Т.Джефферсон АҚШ-тың үшінші президенті: саяси өмірбаяны


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тарих факультеті
Тарих кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Т. Джефферсон АҚШ-тың үшінші президенті: саяси өмірбаяны
Орындаған: .
Ғылыми жетекші:
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
« » 200 ж.
Ақтөбе 200
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1-тарау. Т. Джефферсонның өмірі және саяси қайраткерлігінің қалыптасуы7
1. 1. Т. Джефферсонның өмір жолы7
1. 2. Т. Джефферсон саяси қайраткер: депутат, реформатор, елші және губернатор14
1. 3. Т. Джефферсон Республикалық партияның басшысы20
2-тарау. Т. Джефферсонның президенттік билігі жылдарындағы28
(1801-1809 жж. ) АҚШ28
2. 1. Т. Джефферсонның президенттік билігі қарсаңындағы АҚШ28
2. 2. Республикашылар үкіметінің ішкі саясаты31
2. 3 Республикашылар үкіметінің сыртқы саясаты40
ҚОРЫТЫНДЫ45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі47
ҚОСЫМШАЛАР49
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы он алты жылдық егеменді ел болу жолында өзінің мемлекеттілігін қалыптастыру бағытында үлкен шараларды атқарды. Өткен кезеңде еліміз түрлі салада өз дамуының негізгі басымдықтарын айқындады. Сол басым бағыттардың бірі Қазақстан жастарына сапалы білім беру. Қазіргі таңда әлем қауымдастығы салауатты әрі сапалы білімді ұрпағы бар ел ғана қарыштап дамитындығын мойындап отыр.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. Оның тарихы да әлем тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда бізге әлем елдерінің тарихи тәжірибелерін оқып, білу маңызды. Олардың мемлекет қалыптастыру тәжірибелері бізге үлкен сабақ болмақ. Біздің тарихымыз тағдырлас сондай елдердің бірі Америка Құрама Штаттары. АҚШ-та біздің ел сияқты барлығын таза беттен бастап, экономикасы дамыған, күшті мемлекет құра алды. Осы бағыттағы олардың тәжірибелерінің оң жақтарын меңгеру бізге пайдалы. АҚШ-тың тәуелсіз, дамыған мемлекет ретінде құрылып, үлкен жетістіктерге жетуінде тарихи тұлғалардың рөлі ерекше. Сондай тарихи тұлғалардың бірі - Томас Джефферсонға біздің бүгінгі диплом жұмысымыз арналып отыр.
Томас Джефферсон - Америка Құрама Штаттары мемлекетінің құрылу негізінде тұрғандардың бірі. Ол өз заманының көрнекті саяси қайраткері, ғалым-гуманист, ағартушы, американдық революцияның демократиялық бағытының идеологтарының және басшыларының бірі болатын. Оның өмір жолы мен саяси қайраткерлік қызметі өз отанын, мемлекетін аяқтан тұрғызу, оны одан әрі дамыту, халықтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған күш-жігерге толы болды.
Томас Джефферсонның өз халқының азаттық алауы мен тәуелсіз мемлекеттерін құру мақсаттарына қосқан сүбелі үлесі «Тәуелсіздік Декларациясы» атты құжатты жасақтап, сол құжатта орын алған қағидалардың өмірде жүзеге асуына күш салуы болды. Оның осы мақсаттарының көпшілігі қабылданды, жүзеге асты да. Себебі, ол өз отанының патриоты, өз халқының адал қызметшісі болатын. Міне, Томас Джефферсонның осындай саяси қайраткерлік қырларын, Америка Құрама Штаттарының ел болып қалыптасу тарихын оқып, білу маңызды. Сондықтанда осы жұмысымыз арқылы осы ұлы мақсаттың орындалуына өз үлесімізді кішкентай болса да қосу.
Тақырыптың деректік көзі. Тақырыптың деректік көзін ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы АҚШ тарихына қатысты құрастырылған құжаттық жинақтар құрайды. Мұндай жинақтардың қатарында ең алдымен АҚШ тарихының хрестоматияларын атаймыз. Осындай жинақтардың бірі АҚШ тарихының көрнекті маманы Э. А. Иванян құрастырған «Хрестоматия по истории США» (М., 2005) атты еңбек. Мұнда сол кезеңдегі АҚШ тарихына қатысты көптеген құжаттар жинақталған. Одан басқа Т. Джефферсонның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметінің тарихына арналған өмірбаяндық жанрдағы жазылған еңбектер де жұмысымыздың дерек көзі бола алады. Мұндай шығармалар құнды құжаттарды тарту арқылы жазылған.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыс тақырыбына қатысты әдебиеттер баршылық. Бірақ бұл әдебиеттердің көпшілігі кеңестік кезеңде жарық көрген және орыс тілінде жазылған еңбектер. Қазақ тіліндегі әдебиеттердің болмауы дипломдық жұмысты жазу барысында бірқатар қиыншылықтар туғызуда. Кеңестік кезеңде жарық көрген еңбектердің қатарында алдымен оқулықтарға тоқталсақ. 1963 жылы «Новая история» (ч. 1. 1640-1870) атты оқулық шықты. Бұл педагогикалық институттарға арналған классикалық оқулықта Т. Джефферсонның президенттік жылдары, оның үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты қысқаша баяндалған. Екінші кезекте «История США» (В 4-х тт. Т. 1. М., 1983) атты 4 томдық еңбекті атауымыз қажет. Бұл еңбекте де Т. Джефферсонға қатысты материалдар қысқа, толық емес түрде берілген. Одан әрі Э. А. Иванянның «История США» (Пособие для вузов. М., 2004) және В. В. Согриннің «История США» (Учебн. пос. СПб., 2003) атты оқу құралдарын қарадық. Бұл соңғы жарық көрген оқу құралдарында Т. Джефферсонның қызметі және оның саясаты жаңаша көзқараспен баяндалған.
Тақырыптың тарихнамалық әдебиеттерінің қатарында Т. Джефферсонның өмір жолына, оның саяси қайраткерлік қырларының қалыптасуына, саяси қызметінің тарихына арналған автобиографиялық жанрдағы жазылған шығармалардың алатын орны ерекше. Солардың негізгілері Г. Н. Севостьянов пен А. И. Уткиндер жазған «Томас Джефферсон» (М., 1976) және «Т. Джефферсон. Автобиография» (Л., 1990) атты еңбектер. Бұл шығармаларда Т. Джефферсонның өмірбаяны, оның ішінде балалық шағы, жасөспірімдік кезеңі жан-жақты баяндалған. Олардан басқа Т. Джефферсоның саяси қызметінің басталуы, оның қызмет бабында өсу тарихы, партияның басшысы, президент ретіндегі қызметі көрініс тапқан.
Келесі кезекте жоғарыда ата аталған АҚШ тарихының үлкен маманы В. В. Согриннің еңбектеріне талдау берсек. Оның жоғарыда аталған еңбегінен басқа «Основатели США: исторические портреты» (М., 1983), «Мифы и реальности американской истории» (М., 1986) және «Политическая история США. ХҮІІ-ХХ вв. » (М., 2001) шығармалары бар. Автор бұл еңбектерінде АҚШ тарихын көптеген деректерді тарту арқылы жан-жақты суреттейді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты Томас Джефферсонның өмір жолын, қоғамдық-саяси қызметін, сол кезеңдегі тұтас АҚШ тарихын жан-жақты қарастырып, олардың маңызын көрсету. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды.
- Т. Джефферсонның өмірбаянын қарастыру;
- Т. Джефферсонның жеке тұлға ретінде қалыптасуының кезеңдерін
айқындау;
- Т. Джефферсонның реформаторлық, заңгер ретіндегі қырларын ашып, көрсету;
- Т. Джефферсонның ел басқарушы ретіндегі қызметінің кезеңдерін айқындау;
- Т. Джефферсонның Президент ретіндегі қызметін, оның үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін көрсету;
- Т. Джефферсон тұлғасының АҚШ тарихындағы алатын орнын анықтау.
Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде тарих ғылымының объективтілік, тарихилық, жүйелілік тәрізді негізгі принциптері басышылыққа алынды. Сонымен бірге, бітіру жұмысын жазу барысында салыстырмалы-тарихи талдау, сыни талдау, логикалық зерттеу әдістері кеңінен пайдаланды.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Аталмыш тақырып университет деңгейінде кезекті рет қарастырылып, Т. Джефферсонның өмірбаянын, реформатор, заңгер, елші, елбасшы ретіндегі қызметтерін жан-жақты талдап, маңызын көрсетуге талпыныс жасалды.
Жұмыстың хронологиялық ауқымы. Бітіру жұмысының хронологиялық ауқымы ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың алғашқы отыз жылдығы аралығын қамтиды.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, тараушаларға бөлінген екі үлкен тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден және қосымшалардан тұрады.
1-тарау. Т. Джефферсонның өмірі және саяси қайраткерлігінің қалыптасуы
1. 1. Т. Джефферсонның өмір жолы
Көрнекті саяси қайраткер, ғалым-гуманист, ағартушы, американдық революцияның демократиялық бағытының идеологтарының және басшыларының бірі Томас Джефферсон 1743 жылы 13-сәуірде Виргиния штатындағы Альбемарл графтығының Шедвел усадьбасында дүниеге келді. Джефферсондар Америкаға Уэльстен қоныс аударған. Бірақ олардың қоныс аудару уақыты белгісіз. Бізге жеткен мәліметтер бойынша Америка Құрама Штаттары тәуелсіздік Декларациясының авторының арғы атасы - Томас Джефферсон ХҮІІ ғасырдың 70-жылдарында Джеймс өзені бойындағы қазіргі Ричмонд аймағындағы Хенрико графтығында өмір сүрген. Ол табысты аңшы ретінде белгілі болды және фермерлердің кедей бөлігіне жатты немесе тіптен жері де болмады. Томас Джефферсон ауқатты көршісінің қызы - Мэри Брэнчке үйленгеннен кейін ғана, соның жасауы арқылы 1682 жылы 167 акрлық жер телімін сатып алуға мүмкіндік алады. Сол кезеңдегі өлшем бойынша бұл өте ұсақ келісім болатын.
Джефферсондардың шаруашылығының одан әрі нығаюына оның сайланбалы «жол инспекторы» қызметін атқаруына байланысты болды. Оның міндеті жергілікті тракторлардың жарақтылығын қадағалау болды. Томас Джефферсонның орталау сословиеге өткендігі оның жергілікті сотқа алқа би болып сайлануы да дәлел бола ала алады. Себебі кедейлер бұл мәртебеге ие бола алмайтын еді. Оның үстіне 1697 жылы дүние салған ол өз ұлы - Томасқа жер телімімен қатар, бірнеше құлдарды мұралыққа қалдырған болатын [1] .
Қоғамдық қызмет және табысты некелесу Джефферсондардың кейінгі буынына да дәстүрге айналды. Осы фактордың арқасында Джефферсондардың әулеті әлеуметтік баспалдақта күннен - күнге жоғарылай берді. Екінші Томас Джефферсон да сотта алқа би болды. Одан басқа ол графтықта милиция капитаны шенін алады. Екінші Томас Джефферсон бай плантатор Рендольфтардың туысы майор Питер Филдтың қызына үйленген. Осы жағдай оған үлген иелікті мұра етіп, жұмыс барысында қызметтік өсуіне ықпал етті. Ол графтықтың шерифі болып, ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде кішігірім жер өсімқорлығына қатысады. Алайда, оның өмірінің аяғына қарай жағдайы күрт төмендейді. Оған өрт себеп болды. Ол өрттен үлкен шығындарға ұшырап, тіпті отарлық әкімшіліктен материалдық көмек сұрауға мәжбүр болады. Мәліметтер бойынша одан қарызы үшін айыппұлдар өндірілген. Осыған қарамастан, 1731 жылғы оның өлімінен кейін үш ұлына біршама мұра қалады.
Ұлдарының ішінде қабылданған дәстүр бойынша кіші ұлы - Питерге аз мөлшерде мұра қалады. Дегенмен, ол екі құл мен екі жылқыға ие болған. Жер теліміне келетін болсақ, оған қашықтау жерде 1707 жылы әкесімен Файнкрик аумағынан сатып алынған 150 акрлық телім тиісілі болды. Файнкрик сол уақытта Хенрико графтығынан бөлініп шыққан Гучланд графтығында орналасты. Питер Джефферсон да өз әкесі мен атасы сияқты сотта алқа би және шериф қызметтерін атқарады. Ал одан кейін одан да жоғарылап жер өлшеуші қызметін атқарады. Жер өлшеуші техникалық маман болумен қатар, әрбір графтықтағы көрнекті тұлға болды. Осындай қызметті кейін бірінші президент болған Джордж Вашингтон да Виргинияда атқарады. Питер Джефферсоннның қызмет бабында жоғарылауы жеке басының қасиеттерімен қатар, оның шешесі жағынан алыс туыстары болған адамдармен де достық қарым-қатынаста болуы шешуші ықпал етті. Мысалға, осындай туысы Гучланд графтығында ірі поместьенің иесі болған Уильям Рендольфпен достығы [2] .
1739 жылы 32 жасар Питер Уильямның туысы - 19 жасар Джейн Айшем Рендольфқа үйленеді. Оның әкесі өз заманында көпті көрген, білімді адам болған. Оның үш мың акрлық жерінде 350 негр құлдар жұмыс істеген. Питер Джефферсонға тиісті жерлер Джеймс өзенінің бір бетінде болса, Рендольфтардың иелігі өзеннің келесі жағасында орналасты. Қыздың жасауына Питер өз досы Уильямнан 200 акр жер сатып алады. Осылайша Питердің Шедвел аталған усадьбасының негізі қаланған еді. Шедвел атауы жас әйелінің Лондонда дүниеге келген жерінің есімі.
Питер Джефферсон Батыстағы жерлерді игеруге де қатысты. Ол экспедицияның құрамында саяхат жасап, алғашқылардың қатарында Аллиган тауларының шындарында болған. Осы экспедицияның нәтижесінде сол кезеңдегі Виргинияның батыс шептерінің бірінші картасы жасалады. Картаны құрастырушылардың бірі Питер Джефферсон болды. Ол жергілікті әскери жасақты да басқарып, графтықтың бітістіруші соты ретінде сайланады. Кейін отардың ағылшындық губернаторы жанындағы кеңесуші орган - Виргинияның заң шығарушы палатысының мүшелігіне де сайланады. Болашақ американдық президенттің әкесіне қоғамдық қызмет жанына сай келді. Уильм Рендольфпен достықтың тағы бір маңызды салдары болды. Уильм Питерден 6 жасқа кіші болды, дегенмен одан 12 жыл ерте қайтыс болды. Уильмнің өлер алдындағы өсиетін орындау мақсатымен Джефферсон оның помесьтесі Такахоэге қоныс аударып, оған жеті жыл бойы басшылық жасайды. Такахоэге қоныс аудару кішкентай Томас Джефферсонның бірінші саяхаты болды. Көші-қонның негізгі көлігі жылқы болды. Кішкентай Томас ат үстінде отырып, жол бойы көргендерін сұрап, бойына тоқып отырды.
Томас Джефферсонның алғашқы мұғалімі Такахоэде пайда болды. Оның есімі белгісіз. Бұл кезде Т. Джефферсон бес жаста болатын. Үйдегі балалар мұғалімнен негізінен ағылшын әліппейі мен арифметикаға үйренді. Бұған төрт жыл кетті. Томас Джефферсон басқа балаларға қарағанда мұғалім берген білімді тез әрі қызығушылықпен қабылдады. Мұғалім Томастың әкесіне қабілетті баланы мектепке беру жөнінде ұсыныс жасады [3] .
Такахоэде тұра Питер Джефферсон жер өлшеуші қызметін атқаруды жалғастырды. Сонымен бірге марқұм болған досының да иелігіндегі шаруаны да дөңгелетіп, темікі өндіруді жылдан-жылға ұлғайта түсті. Полковник Джефферсон бос уақытында өзі жасақтаған шағын кітапханасында кітап оқығанды ұнатты. Бірақ ол асқан білімпаздығымен мақтана алмады және осы жағдай өзіне өмірде жетістіктерге жетуге кедергі жасады деп есептеді. Ол өз балам оқыған үлкен адам болуы тиіс деген тоқтамға келіп, мұғалімнің ұсынысын қабылдады.
1752 жылы Такахоэ поместьесінің мұрагеріне қамқорлық ету мерзімі аяқталғаннан кейін Джефферсонның отбасы Шедвелге қайтып оралды. Осында 9 жасар Томас жақын жердегі пастор Уильям Дугластың мектебіне оқуға барды. Томас мектепке салт атпен барып, аптаның аяғында Шедвелге қайтып оралып отырды. Сол уақыттың өзінде оны жақсы шабарман деп атаған. Жас Томас құралайды көзге атқан мерген де болатын. Бірақ ол өзінің құрдастары сияқты аңшылыққа құмар болмады. Оның орнына ол табиғаттың сұлулығына құмартты. Томас бір күн бойы ат үстінде кең даланы аралап, табиғаттың сұлулығын тамашалауға дайын еді. Ол жастайынан алдымен әкесінің, одан кейін мектеп кітаптарын оқып өсті. Бос уақытының барлығын кітап оқуға арнады.
Пастор Дугластың мектебінен кейін Томастың мұғалімі Джеймс Моури болды. Оның тәрбиесіне Томас 14 жасында келді. Жаңа мұғалімнен Томас ағылшын әдебиеті жөнінен жүйелі білім алды, география, тарих, математика бойынша бастапқы түсініктерге қанықты. Осы уақытта ол француз және итальян тілдерін меңгеруде алғашқы жетістіктерге қол жеткізді. Томас оқшауланып, ойлануға құмар бола отыра музыканы, биді жақсы көрді. Түрлі ойындарға қатысты [4] .
Томас Джеймс Моуридің мектебіне оқуға түскен жылы Питер Джефферсон өмірден өзді. Жас Томас үшін бұл үлкен қаза болды. Томас өзінің басты ақылшысынан, кеңесшісінен айырылды. Бұл уақытқа дейін Джефферсондардың иелігіндегі жер 2650 акрға дейін жетті. Олардың плантацияларында 60 құлмен өсірілген темікі мұхит асып кетіп отырды. Одан басқа шаруашылықта 25 жылқы, 70 бас ірі қара мал және екі жүздей шошқа болды. Дегенмен, отағасының өлуімен Джефферсондардың мүліктік жағда йы біршама шайқалды. Аналары Джейн Джефферсон үй шаруасынан және он баланы бағып-қалудан босамады.
14 жасар Томас үлкен ұл ретінде әкесінің иелігінің үлкен бөлігін мұра етуге тиіс болды. Сөйтіп, ол таңдау алдында қалды, яғни, шаруашылық айналысу немесе оқуын жалғастыру. Әкесінің өлер алдындағы қалауы ұлының оқуын жалғастыруы болды. Томастың оқуын жалғастыруды шешісі және үлкен әпкелері - Джейн және Марта да қалады. Екінші жағынан, Томас 2 жасар санамағанда үйдегі жалғыз ер адам екендігін ойлады. Өзінің еске алуынша осы уақытта барлық жауапкершіліктер жалғыз оған артылды, қасында оған кеңес беріп, басшылық жасайтын туысы немесе басқа жан болмады. Осындай жағдайда барлық мәселелерді өзі шешіп, Моуридің мектебіне қайтып оралады. Джеймс Моури Америкаға қоныс аударған француздық гугеноттардың отбасынан шықты. Ол отарлық үкіметтің қанаушылық саясатын айыптады. Оның кітапханасында төрт жүз том болатын ежелгі және сол заманғы философтардың шығармалары маңызды орын алды. Уақыт өте Томас осы шығармаларды оқуға қол жеткізді. Мұғалім баланың қабілеттілігін байқап, оның оқуын қадағалауға көшті. Көп жылдардан кейін Джефферсон Моури мектебінен «терең әрі маңызды рухани азықтар алғанын» мойындап, жазды [5] .
Моури берген білімдерге ізденістер оны Уильям және Мэри колледжіне әкелді. Уильям және Мэри колледжі 1693 жылы негізі қаланған Англияның американдық отарларындағы бірінші колледждердің бірі болды. Бұл уақытқа дейін Виргинияда ондаған ірі имениялар болды. Осы иеліктердің басшылары ағылшын басшыларынан осы колледжді салуға рұқсат алды. Колледж Виргинияның әкімшілік орталығына айналған Вильямсбургте ашылды. Бұл колледждің ерекшелігі құдай ілімі туралы ілімдерді оқытумен қатар, математика, физика, философия, тарих, география, әдебиет, заңды оқытты. Томас осы ерекшеліктерін ескере отырып, ойланбастан аталмыш колледжге оқуға келді. Оны әскери қызмет пен сауда да қызықтырмады. Сөйтіп, Томас медицина мен заңгерліктің ішінен қорғаушы (адвокат) болуды таңдайды. Жас Томастың бұл мамандықты неліктен таңдағаны туралы тап басып пікір айту қиын.
Томас Джефферсон Уильям және Мэри колледжіне 1760 жылы түседі. Колледжде оған еуропалық ағартушылықтың жақтасы доктор математика профессоры Уильям Смолл және антироялист, виргиниялық көрнекті қорғаушы Джордж Уайт сынды оқытушылар дәріс береді. Екі оқытушы да Томастың дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Уақыт өте Шотландиядан шыққан доктор Уильям Смолл және студент Томас Джефферсонның арасында үлкен достық орнайды. Томас Уильям Смоллға өзін 35 жасар Джордж Уайтпен таныстырғаны үшін де қарыздар болды. Джордж Уайтпен оның арасында да ұзақ жылдарға созылған жақсы қарым-қатынас орнады. Құқықтың профессоры Джордж Уайт жас досы Томасты тек заңгерлікке оқытып қоймай, ел билеудің республикалық формасының артықшылығы туралы өз ойларымен де бөлісіп отырды. Көп жылдар өткен соң дәл осы Джордж Уайт өзінің шәкірті авторы болған Тәуілсіздік декларациясына өз қолын қойды.
Томас колледжде үлкен қызығушылықпен оқыды. Тіпті дәрістен бос уақытының өзін ол өзімен құрылған кестені қатаң сақтау арқылы өткізді. Ол күніне оқуға 15 сағат бөліп отырды. Ертеңгісін алғашқы сағаттарда математика мен физиканы, одан кейін құқықты оқыды. Күндіз философиялық трактаттарды, тарихты оқуға, ал кешкісін әдебиетті оқуға көңіл бөлді. Томастың достарының бірі Нейдждің еске алуы бойынша «ол тіпті жақын достарының өзінен өз кітаптарына қарай қашуға тырысып отырды» [6] .
Томас балалық шағынан Гомер, Вергилия поэмаларын, кейіннен Сократ, Плутарх және Сенека шығармаларын сүйіп оқыды. Оны Демокрит және Эпикурдың адамдардың бақыты туралы ойлары қызықтырды. Смоллдан ол сол заманғы ағартушылықтың өкілдері Вольтер, Монтескье және Руссомен танысты. Кейінірек Джефферсон олардың көзқарастарымен танысты. Оған дейін ол Бэкон, Ньютонның, әсіресе, Локктың «Адамның ой-ақылы туралы тәжірибесімен» қанықты. Джефферсонның гуманистік дүниетанымын қалыптастырған бұл кітаптар оны қоршаған шындықтан алаңдата алмады. Керісінше, жас жер иеленуші және болашақ адвокат бұл шығармалар авторларының идеяларынан тәжірибелік құндылық іздеді.
Джефферсонның колледжде оқыған жылдары америка тарихындағы дауылды кезең болды. Бұл кезеңде революцияға көп жылдар қалса да метрополиямен жанжал өрши түсті. Ішкі әлеуметтік қайшылықтар шиелінісі түсті. Революциялық идеологияның қалыптасуы Джефферсонда колледжде оқып жүргенде орын алды. Джефферсон үнемі көп білуге және түсінуге тырысты. Джефферсон отарлардағы жағдайға байланысты басқа отарларға барып, сондағы өмірді көзімен көруге, оны Виргиниядағы ахуалмен салыстыруға құштар болды. Осы құштарлығымен ол колледжді бітіре салысымен саяхатқа шықты. Ол үш айы бойы Мэриленд, Делавэр, Пенсильвания, Нью-Йорк жерлерін аралады. Саяхат барысында Джефферсон отарлар халқының ауыр жағдайын көзімен көрді. Отарлар халқының тағдырлас екіндігіне көз жеткізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz