Тәуекел хан (1583-1598 жылдары билік құрған)


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тәуекел хан

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тәуекел хан: Тәуекел хан
Тәуекел хан:
:
:
9-шыҚазақ ханы
Тәуекел хан:
Тәуекел хан: 1583 - 1598
Тәуекел хан: Ізашары:
Шығай хан
Тәуекел хан: Ізбасары:
Есім хан
Тәуекел хан:
Тәуекел хан: Әкесі:
Шығай хан

Тәуекел хан[1] - (1583-1598жылдары билік құрған) Шығай хандыңұлы1586-1594жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін олМәскеуменқарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598жылыОрта Азияғажаңажорықжасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кездеТәуекелауыр жараланып, Ташкенттеқайтыс болды.

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгіҚазақ кетуі, Тәуекелдіңодан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 , 1594-, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандтыбасып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардыңҚазақ хандығықұрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар текҚазақ хандығынағана емес, шайбанилік мемлекеттергеде елеулі ықпал жасады, өйткеніОрта Азиядағыәулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582жылыШығай ханөлгеннен кейінТәуекел ханболды. Абдаллахқавассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ1582жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқандаТәуекелөзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзініңДешті Қыпшағынакетіп қалды» делінген дерек те бар. Тәуекелдіосындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.

Мазмұны[жасыру]:

Мазмұны

[жасыру]

1 Ташкент көтерілісі2 Мәскеумен қатынас3 Сауда байланысы4 Жаңа шапқыншылық5 Пайдаланған әдебиеттер[өңдеу] Ташкент көтерілісі

ТәуекелСыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, әрекет жасайды. Абдаллахханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылыТүркістан, Ташкент, тіптіСамарқандсияқты қалаларды талқандады, Тәуекелшайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Ташкентөңірінде болған1588жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөніндеХафиз Тыныштың«Шараф-наме - ий шахи» жәнеМукимидің«Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкенткөтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал олОрта Азия- Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді. Сол кезде қазақ менНаурыз биқұсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588жылғы оқиғалар содан кейінгі1598-1599жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды. Сонау1585жылы-ақАбдаллахқадербес қарсы шыққанТәуекелбұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Тәуекел1582жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдіңсол жылғыТашкенттішабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшыныңөзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды.

[өңдеу] Мәскеумен қатынас

Тәуекелдің хан арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады. 1594жылыТәуекелөзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшағаҚұл-Мұхамедтіелші етіп жіберді. Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхамедбылай деп хабарлаған: «Ал қазірБұхарапатшасымен уақытша татумыз, татумыз, де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік туралы істеТәуекел хан«қазақ және қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбіржоңғаррулары бағынған деген қорытынды жасауға болады. Сонымен қазақ елшілігінің алдындаОраз-Мұхаммедтіқайтаруға қол жеткізу жәнеАбдаллахқақарсы уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595жылғы наурыз айында елшіге патшаның , ондаТәуекелгеқазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады:Тәуекел«біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз және бізге опасыздық жасағансібірпатшасы [[КөшімКөшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшінИранелшісін өздерімен сұрады. Елшілердің өтініші орындалды. Құл-Мұхаммеделшілігіне жауап ретінде1595жылдың наурыз ханғатілмашВельямин Степановжіберілді.

[өңдеу] Сауда байланысы

Қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, дипломатиялық қатынастар, сондай-ақ сауда байланыстары XVI ғасырдың кейінгі жылдарында да жалғаса берді. Қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Қазақтаррынокқа өз тауарларын: малын, мал өнімдерін апарып отырды. РесейденОрта жолҚазақ хандығыныңаумағы арқылы өтті. Тобыл қаласынанОрта Азияғаапаратын сауда жолыЕртісөзені арқылыЕсілөзенінің бас жағына қарай, ал ол жақтан Ұлытауды айналып өтіп, Сарысу , сонан соңСырдарияөзені арқылыБұхарағаөтетін еді.

[өңдеу] Жаңа шапқыншылық

1598жылы мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлер сұлтандарының, әмірлерінің әскерлері мен өз әскерінің бір бөлігін жіберген. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде шайқас болған. Абдаллах әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Абдаллах өлгеннен кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді. Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішіндеТүркістанды, Ташкентті, Ферғананыалды. 1598жылы наурыздаАбдолла ханқайтыс болып, Абдылһұмин ханболды. Ираншахы аббас оған жаулық ойлады. Осыны пайдаланғанТәуекел ханшапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ кіріп, Ахси, Әндижан, Ташкент, Самарқандқалаларын басып алды. Тәуекел ханөзінің туысыЕсім сұлтанды20 мыңдай әскермен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың аттанды. Қазақ әскерлеріБұхараны20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқастаТәуекел ханауыр жараланып, Ташкенткеқайтып келіп қаза болды.

Тәуекел хан

Тәуекел хан (туған жылы белгісіз - 1598) - қазақ хандығының билеушісі, Шығай ханның ұлы. 1581 жылдан әкесі Шығай ханмен бірге Мауераннахр билеушісі Абдолла ханға қызмет етті. Тәуекел хан Абдолла ханның басты қарсыластарының бірі Баба сұлтанмен күресте белсенділік танытты. 1582 жылы Баба сұлтанды өлтіріп, оның басын Абдолла ханға апарып берді. Бұған сый ретінде мол тартулармен қоса, Самарқандқа іргелес Африкент уәлаятын үлеске алды. Ол Абдолла ханға вассалды тәуелділіктен бірден қол үзе қоймады. 1583 жылы Абдолла ханның Әндіжан мен Ферғанаға жасаған жорығына қатысып, Баба сұлтанның ұлы Абд әл-Ғафарды тұтқынға алды. Осы жорықтан қайтып келе жатқанда өзіне Абдолла ханның терес ниетінен күдіктеніп, қазақ даласына кетті. Оның мұндай қадам жасауына Абдолла ханның қазақтарға Түркістан аймағынан төрт қала беруге уәде етіп, бақталастарын жойғаннан кейін өз уәдесін орындамауы себеп болды. Тәуекел хан ендігі жерде Сырдария өңірінің қалалары үшін Абдолла ханмен күрес жүргізуге кірісті. 1586 жылы Ташкент, Самарқанд және Түркістан қалаларын алуға әрекет жасады. Шарапхана түбінде Абдолла хан аттандырған әскерді талқандады. Мұнан соң Абдолла қазақтарға қарсы өзінің інісі, Самарқандтың билеушісі Ұбайдулла сұлтанды көп әскермен аттандырды. Екі жақтың әскері Сайрам маңында кездесті. Бірақ Тәуекел хан күші басым әскермен шайқасқа түспей, кері шегінді. Сөйтіп, оның Түркістан аймағындағы қалаларды алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Ол Бұқар хандығымен күресте Мәскеумен одақтасуды жөн санап, 1594 жылы Мәскеуге елшілік аттандырды. Бұл елшілікке жауап ретінде Мәскеу 1595 жылы тілмаш Вельямин Степановты жіберді. Тәуекел хан кезінде қазақ-орыс байланыстарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Ол Мауераннахрды қазақ хандығына қаратып алуға әрекеттенеді. Соған орай 1598 жылы Бұхар хандығына жорық жасады. Жорық қарсаңында Абдолла ханға өзінің ұлы, мұрагері Абд әл-Мұмин қарсы шығып, Бұхар хандығында саяси дағдарыс орын алған еді. Осы сәтті пайдаланған Тәуекел хан 100 мыңдай әскерімен жорыққа аттанды. Қысқа мерзім ішінде Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларын басып алып, Самарқандқа қарай жылжыды. Аболла хан Тәуекел ханды өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы өз әскерінің бір бөлігін жіберді. Екі жақ әскері Ташкент пен Самарқандтың аралығында жолығып, шайқасқа түсті. Абдолла хан әскері ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл оның тез арада әскер жинап, оны өзінің басқаруына мәжбүр етті. Абдолла хан көп әскермен наурызда Бұхардан Самарқандқа келіп жеткенде кенеттен қайтыс болды. Оның мұрагері ретінде таққа отырған Абд-әл-Мұмин Тәуекел ханға тойтарыс беруге дәрменсіздік танытып, көп ұзамай бүлікшіл әмірлердің қолынан қаза тапты. Бұл жағдай Тәуекел ханның Самарқандты басып алуын оңайлатты. Тәуекел хан Самарқандты басып алғаннан кейін онда інісі Есім сұлтанды 20 мың әскермен қалдырып, өзі 80 мың әскермен Бұхараға аттанды. Жаңадан таққа отырған билеуші Пір-Мұхаммед қазақтармен ашық шайқасқа түспей, қала қорғанын нығайтты. Тәуекел хан әскері қаланы он бір күн бойы шабуылдап ала алмады. Он екінші күні Бұхараны қорғаушылар шабуылға шығып, Тәуекел хан әскерлеріне ойсырата соққы берді. Тәуекел хан жараланып, қазақ жасақтары кері шегінуге мәжбүр болды. Нақшбандийа ордені шейхтерінің араласуымен екі жақ бейбіт келісімге келді. Бұл келісім бойынша қазақтар Самарқандтан бас тартты. Алайда Ташкент, Сайрам және Түркістан қалалары қазақтар иелігіне көшті. Тәуекел ханның Шайбани әулетімен жүргізген күресі нәтижесінде Сырдарияның орта ағысының екі жағасындағы отырықшы-егіншілік аудандар қазақ хандығының құрамына кірді. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том

Ақназар (Хақназар) ханның мұрагері әрі ізбасарларының бірі. Ол Бұхар мен Моғолстан бұғауынан босау жолында үздіксіз соғыс жүргізді. Бұхар әскерін талқандаған соң, Ташкент пен Самарқанды басып алды.

Тәуекел хан Ресеймен одақтық бәтуаға келу жолында көп еңбек сіңірді. Ресейдің бұл келісімге келгендегі мақсаты: Көшім ханға біріккен күшпен соққы беру; Орта Азиямен келіссөздер жүргізу үшін одақтық байланысты пайдалану; Бұхар хандығына қарсы Тәуекел ханмен, Иран шахы Аббаспен одақтық келісімге келу.

1594 жылдың қаңтар айында патша үкіметі Тәуекел ханға көмек беруге бел байлады. Тәуекел хан ұлы Құсайынды Мәскеуге аманат ретінде жіберуге келісім берді. Патша үкіметі жауапты шешім ретінде Тәуекел ханның немере інісі Ораз-Мұхаммедті қайтармақшы болады. 1595 жылдың мамыр, маусымында Тәуекел хан қонақжайлылық салты бойынша В. Степанов бастаған орыс елшілерін қабылдады.

1598 жылы Бұхар үшін болған шайқаста Тәуекел хан қаза болды.

Тәуекел хан

Тәуекел хан - (1583-1598 жылдары билік құрған) Шығай хандың ұлы 1586-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588-жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.

1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.

Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.

… Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.

Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың «Шараф-наме - ий шахи» және Мукимидің «Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия - Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.

Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.

Сонау 1585 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.

1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға Құл-Мұхамедті елші етіп жіберді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекел хан. Қазақ хандығының тарихы
Тәуекел ханның тұсындағы қазақ мемлекетінің дамуы
Xvi ғасыдағы қазақ хандығының саяи әлеуметтік және экономикалық дамуы
Тәуекел хан туралы
Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр)
XVI ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақ хандығы
XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы туралы
ХVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын зерттеу
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
Қазақ халқының дүниетанымы (Хронологиялық, космологиялық, географиялық)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz