АҚШ-тың ОА аймағындағы сыртқы саясатын кешенді зерттеу


КІРІСПЕ
Орталық Азия елдерінің мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық даму процестері сонау ерте кезеңдерден бір-біріне ықпалдаса отырып ұқсас дамыды. Әрине, бұл елдер бәсекелесте, қарсыласта болды, әр түрлі саясат пен идеологияның ықпалына түсті. Аймақ, өзінің геосаяси жағдайымен әрқашан сыртқы күштерді қызықтырған. Ал, жергілікті халықтың басты мақсаты аймақ тыныштығы мен ұрпақ амандығы.
Бүгінгі таңдағы жағдай өткен тенденциялардың қайталамасы десек артық айтқан болмас. Өйткені жаһандану кезеңінде жоспарлы экономикадан қатал нарық ықпалына түскен ОА елдерінің жағдайы алңдаушылық тудыруда, қарулы қақтығыстар аймағына айналуыда әбден мүмкін. Бұдан шығудың жалғыз-ақ жолы аймақ елдерінің саяси-экономикалық және әлеуметтік ынтымақтастығы, мәдени-рухани құндылықтар мен салт-дәстүр өзегін сақтап қалу, өз тарихын ұмытпай, әлемдік қауымдастықта өз позициясын нақтылау.
Қырғыз елінде демократия жоғары екені белгілі, бірақ экономикалық әлсіздікті пайдаланып отырған радикалды топтар ішкі тұрақсыздықты туындатуда. Оппозицияның күшеюі елде төңкеріс жасады. Бұдан Қырғызстанның айығып кетері екіталай.
Геосаяси жағынан алғанда ел аумағы аса маңызды аймақ болып табылады. Елдің географиялық орнының бұл ерекшеліғін НАТО-ға мүше елдер халықаралық терроризмге қарсы күресте маңызды тірек пункті ретінде пайдалануда. Соңғы жылдары Қырғызстан астанасындағы Манас әуежайында НАТО-ның әскери-әуе күштерінің шоғырлануы осының дәлелі.
Ал, Түркменстанда Нирзовтың жеке билігі қалыптасқан болса, ол сыртқы әлемнен алшақтатылған Халық наразы болмас үшін арзан энерго көздерімен қамтамасыз етіп отыр, дегенмен бұның барлығы аймақтың тұрақсыздық бұғауына түспеуіне және одан құтқаруына ешкім кепіл бермейді.
Тәжікстан болса азамат соғысын басынан кешіріп отыр, осы аймақтың ең кедей және тұрақсыз еліне жатқызамыз.
Өзбекстан аймақтағы шиеленістің негізгі эпицентріне айналуы әбден мүмкін. Шиеленіс көзі радикалды топтар, оған қоса ірі державалардың елдің ішкі және сыртқы істеріне араласуы жағдайды ушықтырып отыр. Елде фундаментальды идеялар ошағы көбейіп, көршілес елдердің діни экстремистік бағытына айналды.
Қазақстандық саясаткер Сәрсекеевтің айтуынша, аймақтағы туындап отырған проблемелар әлемдік проблема деңгейіне шықты, олар - халықаралық терроризм, наркотрофик, заңсыз миграция
Тақырптың өзектілігі Нарық саласында жаңа пайда болған егеменді ОА мемлекеттері аумалы-төкпелі қиын-қыстау кезеңін бастарынан кешіруде. Бұның барлығы көптеген өзекті мәселелерді туындатуда. Олар болса өзіндік сын көз-қарастар мен зерттеуді талап етеді. Осы бір қарастырар бес мемлекет (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан) ғасыр соңында тәуелсіздігін алғаннан кейінгі саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері біршама шиеленісе түсті. Оған себеп, нарықтық экономикаға көшуде ішкі әлеуметтік-этникалық, шекаралық қайшылықтармен қоса діни мәселелердің кері әсері артып отыр.
Әлемдік ынтымақтастық пен жахандану ОА елдерінің даму нышандарын әлемдік даму процестеріне тәуелді қылды. Яғни сыртқы күштердің әсері аймақты Балқан, Таяу Шығыстағыдай ойын алаңына айналу қаупі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі.
Геосаяси жағдай мен саяси жүйедегі өзгерістерді қылмыстық топтар пайдаланып кетті. Олардың дұрыс реттелмеуі жалпы аймақта қылмыстық кландардың, қылмыс түрлерінің, яғни наркобизнестің, басқа да заңсыз әрекеттердің белең алуына әкеп соқты.
АҚШ ықпалының мейлінше артып, аймақтағы мемлекеттердің болашағы үшін маңызды кезеңнің басталуымен негізделеді. АҚШ әскери тұрақтарының Орталық Азия мемлекеттерінде пайда болуы және орналасуы Орталық Азия геостратегиялық саясаты үшін қажетті тың мәселелерді анықтап, пайымдауды міндеттеп отыр. Сондықтан аймаққа АҚШ-тың кірігуі, оның стратегиясының аймақтағы мемлекеттер үшін қандай перспективаларды ашатынын немесе әкеле алатынын зерттеу бүгінгі күн үшін аса өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты АҚШ-тың ОА аймағындағы сыртқы саясатын кешенді зерттеу. Бұл мақсат келесі міндеттерді шешуді талап етеді:
- геостратегиялық тәжірибе негізінде АҚШ сыртқы саясатының басым бағыттарын айқындау;
- АҚШ-тың дүниежүзінің түрлі аймақтарына қатысты сыртқы саяси тәжірибесі аясында оның Орталық Азияға байланысты сыртқы саясатына тән жалпы және дара ерекшеліктерді анықтау, жария және шынайы мақсаттарын көрсету;
- АҚШ сыртқы саясатына қатысты Орталық Азия аймақтық ынтымақтастық қарым-қатынас сипатын ашу;
- АҚШ-тың сыртқы саясатын Қазақстан үшін тиімді пайдаланудың маңызын анықтау.
- Орталық Азия және АҚШ қарым-қатынастарының орнауының сатыларын айқындау;
Зерттеу жұмысының дерек көздері Бітіру жұмысында тақырыпты зерттеу барысында пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен ҚР Президенті және қазақстандық дипломаттардың еңбектерін айтуға болады. Мысалы, Н. Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында, Сындарлы он жыл Эпицентр мира атты еңбектері еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытары мен қоса аймақтағы басты геосаяси ойыншылардың саясаты қарастырған. Оның ішінде ОА елдерінің АҚШ пен қатнастары, АҚШ - тың бұл мемлекеттермен және өзара тиімді экономикалық, саяси, достық, әріптестік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстанның аймақ елдерімен дипломатиялық қатнастарын және Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастарының жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері АҚШ - тың аймақтағы саясатына Өзбекстан факторының ықпалын ҚР экс - сыртқы істер министрі, қазіргі таңда ҚР Сенат төрағасы Қ. Тоқаевтың Под стягом независимости, Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации, Беласу атты еңбектерінде қарастылады.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және қолданған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл еңбектерде ОА елдерінің сыртқы саясаттағы қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, Қазақстанның экономикалық даму және экономикалық салалаларды реформалаудың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына және АҚШ тың Орталық Азиядағы саясатына баға беріледі.
Сонымен қатар жұмыстың тақырыбын ашуда АҚШ, Ресей және Орталық Азия республикалары басшыларының және саяси қайраткерлерінің еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында Өзбекстан президенті И. Каримовтың, Түркменстан президенті С. Ниязовтың Мадлен Олбрайт, З. Бжезинский, Г. Киссинджердің еңбектерін атап өтуге болады.
Зерттеудің пәні - АҚШ-тың Орталық Азия елдеріне сыртқы саясаттағы қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, Орталық Азияның экономикалық даму және экономикалық салалаларды реформалаудың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына және АҚШ тың Орталық Азиядағы саясатына баға беріледі.
I-БӨЛІМ. АҚШ - ТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯМЕН САЯСИ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
1. 1. АҚШ -Қазақстан достық қатынасы
1991 жылы желтоқсандағы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы еліміздің тез қарқынмен әлемге танылып, көптеген елдермен дипломатиялық қатынас жасауға мүмкіншілік жасады. Алғашқылардың бірі болып Қазақстанды Америка таныған, ал 1992 жылы 4 ақпанда-ақ Алматыда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде Америка Құрама Штаттарының елшілігі ашылады. Елшіліктің қызметкерлері бірден республикамен танысуға кіріседі. Американың Қазақстандағы мәселелерінің Уақытша Сенімді өкілі У. Кортни мен АҚШ елшілігінің экономикалық мәселелер бойынша бірінші хатшысы Дж. Сколатт өздерінің алғашқы сапарын Семей облысынан бастаған болатын. Бұл кездейсоқтық емес-ті, өйткені Семей облысын Америка көпшілігі Невада-Семей антиядролық қозғалыс бойынша білетін. Іс-сапар АҚШ-тың ТМД-ға гуманитарлық көмек акциясымен жалғасып, Семейге азық-түлік пен дәрі-дәрмекке толы 3 ұшақ жеткізіледі. Американ елшілігінің қызметкерлері Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болады. Іс-сапар туралы У. Кортни мырза Шынында да Қазақстан біз, американдықтар өте аз білетін, өкінішке орай, үлкен мемлекет, ел екен. Мұнда табиғи байлықтар мол, білімді адамдар көп. Көптеген селоларда қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік бар. АҚШ-тың тәжірибесі көрсеткендсй еркін рынок, ойдың еркін дамуы -
демократиялық қоғамның негізі тәуелсіз Қазақстанда өз дамуын табады, ал бұл өз кезегінде екі ел арасындағы жемісті қарым-қатынасқа жағдай жасайды, деген тұжырымға келеді.
Кеңес қоғамының қайта құру кезеңінен өту барысында республиканың халықаралық байланыстары белгілі дәрежеде кеңейіп, жан-жақты терендетіле түседі. Әсіресе осы кезеңде Америкамен тікелей байланысты қамтуға көп көңіл бөлініп, әртүрлі дәрежеде белсенді делегациялық алмасулар басталады. Алғаш кездесулердің бірі сонау КСРО қойнауында пайда болған "Невада-Семей" антиядролық қозғалыстың қайраткерлерінің бас қосуы еді1.
Қазақстан Республикасының Президснті Н. Ә. Назарбаевтың 1990 жылдың шілде айында американдық сауда консорциумы Президенті Дж. Гиффеннің шақыруымен АҚШ-қа алғаш рет ресми емес сапары Американдықтарға Қазақстан туралы ресми түрде жалпы түсінік беріп, екі ел арасындағы толыққанды да жемісті қарым-қатынасардың бастамасы болды. Тәуелсіздік сайалы енді өсе бастаған осы 1990 жылы наурызда Н. Ә. Назарбаев алғаш рет үш бірдей АҚШ президенттерінің (Дж. Форд, Р. Рейган, Дж. Буш) тұсында аса жауапты мемлекеттік қызметкер атқарған Джеймс Бейкер мырза қызметтен босағаннан соң да, тікелей атсалысуының арқасында Вашингтонда Қазақстан-американ кеңесі құрылып, бұл кеңесті Дж. Бейкердіің өзі басқаруға келіседі. Кеңестің екі жақты саяси, экономикалық мәдени байланыстарды күшейтудің тиімді құралы болып табылатынына Дж. Бейкер мырзаның күмәні жоқ. Екі ел арасындағы қызуқанды байланыстардың жоғарғы деңгейде үнемі қолдау тауып келе жатқандығы мемлекеттердің ұйымдары мен шаруашылық негіздерінің тікелей байланысуына жағдай жасайды. Осы кезеңде Қазақстандағы болып жатқан саяси оқиғалар, оның экономикалық жағдайы мен тікелей байланыстар жасауға американдықтар талап білдіре бастайды.
Осыған орай, 1991 жылы қыркүйекте Алматыға Американың мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкер мырза сапар шегіп, көптеген ұсыныстарын тапсырады. Олар сауда-экономикалық байланыстар орнату, Қазақстан үшін американдық инвестициялық қор ашу, оның Халықаралық валюта - қаржылық ұйымдарға кіруіне көмектесу туралы, Қазақстанның АҚШ-та, АҚШ-ң Қазақстанда өз өкілдіктерін ашу, республикамызға жан-жақты көмек беру, рыноктық экономикаға тездетіп кіруіне байланысты экономикалық және басқару кадрларын дайындауда көмектесу туралы ұсыныстар болатын.
Қазақстанның ашық саясаты, орасан зор экономикалық мүмкіншілігі, өзгеше табиғи байлықтары Американың саяси және іскер орталарын барған сайын қатты қызықтыра берді. Республика экономикасының жандануына бұл қарқын тым баяулық ететін. 1991 жылғы тамыз оқиғасы орталықтың тағдырын шешіп, елдегі қоғамдық-саяси процестердің тездетуіне әкеліп, ақырында КСРО-ның құлап, ТМД-ның құрылуына жол ашады. Қазақстанның әлемдік саяси маңыздылығы оның Еуразиялық континенттің орталығындағы географиялық орналасуымен іспеттес болып қалды. Бұл жағдай, ең алдымен, Қазақстанның ядролық қаруға иелік етуіне байланысты болды.
1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыға екінші ресми сапарымен мемлекеттік хатшы Дж. Бейкердің келуінің басты мақсаты да, осы ядролық қарудың болашағы еді. Сонымен қатар хатшы мырза Дж. Буш АҚШ президентінің елбасымызды ресми сапарға келіп қайтуға ресми шақыруын табыс етеді2.
Невада штаты мен Семей облысындағы сынақтарды тоқтату талабын қойған екі елдің озық ойлы азаматтарының қозғалысының бірігу тарихы туралы Вирджиния университетінің профессорының Ақиқат журналындағы мақаласы осыған дәлел. Бұл қозғалыстағы О. Сүлейменов ағамыздың орны мен маңызы туралы айта кетуге болады.
1992 жылы 3 сәуірде Қазақстан үкіметі Американдық Сколден, Арис Елейт, Мигер энд Флай адвокаттық конторасымен келісім шартқа отырады. Бұл мекеме Қазақстанның АҚШ-пен ЕЭС Европаның экономикалық Одағы аралық келіссөздерде шетелдік инвестициялар, жекешелендіру, сауда, салық салу, әртүрлі үкіметаралық келісімдер салаларында өкілі болады. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде бірінші болып американ компанияларынан АҚШ-пен келіссөздерде кеңестер алу үшін келісімге отырады.
1992 жылы 18-24 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының президенті АҚШ-та бірінші ресми сапарында болып қайтады. Ресми сапардың екі ел арасындағы саяси-экономикалық байланыстардың жаңа деңгейге көтерілуіне жасаған ықпалы өте зор. Сапар барысында Президенттер төрт құжатқа қол қояды, олар: Сауда катынастары жөніндегі келісім, Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт, Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум, Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция туралы бірлескен мәлімдемелер. Осылай, екі жақты карым-қатынастардың шарттық құқылық негіздері қаланды . Осы сапар барысында елбасымыз Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ бас хатшысы Бутрос Галимен, кейіннен қаланың ірі іскер адамдарымен кездесіп, сонымен қатар сапар соңына таман Қазақстан 164-ші мемлекет болып, БҰҰ-ның құрамындағы білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі бөліміне кіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа екінші сапары 1994 жылы ақпан айында өтіп, онда АҚШ президенті Б. Клинтонмен бірге 14 ақпанда Демократиялық әріптестік жөніндегі Хартияға қол қоюлары Қазақстан-Американ қатынастарының жаңа кезеңін белгілейді. Кездесу қорытындылары жөнінде айта келіп АҚШ Президенті Б. Клинтон: Біз Құрама Штаттары үшін зор маңызы және экономикалық потенциалы бар ұзақ мерзімді әріптестікке негіз салдық - деп мәлімдейді. Екі мемлекет қарым-қатынастарының көлемі және перспективасы, олардың аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзара әрекеттері тұрғысынан қарағанда, бұл әріптестікті стратегиялық деп атауға толық негіз бар. Қазақстан қауіпсіздігіне, оның аумақтық тұтастығына сол Хартиядағы кепілдік республиканың егеменді дамуына, оның жас мемлекеттілігіне айрықша маңызды екенін айта кету керек. Хартия екі ел арасындағы саясат және қорғаныс, экономика және экология, ғылым мен техника, сайып келгенде, іс жүзінде барлық бағыттардағы кең ауқымды қарым-қатынастардың дамуын ұзақ жылдарға белгілеп берді. Сапар нәтижесінде Қазақстанның нарықтық реформаларына американ көмегінің жаңа перспективалары ашылды: іскерлікті дамытудың екі тараптық кеңесін, Орта Азияның кәсіпкерлік қорын құру, корғаныс конверсияларына қаржылық көмек және т. б. Содан бері бұл бағытта талай жүйелі оң қадам жасалды. Алматыға АҚШ жағынан вице-президент А. Гор, мемлекетік хатшы У. Кристофер, қорғаныс министрі У. Перри, энергетика министрі О. Лири, президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі Э. Пейк және басқа бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлер арнайы сапармен келіп қайтады. 1991 жылдан бері қаншама іс сапармен келіп, өзімен бірге көптеген іскер адамдарды ертіп, АҚШ-пен арадағы байланыстың тұрақты әрі іскерлік алуына, Қазақстанның өркениет әлеміне кең танылуына игі ықпал етіп келуіне оң ақуалдың қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген қайраткерлердің бірі - Джеймс Бейкер мырзаның орны бөлек екенін елбасымыз да мойындады. Хартия қабылданғаннан кейін АҚШ-ғы Қазақстанның демократиялық жолмен дамудағы мемлекет ретіндегі беделі өсіп, Американың іскер де қаржылық әлемінің Қазақстанмен қарым-қатынасты орнату және дамытуға қызығушылығы артып, сонымен қатар американ компаниялары мен фирмаларының бізбен әріптестік байланыс жасауға ұмтылысы артады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа үшінші сапары 1997 жылы қараша айының орта шенінде өткен еді. Осы сапар барысында 18 қарашада Вашингтонда Қазақстан Республикасының Президенті мен АҚШ-тың вице-президенті Альберт Гор екеуі қол қойған Экономикалық әріптестікті дамыту жөніндсгі іс-қимыл бағдарламасының екі ел арасындағы экономикалық байланыстарға жақсы әсер еткендігі баршаға аян 3.
Сапар алдында 12 қарашада Президент Н. Ә. Назарбаев АҚШ-тың Халықаралық қатынастар жөніндегі төрағасы Питер Питерсон және осы ұйымның құрметті төрағасы, белгілі қаржыгер Дэвид Рокфеллерлер бастаған осы кеңестің делегациясын қабылдайды. Делегация мүшелері Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарға баруына байланысты, ондағы кездесуде экономикалық мәселелердің жан-жақты шешілуіне жәрдемдесетіндігі жөнінде уәде береді, нында да сапардың стратегиялық маңызы зор болды. Экономикалық әріптестікті дамыту келісімімен қатар, стратегиялық мәнді Қарашығанақта, яғни Каспийде бұрғылау жұмыстарын жүргізе отырып, онда газ өндейтін завод құрылысын аяқтау және газ құбырын осы жерден бастап Қазақстанның орталығына жеткізу жөнінде АҚШ-пен келісімшартқа қол қойылады. 1997 жылы қараша айындағы іс-сапардың Қазақстанға экономикалық маңызы да айтарлықтай зор еді, өйткені Американың алдыңғы қатарлы компанияларын Каспийдің Қазақстандағы жағалауларына назарын аудартып, көптеген инвестициялармен қатар жаңа технологиялы завод салуға мүмкіндік әперді. Тек Каспий ғана емес, көптеген қазақстандық фирмалар мен кәсіпорындарға да Әріптестікті дамыту келісімінің пайдасы тигені сөзсіз.
1999 жылы сәуір айының соңына таман Қазақстан Республикасының Президентінің АҚШ-қа төртінші ресми сапары сәтті аяқталады. Б. Клинтон мырза Қазақстанның өз аймағындағы бейбітшілікті сақтаудағы алатын орнының маңыздығын атап айтқанда, Азияда тұрақтылық псн сенімділікті орнатудағы басшылығын ескеріп өтеді. Сол кездің маңызды оқиғалары аясында, дәл осындай позиция, біздің еліміз ғана емес, бүкіл дүниежүзілік қоғамның позициясы екені айдан анық. Саяси мәселелермен қатар елбасымыз Вашингтонда дүниежүзілік ірі компаниялардың және корпорациялардың басшыларымен кездесті. Сонымен қатар Халықаралық валюта қорының директор-басшысы М. Камдессю мырзамен, Халықаралық Реконструкция және даму банкісінің басшысы Дж. Вульфенсонмен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Бұл шарттар мен келісімдер туралы келесі тарауда кеңірек талқыланады. 1999 жылы желтоқсан айының ортасында өткен Президентіміздің Вашингтондағы бесінші ресми сапары туралы айтпастан бұрын, онда өткен Қазақстан-американдық бірлескен комиссияның алтыншы мәжілісі туралы айту тиіс. Вашингтонда 17-20 желтоқсан аралығында, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев және АҚШ-тың вице-президенті А. Гордың басшылығымен өз іргетасын 1996 жылы сәуірде премьер- министр Джеймс Бейкердің атсалысуымен қалаған Қазақстан - Американ кеңесінің алтыншы мәжілісінде негізінен, бұрынғы әскери, ғылыми-техникалық кешендердің тағдыры мен Халықаралық ғылыми-техникалық орталық құру мәселесі қарастырылады 4.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Вашингтонға жасаған бесінші ресми сапарының нәтижесі ретінде, 2000 жылы қаңтар айының соңына таман кеңестің шешіміне байланысты Қазақстанға АҚШ-тың ресми делегациясы келген болатын. Делегация құрамында АҚШ-тың энергетика және қорғаныс министрлігі Мемлекеттік департамент өкілдері, елшілік пен ұлттық зертханалардың техникалық эксперттері кіріп, оны энергетика министрінің орынбасары Рауз Готмюллер басқарды. Мұндағы өз әріптестсрімен кездесіп, Астанада іскерлік жиналыстар мен кеңестер өтіп, бұрынғы әскери ғылыми- техникалық кешендерді конверсиялау аясындағы проблемалар мен келешектегі байланыстар, халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен бірлескен түрде қауіпті азайту бағдарламасының жобасын дамыту туралы мәселе қозғады.
Бірлескен Қазақстан-Американ кеңесі Қазақстанның салмақты саяси және экономикалық әлеуметін Вашингтонның ескергендігінің және АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің маңызы межелеріндегі геостратегиялық орналасуын мойындай отырып, оған айрықша мән беретінінің дәлелі екендігін Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Нұрғалиев атап көрсете отырып, сөзіне дәлел келтірді. Б. Клинтон әкімшілігі өзі билік басында болған 8 жылда американ жағынан АҚШ-тың вице-президенті басқаратын бірлескен комиссияларды әлемнің бес мемлекетімен ғана: Египетпен, Қазақстанмен, Ресеймен, Украинамен және Оңтүстік Африка Республикасымен құрып, осындай дәрежедегі бірлескен комиссияларды АҚШ басқа елдермен құрған емес. Болат Нүрғалиевтің Егемен Қазақстандағы мақаласында 1999 жылдың желтоқсанында кабылданған АҚШ-тың XXI ғасырдағы ұлттық қауіпсіздік стратегиясында негізгі мақсаттар ретінде американ азаматтарының құқығын елдің ішінде және одан тыс жерлерде қорғау, сондай-ақ егемендікті, аумақтық тұтастықты және ұлттық берекетін сақтау белгіленген. Ол негізгі үш міндетті көздейді: ұлттық қауіпсіздікті нығайту, экономиканы одан әрі дамыту, демократияға жәрдемдесу және шетелде адам құқығын қорғау .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz