Ресейдің Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК

УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫМКЕНТ ИНСТИТУТЫ

СЫРТТАЙ ОҚУ ФАКУЛЬТЕТІ

БҮКІЛӘЛЕМ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Ресейдің Батыс Еуропадағы интеграциялық

үрдістері

050203-Тарих

Орындаған: 742-14 тобының студенті Тилесов С.

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Наушабаев Ж. Ә.

ШЫМКЕНТ-2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-9

1. РЕСЕЙДІҢ БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ СТРАТЕГИЯСЫ

  1. КСРО-ның ыдырауының геосаяси нәтижесі . . . 10-18
  2. Қауіпсіздік, ұлттық-мемлекеттік қызығушылық және геосаясат . . . 19-23

2. РЕСЕЙ МЕН БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ

  1. Ресейдің Каспий мұнайына қызығушылығының артуы және оның Батыс Еуропаға әсері . . . 24-30
  2. Еуропалық Одақ және Ресей: әріптестік келешегі . . . 31-39

РЕСЕЙДІҢ БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ ӘСКЕРИ-САЯСИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫНЫҢ АРТУЫ

3. 1 НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюі және Ресейдің ұстанымы . . . 40-46

3. 2 Ресейдің жаңа идеологиялық бастамасы және оның келешегі . . . 47-61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62-63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64-67

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі: «Қырғи-қабақ» соғысының нәтижесінде КСРО саяси-мемлекеттік және экономикалық жағынан ескіргенін көрсеткенімен, әскери жағынан бәсекелестікке лайық екендігін дәлелдеді. КСРО-дан қалған әскери потенциал Ресей еншісінде қалғаны баршаға аян. Қазіргі таңда Ресей көптеген түрлі халықаралық қоғамдар мен мемлекеттер арасында жаңа формадағы байланыс құрған. Осыған байланысты империялық рухтан арынғысы келмейтін Ресей державасы ұлттық негізде жаңа империя құруға бет бұрды. Бұл ұстанымның тездеп жүруіне мұрындық болған АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің әлем кеңістіктегі ықпалдастық саясаттарының артуы болды. Сондықтан мәселені нақты тұрғыдан айғақтау үшін бірінші кезекте Ресей құатының геосаяси динамикасын және оның осал жақтарын қарастырған абзал. Қазіргі кезде Ресейдің геосаяси жағдайы тұрақты емес. Ол геосаясаттың тек негативті жақтарын көрсетіп отыр. Себебі Батыс Еуропа елдерімен АҚШ-тың посткеңестік кеңістікте негізгі энергоресурс қорларына деген қызығушылығы артта түсті. Ал бұған төтеп беру Ресейдің негізгі мақсатына айналды. Мәселен, Грузия, Әзірбайжан, Украина батыстық саясатты ұстанып, Ресейге қарсы пиғылдарын ашық білдіріп келеді. Бұл аймақтар Ресей үшін өмірлік маңызы бар елдер болғандықтан, түрлі сылтаулар негізінде «түрлі-түсті» революциялар ұйымдастырып, Ресейге лайық адамды қоюмен әлек болды. Бірақ, ол нәтиже бере қойған жоқ. Ұзақ мерзімді даму келешегінде Ресейдің басты проблемаға айналып келген-демографиялық мәселелер тұындап отыр. Психологиялық, физикалық және рухани деградация нәтижесінде Ресей территориясы мен оның табиғи энергоресурстарын игеретін сапалы халық күннен күнге азайып бара жатыр. Ресей президенті В. Путиннің демография проблемасын шешуді көздеп, әрбір балаға 250 мың рубль (2 мың АҚШ доллары) көлемінде ақша бөлудің себебі де осында. Сонымен қатар Сібір мен Қиыр шығыстың табиғи байлықтарын игеру келешекте Ресей үшін үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Осыған байланысты КСРО ыдырағаннан кейін Ресей нақты геосаяси ұстанымды жоспарларын әзірлей алмады, ал Батыс Еуропа елдері болса Еуро Одаққа бірігудің сапалы негізін қалап, оңтүстік-шығыс Еуропадағы коммунистік рухтағы мемлекеттерге ықпалын арттыра түсірді. 1991 жылғы Мәскеу төңкерісінен кейін Ресей Кеңестік мемлекетті сақтап қалу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды. Тіпті, Б. Н. Ельцин ТМД кеңістігін Ресейдің өмірлік қажетті аймаққа айналдыру қажіттілігі туралы үндеулер жасаған-ды. Ал В. Жириновский болса шовинистік көзқарастарын ашық түрде білдіре бастаған еді. Бұл әрине Ресейдің империалистік рухтағы негізгі лозунгтары болып қала берді. Ресей ТМД кеңістігінде ұлттық-мемлекеттік ұстанымдарын сақтап қалу жоспарларын асыру барысында, Батыс елдері шығысқа қарай негізгі интеграциялық геосаясатын іс-жүзіне асыра бастады. Осы мәселелерді сараптай келе Ресейдің Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің негізгі динамикасын ашу және геосаяси үрдістердің басты себептерін, міндеттерін, барысын айқындау диплом жұмысының өзекті мәселелері болып табылатыны анық. Себебі қазіргі таңда Ресей Батысқа қарай нақты және сенімді қадамдарын басып келеді, сондай-ақ, Ресейдің Батыс Еуропадағы геосаяси стратегиясы Қазақстан үшін де маңызды болып табылады.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Ресейдің Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің жандануы В. Путиннің келуімен тікелей байланысты. Сондықтан осы күнге дейін тақырыпқа байланысты нақты зерттеу жұмыстар жүргізілмеген. Диплом жұмысында Ресейде жарық көрген бірқатар монографиялар, баспа материалдары, интернет материалдары кеңінен пайдаланылды. Осыған байланысты жұмыстың зерттеу құрылымының сатысын жасауды жөн көрдік. Біріншіден, КСРО ыдырағаннан кейін Ресейде жарық көрген монографиялар. К. Э. Сорокиннің «Геополитика современного мира и Россия» [1] атты монографиясы Ресейдің Батыстағы геосаяси мақсаттары мен келешектегі жоспарларын анықтауға жол ашты. Оның жұмысында КСРО-ның ыдырауының алышарттары мен Ресейдің 1990-1995 жылдар аралығында ішкі экономикалық қиыншылықтар нақты мұрағат құжаттары негізінде дәріптелген. Сондй-ақ, монографияда Ресейдің Батыс Еуропадағы стратегиялық ұстанымы және оның барысы айқындалған. В. А. Разуваевтің «Россия и постсоветское геополитическое пространство» [2] атты монографиясы Ресейдің 1991 жылдан кейінгі геосаяси дамуы мен ТМД құрамындағы үстемдікке ұмтылу талпыныстары сипатталған. Жұмыста Ресейдің геосаяси стратегиясын Батыс Европаға бағыттаудың себептері мен салдары айғақталған. Автордың пікірінше Ресейдің Батыс Еуропадағы саяси ұстанымы НАТО-ның шығысқа қарай жылжуына тосқауыл қою және мұндағы АҚШ-тың позициясына шек қою болып табылады. Дегенмен, автор 1991 жылдан кейінгі Ресей экономикасының және саяси-психологиясының коммунистік принциптер негізінен шыға алмағандығын ескермеген. Қазігі таңда Ресейдің геосаяси бағыттарын нақты анықтайтын Г. А. Осиповтың, В. С. Гущиннің, А. А. Мигранянның, В. Р. Евстигнеевтің [3] жұмыстарын атаған жөн. Бұл жұмыстардың барлығы Ресей мен Батыс Еуропаныңы негізгі геосаяси динамикасын ашуға арналған және ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан жазылғандығы көзге түседі. Еуропа Одағының құрылуы мен оның даму үрдісі Ресейдің геосаяси ұстанымымен тікелей байланысты. Еуропа әр уақытта Ресейдің энергоресурсына мұқтаж аймақ болып табылады. Ал Ресей болса өз мұнайы мен Орталық Азия елдерінің энергокөздерін өзінің жерлері арқылы тасылмалдануын қалайды. Соған байланысты Грузия, Украина, Өзбекстан мемлекеттеріне Ресей барынша бақылау саясатын жалғастырып келуде. Осы мәселелерге байланысты М. Арахтың «Европейский союз:видение политического объединения» [4] атты көлемді монографиясы арналған. Автор жұмысында Еуро Одақтың құрылуының алғышарттары мен оның даму стратегиясына және саяси қайшылықтарына тоқталған. Жұмыста бірқатар статистикалық, сараптамалы мәліметтер берілген. Еуропаның интеграциялық тарихына арналған жұмыстарының бірі ол П. Кальвокорессидің «История европейской интеграции (1945-1994 г. г. ) » [5] . Автор Еуропа елдерінің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін даму динамикасы мен КСРО ыдырағаннан кейінгі интеграциялық даму тенденциясына тоқталған. Бұл жұмыста көптеген мұрағат құжаттары пайдаланылғаны көзге түседі. Диплом жұмысында Германияның бірігу барысында Г. Колльдің қызметі мен оның Ресей ұстанымы қрастырылды. Сонымен қатар, Ресейдің Германия, Франция, Ұлыбритания байланыстарына назар аударылды. Бұл мәселелердің көзін ашу мақсатында К. Зотхаймердің, Л. Г. Истягиннің, Х. Ламперттің, В. Г. Трухановскийдің, Ю. В. Борисовтың жұмыстары кеңінен қарастырылды [6] Ресейдің нақты геосаяси мақсаттарын ашуда және оның негізгі хронологиясын анықтауда П. Грегоридің, Л. И. Глухаревтің, П. Рейменттің, Д. Тарасовтың [7] мақалалары диплом жұмысында кеңінен сарапталып, қарастырылды. Сонымен қатар, Ресейдің Орталық Азия елдерімен байланыстарын ашуда Қ. К. Тоқаевтың «Под стягом независимости. Очерки о внешней политики Казахстана» [8] атты көлемді монографиясы пайдаланылды. Бұл жұмыс Ресейдің геосаяси үрдістерінің баста Евразиялық құрлыққа бағытталып, сонан соң Батысқа қарай бағытталудың алғышарттарын айқындайда көмектесті. Диплом жұмысында кеңінен газет-журнал материалдары пайдаланылды. Әсіресе Ресейде жарық көретін «Независимая газета», Российская газета. Орган Правительства Российской федерации», «Вопросы экономики», «Мировая экономика и междунарожные отношения», «Свободная мысль», «Наука и жизнь» газет-журналдарының беттерінде жарық көрген материалдары ғылыми айналымға тартылды.

Диплом жұмысының деректік негізі: Диплом жұмысын зерттеу барысында тікелей тақырыпқа байланысты нақты деректік материалдар ғылыми айналымға тартылды. Тақырыпқа байланысты деректер www. google. ru сайтынан табылған Б. Н. Ельциннің, В. В. Путиннің бұйрықтары, хаттамалары және үндеулері табылды. Аталмыш деректер жұмыстың шынайылық дәрежесін белгілуде үлесін қосты. Атап айтқанда Б. Н. Ельциннің «О присоединении Российской Федерации к Генеральному соглашению о привилегиях т иммунитетах Совета Европы и протоколам к нему», «О мерах по обеспечению перехода к конвертируемости рубля. Указ», «Радиообращение Президента об итогах перегворов в Хельсинки. 26. 031997», «Постановление Правительства РФ от 14. 10. 1994 г. 1166 О мерах по развитию экономического и технического сотрудничества Российской федерации с зарубежными странами», «Постановление правительства РФ от 22. 02. 1993 г. 141. О межведомственной комиссии по вопросам Всемирной торговой организации».

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: КСРО ыдырағаннан кейін алпауыт елдердің геосаяси үрдістері ТМД кеңістігіне жайылғаны баршаға аян. Қазіргі таңда Каспий айналасы мемлекеттері мен Орталық Азияның негізгі энергоресурс қоры АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің қызығушылығын артыра түсірді. Оның бір дәлелі ретінде АҚШ-Ауғанстан, АҚШ-Ирак соғыстары мен қазіргі кездегі АҚШ-Иран саяси қайшылықтары бола алады.

АҚШ-Ауғанстан соғысы басталған сәтте Орталық Азияда, яғни Өзбекстан мен Қырғызстанда оның екі әскери базалары ашылды. Грузиядағы «Раушан төңкерісінен» кейін мұндағы АҚШ ұстанымы күшейе түсті. Осыған байланысты АҚШ-тың Каспий аймағындағы стратегиялық саясаты қуаттандырылды. Бұл НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюінің бір айғағы.

Ендігі жерде АҚШ Иран Ислам Республикасын уран байыту саясатын сылтауратып, жаңа геосаяси ұстанымды күшейтіп отыр. Иран, Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азияны энергоқуатпен қамтамасыз етіп отырған ел. АҚШ Орталық Азиядан бір жақтан Қытайдың, екінші жақтан Ресейдің әсерін әлсіретуді көздеуде. Ал, Батыс елдері үнемі Шығыстың энергоресуртарына мұқтаж аймақ екендігі белгілі. АҚШ мұнда Орталық Азия мұнайын төмен бағамен Батыс Еуропаның базарына экспорттаушы елге айналмақшы. Ресей болса, АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің Еуразиялық құрлықта орнығуына мүлдем қарсы. Бұл геосаясаттың бір көрінісі. Сондықтан, Ресей өзінің геосаяси стратегиясын Батыс Еуропаға бағыттап, Орталық Азия елдерінің мұнайын делдалсыз Еуропаға өзі тасымалдауды көздеп отыр. Бұл геосаясаттың екінші көрінісі. Осы мәселелерді сараптай келе диплом жұмысында Ресейдің Батыс еуропадағы геосаяси үрдістерін ашуды мақсат еттік. Сонымен қатар, оның негізгі себептерін, салдарын және Евро Одақ пен Ресей арасындағы байланыстарды, НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюінде Ресей позициясын ашуды көздедік. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді іске асыруды жөн көрдік:

  • КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдің ішкі саяси-экономикалық дамуына баға беру және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашу;
  • Ресейдің Батыс Еуропаға бағытталған геосаяси аспектілерін нақтылау және оның даму тенденцияларын айқындау;
  • Ресейдің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру талпыныстары мен Батыс елдерінің позициясын ашу;
  • НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюінде Ресейдің геосаяси ұстанымына баға беру;
  • Батыс Еуропа елдері мен Ресейдің келешекте даму үрдісін айқынау;

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың соңына қарай КСРО-ның саяси-экономикалық, ұлттық-мәдени және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуне байланысты, империалистік мемлекеттердің геосаяси ұстанымы Еуразияға бағытталды. Осы кезден бастап батыстық геосаясаттың іздері нақты айқындала бастады. Ресей ішкі проблемаларына орай нақты геосаясатты ұстанып қалудың орнына Кеңес өкіметін сақтап қалуды тырысты. Б. Н. Ельцин Ресейді экономикалық бытыраңқылықтан шығара алмады. Тек В. В. Путиннің келуімен Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, халықаралық аренада беделі өсті. Осыған байланысты диплом жұмысында нақты хронологиялық шек қойылды, яғни 1990 жылдан бастап, КСРО-ның ыдырауының аяқталуы мен бүгінгі күнге дейінгі кезең қамтылды.

Диплом жұмысының методологиялық негізі: Жұмысты жазу барысында көптеген материалдардың түрлілігіне және ондағы ойдың тек Ресейлік рухта жазылғандығына байланысты сын көзбен қараушылық басты қағидаға айналды. Сондай-ақ жұмыста тарихи принцип ұстанып, тарихилық, салыстырмалы анализ жасау тәсілдері пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қатар бірінші тарау өзара екі тараушадан, екінші тарау-үш тараушадан және үшінші тарау-екі тараушадан тұрады. Әрбір тарауда хронологиялық динамика қатаң қадағаланып, жұмыстың негізгі мазмұнын ашуға бағытталған.

  1. РЕСЕЙДІҢ БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ СТРАТЕГИЯСЫКСРО-ның ыдырауының геосаяси нәтижесі.

КСРО-ның ыдырау процесін бүгінгі тарихшылар, сарапшылар, саясаттанушылар т. б. бірнеше факторлармен байланыстырып келеді. Оның басты факторларының бірі империя ішіндегі ұлттық мәселенің шешілмеуі мен саяси-экономикалық қатынастардың әлем деңгейіне бәсеке бола алмауы. Дегенмен, империяның әрі қарай өмір сүруі заңды үрдістерінің бірі деп те санауға болады. Кезінде, Үш славян республикасы өзара одақ құруға бет алғанын көрген соң, ал Беловеж орманында олардың осындай да ойлары - үш елді біріктіретін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрғысы келген ойлары болғаны белгілі, Орталық Азиядағы республикалар да Ашғабадқа жиналып, Конфедерация құру туралы әңгімелесті. Оқиғалардың бұдан кейінгі даму барысы қалай өрбігені, бұрынғы әріптестері-басқа одақтас республикалар өздері құрған ұйымға қолдарын қусырып жетіп келеді деген астамшыл ойда болған Б. Н. Ельцин ол райынан бірден қайтып, Орталық Азия республикаларының қандай да бір одағын құрмауды өтінгені Нұрсұлтан Әбішұлының бірқатар еңбектерінде, соның ішінде “Ғасырлар тоғысында” деген кітабында егжей-тегжейлі айтылған [9] . Қазақстанның лидері Нұрсұлтан Назарбаев Ашғабадтағы кездесуде екінші одақ құруға қарсы болып, славян республикаларымен бірге тәуелсіз елдер достастығын құрудың дұрыстығын дәлелдеп шықты. Осы туралы Президент өзінің “Ғасырлар тоғысы” кітабында былай деп жазған болатын: “Мен бұрынғы КСРО аумағында түркілер мен славяндар одақтарын құру сценарийіне жол бермеуге бар күшімді салдым”. Әрине бұл бұрынғы КСРО-ның халқын славяндық және түркітілдес республикалардың текетіресі болуынан сақтаған бірден-бір парасатты, өте дұрыс жол еді. Оның үстіне, бұрын бір елдің құрамында болғандықтан, республикалардың арасындағы өмірдің түрлі саласындағы байланыстар айқыш-ұйқыш болып, шырмалып жатқан еді. Бір де бір кәсіпорын дербес жағдайда, өз бетімен өнім шығара алмайтын. Мәселен, Павлодардың трактор зауыты дайын өнімін шығару үшін КСРО-ның 90 қаласындағы кәсіпорындардан құрамдас бөліктер алған екен. Басқа кәсіпорындардың да бәрі сондай шырмауықта-тын. Мәдени, қоғамдық, әлеуметтік байланыстар да берік шырмалған еді. Бүкіл КСРО-ның қорғаныс қуаты Мәскеудегі бір орталықтан басқарылып тұрған болатын. Сондықтан бұрын қорғаныспен айналыспаған Тәуелсіздік алған елдерге шекарасын қорғап тұрудың өзі мұң болар еді. Міне, осы жайдың бәрін ескерген болу керек, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-дан тараған республикалардың бәрін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға шақырды. Осыған байланысты оның “Қазақстан жолы” деген кітабында мынадай пікір бар: “Меніңше, объективті себептер әрдайым айқындаушы болып табылмайды, өте көп нәрсе басшылардың субъективтік қасиеттеріне де байланысты болады” [10] . ТМД-ның нақ қазақ жерінен, оның сол кездегі астанасы-Алматы қаласынан қанат қағуында жағдайдың солай тоқайласуы да, Минск пен Ашғабад арасындағы географиялық орналасуы да, екі түрлі көзқарасты жақындастыратын, сөйтіп екі жаққа да бірдей парасатты мәміленің ұсынылуы да бар шығар. Осылайша 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ның алғашқы құрылтай саммиті өтті. Оған Әзірбайжан Республикасының Президенті А. Муталибов, Армения Республикасының Президенті Л. Тер-Петросян, Беларусь Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы С. Шушкевич, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті А. Ақаев, Молдова Республикасының Президенті М. Снегур, Ресей Федерациясының Президенті Б. Ельцин, Тәжікстан Республикасының Президенті Р. Нәбиев, Түркіменстанның Президенті С. Ниязов, Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримов, Украинаның Президенті Л. Кравчук қатысып, бірнеше құжатқа қол қойды. Оларда “тең құқылы негізде және Жоғары дәрежелі келісуші жақтар ретінде Тәуелсіз мемлекеттердің достастығын құрады”, “Тәуелсіз мемлекеттердің достастығын құру туралы келісім Жоғары дәрежелі Келісуші Жақтардың оны бекіткен сәтінен бастап күшіне енеді”, “Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуына байланысты Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатады” деп көрсетілді [11] . Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін Балтық бойы елдері мен Грузиядан басқа республикалардың басшылары Н. Ә. Назарбаевтің бастамасын қолдап, жаңа ұйым құрудың бәтуасына келгені белгілі. Сөйтіп, ТМД идеясының авторы Н. Ә. Назарбаев, туған жері Қазақстанның Алматы қаласы деп айтуға толық қақымыз бар деуімнің себебі осы. Ал 1993 жылғы желтоқсанда оған Грузия да қосылды.

Кез келген мемлекет қандай да болсын бастама көтергенде алдымен өз еліне келетін тиімділікті ойлайтыны сөзсіз. Ресей - алып ел. Сол кезеңде оның ішкі субъектілерінде де әрқилы оқиғалар болды. Алайда Мәскеу өз құрамындағы бір де бір автономиялық республикасын тырп еткізген жоқ. Қатты бұлқынған Чешенстанда не болғаны белгілі. Соның ішінде казачество өкілдері Ресейдегі ағайындарының азғыруымен де болуы керек, әрқилы қоқан-лоққы әрекеттерге барды. КСРО-ға байланысты болған осы оқиғаны Югославиядағы жағдаймен салыстыруға болады. Бір федерацияның құрамында болған туыстас халықтар бір-біріне қанды соғыс жариялады. Сөйтіп, олардағы христиандар мен мұсылмандарды әлемнің түрлі-түрлі елдері қолдай жөнеліп, соғыс өртін қаулатып жіберді.

КСРО ыдырап, оның орнында 15 тәуелсіз ел пайда болған кезде алып державалар дүние жүзін ықпал ету жағынан да, қазба байлықтарын сатып алу немесе өз өнімдерін шығарып сататын рыноктық тұрғыдан да әлдеқашан бөліп алған болатын. ТМД аумағы дегеніңіз үлкен рынок іспетті. Сондай-ақ әр республика жеке-жеке шауып, жаһанданып үлгерген әлемге кірігуі қиынға түсер еді. Ал ТМД арқылы бұл міндет әлдеқайда жеңілдейді. Тағы бір шешуші фактор бірлескен елдердің қорғаныс қабілеті жоғары болатыны әлімсақтан белгілі. Н. Ә. Назарбаев өзінің “Ғасырлар тоғысында” деген еңбегінде: “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы - жүз шайыспай ажырасу болмаса, жамырасып қайта табысуға қауқары жетпейтініне көз жете бастады. Оның талай-талай себептері де бар еді” деп жазды. ТМД басшыларының кездесуінде келісілген құжаттарға қол қойғанымен, оның талаптарын түрлі себептермен орындауға асықпаған мемлекеттердің ішіндегі ең бастысы Ресейдің өзі болды. Ол ішінара бұрынғыдай тең бөлісуді қойып, экономикалық қысым жасасақ, басқалар бауырымызға еріксіз тығылады деген пиғылда болғаны жасырын емес. Соның ішінде тізесі ең қатты батқаны Қазақстан болды. Мысал үшін айтатын болсақ, 1992 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан үкіметі әлі де жарты жыл қоя тұруды өтінгеніне қарамастан, Ресей бағаны еркіне жіберді. Ортақ рубль аймағында тұрып жатқан соң Қазақстан да амалсыз бағаны босатуға мәжбүр болды. Алатын өнім қат болған соң ақша да құнсызданып, 1993 жылы инфляция екі жарым мың пайызға жетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Экономикалық интеграция
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер
Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар
Еуропалық Одақтың кеңею проблемаларын және оған қатысты Францияның ұстанымындарын және жүргізіп отырған саясаты
Әлемдік саясаттағы Еуропалық одақ
Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz