Баубек Бұлқышев



Әдебиетте жарқ етіп көрініп, тез сөнген, жастай кеткен Баубек Бұлқышевтың шағын өмірі әрі аянышты, әрі қызықты. Жаңа сілтеп келе жатқан қаламы еске түссе өкініш келеді, дауылды өмірі, ерлік ісі еске түссе бойыңды мақтаныш билейды. Оның өмірі – нағыз совет жасының өмірін елестетеді.
Ол 1916 жылы Ұлытаудың баурында (Қарағанды облысы) туды. Алғашқыда ауыл мектебінен оқып сауатын ашты. Бұдан балайғы оқуына жақын туысы Сейтжан Смаилов деген мұғалім көп ықпал жасайды. Бұл кісі Ұлы Отан соғысы жылдарында, Ұлытау поселкесінде оқытушы болып жүріп қайтыс болды.
Баубек жастайынан алғыр, өжет болып өсті. Қалада оқып, білім алуға ұмтылады. Жоғарыда айтылған ағасының көмегімен 1932 жылы Қарсақпай заводындағы фабрика-завод училищесіне келіп оқуға түседі. Нақ осы жылы әкесі мен шешесі қайтыс болады.
ФЗУ-ды бітіргеннен кейін Баубек 1933-1934 жылдары «Ұлытау» совхозында түрлі шағын қызметте болды. Осы уақыттан бастап ол көркем әдебиетті құрмарта оқуға кірісті.
Түрлі әзіл өлеңдер жазып жүреді. Бірақ бұл кәсібін құнттамайды, жазғандарын сақтамай ескерусіз қалдыра береді.
1935 жылы августың орта кезінде Баубек оқу іздеп Алматыға келеді. Институтқа түсерлік тиісті білімі болмағандықтан техникумдардың бірін қалауға тиіс бола ды. Өзімен бірге келген ересек жолдастары оған есепэкономика техникумның даярлық курсына түседі. Ол алғашқы жылы сабақты жақсы оқиды. Сонымен қатар, көркем әдебиетті, әсіресе орыс тіліндегі әдебиетті оқумен айрықша шұғылданады. Өлең жазуды да шындап қолға алады. Түні бойы кітапқа үңіліп, көрер таңды көзімен атқызып жүрген күндері де аз болмайтын.
Әдебиетпен шындап айналысқан Баубек техникумның екінші курсында есеп қызметкері болу мамандығынан мүлде суып, оған селқос қарайтын болады. Уақытының көбін әдебиетке арнап, соның қызығына түседі. Қызға арнап өлеңдер шығарады. «Балалалық шақ» деген поэма, «Ауылдан Алматыға» деген ұзақ әңгіме жазады. Бірақ бұл екі еңбегінен, «нашар нәрселер» деп, артынша өзі тез жерінеді. Ешкімге көрсетпей, тығып тастайды. Қазір бұл екі еңбегі қолда жоқ. Өзінің жыртып тастауы да ғажап емес.
Баубек бұл жылдары әлеуметтік тақырыпқа да өлеңдер жазып жүрді. Бұл жазғандарын «Лениншіл жас» газеті, «Қазақ әдебиеті» (қазіргі «Әдебиет және искусство») журналы сияқты баспасөз орындарына ұсынып көргені де бар. Бірақ басылып шыққаны болған жоқ.
«Осы техникумды қоямын-ау деймін. Бір редакцияға өлең апарсам, соңындағы адресімді көріп, бетіме тесіле қарайды. Бухгалтер мен ақындық бір жерге ауыл-үй қонбайды ғой дегендей болады бұл қарасы», - дейтін әрі әзілдеп, әрі ренжіп.
Рас, оның бұл кездердегі жазғандарының көпшілігі шын мәнінде өлеңдік дәрежеге көтеріле алмаған, жаңа талаптың алғашқы аңғал адымы еді.
1938 жылы техникумның екінші курсын бітіріп, жазғы каникулда елге бармастан қазақтың мемлекеттік баспасында іс басқарушы болып уақытша қызмет істейді. Осында жүріп «Айсұлу» атты ұзақ поэмасы бітіреді. Бұл поэманы кейбір жеке ақындар ұнатады. Сол кездегі баспаның директоры ақын Ә. Сәрсенбаевтың ұсынуымен Баубек Қазақстан Жазушылар ұйымының жанынан ашылған жас ақын жазушылардың екі айлық курсына алынады. Бұл курсқа алынған соң, ол техникумнан арыз беріп босанады. Курсты сол жылы 30 ноябрь күні бітіріп, Жазушылар ұйымының жолдамасымен «Лениншіл жас» газетіне барып, әдеби қызметкер болып орналасады. Мұнда біраз істегеннен кейін «Октябрь балалар творчествосы бөлімінің меңгерушісі болып жоғарылатылады. Осы жылдары ол бірнеше өлең, әңгіме, әдеби мақалалар жазады, орыс ақындарынан аудармалар жасайды. Бұл еңбектерінің бір қатары «Октябрь балалары», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Пионер» журналында басылып шығады. «Октябрь балаларында» 1940 жылдың февралына дейін істеп, сол айдың 28-і күні армияға алынып, Москваға кетті. Онда саперлар даярлайтын училищеде оқиды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Баубек Бұлқышев
Әдебиетте жарқ етіп көрініп, тез сөнген, жастай кеткен Баубек Бұлқышевтың шағын өмірі әрі аянышты, әрі қызықты. Жаңа сілтеп келе жатқан қаламы еске түссе өкініш келеді, дауылды өмірі, ерлік ісі еске түссе бойыңды мақтаныш билейды. Оның өмірі - нағыз совет жасының өмірін елестетеді.
Ол 1916 жылы Ұлытаудың баурында (Қарағанды облысы) туды. Алғашқыда ауыл мектебінен оқып сауатын ашты. Бұдан балайғы оқуына жақын туысы Сейтжан Смаилов деген мұғалім көп ықпал жасайды. Бұл кісі Ұлы Отан соғысы жылдарында, Ұлытау поселкесінде оқытушы болып жүріп қайтыс болды.
Баубек жастайынан алғыр, өжет болып өсті. Қалада оқып, білім алуға ұмтылады. Жоғарыда айтылған ағасының көмегімен 1932 жылы Қарсақпай заводындағы фабрика-завод училищесіне келіп оқуға түседі. Нақ осы жылы әкесі мен шешесі қайтыс болады.
ФЗУ-ды бітіргеннен кейін Баубек 1933-1934 жылдары Ұлытау совхозында түрлі шағын қызметте болды. Осы уақыттан бастап ол көркем әдебиетті құрмарта оқуға кірісті.
Түрлі әзіл өлеңдер жазып жүреді. Бірақ бұл кәсібін құнттамайды, жазғандарын сақтамай ескерусіз қалдыра береді.
1935 жылы августың орта кезінде Баубек оқу іздеп Алматыға келеді. Институтқа түсерлік тиісті білімі болмағандықтан техникумдардың бірін қалауға тиіс бола ды. Өзімен бірге келген ересек жолдастары оған есепэкономика техникумның даярлық курсына түседі. Ол алғашқы жылы сабақты жақсы оқиды. Сонымен қатар, көркем әдебиетті, әсіресе орыс тіліндегі әдебиетті оқумен айрықша шұғылданады. Өлең жазуды да шындап қолға алады. Түні бойы кітапқа үңіліп, көрер таңды көзімен атқызып жүрген күндері де аз болмайтын.
Әдебиетпен шындап айналысқан Баубек техникумның екінші курсында есеп қызметкері болу мамандығынан мүлде суып, оған селқос қарайтын болады. Уақытының көбін әдебиетке арнап, соның қызығына түседі. Қызға арнап өлеңдер шығарады. Балалалық шақ деген поэма, Ауылдан Алматыға деген ұзақ әңгіме жазады. Бірақ бұл екі еңбегінен, нашар нәрселер деп, артынша өзі тез жерінеді. Ешкімге көрсетпей, тығып тастайды. Қазір бұл екі еңбегі қолда жоқ. Өзінің жыртып тастауы да ғажап емес.
Баубек бұл жылдары әлеуметтік тақырыпқа да өлеңдер жазып жүрді. Бұл жазғандарын Лениншіл жас газеті, Қазақ әдебиеті (қазіргі Әдебиет және искусство) журналы сияқты баспасөз орындарына ұсынып көргені де бар. Бірақ басылып шыққаны болған жоқ.
Осы техникумды қоямын-ау деймін. Бір редакцияға өлең апарсам, соңындағы адресімді көріп, бетіме тесіле қарайды. Бухгалтер мен ақындық бір жерге ауыл-үй қонбайды ғой дегендей болады бұл қарасы, - дейтін әрі әзілдеп, әрі ренжіп.
Рас, оның бұл кездердегі жазғандарының көпшілігі шын мәнінде өлеңдік дәрежеге көтеріле алмаған, жаңа талаптың алғашқы аңғал адымы еді.
1938 жылы техникумның екінші курсын бітіріп, жазғы каникулда елге бармастан қазақтың мемлекеттік баспасында іс басқарушы болып уақытша қызмет істейді. Осында жүріп Айсұлу атты ұзақ поэмасы бітіреді. Бұл поэманы кейбір жеке ақындар ұнатады. Сол кездегі баспаның директоры ақын Ә. Сәрсенбаевтың ұсынуымен Баубек Қазақстан Жазушылар ұйымының жанынан ашылған жас ақын жазушылардың екі айлық курсына алынады. Бұл курсқа алынған соң, ол техникумнан арыз беріп босанады. Курсты сол жылы 30 ноябрь күні бітіріп, Жазушылар ұйымының жолдамасымен Лениншіл жас газетіне барып, әдеби қызметкер болып орналасады. Мұнда біраз істегеннен кейін Октябрь балалар творчествосы бөлімінің меңгерушісі болып жоғарылатылады. Осы жылдары ол бірнеше өлең, әңгіме, әдеби мақалалар жазады, орыс ақындарынан аудармалар жасайды. Бұл еңбектерінің бір қатары Октябрь балалары, Лениншіл жас газеттерінде, Пионер журналында басылып шығады. Октябрь балаларында 1940 жылдың февралына дейін істеп, сол айдың 28-і күні армияға алынып, Москваға кетті. Онда саперлар даярлайтын училищеде оқиды.
1938-1940 жылдар жазушының болашақ кең өрісіне іргетас болып қаланды. Жазушылыққа мол негіз салды. Бұл жылдардың көбін ол Алматының кітапханасында том оқумен өткізді. А. Пушкин, М. Лермонтов, Л. Толстой, А. Чехов, М. Горький, Байрон, Шиллер, Гете, Шекспир сияқты ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеп оқуды күнделікті әдетіне айналдырды. Философия, тарих сияқты әлеуметтік басқа ғылым саласымен шындап танысуы да осы кезден басталады. Жазу үшін білу керек екен, көп білу керек екен. Мен осыны мықтап ұғынған сияқтымын дегенді ол жиі айтатын болды.
Баубек қанатты ой иесі, арманшыл жас еді. Ол шат өмірді, жастық дәуренді, қажырлы күресті, қаһарман халықты, жүрекке нұр құйған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫРАН ҒҰМЫР ХИКАЯСЫ
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті (1941—1945)
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
М. Қозыбаевтың Өркениет және ұлт еңбегіне аннотация
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы
Қыстырма сөздер
Пәндер