Топты зерттеудің әлеуметтік психологиялық мәселелері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

3. ТОПТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тәрбиелеу объектісі ретінде жеке тұлғадан гөрі әртүрлі сипаттар бойынша біріктірілген адамдар топтары қарастырылады. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ - белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.

Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл сөз ХУІІ ғасырдың аяғынан кейін пайда болды. Сонымен топты төмендегідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп саналады:

1) бір-бірімен жиі арақатынас;

2) өздерін бір топтың мүшесі ретінде санайтын;

3) өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;

4) рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатынасатын;

5) бірдей объектілер мен идеялармен өзін теңестіретін;

6) топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын;

7) өзара байланыста болатын;

8) өздерін біртұтас сезінетін;

9) өздеріне қатысты іс-әрекетті реттейтін.

Топқа психологиялық анықтама беретін болсақ онда белгілі бір сипаттамалар негізінде негізінде әлеуметтік біртұтастылықтан бөлініп шығатын шамасы шектелген жалпыламалық болып табылады.

Топтарды өлшемі бойынша келесідей бөлу кең таралған:

· үлкен және кіші топтар;

· нақты және шартты.

Нақты топтар дегеніміз - белгілі бір бір іс-әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан адамдар тобы.

Шартты топтар дегеніміз - бір-бірімен тікелей немесе жанама объективтік арақатынас жасамайтын субъектілерден тұрады. Олардың әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары ортақ болады.

Үлкен шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.

Кіші топтар бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар.

Ішкі құрылысының қарапайымдылығы кіші топтың ерекшелігі болып табылады. Кіші топта әдетте, беделді лидер немесе беделді жетекші болады.

Топ мүшелерінің арақатынасын реттеуші реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтарды бөле отырып ресми ұйым топтың құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі құрылымдық ерекшеліктер реттейді.

Бұл топтарды келесідер сипаттайды: олардың арақатынасы топтық іс-әрекеттің мазмұнына байланысты болмай симпатия - антипатияның тікелей қатынастарына ғана байланысты болады.

Мұндай бірлестіктер әдетте ерікті уақытша ғана болады, көзқарастырадың ұқсастығымен айқындалады.

5. ТОПТАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ

Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.

4 ТОПТАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҰҒЫМЫ

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.

М. И. Лисина «Қарым-қатынас - ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті» - деп көрсетеді.

«Қарым-қатынас жоғары дәрежедегі динамикалық әлеуметтік - психологялық құбылыс» - дейді өз еңбегінде Б. Д. Парыгин.

Е. В. Руденский бойынша, қарым-қатынас жеке адам қызметінің түрі; - адамның басқа қызмет түрлерінің атрибуты; - қарым-қатынас субъектілердің өзара іс-әрекеті.

Л. К. Аварченко: «Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті» - деп көрсетеді.

Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.

Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес) . Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

Тікелей емес қарым-қатынас - жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.

Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық қарым-қатынас - топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.

Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық - қарым-қатынастарды да жатқызады.

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологияда шағын топтың зерттеуінің әдіснамалық мәселелері
Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы
Ұжым психологиясы мәселесі
Топ психологиясының ғылыми таным жүйесіндегі орнын түсіну
Әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері
Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
Оқушыларда топ пен ұжымдық қасиеттерді қалыптастыру
Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың теориялық негіздері
Жастардың әскери қызметке бейімделу ерекшеліктерін зерттеу
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz