Шаянтәрізділер туралы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Шаянтәрізділер

Шаянтәрізділер (Crustacea) - буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар, цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер, максиллоподалар жәнеремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді.

Құрылыс және классификация

Денесінің ұзындығы 1 - 2 мм-ден (ең майдасы су бүргесі Alonella, ұзындығы 0, 25 мм) 80 см-ге жетеді. Ең ірісі - жапон крабы (Macrocheіra kaempferі), оның құлашы 4 м болады. Ең ауыр шаян - Солтүстік Атлант омары (Homarus amerіcanus), оның салмағы 20 кг. Шаянтәрізділер денесін жауып тұратын кутикулада сыртқы қаңқаның қызметін атқаратын хитин көп. Ол қорғаныш қызметін атқарады, бірақ екінші жағынан - үздіксіз өсуіне кедергі жасайды. Сондықтан шаянтәріздер түлеу арқылы өседі. Бұлардың денесі жеке бунақтардан құралған, әр бунағында жұп бунақ аяқтары болады (бірақ эвол. даму барысында кейбір аяқтарының жойылып кетуі мүмкін) . Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Бас бөліміндегі бунақтардың саны тұрақты - акроннан және 4 бунақтан құралған, олардың 5 жұп өсінділері бар. Бірінші жұбы - антеннула, екіншісі - антенна, қалған үш жұбы қорегін ұстайтын және ұсақтайтын, түрі өзгерген аяқтары. шаянтәрізділердің басында бір жұп күрделі немесе фасеттік көздері бар. Кеуде және құрсақ бунақтарының саны бірдей емес. Олардың көп жағдайда кеуде аяқтары жылжу, жүзу, құрғақ жерде жүру қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрсақ аяқтары дамыған әрі қос бұтақты. Құрсағы көпқылтанды құрттардың пигидиіне (құрсақтың соңғы бөлімі) ұқсас тельсонмен (құрсағының соңғы бунағы) аяқталады. Жүйке жүйесі мидан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ас үгітетін қарыннан және “бауырдан” құралып, ортаңғы ішекке ашылады. Бір клеткалы организмдермен, өлексемен, органикалық заттармен, көп клеткалы өсімдік және жануарлармен қоректенеді. Желбезектерімен, егер олар болмаса, бүкіл денесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық емес, жүрегі арқа жағында орналасқан. Сезім мүшелері жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар (рецепторлар) түрінде болады. Зәр шығару жүйесі екі жұп безді: антенналды және максиллярлы. Тепе-теңдік сақтау мүшесі - статоцист жақсы дамыған. шаянтәрізділер көбінесе дара жыныстылар, тек мұртаяқтылар мен онаяқтыларда гермафродиттік кездеседі.

Жынысты деформизм айқын байқалады. Көпшілік тобына партеногенез тән, жұмыртқаларын суға тастайды. Шаянтәрізділер метаморфтық жолмен дамиды. Жұмыртқадан планктонды дернәсіл - науплиус шығып, ол метанауплиусқа (екінші дернәсілдік даму сатысы, бұл кезде кеуде және құрсақ бунақтары оқшауланып бөлінеді) айналады. Кейде бірінші дернәсілдік даму сатысы жұмыртқа қабығының астында өтеді, онда дернәсілдердің суға шығуы дамудың соңғы сатысында жүреді (мыс., крабтардың зоеа сатысы) . Жұмыртқадан аналық организмге ұқсас кішкене дарабас шығып, түлек арқылы біртіндеп өседі. Шаянтәрізділердің ұсақ түрлері негізгі зоопланктон массасын құрайтын болғандықтан, олар судағы организмдердің қоректік тізбегінде буын болып табылады. Шаянтәрізділер майшабақтардың қорегі, суды өлекселерден тазартады. Көпшілік түрлері (омар, лангуста, креветкалар, т. б. ) Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоғарғы сапалы тағам ретінде пайдаланылады.

Бұтақмұртты шаянтәрізділер ( Cladocera ) - омыртқасыз жануарлардың буынаяқтылар типінің шаянтәрізділеркласына жататын жәндіктер. Бұлардың дүние жүзінде 420 түрі бар, ал Қазақстанда 130 түрі белгілі. Бұлар ағынсыз тұщы суларда, теңіздердің түбінде тіршілік етеді. Бұтақмұртты шаянтәрізділердің ішінде мүкті тропиктік ормандарда тіршілік ететін құрлықтық түрлері де кездеседі. Бұтақмұртты шаянтәрізділердің денесі бүйірінен қысылған, екі жақтауы бақалшақпен қапталған. Ұз. 5 мм-ге дейін. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басындағы 1 жұп күрделі көздері бірігіп кеткен және кейбір түрлерінде рудиментті маңдайлық (науплиальді) көзі сақталмаған. Мұрттары мен мұртшалары жылжу қызметін атқарады. Көкірегіндегі 4 - 6 жұп аяқтарының буындары жойылып, сүзгіге айналған, онымен қорегін (детриттер, бактериялар, бір клеткалы балдырлар, т. б. ) сүзіп ұстайды. Аяқтарындағы желбезектері тыныс алу қызметін атқарады. Жыртқыш түрлерінде (Leptodora) бақалшақтары кішілеу, аяқтары қорегін ұстауға бейімделген. Бұтақмұртты шаянтәрізділерде маусымдық өзгергіштік (цикломорфоз) айқын байқалады, мыс., темп-раның өзгеруіне байланысты кейбір өкілдерінің (Daphnіa, Bosmіna) бақалшақтарының пішіні өзгеріп тұрады. Көктемде қыстап шыққан жұмыртқалардан аналық дамиды. Бұлар жаз бойы партеногенез (жыныссыз) жолымен көбейеді.

Аталықтары күзде дамиды да, көктемде аналық жұмыртқаларды ұрықтандырады. Бұтақмұртты шаянтәрізділер тұщы су және теңіз балықтарының, сол сияқты тіссіз киттәрізділердің, әсіресе, бекіретәрізділер мен албырттар шабақтарының негізгі қорегі болып табылады.

Бақалшақты шаянтәрізділер (Ostracoda) - омыртқасыз жануарлардың буынаяқтылар типінің шаянтәрізділер класына жататын тармағы. Бақалшақты шаянтәрізділер тармағының 2000-дай түрлері кембрий кезеңінен белгілі. Қазақстанда 40 түрі анықталған. Бақалшақты шаянтәрізділер - теңіздерде, тұщы су планктонында, судың түбінде тіршілік ететін ұсақ жәндіктер (ең ірілері 30 мм-дей) . Олардың қысқарған денесі сегменттелмеген, екі жақтаулы бақалшықтың ішінде жататын бас және көкірек бөлімдерінен тұрады. Маңдайында сыңар көзі бар. Жақсы дамыған мұртшалары жылжу қызметін атқарады. Көкірек аяқтары 1-3 жұптан тұрады. Дара жынысты, партеногенез арқылы көбейетін (еркексіз) түрлері де бар. Жұмыртқадан бақалшағы бар дернәсіл - науплиус шығады. Олар жақсы жүзеді және тіршілік ортасына қарай (су түбінде) өрмелеп те жүре алады. Дернәсілдері бірнеше рет түлеп, ересек шаянтәрізділерге айналады. Басқа шаянтәрізділерден өзгешелігі - ересек Бақалшақты шаянтәрізділер түлемейді. Жыртқыштармен, өсімдіктермен және су түбіне тұнған тірі организмдер өлексесімен (детрит) қоректенеді. Бақалшақты шаянтәрізділер кейбір балықтардың қорегі болып табылады.

Желбезекаяқты шаянтәрізділер ( Branchiopoda ) - буынаяқтылар типі шаянтәрізділер класының ең қарапайым класстармағы. Кембрий кезеңінен белгілі. Жер шарында кең тараған желбезекаяқты шаянтәрізділердің 2 отряды, 740-қа жуық түрі белгілі. Дене бунақтарының саны тұрақсыз, фасеттік және науплиус көздері болады.

Желбезекаяқтылар отряды (Аnostraca) - дене тұрқы 2 см-ден аспайды. Кеудесі 11, кейде 17 - 19 бунақтан тұрады, оның әрқайсысында бір жұп жапырақ тәрізді аяқтары болады. Құрсағы 8 бунақты, жақсы жетілген айыршамен аяқталады, аяқтары болмайды. Бұлар тұщы суларда, тек артемия (Аrtemіa salіna) - тұзды суқоймаларында, ащы көлдерде мекендейді. Бір клеткалы балдырлармен, детритпен қоректенеді. Бұлардың 2 түрлі: жазғы және қысқы жұмыртқалары болады. Жазғы жұмыртқалары ұрықтанбай партеногенез жолымен дамиды. Күзде аталық дарабастар пайда болып, аналық дарабастарын ұрықтандырады. Осы ұрықтанғаны - қыстық жұмыртқа. Олардың сыртын қатты хитин қабаты жауып жатады. Жұмыртқалары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді және желмен алысқа таралады. Бұлардың практикалық маңызы өте зор. Артемияның қыстық жұмыртқаларының дернәсілі - науплиусты балық ш-нда балық шабақтарын қоректендіру үшін пайдаланылады. Желбезекаяқты шаянтәрізділер партеногенетикалық (бір ғана ұрықтанбаған жұмыртқадан дамуы) және қос жынысты жолдармен дамиды. Жұмыртқалары ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді және желмен алысқа таралады. Желбезекаяқтылардың 180 түрі белгілі, оның 8 түрі Қазақстанда кездеседі. [1]

Желбезекаяқтылар - шаянтәрізділердің ең қарапайым түрлері. Басы кеудесімен тұтас бірікпеген, фасеткалы көздері бар. Жапырақ тәрізді алдыңғы аяқтарымен тыныстайды, жүзеді және қоректік жануарларын аулайды. Құрсағы аяқсыз істік тәрізді. 740-тай түрі белгілі. Тұщы суларда мекендейді. Толық өзгеріспен дамиды, ( личинканауплиус, метанауплиус ) . 2 отряды бар: желбезекаяқтылар және жапырақаяқтылар. Жапырақаяқтылар денесі ұзыншақ, ұзындығы 5 мм ден 3 см, ( кейде 10 см ) дейін. Кеуде буынтақтарында, ( 11, кейде 17-19 ) бір-бір жұп аяқтары болады. 180-дей түрі кең таралған және тұщы суларды мекендейді. Тек артемия ғана жайылма және тұзды суларда таралған. Балдырлармен қоректенеді. Жұмрытқаларын арнайы жұмыртқа қапшығына салып, соңынан суға жібереді. Су түбінде дамиды. Су кепкенде олардың тұқымдары тіршілігін сақтай алады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балық өнімдерін балықтың крустацеоздық ауруларға ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау алдын алу және күресу шаралары
Шардара суқоймасындағы көксерке (Sander lucioperca) және ақмарқа (Aspius aspius) балықтардың қоректенуі
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
Бентосжегіш балықтардың қоректенуі
Шаян тәрізділер
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Буынаяқтылар сыртқы және ішкі құрылысы
Шаянтәрізділер
Шаянтәрізділердің әр түрлі өкілдері
Шаянтәрізділер класы-Crustacea
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz