1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Жоспар:
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. 1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
1.1. РЕСЕЙ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЖЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ
1.2. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЕТ ЕЛГЕ АУА КӨШУЛЕРІ
II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА XX ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ІРІ ДЕМОГРАФИЛЫҚ АПАТЫНЫҢ СИПАТЫ
2.1. АШТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАППАЙ БОСҚЫНШЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР
2.2. КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АПАТТЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Тақырыптың өзектілігі:
Сталин мен Голощекин бір халықтың мәдениеті мен ұлттық шаруашылығын құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан ашық жол салды. Мысалы, қазақтың малын тартып алып, ауқаттыларын тәркілеп жіберді де, бүкіл Орта Азияны отырықшыландырып, тұрақты егіс алқабына айналдырды. Немесе үшінші біреулерін қалалы жерлерге шоғырландырды. Сөйтіп, жоғары индустрияны жеделдете дамытудың салдарынан ұлттардың бір-бірімен «жақындасқаны» сондай, жойылып кетуге шақ қалды. Қазақтың тәркілеумен тартып алынған малы ірі өндіріс орындарында, «аға халықтың» қолында «бесжылдықтың» балғасы солқылдата соғылуы үшін құрбандыққа шалынған болса, ал қазақтардың өзі малдан айырылған соң аштықтан қырылып қалған.
1926-1959 жылдардың арасында жүргізілген санаққа зер салсақ, ұжымдандыру, индустрияландыру науқандарын айтпағанның өзінде, кейін күшпен жер аударылғандар (депортация) мен соғыс кезінде көшіп келгендердің (эвакуация), тың игерушілердің Қазақстан жеріне жаппай ағылуы ұлт саясатын өрескел бұрмалауға әкеп соқтырды. Егер республикамыздағы ең көп екі ұлт – орыс пен қазақтың арасалмағын, салыстырар болсақ, Орталық ретінде билеп-төстеуші Мәскеудің күштеу саясатының бет-бейнесі айқындала түседі. Тек 1926-1959 жылдары ғана қазақтардың саны 58,7 проценттен 29,8 процентке қатты құлдыраса, ал орыстардың, саны 20,5 проценттен 42,7 процентке бірақ көтерілген. Осы көрсеткіштің өзінен-ақ біраз шындықты айқын байқауға болады емес пе?
Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Қазақстандағы ұлттық қасіреттің себеп-салдарын түбегейлі зерттеп, оған кінәлілерді анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды. Республикамыздағы 1931-33-ші жылдардағы зұламатқа нақты саяси баға беру үшін бұл комиссияның құрамына білікті тарихшылар мен демографтар, заңгерлер мен саясатшылар де енді. Сөйтіп, Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың бейнесін мәңгілікке есте тұту мүкіндігі енді ғана туды.
Қорыта айтар болсақ, біздің қоғамтанушылар тікелей голощекиндік геноцид салдарынан, тағы басқа әміршіл зұламаттың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қалып қойғанын әлі біле алмай келе жатқан сияқты. Сол демографиялық кәріптікті жеңіп, сол ауыр дертті бір жола жазбайынша қазақты ұлт ретінде ұшпаққа шығара алмаймыз.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстанда XX ғасырдың 30-шы жылдардағы күштеп ұжымдастырудың зардаптарына орны мен маңызына сипаттама беру.
Міндеттері. Қазақстан тарихындағы ұлттық мемлекетті қалыптасуы үшін күрестің маңыздылығын ашып көрсету.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2-тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген.
1 тарауда «1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары» қазақ халқы үшін қиын жылдарда ашаршылықтың болуы, соның салдарынан басқа мемлекеттерге көшуі туралы айтылған.
2 тарауда «XX ғасырда Қазақстанда ең ірі демографиялық апаттың сипаты» қазақ халқы үшін ең ауыр жылдарындағы тағдыры жөнінде айтылған.
Қорытындыда зерттеу нәтижесінің негізгі тұжырымдамалары шығарылған тиісті ұсыныстар берілген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімінде курстық жұмысында қолданылған әдебиеттер мен басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Омарбеков Т. 20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу құралы. Алматы, 1997.105-130
2. Егеменді Қазақстан, 1992 22 желтоқсан.11б
3. Тәтімов М. Ауылдағы демографиялық ахуал. Алматы, 1990.5-233
4. Қозыбаев М., Абылхожин Ж., Алдажуманов К. Коллективизация в Казахстане трагедия крестьянства. Алматы, 1992.35-43
5. Халықнама. Сан мен сана. Алматы, 1992.3-89
6. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.15-54
7. Назарбаев Н. Әділеттің ақ жолы. Алматы, 1991.28-63
8. Абылхожин Ж. Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1920-1930 гг). Алма-Ата, 1991.92-96
9. Турсунбаев А. Победа колхозного строя. Алма-Ата, 1957. 5-14
10. Тулепбаев Б. Торжество ленинских идей социалистического преобразования сельского хозяйства в Средней Азии и Казахстане. М., 1971. 17-43
11. Тулепбаев Б. Социалистические аграрные преобразования в в Средней Азии и Казахстане. М., 1984. 203-205
12. Материалы по истории КазССР. Т.ІІ. 1.2. 1741-1751 гг. Алматы, 1948. С.21.
13. Қараңыз: Алаш-Орда. Сб. документов. Сост. Н.Мартыненко. Кзыл-Орда, 1929. С. 73-76.
14. Отчет Краевого Комитета VI Всеказахской партконференции. Кзыл-Орда, 1928. С. 34.
15. Социалистік Қазақстан. 1989. 7-маусым.
16. Проблемы мира и социализма. 1989. № 4. С. 75.
17. Неру Дж. Открытие Индии. Книга вторая. М., 1989. С 393.
18. Ленин В.И. Шығ. толық жинағы. 38-т., 173-176-66.
1. Омарбеков Т. 20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу құралы. Алматы, 1997.105-130
2. Егеменді Қазақстан, 1992 22 желтоқсан.11б
3. Тәтімов М. Ауылдағы демографиялық ахуал. Алматы, 1990.5-233
4. Қозыбаев М., Абылхожин Ж., Алдажуманов К. Коллективизация в Казахстане трагедия крестьянства. Алматы, 1992.35-43
5. Халықнама. Сан мен сана. Алматы, 1992.3-89
6. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.15-54
7. Назарбаев Н. Әділеттің ақ жолы. Алматы, 1991.28-63
8. Абылхожин Ж. Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1920-1930 гг). Алма-Ата, 1991.92-96
9. Турсунбаев А. Победа колхозного строя. Алма-Ата, 1957. 5-14
10. Тулепбаев Б. Торжество ленинских идей социалистического преобразования сельского хозяйства в Средней Азии и Казахстане. М., 1971. 17-43
11. Тулепбаев Б. Социалистические аграрные преобразования в в Средней Азии и Казахстане. М., 1984. 203-205
12. Материалы по истории КазССР. Т.ІІ. 1.2. 1741-1751 гг. Алматы, 1948. С.21.
13. Қараңыз: Алаш-Орда. Сб. документов. Сост. Н.Мартыненко. Кзыл-Орда, 1929. С. 73-76.
14. Отчет Краевого Комитета VI Всеказахской партконференции. Кзыл-Орда, 1928. С. 34.
15. Социалистік Қазақстан. 1989. 7-маусым.
16. Проблемы мира и социализма. 1989. № 4. С. 75.
17. Неру Дж. Открытие Индии. Книга вторая. М., 1989. С 393.
18. Ленин В.И. Шығ. толық жинағы. 38-т., 173-176-66.
Жоспар:
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. 1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
1.1. РЕСЕЙ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЖЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ
1.2. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЕТ ЕЛГЕ АУА КӨШУЛЕРІ
II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА XX ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ІРІ ДЕМОГРАФИЛЫҚ АПАТЫНЫҢ СИПАТЫ
2.1. АШТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАППАЙ БОСҚЫНШЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУҒА
БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР
2.2. КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АПАТТЫҢ
ЗАРДАПТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Сталин мен Голощекин бір халықтың мәдениеті мен ұлттық шаруашылығын
құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан ашық жол салды. Мысалы,
қазақтың малын тартып алып, ауқаттыларын тәркілеп жіберді де, бүкіл Орта
Азияны отырықшыландырып, тұрақты егіс алқабына айналдырды. Немесе үшінші
біреулерін қалалы жерлерге шоғырландырды. Сөйтіп, жоғары индустрияны
жеделдете дамытудың салдарынан ұлттардың бір-бірімен жақындасқаны сондай,
жойылып кетуге шақ қалды. Қазақтың тәркілеумен тартып алынған малы ірі
өндіріс орындарында, аға халықтың қолында бесжылдықтың балғасы
солқылдата соғылуы үшін құрбандыққа шалынған болса, ал қазақтардың өзі
малдан айырылған соң аштықтан қырылып қалған.
1926-1959 жылдардың арасында жүргізілген санаққа зер салсақ,
ұжымдандыру, индустрияландыру науқандарын айтпағанның өзінде, кейін күшпен
жер аударылғандар (депортация) мен соғыс кезінде көшіп келгендердің
(эвакуация), тың игерушілердің Қазақстан жеріне жаппай ағылуы ұлт саясатын
өрескел бұрмалауға әкеп соқтырды. Егер республикамыздағы ең көп екі ұлт –
орыс пен қазақтың арасалмағын, салыстырар болсақ, Орталық ретінде билеп-
төстеуші Мәскеудің күштеу саясатының бет-бейнесі айқындала түседі. Тек 1926-
1959 жылдары ғана қазақтардың саны 58,7 проценттен 29,8 процентке қатты
құлдыраса, ал орыстардың, саны 20,5 проценттен 42,7 процентке бірақ
көтерілген. Осы көрсеткіштің өзінен-ақ біраз шындықты айқын байқауға болады
емес пе?
Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы
Қазақстандағы ұлттық қасіреттің себеп-салдарын түбегейлі зерттеп, оған
кінәлілерді анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды. Республикамыздағы
1931-33-ші жылдардағы зұламатқа нақты саяси баға беру үшін бұл комиссияның
құрамына білікті тарихшылар мен демографтар, заңгерлер мен саясатшылар де
енді. Сөйтіп, Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың
бейнесін мәңгілікке есте тұту мүкіндігі енді ғана туды.
Қорыта айтар болсақ, біздің қоғамтанушылар тікелей голощекиндік геноцид
салдарынан, тағы басқа әміршіл зұламаттың зардабынан күні бүгінге дейін
қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға
тәуелділік жағдайында қалып қойғанын әлі біле алмай келе жатқан сияқты. Сол
демографиялық кәріптікті жеңіп, сол ауыр дертті бір жола жазбайынша қазақты
ұлт ретінде ұшпаққа шығара алмаймыз.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстанда XX ғасырдың 30-шы жылдардағы күштеп
ұжымдастырудың зардаптарына орны мен маңызына сипаттама беру.
Міндеттері. Қазақстан тарихындағы ұлттық мемлекетті қалыптасуы үшін
күрестің маңыздылығын ашып көрсету.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2-тараудан, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп зерттеудің мақсаты мен
міндеттері анықталып, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген.
1 тарауда 1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың
зардаптары қазақ халқы үшін қиын жылдарда ашаршылықтың болуы, соның
салдарынан басқа мемлекеттерге көшуі туралы айтылған.
2 тарауда XX ғасырда Қазақстанда ең ірі демографиялық апаттың сипаты
қазақ халқы үшін ең ауыр жылдарындағы тағдыры жөнінде айтылған.
Қорытындыда зерттеу нәтижесінің негізгі тұжырымдамалары шығарылған
тиісті ұсыныстар берілген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімінде курстық жұмысында қолданылған
әдебиеттер мен басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.

Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығын күйрету, ет және астық дайындау
науқандарындағы зобалаңдар, байлар қожалықтарын тәркілеу және жойып жіберу
саясаты, күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландыру, кінәсіз шаруаларды
кеңес органдарының ұлтшыл, бандит, контрреволюционер деген жалған
жалалармен жаппай қуғын-сүргінге ұшыратуы қазақ шаруаларын босқыншылыққа
ұрындырды. Тоталитарлық жүйе ұзақ жылдар бойы тарихымызда ашық айтуға тыйьм
салып келген осы жалпыхалықтық қасірет қазіргі күні арнайы зерттеулерді
күтіп жатыр. Босқыншылықтың немесе туған жерден көшіп кетушіліктің 1930-
1933 жылдар арасында аса көлемді көрініс бергені және әсіресе көшпелі,
жартылай көшпелі қазақ шаруалары өмірінде терең, қасіретті із қалдырғаны
белгілі.
Қазақстанның басшы мемлекеттік органдары, Қазақ өлкелік партия комитеті
қазақ ауылында болып жатқан осынау ауыр өзгерістерден әрқашан хабардар
болды.
1931 жылдың 1 желтоқсанында Қазақ өлкелік партия комитетіне ПП ОГПУ
мынандай мәліметтер түсірді:
1929 жылдың ішінде көшіп кетулер туралы мәлімет (шекаралық аудандарды
айтпағанда) жоқ, өйткені көшіп кету қозғалысы тек 1930 жылдың көктемінен
басталып, ауыл шаруашылығындағы капиталистік элементтерге кеңінен шабуыл
кезеңіңде бұқаралық сипат алды.[1]
1930 жылы көшіп кету қозғалысымен 34 977 қожалық қамтылды. 1931 жылы
толық емес мәліметтер бойынша 45 000 шаруашылық көше бастады . Айта кететін
бір мәселе – бұл мәліметтер республикадан тыс көшіп кеткендерді ғана емес,
сондай-ақ өлкенің өз ішінде туған жерден қозғалып, босқындар қатарына
қосылғандарды жалпы түрде көрсете алады. Яғни орта есеппен алсақ,
жоғарыдағы 1931 жылғы босқындар жолына түскен қазақ шаруаларының жалпы саны
225 000 адамдай болып шығады.
Ал енді осыншама босқындардың қайда және қаншасы көшіп кеткенін дәлме-
дәл анықтау тіптен мүмкін емес. Өйткені қоныстарынан ауа көшушілердің
едәуір бөлігі белгілі бір аймақта тұрақтап қалмай, үздіксіз босып,
сенделумен болған. Дегенмен бұл мәселенің көлемін және негізгі бағыттарын
шамамен болса да айқындап беретін тарихи деректер баршылық. Қаражат халық
комиссариатының Өлкелік партия комитетіне берген 1931 жылғы 5 тамызға
дейінгі мәліметінде босқындардың қайда көшіп жатқаны нақты көрсетілген.
Мұнда 27 ауданның ғана мәліметі есептеліп, ал қалған 47 ауданнан әлі мұндай
деректер түсе қоймаған кезең бейнеленген. Бұл дерек босқыншылыққа ұшыраған
қожалықтардың сандарын ғана емес, тіптен олар айдап әкеткен мал басы
сандарын да шамамен есепке алғандықтан да тарих үшін құнды.
Сонымен қазақстандық босқындар төмендегідей жат өлкелерге және
аймақтарға босып кеткен:
№ Босқындар барған жерлер Босқын Олардағы мал
қожалықтары басы
1. Өзбекстанға 3436 187909
2. Түрікменстанға 7371 319725
3. Тәжікстанға 1767 88350
4. Қырғыз республ. 1031 33595
5. Қ. А. 0. 2355 112621
6. Т-Волга өлкесіне 2562 13797
7. Сібір өлкесіне 2100 27348
8. Украинаға 901 6652
9. РСФСР-дің қалған бөліктеріне 13511 100801
10. Қытайға 563 2276
35597 893074
Кестеден аңғарылатын нәрсе, қазақ босқындары негізінен Ресей және Орта
Азия республикаларына қоныс аудара бастаған.
1932 жылы алапат ашаршылық Қазақстанда кеңінен таралғанда жағдай тіптен
ауырлап, жоғарыда кестеде көрсетілген өлкелерге қазақтардың жаппай босулары
орын алды. Исаев пен Орымбаевтың 1932 жылғы 11 мамырда Мәскеудегі Халық
Комиссарлары Кеңесіне жолдаған мазмұндама хаты беретін аталған жылдың 1
ақпанына дейінгі мәлімет бойынша, қоныстан ауу мен қоныс аудару есебінен
кеміген қожалықтардың саны 300 мыңнан асып кеткен. Бұл орта есеппен
алғанда 1 млн. 500 мың адам.
Босқыншылық 1933 жылдың шілдесіне дейін толастамай қойды. Осы жылдың
мәліметтеріне назар аударсақ, бұған көзіміз айқын жетеді. Қазақстан
үкіметінің 1933 жылы Мәскеуге берген осы мәселеге байланысты ресми есебінде
мынадай жолдар бар: 1931-1933 жылдарғы салық, есептері мәліметіне
қарағанда, Қазақстан бойынша қожалықтардың жалпы саны 490 мыңға, ал село
халқының саны 2,6 млн адамға кеміді. Оның үстіне Қазақстанда қалған
қазақтар қожалықтарының аса үлкен бөлігі өздерінің бұрынғы мекендерінен ауа
көшті... .
Қазақстан Халық шаруашылығы есебі мекемесінің өзінің Мәскеудегі
басшылығына және Қазақстанның басшысы Л. И. Мирзоянға берген ресми
мәліметтеріне сүйеніп Қазақстаңдағы ауыл халқының жылдан жылға қанша адамға
азайғанын анықтасақ, ол төмендегідей болып шығады (мәлімет әр жылғы 1
маусымда алынған):
Жылдар аралығы Кеміген аламдар саны (мың
адам)
1930-1931 759,0
1931-1932 1887,0
1932-1933 733,5
1930-1933 3 379,5
Кестеден көріп отырмыз, үш жылдың ішіндегі адамдар санының жалпы кемуі
Қазақстанның ауылдық жерінде 3 млн 379,5 адам.[2]
Т. Рысқұловтың И. Сталинге 1933 жылы 9 наурызда жазған хатында босқын
қазақтар көшіп барған аудандардан алынған мәліметтер бар. Бұдан
аңғаратынымыз, көрсетілген уақытта Орта Еділде босқын қазақтар – 40 мың,
Қырғызстанда – 100 мың, Батыс Сібірде – 50 мың, Қарақалпақстанда – 20 мың,
Орта Азияда – 30 мың адамға жеткен.Сондай-ақ Т. Рысқұлов босқындардың
Қалмақ, Тәжікстан, Солтүстік өлке өңірінен де кездесетінін, Батыс Қытайға
ауа көшкендерін атап көрсетеді.
Көріп отырмыз, республикадан тыс жерлерге босып кетушілер аз емес. 1931
жылдың күзінен бастап Қазақстандағы Голощекин тәртібінен Батыс Сібір
өлкесіне қашып кетушілер байқалған болса, ал 1932 жылдың алғашқы айларында
аш-жалаңаш босқын қазақтардан Батыс Сібір Өлкелік партия комитетінің
хатшысы М. Зайцевтің айтуына қарағанда, босқындар негізінен колхозшылар
болды да, тек олардың шамалы ғана бөлігі бай-кулактар элементіне жатты.
Қазақ даласынан келген босқындардың қаншалықты көлем алғанын Батыс Сібірдің
Қазақстанмен шектесетін көрші Славгород ауданындағы қазақтардың 10000
адамға көбейгеніне, ал олардың 6000-ы Славгород қаласының өзінде ғана
орналасқанынан да байқауға болатын еді. Батыс Сібірдің басқа аудандарындағы
қазақтар да босқындар есебінен шұғыл өсті. Мысалы., Баевск ауданыңда 1300
босқын қазақ есепке алынды.
Алқымнан алған аштық Сібірдегі босқын қазақтарды қылмысқа итермеледі.
1932 жылдың тек 15-20 қаңтарында ғана осында 9 рет жылқы ұрлау фактілері,
сондай-ақ ұрлық пен тонаудың кеңінен таралуы орын алды. Аштық адам кейпінен
айыра бастаған, есі ауып, ісініп кеткен қазақтар көшелердегілерден де,
пәтер тұрғындарынан да нанды ашықтан-ашық тартып алып, аштық аранына араша
іздеді. Жоғарыда аталған Батыс Сібір хатшысы М. Зайцевтің Қазақ өлкелік
партия комитетіне жолдаған хатында жазғанындай, 5-8 адамнан тұратын топқа
біріккен қазақтар пәтерлерге кіріп, олардан нан беруді талап етті.
Славгород қаласының асханалары жүдеп-ашыққан қазақтарға аузы-мұрнынан шыға
толып кеткен. Олар столдардан шашылып түскен нанның қоқымдарын теріп жеп,
тамақтанғандардан қалған тәрелкелерді жалап-жұқтап, кейде тіптен олардың
стол үстіндегі тамақтарын да тартып алып, қолдарына түскен тамақ
қалдықтарын дым қалдырмай қылғытумен болды.
Қаладағы аудандық мекемелердің алдына күн сайын дерлік топтасып келетін
босқындар осында балаларын қалдырып, өздері тайып тұратын еді. Күңде осылай
ата-анадан айрылып көшеде қамқорсыз қалған 4-5 баланы кездестіретін
жергілікті өкімет орындарының органдары оларды орналастыратын жер таппай,
әбігер болды. Жағдайды қиындата түскен балалар үйлері мен ауруханалардың
осындайларға толып кетуі де еді.
Батыс Сібір өлкесінің кейбір аудандарының өздері де азық-түлік
қиыншылықтарына кездескендіктен аштық қуалап босып келген қазақтарға
қажетті көмек көрсетуге жергілікті жерлердегі мүмкіндіктер де шамалы еді.
Сондықтан Батыс Сібір өлкелік партия комитеті Қазақ өлкелік партия
комитетінен қазақтардың қашып келуін тоқтатуды, оған қажетті шараларды
жедел қолдануды, босқындарға қажетті көмек көрсетуді қайта-қайта өтініп
сұрады.
Архив мәліметтерінен көрінетініндей, егер 1932 жылға дейін қазақ
босқындары Сібірдің Қазақстанмен шектескен аудандарына ғана орналасқан
болса, ал 1932 жылдың алғашқы айларында олардың Сібір жеріне тереңдеп
кеткенін, шалғай жатқан Новосибирск жері тәрізді аудандарда да қоныстана
бастағанын аңғарамыз. Осыған қатты алаңдаған Батыс Сібір өлкелік партия
комитетінің хатшысы Эйхе Қазақ Өлкелік партия комитетінің босқындарды
Қазақстанға қайтарып алуға неге асықпайтынын түсіне алмай Голощекинге хат
жазды.[3]
Ал Голощекин болса Сібір басшыларынан бай-кулактарды ұстап беруді талап
етумен болды. Батыс Сібір басшылары бай-кулактарды босқындар араларынан
іріктеп алуды тек Қазақстанның өзінде ғана жүзеге асырған жөн деп санады.
Біз қайтатындарды қабылдау пункттеріне жібереміз, сол жерлерде, яғни
Қазақстанның өзінің аумағында босқындар арасынан байларыңды, кулактарыңды
іріктеп алындар да, өздеріңнің спецпоселоктарыңа (арнайы қоныстар)
жөнелтіңдер және оларды орталық ұйымдардың арнайы нұсқауларына сәйкес
қалауларыңша әр түрлі жұмыстарға пайдаланыңдар, - десті сібірліктер.
Республика аумағындағы және Солтүстіктегі көршілеріне ауа көшкен босқын
қазақтардың аянышты халін Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының
Луганский поселкасынан Сталиннің секретариатына 1932 жылы 27 шілдеде
жолданған домалақ хат шынайы да әділ суреттеп берді. Осы ауданда
ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында жол берілген әр түрлі асыра
сілтеулерді тәптіштеп суреттеген хат иесі Орталық Комитетке Қазақстанның
жергілікті халқы қазақтарға істеліп жатқан зорлық-зомбылықтар туралы арнайы
әңгімеледі.
Сталиннің секретариатына жолданған бұл хатты едәуір сауаты бар
қарапайым еңбек адамы жазған деп жорамал жасауға болады. Өйткені мәселе
қарапайым шаруа тілімен баяңдалған. Онда мынадай мәселелер айтылады:
Сібірге қашқан қазақтарды Голощекин жіберген уәкілдер жергілікті ОГПУ
органдарының көмегімен іздеп тауып, қорқыту, күштеу және зорлық-зомбылық
көрсету жолымен Қазақстанға алып қайтқан. Сауын сиыр береміз, нанға
тойғызамыз, - дегенге сеніп келген халық туған өлкеде тағы да аштыққа
ұрынды. Кеудесінде шыбын жаны барлар Солтүстікке қайта қашты. Осылайша
біресе Қазақстанға, біресе солтүстіктегі көршілерге қайта оралып, ерсілі-
қарсылы жосылып, екі ортаны жол қылып, аштықтан әбден қалжыраған, екі ел
арасына жұқпалы ауруларды да таратқан, сөйтіп өздері орта жолда көмусіз
қалған, іздер-сұрары жоқ өлекселер қатарын толықтырып, голощекиншілдіктің
құрбандығына айналған, соры қайнаған қазақтар туралы жоғарыдағы хат арқылы
Сталиннің секретариаты тағы да хабардар болды.
Қазақтардың осы бір аянышты да мүсәпір кейпін әңгімелеген хаттың
белгісіз иесі Шыңғырлау ауданындағы осы бір аштық зобалаңын Азамат соғысы
жылдарымен салыстыра келіп, тіптен аудан аумағына ақтардың әскерлері келген
кезде де мұндай сұмдықтар болған жоқ еді, халық қайта солармен жақсы тұрған
еді, ал енді ғой ерікті Советтер Одағындағы халіміз адам айтқысыз ауыр
болды деп күйзелді.
Хатты алған соң Кремльдегілер Қазақстаннан жедел жауап сұрады. БК (б)П
Орталық Комитеті алғаш 30 қарашаға дейін хатта көрсетілген фактілерді
анықтап беруді сұраса, келесі жолы (11.XII. 1932 ж.), 27 желтоқсанға дейін
Қазақ өлкелік партия комитетінің шұғыл жауап қайтаруын талап етті.
Өз кезегінде Қазақ өлкелік партия комитеті де Батыс Қазақстан облыстық
партия комитетінен хатта жазылғандарды тексеруді талап етіп қайта-қайта хат
жолдады. Бірақ обком қызметкерлері арызды тексеруге немқұрайлы қарады. Осы
салақтықтың басында отырған осы обкомның бұқаралық үгіт секторы меңгерушісі
Александров Таран 1933 жылы 6 қаңтарда ақыры сөгіс алды. Дегенмен бәрібір
бұдан жағдай өзгере қойған жоқ.6 Тек бір айдай уақыттан кейін ғана,
дәлірек айтқанда, 5 ақпанда Шыңғырлау аудандық партия комитетінің бюро
мәжілісі М. Коломийцев тексерген осы арыздың қорытындысын шығарып, онда
көрсетілген өрескелдіктердің шындығында да орын алғанын мойындады. Бірақ
архивте сақталған осы мәселеге байланысты жоғары орынға - Кремльге
жіберілген тексеру қорытындысында босқын қазақтардың қасіретті ауыр жағдайы
туралы мәселе назардан тыс қалды. Арызды тексеруші М. Коломийцев өзінің
қорытындысында тіптен қазақ деген сөзді аузына да алмаған.
Босқын қазақтардың аса қайғылы жағдайы Қазақстанда туып-өскен кез
келген қазақстандықты толғандырарлықтай, оған ауыр ой саларлықтай еді.
Осының нақты мысалы, өзі қарағандылық, ал ашаршылық жылдарында Иркутскідегі
Главзолотоның тау-кен институтында студент болған Н.А.Кузиннің Қазақ
өлкелік партия комитетіне 1933 жылы 27 қазанда ашына хат жазуы дер едік. Ол
өзінің 1931 жылы Сібірге оқуға кеткенін, оған дейін Қазақстанда қайғылы
өзгерістер бола қоймағанын айта келіп, Л.И. Мирзоянға былай деп жазды:
1932 ж. орыс тілін мүлде білмегендеріне қарамастан тәуекелге бел буған
және үздіксіз лектермен Шығыс Сібір арқылы, сондай-ақ, онан ары Қиыр
Шығысқа шұбырған қазақтардың көптігі мені таңдандырды. Ал Сіз көшпелі қазақ
үшін ауылдан белгісіз қиырға аттану дегеннің не екенін менен кем
білмейсіз.[4]
Қазақстандық Кузиннің хатындағы ащы шындықты аңғартатын бұл жолдардың
Голощекиннің: Ешқашан ауылынан шықпаған, өзінің көшу жолынан басқа
жолдарды білмейтін қазақ, енді Қазақстанның ішіндегі ауданнан ауданға жеңіл
жылжуда, орыс, украин колхоздарына кіруде, Еділ бойындағы және Сібірдегі
жұмыстарға, шаруашылықтық құрылыстарға баруда, - деген тұтас бір халықтың
туған жерден безе көшкен мүшкіл халіне жан ашырлық білдірудің орнына, оны
қорлайтын, қайғылы халдегі қазақты мазақ ететін үстірт сипаттамасымен
үндесе қоймайтыны бірден назар аудартады.
Архив қорында сақталған ресми құжаттардың бірінде Батыс Сібірдің 33
ауданында 1932 жылдың 5 мамырында 46 632 қазақ босқындары есепке алынған.
Олардың осы уақытқа дейін 29166-сы Шығыс Қазақстан облысына көшіріліп
әкелінсе, ал 14500-дейі сонда қалып қойған.
Батыс Сібір жерінде аш қазақтардың көрінген бұтаның түбінде өліп
жатқанын Хабаровск ауданынан 1932 жылдың 18 наурызында жазылған мәлімдеме
хаттан да байқауға болады. Оңда соңғы кездері аудан территориясынан өліп
қалған қырғыздардың өлімтіктері кездесе бастағаны айтылады. Қаңтарда 4
қазақтың өлігі табылса, ақпанда 6, ал наурызда - 33 қазақтың өлігі
кездескен. Соңғыларының 30-ы бір жерден, аудандағы ет совхозынан 3
километрдей қашықтықтан табылған. Аш қазақтар ет совхозы бар дегенге осылай
қарай бет алса керек. Аш қазақтардың үй жағалап нан сұрағанды былай
қойғанда, көрінген жылқыны бас салып, рұқсатсыз табан астыңда сойып
алатыны, етті пышақ үстінде үлестіретіндіктен қылмыскерлерді табу өте қиын
екені, тапқанның өзінде де түгі жоқ аш-жалаңаштарға не айып салуға, не
оларды қамауға (беретін тамақ жоқ болғандықтан) мүмкіндіктер жоқтығы осы
құжатта атап көрсетілген.
Ақтөбе облысының аумағынан бастап, Батыс Қазақстан шекарасына дейінгі
аймақты мекендейтін қазақтар 1929 жылдан бастап Орта Волга өлкесіне көшіп
баруды жиілете түсті. Тек үш жылдың ішіңде ғана мұнда келген босқын
қазақтар саны 50 мың адамнан асып түсті. Мұнда да қазақтардың қайыршылануы
өте аянышты күйге жетіп, көпшілік орындары олардан аяқ алып жүргісіз болған
соң, Орта Волга өлкелік партия комитеті бұл жағдайды бірнеше рет талқылап,
әр түрлі шешімдер қабылдады. Қазақтар мұнда негізінен Самара төңірегіне
шоғырланды. Оның ішінде Большеглущинский ауданыңца қазақтардың 2000 отбасы,
Соль-Илецкіде – 1000, Буртинскийде – 2000, Илекскийде – 800, Оренбургскийде
– 600, Орынбор қаласына – 1000, Каширинскийде – 400, Петровскийде – 300
отбасылары Батыс Қазақстан жерлерінен босып келді. Аштық жайлаған туған
жерге қайта оралғылары келмеген босқын қазақтар өздерінің қайдан көшіп
келгендерін жасыруға тырысып бақты. Мысалы, жоғарыда аталған
Большеглущинский ауданының құжаттарының біріңде осы ауданның Фрунзе
атындағы және Имилеевский совхоздарыңда Бұқар өлкесінен қоныстанған 2 мың
қазақ отбасы жұмыс істейтіні айтылған. Шыңдығында бұлар бұрынғы Орал
ауданынан келген қазақтарға ұқсайтын.
1932 жылдың 8 наурызында Орта Волга өлкелік партия комитеті көшіп келіп
жатқан қазақтар проблемасын шешуді өтініп Мәскеудегі партияның Орталық
Комитеті мен Голощекин басқарған Қазақ өлкелік партия комитеті алдына
мәселе қойды. Қазақ өлкелік партия комитеті Ақтөбе жері арқылы өзінің
уәкілі Сейтқали Меңдешевті Орта Волга өлкесіне аттандырды. Ол өзінің көзі
көрген жайларды нақты түрде баяндап, Голощекиннің өзіне және Исаевқа жабық
мәлімдеме жіберді.[5]
С. Меңдешев Самарада қазақтарды елге қайтару мәселесін талдап,
ойластырып жатқанда онда Қазақстаннан Ақбұлақ, Адамовск, Жетіқара
аудандарының өкілдері де келді. Оларды ертіп алған ол, Орынборға барды.
Өйткені босқын қазақтардың негізгі бұқарасы бұрынғы Орынбор округін
паналаған еді. Уәкілдер келе сала қазақтардың жағдайымен жіті танысты.
Осында Орынбордың өзінде және оның төңірегіндегі біраз елді мекендерде
қазақ босқындарының 1000-ға тарта отбасы шоғырланып қалғаны анықталды.
Олардың біразы осында кірпіш зауытында, ағаш өңдеу кәсіпорнында, құрылыс
кеңсесінде жұмыс істесе, едәуір бөлігі ешқандай жұмыс таппай, аштыққа бой
алдырып, денелері ісініп көшеде, кез келген жерде жан тапсырып жатты.
Қазақстандық уәкілдер тек осыңда ғана не бары екі айда – ақпан, наурыз
айларында шамамен 100 адамдай қазақ босқындары өлгенін анықтады. Ауру
қазақтарды орналастыратын жер – аурухана табылмағандықтан бұрынғы
Покровский шіркеуі ауруханаға айналдырылып, онда қазақтарды жатқызды.
Әсіресе туыстарынан айрылып көшеде қаңғырып қалған қазақ балаларының
күнкөрісі өте қиын болды. Орынбордың өзінде ғана балалар үйінде осындай 100
баланы орналастыруға тура келді.
1.2. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЕТ ЕЛГЕ АУА КӨШУЛЕРІ
Бүгінгі тарихымызда әлі де жұмбағын ішіне бүгіп жатқан ақтаңдақ
тақырыптардың бірі – сан мыңдаған қазақтың 1929-1932 жылдары Қытай асып
кетуі. Тарихшылардың назары әсіресе аталған жылдары қанша қазақтың Қытай
асып кеткеніне ауып отыр. Мұның басты-басты екі түрлі себебі бар.
Біріншіден, осы жылдары қазақтар шет елдерге негізінен Қытай арқылы кеткен,
ал Орта Азия жері арқылы Ауғанстанға және Иранға кеткен қазақтар көп емес,
бірнеше мың қожалық ғана.
Сондықтан Қытай арқылы шет елге кеткен қазақтардың санын шамамен болса
да анықтау осы жылдары қанша қазақтың жат жерлік болғанын білу және осы
негізде қазақ диаспорасының күрделі тарихи тағдырындағы кейбір
жұмбақтарды жою деген сөз; екіншіден, Қытай арқылы шет ел асқан
қазақтардың санын шамамен болса да ғылыми негізде анықтамайынша, осы
жылдары аштан өлген қазақтар санын түгел білу қиын.
Кейбір тарихшылар мен демографтар бұл мәселеде әр түрлі өзара қайшы
пікірлер айтып, тарихи шындықты айқындау ісін күрделілендіре түсуде.
Мысалы, еңбектерін орыс тілді басылымдар жаппай жариялап жатқан шетел
тарихшысы Роберт Конквест Қазақстанның шекаралық аудаңдарынан аталған
жылдары Синьцзянға (Батыс Қытай) 200 мың қазақ көшіп кетті десе, мәскеулік
зерттеушілер Ю. А. Поляков, В. Б. Жиромская, И. Н. Киселев 1930-1932
жылдары шет елге кеткен қазақтар санын (қайтып келгендерін шығарып
тастағанда) 1,3 млн адамға жеткізеді. Ал енді өзіміздің кейбір қазақстандық
тарихшылар бұл пікірлердің ешқайсысына қосылмайтын санды – Қытайға кеткен
500 мыңдай адам туралы айтып жүр. Бұл пікірді теріске шығарушы қазақ
демографы М. Тәтімов шет елге кеткен қазақтар санын 165 мындай деп біледі.
Бұл мәселеде осыншама әр түрлі пікірлердің орын алуының себебі де бар:
қолда нақты тарихи құжаттардың болмауы зерттеушілердің түйінді де тоқ етер
қорытындыға тоқталуын қиыңдатты. Жоғарыда аталған тарихшылардың
мәліметтерінің Қытайға көп қазақты аман-есен көшіріп жіберуі Қазақстанда
ресми құжатта берілгендей – 1930-1933 жылдарда 3 миллион 379,5 мың адамға
шұғыл кеміп кеткен (босқындарды қосқанда) ауыл халықтарының нақты шығынын,
яғни қазақтардың ашаршылықтан болған тікелей өлімін сан жағынан азайтып
көрсететіні айтпаса да түсінікті. Аталмыш мәскеулік тарихшылардың
пікірлеріне тағы бір назар аударалық. Оларға сенсек, жетіспейтін жаңағы 3
миллион 379,5 мың адамның 1 миллион 300 мыңы шетел асып кеткен, яғни
ашаршылықтан қырылмаған, тірі қалған болып шығады. Дегенмен Қытайға көшкен
қазақтар санын көрсетуде әр түрлі көзқарас ұстана тұрса да зерттеушілер бұл
көшулердің негізінен шекаралық аудандарды қамтығанын мойындайды. Мұның
мынадай-мынадай басты себептері бар: 1) шекаралық аудандарда күштеп
ұжымдастырудың қатал саясатын шекаралық аймаққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz