Павлодар өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Зерттеу жұмысы жүргізілген жердің физикалық . географиялық жағдайы...5.6
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Обьектілер және жұмыс әдістемелері ... ... ... ... ... ... .. 11.12
III ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.19
3.1Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. Тақырып өзектілігіне қарай келесі мақсат қойдық: Павлодар өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктерді жинап анықтап, олардың өсу ортасымен танысу. Мақсатты шешу жолында төрт міндетті анықтадық:
1.Павлодар өңірінің дәрілік өсімдіктер кездесетін жерлерінің физиклық – географиялық жағдайын, климатын сипаттау;
2.Павлодар өңірінің қарағайлы орманында жиі кездесетін дәрілік өсімдіктердің тізімін жасау;
3.Әр түрлі өсімдік бірлестігінде кездесетін пайдалы өсімдіктерді пайдалану жолына қарай жіктеу;
4.Әр түрлі өсу ортасынан жиналған өсімдіктерге биоэкологиялық сипаттама беру
Зерттеу жұмысының обьектісі:
1.Павлодар өңіріне қарасты қарағайлы орман алқабында кездесетін дәрілік өсімдіктер;
2.Ертіс өзені жағасында кездесетін дәрілік өсімдіктер
Әр ғылыми жұмыста гипотеза қойылады, біздің гипотеза: соңғы уақыттарда дәрілік препараттар орнына көпшілік адамдар, халық медицинасына сүйеніп шектен тыс дәрілік өсімдіктерді қолдануда. Егер алдағы уақыттарда да осылай жалғасатын болса, олардың саны сиреуі мүмкін.
Біздің жұмыс Павлодар өңірінде осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы Павлодар облысының қарағайлы орманында өткізілді, нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің 22 тұқымдас, 36 түр анықталды. Оның ішінде кең таралған тұқымдастарға күрделігүлділер мен крестгүлділер тұқымдасы жатады.
Сонымен, жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, дәрілік өсімдіктерді тиімді қолдану керектігін ескеру қажет. Көпшілік дәрілік өсімдіктер улы да болып келеді. Халық оның биологиялық анотомиялық морфологиялық ерекшеліктерін білмей жинауға тиім салыну керек.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Ахметжанова А.И., Забиров А.Н. Запасы кровохлебки лекарственной в каркаралинском районе и их использование. Флора и растительные ресурсы Централього Казахстана. Караганда, 1992 г., с. 8 – 13.
2.Агафонов А.Д., Андрест Б.В. Грагнизация заготовок дикорастущих плодов, агот, грибов и лекарственных трав. Изд., «Колос», М., 1975
3.Голоскоков А.П. Иллюстрированный определитель растений казахстана. Алмата, изд. «Наука» М., 1969
4.Петкова В.В. Современная фитотерапия. М, 1988
5.Синицин Г.С. Рациональное использование и охрана некоторых растений Казахстана. А., «Наука», 1981, с. 439 –441
6.Михайлова В.П. Исследование дикорастущих полезных растений в казахстане. В кн. Ботаника Казахстане. А, 1959. с. 59–74
7.Павлов Н.В. Растительное сырье Казахстана. М., 1947. с. 30–31
8.Муравьев И.Я., Сколов В.С. Содержания глициризиновой кислоты в сырье солодкового корня. М., 1966. с. 45
9.Павлов Н.В. Флора Казахстана. Т.4 А., 1961
10.Лежнева П.П., Муравьев И.А., Череватый В.С. Антибактериальный активность листьев крапивы двудомной. Раст. Рес. Т 22, 1986 с. 325
11.Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений. М., 1980, с. 209
12.Стрижев А.н. Лесные травы. М, «Лесная промышленность» 1979
13.Крылова И.А., Шретер А.И. Методические указание по изучению запасов дикорастующих лекарственый растений. М, 1971
14.Байтенов М.С. В мире редких растений. Алматы, «Қайнар», 1985
15.Михайлова В.П. Дубильные растения флоры Казахстан и их освоение. А, 1968
16.Борисова Н.А. Методические указание по учету запасов и составление карт распространения лекарственных растений. Л, 1961. с. 11–13

Павлодар қаласындағы №35 жалпы орта білім беру мектебі
Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың
негізі.
Секция: Биология
Тақырыбы: Павлодар өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер
Орындаған:
Дайырбаев Дәулет
2а сынып оқушысы
Жетекшісі:Шарбақбаева Б.Қ.
Павлодар, 2011
МАЗМҰНЫ
3бет
КІРІСПЕ ----------------------------------- ---------------------------------
-------------
I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ------------------------------- -------------------------
--
1.1 Зерттеу жұмысы жүргізілген жердің физикалық – географиялық жағдайы---
5-6
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ------------------------------ ----------
2.1Обьектілер және жұмыс әдістемелері----------------------- ---
11-12
III ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ БӨЛІМ------------------------------ ----------
12-19
3.1Зерттеу нәтижелері------------------------- ------------------------------
--
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
----------- 19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------- ------------
20
ҚОСЫМША----------------------------------- ----------------------------------
--------
Аңдатпа
Зерттеу жұмыста Павлодар өңірінің дәрілік өсімдіктері сипатталады.
Дәрілік өсімдіктерді зерттеу кезінде 22 тұқымдас, 36 түр анықталды. Олардың
ішінде ең көп таралған крестгүлділер және күрделігүлділер тұқымдастары.
Біздің жұмыс Павлодар өңірінде осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу
жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы Павлодар облысының қарағайлы
орманында өткізілді, нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің 22 тұқымдас, 36 түр
анықталды.
Аннотация
В исследовательской работе описываются лекарственные растения,
произрастающие в Павлодарской области. В ходе исследования лекарственных
растений было обнаружено 22 семейства, 36 видов. Среды которых широко
распространены семейства крестоцветных и сложноцветных.
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі
өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік,
шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз
қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс
елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы
белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да
пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп
есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам
өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды
өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан
жасалған дәрімен емдеді.
Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық
медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап,
бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. Тақырып өзектілігіне қарай
келесі мақсат қойдық: Павлодар өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктерді
жинап анықтап, олардың өсу ортасымен танысу. Мақсатты шешу жолында төрт
міндетті анықтадық:
1.Павлодар өңірінің дәрілік өсімдіктер кездесетін жерлерінің физиклық –
географиялық жағдайын, климатын сипаттау;
2.Павлодар өңірінің қарағайлы орманында жиі кездесетін дәрілік
өсімдіктердің тізімін жасау;
3.Әр түрлі өсімдік бірлестігінде кездесетін пайдалы өсімдіктерді пайдалану
жолына қарай жіктеу;
4.Әр түрлі өсу ортасынан жиналған өсімдіктерге биоэкологиялық сипаттама
беру
Зерттеу жұмысының обьектісі:
1.Павлодар өңіріне қарасты қарағайлы орман алқабында кездесетін дәрілік
өсімдіктер;
2.Ертіс өзені жағасында кездесетін дәрілік өсімдіктер
Әр ғылыми жұмыста гипотеза қойылады, біздің гипотеза: соңғы
уақыттарда дәрілік препараттар орнына көпшілік адамдар, халық
медицинасына сүйеніп шектен тыс дәрілік өсімдіктерді қолдануда. Егер
алдағы уақыттарда да осылай жалғасатын болса, олардың саны сиреуі мүмкін.

анықталды. Оның ішінде кең таралған тұқымдастарға күрделігүлділер мен
крестгүлділер тұқымдасы жатады.
Сонымен, жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, дәрілік өсімдіктерді
тиімді қолдану керектігін ескеру қажет. Көпшілік дәрілік өсімдіктер улы да
болып келеді. Халық оның биологиялық анотомиялық морфологиялық
ерекшеліктерін білмей жинауға тиім салыну керек.
І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. Зерттеу жұмысы жүргізілген жердің физикалық - географиялық жағдайы
Павлодар облысы қазақстанның солтүстік – шығыс бөлігі жағында
орналасқан. Көлемі жағынан ол оңтүстіктен солтүстікке дейін 500 километрге,
ал батыстан шығысқа дейін 450 километрге созылып жатыр. Оның жалпы ауданы
қазір 12476,7 мың гектар. Ертіс өзені облысты қақ бөліп жатыр: оң жағалауы
41,2 мың км және сол жағалауы 83,6 мың км[ 1].
Павлодар облысының климатының қалыптасуына территорияның терең
континентальды жағдайда орналасуы, күн радиациясының молдығы, ауа
циркуляциясының жылдамдығы, жер бетінің біркелкі жазық далалы болып келуі
әсер етеді. Мұның барлығы салыстырмалы климат жағдайының біркелкілігінен,
тек қана негізгі айырмашылық солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа
созылып жатуында. Облыстың оңтүстік батыс бөлігінің климатында бірқатар
табиғи факторлар әсер етеді: микроклиматтың ерекшелігі, ормандардың
жойылуы, су қоймалары, сол сияқты адамның шаруашылыққа әсері (ормандарды
отау, егістік далаларды қорғайтын ағаш егу, жасанды су қомаларын құру) [
1].
Ауаның орташа жылдық температурасы бүкіл облыс бойынша солтүстіктен
оңтүстікке қарай заңды көтеріледі. Облыс климатына әсер ететін күн жылуының
жер бетіне түсу мөлшері. Күннің жылу беруінің жалпы қосынды мөлшері 2300 -
2400 С. Күн мен түннің теңелетін кезеңдері 22 желтоқсанда, 22 науырызда.
Облыс маңында орташа жылдық температура 1˚С - 3˚ С, солтүстікте 0 ˚С, орта
бөлікте – 1,8˚ С, ал оңтүстікте – 2,6˚С. Нағыз жылы айдың орташа айлық
температурасы шілдеде 19˚ С – тан 21,03˚ С – ға дейін ауытқиды, ал басқа
күндерде күн ыстық 40˚ С – қа дейін, тіпті кейде оңтүстік Қазақстандаға
сияқты болады. Мысалы, 1931 жылы максимальды температура 42˚ С болып
тіркелген. Нағыз суық айдың температурасы қаңтарда – облыс территориясында
17˚С-тан 18,1˚С, ал нағыз аязды күндерде температура – 47˚С болып
тіркелген. Сонымен орташа жалдық амплитуда 38˚С – 40˚С жеткен. Тәулік
ішінде температураның айырмашылығы үлкен. Көктемде, тіпті жылы күннен кейін
де, қатты суық кейде керісінше болуы мүмкін. Әсіресе көктемде және күзгі
салқын мен жылы кезде температурада күрт өзгерістер байқалады.
Өсімдіктердің вегетациялық кезеңдері Павлодар облысында сәуірдің үшінші он
күндігінен басталады да қазанның алғашқы он күндігінде аяқталады. Оның
ауытқу ұзақтығы солтүстікте 167 күннен, оңтүстік аудандарда 178 күнге дейін
созылады. Облыс бойынша ең жылы ай – шілде (20–22˚С), ең суық ай – қаңтар
(17–20˚С). Қыстан көктемге, көктемнен жазға өтер тұста, әсіресе науырыздан
сәуірге, сәуірден мамырға өтер кезде ауа температурасының күрт көтерілуі
назар аудартады. Күздің алғашқы суығы көбінесе қыркүйектің ортасында және
аяғында болады, ал көктемнің соңғы суығы – мамыр айының ортасында және
аяғында байқалады. Аязсыз кезеңдер, мамыр мен қыркүйек айларын қосқанда
орташа есеппен 110 – 135 күнге созылады. Бұл уақытта оңтүстікке осы
температура мөлшері 2200 – 2600˚С жетеді. Осылайша жылу мен жарықтың
мөлшері облыс бойынша негізгі ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының толық
пісуі үшін жеткілікті[ 2].
Облыстың климатының құрылуына ауа массасының үш типі қатысады,
біріншісі: облыс территориясында қоңыржай ендіктің континентальдық ауасы
үстемдік етеді. Сондықтан қыста ол күшті суынады, ал жазда, керісінше ол
өте қызады. Екіншісі. Бұл қысқы кезде ашық суық ауа райы және ыстық құрғақ
жазды анықтайды. Қыста мұнда сібір антициклоны басып кіреді, ашық аязды ауа
басым болады. Қоңыржай ендікте Атлант мұхитынан циклон түрінде басып
кіретін ауа массасының ролі зор. Қыста олар жылылықты әкеледі, бұлынғыр
күні қар жауады, ал жазда салқын найзағай жарқылдап, нөсер жауын – шашын
әкеледі. Облыстың Атлант мұхитынан тым алыс жатуы, ауа массасының ерекше
құрғақ болуы, атмосфералық ылғалдың Ресейден Еуропалық бөлігіндегі ендіктен
кем болуына әкеп соғады. Солтүстік арктикалық ауа ешбір кедергісіз далалы
өңірден өтеді, күрт және тез суынып қысқы күшті аяз ашық күндерде ал көктем
мен күзде аздаған тоңазу болады. Үшіншісі: жылы кезде Орта Азияның
шөлдерінен Павлодар облысына тропикалық ыстық Тұран ауасының массасы өтіп
кетеді, ол ыстық құрғақ кездерде құрғақ аңызғақ желмен шаң борандарды
әкеледі. Жылдың суық жартысында оңтүстік – батыс желдері басым болады, оның
қыста қайталануы 43, күзде ерекше 37 – ге жетеді. Жылы кезде желдердің
таралуы бағыт бойынша салыстырғанда біркелкі, бірақ батыстан соғатын желдер
басым. Жыл мезгілінің ауысу кезінде көктемде және күзде (әсіресе солтүстік
облыстарда жиірек) болады.
