Еңбек биржасы мен жұмыссыздықтың теориялық мәселелері
Мазмұны:
Кіріспе 5.6 бет
І Еңбек биржасы мен жұмыссыздықтың теориялық мәселелері
1.1 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері 7.14 бет
1.2 Еңбек нарығының мәселелері 13.16 бет
ІІ ҚР.дағы еңбек биржасы мен жұмыспен қамту мәселелері
2.1. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасы мен жұмыспен қамтуды талдау 17.22 бет.
2.2 ҚР.дағы еңбек нарығының қалыптасуы және даму ерекшеліктері 22.28 бет
Қорытынды 29.30 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 31.32 бет
Қосымшалар 33.36 бет

Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. Себебі, нарықтың басқа түрлеріне қарағанда еңбек нарығының басты ерекшелігі – оның негізін құрушы тірі адамдар екендігі.
Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және де басқа шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қыруарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротыққа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда, жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздық мөлшері асып немесе кеміп кетсе, нарықтық экономикаға залалын тигізеді, ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Жұмыссыз қалу қаупі - әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың көпшілігі үшін жалақы – жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз сезінеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарықтық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы отыз жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеудің механизмі құқықтық негізде әрекет ететін мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін қолданады. Мұндай жағдайда мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет.
Еңбек нарығы. Жалдау формасы біздің елге тән құбылыс екендігіне күмән жоқ, бірақ ол іс жүзінде қалай болса, солай жүргізілді, яғни біз оған немқұрайлы көзбен қарадық.
Еңбеккерлерге белгілі бір жұмыс орны бекітіліп, тіпті, оның зейнетке шығуына дейін қамтамасыз етіліп отырды. Оларды жұмыстан шығаруда көптеген жағдайлар тосқауыл болып отырды.
Ал қазіргі жағдай аз да болса да өзгеріп келеді. Меншіктің әр түрлі формаларына көшуге байланысты қоғамның әрбір мүшесіне жұмыс орнын ерікті түрде таңдауына ғана емес, сонымен қатар, өзінің жұмыс күшін өз еркімен пайдалануына да кең жол ашуда. Олардың қоғамдастырылған өндірісте (мемлекеттік немесе ұжымдық) жұмыс істеуі, жеке еңбек әрекеті, жалдамалы еңбекпен айналысу құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, келешекте әрбір адамның өз еліндегі орнын анықтауына, тіпті басқа елге кетуіне мүмкіндік туды.
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы күшінің жұмыс орнынан босау процесі өрістеуде. Болашақта жұмыс орны кепілдік түрде анықталмайды, яғни еңбекке жолдау нақты түрде жүзеге асырлатын болады. Бұл жағдай, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбеккерлердің табысының өсуіне, ғылыми техникалық прогресті тежейтін формаларды жоюға жол ашады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық - Алматы: Экономика,2003-432 бет.
2. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы.
3. Кодекс законов о труде Казахской ССР по состоянию 1октября 1998г. Алматы: Баспа 1998. 96 бет.
3. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. 2004.
4. Ғ. Сапарғалиев «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық құқығы» Оқулық, Алматы «Жеті жарғы» 2004. 74бет
5. Шеденов Ө.К. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2000. 94 - 100 беттер
6. Я. Ә. Әубәкіров, «Экономикалық теория», Оқу құралы, Алматы «Қазақ университеті» 1999. 120-126 бет.
7. Б. Мәдешов «Экономикалық теория негіздеріне кіріспе»,
Алматы, 1994. 110-119 бет.
8. Жүнісов Б. А. «Нарықтық экономия негіздері» Алматы,1994, 25-32 бет.
9. Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф. Н., «Экономикалық теория негіздері», Оқу құралы, Алматы, 1999. 105-120 бет.
10. С. Райымқұлұлы, «Экономикалық теория негіздері», Оқу
құралы, Шымкент, 2005. 154-158 беттер.
13. Макконнелл К. Р., Брю С. Л. «Экономикс» : Принципы,
проблемы и политика, Том 1, 157-162 стр.
14. Шеденов Ө.,Нұрымов Ғ. «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек нарығы», Алматы, 2001. 103-110 бет.
15. Осипова Г. М. «Экономикалық теория негіздері», Алматы, 2002. 250-253 беттер.
16. Крымова В. «Экономикалық теория», Кестелі оқу құралы. Алматы. Арқайм, 2003. 81-88 беттер.
Мерзімді басылымдар:
1. Д. Сабыр, «Жұмыссыздар саны азайып келеді» // Оңтүстік Қазақстан, № 133 – 134 (17 770) 11.09.2004, 2-3 бет.
2. Б. Шайманов, «Жұмыссыздық деңгейі төмендеуде» // Оңтүстік Қазақстан, №148 (17 624) 4.12.2003, 2бет.
3. Д. Шерімқұлов, «Еңбек рыногының бүгінгі жағдайы» // Оңтүстік Қазақстан, №110-111 (17 747) 31.07.2004, 7-10 бет.
4. Ү. Алтаев, «Жұмыспен қамту орталығында не істелініп жатыр?» // Оңтүстік Қазақстан, №31 (18 047) 28.02.2006, 4-5 бет.
5. «Қазақстан және оның аймақтары», 2’2003, Алматы, 58-60бет.
6. «Қазақстан және оның аймақтары», 4’2004, Алматы, 55-57 бет.
7. Д. Ажинурина, «Жанға батқан жұмыссыздық, оны тоқтатуға бола ма?»,// Заң №4, Алматы 2004, 69-75 бет.

АННОТАЦИЯ
Бұл курстық жұмыста ҚР-дағы еңбек биржасы және халықтың жұмыспен
қамтылуы қарастырылған.
Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы
бағдарламасы жасалған. Еңбек нарығындағы жағдайды талдай отырып ,
жұмыссыздарды қайта оқыту шаралары қарастырылған, жастар, әйелдер,
мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда
оларды жұмысқа алудың үлесі белгіленген.
Біздің еліміздегі еңбек нарығының жағдайы жылдан жылға жоғарлауда.
Әрине, біз тез арада жұмыссыздықты мүлдем жоя алмаймыз. Бірақ халықты
жұмыспен қамту мәселесін алға қойып, оған қолымыздан келегенінше шаралар
жасауымыз керек.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан тұрады. Осы
тақырыпқа сай 3 кесте, 1 динамика және 3 схема жасалған.
Мазмұны:
Кіріспе
5-6 бет
І Еңбек биржасы мен жұмыссыздықтың теориялық мәселелері
1.1 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері
7-14 бет
1.2 Еңбек нарығының мәселелері
13-16 бет
ІІ ҚР-дағы еңбек биржасы мен жұмыспен қамту мәселелері
2.1. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасы мен жұмыспен қамтуды
талдау
17-22 бет.
2.2 ҚР-дағы еңбек нарығының қалыптасуы және даму ерекшеліктері 22-28
бет
Қорытынды
29-30 бет
Пайдаланылған әдебиеттер
31-32 бет
Қосымшалар
33-36 бет
Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады.
Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды
толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру
ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір
қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары екі қолға –
бір жұмыс деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде
бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге
айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі
өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға
көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс
орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы ,
яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске
асатындығымыз жақсы білеміз. Себебі, нарықтың басқа түрлеріне қарағанда
еңбек нарығының басты ерекшелігі – оның негізін құрушы тірі адамдар
екендігі.
Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты
экономика орнығуда, ал ол өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен
тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің
және де басқа шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап
қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан
шаруашылық байланыстарының үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және
жабдықтардың қыруарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген
кәсіпорындардың банкротыққа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда,
жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр
елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер
жұмыссыздық мөлшері асып немесе кеміп кетсе, нарықтық экономикаға залалын
тигізеді, ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына
қолайлы жағдай жасайды.
Жұмыссыз қалу қаупі - әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың
көпшілігі үшін жалақы – жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық
жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды
төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам
өзін өмірге жарамсыз сезінеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарықтық
қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы отыз жыл бойына
жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты
еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеудің механизмі құқықтық негізде әрекет
ететін мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін
қолданады. Мұндай жағдайда мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс
орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат
шараларын жүзеге асыру қажет.
Еңбек нарығы. Жалдау формасы біздің елге тән құбылыс екендігіне
күмән жоқ, бірақ ол іс жүзінде қалай болса, солай жүргізілді, яғни біз оған
немқұрайлы көзбен қарадық.
Еңбеккерлерге белгілі бір жұмыс орны бекітіліп, тіпті, оның зейнетке
шығуына дейін қамтамасыз етіліп отырды. Оларды жұмыстан шығаруда көптеген
жағдайлар тосқауыл болып отырды.
Ал қазіргі жағдай аз да болса да өзгеріп келеді. Меншіктің әр түрлі
формаларына көшуге байланысты қоғамның әрбір мүшесіне жұмыс орнын ерікті
түрде таңдауына ғана емес, сонымен қатар, өзінің жұмыс күшін өз еркімен
пайдалануына да кең жол ашуда. Олардың қоғамдастырылған өндірісте
(мемлекеттік немесе ұжымдық) жұмыс істеуі, жеке еңбек әрекеті, жалдамалы
еңбекпен айналысу құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, келешекте әрбір
адамның өз еліндегі орнын анықтауына, тіпті басқа елге кетуіне мүмкіндік
туды.
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы күшінің жұмыс орнынан босау
процесі өрістеуде. Болашақта жұмыс орны кепілдік түрде анықталмайды, яғни
еңбекке жолдау нақты түрде жүзеге асырлатын болады. Бұл жағдай, еңбек
өнімділігін арттыруға, еңбеккерлердің табысының өсуіне, ғылыми техникалық
прогресті тежейтін формаларды жоюға жол ашады.

Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық
формасының ерекшелігі мыналардан тұрады:
1. Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемінде сатылу обьектісі болып
шықпайды.
2. Жалдау формасындағы сату.
3. Шамалы жинақылық (аймақтық, өндірістік және т.б.)
4. Тұтас еңбектік бөлігі (элеуметтік формада) тұрақты өтімді таппайды.
Қорытындысында тұрақты құбылыс – жұмыссыздық туады.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін
арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға
мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын
ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада
жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың
көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық
саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты
немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне
сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан
капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай
жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі
объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске
тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен
өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда
болады.
Жұмыссыздық негізгі себептері:
Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен
жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.
Кейнтік теория. Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну
бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.
Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды
еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері) бар:
1. Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздар. Адамдар бір
жұмыстан екінші жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге көшеді,
жұмыс іздейді, оны күтеді. Осы себептерге байланысты жұмыссыз
болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы жұмыссыздар дейді.
Сонымен, фрикциондық жұмыссыздық жұмыс күшінің объективті
қажеттілікпен қозғалысына байланысты.
2. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің құрылысына жұмыс
орнының құрылымының сай келмеуіне байланысты болады.
Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне сұраным
құрылымын өзгертеді. Жұмыс орнының жаңа құрылымы бұрыннан
келе жатқан (ескі технологияға сай) жұмыс күшінің құрылымына сай
келмейді, осыған байланысты жұмысшылардың белгілі бір бөлігі
өндірістен ығыстырылып, құрылымдық жұмыссыздарды құрайды.
Жұмыссыздықтың жоғарыда келтірілген екі түріде шарасыз,
сондықтан егер елде жұмыссыздықтың фрикциондық және
құрылымдық түрлері болса, онда жұмыссыздық жоқ деп есептелінеді.
3. Технологиялық жұмыссыздық – ғылыми – техникалық прогресспен
байланыты (ҒТП). ҒТП – жоғарғы қарқынмен дамыған кезде жұмыс
орындары босайды, оның саны тез көбейіп кетеді. Сонымен қатар ҒТП –
тің ерекшеліктері де бар. Технологиялық зерттемелердің еңбек
сыйымдылығы жоғары процестеріне қызмет жасау үшін жұмыс жасау күшін
тартады. Сайып келгенде ҒТП жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді,
сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуге әсер ететін шараларды
қарастыру қажет.
4. Циклдық жұмыссыздық – экономикалық дағдарыста өндірістің төмен
құлдыраған (спад) кезеңінде пайда болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі
жалпы тұтынушы және инвестициялық шығындардың бірден қысқаруымен
сипатталады. Тауар мен қызметтерге жалпы сұраным қысқарып,
жұмыссыздық өседі. Сондықтан жоғарыдағы себепке байланысты, оны
сұраным ділгірлігіне (тапшылығына) (дефицит) байланысты
жұмыссыздық деп те атайды.
5. Көрінбейтін немесе маусымдық (сезондық) жұмыссыздық – белгілі бір
уақытта жұмыс істеп, қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы,
құрылыс, туристтерге қызмет көрсету) немесе толық емес жұмыс
күнінде жұмыс жасау.
6. Аймақтық жұмыссыздық – жеке аймақтарда тарихи, демографиялық,
әлеуметтік – психологиялық жағдайлардың әсерінен қалыптасады.
Мысалы, көмір өндіретін өндірістің шоғырланған аймақтар. Әлемдік
тәжірибе бойынша жергілікті мемлекеттік мақсатты бағдарламалар
негізінде шешеді. (Сурет 1,Сурет2)
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал
етеді:
• Ғылыми – техникалық прогресс;
• Экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
• Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі.
Мұндай жағдайларда еңбек нарығы мынаған міндетті:
1. Өте жоғарғы жинақылыққа жетуге (кәсіпойлық, біліктілік,
аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында)
2. Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте
үлкен бейімділік танытуға.
3. Еңбекақы ставкаларын дараландыру (еңбекақыны нақтылы
жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімен ғана емес, сонымен бірге
адамның жұмысқа лайықтылығын, әлеуметтік мүмкінділігін және
біліктілігінің өсуін есепке ала отырып құру керек).
Жұмыссыздық түрлері
Жұмыссыздық
Мәжбүрлі
Еркімен
Фракциондық
(кәсіпті, мекен жайды
және т.б. өзгертуге
байланысты болады.)
- жұмыскер өз еркімен
уақытша жұмысқа
орналасқысы келмейді
(оны жұмыс сипаты немесе
ақы деңгейі тартпайды)
- еңбекке қабілетті
халықтық аздаған бөлігі
жұмыссыздар жағдайында
болғанды қалайды (тегін
көмек алып)
Циклдік
(экономикалық
коньюктураның дамуымен
анықталады).
Құрылымдық
(өңірлер мен салалардың
дамуы, өндірісті жаңа
және ескі салаларға
бөлу ерекшеліктерімен
жағдайласады).
Сурет 1
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай
отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты
факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика
бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған.
Олардың әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар. Экономистер барлық
жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың
бірінші тобына – жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен туындауын
жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші
тобына – жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес фрикциондық,
құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық
және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды
жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің
абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым
ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс
деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық оның деңгейімен өлшенеді.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер
санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда
“жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп атайды.
Жұмыссыздық деңгейі экономикалық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің
бірі, бірақ оны тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі , ресми
статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана
есептейді.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
ЖД = ЖСЖК* 100% Мұндағы: ЖД – жұмыссыздық
деңгейі;
ЖС –
жұмыссыздар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны;
Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасымен
жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде
есептеледі.
Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” – деген
ұғымды пайдаланады. Оның мөлшері өзгермелі, оның деңгейі әр елде әр түрлі
2 пайыздан 7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден
асырмау бағытында іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:
1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін
пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.
2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей
бөлінбеуіне соқтырады.
3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та
қалады.
Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің
араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта
жүргізеді.
1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін
еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан
өткізуге көмек көрсету.
2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар)
ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын
қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.
3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.
4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.
Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық
зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң
американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж.ж.) есімімен аталған. Осы
заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың
сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%- ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі
2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына
1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып
табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға
көмектеседі. Мысалы, жылына (1983 ж) жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі 9,5%
немесе 3,5 % - ке жетті, артық ұйғарудың табиғи деңгейі 6%. Осы 3,5% санын
Оукен коэффициентіне (2,5) көбейтсек, онда 1983ж. ЖҰӨ көлемінің көлемінің
төмендеуі 8,75% құрайды. Басқа сөзбен айтқанда, егер де 1983 ж. Жұмыссыздық
деңгейі толық қамтамасыз етілсе, ЖҰӨ нақтыға қарағанда 8,75% - тен көп
болар еді.
Қазақстан Республикасында тәжірибесінде енді ғана тұрғындарды
жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге өтуі қарастырылуда. Қазіргі кезде
жұмыспен қамту қатынастары терең дағдарысты басынан кешуде. Оның себебі
әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тоталитарлық
орталықтан жоспарланған еді. Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту
міндетін және тұрғындардың тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады.
Ал енді тиімді еңбекпен қамту дегенді қалай түсінеміз?
Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке
қабілетті тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету.
Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғам қажеттілігін өте аз еңбек
шығынымен қанағаттандыра білу.
Қазіргі нарықтық экономикада жұмыскерлердің оңтайлы резерві міндетті
түрде болуы қажет, сөйтіп жұмыссыздықтың табиғи мөлшері сақталады. Оған тең
дәрежеде арифметикалық толық еңбекпен қамту және тым жоғары жұмыссыздықта
керіғар екендігі белгілі.
Жұмыспен қамту мәселесін экономиканы зерттеушілер әртүрлі көзқараста
қарастырады. Олардың негізгілеріне қысқаша тоқталып өтейік:
1. Ағылшын священнигі Мальтус “халықтың өсу” заңын қалыптастырды, ол
заңға сай өндірісте тамақ өнімдерін өндіру арифметикалық прогресспен
көбейеді (1,2,3,4,5, т.с.с), ал адамдардың өсуі геометриялық прогресспен
өседі (2,4,6,8, т.с.с). Мальтузиандықтар жұмыссыздықтың негізгі себебі осы
тамақ өндірісі мен адам өсуінің арасындағы тәуелділікте – деп, адам санын
“табиғи” әдістермен: соғыс, эпидемия, түрлі апаттар т.с.с. реттеуді ақтады.
2. Классикалық саяси экономия нарықты өзін-өзі реттейтін жүйе деп,
онда жұмыссыздыққа мәжбүр етпейді, жұмысшының өз еркімен жұмыс істемейді.
Жалақының төмендігінен, жоғарға жалақылы жұмыс іздейді т.с.с.
3. Маркстік теория жұмыссыздық капитализмге тән құбылыс, капиталдың
органикалық құрылымының өсуіне байланысты өндірістен жұмысшылар
ығыстырылады, солар жұмыссыздықтарды құрайды – деп түсіндіреді. Маркстік
экономикалық теория капитализмді жаңа қоғамдық құрылыспен ауыстыру қажет
деп тұжырымдайды. Олардың тұжырымдамасына сай жұмыссыздықтың ағымдағы,
тоқырау және көрінбейтін (аграрлық) түрлерін келтіреді.
4. Кенсиандық теория. Кейнстің тұжырымдауынша, біріншіден, еркін
бәсеке тұсындағы нарық өзін-өзі реттеуші бола алмайды, екіншіден, нарық
тепе-теңдігі толық жұмыспен қамтуға кепілдік бере алмайды.
5. Неоклассикалық теорияны жақтаушыларының айтуынша “жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі” болу керек, одан құтылу мүмкін емес.
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту АҚШ – да 1955 жылы 6,5 млн.
адамнан 1990 жылы 3,2 млн адамға қысқарды, ал қызмет көрсету саласында 1955
жылы 30,1 млн адамнан 1990 жылы 85,3 млн адамға артып, жалпы дұмыспен
қамтылғандардың 75% құрады. Кәсіби құрылымда ой еңбегімен айналысатын
жұмыскерлер арта түсті. Олар 1991 жылы барлық жұмыспен қамтылған жұмыс
күшінің 51% құрады.
Жұмыспен қамту орталығында не істелініп жатыр?
Шымкент қаласы әкімінің еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және
жұмыспен қамту басқармасы кедейшілікпен күресті негізге ала отырып, 2003-
2005 жылдарға арнап іс-шаралар жобасын түзген болатын. Бұл түзілген іс-
шаралар жобасы негізінен үш бағыттан тұрады: біріншіден, адамдарды тұрақты
жұмыспен қамтамасыз ету, екіншіден, оларды кәсіби даярлау, яғни қайта оқу
курстарында оқыту және қоғамдық ақылы жұмыспен қамтамасыз ету.
Осы атап өткен бағыттарды негізге алған басқарма ұжымы өткен жеті
айда жоспар бойынша 1500 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасызету керек болса,
іс жүзінде бұл көрсеткіш 1514 адамға жетіпті. Қала бойынша қай жерге қандай
мамандық иелерінің қажеттілігін сараптама жасаған басқарма қызметкерлері
оқу мекемелерінің арасында тендер өткізіп, жеңіп шыққан мекемелерге
жұмыссыздар орталығына тіркелгендерді қайта оқу курсына жібереді.
Үстіміздегі жылы “Южказинтерэтнос”, “Маман-специалист” оқу-әдістемелік
орталықтары және аса қажетті білім беру орталығы жеңіске жетіп отыр.
Бүгінгі таңда 639 ваканция бар болса, оның басым бөлігі техникалық
қызметкерлерді қажет етеді. Ал мұнда тіркелгендер негізінен экономист
немесе заңгер болып келеді. Басқарма бүгінге дейін 205 азаматты осы аты
аталған мекемелерде оқытып, кәсіби мамандық әперген. Ал белгіленген жоспар
бойынша олар жыл соңына дейін 345 адамды аралас мамандықтар бойынша оқытып
шығаруы керек. Егер таратып айтар болсақ, есептеу машинасының
операторлығына – 80 адам, шағын және орта бизнес кәсіпкерлігіне – 10 адам,
аспаз-кондитер официант мамандығына – 20 адам, шаштараз – визажистке – 40
адам, секретарь-референтке (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білумен қатар
компьютерді игеруі керек) – 20 адам, тігіншілікке – 40 адам, газбен және
электрмен дәнекерлеушіге – 20 адам, тұрмыс техникасының мастерлігіне – 10
адам, автомеханик және автослесарлыққа -10 адам, жүргізушілікке – 40 адам
(Д категориясына – 10, әуесқойлыққа – 30) мамандануы тиіс деп отыр.
Жылдан-жылға жұмыссыздық біртіндеп кеміп, кедейшіліктің шекпенінен
арылушылар саны артып келеді. Бірақ, әлі де болса қоғамға қажетті
мамандықтарды таңдай білмеуден жоғары, арнаулы оқу орындарын бітіруші жас
мамандар жұмыссыздар санын еріксіз толтыруда. Мысалы, биылдың өзінде
гуманитарлық мамандар бойынша – 2900, педагогикалық – 4680, экономист
мамандығы бойынша - 1500 жас маман диплом алғалы отыр. Бұған орта білім
беретін колледждерді бітіретін 2000 педагогты, 800 экономисті қосамыз.
Ашығын айту керек, заңгерлер мен экономистерге көше сыпыратын қоғамдық
уақытша жұмыстарға орналасудан өзге амал қалмады. Педагогтарды онша көп
деуге болмайды. Өйткені, ауылдық жерлерде әлі де болса мұғалімдерге деген
сұраныс бар. Өкініштісі сол, ауданда бірнеше бос жүрген химик, математик,
физик мамандардың зәру болып отырған екінші бір ауданға барып жұмыс
істемейтіні.
Жұмыссыздық проблемасын шешу барысында шетелдік арзан жұмыс күшіне
арқа сүйейтін фирмалардың да мәселе тудырып жататыны бар. Олар көбіне
“бізге бес тілді білетін маман керек” деген талапты көлденең тартады.
Осылайша шетелден жұмысшы алдыруға құмбыл. Облысымызда шетелден маман
әкеліп жұмыс істеуіне рұқсат берілген 44 компания бар екен.
1.2 Еңбек нарығының мәселелері
Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату
және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы
бағаланады. Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы,
тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала
бойынша, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің
құрылымын байқатады. Осы құбылыстар АҚШ-тағы еңбек нарығында айқын
көрінеді. Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады: ауыл
шаруашылығымен айналысатындар санының тез қысқаруы және олардың қызмет
көрсету саясында артуы. Себебі бұл сала барынша ұлғая түсті және ол
қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналады.
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің
жалпыға ортақ формасы. Ол тұтынушы сұранысына сәйкес экономика секторларына
жұмыс күшінің бірітіндеп орналасу механизімінің икемділігін қамтамасыз
етеді. Яғни еңбек нарығын мемлекеттік реттеу (Сурет 3).
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
үйлесімді
еңбек
нарығын
жасауға
ынталандыру
(еңбек
флекси-
билизациясы),
еңбек қатынас-
тарын құқықтық
қамтамасыз ету
Жұмысқа
орналастыру
және кәсіби
дярлық пен
қайта даярлық
–тан өтуге
көмектесу(еңб
ек биржасы)
Жұмыссыз-
дарды
әлеуметтік
қорғау
Сурет 3
Еңбек нарығын экономикалық талдау негізінде, біздің білгеніміз, жұмыс
күшіне деген сұранысты бекіту мен оған ұсынысты табу – негізгі мақсат.
Классикалық теорияға сәйкес сұраныс қисығымен ұсыныстың түйісуі еңбек
бағасын және еңбекпен қамтулулар санын анықтайды. Еңбек күшіне деген
сұраныс экономикалық коньюктурадан, еңбек механизациясының дәрежесінен,
еңбекті өтеумен қамсыздандыру шығындарының қатынасына байланысты. Ендеше
еңбек нарқы, алдында атап өткендегі мемлекеттік дәрежеде ол экономиканаң
дамуына байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Еңбек күшіне деген ұсыныс
еңбек потенциалымен (еңбекке жарамды халық саны, оның денсаулығы,
белсенділігі, салауаттылық деңгейі, квалификациясы, жұмылу деңгейі)
еңбекақының мүмкін мөлшерімен, әдет- ғұрпымен және дәстүрімен анықталады.
Еңбек нарқының құрлымы, маманданған және әлеуметтік топтардың қатынасы
арқылы сипатталып, осы арқылы ұсыныс пен сұраныс талданады.
Еңбек нарығы шаруашылық механизмнің топтарына қажетті халық
шаруашылығының тасқындарын тиімді тарату мен қайта тарату құралдарының
бірі. Еңбек саясатының тиімді стратегиясында еңбек сферасында әлеуметтік
қатынастар және балансты қолдай отырып, нақты экономиканың қатаң және
белсенді саясатына негізделеді. Алайда әлеуметтік мақсаттар экономиканың
өсуіне кері әсерін тигізбей, теңесуі керек. Ел экономикасын көтеруді
мақсатқа алып, басқа мәселелерді жауып қоюға болмайды. Ел байымай, мемлекет
экономикасы көтерілмес.
Еңбек нарығы қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайына тиімді
әсерінен басқа , кері әсерін де тигізеді. Сондықтан қоғамның даму
стратегиясын өңдеуде, ол республикадағы еңбекақы мен жұмыспен қамтудың
нарықтық реттеу принциптерін қамтамасыз ете алмайтынын естен шығармаған
жөн. Маманданған және аймақтық – географиялық ықшамдануды, жұмысшылардың
көзқарасын қоғауды күшейту, еңбек туралы заңдылықтарды сақтай отырып,
жұмыссыздықпен іс жүзінде күресу шаралары еңбек нарығының модельділігін
үлкейтеді және көптеген әмбебап факторлар да әсерін тигізеді. Өтпелі
экономика елдерінде жұмыс істейтіндер үшін келесі факторлар:
жұмыссыздарға көмек ақшаны үлестіру жүйесі, жұмыс күші жайлы нарықта өте
жайылған және кең көлемді жүйелер ақпаратты жұмыспен қамтудың тиімді
қызметі, өте жақсы қойылған көліктік қатынастар, белсенді тұрғын нарғы
әсерлі. Осы жұйелерді дамытудағы қыруар ақша қажет. Ал бюджеттік тапшылық
жағдайында, негізгі әлеуметтік күш жұмыс берушілер иығына түседі, яғни олар
әртүрлі төлемдерді төлеу тиіс. Сондықтан болар жұмыс берушілер , яғни
кәсіпкерлер өз жұмысын іске асыруда көптеген тәуекелдерге барады.
Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ.
Нарықтық экономика көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы –
бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық
қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы
біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбіс жұмыс орнының бағасы
өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте
қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі,
нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол
еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты
ынталандырады.
Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты
еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай
тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық
факторларменшектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда,
жұмыс күшінің еркін аумақтық құрылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы
болмай тұр. Мысалы, көмір және тау-кен өндіру, мұнай өндіру аудандарында
ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорында
нашар дамыған, осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың үштен екісін
әйелдер құрайды.
Нарықта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға
әсер етеді. Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі.
Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін
сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек нарығын мойындау үшін жұмыс
күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал-жабдығымен
қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-
жабдығымен нарықтық әдіспен – сатып алу – сату жолы арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кезде біздің Қазақстанда басқа көптеген елдермен
салыстырғанда адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сағаттық адам
еңбегі Швецарияда – 15,5, Италияда – 11,4, Канадада – 10,9, Японияда –
10,3, Англияда – 7,3, Гонконгта – 1,8, Тайванда – 10,9, Оңтүстік Кореяда –
1,4, Мексикада – 0,6, Ресейде – 0,2 доллар құрайды. Біздің есептеуімізше,
Қазақстан Республикасында жұмысшы мен мемлекеттік сектордағы қызметкердің
бір сағат еңбегі 0,4 доллар тұрады. Нарықтық қатынастарға көшкенде жұмыс
күшінің сапасына деген сұраныс өседі, сондықтан оның ақысын көбейту
қажеттілігі еріксіз туындайды.
Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде еңбек нарығындағы
әртүрлі категориядағы адамдарға, әсіресе жастарға дифференциалды түрде
қарау көзделген. Осы мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу үшін
арнайы бағдарлама жасалып, ол өмірге ендіріледі. Бұл бағдарламада
кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жұмыс орынын құру шараларын ерекше
орын берілген, кәсіпкер жалақыны төлеу шығындарын қаржыландырмаса,
мемелекет кәсіби дайындықта жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады.
Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары
(тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы) алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты
негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен
кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады. Бұрынғы КСРО-да ең
соңғы еңбек биржасы 1930 жылы жабылып, жұмыссыздықтың көзі жойылғандығы
айтылды.
Бүгінгі қалыптасқан өмір шындығы, барлық еңбек нарығы элементтерінің
қайтадан пайда болу қажеттілігін алға тартуда. Қоғамдық қатынастары дамыған
елдерде еңбек биржасы алғашқыда гуманитарлық институт ретінде пайда болып,
оның мақсаты жұмыссыздарға көмек көрсету еді. Уақыт өте келе бұл елдегі
ебек қатынастарының дамуына сай олардың міндеттері мен қызметтері өзгерді.
Соңғы жылдары еңбек биржасы еңбек нарығын реттеудің маңызды инструменті
болып, жұмыспен қамту саясатын жасап, әрі оны өмірге ендірді. Мұндай
биржалардың бүгінгі кездегі негізгі қызметтері мынау болып табылады: еңбек
нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке
алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы
келетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды
ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар
жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде делдалдық іс атқару
және жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу болмақ.
Мемлекет кәсіпорын және ұйымдар мүддесін ескере отырып биржа арқылы
еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы берген жұмысқа жолдама-кәсіпкер
үшін ұсыныс болып табылады. Себебі олар жұмысқа кімді аламын десе де таңдау
еркіне құқылы және өзінің кадрлар бөлімі арқылы жұмыскерді жалдауға
мүмкіндігі бар.

талдау.
Статистика органдары зерттеуді арнайы іріктелген және оқытылған сұхбат
жүргізушілердің күшімен жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің деректері бойынша 2003 жылдың қаңтар- маусымда жұмыспен
қамту жөніндегі уакілетті органдарға жұмыссыздар ретінде 146,5 мың. aдам,
маусымда – 24,9 мың адам өтініш білдірген тиісінше олардың 51,2 мыңы және
9,2 мыңы – ауыл тұрғыны. (Сурет 4).
2003 жылғы маусымның соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар
ретінде есепте тұрған адамдар саны – 172 мың, бұл өткен айдағыдан 11,5 мың
адам (6,3%) , 2002 жылғы тиісті кезеңдегіден 84,1 мың адам (32,8%) кем.
Тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белсенді халық санындағы үлесі 2003
жылдың мамырындағы 2.5%–дан маусымда 2,4%–ға қысқарды.
Облыстық статистика басқармасы халықтың жұмыспен қамтылуы туралы
өткізген іріктеме зерттеу материалдары бойынша 2003 жылдың ІІІ – тоқсанында
облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны 985,4 мың адамды (15 және
одан үлкен жастағы халықтың жалпы санының – 71,2 пайызы) құрады, одан
92,4% -- экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар, 7,6% -- жұмысы жоқтар
( Республика бойынша – 8,2% ).
Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандардың 44,8% —жалдамалы
жұмысшылар, 55,2% — өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Жұмыспен
қамтылғандардың басым бөлігі (62.6% ) ауылдық жерде еңбек етеді.
2003 жылдың ІІІ – тоқсанында облыс бойынша жұмыссыздардың жалпы саны
74.9 мың адамды құрады, оның 63,8% -- қала, 36,2% -- ауыл халқы.
Осы уақыт ішінде облыстағы енжар халықтың саны 398,4 мың адам болды.
Экономиколық енжар халықтың негізгі бөл ігін күндізгі оқу нысанындағы
оқушылар ( 43,9% )және зейнеткерлер ( 39,6% ) құрады.
2003 жылдың ІІІ-тоқсанында 2001 жылмен салыстырғанда облыстағы
экономикалық белсенді халықтың саны 16,6% артты. Жұмыс орындарының көбеюі,
салық бағдарламаларын енгізу мен еңбек рыногындағы теңсіздікті түзету
шаралары, оның ішінде орта және шағын бизнеске несие беру осындай
мүмкіндік туғызды. Сараптама көрсеткендей, еңбек рыногындағы жағдайдың
өзгеруінің негізгі бағыты – жұмыспен қамтылғандар санының артуы мен
жұмыссыздар санының кемуі. Осы кезең ішінде жұмыспен қамтылғандар саны –
21,8%, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 18,8%, өз бетінше жұмыс
қамтылғандар – 24,4% артты. Жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайыздық бірлікке
төмендеді.
2003 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы бойынша 15 және одан
жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны (бағалау бойынша)
7,6 млн. адамды құрады. Экономикада жұмыспен қамтылғандар саны-6,9 млн.
адам немесе өткен жылдың тиісті айымен салыстрғанда 489,2 мың адамға көп,
жұмыссыздар – тиісінше, 686 мың адам немесе 37,8 мың адамға кем.
Жұмыссыздық деңгейі 9,1% анықталды.
2003 жылы (алдын ала деректер бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді
халық саны 7,6 млн. адамды құрады және 2002 жылмен салыстрғанда 239,3 мың
адамға немесе 3,2% өсті. 2003 жылдың төртінші тоқсанындағы еңбек рыногының
негізгі индикаторлары 2 кестеде көрсетілген.
Еңбек нарығының 2004 жылғы жағдайы. 2004 жылы халықты жұмыспен қамту
саясаты еңбек саласында пайда болған дисбаланстар мен диспропорцияларды
жоюмен, еңбек нарығындағы жұмыс күшінің бәсекелкстік қабілетінің өсуімен
байланысты міндеттерді шешуге бағытталған. Дисбаланс пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz