Тұрғын үй құрылысын дамыту



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Тұрғын үй құрылысын дамыту
2. Тұрғын үй.коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту
3. Тұрғын үй қоры және тұрғын үй қатынастары
4. Коммуналдық инфрақұрылымның жай.күйі
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері.
Құрылысты одан әрі дамыту, сондай-ақ құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын арттыру мемлекеттің түйінді экономикалық міндеті болып табылады.
Құрылыстың оны басқа салалардан ерекшелеп тұратын әрі құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың ерекшелік нысандарын талап ететін өзіне тән ерекшеліктері болады. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбайтындығы, құрылыс өнімдерінің стационарлық сипаты, құрылыс процесіне қатысушылардың әртүрлілігі, салыстырмалы түрде капиталдың баяу айналымы және тәуекелдің жоғары деңгейі.
Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама) іске асыру қорытындылары бойынша 15,8 млн. шаршы метр тапсырылған болса, нақты 17,9 миллион шаршы (бұдан әрі – млн. шаршы) метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама тұрғын үй құрылысын дамытуға қосымша серпін бергенін ескеріп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен жаңа Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама) бекітілген, ол табыс деңгейі әртүрлі азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша тұрғын үйдің жалпы алаңы 19,3 млн. шаршы метр көлемінде іске қосу көзделген, нақты 19,7 млн. шаршы метр пайдалануға берілді.
Алайда, әлемдік дағдарыс экономиканың осы секторына да әсерін тигізді, атап айтқанда, 2008 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2007 жылмен салыстырғанда 89 % құрады, ал 2009 жылы 2008 жылдың деңгейінен 41 % төмен болды. Жеке құрылыс салушылардың белсенділігі төмендеді. Бұл ретте, бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үй салу тұрақты болып қалып отыр.
Республикалық бюджеттен 29,1 млрд. теңге сомасында бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 2008 – 2010 жылдары жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемі 378,3 мың шаршы метр 6304 пәтер пайдалануға берілді.
1 https://www.google.kz

Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Тұрғын үй құрылысын дамыту
2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту
3. Тұрғын үй қоры және тұрғын үй қатынастары
4. Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері.
Құрылысты одан әрі дамыту, сондай-ақ құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін
және сапасын арттыру мемлекеттің түйінді экономикалық міндеті болып
табылады.
Құрылыстың оны басқа салалардан ерекшелеп тұратын әрі құрылыс
өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың ерекшелік нысандарын талап ететін
өзіне тән ерекшеліктері болады. Бұл – құрылыс объектілерінің
қайталанбайтындығы, құрылыс өнімдерінің стационарлық сипаты, құрылыс
процесіне қатысушылардың әртүрлілігі, салыстырмалы түрде капиталдың баяу
айналымы және тәуекелдің жоғары деңгейі.
Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – 2005 – 2007 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарлама) іске асыру қорытындылары бойынша 15,8 млн. шаршы
метр тапсырылған болса, нақты 17,9 миллион шаршы (бұдан әрі – млн. шаршы)
метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама тұрғын үй
құрылысын дамытуға қосымша серпін бергенін ескеріп, Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен жаңа Қазақстан
Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі –
2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама) бекітілген, ол табыс
деңгейі әртүрлі азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға
бағытталған.
2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
қорытындылары бойынша тұрғын үйдің жалпы алаңы 19,3 млн. шаршы метр
көлемінде іске қосу көзделген, нақты 19,7 млн. шаршы метр пайдалануға
берілді.
Алайда, әлемдік дағдарыс экономиканың осы секторына да әсерін тигізді,
атап айтқанда, 2008 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2007 жылмен
салыстырғанда 89 % құрады, ал 2009 жылы 2008 жылдың деңгейінен 41 % төмен
болды. Жеке құрылыс салушылардың белсенділігі төмендеді. Бұл ретте,
бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үй салу тұрақты болып қалып отыр.
Республикалық бюджеттен 29,1 млрд. теңге сомасында бөлінген нысаналы
трансферттер есебінен 2008 – 2010 жылдары жалға берілетін тұрғын үйдің
жалпы көлемі 378,3 мың шаршы метр 6304 пәтер пайдалануға берілді.
Республикалық бюджеттен 49,8 млрд. теңге көлемінде бөлінген кредиттік
қаражат есебінен 100 мектеп пен 100 аурухана салу жобасының шеңберінде
білім беру мен денсаулық сақтау объектілерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ
Астана қаласының бюджеттік саласының қызметкерлеріне жалпы алаңы 490,6 мың
шаршы метр 8146 пәтер пайдалануға берілді.
Тұрғын үй құрылысын дамыту
Тұрғын үйлерді пайдалануға уақтылы беруді қамтамасыз ету мақсатында
құрылыс салынатын аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен
қамтамасыз ету жөнінде ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Республикалық
бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 2008 – 2010 жылдары
құрылыс салу аудандарында 6791,3 км инженерлік желілер, оның ішінде 3596,9
км электрмен жабдықтау желілері, 193,8 км жылумен жабдықтау желілері,
1263,8 км сумен жабдықтау желілері, 560,6 км кәріз, 690,7 км газ құбыры
және 485,5 км жол салынды.
Көрсетілген кезең ішінде 94530 жер учаскесі инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, оның ішінде 80147 – республикалық
бюджет қаражаты есебінен және 14383 – жергілікті бюджеттер қаражаты
есебінен.
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын іске асыру тұрғын үйді іске қосу
көлемін азайтуға жол бермеуге және оны дағдарысқа дейінгі деңгейде –
6,0 млн. шаршы метр шамасында сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Аталған шаралар шеңберінде Үкімет үлестік құрылысқа қатысушылардың
арасында шиеленісті төмендету жөнінде шаралар кешенін қабылдаған, оның
ішінде үлестік құрылысты 430 млрд. теңге мөлшерінде бюджеттік
қаржыландыруды жүзеге асырған. Қабылданған шаралардың арқасында 62 мыңнан
астам үлескері бар 450 объектінің ішінде 2011 жылғы 1 қаңтарда 13,6
мыңнан астам үлескері бар 58 объекті салып бітіру қажет. 2011
жылдың соңына дейін барлық қалған үлескердің проблемасын шешу жоспарланып
отыр.
Бюджеттік қаражатты үлестік құрылысқа құю – бұл қоғамдағы әлеуметтік
шиеленістің алдын алу қажеттілігінен туындаған бір жолғы акция екенін атап
өту керек.
Үлестік құрылыста өзара қатынастарды реттеу үшін одан әрі бюджеттік
шығындарға жол бермейтін жүйелі шара ретінде қолданыстағы заңнама
қатаңдатылды – 2009 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды.
Тұрғын үйді іске қосу көлемін одан әрі сақтау, тұрғын үй құрылысын
қаржыландырудың жаңа тетіктерін қолдануды кеңейту және тұрғын үй құрылысына
жеке инвестициялар тартуды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысымен Қазақстан
Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған
бағдарламасы қабылданды.
Осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде халық үшін тұрғын үйдің
қолжетімділігін арттыру жөнінде шаралар көзделген.
Сонымен, жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй жағдайын
жақсартуға есепте тұрған азаматтар үшін республикалық бюджет қаражаттары
есебінен әр облыста, Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік жалға
берілетін пәтерлер (үйлер) жобалау және жыл сайын салу көзделген.
Салынып жатқан тұрғын үйді пайдалануға беруді уақытылы қамтамасыз ету
мақсатында республикалық бюджет қаражаттары есебінен инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде жылумен, сумен, газбен
және электрмен жабдықтаудың квартал ішіндегі инженерлік желілерін, кәріз,
инженерлік құрылыстар мен жолдар салу қарастырылған.
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жаңа онжылдық - жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан
халқына Жолдауына сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін және жалпы
тұрғын үй коммерциялық секторын дамыту жөніндегі жұмыстар басталды. Оның
нәтижелері бойынша Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (бұдан әрі
– ҚТҚЖБ) қатысуымен жергілікті атқарушы органдар арқылы кредиттік тұрғын үй
салудың және сатудың жаңа схемасы әзірленді. Бұл ретте, азаматтардың, ҚТҚЖБ-
ның, мемлекет пен құрылыс компанияларының теңқұқылы әртіптестігі қағидаты
қолданылған. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша ҚТҚЖБ 167 мыңға жуық
азаматпен жалпы сомасы 39 млрд. теңгеден астам жинағы бар тұрғын үй
құрылысы жинақтары туралы шарт жасасты.
ҚТҚЖБ-нің деректері бойынша банк салымшыларының – тұрғын үйді әлеуетті
сатып алушылардың саны осы уақытта шамамен 17 мың адам құрайды, ал
көрсетілген жобаларды іске асырудың нәтижесінде 8 мыңнан астам пәтер ғана
салынатын болады.
Халыққа әрленген 1 шаршы метр тұрғын үй сату бағасы Алматы қаласында
142,5 мың теңге, Астана және Ақтау, Атырау және Өскемен қалаларында 112,5
мың теңге, ал қалған өңірлерде шамамен 90 мың теңге құрайтын болады. Тұрғын
үй құрылысының соңғы бағасы жобалау-сметалық құжаттамамен және Мемлекеттік
сараптамамен анықталатын болады.
Өңірлерде пилоттық жобаларды іске асыру – ҚТҚЖБ-нің әлеуетін
пайдаланудың бірінші сатысы ғана екенін атап көрсету қажет, бұл іс жүзінде
тұрғын үй құрылысының нақты схемаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша ҚТҚЖБ салымшыларының
салынған тұрғын үйге төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін белгілі пулын
қалыптастыруы тиіс, ол жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үй
салуға мүдделігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұрғын үй құрылысының көлемін сақтап қалу мақсатында 2011 және одан
кейінгі жылдары мемлекет құрылысты қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі
банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қорландыруға қолдау көрсететін болады.
Тұрғын үйді сату ЕДБ-ның таңдауы бойынша төменде көрсетілген
схемаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады:
кейіннен ипотека берілетін депозиттік-жинақтау жүйесі;
кейіннен бөліп-бөліп сата отырып депозиттік-жинақтау жүйесі;
тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі.
Аталған тетіктерді іс жүзінде іске асыру үшін жергілікті атқарушы
органдар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізілген жер
учаскелерін бөлуге тиіс.
Осы шараларды қабылдау 2011 – 2014 жылдарға арналған Бағдарлама
шегінде 24,3 млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні тұрғын үй құрылысындағы кемшіліктер мыналар болып
табылады – ұсынысқа қарағанда тұрғын үйге сұраныстың алға шығуы мен артуы,
халықта тұрғын үйді сатып алудың қолжетімді құралдарының болмауы (дағдарыс
жағдайында ипотекалық кредит беру өлшемдері қатая түсті), сондай-ақ
жылжымайтын мүлік нарығында үлестік құрылысқа қатысушылардың проблемалары
әлі толық шешілген жоқ.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысының қайталануы құрылыс саласына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы тұрғын-үй құрылысының жағдайы мен халықтың баспамен қамтамасыз етілуі жағдайын анықтау
Ипотекалық несие түсінігі туралы
ИПОТЕКАЛЫҚ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ИПОТЕКАЛЫҚ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ
Тұрғызылған тұрғын үйлер аумағы
Құрылыс нарығын қаржыландырудың теориялық-әдістемелік негізі
Тұрғын үй нарығы
Ипотекалық несие түсінігі
Тұрғын үй нарығын жетілдірудің негізггі бағыттары
БТА ИПОТЕКА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ИПОТЕКАЛЫҚ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік рыногының даму мәселелері
Пәндер