Желдің орташа жылдамдығы 4 – 4,5 мс, ал кейде көктемнің соңында,
жаздың басында жел жылдамдығы 25 мс дейін жетеді, сондай кездерде құм –
шаң борандар болады. Жел көктем айларында қатты соғады. Сондықтан
топырақтың жел эрозиясына шалдығуы осы көктем айларында, егістік жерлер
өңделген кезде байқалады. Осыған байланысты 1954 жылдарда, тың жерлер
жаппай көтерілген уақыттарда, облыс көлемінде өте үлкен аймақта тың жерлер
облыс климат жағдайын ескерусіз, арнаулы технологиясыз, айдалып жыртылды
да, ол климат ерекшелік әсерінен жел эрозиясына ұшырады. Кейіннен бір топ
ғалымдар жел эрозиясынан топырақты қорғайтын арнайы технологияны ойлап
тапты да, оны облыстың ауыл шаруашылық өндірісіне кіргізді. Қазіргі кезде
бұл технология облыс көлемінде топырақты өңдеуде кеңінен қолданылады.
Атмосфералық жауын – шашын жыл бойында біркелкі таралмайды. Оның көп бөлігі
(70 жоғары) жылы кезде сәуірден қазанға дейін өсімдіктердің өсуі үшін
қолайлы кезінде жауады. Жазғы уақытта максималды жауын – шашын күрт
өзгереді: шілде – тамыз бойы жауын жылдық жауынның жартысындай мөлшерінде
жауады. Солтүстік аудандарда, күзде жауын – шашын көлемі көктемге
қарағанда, біраз көбірек жауады. Қыста жауын – шашын аздау, бірақ жиналған
қар жоғарыдан су ағып кетуге топырақтың мол дымқылдығы басты себеп болады.
Облыстың қар жамылғысының жатуы 150 – 160 күнге созылады. Дегенмен
облыстың солтүстігінде ол ұзақтау, мысалы, онда қар 143 – 195 күн жатқан
кездер де болған, ал оңтүстікте ол 130 – 165 күнге ғана созылған. Жер
бетіндегі тұрақты қар жамылғысы солтүстікте қарашаның бірінші жартысында,
ал қарашаның ортасында облыстың басқа бөліктерінде болған. Басқа жылдары
қар ертерек қыркүйектің соңында түскен. Қар жамылғысының орташа биіктігі 25
см. Топырақтың мұздану тереңдігі 70 – 125 см. Орташа мұздану тереңдігі 100
– 110 см құрайды.
Павлодар облысында орман алқаптарының мол ресурстары 3 жерде
орналасқан, ол Шалдай, Бесқарағай, Баянауыл орман алқаптары. Қашыр,
Железинка, Ертіс аудандары далалық – орманды алқаптар болып келеді. Өйткені
ол аудандарда, шоқталып өскен қайыңдар көп кездескен мен де, онда жазық
далалық аймақтар басым. Сондықтан бұл аудандарда ағаштар шаруашылықтарда аз
қолданылды. Облыста жалпы орман қорының көлемі, 4,6 мың га, оның 278 мың
га. жері ғана кесуге рұқсат алынған. Орман байлығының сапасы ағаштың
құрамына байланысты болады. Ағаштардың ішінде жоғары сапаға қылқан
жапырақты тұқымдастар жатады. Орманды жердің 70,4 % - қарағай, 13,3 % –
қайың, 4,2 % - көктерек, үйеңкі, қара терек – 6,5 % т.б. алып жатыр.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Объектілер мен жұмыс әдістемелері
Далалық зерттеу жұмысы Павлодар облысының қарағайлы орманында
өткізілді. Экспедиция барысында қазіргі уақытта медицинада кең түрде
қолданылып жүрген басымырақ кездесетін дәрілік өсімдіктерге баса назар
аударылды. Түрлерді анықтау кезінде гербарий жасалынды. Гербарий жасау үшін
біріншіден өсімдіктерді гербарий папкасына салдық. Оның мөлшері 45 – 53 см
картон қағаздан және фанерден жасалынды. Папканың екі жақ шетінен ремень
жіпше тақтық, соның көмегімен оны іліп кептірдік. Папка ішіне әрбір қағазға
жиналған өсімдіктерді жеке – жеке салдық. Өсімдік жақсы кебуі үшін қағазды
күніне бір рет ауыстырып отырдық.
Жиналған өсімдіктерді анықтағыш көмегімен қай тұқымдасқа, туысқа,
түрге жататының анықтадық. Анықтау үшін сыртқы белгілері және тіршілік
орталары жайлы мәліметтерді, анықтамалықпен салыстырып қарадық. Дәрілік
өсімдіктерге морфологиялық және биологиялық сипаттама бердік.Гербарий
этикеткасын жасап, оған анықталған өсімдіктер жайлы мәліметтерді енгіздік.
Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін (Қосымша В) дәрілік өсімдіктерді жинау
күнтізбесі қолданылды. Дәрілік өсімдіктерді жинау және кептірудің қз
ережелері бар.Жапырақ, гүл, шөп пен жидектерді кәдімгі қораптарға жинайды.
Кепкен жидек пен тұқымдарды, сонымен қатар тамыр мен қабықты қапқа жинауға
болады[3].
Жапырақ бүршіктерін ерте көктемде жинайды. Көбінесе наурыз-сәуір
айларында. Бұтақтарды кесіп, кепкен соң жұлады.Қабықты көктемде шырындаған
кезде жинайды. Бұл кезде қабық өте тез алынады. Жас ағаштардың қабығын
пайдаланады. Бұтақ пен бағанда қабықты жинау үшін екі немесе одан да көп 20-
30 см-дей тілім жасайды. Кескен қабықты пышақпен жоғары жақтан кесіп алады.
Шешілген қабық өзі түтікке айналады.Жапырақтарды көбінесе гүлдеген кезде
жинап алады. Ескі, кепкен жапырақтарды жинамайды. Гүлдерді қолмен жинап,
жұлады.Шөптер көп жағдайда гүлдеген кезде жиналуы керек. Шөптерді қолмен
немесе серпімен жинайды. Шөптерді тамырымен жұлмау керек. Бұл олардың
сапасын төмендетеді, ал көпжылдық шөптерді түгел құртады[3].
Жемістерді толық піскен кезде жинайды. Көбінесе жемістерді қолмен
өңдейді. Шырынды жемістерді құрғақ ауа райы кезінде жұлу керек. Сонда
кептірген кезде артық ылғал шықпайды және қышқылданып, қурап кетпейді.
Құрттармен шіріген және залалданған жемістерді жинауға болмайды. Жер асты
бөліктерді вегетация кезеңінің соңында, күзде немесе вегетация басында,
ерте көктемде жинайды. Бұл кезде олар белсенді заттармен бай болады. Күзде
жиналатын тамырлар үлкендеу болады. Тамырларды арнайы күректермен қазған
жөн. Жинап болған соң, топырақты қағып, су астында жуады[3].
Кептіру алдында өсімдіктерді сұрыптайды. Бөтен өсімдіктерді алып
тастап, майысқан жапырақтарын немесе бүгілген бөліктерін жұлып, кесіп
тастайды. Жинап болған соң немесе сұрыптап болған соң өсімдіктерді кептіру
қажет. Жаңа жинап алынған өсімдіктерді себетте қалдырып кеткен кезде олар
бүлінеді. Кептіру әдістері әр түрлі болады: күнді, ауалы, жылулы,
көлеңкелі.
III.Эксперименталды бөлім
3.1 Зерттеу нәтижелері
Зерттеу жұмысының нәтижесінде Павлодар өңірінде кездесетін дәрілік
өсімдіктерден 22 тұқымдас, 36 түр анықталды. Күрделігүлділер тұқымдасы,
крестгүлділер тұқымдасы, түйетабандар тұқымдасы, қалампырлар тұқымдасы,
кәдімгі қайың тұқымдас, жолжелкен тұқымдастары, құлқайыр тұқымдасы,
қырықбуын тұқымдасы, қарағайлар тұқымдасы, астық тұқымдастар, ерінгүлділер
тұқымдасы, майшетендер тұқымдасы, кипаристер тұқымдасы, зығыр тұқымдастар,
алабұталар тұқымдасы, бұталар тұқымдасы, қоғалар тұқымдасы, балдыршөптер
тұқымдас, бұршақ тұқымдас, сабынкөктер тұқымдасы, талдар тұқымдасы, бөрі
қарақаттар тұқымдасы, шақшашөп тұқымдастары. Олардың ішінде кең таралған
тұқымдастарға күрделігүлділер мен крестгүлділер тұқымдасы жатады.
Анықталған 36 түрге жататың кейбір өсімдіктерге төменде сипаттама берілген
[4]. Дәрілік өсімдіктердің түрлері, тіршілік формалары, кездесу жиіліктері
туралы (1 – кестеде, қосымша А) мәліметтер берілген. Жиналған дәрілік
өсімдіктердің суреттері (Қосымша Б) көрсетілген.
Күрделі гүлділер тұқымдасына жататың ақбақай ( Белокопытник
лекарственный)– көп жылдық өсімдік. Сабағы гүлді, жапырақтары ірі, сопақша
болады. Күрең түсті гүлдерінің өзіндік иісі бар. Жемісі кішкене ұрық.
Биіктігі 30 - 60 см-дей. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді.Қазақстанда,
Ресейдің батыс, оңтүстік, орталық аудандарына кең таралған. Негізінен
ылғалды жерлерде, өзен жағалаулары мен жарқабақтарда өседі. Жапырақтарының
иісі жағымсыз, дәмі ащы. Емдік мақсат үшін ақбақайдың жапырақтары мен
тамыры қолданылады. Жапырақтарын маусым, шілде айларының аралығында, ал
тамырларын күзде жинайды.
Егінек(Нивяник обыкновенный) - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын,
көп жылдық өсімдік. Сабағы тік өседі. Жапырақтары қабықсыз сопақша келген,
ұзындығы 2 - 4 см. Жиегі тісті болады. Ірі - қара ақ түсті гүл қауашақтары,
түп жағына қарай жіңішкере беретін қоңырқай түсті ұзынша жемістері бар.
Егінек хош иісті болғанымен, дәмі ащы. Биіктігі 65 см - ге жуық. Мамыр -
тамыз аралығында гүлдейді. Қазақстанның көптеген аймақтарында кең таралған.
Негізінен орман шетінде, сирек өскен қайыңды және қарағайлы ормандарда,
ашық алаңқайларда, шабындықтарда, жол жиегінде өседі. Егінектің шипалық
қасиеті сабағында да, жапырағында және гүлдерінде де бар. Ол халық
медицинасында аса кең қолданылады. Егінек препараттары несеп жүргізеді,
ауруларды бәсеңдетеді, асқынуға жол бермейді, жараның жазылуын
жылдамдатады. Оның қайнатындысы мен тұнбасы суық тигенде, безгекке,
жөтелге, көз ауруларына, геморройға, шыжыңға, бас ауруға, ұлтабар ауырғанда
ем, сондай – ақ, егінекті ішектің ұсақ құрттарын түсіруге, үйдегі зиянкес
жәндіктерді өлтіруге пайдаланады.
Егінектің қайнатындысын денедегі бөрткенге жағады, іш түйілгенде,
сіңір тартылғанда нәрестені шомылдырады. Егінек шөбі мен гүл қауашақтарының
ұнтағын сары майға былғап жасаған дәрі майды денеге, жара, бөрткен , ұшық
шыққанда жағады. 2 шай қасық егінекті 1 стакан (200 г) қайнаған суға 4
сағат тұндырып, сүзеді . Мұны 1 ас қасықтан күніне 3 - 4 рет ішеді.
Итошаған( Череда трех раздельная) – қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік.
Жапырықтары қарама - қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ сары түсті топталып
өседі. Жемісі дефиз ұзынша дән. Тамыз - шілде айларында гүлдейді.
Қазақстанның барлық аймақтарында 3 түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен
аңғарларында өседі.
Итошаған шөбінің құрамында иілік заттар, шырын, эфир майы мен ащы заттар,
коратин мен С витамині бар. Емдік мақсатқа өсімдіктің шөбін, жапырақтары
мен тамырын пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал
тамырын күзде жинайды.
Қияқшөп (Хондрилла ситниковидная)– күрделі гүлділер тұқымдасн, екі
жылдық немесе көп жылдық өсімдік. Сабағы бұтақты. Гүл қауашақтары сары,
шоқталып өседі. Жемісі - дән. Биіктігі 50 - 125 синтиметр.Маусым –
қыркүйек айлар аралығында гүлдейді.Қазақстанның барлық аймақтарында, Кавказ
бен Орта Азияда кездеседі. Құмды далаларда, қарағайлы ормандарында, өзен
аңғарларында өседі. Өсімдіктің құрамында каучук бар. Әлі толық
зерттелмеген.Емдік мақсатқа шөбін, шырышын, сабағы мен тамырын пайдаланады.
Шөбін гүлдеген кезде, ал шырынын маусым – қыркүйек айларында жинап
алады.Орта Азия халықтарының медицинасында қияқшөп жапырағының және тамыры
мен сабағының қайнатындысын іш өткенде ішеді. Шырынының судағы тұңбасын
етеккір уақытында келмей қалғанда қабылдайды.
Ошаған (Дурнишник обыкновенный) бір жылдық сұрғылт жасыл түсті
өсімдік. Жапырақтары жүрек тәрізді. Үстіңгі беті жасыл. Жемісі - сопақ дән.
Биіктігі 30 - 120 сантиметр.Шілде – тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанның
барлық аймақтарында өседі. Жеткілікті зерттелмеген. Жапырақтарында йод,
алколойд және С витамині бар. Ал дәңдерінде май, шайыр, глюкозид пен йод
бар. Ошаған – улы өсімдік.Емдік мақсатта ошағанның жапырағы мен сабағын,
жемісі мен тамырын пайдаланады. Жапырағы мен сабағын шілде – тамыз
айларында жинайды.
Бақбақ (Одуванчик) көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамырына жақын
орналасқан, жапырақтары жылтыр, ұзын, әртүрлі формалы. Еліміздің барлық
жерлерінде өседі. Бақбақтың тамыры мен жапырықтарында кристалды татраксин
қышқылы, шырын қант, тағы басқа заттар, ал тамырында 25 процентке дейін
инсулин болады.Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, кейде жапырақтары
пайданылады. Ол халық медицинасында кеңінен қолданылады. Тамырынан жасалған
тұңба тәбет ашады, астың қорытылуын жақсартады, емшек сүтін молайтады, тері
аурулары кезінде зат алмасуын дұрыстайды, қақырық түсіреді. Тамыры мен
ұңтақталған жапырағын қатты ісіктерді басуға қолданылады. Ғылыми медицинада
бақбақтың тамыры мен шөбін тәбет ашатын, ас қорыту органдарының қызметін
жақсартатын шипалық зат ретінде пайдалынады. Одан әртүрлі препараттарды
жасайды.
Барқытшөп (Бархатцы мелкоцветные) - ерекше иісті, бұтақты сабағы бар бір
жылдық өсмдік. Жіңішке сүйір жапырақтары бар, ал гүл қауашақтары сары,
қоңыр - қызыл түсті. Жемісі – ұзынша келген дәннен тұрады. Биіктігі 20 - 40
сантиметр. Маусым мен қыркүйек айларының аралығына гүлдейді. Еліміздің Қиыр
Солтүстігінен өзге барлық аймақтарында кездеседі. Негізінен бақтар мен бау
- бақшаларда өсірілетін өсімдік. Гүл қауашақтарының құрамында эфир майы
мен бояғыш заттары болады. Құрамы әлі толық анықталмаған. Емдік мақсатқа
гүл қауашақтарын пайдаланады. Оларды шілде – қыркүйек айларында жинайды.
Барқытшөптің гүл қауашақтарының суға қосып жасалған тұнбасын несеп
жүргізетін, тер шығаратын және ішек құртын түсіретін дәр ретінде
пайдаланады. Ол үшін барқытшөптің 1 ас қасық құрғақ қауашағын 1 стакан
(200 грамм) қайнаған суға салып, жарты сағат тұндырып сүзеді. Сонан соң,
оны 2 ас қасықтан күніне 3 - 4 рет ішеді.
Ақжелкен( Хрен обыкновенный) – Крестгүлділер тұқымдасына жататың көп
жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, сопақша, гүлдері ұсақ, ақ түсті 4
жапырақшадан тұрады. Биіктігі 50 - 120 см-дей. Ақжелкен өте сирек гүлдеп,
жеміс береді. Негізінен тамыры арқылы көбейеді. Қазақстанда өсіріледі, ал
жабайы түрі Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарында, Кавказда
және Батыс Сібірде кездеседі. Ақжелкен тамырының құрамында синигрин
гликозиді, мирозин ферменті, лизоцин, көміртегі, азотты заттар, майлар,
витаминдер, фитонцидтер мен эфир майының қоспалары кездеседі. Өсімдіктің
өзінде аздаған алкалоидтар бар.
Ақбасқурайдың (Желтушник)халық медицинасында бірнеше түрі қолданылады.
Солардың бірі сұр ақбасқурай. Ол сұрғылт жасыл түсті, бұтақты сабағы бар,
екі жылдық өсімдік. Жіңішке жапырақтары кезектесе бітеді. Гүлдері ұсақ,
ашық сары түсті, 4 бөліктен тұрады. Жемісі ұзын, жіңішке әрі 4 қырлы
болады. Биіктігі 30 - 80 см-дей. Ал левкой ақбасқурайы – бір жылдық
шөптесін өсімдік. Жапырақтары кезектесе бітеді. Гүлдері ұсақ, ашық сары,
шоқталып өседі. Ұрығы сарғыш қоңыр түсті. Биіктігі 30 -110 см-дей. Сұр
ақбасқурай мамыр - маусым айларында, ал левкой ақбасқурай мамыр - шілде
айларында гүлдейді. Сұр ақбасқурай Қазақстанда, Сібір мен Орта Азияда
кездеседі, ал левкой ақбасқурай Ресейдің европалық бөлігінде, Қазақстанның
Солтүстік Шығысында және Сарыарқада кең тараған.
Түйетабандар тұқымдасына жататың адыраспан ( Гармала обыкновенная) –
тарамдалған бұтағы мол көп жылдық шөптесін өсімдік, жапырақтары кезектесе
бітеді. Бозғылт - сары гүлдері жеке – жеке өседі. Жемісі - қоңыр түсті ірі
ұрығы бар, димаметрі 1 см-дей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30 - 60 см-
дей, мамыр - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда, Ресейдің оңтүстік
белдеуінде, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен елді мекендерге
таяу алқаптарда, сондай - ақ құрғақ, тасты беткейлерде өседі. Адыраспанның
құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында
пеганин алкалоиды болады. Адыраспан - улы өсімдік, сондықтан оны тек
дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады.
Аққаңбақ (Качим метельчатый) Қалампырлар тұқымдасының өкілі – көп
жылдық өсімдік. Тамыры ұзын, сабағы бұтақты келеді. Жапырақтары ұсақ сүйір.
Өте майда ақ түсті гүлдері шоғырланып өседі. Биіктігі 1 метрге дейін
жетеді. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда, Батыс Сібір мен
Орта Азияда кездеседі. Негізінен құмды далаларда, қайыңды ормандарда өседі.
Әсемдік өсімдік ретінде де өсіріледі. Аққаңбақ тамырының құрамында едәуір
мөлшерде сапониндер болады. Ал жалпы құрамы әлі толық зерттелмеген.
Аққаңбақ - улы өсімдік.Емдік мақсатта сабағы, жапырақтары мен гүлдері
қолданылады. Оларды маусым - шілде айларында жинайды. Аққаңбақ өсімдігінің
ауруды басатын, құстыртатын және ішті тазалайтын қасиеті бар.Оның шөбінен
жасалған тұнбаны аздаған мөлшерде бауыр ауырғанда ішеді. Аққаңбақ улы
өсімдік, сондықтан тұнбаны ішкенде аса сақ болған жөн. Сонымен қатар
аққаңбақты шыбындарды қыру үшін де пайдаланады. Ұнтақталған аққаңбақты суға
салса, көпіреді. Осы қасиетіне орай сабын орнына да қолданады.
Қалампыр (Гвоздика)- қалампыр тұқымдас, бұтақты сабағы бар, көп жылдық
өсімдік. Қазақстанның барлық жерлеріне кең таралған. Негізінен шалғынды
далаларда, сирек ормандарда, алқаптар мен орман шеттерінде өседі. Нақты
құрамы әлі анықталмаған. Емдік мақсатқа қалампырдың шөбі мен гүлдерін
пайдаланады. Қалампырдан жасалған дәрілер қан тоқтатады және қабынудан
сақтайды.
Кәдімгі қайын тұқымдасының өкілі аққайың (Белая береза), сыртқы қабығы
ақ түсті, орман ағашы. Жапырақтары үш бұрышты немесе ромб тәрізді болып
келеді. Биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді.
Қазақстанның далалық және орманды аймақтарында өседі. Аққайынның бүйірінде
шайыр, эфир майы, бетулоретин қышқылы, сапониндер, илік заттар, жүзім
қанты, С витамині және фитонциттер, ал жапырағында бетулоретин қышқылы,
илік заттар, сапониндер, гипотезид, тритерпен спирті,эфир майы,каротин, С
витамині және фитонцидтер бар. Емдік мақсатта аққайынның бүрлері мен
жапырақтары, кейде шырыны қолданылады. Аққайың бүрлерінен және
жапырақтарынан жасалған қайнатынды мен тұңба халық медецинасында несеп және
өт жүргізетін, қан тазартатын, тер шығаратын дәрі ретінде қолданылады.
Халық медецинасында қайың бүрінің қайнатындысын және оның 10 процентік
тұңбасын гастритті, ревматизімді, өт жолы мен бүйрекке тас байлауының
бронхитті, өкпе туберкулезін, ұзаққа созылған іш өтуін, бауыр шеменін, суық
тигенді емдеуге, ішек құртың түсіруге, ықылыққа қарсы қолданылады.
Жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатың жолжелкен (Подорожник большой) - көп
жылдық өсімдік. Биіктігі 30 - 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі
жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт
тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы
болады.
Маусымнан қыркүйек айларына дейін гүлдейді.Жолжелкен қазақстанның барлық
жерінде өседі. Негізінен орманның жол жиектерінде, шалғынды алқаптарда
кездеседі. Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және
илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К
витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Ұрығында 44
процентке жуық шырыш, май, плантеоза мен сапониндер кездеседі.Дәрілік
мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады.
Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.
Бұталар тұқымдасының ішінде көкбұта (Верес обыкнавенный) – мәңгі
жасыл бұта. Жапырақтары қалың, сүйір болады. Гүлдері ұсақ, алқызыл. Маусым
айының аяғынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Биіктігі 1 метрге дейін
жетеді.Көкбұта Қазақстанның солтүстік аймақтарында, Батыс Сібірдің
оңтүстігінде және Шығыс Сібірдің оңтүстік батысында кездеседі. Қарағайлы
орманда, құмды және сазды жерлерде кездеседі. Өсімдік құрамы улы
алколойдтар мен сапониндер бар.Дәрілік мақсатқа көкбұтаның бұтақтары мен
гүлдерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz