Халықаралық экономикалық байланыстарда көліктік қызмет көрсетудегі баға



Халықаралық экономикалық байланыстарда
көліктік қызмет көрсетудегі баға.
Салаларды талдау
Темір жол көлігі
Авиация
Автожол саласы
Су көлігі
Мемлекеттің экономикалық бағдарламаларына үздіксіз қызмет көрсете отырып, еліміздің келешекке алынған экономикалық стратегиясына сәйкес көліктің барлық салаларын озық дамыту шараларын белгілеу бүгінгі күні республика көлік жүйесінің ең негізгі міндеті болып табылады.
Республикамыздың бүгінгі күнгі экономикалық дамуын, әрине индустриалдық-инновациялық стратегия белгілейді, оны ойдағыдай іске асыру экономиканың құрылымында сапалы өзгерістер жүргізуге және Қазақстанның әлеуметтік дамуын және қоғам құрылымын жаңа деңгейге шығаруға септігін тигізеді. Индустриалдық-инновациялық саясатқа сәйкес 2006-2010 жылдар Қазақстан экономикасының барлық салаларында бағдарламаларды белсенді іске асыру кезеңі болады. 2011-2015 жылдар стратегияны іске асырудың ең жемісті кезеңі болады. Осы кезең экономика салаларының құрылымын және экспортты әртараптандыруды белгілейді деп болжануда.
Қазіргі экономикалық кезеңде осы саладағы бизнесті дамытумен қатар, көлік экономикалық стратегияға қызмет көрсетудегі және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы өзінің функциясын көтеруі тиіс. Атап айтқанда ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған және Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламалары, олардың негізгі мақсаттары ауыл шаруашылығы өнімін және қайта өңдеу өнімдерін экспорттау кезінде көлік шығыстарын азайту, ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін арттыру, сондай-ақ мұнайды ауыстырып тиеу көлемін арттыру. Бұл ретте көлік жүйесін үйлесімді, тіпті одан да озық дамыту қажет.
Соңғы жылдардағы талдау тауарды өндіру мен тасымалданған жүк арасында сәйкессіздік бар екендігін растайды.
Өндірістің басқа факторларымен қатар көлік тауар өндірісін арттыруда және жалпы еліміздің экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратыны және тежеуші фактор болып табылатыны келтірілген слайдта айқын бейнеленген.
Қазіргі уақытта индустриалдық-инновациялық дамыту стратегиясы шеңберінде 2 миллиард АҚШ долларынан астам сомадағы жобалар іске асырылу кезеңінде. Сонымен бірге, республикамыздың көлік жүйесі жай-күйінің дамып келе жатқан экономиканың өскелең талаптарына сәйкес келмеуі жағдайдың ушығуына себеп болып отыр. Бұл өз кезегінде көліктің барлық салалары бойынша шұғыл шаралар қабылдауға міндеттейді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық экономикалық байланыстарда
көліктік қызмет көрсетудегі баға.
Мемлекеттің экономикалық бағдарламаларына үздіксіз қызмет көрсете
отырып, еліміздің келешекке алынған экономикалық стратегиясына сәйкес
көліктің барлық салаларын озық дамыту шараларын белгілеу бүгінгі күні
республика көлік жүйесінің ең негізгі міндеті болып табылады.
Республикамыздың бүгінгі күнгі экономикалық дамуын, әрине
индустриалдық-инновациялық стратегия белгілейді, оны ойдағыдай іске
асыру экономиканың құрылымында сапалы өзгерістер жүргізуге және
Қазақстанның әлеуметтік дамуын және қоғам құрылымын жаңа деңгейге
шығаруға септігін тигізеді. Индустриалдық-инновациялық саясатқа сәйкес
2006-2010 жылдар Қазақстан экономикасының барлық салаларында
бағдарламаларды белсенді іске асыру кезеңі болады. 2011-2015 жылдар
стратегияны іске асырудың ең жемісті кезеңі болады. Осы кезең
экономика салаларының құрылымын және экспортты әртараптандыруды
белгілейді деп болжануда.
Қазіргі экономикалық кезеңде осы саладағы бизнесті дамытумен қатар,
көлік экономикалық стратегияға қызмет көрсетудегі және мемлекеттік
бағдарламаларды іске асырудағы өзінің функциясын көтеруі тиіс. Атап
айтқанда ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған және
Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік
бағдарламалары, олардың негізгі мақсаттары ауыл шаруашылығы өнімін
және қайта өңдеу өнімдерін экспорттау кезінде көлік шығыстарын азайту,
ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін арттыру, сондай-ақ
мұнайды ауыстырып тиеу көлемін арттыру. Бұл ретте көлік жүйесін
үйлесімді, тіпті одан да озық дамыту қажет.
Соңғы жылдардағы талдау тауарды өндіру мен тасымалданған жүк
арасында сәйкессіздік бар екендігін растайды.
Өндірістің басқа факторларымен қатар көлік тауар өндірісін арттыруда
және жалпы еліміздің экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратыны және
тежеуші фактор болып табылатыны келтірілген слайдта айқын бейнеленген.

Қазіргі уақытта индустриалдық-инновациялық дамыту стратегиясы
шеңберінде 2 миллиард АҚШ долларынан астам сомадағы жобалар іске
асырылу кезеңінде. Сонымен бірге, республикамыздың көлік жүйесі жай-
күйінің дамып келе жатқан экономиканың өскелең талаптарына сәйкес
келмеуі жағдайдың ушығуына себеп болып отыр. Бұл өз кезегінде көліктің
барлық салалары бойынша шұғыл шаралар қабылдауға міндеттейді.

Салаларды талдау
Темір жол көлігі
Жүк айналымының 70% астамын жүзеге асыратын көліктің аса маңызды
салаларының бірі темір жол көлігі болып табылады.
Ұлттық компанияларды және тұтастай саланы реформалау бағдарламасының
соңғы кезеңі іске асырылуда. Айтарлықтай қысқа мерзімде түбегейлі
өзгерістер жүргізілгенін атап өткен жөн.
Кәсіптік емес саланы оқшаулау, жолдарды, вагондар мен локомотивтерді
жөндеу саласында нарықтық ортаны қалыптастыру, вокзалдар мен су-жылу
және энергиямен қамтамасыз ету нысандарын коммуналдық меншікке беру,
компанияның құрылымын оңтайландыру, жүк және жолаушы тасымалдары
саласында адал бәскелестік үшін құқықтық және тарифтік негізді құру
жөніндегі жұмыстар аяқталуда. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте
алғаш рет жолаушылар тасымалын еліміздің мемлекеттік бюджеті есебінен
қаржыландыру жөнінде бағдарлама жасалды және ол жыл басынан бері
қолданыста.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" негізінде магистралдық
темір жол желісі қызметтерін ұсынатын және жүк пен жолаушы
тасымалдаушыларынан тұратын холдинг құрылды. Яғни, ұлттық қауіпсіздік
міндеттерін қамтамасыз ететін және транзитті өткізу бойынша көршілес
елдердің темір жолдарымен бәсекелестікке жарайтын мықты нарықтық
компания құрылды.
Сонымен бірге, салада жедел түрде шешуін талап ететін бірқатар
проблемалар да бар. 23 қыркүйекте мен еліміздің жетекші
экспорттаушыларымен, республикамыздың өнеркәсіп кәсіпорындарының,
көліктік логистика саласында жұмыс істейтін компаниялардың, Қазақстан
кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағының, экспедиторлар, вагон
операторлары компанияларының, олардың қауымдастықтарының өкілдерімен
кеңес өткіздім. Елуден астам ұсыныстар мен ескертулер талқыланды, олар
бойынша шаралар қабылданды.
Темір жол магистралдарының жеткілікті дамымауы, сондай-ақ негізгі
қорлар мен жылжымалы құрамның сала бойынша 60% астамға тозуы саланың
күрделі проблемалары болып табылады.
"Қазақстан темір жолы" компаниясының инвестициялық бағдарламаларында
жаңа вагондарды жасайтын зауыттардан сатып алу және қолда бар вагон
паркін жаңғырту арқылы, күрделі жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі
тапсырыстарды отандық "ЗИКСТО" зауытына бере отырып, вагон паркін
жаңарту көзделуде.
Одан басқа, ірі экспортқа шығарушылардың алдына нақты міндет –
меншікті жылжымалы құрамды сатып алу міндеті қойылды. Бұл жұмыс үшін
елімізде экономикалық алғышарттар жасалған. Қазірдің өзінде 160-тан
артық компаниялардың меншікті жылжымалы құрамы бар. Бұл 26 мыңнан
астам вагон, жалпы парктің үштен бірі және шамамен 36% жүк айналымы.
Қазмырыш, Испат-Кармет және басқа экспортқа шығарушылардың мәселенің
осылай қойылуына дайын екендігін атап өту қажет және олар тек ұлттық
тасымалдаушылармен жұмыстарын үйлестіруді сұрайды. Және де біз осы
бағыттағы жұмысты жүргізіп отырмыз.
Тасымалдардың қауіпсіздігіне, жеткізу мерзімдеріне және "есіктен
есікке" қызметін ұсыну мүмкіндігіне байланысты, сонымен бірге, әлемдік
тәжірибеде тасымалдардың контейнерленуі байқалуда. Бүгіннің өзінде,
Қазақстан Республикасы темір жол көлігінің экспорттық қатынастағы
жүктерді контейнермен тасымалдаудағы әлеуеті жеткілікті.
Осы орайда, қолда бар контейнерге жарамды жүк көлемі есебінен
Қазақстандағы тасымалдарды контейнерлеу деңгейін қазіргі 4%-дан 30%-
ға1 дейін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Қойма қызметтері бизнесінің дамымауы ерекше назарда болуы тиіс.
Қазіргі заманғы жоғары механикаландырылған жүк және контейнерлік
терминалдар жоқ. Тиісті ақпараттық-логистикалық инфрақұрылым да жоқ.
Осының бәрі аса зор, пайдаланылмаған резервтердің және әрі ұжымдық
пайдаланымдағы, әрі ірі экспедиторлық компанияларда көліктік-
логистикалық лорталықтар құру үшін инвестицияларды белсенді түрде
тарту мүмкіндіктері туралы айтуға мүмкіндік береді.
"Достық-Алашанькоу" темір жол өткелінің шектеулі мүмкіндіктері
тасымалдардың маңызды бағыттарының бірін дамытуда айтарлықтай күрделі
тежеуші фактор болып табылады, осы орайда оның жыл сайынғы өткізу
қабілетін 25 миллион тоннаға дейін арттыру бағдарламасы әзірленуде..
Экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін
темір жол көлігіне мынадай міндеттер қойылып отыр:
- негізгі темір жол магистральдарының өткізу қабілетін күшейту;
- жылжымалы құрамды жаңарту;
- озық технологияларды енгізу;
-Алматы, Ақтау, Достық, Астана, Арыс, Манкент қалаларында көліктік-
логистикалық орталықтар құру. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін 2015
жылға дейін мынадай ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде
ұсыныстар дайындалды және енгізілді:
- жүк және жолаушы вагондарын сатып алу, тартымдық жылжымалы құрамды
жаңғырту;
- "Сексеуіл – Бейнеу", "Сексеуіл – Жезқазған", "Сарыөзек – Хоргос"
жаңа темір жол желілерін салу;
- “Тобыл-Хромтау-Қандыағаш-Мақат-Ақса рай”, “Алматы-Ақтоғай”,
“Мойынты-Саяқ-Ақтоғай-Достық” темір жол учаскелерін электрлендіру;
- қазірде бар “Достық-Ақтоғай”, “Озинки-Қандыағаш”, “Ақсарай-
Қандыағаш”, “Мақат-Бейнеу” темір жол учаскелерін жаңғырту.
Көрсетілген мақсаттарға мемлекеттік–жеке серіктестік тетіктерін
қолданумен магистральдық желі инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін жеке
инвестицияларды кең түрде тарта отырып қол жеткізуге болады. Оған
мысал ретінде алғаш рет Қазақстанда іске асырылуы басталған шар-
Өскемен жаңа темір жол желісінің құрылысын айтуға болады.
Министрлік “көліктік логистика” кластерін құру және дамыту жөніндегі
Үкімет бекіткен Жоспарды іске асыру үшін Жүк тасымалдарын контейнерлеу
бағдарламасын әзірледі, ол ағымдағы жылдың соңына дейін Үкіметке
қарауға енгізіледі.
Авиация
Соңғы жылдарда мемлекет тарапынан азаматтық авиация саласына ірі
инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды, оған
мысал ретінде астаналық жаңа әуежай кешенін, ақтау әуежайында жаңа ұшу-
қону жолағын салуды, Алматы әуежайындағы қазіргі заманғы жолаушы
терминалы мен Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды
айтуға болады.
Барлық іске асырылған жобалар республикалық бюджет және сыртқы
инвестициялар қаражаты есебінен жүргізілді. Келесі жылы Шымкент және
Павлодар әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту жөніндегі
жұмыстарды республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жүргізу,
ал жеке инвестициялардың есебінен Алматы қаласы әуежайында екінші ұшу-
қону жолағын жәнеғ Ақтау әуежайында жолаушылар терминалын салу
жоспарланып отыр. Ақтау қаласының ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға
және Ақтау қаласы әуежайында жаңа терминал салуға инвестициялар тарту
жөніндегі мәселелер пысықталуда.
“Эйр Астана” ұлттық авиатасымалдаушысы алғашқы бизнес-жоспарда
көзделген көрсеткіштерден озық көрсеткіштерді көрсетуде. Өзінің
қызметін 2002 жылғы мамырда үш ішкі маршруттар бойынша үш әуе кемесін
пайдаланумен бастаған авиакомпанияның қазіргі уақытта қазіргі заманғы
11 әуе кемелерінен тұратын паркі бар және 18 халықаралық, 25 ішкі
бағыттар бойынша ұшуларды жүзеге асырады. Күн сайын авиакомпания
орташа алғанда 45 рейс жасайды және шамамен 2,5 мың жолаушыларды
тасымалдайды.
Бірақ кейінгі кездері азаматтық авиация смаласының одан әрі дамуы
бірқатар теріс жақтармен іркіліп отыр. Оны жою үшін мемлекеттің
қолдауы қажет. Қазіргі заманғы жаңа әуе кемелеріне мұқтаж жағдайларда
ескірген авиациялық техниканы пайдалануды жалғастыру кезінде ұшу
қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасы қамтамасыз
етілмейді. Бірқатар бағыттар бойынша авиациялық тасымалдарға сұраным
қанағаттандырылмай отыр, бұл іскерлік белсенділіктің өсуін тежейді,
халықтың ренішін туғызады және тұтастай алғанда мемлекеттің
экономикасын дамытуға теріс ықпал етеді.
Қыркүйек айында қазақстандық авиакомпанияларда әуе кемелері паркінің
техникалық жай-күйіне жүргізілген талдау әуе кемелерін техникалық
пайдалану ережелерінің бұзылатындығын анықтады. Күнтізбелік және
жөндеу аралық ресурстардың бітуіне байланысты 100 ұшақ пен тікұшақты
пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 52 жолаушы тасымалдары үшін аса
қауіпті әуе кемелері бар.
Мемлекеттің экономикалық дамуымен байланысты жолаушылар ағынының
күннен күнге өсуі пайдаланымдағы әуе кемелері паркінің мөлшерін
арттыру жөнінде адекватты шаралар қабылдауды талап етеді. Бірақ бұл
бағытта тәжірибе көрсеткендей, қазақстандық авиакомпаниялар “Эйр
Астананы” қоса алғанда, авиация қызметтеріне сұранымның өсу қарқынына
ілесе алмай отыр.
Саланың бұл аясы барынша көп қаражатты талап етеді, және де авиация
саласын одан әрі дамыту және қолдау мақсатында экономикалық
ынталандырудың қосымша шараларын пайдалану қажет. Бұған операциялық
лизинг мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, отандық авиакомпанияларға
салық преференциялары мен жеңілдікті несиелеуді ұсыну арқылы қол
жеткізуге болады. Одан басқа ынталандыру шаралары пайдаланымдағы әуе
кемелеріне жоғары талаптар мен стандарттарды белгілеу арқылы
техникалық реттеуді көздеуі тиіс.
Осыған байланысты Азаматтық авиация комитетіне бір айлық мерзімде
әуе кемелерінің паркін жаңартуға бағытталған жүйелі шараларды әзірлеу
тапсырылады.
Өңірлік қазақстандық әуежайлардың көпшілігінің техникалық жарақтануы
қазіргі заманғы талаптарды қанағаттандырмайды және де әуе қатынасын
дамытуға кедергі болып отыр. Авиациялық қызметтерді тұтынушылар, яғни
жолаушылар әуе кемесі ішінде де, жолаушы терминалы ғимаратында да
сапалы қызметтер көрсетілуін қалайды. Көптеген әуежайлар коммуналдық
меншікке берілген, осыған байланысты меніңше облыс әкімдері, меншік
иелері ретінде әуежай кешендерін қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР транспорттың дамуын талдай келе, оның экономикалық объекті ретіндегі статусын анықтау
Контейнерлік тасымалдарды дамыту
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Транзиттік тауарларды тасымалдау тәртібі
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Қонақ үй индустриясының дамуы
Кәсіпорынның логистикалық жүйесіндегі тәуекелдерді басқару
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастыр
Қазақстандағы көліктік саяхаттарды жоспарлау
Пәндер