Семейдегі атом полигоны



1 Сынақ алаңының зардабы
2 Полигон аймағы қонысқа жарамды ма?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі атом полигонын жабу турасындағы Жарлыққа қол қойғанына да, міне, жиырма жыл толады. Бұрынғы Семей атом полигонының ел мен жерге тигізген зардаптары туралы БАҚ-тарда аз жазылып жүрген жоқ. Әйтсе де, оны егемендік алған еліміздің қай халық өкілі болмасын естен шығармауы тиіс. Семейдегі Радиациялық-экологиялық ғылыми орталықтың және басқа да ғылыми деректерге сүйенсек, сынақ тоқталғанға дейін жалпы Кеңестер Одағында 670-тей ядролық жарылыс жасалған. Мұның 95 пайызы Семей атом полигонында өткізіліпті. Сынақ 1964-1965 жылдардан бастап қана жерасты шахталарына көшірілген. Ал 1949 жылдың тамызынан бастап жер үстінде, ауада жүргізіліп келген.

Семей полигоны
4-Мамыр, 2011 3 801 рет оқылған
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі атом
полигонын жабу турасындағы Жарлыққа қол қойғанына да, міне, жиырма жыл
толады. Бұрынғы Семей атом полигонының ел мен жерге тигізген зардаптары
туралы БАҚ-тарда аз жазылып жүрген жоқ. Әйтсе де, оны егемендік алған
еліміздің қай халық өкілі болмасын естен шығармауы тиіс. Семейдегі
Радиациялық-экологиялық ғылыми орталықтың және басқа да ғылыми деректерге
сүйенсек, сынақ тоқталғанға дейін жалпы Кеңестер Одағында 670-тей ядролық
жарылыс жасалған. Мұның 95 пайызы Семей атом полигонында өткізіліпті. Сынақ
1964-1965 жылдардан бастап қана жерасты шахталарына көшірілген. Ал 1949
жылдың тамызынан бастап жер үстінде, ауада жүргізіліп келген.
Сынақ алаңының  зардабы
Ресми түрде тіркелген сынақтар саны – 124. Бірақ кейбір мұрағаттық
құжаттарға қарасақ, бұл алдамшы мәлімет сияқты. Шындығында, тек кейінгі
жылдарда ғана полигонда 345 жерасты сынағы болғанға ұқсайды. Олар қазіргі
Абыралы мен Саржал маңайындағы Дегелең тауының қойнауында терең шахталарда
жүргізілген. Полигонда жарылған 600-ден астам сынақтың 467 бомбасының
зарядының күші тіпті белгісіз, құпия күйде. Оны жүргізгендер Мәскеу асып
кеткен. Бұған қосымша кейбір термоядролық қарулардың сыналғандығы туралы
деректер де бар.
Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен скважиналардың
түптері мен шығар ауыздары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты да. Соның
салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар
жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ
кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері –
Стронций-90, Плутоний-238, Цезий-137, тағы басқалары. Мәселен,
стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі
үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл қажет. Бір
ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда
болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың
денсаулығын ойлап көріңіз. Осыншама сынақты қойнына тығып жатқан қара жер
қойнауының әлі алда не әкелерін кім білсін?! Бұл жақта сирек те болса
өтетін жер сілкінісінің өзі күдікті мың еселей түседі.
Қазақ – көнбіс те шыдамды халық. Әйтеуір, қу жанын шүберекке түйіп алып,
атам заманнан бері мекен етіп келе жатқан атажұртын тастап кетер емес.
Қайнар – (Абыралы) полигоннан 120-ақ шақырым, Саржал (Абай) бұдан да жақын
жерде, Абыралы ауданы қайта ұйымдастырылғанда, полигон түбінен тағы екі
шаруашылық ірге тепті. Оған әдейі істегендей Моңғолиядан келген
қандастарымызды көшірдік. Олардың көпшілігі бір жылға әрең шыдап, ауруға
шалдыға бастаған соң көшіп кетті. Тек туған жердің тұрғылықты момын жұрты
ғана қозғалар емес.
Бір кезде қайнарлық қайсар азамат, марқұм Болат Жәкішев ауылында полигон
зардаптарынан қайтыс болғандардың тізімін жасап жүрген. Ол қайтыс болғалы
он жылдан асыпты. Оның сол кездегі деректеріне жүгінсек, 1963 жылдан бері
қатерлі ісік ауруларынан алақандай Қайнардың өзінде 200-ден астам адам
қайтыс болған. Жиырмадан астам қыз-жігіт өзіне-өзі қол жұмсап, 18 адам ақ
қан ауруынан қайтпас сапарға аттанған.
Жарма ауданының Қалбатау ұжымында тұрған марқұм Мүтән Аймақов та – сол
кездің куәгері. Қайнар синдромын көзімен көрген адам. 1953 жылы 12
тамызда тұңғыш сутегі бомбасын сынау кезінде Қайнар ауылында 42 адам әдейі
тәжірибе үшін қалдырылған. Бұл күнде солардың бірде-біреуі жер басып тірі
жүрген жоқ.
Көршілес Саржал ауылының да түпкілікті тұрғындарының айтуынша (кейбір
мұрағат құжаттары растайды), осы ауылда 200-ге таяу адам қатерлі ісік, тағы
басқа ауыр металдар туғызған науқастардан қайтыс болған. Мұнда ауруханада
1962 жылдан бері радиация зардаптарынан қайтыс болғандардың да тізімі
жасалыпты. Оқи бастасаң жаның түршігіп, жағаңды ұстайсың! 1962 жылдан бері
Саржалдың 70-тен астам адамдары өзіне-өзі қол жұмсаған, мұның басым бөлігі
он екіде бір гүлі ашылмаған бозбала мен бойжеткендер еді.
Иә, өзекті өртеген өкініш осымен тынбапты. Сол ауылдағы дәрігерлердің
айтуынша, қазір мұндағы әрбір жас балада қан жетімсіздігі, жүйке
ауытқушылық, көз ауруы сияқты ауыр дерттерге шалдығушылық факторлары
байқалады. Саржал ауылының 300 адамы радиологиялық диспансер есебіне
тіркелген. Медициналық тексеруден өткенде 1083 адамның 500-ден астамының
денсаулығында түрлі ауытқушылықтар анықталған. Ауылдағы орта мектептің 800
оқушысын тексеруден өткізгенде, төрт жүзден астамынан қатерлі ісіктің
белгілері байқалған. Әр үш баланың бірі көз жанары ауруымен ауырады.
Радиациялық сәуле алу кесірінен бұрын естіп-білмеген сұмдықтарды көру
пешенемізге жазылыпты. Мәселен, Қарауылда бір әйел босанып, қол-аяғы жоқ,
басында екі көзі мен аузы ғана бар мутагенді жан иесін дүниеге әкелген.
Мұндай бір қолы, бір аяғы жоқ, не аяқ-қолы істемейтін, не саңырау, мылқау
болып туған кемтар балалар Саржалда, Қайнарда әлі де жиі кездеседі. Осындай
кембағал жан, суретші, қарағандылық Күйіковтің есімі, кескіні қазір бүкіл
әлемді шарлап кеткен.
Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының
денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы
деректер) – 1650-ге таяу, ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700 адам
жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ
бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері
нашарлығы байқала бастаған. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде
– 59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде
– 52-55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді.
1995-2000 жылдары бұрынғы Семей облысында туғандар санынан өлгендер саны
басым түсе бастауы дабыл көтерерлік жағдайдың босағадан аттағанын
көрсетеді.
1990 жылдан бастап полигон маңайындағы бес аудан халқы медициналық
тексерулерден жыл сайын өтіп келсе, бұл жұмыс қаржы жетіспеушілігінен 1992
жылдан тоқтатылған. Ал қолда бар мәліметтерге жүгінсек, полигон маңайындағы
100 мыңнан астам ауыл тұрғындары 100-ден 200 бэрге дейін радиациялық сәуле
алғандығы мәлім болып отыр. Ол Қайнар синдромы деген атпен құпия түрде
Мәскеудегі әскери ведомствоға жинақталған. Осы медициналық тексерулерді сол
кездегі Кеңес Одағына мәлім радиолог-ғалым А.Ф.Цыб басқарып келген. Кезінде
осы ғалымның медициналық комиссия сараптамасы баспасөзде жарияланды. Оны
негізгe алсақ:
– полигондағы атом сынақтары болған аймақта тұрғандардың қанында қызыл
түйіршіктер азаюы (ақ қанға айналуы), хромосомдық өзгерістер 4-5 есеге
артқан;
– 1970 жылмен салыстырғанда әр тұрғынның орташа жасы үш жылға қысқарған;
– медициналық тексеруден өткендердің 45-50 пайызының организмдерінде ауруға
қарсы тұрушылық (иммунитеті) төмендеген;
– 1969 жылмен салыстырғанда ақ қан ауруымен науқастанып, қайтыс болушылар
саны үш есе көбейген;
– полигонмен жапсарлас тұрған аудандарда туған балалар арасында ақыл-ойы
кемістер сол кездегі Одақтық көрсеткіштен (әр мың адамға шаққанда) бес есе
көп;
– әр мың адамға шаққанда осы бес ауданда қатерлі ісік аурулары 445-460
адамға жеткен;
– екіқабат әйелдердің науқастануы, түсік тастауы, үш әйелдің бірінің
басындағы қасірет, тағысын-тағылар, айта берсең таусылмайды.
Кеңестер Одағының әскери ведомствосы қолмен туғызған сорақылық,
қылмыскерлік 40 жыл бойы Қазақстанның ең құйқалы өңірінде үнсіз қырғын
ұйымдастырып келген. Біздің бағымызға орай, Радиологиялық зерттеу
орталығының бас дәрігері В.Гусев семейлік болды. Ол республикамыз
тәуелсіздік ала салысымен, көптеген құжаттардың көшірмесін алып қалып,
жантүршігерлік жағдайлардың бетпердесін ашты.
Атом сынақтарынан кейін пайда болатын 600-700 микрорентген бүкіл тіршілікті
жояды. Ал 300-400 рентген дозасын бойына сіңіргендер ақ қанға шалдығып, аз
уақыт ішінде өмірмен қоштасады. Радиологиялық орталық дәрігерлерінің
зерттеуінше, бұрынғы Семей облысы, көршілес Шығыс Қазақстан, Қарағанды,
Павлодар, Алтай өлкесі тұрғындарының көпшілігі 25-30 бэр, кей аудандарда 40
бэрге дейін залал шеккен көрінеді. Мұндай сұмдықтың растығын Семей жеріне
келіп, радиациялық деңгейді өлшеп жүрген ғалымдар да аракідік айтып жүр.
Мәселен, семейліктер ішіп жүрген қымызда стронций нормадан 28 есе көптігі,
ет, сүт, бау-бақша өнімдерінде басқа да ауыр металдар құрамы аз еместігі
енді-енді анықталуда. Осындай жағдай Ертіс пен Шаған суларынан ауланған
балық түрлерінде де байқалуда.
Бұрынғы Кеңестер Одағының әскери ведомствосы Қазақстанда 20 миллион гектар
жерді әскери сынақ алаңдары үшін бауырына басқан екен. Соның 2 миллион
гектары Семей полигоны төңірегіндегі сынақтар алаңына жатқызылған. Осы
алқапқа, полигонға жапсарлас аудандардың жері мен еліне сынақтардан қандай
зиян келді? Кейбір шетелдік басылымдардың, әсіресе, америкалық және
жапондық ғалымдардың деректері бойынша, Семей өңіріне атом сынақтары
салдарынан келген зиян мөлшері 45-50 миллиард доллар көрінеді.
Күні кеше Ресей Кеңестер Одағының жалғыз мұрагері ретінде барлық әскери
қуатты қаруды өзі жеке иемденіп кетті. Тіпті стратегиялық атом қаруымен
жарақтанған бірнеше полкті де жеке-дара меншіктеніп, өз аумағына көшіріп
алды. Ал күні бүгінге дейін Кеңестер Одағының осы мұрагерлеріне атом
полигоны зардаптарын жою жөнінде талап қоймауымыз неліктен? Қаржылай көмек
бере алмағанның өзінде, ағаш, мұнай, энергетикамен қараса алады ғой.
Атом полигоны зардаптарынан қайтыс болғандардың толық тізімін жариялайтын
Қаралы кітап шығаруды да қолға алатын мезгіл жетті.
Келешекте сынақ өткен жерлерді цеолит араласқан топырақпен өңдеуді осы
бастан ойластырғанымыз жөн. Өзіміздің облыста Тарбағатай ауданында
цеолиттің мол кен орыны бар. Полигонды, сол маңдағы елдімекендерді,
атқарушы органдар мен медициналық орындарды гейзер, дозиметрлермен
қамтамасыз еткен ләзім. Әлі күнге дейін полигон аймағындағы радиациялық
деңгейдің картасы көпшілік қолына берілмеуі де зардаптарды молайта түсуде.
Қай жерлерде тіршілік етуге болады, қай жерлер қауіпті, оны халық білмейді.
Радиациялық қауіпті аймақтардағы торлар алынып тасталған, мал жаюшылар,
түрлі-түсті металл сынақтарын іздеушілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей полигонының зардабы
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Семей полигоны туралы жалпы түсінік
Семей экологиясы
Семей полигонының инфрақұрылымы
Семей полигоны жайында
Қазақстанның ядроға қарсы бастамасы
Семей полигоны және оның зардаптары
Невада - Семей полигоны
Қазақстандағы атом полигондары
Пәндер