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс пен ұсынысты деңгейлестіру мақсатын
көздеді. Фермерлерге мемлекет қарыз берді, қарыз төлемдеріне бірқатар
жеңілдіктер белгіленді. Ал фермерлер егіс көлемі мен мал басын қысқартуға
тиісті болды, қысқарған жер мен малдың қүнын мемлекет төледі, бұл ауыл
шаруашылығы өнімінің бағасын тұрактандыруға мүмкіншілік берді. 1933 ж.
маусым айында Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң қабылданды.
Барлық кәсіпкерлік бірлестіктер "адал бәсеке кодексін" жасауға тиісті
болды. Бұл қүжаттарда өндірілетін өнімнің мөлшері мен бағаның ең төмеңгі
дәрежесі белгіленді. Кодекстерді президент бекіткен соң, күшіне енеді.
Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтитын 750 кодекс жасалынды. Ұлттық
өнеркэсіпті қалыпына келтіру туралы заң кәсіподақтарға ұжымдық шарт жасау
қүқығын берді.
1935 ж. конгресс Вагнер заңын қабылдады (заңды ұсынушы сенатордың атымен
аталды). Заң бойынша, жұмысшылар барлық салаларда кәсіподактарға кіру,
кәсіп керлермен ұжымдық шарт жасау, ереуілдер ұйымдастыру құқығына ие
болды.
Жұмысшы ұйымдарының іс-әрекетіне кәсіпкерлердің араласуына, жұмысшыларды
кәсіподақтарға кіргені үшін қудалауға, ұжымдық шарт жасаудан кәсіпорын
иелерінің бас тартуына тыйым салынды. Бұл заң еңбек катынастарын реттеудегі
ең алдыңғы қатарлы заң болды.
1935 ж. АҚШ тарихында бірінші рет еңбекшілерді әлеуметтік жағынан
қамтамасыз ету туралы заң шықты: қарттарға зейнетақы, жұмыссыздарға
жәрдемақы төленетін болды, жетімдер мен мүгедектерге жәрдем беру жүйесі
жасалды. 1938 ж. еңбектің, әділетті шарттары туралы заң кабылданды. Заң
өндірісте балалар еңбегін пайдалануға тыйым салды, жалақының ең төменгі
мөлшері мен жұмыс аптасының ұзақтық мөлшері белгіленді.
Ауыл шаруашылығындағы кедей топтарға көмектесу үшін фермерлік
шаруашылықтарды қорғау әкімшілігі деп аталған мекеме құрылды. Бұл мекеме
арендаторларға фермалар сатып алу үшін қарыз берді. Ұсақ фермерлер мен
кедей топтардың кооперативтер құруына қажетті қаржы бөліп отырды.
Ф.Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
шешуде мемлекеттің рөлін көтерді. Алайда бұл демократияны шектеген жоқ, оны
кеңейте түсті. Азаматтардың құқықтары кеңейтілді: бар-лық американдар
әлеуметтік жағынан қорғалу құқығына ие болды; кәсіподақтар мен жұмысшылар
ұжымдық шарттар жасау және ереуілге шығу кұқығын алды; фермерлер
мемлекеттен көмек сұрау қүқығына ие болды. Демек, АҚШ-та мемлекеттің
рөлінің күшеюі демократиялық негізде іске асты. Реформалар "игілік
мемлекетінің" іргетасын қалады.
Сыртқы саясат. Ф.Рузвельт елдің сыртқы саясаттық бағдарларына да өзгерістер
енгізді. АҚШ ұзақ уақыт Кеңес Одағын мойындамай келген еді. 1933 ж.
қарашада АҚШ пен КСРО арасында дипломатиялық қатынас орнату туралы
келісімге қол қойылды.
Латын Америкасы елдеріне байланысты саясат та жаңартылды: 1933 ж. "тату
көрші" саясаты жарияланды. Ф.Рузвельт Гаитиден американ әскерлерін қайтарып
алды. Латын Америкасы елдерімен оларға тиімді сауда келісімдері жасалды.
30-жылдарда фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясат жүргізуі және соғыс
қаупінің күшеюіне байланысты Еуропаға қатысты саясатқа ерекше назар
аудырылды. Ф.Рузвельт пен оның пікірлестері Батыс Еуропаның демо-кратиялық
мемлекеттерімен, соның ішінде Англиямен жақындасу кажет деген ойда болды.
Алайда саясаткерлердің басым көпшілігі бұрыннан келе жатқан оқшаулану
саясатын жалғастыру кажет деп шешті. Оқшаулану саясаты бойынша, АҚПІ
Еуропадағы әскери-саяси одақтарға кірмеуге, еуропалық соғыстарға қатыспауға
тиісті болатын. 1935 ж. конгресс бейтараптылық туралы заң кабылдады. Заң
әлемде қарулы қақгығыс туған жағдайда соғысушы елдерге қару-жарақ сатуға
тыйым салды. Екінші дүние-жүзілік соғыс басталған соң ғана Ф.Рузвельт
әкімшілігі бейтараптылық туралы завңы жоюға және Англия мен Францияға
әскери жабдықтар беруге мүмкіншілік алды. 1941 ж. 11 наурызда ленд-лиз
туралы заң кабылданды. Бұл заң фашистік басқыншылыққа карсы күрес жүргізіп
жатқан елдерге қару-жарақ пен құрал-жабдықтарды жалға беруге рұқсат берді.
Кейіннен Кеңес Одағы да ленд-лиз бойынша көмек алды.
1933 жылы наурыз айының 9-ы күні Рузвельт үкіметі АҚШ парламентінің
арнаулы сессиясын шақырып, жаңа бағыт саясатын жүзеге асыру үшін жаңа
заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының бірінші кезеңі 1933-1934 жылдарда
жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты АҚЩ-тың қаржы-
экономикалық дамуында корпоративтік құрылымын нығайту болды. Капитализмнің
әлеуметтік негізіне өзгерістер жасау арқылы, либералдық реформалар жасауға
кірісті. Жаңа бағыт саясатының алғашқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz