Тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы
ӨЗІҢ ЖАСАП АЛ
Тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал
Астана-2010
«Өзің жасап ал» тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал. - Астана, 2010. - 164 бет
Авторлар: Д. Р. Столберг, Э. Р. Дэниэлс
Алғашқы баяндама жазған: П. А. Коглин
Аударғандар: Д. Қ. Айтжанова, Т. М. Динжанова, Г. М. Мышбаева.
Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған «Step by Step» бағдарламасының әдістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан математика және дүниетану сабақтарына қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2010
Мазмұны
КІРІСПЕ
Өз қолдарыңызбен жасалған бұйымдардың құндылығы
Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған «Step by Step» бағдарламасының әдістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан математика және дүниетану сабақтарына қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған. Барлық берілген сабақтар мен материалдар «Step by Step» бағдарламасының: оқытуды жекешелендіру, балаларға таңдау еркіндігін беру және баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіне ата-аналарды тарту сияқты негізгі талаптарына сай келеді.
Бұл бағдарлама енгізілген елдердің бәрінде бірдей топтарды қажетті дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз ете алмау қиындығы осындай құралды құрастыру қажеттігін туғызды. Балабақшалар мен мектептердің барлығының бірдей қымбат материалдар сатып алуға мүмкіндіктері болмайды. Бар материалдардың өзі де балаларға математика мен жаратылыстану ғылымдарынан нақты, шынайы тәжірибе бере алмайды.
Тіпті топта алуан түрлі материал болғанның өзінде, тәрбиешіге өзіндік кәсіби жинағы болғанның артықтығы жоқ. Жақсы оқу материалдары - жемісті оқудың кепілі, сондықтан, материалдардың балалар еркін тәжірибе жасап үйрену үшін жеткілікті болғаны жөн. Тәрбиешінің қолымен жасалған материалдар баланың жеке қызығушылығын оятады және сол даму кезеңіндегі талап-тілегін қанағаттандыра алады.
Аталған құралда берілген материалдар мен сабақтар белсенді оқытуды қамтамасыз ете алады. Олардың көпшілігі сатылмайды, сатылуы мүмкін де емес, өйткені, олар арнаулы педагогикалық міндетті шешу мақсатында жетілдірілген немесе жеке баланың дәл осы уақыттағы дамуын есепке ала отырып жасалған. Осы басылымға арнап бейімделген көпшілікке белгілі материалдар мен сабақтар да берілген. Бұлардың барлығын қолда бар, арзан материалдардан өз қолдарыңызбен жасауға болады. Әрбір сипатталған сабақты үйде жалғастырып оқыту мүмкіндігі көзделген.
Сатылатын оқу құралдарының барлығы бірдей қоғамда кездесетін ерекшеліктерді бейнелей алмайды, «көпшілікке ұқсамайтындарды» қоғамға қосу және төзімділік принциптеріне сәйкес келе бермейді. Қолдан жасалған материалдар, керісінше, балаларға айналамыздағы әртүрлі ұлттарды, жас ерекшеліктерін, жынысын, кәсібін, ауытқушылықтарды көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаны қорғау қажеттігі қалдық материалдардан құралдарды жасаудың негізгі себептерінің бірі, өйткені, қалдық шикізаттарды пайдалану тасталатын қоқысты азайтуға, соған сәйкес планетамыздағы шектеулі табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік береді. Балалар әртүрлі қалдық материалдарды іске асыруды және табиғатқа ұқыпты, үнемді көзқараспен қарауды үйренеді.
Құралда сипатталған материалдың бәрі де адам өміріне қауіпсіз. Әрбір оқу құралын сұрыптай отырып, сабақтар мен тапсырмаларды ойластырғанда тәрбиешілер мен ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударулары тиіс. Мысалы, шыны ыдыстардың орнына пластикалық ыдыс алу қажет. Егер бала ағашпен жұмыс істейтін болса, ойыншық немесе пластикалық емес нағыз құрал-сайманды пайдалансын, бірақ «қорғаушы бетперде» киюі керек. Ең бастысы үлкендердің тарапынан нақты бақылау мен қадағалау қажет. Тәрбиешілер ата-аналарды ерекше зейінді талап ететін сабақтарға қатыстыруларына болады.
«Step by Step» бағдарламасының негізгі міндеті - демократиялық қоғамның лайықты мүшелерін тәрбиелеу. Ең кішкентай бүлдіршіндеріміз де өздері таңдау жасап, қатарының ерекшеліктерін құрметтеуге үйренеді. Бағдарламаның мақсаты - әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып оқыту.
«Step by Step» бағдарламасымен оқытудың негізгі бағыттары төмендегідей:
- оқытудағы жекешелендіру;
- сабақты жоспарлау мен тақырыптық ойын орталықтарының жұмысын ұйымдастыру арқылы балаға таңдау еркіндігін беру;
- ата-аналардың қатысуы.
Жекешелендіру
Әр баланың ата-анасының тұқымына берілген, оның жеке тұлғасының, мәдени және отбасының дәстүрлерін, баланың өмірлік тәжірибесін сипаттайтын өзіндік қайталанбас кескін, келбеті бар. Сондықтан оқу бағдарламасы да, қолданылатын әдістер де, материалдар да, тәрбиешінің баламен тікелей жүргізілетін жұмысы да әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып сұрыпталып, жоспарлануы тиіс. Жекешелендіру - бұл баланың күнделікті дамуын есепке ала отырып, сабақтар мен тапсырмаларды әр бала жетістікке жете алатындай етіп жоспарлау.
Балаға арналған орта да жекешелендіруге жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Қызықты әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды шағын топтарда өткізу тиімді.
Осындай көзқараспен оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына игі әсер етеді. «Step by Step» бағдарламасымен оқытудың ахуалы құбылмалы және динамикалы, ол баланың жеке қызығушылығы мен даму деңгейіне сай келетін материалдар мен жағдаяттарға толы.
Таңдау
«Step by Step» бағдарламасымен жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік береді. Әр топ бірнеше тақырыптық орталықтарға бөлінген, оның әрқайсысында зерттеу мен ойнауға жеткілікті материалдар жинақталған. Әр топтағы белсенділік орталықтары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ төменде келтірілген тізім барлығында бар.
Математика Әдебиет пен сауат ашу
Дүниетану Шығармашылық жұмыстар орталығы
Құм және су Ашық ойын алаңы
Желілі-рөлді ойын Құрылыс орталығы
Музыкалық сабақтар орталығы
Орталықтардағы жинақталған материалдар балалардың белсенділігін ынталандырады, олардың барлық бес сезімін ашып, қолдануға итермелейді. Тәжірибе жасап, зерттеп, жаңалықтар аша отырып, балалар өз «болжамдарының» дұрыстығын тексереді, білімді өзіндік жеке тәсілмен игереді. Дәл осындай әдіспен балалар мәселе қойып, оны шешуге, сын тұрғысынан ойлауға, таңдау жасауға және түсініктер қалыптастыруға үйренеді.
Еш уақытта кішкентай балаларды өздерін қызықтырмайтын тапсырмаларды орындатуға, тақырыптарды оқып үйренуге мәжбүрлеуге болмайды. Топтың ішкі көрінісі балаға орталықтар мен материалдарды таңдауға мол мүмкіндік беретіндей жағдайда ұйымдастырылуы тиіс.
Ата-ананың қатысуы
Отбасының балаға әсері зор. Баланың алғашқы ұстазы - ата-анасы. Сондықтан, «Step by Step» бағдарламасы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне құрылады.
«Step by Step» - екі ұрпақтың бағдарламасы. Мұнда ата-аналардың қатысы қандай түрде болмасын қолдау табады: олар тәрбиешіге сабақ үстінде көмектесуі мүмкін; ата-аналар алқасы салмақты шешімдер қабылдауға белсенді қатысады; олар балаларының жақсы жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары туралы мәліметтер бере алады. Тәрбиешілер мен ата-аналар жеке ерекшеліктеріне қарамастан өзара құрмет пен сыйластыққа құрылған әріптестік қарым-қатынас орнату үшін бірлесе күш жұмсауы қажет.
«Step by Step» бағдарламасындағы тәрбиешінің қызметі
«Step by Step» бағдарламасымен жұмыс істейтін топтардағы тәрбиешілер, немесе мұғалім мәлімет беруші емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетеді. Ол біліктілікті ынталандырып, оқуға деген жауапкершілікті бөліседі; ол топтағы ортаның қауіпсіздігін жоспарлайды және қамтамсыз етеді. Әрине, бұл оның топтағы ересек адам ретінде рөлін кішірейтпейді, дегенмен таным мен білім бағытталған негізгі адам бала болуы тиіс.
Тәрбиешінің негізгі жұмысы төмендегідей:
- Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бала өз бетімен бір нәрсе жасағанда ғана жақсы үйренеді. Олар өз бетімен сынап көру, қателесу арқылы әлемнің қалай құрылғанын анықтаулары қажет. Үйренген білім белсенді жаттығулар арқылы жақсы бекітіледі. Мысалы, құрылымның жүйелілігі мен жүйесіздігі жөніндегі түсінікті бала барабанда музыкалық екпінді ұру арқылы: трам-там-там, та-рам-там-там; түрлі-түсті жіптерді түстерін кезектестіріп өре отырып: жіпке көк, сары, көк, сары, көк моншақтарды өткізу арқылы игертуіне болады.
- Тәрбиеші балалардың материалдармен қалай жұмыс істейтінін бақылайды. Мұндай бақылаулар баланың қызығушылығына (машиналар, жануарлар), өзіндік талап-тілек, мұқтаждығына (мысалы, баланың көзі нашар көретін болса, оған көре алмауына байланысты көбірек тактильді түйсікке негізделген жаттығулар), баланың қабылдау стиліне (мысалы, өте қозғалғыш баланы сумен ойнату арқылы тыныштандыруы мүмкін) байланысты қандай тапсырмалар беруге болатынын анықтауға көмектеседі. Осылайша тәрбиешіге қай сабақтар мен қандай орталықтарға балалардың қызығушылықтарының неліктен жоғары немесе төмен екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
- Тәрбиешінің аталған уақыттағы баланың даму ерекшелігі туралы білуі тиіс. Ол әр балаға даму кезеңдеріне сәйкес қандай материал қажет екенін анықтайды.
- Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Егер тәрбиеші топта сұрақты көп қойса, балалар да көп нәрсені сұрай бастайды. Білім алуда жалаң фактілерді жаттағаннан гөрі, ойлауды дамытудың мәні зор.
- Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмыстары туралы ойлануға уақыт береді. Бұл берілген ұғымды терең түсінуге жағдай жасайды. Ол сұрақтар мен жауаптарға, өз ойларын білдіруге уақыт қалдырады.
- Тәрбиеші барлық дұрыс, жуық жауаптармен, шығарылған қорытындылар мен тұжырымдарды балалармен бірге талдайды. Көп жағдайда осындай қате жауаптарды талдау дұрыс жауаптарды талдауға қарағанда көбірек пайда әкеледі.
- Балалар сияқты, тәрбиешілер де тәуекелге бара алуы керек. Ол әрнәрсені сынап көріп, ескіні пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіруі тиіс. Кейбір сабақтар сәтті, кейбірі-керісінше шығуы мүмкін. Барлық бала бірдей әрбір сабағыңызға ынталы, қызығушылықпен қатысады деп күтпеңіз. Ізденгіш тәрбиеші дер мезгілінде материалды ауыстырады немесе сабақты одан әрі дамытып, сәтті аяқтауға жетелейтін әдіс-тәсілдерді қолданады. Ол балаларға жаңалықты белсенді қабылдауға үйрету үшін жаңа сабақтар ұсынады.
- Тәрбиеші балаларға қате немесе тура емес жауап бергеннен гөрі, өзінің кейбір заттарды білмейтінін мойындағаны жөн. «Білмеймін» деген жауап бере отырып, тәрбиеші балалармен бірлесіп жауап іздеп, шешім қабылдайтын ахуал туғызады. Бұл балаларға әртүрлі басылымдарды пайдалана білуге үйретеді. Соған қоса, балалар үлкендердің де ізденіп оқитынын көреді.
- Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.
- Ең бастысы тәрбиеші өзінің қатысының артықтығын сезіне білуі керек, олар танымдық процесті өз бетімен басқаруы үшін балаларды өз еріктеріне жіберуі қажет.
Оқу материалдары неден жасалады
Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, тұрақты шығып тұратын бюллетеньге беріңіз немесе жеке жазып қолдарына ұстатыңыз. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:
- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар;
- тұрмыстық - түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары.
Жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар.
Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.
Аталған құралды қалай пайдалану қажет
Әр бөлімге (1 сабаққа) суреттер берілген. Бөлімнің басында мақсаты - осы сабақтың негізінде педагогикалық тұжырымдама айқындалған. Сосын материалдар тізімі мен сілтемелер, сабақты қалай жүргізу сипаттамасы, сабақты дайындау мен өткізуге ата-аналарды тарту, сол сияқты оқуды бейімдеу мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұсынатын нұсқаулар мен толықтырулар берілген.
Сонымен қатар, құралды пайдалануға ыңғайлы болу үшін арнаулы белгілер қай жастағы балаларға арналғанын, сабақ өткізуге ыңғайлы орталықты көрсетеді.
Барлық сабақтар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Нақты жасы келесі белгімен көрсетілген.
3 4 5 6
Ал мына белгілер сабақ өткізуге қолайлы орталықты көрсетеді:
Шығармашылық Оқу мен Құм Ашық Табиғаттану жұмыстар сауат ашу және ойын
орталығы орталығы су алаңы
Математика Құрылыс Музыкалық Желілі-рольді
орталығы орталығы сабақтар ойындар
орталығы орталығы
Төменде көрсетілген кесте қай сабақ қандай орталықта болатынын тез бағдарлауға көмектеседі.
Кестеде әр сабақ үшін бірнеше орталық берілген. Кез-келген сабақ дамудың белгілі бір саласымен байланысты: әлеуметтік немесе сезімдік дамуы, шығармашылық қабілеттері, тіл дамыту, табиғаттану, математика, дене шынықтыру, қоғамдық ғылымдар.
Берілген құралдағы сипатталған барлық сабақтарды тәрбиешілер бірнеше рет өткізген, егер сіз бірінші рет өткізіп отырсаңыз, алдын-ала дайындалып алғаныңыз жөн. Балаға бағытталған әдістемені толық меңгеріп, жеткілікті тәжірибе жинақтағаннан кейін, сізге түгел топқа немесе әрбір жеке балаға арналған оқу материалдарын ойластырып, құрастыру жеңіл болады. Бұл құралда берілген материалдар балалар көшіріп алатын үлгі емес. Керісінше, олар баланың елесі мен қиялын ынталандырып, оларды пайдалануда шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелеуге арналған.
Барлық ұсынылған сабақтарды тәрбиешілер құрастырған, олар әлемнің көптеген елдерінде тиімді қолданылып жүр. Егер сіз бұл іске шығармашылықпен қарап, өз ойларыңызды басқа әріптестеріңізбен бөліссеңіз, берілген материалдар сіз жинақтайтын қайталанбас жеке жинағыңыздың бастауы болсын.
МАТЕМАТИКА
Санауыш таяқшалары
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Төменде келтірілген үш ойынның мақсаттары балаларға қарапайым құралдардың көмегімен математиканың негіздерін үйрету. Бұл ойындар балаларға құралдардың математикалық символдар мен сандар туралы түсінік қалыптастырады. Көбінесе кішкене балалар автоматты түрде санайды, бірақ әр санның арғы жағында не тұрғаны жайлы ойланбайды. Балалар абстрактылы сандарды қабылдап үйренуі үшін оларға әр-түрлі заттардың көмегімен біраз уақыт жаттығу керек. Бұл сабақ әр балаға өзінің бағдарламаны қабылдай алу жылдамдылығына (қабілетіне) байланысты қарапайымынан күрделісіне қарай, өзгеріп отыратын үш кезеңге бөлінген. Бұл кезеңдердің бәрінен өту балалардың сандар мен нөмірлерді толығымен үйренуінің кепілі болып табылады.
Қажетті құралдар : балмұздақтың таяқшалары, қатты қағаз, қайшы, желім, сызғыш, өлшегіш лента.
Дайындау:
1. Қағаздан 12 дөңгелек пен 1, 2 және 3 сандарын екі данадан ойып алыңыз.
2. Қатты қағаздан әр қайсысында үш бөлімі бар үш қалташа даярлаңыз.
3. Бірінші қалта: бір дөңгелекшені сол жақ бөлімге желімдеңіз (егер де сіздің қалташаларыңыз матадан даярланған болса, дөңгелекшелердің орнына түймелер қадауға болады) .
4. Екінші қалта: бір дөңгелекше мен 1 санын сол жақ бөлімге желімдеңіз, екі дөңгелекшені оң жақ бөлімге желімдеңіз.
5. Үшінші қалта: 1 санын сол жақ бөлімге, 2 санын ортаңғы бөлімге және үш санын оң бөлімге желімдеңіз.
Сабақтың барысы:
Үш баладан құрылған топқа әр қайсысына қалташалар мен бірнеше таяқшалар беріңіз. Басында балалар таяқшаларды қалташаларға салып жай ойнайтын болады. Оларға тәжірбие жасап көрулеріне уақыт беріңіз. Кейбіреулері бірден бір дөңгелекше мен бір таяқша арасындағы байланысты түсінеді. Келесілері біраз уақытты қажет етеді, ал үшіншілеріне мұғалімнің көмегі қажет болады: «Мұнда неше дөңгелекше бар? Біреу, дұрыс! Қалтаға бір таяқшаны сал. Жарайсың? Келесі қалтада неше дөңгелекше бар? Екеу, дұрыс! Бұл бөлмеге неше таяқшаны салу керек? Ал келесі қалташа да қанша дөңгелекше болса сонша таяқшаны сал» Бала дөңгелекшелері бар қалталарды меңгергеннен кейін дөңгелекшелері мен сандары бар қалташаларға, содан кейін тек сандары бар қалташаларға көшіңіз.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- 4 тен 6 дейін, 7 ден 9 дейін т. с. с. сандары бар қалталар даярлаңыз.
- Барлық тастар, түймелер және кілттерді бір банкаға жинаңыздар. Бір тасты алып алдыңызға қойыңыз. Осыдан кейін баладан осындай мөлшерде заттарды алып, алдына қоюды сұраңыз. Нәрселерді санап оларды қалтадағы заттармен сәйкестендіре ала ма? Баланың сандарды түсіне білуіне байланысты, одан да күрделі қосу және алу ойындарын құрастырыңыз. Қанша тастарды қисындырып құрастыруға болады, 5 санын алу үшін, қанша затты алу керек, 3 санын алу үшін ше?
Санауыш таяқшалары
3-тен 4-ке дейін
Ата-аналармен бірге
Бұл сабақтар үшін ата-аналарға балмұздақтардың таяқшаларын жинауға көмектесуін сұраңыз. Олар бейресми ата-аналар жиналыстарында немесе кешкісін үйлерінде қалташалар жасауға көмектеседі (егер олар күні бойы жұмыста болса) . Еркіңізше қалташаларды матадан даярлауға болады, себебі олар көбірек қызмет етеді.
Бөтелке қақпақшаларынан нүктеге дейін
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты: Бұл сабақта балалар заттар мен сандардың арасындағы сәйкестіктерді үйренеді.
Қажетті құралдар: он қатты қағаз, 12 см х 18 см өлшемімен кесілген төртбұрыштар, 55 қақпақша, фломастер, степлер.
Дайындық:
1. Қатты қағаздан он карточка кесіңіз.
2. Карточкаларға фломастермен нүкте қойыңыз, (сандар емес) бірден онға дейін.
3. Елу бес бөтелке қақпақшаларын жинаңыз.
4. Карточкалар мен бөтелке қақпақшаларын сақтауға тығыз қағаздан конверт жасаңыз (жан-жағын степлермен бекітіңіз) .
Сабақ барысы: Балалардан карточкада қанша нүкте бар, сонша қақпақша жинауын сұраңыз. Балалармен қанша қақпақша екенін санаңыз.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Кішкене балаға бір, екі, үш нүктелері бар карточкаларды көрсетіп, олардың қандай сандарға сәйкес келетін сұрайсыз.
- Балалар көздерін жұмсын. Бір карточканы тығып қойыңыз. Бала көзін ашқанда, одан қай карточка жоқ екенін сұраңыз.
Бөтелке қақпақшаларынан нүктеге дейін
3-тен 4-ке дейін
Ата -аналармен бірге
Бұл сабақтар үшін ата-аналарға бөтелке қақпақшаларын жинауға көмектесулерін сұраңыз. Уақытын белгілеңіз (мысалы бір жұма) және балалардан ата-аналарының, осы аптадағы жинай алған қақпақшаларын сыныпқа әкелуін сұраңыз.
- Ойландырғыш сандар
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Ойландырғыш сандарды балаларға математикалық ұғымдарды нақты заттармен байланыстыра отырып, көрсету арқылы түсіндіру. Тәрбиеші сабақ барысында балаларды бақылау арқылы, баланың келесі баспалдаққа дайындығын біледі, келесі сабақ бұдан да күрделі сандар болуы керек. Ойландырғыштың жасалу мақсаты, осы карточкада белгіленген нүктелер санын, сан арқылы белгілеуді үйрену. Сонымен қатар олар нүктелер мен сандар бір-бірімен сәйкес келетінін біледі.
Қажетті құралдар : алты қатты карточка, фломастер, қатты қағаз, қайшы.
Дайындық:
1. Карточканың жоғарғы жағына фломастермен санға санды жазыңыз, төменгі жағына сәйкес нүктелер қойыңыз.
2. Әр карточканы ортасынан кесіңіз (кесілген қағаздан түзу немесе ирек әр түрлі пішіндерді кесіп қою қажет) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz