Түркістан қаласына жерленген Әмір Темір ұрпақтары



1 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ЖЕРЛЕНГЕН ӘМІР ТЕМІР ҰРПАҚТАРЫ.
Пайдаланылған әдебиеттер мен ескертулер.
Көне Түркістан топырағында Әмір Темірдің 1391, 1395 және 1397 жылдары Тоқтамысқа қарсы жасаған жорығы кезінде әскерімен тоқтағаны белгілі. Темірдің бұйрығымен Ахмет Иасауи кесенесі дүниеге келсе оның ұрпақтары да Түркістан жерінде билік етіп, құрылыстар салып, тіпті қайтыс болған соң жерленгендері де болғанын тарихшылар ғана біледі.
Ахмет Иасауи кесенесінің қарсы алдында 50 метрдей жерге Рабиа Сұлтан Бегім мавзолейі орналасқан, құрылыс XV-ғасырда салынып XIX ғасырдың аяғында қираған, қазіргі көрінісі 1980-ші жылдары қайта қалпына келтірілген түрі. Бұл мавзолейді зерттеу өткен ғасырдан бері жүргізіліп. келеді, атап айтсақ бұл құрылыс жайлы Н.А. Северцов, П.И. Пашино, А.П Хорошихин, А.Л. Кун, Е.Т. Смирнов, В.А. Маев, М.С. Бекчурин, П.Н. Ахмеров, А.К. Гейне өз еңбектерінде жазып кеткен біздің ғасырымызда мавзолей жайлы деректерді Н.Ф. Петровский, Н. Веселовский, В. Вяткин, К.К. Абаза, АА. Семенов, M.E. Массон және тағы басқа да тарихшылардың зерттеулерінен кездестіреміз.
Бүл материал соңғы жылдардағы зерттеулер негізіне сүйене отырып Әмір Темірдің шөбересі Рабиядан тараған ұрпақтар жайлы сөз етеді.
"Әзірет Сүлтан" мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімі соңғы жылдары кесенеде жерленген тарихи тұлғалар жайлы біршама сәтті зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Кесенеде сақталған құлпытастардың эпитафиялық жазулары мен рестав-рация жұмыстары кезінде аршылған сүйектерді антропологиялық жағынан зерттеулер тын, материалдардың көзін ашты. Сонымен, Түркістанда жерлен-ген "тимуридтер" жайлы мәселеге тарихи шолу жасап көрейік.
Темірдің немересі Ұлықбек 1449 жылы кісі қолынан қаза тапты. Мауараннахрда билік үшін жаңа күрес басталды, бұл тартыста Темір әулетінен шыққан сұлтан Әбу Саид жеңіске жетті. Оған әскери көмек берген тарихта "Көшпелі өзбек-қазақ Ұлысы" деп аталып жүрген мемлекеттің басшысы Жошы ұрпағына жататын, Шайбани әулетінің өкілі, Дәулет-Шайхының баласы Әбілхайыр хан болатын, міне оның осы қадамына риза болған Әбу Саид оған сый ретінде Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегімді ұзатады. Бұл 1451 жылы болған оқиға, Әбілхайыр хан 39 жаста болатын, ал Рабия Сұлтан Бегімнің қанша жаста болғандығы белгісіз.
1. История Узбекской ССР, т.1, кн.1, Ташкент, 1955, с.337.
2. В.В. Бартольд. Улугбек и его время. Соч., Т.П.,4.2, с.144.
3. П. Лерх. Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 году. Спб., 1870, ГРБ, с.ІХ.
4. П.Н. Ахмеров. Надписи мечети Ахмеда Ясави. "Известия общества архео¬логии, истории и этнографии при Казанском Университете», 1896, т. 13, вып.6, с.545-546:
5. А.А. Семенов. Культурный уровень первых шейбанидов. "Советское вос¬токоведение», 1956, N3, ЦНБ, с.51-53.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ЖЕРЛЕНГЕН ӘМІР ТЕМІР ҰРПАҚТАРЫ.
Көне Түркістан топырағында Әмір Темірдің 1391, 1395 және 1397 жылдары
Тоқтамысқа қарсы жасаған жорығы кезінде әскерімен тоқтағаны белгілі.
Темірдің бұйрығымен Ахмет Иасауи кесенесі дүниеге келсе оның ұрпақтары да
Түркістан жерінде билік етіп, құрылыстар салып, тіпті қайтыс болған соң
жерленгендері де болғанын тарихшылар ғана біледі.
Ахмет Иасауи кесенесінің қарсы алдында 50 метрдей жерге Рабиа Сұлтан
Бегім мавзолейі орналасқан, құрылыс XV-ғасырда салынып XIX ғасырдың аяғында
қираған, қазіргі көрінісі 1980-ші жылдары қайта қалпына келтірілген түрі.
Бұл мавзолейді зерттеу өткен ғасырдан бері жүргізіліп. келеді, атап айтсақ
бұл құрылыс жайлы Н.А. Северцов, П.И. Пашино, А.П Хорошихин, А.Л. Кун, Е.Т.
Смирнов, В.А. Маев, М.С. Бекчурин, П.Н. Ахмеров, А.К. Гейне өз еңбектерінде
жазып кеткен біздің ғасырымызда мавзолей жайлы деректерді Н.Ф. Петровский,
Н. Веселовский, В. Вяткин, К.К. Абаза, АА. Семенов, M.E. Массон және тағы
басқа да тарихшылардың зерттеулерінен кездестіреміз.
Бүл материал соңғы жылдардағы зерттеулер негізіне сүйене отырып Әмір
Темірдің шөбересі Рабиядан тараған ұрпақтар жайлы сөз етеді.
"Әзірет Сүлтан" мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімі
соңғы жылдары кесенеде жерленген тарихи тұлғалар жайлы біршама сәтті
зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Кесенеде сақталған құлпытастардың эпитафиялық жазулары мен реставрация
жұмыстары кезінде аршылған сүйектерді антропологиялық жағынан зерттеулер
тын, материалдардың көзін ашты. Сонымен, Түркістанда жерленген "тимуридтер"
жайлы мәселеге тарихи шолу жасап көрейік.
Темірдің немересі Ұлықбек 1449 жылы кісі қолынан қаза тапты.
Мауараннахрда билік үшін жаңа күрес басталды, бұл тартыста Темір әулетінен
шыққан сұлтан Әбу Саид жеңіске жетті. Оған әскери көмек берген тарихта
"Көшпелі өзбек-қазақ Ұлысы" деп аталып жүрген мемлекеттің басшысы Жошы
ұрпағына жататын, Шайбани әулетінің өкілі, Дәулет-Шайхының баласы Әбілхайыр
хан болатын, міне оның осы қадамына риза болған Әбу Саид оған сый ретінде
Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегімді ұзатады. Бұл 1451 жылы болған оқиға,
Әбілхайыр хан 39 жаста болатын, ал Рабия Сұлтан Бегімнің қанша жаста
болғандығы белгісіз.
Ұлықбектің өмірбаянына үңілсек оның қыздарының ішінде Рабия еске
алынбайды, бірақ Темірдің немересін 1405 жылы он жасар кезінде-ақ Мұхаммед-
Сұлтанның қызы Өте Бегімге үйлендіргені белгілі, ол қыз шешесі жағынан
Алтын орда ханы Өзбектің әулетіне жататын.
Сірә, XVI ғасырдың басында өмір сүрген тарихшы Хандемир жазатын
Ұлықбектің бірнеше қызының біреуі осы Рабия болуы керек. Рабия Ұлықбектің
қызы ретінде "Тарих-и Абу-л-Хайр-хани", "Шараф-наме-ий шахи" секілді және
тағы басқа да кѳптеген еңбектерде кездеседі2.
Рабияның туған жылы белгісіз, бірақ оның Әбілхайырға жастай шыққанын
еске алсақ 1430-шы жылдардың ортасына жақын туған болып шығады.
Оның қайтыс болған жылы да тарихшылар арасында талас пікір тудырып
келеді, мысалы П. Лерх 1475 жылы десе П.Н. Ахмеров 1465 жылы деп келтіреді,
ал 1995 жылғы зерттеу нәтижесінде 1485 жыл екені дәл анықталды және бұл
тарихи деректердегі Рабияның Әбілхайырдан соң 17 жыл өмір сүргендігін
растап отыр.
Әбілхайыр хан жан-жақты білімді, көреген саясатшыл болған. Ол құрған
мемлекет құрамы негізінен үш халыктың - өзбектердің, қазақтардың және
маңғыт, бұрқыт тайпаларының өкілдерінен тұрды. Өзі құрған үлкен мемлекетті
40 жыл басқарған Әбілхайыр 1468 жылы 56 жасында қайтыс болады.
Тарихшылардың Рабияны өмір бойы Түркістанда тұрған етіп көрсетуі (А.А.
Семенов, Л.Ю. Маньковская) дұрыс емес, бұған мысалды "Тарих-и Абу-л-Хайр-
хани" жырынан табамыз, автор онда Рабияның Әбілхайыр хандығы халықтары
арасында да, хан туыстары ішінде де өте абыройлы болғанын жазады.
Оның Әбілхайырмен әрқашан бірге болғандығына келсек, 1461-1463 ж.ж.
арасында Ұлықбектің немересі Мұхаммед-Жәкіге Әбілхайыр көмек беріп, оның
Иасы, Сайрам, Ташкент, Ахсыкент қалаларын Әбу Сайд билігінен бөліп әкетуге
мүмкіндік жасайды, сонымен бірге Сұлтан-Хұсейіннің Әбу Сайд-тан бөлініп
Самарқанға жеке билік жүргізуіне де жәрдем етеді. Кешегі өз көмегімен таққа
отырған Әбу Сайдқа бұлайша қарсы әрекет қылуына Әбілхайырға Рабияның
жасаған ықпалы әсер етті, ол өз әкесіне қастандық жасағандардан осылайша
кек қайтармақ болды.
Рабия Әбілхайырмен бірге өмір сүрген жылдары түрлі саяси мәселелерді
шешуге белсене араласкан сияқты, кейбір тарихи деректерде оны інжілде
кездесетін Сав елінің данағөй әйел патшасы Билкиспен де теңестіреді. Ал,
Әбілхайырдың өмір бойы ат үстінен түспей жорықта жүргендігі тарихтан
белгілі.
Көптеген деректерде Рабия мен Әбілхайыр ханның Көшкінші және Сүйініш
атты екі ұлы болғандығын жазады, олардың есімдері тарихта Түркістан
қаласымен тығыз байланысты. Рабия 1485 жылы қайтыс болған соң он жылдан
кейін 1495 жылы Әбілхайырдың немересі Шайбанихан Тимуридтерден Самарханды,
Отырарды, Сайрамды жөне Иасы (Түркістан) қалаларын тартып алады. Самарқанды
өз астанасы деп жариялаған Шайбани-хан Ташкент пен Түркістанға өз
нағашылары Көшкінші мен Сүйініш-Қожаны билеуші етіп тағайындайды. Ал 1510
жылы Шайбани-хан Иран шахы Исмаилмен шайқаста Мерв түбінде қаза тапқан соң
Шайбани мемлекетінің билігі Сүйініш-Қожаның қолына көшті, әйтсе де мемлекет
басшысы бұл кезде қартайған Көшкінші-хан деп есептелді.
Көшкінші-хан 1530 жылға дейін тақта отырса да мінез-құлқы жағынан хан
болуға ыңғайлы адам емес болатын, ол өте қарапайым бауырмал, дінге берілген
кісі болды. Шын мәнінде билік Шайбани ханның жиені Убайдулланың қолында
еді. Тарихшыларға Көшкінші ханның суфистік әдебиетпен, тарихпен көп
айналысқаны белгілі, оның тұсында Рашид-ад Диннің "Джами-ат-тауари" "Тарих-
и азани" және Шараф-ад-дин Иездидің "Зафар-наме" деген еңбектері тәжік
тілінен өзбек тіліне аударылды. Сірә, Көшкінші ханның кезінде Рабия Сұлтан
Бегімнің мавзолейі салынған болуы керек, құрылыс 1495 жылға дейін немесе
1510-1530 жылдар арасында салынуы мүмкін.
Рабия Сұлтан Бегім мавзолейі 1895 жылы қараусыздықтың салдарынан қирап
бұзылған. Cay қалған төменгі бөлігі 1950-1957 жылдары археологиялық қазба
жұмысынан кейін бұзылып, кірпіштері Ахмет Иасауи кесенесін жөндeyre
жүмсалған.
Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде мавзолейдің астында сағанасы
бар екендігі анықталды. 1954 жылы археологтар Б.Н. Засыпкин мен Д.Н.
Дереникян сағанаға түсіп онда бес адамның сүйегі қойылғанын байқайды, Т.ІП.
Карумидзенің күнделігінде сағана ішін зерттеу мүмкін болмағандығы айтылған.
Онда тек ортада жатқан сүйекті Рабияныкі болу керек деп жорамалдайды,
сонымен бірге екі жанында бірнеше сүйек жатқаны баяндалған. Сүйектер
орнынан қозғалып, оларды ораған терілер шашылып, төбеден түскен сылақ
үгінділері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕЖЕЛГІ ТАШКЕНТ
Ноғай ордасы мен саяси тарихы
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Түркістан қаласының қазақ хандығы тарихында алатын орнын зерттеу және қала тарихын көрсету
Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы
Әмір Темірді соңғы жорыққа жібермеу
Әмір Темірдің дүниеге келуі
Алтын орда туралы ақпарат
Рәбия Сұлтан Бегiм кесенесi
Түркістан қаласы тарихы
Пәндер