Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесі».

Мақсаты: . Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесін анықтап және олардың құрлысымен қызметін талдау.

Дәріс жоспары:

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІК ОРГАНДАРЫ.

1. Тамыр.

2. Тамырдың морфологиялық құрылысы.

3. Тамырдың анатомиялық құрылысы.

Дәріс тезистері

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІК ОРГАНДАРЫ.

Негізгі вегетативтік органдардың бастамасы дәннің ұрығында болады. Қолайлы жағдай туысымен алдымен тамыр өседі, ол спермодерманы жарып шығып, топыраққа енеді. Нәтижесінде жас өскін топыраққа бекиді де, одан онда еріген минеральды тұздарды бойына сіңіреді. Тамырдың ізінше өркен өсе бастайды. Алғашында ол иілген болып келеді және өзінің бұрылыстарымен топырақты екі жаққа ығыстырып отырады, содан соң барып біртіндеп түзуленіп жердің бетіне тұқым жарнақтары мен бүршікті көтеріп шығады. Тұқым жарнақтары жасыл түске боялып және біраз уақыттар бойы жапырақтың қызметін атқарады. Бүршік жоғары қарай тік өсуін жалғастыра отырып, сабақты және алғашқы жапырақты береді. Алғашқы жапырақтың формасы толық қалыптасқан өсімдіқтің жапырағынан басқаша болады (жас жапырақтар) . Тамыр мен тұқым жарнағының шекарачын тамырдын мойны деп атайды.

Тамырдың мойнымен тұқым жарнақтардың арасындағы сабақтың бөлігін гипокотиль (тұқым жарнаға асты аяқша) деп атайды. Ал тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтың арасын эпикотиль (тұқым жарнағы үсті аяқша) деп аталады.

Кейбір өсімдіктердің (мысалы емен ағашының) сабағы өскен кезде иілмейді, ал топырақты қалың қабыршақтармен қапталған бүршіктің өзі ығыстырып отырады. Барлық өсімдіктердің бірдей тұқым жарнақтары жердің бетінде көтеріліп шықпайды. Кейде гипокатильдің қысқа болатындығы сонша түлерімен жердің астында қалып отырады (ас бұршағының, емен ағашының) .

Астық тұқымдастарында негізгі тамырдан басқа, сабақтың базальды жағынан бірден қосылқы тамырлары пайда болады. Өне бастаған кезде жалғыз тұқым жарнағы тұқымның ішінде қалады да, эндоспермдегі қоректік заттарды бойына сініреді. Топырақты ұрықтық жапырақпен (колеоптиле) қоршалған бүршік жарып шығады. Алғашқы нағыз жапырақ колеоптиленің жарықшағы арқылы сыртқа шығады.

Тамыр.

Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриялы жер асты органы. Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз отырады. Тамырдың ұшын оймақшасы қорғап тұрады. Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршектенуі ішкі жағынан басталады (эндогенді) №

Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады:

  1. Суды, және онда еріген минеральды тұздарды кейде органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады
  2. Өсімдікті жерге бекітіп тұрады.
  3. Кейбір органикалық заттарды синтездейді.
  4. Өсімдіқтің топырақтағы микроорганизмдермен (саңырауқұлақтармен, бактериялармен) байланысын қамтамасыз етеді.
  5. Артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады.
  6. Өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.

Тамырдың морфологиялық құрылысы.

Тамырдың алуан түрлілігі. Шығу тегіне қарай тамырды үшке бөледі: кіндық, қосалқы, жанама тамырлар.

Кіндік тамыр, тек ұрықтың тамыршасынан пайда болады.

Қосалқы тамыр сабақтан, жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлерінен кетеді.

Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамырлар кетеді. Соңғыларынан жанама тамырлардың екінші және одан кейінгі қатарлары тарамдалып кетіп отырады.

Формасы жағынан тамырлар алуан түрлі болады: жіп тәрізді, бау тәрізді, конус тәрізді, ұршық тәріздә, шалқан (репа) тәрізді, түйнектәрізді және т. б. Субстратқа қарай тамырларды топырақты, судағы, аудағы және гаусторилер (паразит өсімдіктердің емшекшелері) деп бөледі.

Тамырдың анатомиялық құрылысы.

Кіндік, жанама және қосалқы тамырлардың анатомиялық құрылысы біршама ұқсас болады.

Тамырдың зоналары. Тамырдың ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетің және әртүрлі қызметтер атқаратын бірнеше зоналарға бөлуге болады:

  1. клеткалардың бөліну зонасы.
  2. созылу зонасы
  3. сору зонасы (тамыр түтіктерінің зонасы)
  4. өткізу зонасы (бұтақтану)

Клетканың бөліну және созылу зонасы тамырдың ен ұшында орналасады.

Бұл сырты жылтыр, ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу аймақ. Тамыр оймақшасы қабықшалары жұқа клеткалардан тұрады. Ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан сақтайды. Тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп түсіп отырады, ол тамырдың алға қарай жылжуын женілдетеді. Оймақшаның астында клетканың бөліну зонасы орналасады, ол алғашқы меристеманың клеткаларынан тұрады.

Одан жоғарылау тамырдың созылу зонасы орналасады. Бұл жерде жасушалар бөлінуін біртіндеп тоқтатады да ұзындыққа созылады, нәтижесінде олардың көлемдері ұлғаяды. Кейді бұл екі зонасы біріктіріп өсу зонасы деп атайды. Сору зонасы созылу зонасынан жоғары орналасады. Бұл жерде тамырдын үстінде көптеген бүгірлер пайда болады, олар келешегінде созылып, тамырдың түктеріне айналады. Әрбір тамырдың түгі жекелеген сыртқыторшаның ұзып өсіндісі болып табылады. Түктің қабықшалары жұқа целлюлозадан тұрады, ядро әдетте оның ұшында орналасады.

Тамырдың алғашқы құрылысы. Тамырдың ұлпалары сору зонасында дифференцияланады. Шығу тегі жағынан бұл алғашқы ұлпалар, өйткені олар өсу зонасының алғашқы еріс темасынан пайда болады. Сондықтан сору зонасындағы тамырдың анатомиялық құрылысы алғашқы болып саналады. Осы кезенде тамыр орталық цилиндрге және алғышқы қабыққа бөлінеді, оның сыртын тамыр түктері бар бір қатар клеткалар - эпиблема жауып тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің мерзімді дамуы және фитоценоздың ерекшеліктері
Гүл және жеміс
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері
Жынысты және жыныссыз көбею
Вегетативті жүйке жүйесі туралы түсінік
Вегатативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы
Жүйке жүйесі жайлы
Гүлді өсімдіктер
Жүйке жүйесі туралы түсінік
Ми қабықтары Перифериялық жүйке жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz