Жауын-шашын



І.Кіріспе
1.Атмофералық жауын.шашын
ІІ. Негізгі бөлім
2.Қышқылдық жауын—шашындар мәселесі
2.Қышқыл жаңбырдың биосфераға әсері
3.Қышқылдық жауынның зиянды әсері
Пайдаланылған әдебиеттер
Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршың қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шың, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.
Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.
Жауын-шашынның жылдық таралуы жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай aуa ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашын күрт азаяды. Ал Материктің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығыска қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай континенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.
• Қазақ Энциклопедиясы

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І.Кіріспе
1.Атмофералық жауын-шашын
ІІ. Негізгі бөлім
2.Қышқылдық жауын -- шашындар мәселесі
2.Қышқыл жаңбырдың биосфераға әсері
3.Қышқылдық жауынның зиянды әсері
Пайдаланылған әдебиеттер

Атмосфералық жауын-шашын -- ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршың қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шың, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.
Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі - Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.
Жауын-шашынның жылдық таралуы жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай aуa ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашын күрт азаяды. Ал Материктің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығыска қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай континенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.
Қазақстанның жері негізінен қуаңшылықты болып келеді. Мұнда жауын-шашын аз түседі және әркелкі таралған.жауын-шашынның таралу мөлшеріне оның Атлант мұхитынан қашық жатуы және Еуразия материгінің орталығында орналасуы зор әсерін тигізеді.
Қазақстанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 130-1600 мм аралығында. Әсіресе, Арал теңізінің солтүстік-шығысына іргелес жатқан аудан мен Балқаш көлінің батыс бөлігінде жауын-шашын небары 100 мм, кейбір жылдары одан да аз түседі. жауын-шашынның ең көп түсетін жері Батыс Алтай.
Республиканың жазық және аласа таулы бөлігінде атмосфералық жауын-шашын солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Жауын-шашын солтүстікке орта есеппен 400 мм-ден көбірек (Петропавлда 425 мм), ал орталық алқапта 275 мм-ге дейін, оңтүстікте 130 мм-ге дейін түседі. Батыстан шығысқа қарай жауын-шашын мөлшері кемиді. Батыстағы Орал қаласы маңында 374 мм жауса, шығыстағы Жайсан қазаншұңқырында 200 мм. Қазақстанның таулы бөліктерінде жазықты-аласа таулармен салыстырғанда жауыншашын мөлшері мол. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс биік таулы аудандары ылғалы мол өңір болып саналады. Таулардың жел жақ беткейлерінде 500 мм, ал Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысында 1600 мм ылғал түседі. Қазақстанда атмосфералық жауын-шашынның жылдық таралуы әркелкі. Солтүстік өңірлерде жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70-80%-ы жылдың жылы мезгілінде түседі. Ылғалдың көп мөлшері шілде айына келеді. Оңтүстіктегі шөлді аймақта және шығыс, оңтүстік-шығыс тау етектерінде жауын-шашын таралуының жаздық минимумы айқын байқалады.
Республиканың оңтүстік аудандарында кей жылдары жазда 2-3 ай бойы жауын-шашын мүлдем жаумайтын кездері де болады. Бұл кезде құрғақ жаңбыр байқалады, яғни жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей, ауада буға айналып кетеді. Ал жаңбыр жауғанда, көбіне күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Жылдың салкын уақытында жауын-шашын жалпы аз түседі. Сондықтан қар жамылғысы Калың емес. Республиканың солтүстігіне қыста жылдық жауын-шашынның 20-30%-ы, оңтүстігіне 50-60%-ы түседі. Бұл оңтүстік аудандарда жиі өтетін циклондық әрекеттерге байланысты.
Сурет:Jilik.png
Қазақстан бойынша жылы кезеңдегі жауын-шашынның таралуы
Қар жамылғысы еліміздің аумағында әр кезеңде түседі. Орманды дала, дала зоналарында қар жамылғысының ең ерте түсетін кезеңі қыркүйектің аяғы қазанның басына тура келеді. Ал Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шөлейт зоналарын да ең ерте түсетін кезі қазан айының аяғы. Шөл зонасында желтоқсанның аяғында түседі. Кейде түспейтін кездері де болады.
Тұрақты қар жамылғысының қалыптасатын кезеңі Алтай және Оңтүстік шығыс тауларының мұзды-қарлы белдеулерінде қазан айының басы. Қазақстан жерінде қар жамылғысының жату ұзақтығы мен қалыңдығы әркелкі. Солтүстікте қардың қалыңдығы орта есеппен 20-30 см болса, кар жамылғысы жылына 125-165 күн жатады, оңтүстікте қардың қалыңдығы 10-15 см, қар 40-60 күн жатады. Таулы аудандарда қардың қалыңдығы мен жату ұзақтығы биіктігіне байланысты, мысалы, Іле Алатауындағы Мыңжылқыда (3036 м) қар жамылғысының қалыңдығы 90 см де, 230 күн қар ерімей жатады. Республика жерінің ылғалдылығы тек жауын-шашын мөлшеріне ғана емес, оның булану мөлшеріне де байланысты. Егер булану мөлшері жылдық жауын-шашын мөлшерінен аз болса, онда ылғалдылық артады. Ал керісінше, булану мөлшері жылдық жауын-шашын мөлшерінен көп болған жағдайда, ылғалдылық жеткіліксіз болады.
Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды. Егер ылғалдану коэффициентін -- К әрпімен, жауын-шашынның жылдық мөлшөрін -- Ж әрпімен, ал буланушылықты -- Б әрпімен белгілесек, онда К = ЖБ болып шығады. Егер жауын-шашынның жылдық мөлшері буланушылықпен шамалас болса, онда ылғалдану коэффициенті бірге тең болады. Мұндай жағдайда ылғалдану жеткілікті деп есептеледі. Ылғалдану көрсеткіші бірден аз болса, ылғал жеткіліксіз деп есептеледі. Мысалы, Қазақстан жерінде 1-ге жақын коэффициент республиканың солтүстік орманды дала зонасында байқалады. Қазақстанның биік таулардан басқа барлық өңірлерінде буланушылық бірнеше есе артық. Мысалы, (Қазақстанның оңтүстік аймақтарында) Түркістанда буланушылық 1250 мм, ал жауын-шашын 238 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,19, бұл климаттың аса Құрғақтығын көрсетеді.
Ылғалдану коэффициенті табиғат зоналарының таралу заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік береді. Мәселен, ылғалдану коэффициенті жылу мен ылғал мөлшері арасындағы байланысты, өсімдік пен топырак зоналарының орналасуын, өзен мен көл жүйесінің тығыздық себептерін анықтауға, сонымен бірге ылғал сүйгіш және қуаңшылыққа төзімді ауыл шаруашылық дақылдарын өсіретін аудандарды дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді.[1]
1. Қышқылдық жауын -- шашындар мәселесі
Қышқылды жаңбыр - атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH Қышқылдық жауын-шашындар пайда болуының негізгі себебі күкіртің қос оксидімен ластану болып табылыды. Су буының қатысуында күкіртті антигридті қышқылының ерітіндісіне айналады.
Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінің көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі.Олар органикалақ қышқылдармен мен басқа да қосылыстар араласып,қышқыл реакциясы бар ерітіндіні береді.
Қышқылдық жауын -- шашындардың түзілуіндегі күкірт қос оксидінің улесі 70% . Қышқылдық жауын -- шашындардың көмірқышқыл газы да үлесін қосады.Алғашқы қышқылдық жауын -- шашындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қазіргі уақытқа дейін 2,2-2,3 болатын жауындар тіркелген.
Қышқылдық жауын -- шашындар солтүстік жарты шарда жаксы таралған.бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр , қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқылдық жауын -- шашындар Скандинавия елдері Англия, Бельгия,Дания , Польша елдеріне тән.
Қышқылдық жауын -- шашындар топыраққа ,су экожуйесіне ,өсімдіктерге , архитектура ескерткіштеріне,ғимараттарға зиянды әсерін тигізеді.
Қышқылдық жауын -- шашынның зиянды әсері әсіресе оңтустік пен тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді.Тропиктік топырақтар нейтралды және сілтілі таралғанымен ,онда жауынның үнемі шайып кетуі себепті нейтралдаушы заттар болмайды.
2.Қышқыл жаңбырдың биосфераға әсері
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады.Биосфера- заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км. Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады.1.Антропогендік ластанудың негізгі көздері.
Антропогендік фактор - адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.
Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. Т.б. жатады.
Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын( газ, бу, ауа тозаңы),энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық,электромагниттік өріс,лазерлі сәулелер,иондағыш шығарындылар т.б.Биосфераны ластайтын компоненттердің хим құрамы отынэнергетика ресурстарының тқріне, өндірісте кенданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б.атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін.Жанаша әсер- биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, меикоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады.Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне,альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді.Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады. . Табиғаттағының бәрі таза деп,жаңбырдың суына бас жуатын жалаң аяқ, жалаң бас жүгіретін балалық дәурен секілді, енді оралмайтын заман болды. Сондықтан да жаңбыр суына бас жууға бола ма? - деп жауап беруге тура келеді.
Өйткені жаңбырдың суы дегеніміз -- өзен-көлдердің бетінен ылғал топырақтан көтерілген бу ғой. Ал осы будан түзілген бұлтта тонналаған сумен бірге алуан-түрлі химиялық элементтер, олардың тұздары, шаң болады. Жаңбыр суының құрамы бұлттың қай жерде түзілгеніне, жауған жеріндегі ауаның қалай ластанғанына байланысты. Ауа мен жаңбыр суын ең алдымен сапырылысқан көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, аммиак, күкіртті көміртегі тарайды. Күкірт пен азоттың қосындылары сумен қосылғанда қышқыл түзіп, жерге қышқыл аралас жаңбыр болып жауады.
3.Қышқыл жауын шашынның зиянды әсері әсіресе солтүстік және тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді. Бірінші жағдайда онсыз да қышқылдығы жоғары топырақ қышқылданады.Бұл топырақтарда қышқылдылықты нейтралдайтын (кальций карбонаты,доломит және т,б,) табиғи қосылыстар болмайды.
Тропиктік топырақтар нейтралды жіне сілтілі болғанымен.онда жауынның үнемі шайын кетуі себепті нецтралдаушы заттар болмайды.
Топыраққа келіп түсетін қышқыл жауын шашындар катиондардың қозғалғыштығы мен шайылып кетуін арттырады,редуценттердің, азотфиксаторлардың және басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді.
рН 5-ке және одан төмен болғанда топырақтағы минералдардың ерігіштігі артады да,олардан mjc к8йде улы болып табылатын, алюминий бқлініп шығады.Қышқыл жауын - шашын fesh металдардың да қозғалғыштығын арттырады.Кейбір жерлерде қышқыл жауын шашын мен олардың әсер ету қнімдері грунт суларына,одан су қоймаларына және су құбырына түсіп,құбырлардан алюминий және басқа да зиянды заттардың бөлініп шығуына әкеледі.Бұл құбылыстың нәтидесінде feesp судың сапасы төмендейді.
Су қоймаларына түскен қышқыл жауын шашын судың қышқылдығы мен кермектігін арттырады.Көптеген гидробионттар аталған көрсеткіштердің өзгеруіне өте сезімтал болады.Су ортасының рН 6-дан төмен болғанда ағзаның өсуі мен дамуы үшін маңызды ферменттер,гармондар мен басқа да биологиялық белсенді заттардың қызметі тежеледі.рН-тың зиянды әсері негізінен жұмыртқа жасушалары мен жас дараларда байқалады,Бұл жағдайда өнім негізінен ластаушы заттардың тікелей ағзаға әсерінен емес,көбеюге мүмкіндік бермеу арқылы әсер tntl
Қыщқыл жауын шашын мен оның компоненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді.Қышқыл жакын шашын өсімдіктерден биогендерді (әсіресе кальций,магний,калий) қанттар,ақуыздар,аминқышқылдарын ығыстырып,зақымдайды.Олар қорғанышсыз ұлпаларды зақымдап,ағзаға патогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену мүмкіндігін арттырады,Мұндай әсердің нәтижеснде фитоценоздардың өнімділігі төмендеп,кейде толық жойылып кетуіне әкеліп cj&nhes мүмкін.
Қышқыл жаңбырлардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да байқалады.Бұл әсер алюминий мен fesh металдардың қозғалғыштығының артуы нәтижесінде болады.Бос алюминий жас тамырларды зақымдайды.Оларда инфекциялардың ену ошақтарын түзеді,ағаштардың уақытынан бұрын &fhn.syf әкеледі.
Әсіресе қылқан жапырақты ормандар кұшті зақымданады.Бұл ең алдымен олардың қылқанының ұзақ (4-6 жыл) өмір суруіне ондағы улы заттардың жиналуына байланысты.
Атмосфераның ластануына жоғары дәрежеде сезімталдығымен қыналар сипатталады.Олар әдетте ең бірінші болып,экожұйеден жойылады және қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің индикаторы болып табылады.
Соңғы жылдарда ормандардың дәстүрлі ластаушылары мен озонның бірлескен әсерінен зақымдануына көп көңіл бөлінуде.
Озон негізінен фотохимиялық смогтің өнімі болып табылады.Оның әсерінен хлорофилл тікелей және хлорофиллді тотығудан қорғайтын маңызды агент С витаминінің шектен тыс жұмсалуы арқылы бұзылады.
Қышқыл тау жыныстары - құрамында кремний оксиді 64%-дан жоғары болатын магмалық тау жыныстары. Олардың орташа химиялық құрамы: SіO2 64 - 78%, кейбір ультрақышқыл түрлерінде 80 - 85%-ға, ал магмалық кварцолиттерде (Үлгі:Силексит) 85 - 100%-ға жетеді. Олар интрузия және эффузия процестерінің нәтижесінде қалыптасады. Интруз. Қышқыл тау жынысының ішінде гранит, гранодиорит, аляскит, рапакиви, чарнокит, плагиогранит көп кездеседі. Эффузия Қышқыл тау жыныстарынан мол тарағандары липарит пен липариттік порфир, кварц порфирі мен кератофир, дацит пен дацит порфирі, фельзит пен жанартаулық шыныларға жататын обсидиан, пехштейн (қарамай тас), пемза (көпіршік тас), церлит. Қышқыл тау жыныстары, негізінен, кварцтан, калийлі және калий-натрийлі дала шпаты мен плагиоклаздан (альбиттен андезинге дейін) тұрады. Фемалық минералдар аз мөлшерде (5 - 10%) кездеседі, кейбір түрлерінде ғана 15 - 20%-ға жетеді. Олар - биотит, амфибол, пироксен (сирек), тағыда басқа қышқыл тау жыныстардың көпшілігінде кварц 20 - 40%, калишпат (ортоклаз, микроклин, санидин) 20 - 40%, плагиоклаз 20 - 50% болады. Онда кездесетін акцессор минералдар (апатит, сфен, магнетит, циркон, монацит, торит, малакон, ксенотим, пирохлор, турмалин, т.б.) сирек металды, радиобелсенді болып келеді. Қышқыл тау жыныстары - қызғылт сары, қызыл, күрең қызыл, кейде ашық сұр түсті. [[Интрузия Қышқыл тау жыныстары бірқалыпты ірі, порфир кейіптес, ал эффузия түріндегілері өте ұсақ түйірлі немесе шыны тәрізді аморфты массадан құралған. Эффузия қышқыл тау жыныстары күмбезді, тасқын, жамылғы, желі пішіндес, ал интрузия Қышқыл тау жыныстары батолит, лакколит, шток, желі тәріздес келеді. Барлығы да қалыпты, сілтілілеу және сілтілі қатарлар болып бөлінеді. Олардың арасында көбірек тарағаны қалыпты және сілтілі қатарлар. Қышқыл тау жыныстардың жанартаулық шынылардан ғана тұратындары обсидиан, пемза, перлит түрлеріне бөлінеді. Қышқыл тау жыныстары қышқыл магманың кристалдануынан, терең жер қыртысындағы шөгінді жыныстардың балқуынан (палингенезінен), метасоматикалық жолмен пайда болады. Олар әшекейлеу ісінде (рапакиви мен амазонитті [[гранит[[), құрылыс материалдары ретінде (пемза, т.б.) кеңінен пайдаланылады
Қышқылдық жауын щащын 100 жылдан астам уақыт бұрын белгілі болған.Қышқылдық жауын деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британоқымыстысы Роберт Ангус Смидт қолданған.Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт пен азоттың химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды.Яғни атмосферадағы бқл заттардың өзгерісі химиялық реакциялары күкірт қышқылы мен азот қышқылын береді.Бу күйіндегі бұл заттар бұлттарға сінедіғ fef 09рамында болады,Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі.Жалпы қышқылдық жауындар табиғатта жанартаулардың атуына байланысты өздігінен түзіле алады.Жер атмосферасына әр жыл сайын r&rhnn& қосындылары 92-112 млн тн,азот қосындылары 51-61 млн тн,түседі.Күкірт өосындыларының 59-69%, азот қосындыларының 37% антропогенді факторлардың әсері болып табылады.Қышқылдық жаундар биосфераға тікелей немесе жанама әсер етеді.Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен өсімдіктер мен ағаштар құрайды.Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың топырағы ластанады.Қышқылдық заттар,әсіресе,тыныс алу жолдарына өте зиян келтіреді.Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SO2 концентрация деңгейі 1 мг м жететін болса,тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап,тыныс алу жүйесі ауратын tult тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді.Жанама әсері-топырақ пен судың рН көрсеткішінің өзгерісі..Өышөылдық элементтер су мен топыраққа түсіп,олардың рН көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі.Ал бұл алминий және марганец,кадмий,мыс сияқты fesh металдардың ерігіштігін жоғарылатады.Олар өсімдік және жануарлар организмінде жинақталып,тамақ арқылы адам организміне түсіп,көптеген аурулар туғызады.Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші рН өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды.Олар рН 6,5 болған кезде өле бастаса,рН 4,5 тең болған кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер ғана тірі қалады.
Қышқыл жаібырлардың зардабын тартқан кейбңр мемлекеттер бұл мәселенің шешімін іздестіріп,белглі біл шаралар қолдануда.Мәселен,қышқыл жаңбырлардың зардабын тартқан Швеция көмір мен мұнай жағуды шектеді.Бұл елде құрамында күкірті жоқ жанармайлар ғана пайдаланылады.Кенді балқытқанда және отынның қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін зиянды заттар түгелдей дерлік сүзіледі.Швеция үкіметі күкірт шығындыларын шектеу туралы келісімге қол қойды.Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге көрсетті.
Қолданылған әдебиеттер:
Қышқыл жаңбыры - соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. "Қышқыл жаңбыры" деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды
Негізінде, жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс -- әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде.
Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.
Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауын-шашын туралы
2005 жылғы жауын - шашынның ластануы
Ауа райына жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың қорытындыларын өңдеу
Күршім өзені алабының өзендері
2010-2012 жылдары аралығында атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамының өзгеруі
Қазақстанның климатына әсер етуші факторлар
Популяциялық экология – демэкология. Экожүйеге қышқыл жаңбырдың әсері
Африканың географиялық белдеулері
Қазақстанның солтүстік аймағындағы агроклиматтық көрсеткіштердің кеңістік - уақыттық таралуы
Жер беті ландшафттарының типтері. Тропикалық және экваторлық ландшафт типтері
Пәндер