«ШАХНАМА» ЭПОСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ДҮНИЕСІ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Шахнама» ЭПОСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ДҮНИЕСІ

Жүнісова И. Ж. -оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Фирдоуси даусы қазақ даласына ертеде жеткен. Оны ел-жұртымыздың тарихында әр кезде еске алып отырды. Рүстемге арналған бір тарауын Тұрмағанбет Ізтілеу қазақшалап, рухани игілікке айналдырып еді. Сондай зерттеулер қорытындысында әлемге әйгілі Фирдоуси «Шахнамасының» мәңгілік тозбас, өшпес ұлы туынды екендігін, көптеген дүние халықтарының мәдениетіне, әдебиетіне жарақын із қалдырғанын, бұл бір тұтас туындының ғасырлармен бірге жасасып келе жатқанын қуана аңғарар едіңіз. «Шахнаманың» Орта Азия халықтарына да ортақ алтын қазына екеніне көзіңіз жете түседі.

«Шахнама», яғни патшалар туралы кітап. Дүниенін ұлы кітаптарының санатына кіреді, сонау X ғ. өмірге келген ұлы дастан бүгінде дүниенің көптеген түкпірлеріне жетті. Қарапайым диқанның баласы Әбілқасым Иран шахтары, патшалары туралы өзінен бұрынн жазылған көптеген колжазбаларды қарап шығып, солардың ішінен өзіне керектісін алып, 160 бейт яғни, 12 жолдан тұратын үлкен Иран эпосын жасап шыққан. Фирдоусидің алдыңда Дакики деген ақын өткен, ол осы «Шахнама» тақырыбына 1000 (мын) жол өлен жазып кеткен. Фирдоуси соны пайдаланған, ол өз кұлының колынан қаза таппағанда Дакики осы шығармасын толықтырар ма еді. «Шахнама» ішіндегі сюжеттердің бір катары сонау «Авестадан», «Хватай намақтан» басталатыны белгілі. Фирдоуси осы кітабына бүкіл өз өмірін арнайды. Шығарманың нак ортасына келгенде жалғыз баласы дүниеден кайтады. Сонда ақын тебіреніп жазған жыр жолдары сай сүйегін сырқыратады. Көптеген қиыншылықтар кешіп жүріп жазады. Әрине, ол уақытта сондай шығарма жазу онай емес еді. Фирдоуси «Шахнаманы» бітіргеннен кейін, колжазбасын құшақтап, Сасанидтер сарайын билеп отырған нәсілі түрік Сұлтаны Махмудтың есігін кағады. Алдынан үш ақын шығып жолын кескестейді «Сұлтан Махмудқа кіретін сен өзін кімсін» - дейді. Сынактан өтпесен жібермейміз, - дейді. Ол үшеуінін аты-жөні: Унсури, Фаррохи, Асджади. Унсури сарай ақындарының атасы еді. Біз өлеңнің 3 жолын айтамыз, 4 жолын сен табасын, -дейді Фирдоусиға үш ақын ойдан шығарып, 4-ші жолын Фирдоуси айтып жолды береді. Сөйтіп, сарайға жол ашылады. Сұлтан Маьмудка «Шахнама» дастаның оқып береді. Мәнгі өлмейтін ұлы шығармасын түңғыш рет түрік Сұлтанына тыңдатады. Осындайда Фирдоусидің мына өлең жолдары еске түседі:

Намирам аз ин пос ке зсндсам, Ке туһме сухан ра переқандам.

Кейін осы жолдар Пушкинде:

Я памятник себе воздвиг нерукотворный, К нему не заростет народная тропа,

болып оралады. Бұл өленді қазақ тіліне кезінде атакты ақын Ғали Орманов: Ескерткіш орнаттым бір колдан келмес, - деп аударған болатын, қарап отырсақ, бірінші рет Фирдоуси айтып кеткен екен:

Я не умру, я буду жить вечно, Потому что я сеял семена слов.

Мінекей, осы даналы сөз осы заманда расталып отыр. Бір кезде түрік Сұлтаны Махмуд танымағаңды бүгіңде бүкіл әлем танып отыр. «Шахнаманы» тыңдап болғаннан кейін Сұлтан «Менің әскерімде Рүстем сияқты жүздеген батырлар бар» депті. Сол кезде ақын сіздің әскеріңізде қанша батыр бар екенін білмеймін, бірак Иранда Рүстемнен асқан батыр болмаған деп, сөйтіп, шығармасын алып, есіктеи шығып кетіпті. Осыдан кейін ақын мен Сұлтан арасында тартыс басталады. Ақын сөзіне жәбірленген Сұлтан Фирдоусиді тауып алып, түйенін табанымен таптатып, өлтіріндер - деп әмір береді. Бұл кезде Фирдоуси үзап кеткен еді. Ақынды халық жасырып қалады. Фирдоуси «Сұлтан Махмудқа» деген әйгілі сатирасын жазады. Ел аузымен тарап жайылып кетеді. Сұлтан Махмудқа да жетеді. Ол Фирдоусиді колға түсіріндер дейді. Бірак ақын таптыртпайды.

Фирдоуси ең жаман, жауыз патшалардың жағымсыз типтерін жасаған. Олар қандай патшалар? Бірі - тұран патшасы Афрасияб. Мұның бейнесін біз бірқатар жантүршігерлік қылмыстарынан көреміз: ол тұтқынға алынған Иран патшасы Наузар мен туған інісі Агрирасты өлтіреді. Інісі Гарсиваздың жалған жаласына нанып, өзінің күйеу баласы Сиявушты өлтіреді. Өзінің қызынан туған жиен немересі, Сиявуштан қалған жас бала Кей-Хосрауды өлтірмекші болады. Кей-Хосраудың өлмей аман қалуы тек Афрасияптың батыры Пиранның ара түсуі арңасында.

Екіншісі - Зуххаң. Бұл - Аравияның патшасы Мирдастың баласы, Зуххаң та туасы оңбаған емес. Жасында қорықпайтын, батыл, ер жігіт болыпты. Аң аулап, атқа шауып, сауық-сайран өмір кешіпті. Бірақ кейін Иблістің азғыруына еріп, таққа отыру үшін, өз әкесін өзі өлтіруге дейін барады. Әрине, әуелі ол әкесін өлтіруге көне қоймайды, бірақ Ибліс оған қайткенде де айтқанын істетеді. Содан былай Зуххаң нағыз арам, жауыз, бұзақы патша болып алады да, сан қилы сүмдық қылмыстар жасайды. Сол озбыр, зұлымдықтарының үстіне ол пасықтық, қорқақтық мінез шығарады, өйткені қылмыс жасағанның бәрі қорқақ, үрейшіл болатыны анық. Зуххаңтың образын Фирдоуси мифтегі аждаһаға балап алған сияқты деседі «ПІахнаманың» зерттеушілері. Өзінің феодалдың дүние танымына лайың Фирдоуси қоғам, мемлекет патшасыз болуы мүмкін емес деп біледі. Біраң оның үғымында патша ел ңамын ойлайтын ңамңор, ңара ңылды ңаң жарған әділ, аңылды, халыңңа жайлы патша болуы тиіс. Сондықтан ол Кей-Хосрау сықылды патшаның жаңсы қасиеттерін бір қалыпта алып, үлгі етіп тартады. Басқа жағымды, жағымсыз деген патшалардың бәрің ақын әр қилы өзгеріс, қүбылыстарымен алып сипаттайды. Оның көбі адамға тән ізгі қасиеттер мен кемшілік, осалдықтар болып келеді. Сол, адамға табиғи міндерді пайдаланған күштер әрқашан бел алып отырмақ.

Фердаусидің озат идея мен жарқын мұратқа сай жан салып жырлағаны - батырлар образы. Бұрын-соңғы героикалық эпостың дәстүр, салтын сақтап, «Шахнама» авторының патша тағын ғана емес, бүкіл Отанын, туған жерін қорғап, басын өлімге байлаған батырлар мен қаһармандарды сүйсіне жырлауы заңды еді. Феодалдық орта ғасырлардың ала-сапыран жаугершілік заманында ел қамын шын ойлап, Отан шекарасын шын қорғайтын халықтың қаһары да, қайраты да оның жауынгерлері, үздік туған батыр, қаһармандары болғаны аян. Олардың күші, тірегі, даналығы сол елі мен Отанының мұң-мүддесінен табылатындығында. Осыны үққан ақын патшадан гөрі ел қорғауда ерлік көрсеткен жауын-герлерге көбірек көңіл аударады, өзінің барлық ыс-тық сүйіспеншілік сезімін соларға бағыштайды. Алып күш, ақыл, айла, адалдық пен адамгершілік, даналың және жүректілік - бәрі батырдан табыла-ды. Бүл ретте данышпан ақынның айрықша дәріп-теп мадаңтап, сүйініп те сүйсініп жырлаған керемет саңлақ образы, әрине, Рүстем батырдың образы.

Рүстем - «Шахнаманың» көп тарауына өзек болған негізгі қаһарман. Мұхит тәрізді ұшан-теңіз. «Шахнама» шамамен айтқанда Иран тарихының үш дәуірін қамтиды десек, оның біріншісі мифтік аңыздарға құрылған, екіншісі героикалың эпосқа, үшіншісі тарихи хроникаға құрылған десек, осылардың ішіндегі ең ұлы, ең байтақ дәуірі - екіншісі. Бұл дәуірді Систан облысынан шыққан батырлардың дәуірі деп те атайды. Рүстем және оның атасы Сам мен әкесі Зал - міне, осы дәуірдің бас батырлары. Мұның ішінде Рүстемнің жөні тіпті басқа. Аңынның әсірелей суреттеуінде оның ешбір теңдесі жоқ. Жаратылысы алабөтен өзгеше. Бала кезінің өзін ақын гипербола тәсілімең көтере суреттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқасым Фирдауси “Шаһнама”
ТАҺИР - ЗУХРА ДАСТАНЫНЫҢ ОРТА АЗИЯЛЫҚ НҰСҚАЛАРЫ
Қазақ фольклортанушыларының мақалалар жинағы
Түркі мифологиясы
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
Фархад-Шырын жыры
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Тұрмағамбет – Сыр өңіріндегі қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырушы
ДАСТАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz