Сапа – нарықтық экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде


М. Қанатұлы, С. Н. Нұрланова
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.
Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж.
«Микро және макро экономика» кафедрасының оқытушысы.
САПА - НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ТАБЫСТЫ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында халық тұтынатын тауарлардың ішінде тамақ өнімдеріне деген сұраныс деңгейі артуда. Тамақ өнімдеріне деген сұраныс сол тауардың сапасымен анықталады. Халық күнделікті көп тұтынатын тамақ өнімдерінің ассортиментін нарықтағы бәсекелестік жағдайына байланысты жетілдіріп отырады. Оны біз күнделікті өзімізге қажетті тауарларды сатып алған кезде байқап жүрміз. Сондықтан бүгінгі қорғағалы отырған ғылыми жұмысымыздың тақырыбы қоғамдағы өмір сүріп жатқан әрбір адамдарды толғандыратын және ағымдағы актуальды, көп талқыланатын тақырып.
Осы ғылыми жұмыстың тақырыбын талқылау үш бағытта қарастырылмақшы:
1. Сапа ұғымының жалпы сипаттамасы және өнім сапасының қажеттілігі.
2. Сапа теориясын тәжірибемен ұштастыру (макарон өнімдерін өндіретін «Ардагер» корпорациясы мысалында) .
3. Өнім сапасының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.
Осы жоғарыда аталғандарды талқылайтын болсақ:
Біріншіден: Тауарлар «сапасы» деген ұғымға олардың ассортиментінің әртүрлілігі мен толықтығы енеді. Мұның өзі тұтынушылар сұранымын өтеудің бір кепілі болып табылады. Кейде тауардың сапасы дегенде оның нормативті - техникалық құжаттарында көрсетілген талапқа тауардың сәйкес келуін ұғамыз. Яғни ол тек өндірістік сапа болып табылады. Ол «сапа» ұғымын толық қамти алмайды, бұл тек өнімнің дайындалу сапасын ғана анықтайды. Тауардың сапасы оған тән физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттердің кешені бағаланады. Соған қоса ондай тауарлар әлеуметтік, функционалдық, эргономикалық, эстетикалық, экономикалық және басқа талаптарға сай болуы қажет.
Сұраным мен тұтыну тауардың сапасына байланысты болады. Жоғары сападағы тауар халықтың сұранымын толық қанағаттандырады және жоғары сұранысқа ие болады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
- өнімнің әр түрлілігі;
- жарнамалау сауаттылығы;
- өнім сапасы;
- пайдалылығы;
- өнімнің дүниежүзілік стандарттарға сай келуі.
Сонымен, өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі.
Екіншіден: Өнім сапасының ұғымы және қажеттілігімен таныса отырып, бұдан әрі қарай тауар сапасын зерттеу тәжірибесімен жалғастырамыз. Осы ғылыми жұмыстың тақырыбына байланысты өнім сапасын зерттеуге алынып отырған тауар түрі - тамақ өнімі. Яғни, күнделікті халық тұтынатын тамақ өнімінің түрі - макарон өнімдері.
«Ардагер» корпорациясы - қаламыздағы макарон өнімдерін шығаратын бәсекелестікке қабілеттігі жоғары өндіріс орындарының бірі. «Ардагер» корпорациясы Семей қаласында 2000 жылы құрылған отандық кәсіпорындардың бірі. Өз өнімдерін сыртқы және ішкі нарықта шығарып, қаламыздағы бөлшек және көтерме сауда орындарында сатып, қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруда.
Жалпы, осы «Ардагер» корпорациясындағы макарон бұйымдарын өндірудің технологиялық үдерісіне тоқталып, қарастыратын болсақ:
1. Технологиялық жабдықты қосу үшін инженерлік торабтар : су құбыры, арна жүргізу, сығымдалған ауа, электр және жылу энергиясы пайдаланылады
Осы технологиялық желіде «TECALIT» Итальян фирмасының мөлшерлеу және вакуумдау жүйесі бар пресс қондырғы пайдаланылады, ол қамыр құрамын жақсартады және дайын бұйымдардың сапасын көтереді, сонымен қатар 40-50 С температурада кептіру тәртіптемесі дайын өнімнің тамақ құндылығын мейлінше ұзақ сақтауды қамтамасыз етеді. Өндірістік алаңы: 640 м 2 Кәсіпорындағы өнімдерді шығару мен жұмыс істеу толық автоматтандырылған, яғни соңғы жаңа техникалық құрылығылар мен жабыдықтар 95% дейін автоматтандырылған.
2. Шығаратын макарон өнім түрлері келесідей
3. Макарон бұйымдарын өндіруге арналған бастапқы өнім - жоғары сұрыпты нан пісіретін ҰН болып табылады.
Макарон өндірісінде пайдаланатын ұн сапасына қойылатын талаптар стандартты болып келеді.
4. Макарон бұйымдарын өндірудің технологиялық үдерісі .
Желі мына технологиялық операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:
А) Макарон бұйымдарын өндіру барысында ең алдымен қамыр
дайындалады (иленеді) . Бұл «Ардагер» корпорациясында макарон қамырын дайындау үздіксіз «TEKALIT» фирмасы шығарған «NOVA 1000C» ең жоғарғы сапалы пресінде жүзеге асырылады.
Қамырды дайындау әдістері:
Қамыр ылғалдығы: 31-32%
Су шығыны: 1. ((100-85, 5) *100) /(100-31) = 21, 015 л;
- ((100-85, 5) *100) /(100-32) = 21, 324 л.
Б) Қамыр дайын болғаннан кейін бұйымдар қалыптастырылады. Макарон бұйымдарын қалыптастыру пресстеу тәсілімен жүргізіледі. Қалыптастыру қамырды қалыптамаға орнатылған фильерлер арқылы басумен жүзеге асырылады.
В) Пресстен жартылай өнім кептіргішке келіп түседі. Бұйымдарды кептіру үш кезеңде жүргізіледі:
1. Алғашқы кептіру - Тербелмелі кептіргіш. Бұл кептіргіш - пресстен шығатын жартылай өнімді одан әрі кептіру үшін қабаттап қалағанда бір-біріне жабысып қалуын болдырмау мақсатында бірінші рет кептіруге арналған. Кептіру уақыты 3 минуттан 6 минутқа дейін.
2. Алдын-ала кептіру - Алдын-ала кептіргіш. Бұл кептіргіш - технологиялық үдеріспен берілген белгілі жағдайларда (температура және ауа ылғалдығы) қысқа кесілген макарон өнімін алдын-ала кептіруге арналған. Кептіру уақыты - 45 минут.
3. Түпкілікті кептіру - Тұрақтандырғыш кептіргіш Бұл кептіргіштің кептіру уақыты - 6 сағат.
Тұрақтандырғыш кептіргіштен шығатын дайын өнім қайта тиеу воронкасы арқылы оны тоғанақтау бөлімінің бір-бірінен оқшауланған жинақтаушы-тұрақтандырғыштарына бөлетін тербелмелі конвейерге беріледі, онда ол 6 сағаттан кем болмайтын уақытта тұрақтандыру кезеңінде болады.
Г) Өндірілетін макарон өнімінің сұрыпталымы бойынша бағдарлы технологиялық тәртіптемелер.
Д) Шығарылған өнім сұрыпталып және ақаулы өнімдері іріктеледі де қайта өңделеді.
Е) Макарон өнімдері полиэтилен пакеттерге қапталатын және өлшенетін болып шығарылады.
Ж) Дайын өнім сауда орындарына сатуға шығарылып, әрі қарай тұтынушылар тамақ түрлеріне пайдаланады.
5. Макарон бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар
Макарон бұйымдарының сапасы «Макарон бұйымдары. Жалпы техникалық шарттары» 875-92 МСТ талаптарына қанағаттанарлық болуы керек. Макарон бұйымдары белгіленген тәртіпте бекітілген технологиялық нұсқаулықтардың және жасалу әдістерінің санитарлық ережелерін сақтаумен қабылданған стандарт ИСО 9000, 9001, 9002, 9003, 10011 талаптарына сәйкес өндіру қолға алынуда. Яғни, қазір дүние жүзінің 90-нан астам елінде ИСО стандарттары қабылданған. Қазақстанда да осы талаптар енгізілді. Оның ішінде «Ардагер» корпорациясы өнім сапасын басқаруда ИСО стандарттары 2006 жылдың қараша айынан бастап енгізілген.
Стандарт бойынша бұйым сапасы мына көрсеткіштер бойынша бағаланады: түсі, жоғарғы беті, нысаны, дәмі, исі, пісіргеннен кейінгі жағдайы, ылғалдығы, қышқылдығы, сынған, нысаны өзгерген және қиқым бұйымдардың, металл магниттік қосындылардың мөлшері және нан қорлары зиянкестерінің болуы.
Органолептикалық көрсеткіштер бойынша макарон бұйымдары келесі кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек:
Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша макарон бұйымдары келесі кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.
Нысаны өзгерген бұйымдардың жаппай үлесі, қапталған %-дан аспайтын:
Рожки, перья, лапша және фигуралы бұйымдарда
Өлшенетін:
Рожки, перья, лапша және фигуралы бұйымдарда
5. 0
13. 0
8. 0
15. 0
Ұнтақтың жаппай үлесі, %-дан аспайтын:
Қапталған:
Рожки, перья
фигуралы бұйымдарда
вермишель және лапша
Өлшенетін:
Рожки, перья
Фигуралы бұйымдарда
Вермишель және лапша
4. 0
5. 0
13. 0
7. 0
7. 0
12. 0
6. 0
7. 0
15. 0
13. 0
13. 0
13. 0
«Ардагер» корпорациясында осы жоғарыда аталып өткен өнім түрлерін өндіруде жоғары сапаға және өнімнің құнарлығы мен жоғары өтімділігіне көп көңіл бөлуде. Осы өнімге қойылатын талаптар мен сапалы шығарылған өнім түрлерін жарнамалауға кәсіпорынның тәжірибелі маркетологтары мен менеджерлері үлес қосуда.
Сондықтан осы бөлім бойынша қысқаша тұжырымдама жасайтын болсақ: Біз күнделікті тұрмыс тіршілігімізде қаладағы өз отандық өнімдерімізді өндіретін кәсіпорындардың тауарларын тұтынып, олардың сапасын ажыратып, тағам түрлерін таңдауға үлкен мүмкіндітер алып отырмыз. «Ардагер» корпорациясы шығарған сапалы өнімдерін сатып алу арқылы сіздер өнімнің сапалығына көз жеткізерсіздер деп ойлаймыз.
Үшіншіден:
Жалпы, өнім сапасын жақсарту экономиканы үдемелі дамытуға және қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, жалпы қоғамның және жекелеген тұтынушылардың сұранымын өтеуге мүмкіндік береді. Мұның әлеуметтік зор маңызы бар. Соған қоса сапаны жақсарту арқылы белгілі бір заттың тұрмыста қолданылу мерзімін ұлғайта аламыз. Міне, осы арқылы оларға деген сұраным да сирейді, яғни көп уақытқа қолданылуға жарайтын нәрселерді тұтынушылар еселеп сатып ала бермейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz