ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса



1 ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса
2 Кітаби ақын.шайырлар жырлаған басты жанрлар
3 Молда Мұса шығармалары
4 Ақынның «Ағаш пен маймыл» мысалы
Мысал – қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырдың екінші жартысында еніп, ХХ ғасырдың басында сәтті жалғасын тауып, ерекше дамыған жанр.Аталған кезең аралығында дүниеге келіп, дербес жанр ретінде қалыптасқан мысал қазақ әдебиетіне шығыстан да, сонымен бірге батыстан да енді деп айтуға әбден болады. Өйткені аталған кезеңде шығармашылық еткен қазақ қаламгерлері алдымен төл фольклорлық және әдеби мұрамыздан, қалай сусындап өссе, қалыптасса, соң олардың әрқайсысы білім алған ордаларының бағыт-бағдарына сай не батыс не шығыс әлемінің фольклорлық және классикалық әдебиет үлгілерімен танысып өсті. Осыған орай олардың шығармашылықтары алдымен ұлттық соң не шығыстық, не батыстық әдебиет үлгілерімен тығыз байланыста қалыптасты. Мысалы, Дулат Бабатайұлы, Майлықожа, Молда Мұса, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Шораяқтың Омары секілді ақындардың мысал өлеңдері мен дастандары шығыс фольклоры және әдебиеті материалдарының негізінде шығыспен тығыз байланыста дүниеге келді деуге келеді. Ал, Ыбырай, Абай секілді ұлы ағартушы ақындарымыз бастаған Ахмет Байтұрсынұлы, Спандияр Көбейұлы, Бекет Өтетілеуұлы, Сәбит Дөнентайұлы қостаған келесі топ орыс әдебиетін оқып өсті, қалыптасты. Олардың дені негізінен орыс әдебиетінен мол аудармашылық жұмыс жасады. Соның басым бөлігі – И.А.Крылов мысалдары болды. Орыс мысалшысы мысалдарының да түп негізі шығыс мысалдары екені даусыз. Бұл - әлемдік әдеби құбылыс. Бұл - әлемдік әдеби үйреніс, байланыс жолы. Осы әдеби шығармашылық жолына қазақ әдебиеті де өз даму жолымен, ағартушылық ой-идеясымен, үрдісімен келіп қосылды. Жаңа жанр - мысал қазақ әдебиетінің төл жанрына айналды. Мысал жанрының осылай қалыптасуының өзінде екі жол бары аңғарылады. Бірі аудармалық нәзиралық немесе нәзиралық дәстүр, яғни белгілі бір шығарма негізінде еркін жырлаушылық, екіншісі шынайы аудармалық деуге болады. Сонымен бірге екі әдеби шығармашылық жолдың бір ақын шығармашылығында қатар орын алып жатуы да әбден мүмкін. Өз кезегінде шынайы аударманың өзі де дәлме-дәл немесе еркін аударылуы мүмкіндігі туралы да әр кез сөз болып жатады. Демек, аудармалық, аудармалық нәзиралық әдеби дәстүр табиғаты өте күрделі. Яғни мысал жанрының қазақ әдебиетіне ену үдерісі де осы қиын да күрделі шығармашылық жолды бастан кешті.
1. Сыдиықұлы Қ. Халқымен қайта табысқандар. А., 1997.
2. Қазақ поэзиясының антологиясы. А., 1993.
3. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары. А., 1963
4. Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. 1-том. А., 1990
5. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия. А., 1994
6. Ізтілеуов Т. Назым. А., 1982
7. Рүстем-дастан. А., 1961
8. Ізтілеуов Т. Шаһнама. А., 2004.
9. Шораяқтың Омары. Сөйле тілім жосылып. А., 1995
10. Молда Мұса. Өткен күндер. А., 1987.
11. Оспанұлы Ә. Қаратау атырабының ақындары. А., 1983.
12. Тұрманжанов Ө. Молда Мұса ақын туралы. // Әдебиет майданы. №8, А., 1935.
13. Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. А., 1991
14. Оразбекова З. Мұсабек Байзақұлының ақындық мұрасы. Түркістан, 1999.
15. Молда Мұса. Шығармалары. Шымкент, 1995.
16. Жыр мұра. Астана, 2001
17. Мың бір түн. Төрт томдық. 2-том. А., 1993
18. Крылов И.А. Басни. М., 1983

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ергөбек С. – ф.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы
ХҚТУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті
ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса
Мысал – қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырдың екінші жартысында еніп, ХХ
ғасырдың басында сәтті жалғасын тауып, ерекше дамыған жанр.Аталған кезең
аралығында дүниеге келіп, дербес жанр ретінде қалыптасқан мысал қазақ
әдебиетіне шығыстан да, сонымен бірге батыстан да енді деп айтуға әбден
болады. Өйткені аталған кезеңде шығармашылық еткен қазақ қаламгерлері
алдымен төл фольклорлық және әдеби мұрамыздан, қалай сусындап өссе,
қалыптасса, соң олардың әрқайсысы білім алған ордаларының бағыт-бағдарына
сай не батыс не шығыс әлемінің фольклорлық және классикалық әдебиет
үлгілерімен танысып өсті. Осыған орай олардың шығармашылықтары алдымен
ұлттық соң не шығыстық, не батыстық әдебиет үлгілерімен тығыз байланыста
қалыптасты. Мысалы, Дулат Бабатайұлы, Майлықожа, Молда Мұса, Тұрмағамбет
Ізтілеуұлы, Шораяқтың Омары секілді ақындардың мысал өлеңдері мен
дастандары шығыс фольклоры және әдебиеті материалдарының негізінде шығыспен
тығыз байланыста дүниеге келді деуге келеді. Ал, Ыбырай, Абай секілді ұлы
ағартушы ақындарымыз бастаған Ахмет Байтұрсынұлы, Спандияр Көбейұлы, Бекет
Өтетілеуұлы, Сәбит Дөнентайұлы қостаған келесі топ орыс әдебиетін оқып
өсті, қалыптасты. Олардың дені негізінен орыс әдебиетінен мол аудармашылық
жұмыс жасады. Соның басым бөлігі – И.А.Крылов мысалдары болды. Орыс
мысалшысы мысалдарының да түп негізі шығыс мысалдары екені даусыз. Бұл -
әлемдік әдеби құбылыс. Бұл - әлемдік әдеби үйреніс, байланыс жолы. Осы
әдеби шығармашылық жолына қазақ әдебиеті де өз даму жолымен, ағартушылық ой-
идеясымен, үрдісімен келіп қосылды. Жаңа жанр - мысал қазақ әдебиетінің төл
жанрына айналды. Мысал жанрының осылай қалыптасуының өзінде екі жол бары
аңғарылады. Бірі аудармалық нәзиралық немесе нәзиралық дәстүр, яғни белгілі
бір шығарма негізінде еркін жырлаушылық, екіншісі шынайы аудармалық деуге
болады. Сонымен бірге екі әдеби шығармашылық жолдың бір ақын
шығармашылығында қатар орын алып жатуы да әбден мүмкін. Өз кезегінде шынайы
аударманың өзі де дәлме-дәл немесе еркін аударылуы мүмкіндігі туралы да әр
кез сөз болып жатады. Демек, аудармалық, аудармалық нәзиралық әдеби дәстүр
табиғаты өте күрделі. Яғни мысал жанрының қазақ әдебиетіне ену үдерісі де
осы қиын да күрделі шығармашылық жолды бастан кешті.
Әлемнің кез келген елінің әдебиетінде ерекше орны бар мысал жанры
қазақ әдебиетіне де осылайша ұзақ жылдарға созылған туу, қалыптасу, даму
жолдарын бастан кеше келіп, орнықты. Әдебиетіміздің төл жанрына айналды.
Мысал жанрының осы әдеби үдеріс, дәстүр арқылы келіп орнығуында, көркеюінде
шығармашылық басты қазығы ағартушылық болған ХІХ ғасырдың екінші жартысы
мен ХХ ғасыр басындағы әдеби кезеңнің орны ерекше. Жанр басы Дулат жырау,
Майлы ақындардан басталып, Ыбырай, Абай шығармашылықтарына ұласып, ХХ ғасыр
басында Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Сәбит, Спандияр, Бекет т.б.
шығармашылықтары арқылы ерекше дамыды. Мысал жанрының осылайша өсуіне
өзіндік үлесін қосқан қаламгер шайыр Молда Мұса болды.
Біз жоғарыда мысал жанры ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында қазақ
әдебиетіне екі түрлі жолмен, екі бағытта – аударма әдебиет негізінде және
нәзирагөйлік дәстүр аясында келіп жетті дедік. Таратып айтсақ, аударма
әдебиет орыс әдебиеті арқылы батыстан, нәзира дәстүрінде қазақ халқының
ежелден келе жатқан әдеби байланыс жолы- шығыстан, шығыс халықтары
фольклоры мен классикалық әдебиет үлгілері арқылы келіп жетті. ХХ ғасыр
басында шығармашылық еткен біршама ақындарды кітаби ақын не шайыр атап
жүрміз. Оның үстіне қиссашыл, дастаншыл ақын дегенді де қосамыз. Себебі
олардың тәрбие алған бастауы қазақ ақындық дәстүрі болғанымен, мектеп,
медреселерде білім алған сауатты ақындар болды. Шығармаларын да негізінен
ойланып, толғанып жазып шығарған деуге әбден болады. Олар мектеп,
медреселерде оқып, шағатай, араб, парсы тілдерін жақсы біліп, сол
тілдердегі Орта Азия мен Қазақстанға тараған Шығыс әдебиет үлгілерін, діни
шығармаларды оқып өсті. Сол шығармаладрдың сюжетін негізге алып, қисса,
хикая, өлеңдер, мысалдар мен мысал дастандар жазған, аударған. Әсіресе, ХІХ
ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басында қазақ халқын шығыстың
классикалық шығармалармен таныстырып, насихаттауда, сол арқылы қазақ
әдебиетін жаңа жанрларымен, жаңа туынды, жаңа сюжеттермен байытуда кітаби
ақын-шайырлардың елеулі орны болғандығы сөзсіз [1,58-59].
ХХ ғасырдың бас кезіндегі кітаби ақын-шайырлар қатарында Мәшһүр Мақыш
Қалтайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы, Сұлтан Шәді
Жәңгірұлы, Ақылбек Сабалұлы, Нұралы Нысанбайұлы, Қарасақал Ерімбет, Ақыт
Ұлымжыұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Омар Шораяқұлы, Молда Мұса секілді
көптеген ақындарды атауға болады [2,13].
Кітаби ақын-шайырлар жырлаған басты жанрлардың бірі - мысал жанры.
Яғни, олар шығыс фольклоры мен классикалық әдебиет үлгілерін қазақ тілінде
жырлау барысында мысал жанрына да ерекше мән берді. Мысал оқиғасы арқылы
қазақ оқырманына ағартушылық ойларын айтып отырды. Мысалы, Мәшһүр Мақыштың
Есектің ойнауы мысалында итке ұқсап қожасына еркелеп, сүйікті болғысы
келген есек тағдыры сөз болады.
Бір есек өз иесін қарап көрер,
Әр уақыт итіменен ойнай берер.
Ит-тағы ойнайды қожасымен,
Мұны көріп ақымаққа қайрат келер,- деп есектің қожасын иттен
қызғануы жырланады.
Секіруден басқа жоқ ит те өнер,
Мұнан басқа шамасы неге келер.
Итін сүйер қожамыз секіргеннен,
Қай жерім кем, мені иттен жаман көрер,- деп қожасына итше
еркелеп, өнер көрсеткен есектің көп қорлық көріп өлуі сөз болады.
Секірген кесірінен зорлық көрді,
Ғұмырынша тас тасып, қорлық көрді.
Өзіне тиістісін аңдай алмай,
Арықтап, жауыр болып, ақыры өлді.
Ақын өз тарапынан мысал оқиғасы арқылы оқырманға Алланың жаратқан әр
жаны, жануары өз орнымен, соған лайық іс-әрекетімен құнды екенін айтады:
Бұл қиссада ғибрат бар тыңдағанға,
Өлшеулі өнер берген әрбір жанға.
Сол өзіне берілген өнерлерін
Өзгерткенмен пайда жоқ аңдағанға.
Лайықтап әр мақұлыққа берген өнер
Сол берілген өнерменен пайда көрер.
Еліктей алмаған соң солықтайды,
Өзінде жоқты қылып не нәрсе өнер, -[3,135-136] деп ой қорытады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығында да мысалдың үлес салмағы
басым. Ол - Жарты нан хикаясы, Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы, Мәшһүр
Жүсіптің ала қарғамен айтысы, Аңқау адам туралы, Шайтанның саудасы,
Тырна мен қасқыр секілді көптеген көркем мысалдар авторы. Олардың
әрқайсысы әрі фәлсафалық, әрі ғибраттық ойлармен көмкерілген туындылар
десек болады. Мысалы, Жарты нан хикаясының оқырманға ұсынар ойы қандай
керемет, әрі мәнді, әрі маңызды. Алып айдаһардың қолына аңқаулықпен тап
болған адамды отыз күн тұтқан ораза да, өмір бойы оқылып келе жатқан намаз
да құтқара алмайды. Тек бір кезде қайыршыға берген жарты наны жарты адам
болып келіп, оны ажалдан құтқарып қалады [4,164-168]. Айдаһарды айламен өз
орнына, сандыққа жайғастырып, жауып тастайды. Ақын Шайтанның саудасына да
мол әлеуметтік-дүниелік, фәлсафалық ойлар сыйғыза білген [5,10-17].
Шығармашылығы тұтас дерлік шығыс фольклоры және әдебиетімен тығыз
байланыста қалыптасқан, сол салада мол шығармашылық табыс берген кітаби
ақын шайырымыздың бірі – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Ол - Мәрді дихан,
Данышпан қарт, Тұтқын қыз, Рауа бану секілді шығыс фольклоры
сюжеттерінің желісі бойынша жырланған дастандар шоғырын дүниге әкелген ақын
[6,7]. Тұрмағамбет ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы теңдесі жоқ еңбегі
әлемдік дәрежедегі ұлы туынды Әбілқасым Фердоусидің Шаһнамасын тұңғыш рет
кең көлемде жырлауы. Ақын артында қырық сегіз қалың дәптер көлемінде қалған
бұл туынды 1961 жылы М.О.Әуезов алғысөзімен Рүстем-Дастан деген атпен
кітап болып басылып шықты [7,7]. Кітаптың атынан көрініп тұрғанындай мұнда
ақын жырлаған Шаһнаманың тек Рүстем-Дастан бөлігі ғана жарияланған
болатын. Ал 2004 жылы Шаһнама деген атпен екі кітап көлемінде толық
басылды. Бұл – ақын қаламынан туып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз мол қазына
болып құйылған туынды [8,7-10].
Мысал жанры туындылары да - Тұрмағамбет ақын шығармашылығында үлкен
бір сала. Олар: Лұқпан Хакім, Ата мен бала, Сүлеймен мен кірпікшешен,
Төрт дос, Дарақ пен сая, Жолаушы мен дана секілді мысалдар.
Ежелгі Рабғузи қиссаларынан алынған Лұқпан Хакім мысалы данышпанның
ұлына айтқан үш насихатын және соны іс жүзінде тексеріп, ақтығына көз
жеткізген ұлының оқиғасын арқау етеді.
Ата мен бала мысалында ақын кейіпкерлері Дәуіт Пайғамбар мен оның
ұлы Сүлеймен Пайғамбар. Егінші мен қойшы арасындағы дауды дұрыс шешкен он
екі жасар баласына Дәуіт Пайғамбар ел жұртының билігін көңілі толып
ұсынады. Ақын қорытынды ойын:
Бек тұтын бала демей, білім бар-ды...
Жас демей, ақылы барды аға тұт деп,
Данышпан айтқан Лұқпан, Аплатон,- деп түйеді [6,91-92].
Ақынның әрбір мысалы дерлік ежелден адамзат баласының игілігіне
жұмсалып келе жатқан шығыс фәлсафалық ойларын арқау еткен туындылар деуге
әбден болады. Тұрмағамбет ақын мысалдары арқылы қазақ әдебиетіне екі түрлі
қызмет етті деуге болады: бірі - шығыс фәлсафасын әдеби шығарма - мысал
етіп қазақ оқырманына ұсынуы, екіншісі – мысалдары арқылы қазақ әдебиетін
жаңа жанрдағы жаңа шығармалармен, тақырып, сюжеттермен т.т. байытуы. Осы
айтылған мәселелерді Шораяқтың Омарының Жарлы Тәліп, Қара шекпен,
Маймыл секілді мысал оқиғаларды арқау еткен шағын дастандары, Мұхаммад,
Мағауия, Һақ Сүлеймен, Әбу Шаһма сияқты діни дастандар жөнінде де,
жалпы ақын шығармашылығы жөнінде де айтуға болады [9,85-175].
Жоғарыда арнайы қайталанып, айтылып жатқан, әсіресе ХІХ ғасырдың
соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басында шығармашылық етіп, қазақ әдебиетін шығыс
фольклоры, классикалық әдебиет үлгілері тақырыптарымен, сюжеттерімен т.т.
байытқан, мысал жанрының дамуына мол үлес қосқан ақындардың бірі – шайыр
Молда Мұса.
Ел аузында Молда Мұса атанып кеткен Мұсабек Байзақұлы қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданының Шоқтас деген жерінде дүниеге
келген. Әуелі әкесі ұстаған молдадан хат таниды, ауылда оқиды. Соңынан
Қарнақтағы Қозы дамылла ашқан дін мектебінде оқиды. Бұдан жас Мұсабектің
әке дәулеті арқасында тәп-тәуір білім алғаны көрінеді. Ақын өзінің алған
білімі жөнінде:
Адамға ғылым, өнер қамшы деген,
Жүйрікпін арабыға парсыменен.
Аз ғана шайырлығым тағы да бар,
Кідірттім қарсы ақынды неше келген,- [10,48] деп жырлайды.
Мұнан ақынның шағатай, араб, парсы тілдерін білгені, сол тілдердегі әдеби
шығармаларды оқығаны аңғарылады. Тіпті орыс әдебиеті мен батыс әдебиеті
классиктері шығармаларымен де ептеп таныс болғаны байқалады. Ол жайт
ақынның мына секілді өлең жолдарынан аңғарылады:
Шайырлыққа қазақтың алдындаймын,
Еш жүйрікке алдымды шалдырмаймын.
Арабы, парсы, түркі бәрі бірдей,
Тек тұрмай орысша да балдырлаймын...
Шекспир, Бальзак, Гете, Пушкиніңнен
Кеммін деп жүргенім жоқ ешкіміңнен [10,28].
Ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдар оның әдеби мұрасын негізінен
былай жіктейді: бірінші– ақынның заманға, жалпы тіршілік, мән-мағынасына
үңіліп, толғаған ой түйіндері, табиғаттың әдемі суреттерін тамашалайтын
және шынайы сүйіспеншілікті жырлайтын өлеңдері, екінші - жалпы адамгершілік
қағидаларын уағыздайтын мысалдары, үшінші - айтыстары, төртінші –
дастандары, бесінші – батырлық жырлары [11,126].
Ақынның азаматтық лирикасы қатарында мына секілді өлеңдерін ерекше
атап айтуға болады: Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл, Сайлау деген
елге бір бүлік болды, Ақын деп сыртымыздан әркім қанық, Ақындардың
келеді тілі қанжар т.б.
Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл,
Патшадай малды кісі, кедейлер құл, [10,12] -деп бұл дүниедегі
мүлік теңсіздігінен туатын түрлі жайға, адамдар қоғамындағы қайшылыққа
фәлсафалық ой жібере толғайды. Ақынның махаббат лирикасы қатарында Сырым
қызға, Сүйгенімді сағындым, Қыз сипаты секілді үш өлең жатқызылады.
Философиялық өлеңдері қатарында Қарекетке жаратқан адамзатты, Өзіңді бұл
дүниеде жолаушы біл, Өткен ғұмыр жеткізбес шапсаң-дағы секілді
шығармаларын атауға болады. Мұнда ақын өмірдің өтпелілігін, адам өмірі
тұтастай еңбекке, көрер бейнетке негізделгені туралы толғайды.
Молда Мұсаның табиғат көрінісін суреттейтін Табиғат тамашалары атты
біреу де болса бірегей өлеңі бар.
Ақынның Тышқан мен түйе, Адам мен аюдың достығы, Ағаш пен
маймыл, Қайырымды қыз бен қайыршы, Түзу терек, т.б. мысал өлеңдері
бар. Сонымен бірге, қазақ әдебиетіндегі ең көркем, маңызды айтыстардың бірі
– Молда Мұса мен Манат қыздың айтысы. Мұсабек ақынның Сұлу әйел мен
молда, Ұры мен жолбарыс, Опасыз жар дастандары мен Ер Шора секілді
эпикалық жыры бар. Ер Шораның бүгінгі күнге жеткен, толық емес нұсқасының
өзі жеті мың жолдан тұрады.
Молда Мұса туралы ақын Өтебай Тұрманжанов сонау 1935 жылы Молда Мұса
ақын туралы атты мақаласын жазады [12]. Мақала сол жылы Әдебиет майданы
журналында басылады. М.Әуезов 1936 жылы шығарған хрестоматиялық еңбегіне
ақын өмірі мен шығармашылығын енгізді. Сол секілді ғалым Р.Бердібай ақын
шығармашылығын тұрақты зерттеп келеді. 1965 жылы шыққан қазақ әдебиетінің
тарихы томдығының екінші том, екінші кітабындағы, 1994 жылы шыққан ХХ
ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті атты ғылыми жинақтағы ақын туралы
жазылған монографиялық тарауларды да Р.Бердібай жазды. Ғалым ақын
шығармашылығы туралы Гүлстанның бұлбұлдары, Жұлдыздар жарығы секілді
жинақтарында арнайы сөз етіп отырды.
Молда Мұса шығармаларының кеңес дәуірінде жиналып, жариялануына,
жинақ болып шығуына, ғылыми тұрғыда тұрақты зерттеуіне ерекше еңбек
сіңірген ғалым Ә.Оспанұлы болды. Ол ақынның 1987 жылы басылған Өткен
күндер жинағын (Алматы, 1987), 1995 жылы Шымкентте басылған екі кітаптан
тұратын жырлар жинағын бастырып шығарды. Ғалымның бұл еңбегі 2001 жылы
Астана қаласында басылған Жыр мұра жинағына ұласты. Жинақ Сыр өзенінің
екі беті мен Қаратау атырабы ақындарының әдеби мұрасын бір арнаға
тоғыстырған толымды еңбек болды. Сол жинақтың 228-300-беттері аралығынан
Молда Мұса ақынның жыр шумақтары орын алды. Ғалымның Қаратау атырабының
ақындары [11], Қаратау шайырлары [13] секілді ғылыми еңбектерінде де
негізгі зерттеу нысанының бірі Молда Мұса өмірі мен шығармашылығы болды.
Ақын шығармашылығының зерттелуі күні бүгінге дейін жалғасуда. Ғалым
З.Оразбекова Мұсабек Байзақұлының ақындық мұрасы атты монографиялық
ғылыми зерттеу жұмысын кітап етіп бастырып шығарды [14]. Осы тақырыпта
кандидаттық диссертациясын қорғады.
Молда Мұса шығармашылығындағы ерекше атап айтатын мәселенің бірі –
ақынның мысал жанрына елеулі үлес қосуы. Оның бұл салада еткен еңбегі
қазіргі уақытта түрлі антологиялық жинақтарда мысалы, ХХ ғасыр басындағы
қазақ ақындарының шығармалары (Алматы, 1963), Үш ғасыр жырлайды (Алматы,
1965), Бес ғасыр жырлайды (Алматы, 1984), Ай, заман-ай, заман-ай...
(Алматы, 1991) жарияланып келеді. Сол секілді ақынның сегіз мысал өлеңі мен
үш мысал дастаны жеке жинақтарында тұрақты жарияланып жүрген туындылары
деген болар едік. Олар Тышқан мен түйе, Жолбарыс пен түлкі, Қайырымды
қыз бен қайыршы, Адам мен аюдың достығы, Түзу терек, Ағаш пен
маймыл, Семірген есек, Адалдық пен арамдық секілді мысал өлеңдері мен
Ұры мен жолбарыс, Опасыз жар, Сұлу әйел мен молда секілді шағын мысал
дастандар. Осы шығармалардың қай-қайсысы да түп-төркінін шығыстың Мың бір
түн, Кәлилә мен Димнә, Тотынама секілді фольклорлық асыл қазынасынан
тартып жатқаны даусыз. Кейбірін И.А.Крыловтан деп берсе де, оның
мысалдарының да түп негізі аталған шығармалар екені дау тудырмаса керек.
Молда Мұса мысалдары біз үшін ақын шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері
болуымен қатар жалпы қазақ әдебиетінің белгілі бір кезең дамуынан, яғни
мысал жанрының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
ХІХ ғасырдағы жазба айтыстүрлері
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Мысал жанрының ерекшелігі
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер